«Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
мыналар:
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы;
«Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы директорының орынбасары (келісім бойынша);
«Kazakhstan Bar Association» коммерциялық заңгерлер алқасы» республикалық қоғамдық бірлестігі басқарма кеңесінің мүшесі (келісім бойынша);
«Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қорының заңгері (келісім бойынша);
«Стратегиялық бастамалар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға серіктесі (келісім бойынша) енгізілсін;
мына:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы;»;
«Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры (келісім бойынша);»
деген жолдар алып тасталсын.
Премьер-Министр Б. Сағынтаев