Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы;";
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша);";
"Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы;";
"Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі;";
"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);";
"Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары (келісу бойынша);" деген жол алып тасталсын;
2) "Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 тамыздағы № 102-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы;";
"Қазақстан Республикасының Заңнама институты" мемлекеттік мекемесінің директоры (келісу бойынша);" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісу бойынша);";
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы;";
"Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі;";
"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);";
"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры;" деген жол алып тасталсын.
Премьер-Министр | А. Мамин |