"Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 55-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37 - бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысы әкімдігінің келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
      1) облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 тамыздағы "Алматы облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 297 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 27 тамызында № 2836 тіркелген, 2014 жылғы 04 қыркүйектегі № 102 "Жетісу", 2014 жылғы 04 қыркүйектегі № 102 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) қаулысы.
      2) Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қарашадағы "Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 297 "Алматы облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 495 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 11 желтоқсанында № 3610 тіркелген, 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 144 "Жетісу", 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 144 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) қаулысы.
      2. "Алматы облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
      1) Алматы облысының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
      2) осы қаулының ресми баспа басылымарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Өнербаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі А. Баталов