Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешектердің проблемасын шешу жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 28 желтоқсан N 2005

Жаңартылған

     Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және шаруашылық жүргізуші субъектілерінің шетелдік ұйымдардың алдындағы берешегін өтеудің тетігі мен тәсілін жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөнінде тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) мынадай құрамда құрылсын: 
 
Балиева Зағипа         - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Яхияқызы                 министрi, төрайым

Палымбетов             - Қазақстан Республикасының Экономика
Болат Әбiлқасымұлы       және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi,
                         төрағаның орынбасары

Қиынов                 - Қазақстан Республикасының
Ләззат Кетебайұлы        Энергетика және минералдық ресурстар
                         вице-министрi

Айтжанов               - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы            шаруашылығы вице-министрi

Смайылов               - Қазақстан Республикасының Қаржы
Әлихан Асханұлы          вице-министрi, төрағаның орынбасары

Баталов                - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы           және сауда вице-министрi

Бектұров               - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Азат Ғаббасұлы           коммуникация вице-министрi

Жошыбаев               - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Рәпiл Сейiтханұлы        министрiнiң орынбасары

Исабеков               - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Тимур Шамсатұлы          министрлiгiнiң Халықаралық құқық,
                         мемлекеттiң мүлiктiк құқықтарын қорғау,
                         шарттар, наразылық-талап арыз жұмысы
                         департаментiнiң директоры, хатшы       
      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.03.16. N  409 , 2001.01.31. N  154 , 2001.10.09. N  1303 , 2001.12.28. N  1746 , 2002.03.29. N  371 , 2002.09.02. N  953 , 2002.11.06. N  1175 , 2003.10.01. N  1012 , 2004.10.15. N  1056 , 2005.03.02.  N 191 ,  2005.05.23. N  493 , 2006.06.02. N  498  қаулыларымен.

     2. Қоса беріліп отырған Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.

     3. "Шетелдік кредиторлардың алдындағы берешектердің проблемасын шешу жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі  N 913  қаулысының 1, 2, 3-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің     
1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2005     
қаулысымен бекітілген         

Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссия туралы
Ереже
 
1. Жалпы ережелер

 
      Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық кодекске, Бюджет кодексiне, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. 
      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 16 наурыздағы N  409 ,   2002.03.29. N  371 , 2005.03.02. N  191  қаулыларымен.

                2. Негізгі міндеттері мен функциялары 

     Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасының шетел ұйымдары алдындағы берешек мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.
     Ведомствоаралық комиссияның функциялары:
     - шетел ұйымдарының алдындағы берешектер бойынша материалдарды қарау;  
     - берешектердi өтеу тетiгi жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдарды пысықтау.
     Ескерту. 2-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.02. N  498  қаулысымен.   

                 3. Ведомствоаралық комиссияның органдары 

      Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастырады, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. 
      Төрағаның жоқ кезінде оның функцияларын орынбасары орындайды. 
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы болып табылады. 
      Ведомствоаралық комиссияның хатшысы отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындайды, қатысушыларды отырыстың өткізілу уақыты мен орны туралы хабардар етеді және өткізілгеннен кейін олардың хаттамаларын рәсімдейді. 

  4. Жұмысын жоспарлау

      Ведомствоаралық комиссияның отырыстарында қаралатын мәселелер тізбесі Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органының материалдарды ұсынуына қарай жасалады. 
      Бекітілген тізбе Ведомствоаралық комиссия мүшелеріне тізім бойынша жіберіледі. Жоспарланған мәселені тізбеден алып тастау немесе оның қаралуын басқа мерзімге көшіру туралы шешімді Төраға қабылдайды. 
      Ведомствоаралық комиссияның кезектi мәжiлiсiн дайындау үшiн Жұмысшы органы сұратқан материалдарды оған министрлiктер мен ведомстволар үш күн мерзiмде ұсынады. 
       Ескерту. 4-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 16 наурыздағы N  409  қаулысымен. 

  5. Ведомствоаралық комиссияның отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі

     Ведомствоаралық комиссияның отырыстары қажеттілiгiне орай өткізіледі және оларды Төраға шақырады. Берешек проблемалары жөнінде шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайларда Төрағаның шақыруымен комиссияның кезектен тыс отырысының өткізілуі мүмкін. 
      Ведомствоаралық комиссияның отырыстары ашық болып табылады және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде өткізіледі. 
      Ведомствоаралық комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және олар үшін Ведомствоаралық комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданған болып саналады. Дауыстар тепе-тең болған жағдайда Төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. 
      Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазба түрде баяндалуға және отырыс қорытындылары бойынша есеп-хатқа қоса тіркелуге тиіс. 
      Ведомствоаралық комиссияның отырыстарын өткiзудiң нәтижелерi бойынша оның барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын хаттама жасалады.
      Төрағаның шақыруымен Ведомствоаралық комиссияның отырыстарына сондай-ақ мүдделі министрліктер мен ведомстволардың басшылары және өзге де лауазымды адамдары, өтініштері қаралып отырған кредиторлар қатыса алады. 
      Ведомствоаралық комиссияның әрбір отырысынан кейін қаралған мәселелер бойынша ұсыныстарымен қоса жұмыс қорытындылары туралы есеп Премьер-Министрдің Кеңсесіне жіберіледі.
      Ведомствоаралық комиссия отырысына енгізілетін материалдарға қажетті жағдайда қосымша ақпараттық мәліметтер қоса беріледі.
       Ескерту. 5-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.03.02. N  191 , 2006.06.02. N  498  қаулыларымен.        

                          6. Қызметін тоқтату 

     Ведомствоаралық комиссияның қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіз болып табылады.