Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2005 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қазандағы N 1056 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 353 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 353 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. "Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешектердiң проблемасын шешу жөнiндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2005 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 572-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

      1-тармақта:

      Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізiлсiн:

      Әрiпханов - Қазақстан Республикасының

      Айдар Әбдiразақұлы Қаржы вице-министрi, төрағаның

       орынбасары

      Әмрин - Қазақстан Республикасының

      Ғұсман Кәрімұлы Индустрия және сауда бiрiншi

       вице-министрi

      Мұсайбеков - Қазақстан Республикасының Көлiк

      Сәкен Жүнiсбекұлы және коммуникациялар вице-министрi

      "Бекбосынов Сабыржан Мәдиұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi" деген жол ", хатшы" деген сөзбен толықтырылсын;

      көрсетiлген құрамнан Өзбеков Ғани Нұрмұханбетұлы, Мамин Асқар Ұзақбайұлы, Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі