Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2005 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 191 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 353 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 353 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешектердiң проблемасын шешу жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2005 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 572-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1-тармақта:

      Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына

      Исекешев - Қазақстан Республикасының

      Әсет Өрентайұлы Индустрия және сауда

       вице-министрi

       енгiзілсiн;

       көрсетілген құрамнан Әмрин Ғұсман Кәрiмұлы шығарылсын;

      Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      1-бөлiмде "Қазақстан Республикасының "Шетелдiк инвестициялар туралы", "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдендiрген қарыз алу және борыш туралы" заңдарына" деген сөздер "Бюджет кодексiне, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-бөлiмнiң бiрiнші абзацында "айына кемiнде бiр рет" деген сөздер "қажеттілiгiне орай" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі