Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шаруашылық жүргізушi субъектiлерiнiң шетелдiк кредиторлардың алдындағы берешектерi проблемасын шешу жөнiндегi ұсыныстарды пысықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. 
      2. 
      3. 
      4. 
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.10.12. N 1548 
               қаулысымен. P991548_ 
      ЕСКЕРТУ. 1,2,3,4-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 
               1999.12.28. N 2005 қаулысымен. P992005_ 
      5. Қосымшаға сәйкес мемлекеттiк органдардың штат санының лимитiн қысқартудың есебiнен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi штат санының лимитi 10 адамға көбейтiлсiн. 
      6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі: 
      бiр апта мерзiмде Министрлiктiң құрылымында штат саны 10 адам қазақстандық кәсiпорындардың (ұйымдардың) шетелдiк кредиторлардың алдындағы берешектерi проблемаларын қарау жөнiнде бөлiмше құрсын; 
      бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын 
қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қаржы министрi О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 1 шілдедегі
N 913 қаулысына қосымша
Штат санының лимиті қысқаратын және
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне
берілетін мемлекеттік органдардың
Тізбесі
Мемлекеттік органдардың атауы Қысқаратын саны
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
кіріс министрлігі 1
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
министрлігі 1
Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау, білім және спорт министрлігі 1
Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлігі 1
Қазақстан Республикасының Көлік,
коммуникациялар және туризм министрлігі 1
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1
Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі 1
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар
және қоршаған ортаны қорғау министрлігі 1
Қазақстан Республикасының Энергетика,
индустрия және сауда министрлігі 1
Қазақстан Республикасының Инвестициялар
жөніндегі агенттігі 1
Барлығы: 10
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.