Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және шаруашылық жүргізуші субъектілерінің шетелдік ұйымдардың алдындағы берешегін өтеудің тетігі мен тәсілін жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Шетелдік ұйымдардың, оның iшiнде халықаралық ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөнінде тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) мынадай құрамда құрылсын: <*> Мәсімов - Қазақстан Республикасы Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға <*> Дунаев - Қазақстан Республикасының Арман Ғалиасқарұлы Қаржы вице-министрі <*> Әбіқаев - Қазақстан Республикасының Нұртай Әбіқайұлы Сыртқы істер бірінші вице-министрі Зверьков - Қазақстан Республикасының Вадим Павлович Көлік және коммуникациялар вице-министрі Құзытбаева - Қазақстан Республикасының Ажар Қилымбекқызы Әділет вице-министрі, төрағаның орынбасары Тоқсейітов - Қазақстан Республикасының Рахымберген Құрманғалиұлы Мемлекеттік кіріс бірінші вице-министрі Аханов - Қазақстан Республикасының Серік Ахметжанұлы Экономика бірінші вице-министрі Мусина - Қазақстан Республикасының Лилия Сәкенқызы ауыл шаруашылығы вице-министрі Каппаров - Қазақстан Республикасының Нұрлан Жамбылұлы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі <*> Белоруков - Қазақстан Республикасының Николай Васильевич Әділет вице-министрі, төрағаның орынбасары <*> Рахметов - Қазақстан Республикасының Нұрлан Құсайынұлы Мемлекеттік кіріс вице-министрі <*> Оразбақов - Қазақстан Республикасының Ғалым Ізбасарұлы Экономика және сауда вице-министрі <*> Қарабалин - Қазақстан Республикасының Ұзақбай Сүлейменұлы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі <*> ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 16 наурыздағы N 409 қаулысымен. P000409_ ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 154 қаулысымен. P010154_ ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.10.09. N 1303 қаулысымен. P011303_ ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.28. N 1746 қаулысымен. P011746_
2. Қоса беріліп отырған Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек
мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. "Шетелдік кредиторлардың алдындағы берешектердің проблемасын шешу жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі N 913 P990913_ қаулысының 1, 2, 3-тармақтарының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2005 қаулысымен бекітілген Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы Ереже 1. Жалпы ережелер
Шетелдік ұйымдардың, оның iшiнде халықаралық ұйымдардың алдындағы
берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық кодекске, Қазақстан Республикасының "Шетелдік инвестициялар туралы", "Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу және борыш туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. <*> ЕСКЕРТУ. 1-бөлім өзгерді - Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 16 наурыздағы N 409 қаулысымен. P000409_ 2. Негізгі міндеттері мен функциялары Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасының шетел ұйымдары алдындағы берешек мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады. Ведомствоаралық комиссияның функциялары: - шетел ұйымдарының алдындағы берешектер бойынша материалдарды қарау;
- берешектерді өтеу тетігін, мемлекеттің инвестициялық саясатына түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар мен кепілдемелер дайындау.
3. Ведомствоаралық комиссияның органдары
Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастырады, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төрағаның жоқ кезінде оның функцияларын орынбасары орындайды.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Ведомствоаралық комиссияның хатшысы отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындайды, қатысушыларды отырыстың өткізілу уақыты мен орны туралы хабардар етеді және өткізілгеннен кейін олардың хаттамаларын рәсімдейді.
4. Жұмысын жоспарлау
Ведомствоаралық комиссияның отырыстарында қаралатын мәселелер тізбесі Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органының материалдарды ұсынуына қарай жасалады.
Бекітілген тізбе Ведомствоаралық комиссия мүшелеріне тізім бойынша жіберіледі. Жоспарланған мәселені тізбеден алып тастау немесе оның қаралуын басқа мерзімге көшіру туралы шешімді Төраға қабылдайды.
Ведомствоаралық комиссияның кезектi мәжiлiсiн дайындау үшiн Жұмысшы органы сұратқан материалдарды оған министрлiктер мен ведомстволар үш күн мерзiмде ұсынады. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-бөлім өзгерді - Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 16
наурыздағы N 409 қаулысымен. P000409_
5. Ведомствоаралық комиссияның отырыстарын дайындау және
өткізу тәртібі
Ведомствоаралық комиссияның отырыстары айына кемінде бір рет өткізіледі және оларды Төраға шақырады. Берешек проблемалары жөнінде шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайларда Төрағаның шақыруымен комиссияның кезектен тыс отырысының өткізілуі мүмкін.
Ведомствоаралық комиссияның отырыстары ашық болып табылады және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
Ведомствоаралық комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және олар үшін Ведомствоаралық комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданған болып саналады. Дауыстар тепе-тең болған жағдайда Төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазба түрде баяндалуға және отырыс қорытындылары бойынша есеп-хатқа қоса тіркелуге тиіс.
Ведомствоаралық комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша Төраға қол қоятын хаттама жасалады.
Төрағаның шақыруымен Ведомствоаралық комиссияның отырыстарына сондай-ақ мүдделі министрліктер мен ведомстволардың басшылары және өзге де лауазымды адамдары, өтініштері қаралып отырған кредиторлар қатыса алады.
Ведомствоаралық комиссияның әрбір отырысынан кейін қаралған мәселелер
бойынша ұсыныстарымен қоса жұмыс қорытындылары туралы есеп Премьер-Министрдің Кеңсесіне жіберіледі. Ведомствоаралық комиссия отырысына енгізілетін материалдарға қажетті жағдайда қосымша ақпараттық мәліметтер қоса беріледі. 6. Қызметін тоқтату Ведомствоаралық комиссияның қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіз болып табылады. Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.