Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880

Жаңартылған

      "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090  қаулысының  4-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

      2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның
құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң 1995 жылғы      
29 желтоқсандағы         
1880 қаулысымен         
  бекiтiлген           

               Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi
                жөнiндегi комиссия туралы
                         Ереже

                     I. Жалпы ережелер

      1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысына сәйкес құрылады.

      1.1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Үкіметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған. 
       Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267  қаулысымен .

      2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 72  қаулысымен ,   2004.03.03. N 267  қаулысымен .

      3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267  қаулысымен .

      4. Комиссия заң тәртiбiмен тiркелген, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен, пайдаланумен және көрсетумен айналысатын басқа ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс iстейдi.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267  қаулысымен .

      5. Комиссияның жұмысшы органы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі болып табылады (осы министрлiктердiң Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны шегiнде), оған Комиссияның қызметiн ұйымдастыру және оның шешiмдерiнiң орындалуына бақылау жүктеледi.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 72  қаулысымен , 2004.03.03. N 267  қаулысымен , 2007.05.18. N  390  қаулысымен.

      6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық iзгiлiк көмек берушiмен дәрiлiк заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, емдеу-сауықтыру мекемелерiне арналған жабдықтардың тiзбесiн шешу және келiсiп алу құқығы Қазақстан Республикасында тек Денсаулық сақтау министрлiгiне ғана берiледi.

      7.  алынып тасталды
     Ескерту. 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.05.18. N  390  қаулысымен.

           II. Комиссияның мiндеттерi мен қызметi

     8. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
     Қазақстан Республикасының ізгілік көмек көрсетуіне және 
шетелдiк iзгiлiк көмектi тартуға, алуға және пайдалануға байланысты мәселелердi жедел шешу;
     iзгiлiк көмектiң пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267  қаулысымен .  

     9. Негiзгi мiндеттердi орындау мақсатында Комиссия мынадай қызметтердi орындайды:
     Қазақстан Республикасына және шетелдік мемлекеттерге 
халықаралық iзгiлiк көмек көрсету жөнiндегi ұсыныстарды қарайды;
     адресаттары көрсетiлмей жiберiлген халықаралық iзгiлiк көмек
жүктерiн алушыларды айқындайды;
     алушылар арасында халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн бөлудiң
лимиттерiн белгiлейдi.
     халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушылардың осы жүктердi мақсатты пайдалануын бақылау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
     Үкiметке қажетiнше халықаралық iзгiлiк көмек iсiнiң жайы туралы
қорытындыланған мәлiметтердi, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiн орындау
үшiн қажеттi басқа да ақпаратты берiп отырады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267  қаулысымен .  

      9.1. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267  қаулысымен .   

                    III. Комиссияның құқықтары

     10. Комиссияның:
     iзгiлiк жүк жiберiлген ұйымдардан оның мақсатқа сай
пайдаланылғаны туралы ақпарат сұратуға;
     тексеру мақсатында iзгiлiк жүк сақталатын орындарға кедергiсiз кiруге;
     iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу мәселелерi бойынша ұсыныстар мен түсiнiктер беруге;
     лауазымды адамдардың iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы тиiстi орындарға ұсыныстар енгiзуге;
     ізгілік көмек көрсету туралы Үкімет кесімін әзірлеу жөнінде
Үкіметке ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267  қаулысымен .  

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң 1995 жылғы      
29 желтоқсандағы        
N 1880 қаулысына         
қосымша             

               Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi
                    жөнiндегi комиссияның
                           Құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 72  қаулысымен , 2002.11.20. N 1223  қаулысымен , 2004.03.03. N 267  қаулысымен , 2004.07.04. N 782  қаулысымен , 2006.07.13. N 668  қаулысымен , 2007.03.27. N  233 , 2007.05.18. N  390 , 2007.10.28.  N 998  Қаулыларымен. 
 
Храпунов Виктор          - Қазақстан Республикасының Төтенше
Вячеславович               жағдайлар министрі, төраға
 
Құсайынов Марат          - Қазақстан Республикасының Экономика
Әпсеметұлы                 және бюджеттік жоспарлау
                           вице-министрі, төрағаның орынбасары
 
Саудабаев Дәулет         - Қазақстан Республикасының Қаржы
Советұлы                   вице-министрі
 
Құрманов Алмас           - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Мұхаметкәрімұлы            халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Ғаббасов                 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Сырым Ғаббасұлы            министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын
                           алу және перспективалық даму
                           департаментінің директоры, хатшы

                       Комиссия мүшелерi:

Жошыбаев                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Рәпіл Сейітханұлы          iстер министрінің орынбасары

Айтжанов                 - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нұлиұлы              шаруашылығы вице-министрi

Ақшолақов                - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Болат Оралұлы              минералдық ресурстар вице-министрi

Баталов                  - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Асқар Болатұлы             сауда вице-министрi

Бектұров                 - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Азат Ғаббасұлы             коммуникация вице-министрi

Құсдәулетов              - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Дулат Рашитұлы             вице-министрi

Әбдiшев                  - Қазақстан Республикасы Қаржы
Бауыржан Түйтеұлы          министрлiгiнің Кедендiк бақылау
                           комитетi төрағасының орынбасары 

Омаров                   - Қазақстан Республикасының
Қадыр Тоқтамысұлы          Денсаулық сақтау вице-министрi

Мәшкеев                  - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Батырбек Әукенұлы          сақтау министрлiгi Фармация
                           комитетiнiң төрағасы

Қуанғанов                - Қазақстан Республикасының Білім және
Фархад Шаймұратұлы         ғылым вице-министрі