Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2017 № 140 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
5-тармақтағы "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Ғаббасов - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Сырым Ғаббасұлы министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын
алу және перспективалық даму
департаментінің директоры, хатшы
Қуанғанов - Қазақстан Республикасының Білім және
Фархад Шаймұратұлы ғылым вице-министрі;
көрсетілген құрамнан Нұрбаев Орман Кәрімұлы, Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасының |