"Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысының 4-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның
құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
29 желтоқсандағы
1880 қаулысымен
бекiтiлген
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi
жөнiндегi комиссия туралы
Ереже
1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысына сәйкес құрылады.
1.1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Үкіметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған.
Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен.
2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 72 қаулысымен, 2004.03.03. N 267 қаулысымен.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен.
4. Комиссия заң тәртiбiмен тiркелген, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен, пайдаланумен және көрсетумен айналысатын басқа ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс iстейдi.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен.
5. Комиссияның жұмысшы органы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі болып табылады (осы министрлiктердiң Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны шегiнде), оған Комиссияның қызметiн ұйымдастыру және оның шешiмдерiнiң орындалуына бақылау жүктеледi.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 72 қаулысымен, 2004.03.03. N 267 қаулысымен, 2007.05.18. N 390 қаулысымен.
6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық iзгiлiк көмек берушiмен дәрiлiк заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, емдеу-сауықтыру мекемелерiне арналған жабдықтардың тiзбесiн шешу және келiсiп алу құқығы Қазақстан Республикасында тек Денсаулық сақтау министрлiгiне ғана берiледi.
7. алынып тасталды
Ескерту. 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.05.18. N 390 қаулысымен.
II. Комиссияның мiндеттерi мен қызметi
8. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
Қазақстан Республикасының ізгілік көмек көрсетуіне және
шетелдiк iзгiлiк көмектi тартуға, алуға және пайдалануға байланысты мәселелердi жедел шешу;
iзгiлiк көмектiң пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен.
9. Негiзгi мiндеттердi орындау мақсатында Комиссия мынадай қызметтердi орындайды:
Қазақстан Республикасына және шетелдік мемлекеттерге
халықаралық iзгiлiк көмек көрсету жөнiндегi ұсыныстарды қарайды;
адресаттары көрсетiлмей жiберiлген халықаралық iзгiлiк көмек
жүктерiн алушыларды айқындайды;
алушылар арасында халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн бөлудiң
лимиттерiн белгiлейдi.
халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушылардың осы жүктердi мақсатты пайдалануын бақылау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
Үкiметке қажетiнше халықаралық iзгiлiк көмек iсiнiң жайы туралы
қорытындыланған мәлiметтердi, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiн орындау
үшiн қажеттi басқа да ақпаратты берiп отырады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен.
9.1. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен.
10. Комиссияның:
iзгiлiк жүк жiберiлген ұйымдардан оның мақсатқа сай
пайдаланылғаны туралы ақпарат сұратуға;
тексеру мақсатында iзгiлiк жүк сақталатын орындарға кедергiсiз кiруге;
iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу мәселелерi бойынша ұсыныстар мен түсiнiктер беруге;
лауазымды адамдардың iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы тиiстi орындарға ұсыныстар енгiзуге;
ізгілік көмек көрсету туралы Үкімет кесімін әзірлеу жөнінде
Үкіметке ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
29 желтоқсандағы
N 1880 қаулысына
қосымша
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi
жөнiндегi комиссияның
Құрамы
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21
N 72 , 2002.11.20 N 1223, 2004.03.03 N 267, 2004.07.04 N 782,
2006.07.13 N 668, 2007.03.27 N 233, 2007.05.18 N 390, 2007.10.28
N 998, 2008.09.18 N 856, 2009.09.25. N 1449 Қаулыларымен.
Божко - Қазақстан Республикасының Төтенше
Владимир Карпович жағдайлар министрі, төраға
Сүлейменов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Тимур Мұратұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрі,
төрағаның орынбасары
Егізбаев - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Алтынбек Қосайұлы министрінің кеңесшісі, хатшы
Комиссия мүшелерi:
Сабдалин - Қазақстан Республикасының Төтенше
Абылай Қиялұлы жағдайлар вице-министрі
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Фархад Шаймұратұлы министрлігінің жауапты хатшысы
Оразаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Әбілахатұлы шаруашылығы вице-министрі
Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Еділ Құламқадырұлы сауда вице-министрі
Бектұров - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Азат Ғаббасұлы коммуникация вице-министрi
Баймұқанов - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Сыздық Асылбекұлы сақтау министрлігі Фармация комитетінің
төрағасы
Мағауов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Әсет Маратұлы және минералдық ресурстар вице-министрі
Бекетаев - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы вице-министрі
Омаров - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Қайрат Ермекұлы министрінің орынбасары
Шолпанқұлов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы вице-министрі
Нүсіпова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Әсел Бекқызы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Вощенкова - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Тамара Анатольевна сақтау вице-министрі
Сәдуақасова - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Елдана Мәкінқызы ортаны қорғау вице-министрі
Тен - Қазақстан Республикасы Қаржы
Игорь Викторович министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
төрағасының орынбасары