Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880

Қолданыстағы
      "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 P951090_ қаулысының 4-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия

туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
     2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның
құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                     Қазақстан Республикасы
                                     Үкiметiнiң 1995 жылғы
                                       29 желтоқсандағы
                                       N 1880 қаулысымен
                                             бекiтiлген

             Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi
                жөнiндегi комиссия туралы
                         Ереже

                 I. Жалпы ережелер.



      1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысына сәйкес құрылады.
      2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Комиссияға басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi орынбасарларының бiрi жүзеге асырады.
      3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiмдердi, басқа да шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      4. Комиссия заң тәртiбiмен тiркелген, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын басқа ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс iстейдi.
      5. Комиссияның жұмысшы органы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi болып табылады (осы министрлiктердiң Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны шегiнде), оларға Комиссияның қызметiн ұйымдастыру және оның шешiмдерiнiң орындалуына бақылау жүктеледi.
      6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық iзгiлiк көмек берушiмен дәрiлiк заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, емдеу-сауықтыру мекемелерiне арналған жабдықтардың тiзбесiн шешу және келiсiп алу құқығы Қазақстан Республикасында тек Денсаулық сақтау министрлiгiне ғана берiледi.
      7. Төтенше жағдайларда халықаралық iзгiлiк көмек көрсетiлгенде

материалдық құндылықтарды бөлу жөнiндегi жедел шешiм қабылдау
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiнiң өкiлiне жүктеледi.

                II. Комиссияның мiндеттерi мен қызметi

     8. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
     шетелдiк iзгiлiк көмектi тартуға, алуға және пайдалануға
байланысты мәселелердi жедел шешу;
     iзгiлiк көмектiң пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру болып
табылады.
     9. Негiзгi мiндеттердi орындау мақсатында Комиссия мынадай
қызметтердi орындайды:
     халықаралық iзгiлiк көмек көрсету жөнiндегi ұсыныстарды қарайды;
     адресаттары көрсетiлмей жiберiлген халықаралық iзгiлiк көмек
жүктерiн алушыларды айқындайды;
     алушылар арасында халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн бөлудiң
лимиттерiн белгiлейдi.


      халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушылардың осы жүктердi

мақсатты пайдалануын бақылау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
     Үкiметке қажетiнше халықаралық iзгiлiк көмек iсiнiң жайы туралы
қорытындыланған мәлiметтердi, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiн орындау
үшiн қажеттi басқа да ақпаратты берiп отырады.

                  III. Комиссияның құқықтары

     10. Комиссияның:
     iзгiлiк жүк жiберiлген ұйымдардан оның мақсатқа сай
пайдаланылғаны туралы ақпарат сұратуға;
     тексеру мақсатында iзгiлiк жүк сақталатын орындарға кедергiсiз
кiруге;
     iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу мәселелерi бойынша ұсыныстар мен
түсiнiктер беруге;
     лауазымды адамдардың iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу тәртiбiн
бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы тиiстi орындарға ұсыныстар
енгiзуге құқығы бар.


                                   Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына қосымша


              Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi

                   жөнiндегi комиссияның
                         Құрамы

     Тасмағамбетов И.Н.          - Қазақстан Республикасы
                                   Премьер-Министрiнiң орынбасары,
                                   комиссия төрағасы
     Дерновой А.Г.               - министрдiң орынбасары - Қазақстан
                                   Республикасы Денсаулық сақтау
                                   министрлiгiнiң Бас санитарлық
                                   дәрiгерi, комиссия төрағасының
                                   орынбасары
     Велимухаметов М.М.          - Қазақстан Республикасы Халықты
                                   әлеуметтiк қорғау министрiнiң
                                   орынбасары, комиссия төрағасының
                                   орынбасары

                      Комиссия мүшелерi:

     Гамарник Г.Н.               - Қазақстан Республикасы Бiлiм
                                   министрiнiң бiрiншi орынбасары
     Мұхамеджанов Қ.С.           - Қазақстан Республикасы Көлiк
                                   және коммуникациялар министрiнiң
                                   орынбасары
     Тоқсейiтов Р.Қ.             - Қазақстан Республикасы Қаржы
                                   министрiнiң орынбасары
     Шкляр В.В.                  - Қазақстан Республикасы Кеден
                                   комитетi төрағасының орынбасары
     Асқарова А.Б.               - Қазақстан Республикасы Кеден
                                   комитетiнiң сауда емес айналымда
                                   кедендiк бақылауды ұйымдастыру
                                   бөлiмiнiң бастығы
     Шалова С.А.                 - Қазақстан Республикасы Кеден
                                   комитетiнiң сауда айналымындағы
                                   кеден төлемдерi бөлiмiнiң бас
                                   инспекторы
     Қасымова С.Б.               - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп
                                   және сауда министрлiгiнiң
                                   халықаралық сауда бас басқармасы
                                   импорт бөлiмiнiң бас маманы