Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880

Жаңартылған
      "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 P951090_ қаулысының 4-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия

туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
     2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның
құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                         Қазақстан Республикасы
                                         Үкiметiнiң 1995 жылғы
                                           29 желтоқсандағы
                                           N 1880 қаулысымен
                                              бекiтiлген

             Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi
                жөнiндегi комиссия туралы
                         Ереже

                 I. Жалпы ережелер.



      1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысына сәйкес құрылады.
      2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. <*>
      Комиссияға басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi орынбасарларының бiрi жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 72
               қаулысымен. P020072_
      3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiмдердi, басқа да шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      4. Комиссия заң тәртiбiмен тiркелген, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын басқа ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс iстейдi.
      5. Комиссияның жұмысшы органы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады (осы министрлiктердiң Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны шегiнде), оларға Комиссияның қызметiн ұйымдастыру және оның шешiмдерiнiң орындалуына бақылау жүктеледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 72
               қаулысымен. P020072_
      6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық iзгiлiк көмек берушiмен дәрiлiк заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, емдеу-сауықтыру мекемелерiне арналған жабдықтардың тiзбесiн шешу және келiсiп алу құқығы Қазақстан Республикасында тек Денсаулық

сақтау министрлiгiне ғана берiледi.
     7. Төтенше жағдайларда халықаралық iзгiлiк көмек көрсетiлгенде
материалдық құндылықтарды бөлу жөнiндегi жедел шешiм қабылдау
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгінiң өкiлiне 
жүктеледi. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 72            
              қаулысымен.  

P020072_

 
     
                II. Комиссияның мiндеттерi мен қызметi

     8. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
     шетелдiк iзгiлiк көмектi тартуға, алуға және пайдалануға
байланысты мәселелердi жедел шешу;
     iзгiлiк көмектiң пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру болып
табылады.
     9. Негiзгi мiндеттердi орындау мақсатында Комиссия мынадай
қызметтердi орындайды:
     халықаралық iзгiлiк көмек көрсету жөнiндегi ұсыныстарды қарайды;
     адресаттары көрсетiлмей жiберiлген халықаралық iзгiлiк көмек
жүктерiн алушыларды айқындайды;
     алушылар арасында халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн бөлудiң
лимиттерiн белгiлейдi.


      халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушылардың осы жүктердi

мақсатты пайдалануын бақылау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
     Үкiметке қажетiнше халықаралық iзгiлiк көмек iсiнiң жайы туралы
қорытындыланған мәлiметтердi, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiн орындау
үшiн қажеттi басқа да ақпаратты берiп отырады.

                  III. Комиссияның құқықтары

     10. Комиссияның:
     iзгiлiк жүк жiберiлген ұйымдардан оның мақсатқа сай
пайдаланылғаны туралы ақпарат сұратуға;
     тексеру мақсатында iзгiлiк жүк сақталатын орындарға кедергiсiз
кiруге;
     iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу мәселелерi бойынша ұсыныстар мен
түсiнiктер беруге;
     лауазымды адамдардың iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу тәртiбiн
бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы тиiстi орындарға ұсыныстар
енгiзуге құқығы бар.


                                   Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына қосымша


              Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi

                   жөнiндегi комиссияның
                         Құрамы
     
     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 72 қаулысымен.   
               

P020072_

 

     Тасмағамбетов И.Н.          - Қазақстан Республикасы
                                   Премьер-Министрiнiң орынбасары,
                                   комиссия төрағасы
     
     Айдарханов Арман            - Қазақстан Республикасының Денсаулық 
     Тергеуұлы                     сақтау вице-министрі, төрағаның         
                                   орынбасары  
<*>

     Өтеулина Хафиза             - Қазақстан Республикасының Еңбек және 
     Мұхтарқызы                    халықты әлеуметтік қорғау               
                                   вице-министрі, төрағаның орынбасары 
<*>

     
                      Комиссия мүшелерi:

     Жұмағұлов Бақытжан         - Қазақстан Республикасының Білім және 
     Тұрсынұлы                    ғылым бірінші вице-министрі 
<*>

 
     Сармұрзина Раушан          - Қазақстан Республикасының Энергетика 
     Ғайсақызы                    және минералдық ресурстар министрлігі    
                                  Мемлекеттік активтерді басқару 
                                  департаментінің директоры 
<*>

     
     Ержанов Аманияз            - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс 
     Қасымұлы                     министрлігінің Кеден комитеті            
                                  төрағасының орынбасары 
<*>

     
     Шығанбаев Ерғали           - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 
     Әбдімомынұлы                 кіріс министрлігінің Кеден комитеті      
                                  Кеден режимдері мен кедендік 
                                  ресімдеуді бақылауды ұйымдастыру бас     
                                  басқармасының бастығы 
<*>

     
     Жұмабеков Болат            - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс 
     Ахашбекұлы                   министрлігінің Кеден комитеті Кедендік   
                                  кірістер бас басқармасының бастығы 
<*>

     
     Кесікбаев Сұлтанғали       - Қазақстан Республикасының Қаржы 
     Қабденұлы                    министрлігі Мемлекеттік органдарды       
                                  қаржыландыру департаментінің директоры 
     
     Ким Афанасий Григорьевич   - Қазақстан Республикасының Төтенше 
                                  жағдайлар жөніндегі агенттігі            
                                  Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы 
                                  департаментінің директоры, Астана        
                                  қаласындағы өкілетті өкілі 
<*>

     
     Оразбақов Ғалым            - Қазақстан Республикасының Экономика және 
     Ізбасарұлы                   сауда вице-министрі 
<*>

     
     Зверьков Вадим             - Қазақстан Республикасының Көлік және 
     Павлович                     коммуникациялар вице-министрі 
<*>

     
     Әбусейітов Қайрат          - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер 
     Қуатұлы                      вице-министрі 
<*>

     
     Мұстафина Сабила           - Қазақстан Республикасының Министрі 
     Сапарқызы                    Хатшылығының меңгерушісі - Қазақстан     
                                  Республикасы Президентінің жанындағы 
                                  Отбасы және әйелдер істері жөніндегі     
                                  ұлттық комиссияның төрайымы 
                                  Хатшылығының меңгерушісі 
<*>