"Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысының 4-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның
құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысына сәйкес құрылады.
1.1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Үкіметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267
қаулысымен
.
2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 72
қаулысымен
,
2004.03.03. N 267
қаулысымен
.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267
қаулысымен
.
4. Комиссия заң тәртiбiмен тiркелген, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен, пайдаланумен және көрсетумен айналысатын басқа ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс iстейдi. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267
қаулысымен
.
5. Комиссияның жұмысшы органы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады (осы министрлiктердiң Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны шегiнде), оған Комиссияның қызметiн ұйымдастыру және оның шешiмдерiнiң орындалуына бақылау жүктеледi. <*>
ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 72
қаулысымен
, 2004.03.03. N 267
қаулысымен
.
6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық iзгiлiк көмек берушiмен дәрiлiк заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, емдеу-сауықтыру мекемелерiне арналған жабдықтардың тiзбесiн шешу және келiсiп алу құқығы Қазақстан Республикасында тек Денсаулық сақтау министрлiгiне ғана берiледi.
7. Төтенше жағдайларда халықаралық iзгiлiк көмек көрсетiлгенде материалдық құндылықтарды бөлу жөнiндегi жедел шешiм қабылдау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігiнiң өкiлiне жүктеледi.
ЕСКЕРТУ. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 72
қаулысымен
, 2005.02.22. N 156
қаулысымен
.
8. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
Қазақстан Республикасының ізгілік көмек көрсетуіне және
шетелдiк iзгiлiк көмектi тартуға, алуға және пайдалануға байланысты мәселелердi жедел шешу;
iзгiлiк көмектiң пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267
қаулысымен
.
9. Негiзгi мiндеттердi орындау мақсатында Комиссия мынадай қызметтердi орындайды:
Қазақстан Республикасына және шетелдік мемлекеттерге
халықаралық iзгiлiк көмек көрсету жөнiндегi ұсыныстарды қарайды;
адресаттары көрсетiлмей жiберiлген халықаралық iзгiлiк көмек
жүктерiн алушыларды айқындайды;
алушылар арасында халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн бөлудiң
лимиттерiн белгiлейдi.
халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушылардың осы жүктердi мақсатты пайдалануын бақылау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
Үкiметке қажетiнше халықаралық iзгiлiк көмек iсiнiң жайы туралы
қорытындыланған мәлiметтердi, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiн орындау
үшiн қажеттi басқа да ақпаратты берiп отырады.
ЕСКЕРТУ. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267
қаулысымен
.
9.1. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
ЕСКЕРТУ. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267
қаулысымен
.
10. Комиссияның:
iзгiлiк жүк жiберiлген ұйымдардан оның мақсатқа сай
пайдаланылғаны туралы ақпарат сұратуға;
тексеру мақсатында iзгiлiк жүк сақталатын орындарға кедергiсiз кiруге;
iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу мәселелерi бойынша ұсыныстар мен түсiнiктер беруге;
лауазымды адамдардың iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы тиiстi орындарға ұсыныстар енгiзуге;
ізгілік көмек көрсету туралы Үкімет кесімін әзірлеу жөнінде
Үкіметке ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267
қаулысымен
.
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi
жөнiндегi комиссияның
Құрамы
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 72 қаулысымен , 2002.11.20. N 1223 қаулысымен , 2004.03.03. N 267 қаулысымен , 2004.07.04. N 782 қаулысымен , 2006.07.13. N 668 қаулысымен , 2007.03.27. N 233 қаулысымен .
Мусин - Қазақстан Республикасы Премьер-
Аслан Есболайұлы Министрiнiң орынбасары - Экономика
және бюджеттiк жоспарлау министрi,
төраға
Сабдалин - Қазақстан Республикасының Төтенше
Абылай Қиялұлы жағдайлар вице-министрi, төрағаның
орынбасары
Нұрбаев - Қазақстан Республикасы Экономика және
Орман Кәрімұлы бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
Халықаралық қатынастар
департаментiнiң директоры, хатшы
Комиссия мүшелерi:
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Рәпіл Сейітханұлы iстер министрінің орынбасары
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нұлиұлы шаруашылығы вице-министрi
Ақшолақов - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Болат Оралұлы минералдық ресурстар вице-министрi
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Асқар Болатұлы сауда вице-министрi
Бектұров - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Азат Ғаббасұлы коммуникация вице-министрi
Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Дулат Рашитұлы вице-министрi
Әбдiшев - Қазақстан Республикасы Қаржы
Бауыржан Түйтеұлы министрлiгiнің Кедендiк бақылау
комитетi төрағасының орынбасары
Әрiпханов - Қазақстан Республикасының Еңбек
Айдар Әбдiразақұлы және халықты әлеуметтік қорғау вице-
министрi
Омаров - Қазақстан Республикасының
Қадыр Тоқтамысұлы Денсаулық сақтау вице-министрi
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Бақыт Тұрлыханұлы вице-министрi
Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Азамат Құрманбекұлы және ғылым вице-министрi
Мәшкеев - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Батырбек Әукенұлы сақтау министрлiгi Фармация
комитетiнiң төрағасы