Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880

Жаңартылған

      "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысының  4-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның
құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң 1995 жылғы     
29 желтоқсандағы        
1880 қаулысымен        
  бекiтiлген          

              Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi
                жөнiндегi комиссия туралы
                         Ереже

                        I. Жалпы ережелер.

      1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысына сәйкес құрылады.

      1.1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Үкіметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен .

      2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 72 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен .

      3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен .

      4. Комиссия заң тәртiбiмен тiркелген, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен, пайдаланумен және көрсетумен айналысатын басқа ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс iстейдi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен .

      5. Комиссияның жұмысшы органы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады (осы министрлiктердiң Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны шегiнде), оған Комиссияның қызметiн ұйымдастыру және оның шешiмдерiнiң орындалуына бақылау жүктеледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 72 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен .

      6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық iзгiлiк көмек берушiмен дәрiлiк заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, емдеу-сауықтыру мекемелерiне арналған жабдықтардың тiзбесiн шешу және келiсiп алу құқығы Қазақстан Республикасында тек Денсаулық сақтау министрлiгiне ғана берiледi.

      7. Төтенше жағдайларда халықаралық iзгiлiк көмек көрсетiлгенде материалдық құндылықтарды бөлу жөнiндегi жедел шешiм қабылдау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгінiң өкiлiне жүктеледi.
     ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 72 қаулысымен.

          II. Комиссияның мiндеттерi мен қызметi

     8. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
     Қазақстан Республикасының ізгілік көмек көрсетуіне және
шетелдiк iзгiлiк көмектi тартуға, алуға және пайдалануға байланысты мәселелердi жедел шешу; <*>
     iзгiлiк көмектiң пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
     ЕСКЕРТУ. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен .

     9. Негiзгi мiндеттердi орындау мақсатында Комиссия мынадай қызметтердi орындайды:
     Қазақстан Республикасына және шетелдік мемлекеттерге
халықаралық iзгiлiк көмек көрсету жөнiндегi ұсыныстарды қарайды;<*>
     адресаттары көрсетiлмей жiберiлген халықаралық iзгiлiк көмек
жүктерiн алушыларды айқындайды;
     алушылар арасында халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн бөлудiң
лимиттерiн белгiлейдi.
     халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушылардың осы жүктердi мақсатты пайдалануын бақылау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
     Үкiметке қажетiнше халықаралық iзгiлiк көмек iсiнiң жайы туралы
қорытындыланған мәлiметтердi, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiн орындау
үшiн қажеттi басқа да ақпаратты берiп отырады.
     ЕСКЕРТУ. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен .

      9.1. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
      ЕСКЕРТУ. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен .  

                  III. Комиссияның құқықтары

     10. Комиссияның:
     iзгiлiк жүк жiберiлген ұйымдардан оның мақсатқа сай
пайдаланылғаны туралы ақпарат сұратуға;
     тексеру мақсатында iзгiлiк жүк сақталатын орындарға кедергiсiз кiруге;
     iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу мәселелерi бойынша ұсыныстар мен түсiнiктер беруге;
     лауазымды адамдардың iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы тиiстi орындарға ұсыныстар енгiзуге;
     ізгілік көмек көрсету туралы Үкімет кесімін әзірлеу жөнінде
Үкіметке ұсыныстар енгізуге құқығы бар. <*>
     ЕСКЕРТУ. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен .

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң 1995 жылғы     
29 желтоқсандағы       
N 1880 қаулысына        
қосымша            

              Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi
                   жөнiндегi комиссияның
                         Құрамы

     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 72 қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.11.20. N 1223 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен .
 
Келімбетов                    - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы                 Экономика және бюджеттік
                                жоспарлау министрі, төраға

Белоног                       - Қазақстан Республикасының
Анатолий Александрович          Денсаулық сақтау бірінші вице-
                                министрі, төрағаның орынбасары

Хамзин                        - Қазақстан Республикасының
Рүстем Назымбекұлы              Экономика және бюджеттік
                                жоспарлау министрлігі Халықаралық
                                экономикалық және қаржылық
                                қатынастар департаментінің
                                директоры, хатшы      

Шәмшидинова Күләш             - Қазақстан Республикасының Білім
Ноғатайқызы                     және ғылым вице-министрі

                      Комиссия мүшелерi:

Ержанов Аманияз Қасымұлы      - Қазақстан Республикасы Кедендік
                                бақылау агенттігі төрағасының
                                бірінші орынбасары

Шығанбаев Ерғали              - Қазақстан Республикасы Кедендік
Әбдімомынұлы                    бақылау агенттігінің Кедендік
                                бақылауды ұйымдастыру
                                департаменті бастығының
                                орынбасары

Әбусейітов Қайрат Қуатұлы     - Қазақстан Республикасының Сыртқы
                                істер бірінші вице-министрі

Сармұрзина Раушан Ғайсақызы   - Қазақстан Республикасының
                                Энергетика және минералдық
                                ресурстар министрлігі
                                Мемлекеттік активтерді
                                технологиялық дамыту және
                                басқару департаментінің
                                директоры

Ким Афанасий Григорьевич      - Қазақстан Республикасының
                                Төтенше жағдайлар жөніндегі
                                агенттігі Ұйымдастыру-бақылау
                                және кадр жұмысы департаментінің
                                директоры, Астана қаласындағы
                                өкілетті өкілі

Лавриненко                    - Қазақстан Республикасының Көлік
Юрий Иванович                   және коммуникациялар бірінші
                                вице-министрі

Смағұлов                      - Қазақстан Республикасының
Болат Советұлы                  Индустрия және сауда вице-министрі

Әшитов                        - Қазақстан Республикасының Еңбек
Батыржан Зайырқанұлы            және халықты әлеуметтік қорғау
                                вице-министрі

Ойнаров                       - Қазақстан Республикасының Қаржы
Азамат Рысқұлұлы                вице-министрі

Пак                           - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Лариса Юн-Боевна                сақтау министрлігінің Фармация,
                                фармацевтік және медициналық
                                өнеркәсіп комитеті төрағасының
                                орынбасары

Евниев                        - Қазақстан Республикасының Ауыл
Арман Қайратұлы                 шаруашылығы министрлігі Егіншілік
                                департаментінің директоры

Дүйсенбекова                  - Қазақстан Республикасының
Гүлжан Зайроллақызы             Мемлекеттік материалдық резервтер
                                жөніндегі агенттігі Әкімшілік-қаржы
                                департаментінің директоры

Байшолақов                    - Қазақстан Республикасының Әділет
Алмат Мұратұлы                  министрлігі Заңға тәуелді актілер
                                департаментінің директоры