Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1082 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1082 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

      14-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) Үкіметтің заңнамалық бастамасы шеңберінде дайындалатын қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 256-1), 256-2), 256-3), 256-4), 256-5), 256-6), 256-7), 256-8), 256-9), 256-10) және 256-11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "256-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      256-2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құру;

      256-3) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат беру;

      256-4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      256-5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;

      256-6) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;

      256-7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;

      256-8) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;

      256-9) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;

      256-10) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыру;

      256-11) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну;".

      2. "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережеде:

      8-тармақтың он үшінші және он төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы қатысатын даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот практикасының жай-күйін жартыжылдықта кемінде бір рет талдайды және мемлекеттік органның бірінші басшысына немесе мемлекеттік органның аппарат басшысына оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда осы Үлгі ереженің 8-3-тармағында баяндалған келісу тәртібін сақтай отырып, мемлекеттік органның пайдасы көзделмей қабылданған сот актісіне барлық сатыдағы соттарға шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтінішхаттармен жүгінеді;";

      8-1-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ескертулерсіз, "әдепкі қалпы бойынша" келісілген жобалардың, тіркелген НҚА санын;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ескертулермен келісілген, келісуден бас тартылған және мемлекеттік тіркеуден бас тартылған НҚА-ның ескертулердің сипаты бойынша:

      Конституцияға қайшы келетін;

      жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін;

      бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін;

      редакциялық ескертулер;

      заң техникасы бойынша ескертулер деп бөлінген санын;";

      мынадай мазмұндағы 8-3-тармақпен толықтырылсын:

      "8-3. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығын немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат беру құқығын міндетті түрде келісу (бұдан әрі – келісу) мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары тиісті орталық мемлекеттік органдармен келісуді жүзеге асырады;

      2) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері тиісті орталық мемлекеттік органдармен келісуді жүзеге асырады;

      3) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері орталық мемлекеттік органдардың тиісті ведомстволарымен келісуді жүзеге асырады;

      4) аумақтық департаменттердің аумақтық бөлімшелері орталық мемлекеттік органдардың тиісті аумақтық департаменттерімен келісуді жүзеге асырады;

      5) тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі құрған, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті әкімдерімен немесе осы Үлгі ереженің 8-3-тармағының тоғызыншы бөлігіне сәйкес өзге тұлғамен келісуді жүзеге асырады;

      6) аудан әкімдері тиісті облыс әкімдерімен келісуді жүзеге асырады;

      7) қаладағы аудан әкімдері қаланың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың тиісті әкімдерімен келісуді жүзеге асырады;

      8) ауылдық округтің, кенттің және ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдың әкімдері тиісті аудан әкімдерімен келісуді жүзеге асырады.

      Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірыңғай құрылымын құрайтын филиалдары, өкілдіктері, ведомстволары және ұйымдары өздері апелляциялық шағым немесе сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат берген жағдайда келісу жөніндегі талаптар қолданылмайды.

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің өздері апелляциялық шағым немесе сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат берген жағдайда келісу тиісті мемлекеттік органдардың басшылары бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.

      Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығын немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат беру құқығын келісу туралы сұрау (бұдан әрі – сұрау) тиісті орган басшысының қолы қойылып жазбаша нысанда жіберіледі.

      Сұрауға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің талаптарына сәйкес ресімделген апелляциялық шағымның немесе сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттың жобасы қоса беріледі.

      Сұрау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген апелляциялық шағым немесе сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат беру мерзімдері өткенге дейін кемінде он жұмыс күні қалғанда жіберіледі.

      Сұрауды келісуші органның заң қызметі немесе келісуші органның өзге құрылымдық бөлімшесі сот актісіне шағымдану жөніндегі заңнамада көзделген негіздердің болуы тұрғысынан қарайды. Келісуші органның заң қызметі немесе келісуші органның өзге құрылымдық бөлімшесі осы Үлгі ереженің 8-3-тармағының тоғызыншы бөлігіне сәйкес келісуші органның басшысына немесе өзге тұлғаға сот шешіміне апелляциялық немесе кассациялық шағымдану құқығын келісу немесе мұндай келісуден бас тарту туралы ұсыныс енгізеді.

      Келісу туралы шешімдерді келісуші органның басшысы қабылдайды.

      Келісу туралы шешім қабылдау немесе келісуден бас тарту жөніндегі өкілеттік осындай орган басшысының тиісті шешімімен келісуші орган басшыларының орынбасарларына, аппарат басшыларына және (немесе) заң қызметі басшысына жүктелуі мүмкін.

      Келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктер жүктелген тұлға сұрау келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті шешім қабылдайды.

      Келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешім сұрауды жіберген органға осындай шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктер жүктелген тұлғаның қолы қойылып жазбаша нысанда жіберіледі.".

      3. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентi палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдiң, Мемлекеттiк кеңесшінің, Конституциялық Сот Төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және жергiлiктi соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлiнiң, министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелері басшыларының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi басшыларының кабинеттерiнде – ұдайы;";

      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентi палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдiң, Мемлекеттiк кеңесшінің, Конституциялық Сот Төрағасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының және жергiлiктi соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлiнiң, министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерi басшыларының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi басшыларының кабинеттерiнде – ұдайы;".

      4. "Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік кеңесші";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Мемлекеттік орталық органдардың аппарат басшылары, министрлердің және мемлекеттік органдар төрағаларының орынбасарлары, Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер-Министрі, Парламенті Сенатының және Мәжілісінің төрағалары, Мемлекеттік кеңесшісі, Премьер-Министрінің орынбасарлары, Парламенті Сенаты және Мәжілісі төрағаларының орынбасарлары, Сыртқы істер министрі және Үкіметінің өзге де мүшелері басшылық ететін Қазақстан Республикасы делегацияларының мүшелері".

      5. "Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларда:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 35-1-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары бұрынғы және жаңа редакцияның салыстырма кестесімен қоса енгізілетін әрбір өзгеріс және/немесе толықтыру қою қаріппен жазылып (қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда), олардың әрқайсысы бойынша жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілердің нормаларына, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларына сілтеме жасалған нақты негіздемелері көрсетіліп, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі.

      Келісу барысында алынған мүдделі мемлекеттік органдардың ұсынымдарымен, ескертулерімен және ұсыныстарымен келісетін болса, әзірлеуші мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актінің пысықталған жобасын қайта келісуге жібереді.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасы сараптама кеңестерінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қорытындылары алынғаннан және басқа да мүдделі ұйымдармен, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына ұсынылады.

      Әзірленген жобаға реттеушілік әсерге жүргізілген талдау нәтижелері және жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастыру туралы ақпарат қоса беріледі.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Әділет органдарына жіберілген кезде әзірленген жобаға мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу нәтижелері, сараптамалық қорытындылар, ұсынымдар, енгізілетін әрбір өзгеріс және/немесе толықтыру қою қаріппен жазылып (қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда), олардың әрқайсысы бойынша жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілердің нормаларына, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларына сілтеме жасалған дәлелді негіздемелері көрсетілген бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі, жария талқылаулардың нәтижелері, сондай-ақ осы Қағидалардың 53-тармағында көзделген жобаларды қоспағанда, жүргізу міндеттілігі тиісті саладағы құқықтық қатынастарды реттейтін Заңда және/немесе заңнамалық актіде көзделген сараптамалардың нәтижелері қоса беріледі.";

      52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасын келісуді әділет органдары, мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдар, егер заңнамада өзге мерзім белгіленбесе, ол келіп түскен күннен кейін он жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Мүдделі мемлекеттік орган немесе ұйым белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілген болып есептеледі.

      Бұл ретте әділет органдары нормативтік құқықтық актінің әзірленген жобасын келісуді нормативтік құқықтық актінің әзірленген жобасын барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар келіскеннен кейін жүзеге асырады.

      53. Қолайсыз эпидемиологиялық жағдай себебінен уақытша шектеу іс-шараларына, оның ішінде карантинге байланысты не "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) шешімдерін іске асыру үшін әзірленген жобаны келісу ол келіп түскеннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Алынған ұсынымдар, ескертулер мен ұсыныстар ескеріле отырып пысықталған, сондай-ақ олармен келіспеген жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасын қайта келісу ол қайта келісуге келіп түскен күннен кейін бес жұмыс күні ішінде, ал осы Қағидалардың 53-тармағында көрсетілген жобалар бойынша бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Мүдделі мемлекеттік орган немесе ұйым белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілген болып есептеледі.

      Алынған ұсынымдармен, ескертулермен және ұсыныстармен келіспеген жағдайда әзірлеуші мемлекеттік орган тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және/немесе ұйымдармен келісу консультацияларын жүргізеді.";

      61-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірлескен нормативтік құқықтық актіге осы Қағидалардың 46-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.";

      68-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік комиссияның хаттамалық шешімдерін іске асыру үшін, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларын іске асыру мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу осындай акт әділет органдарына келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";

      71-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. МО ИП-қа қолжетімділік болмаған және/немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі болған жағдайларда қағаз түріндегі нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына қабылданған нормативтік құқықтық актінің төлнұсқасы және осы Қағидалардың 46-тармағында көзделген құжаттар қоса берілген оның екі көшірмесі ілеспе хатпен ұсынылады.";

      72 және 73-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Нормативтік құқықтық актіні қабылдаған орган осы Қағидалардың 46-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса береді.

      73. Осы Қағидаларда белгіленген ресімдеу талаптарына сәйкессіздіктер анықталған жағдайда мемлекеттік тіркеуге келіп түскен нормативтік құқықтық акт пысықтау мақсатында әзірлеуші мемлекеттік органға немесе негізгі жауапты әзірлеуші мемлекеттік органға қайтарылады.

      Келіп түскен нормативтік құқықтық актіні тікелей әзірлеуші мемлекеттік орган немесе негізгі жауапты әзірлеуші мемлекеттік орган оны пысықтау мақсатында кері қайтарып алуы мүмкін.

      Нормативтік құқықтық актіні пысықтау мүдделі мемлекеттік органдармен қайта келісу жүргізу уақытын қоса алғанда, 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.".

      6. "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – "Құқықтық актілер туралы" Заң) 18-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу мен келісу тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының жобаларын әзірлеу, келісу және қол қоюға ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларында айқындалады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Құпиялылық белгілері немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгілері бар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнамасының ерекшеліктері ескеріле отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаулылардың жобаларын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі – Кеңсе) әзiрлеуi мүмкiн.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Әзiрленген қаулылардың жобалары түсiндiрме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен (қолданыстағы қаулыға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда) бірге қазақ және орыс тiлдерiнде мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі, жария талқылау үшін нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталына, сондай-ақ әзірлеуші мемлекеттік органның интернет-ресурсына орналастырылады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қаулылардың жобалары заңнамада белгіленген құзыреттеріне орай мүдделі мемлекеттік органдармен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісудің ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЖКАЖ) электрондық құжаттар нысанында келiсiледi, бұл ретте қаулы жобасын келiсудегi мұндай мүдделiлiк қаулы жобасында қаралатын мәселелердің нысанасы негізге алына отырып, сондай-ақ қаулы жобасында мемлекеттiк органдардың немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгiленедi.";

      19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қаулы жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заң қызметі басшысының (не оның міндетін атқаратын тұлғаның) және мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолданылып куәландырылған қаулы (өкім) жобасын, оған түсіндірме жазбаны және басқа да қажетті құжаттарды ЖКАЖ-да электрондық құжаттар нысанында орналастырады және ЖКАЖ арқылы тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Кеңсеге енгізу алдында қаулылардың жобалары:

      1) Конституцияға, заңнамалық актілерге, Президенттің, Үкіметтің және Премьер-Министрдің актілеріне сәйкестігі тұрғысынан заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен;

      2) Қаржы министрлігімен;

      3) Ұлттық экономика министрлігімен келісілуге тиіс.

      Әділет және (немесе) Ұлттық экономика және (немесе) Қаржы министрліктерімен қаулылардың жобаларын келісу міндеттілігі кадр мәселелері жөніндегі (мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын тағайындау және босату бөлігінде), сондай-ақ консультативтік-кеңесші органдарды құру немесе тарату мәселелері жөніндегі жобаларға қолданылмайды.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Мемлекеттік органдар Кеңсеге енгізетін, мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған қаулылардың жобаларында мыналар қамтылуға тиіс:

      1) ілеспе хат, оның ішінде келісуші мемлекеттік органдардың ескертулері көрсетілген;

      2) қаулы жобасы;

      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнің регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлемі 2 (екі) беттен, ал күрделі мәселелер бойынша 3 (үш) беттен аспайтын түсіндірме жазба;

      4) қолданыстағы құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін қаулы жобасы бойынша Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың, оның ішінде туынды құқықтық актілердің тиісті дәлелді негіздемесімен бірге қаулының (қаулылардың) бұрынғы және жаңа редакциялардың әрбір абзацқа қатысты салыстырма кестесі;

      5) егер қаулы жобасы кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен сараптама кеңестерінің сараптамалық қорытындылары.

      Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасына түсіндірме жазбада сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс;

      6) "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, егер қаулы жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымдары.

      Ұсынымдармен келіспеген жағдайда жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасына түсіндірме жазбада келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс. Қоғамдық кеңестің ұсынымдары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда олар қоса берілмейді;

      7) қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылуға тиіс болса, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жобаны жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп;

      8) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап қолданылмайтын қаулылардың жобаларын қоспағанда, қаулы жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының қорытындысы.

      Әзірлеуші сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысымен бірге Кеңсеге қаулы жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүзеге асырған тұлғаның немесе ұйымның атына ұсынымдарды қабылдамау себептерінің негіздемелері жазылған өз жауабының көшірмесін енгізеді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдардың қорытындылары;

      10) орындау үшін қаулы жобасы әзірленген тапсырмалардың (хаттамалардың және т.б.) көшірмелері;

      11) егер жоба бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттеушілік әсерді талдау жүргізілсе, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімі және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындысы, сондай-ақ реттеушілік әсерді талдау нәтижелері.

      Рdf форматында қалыптастырылатын келісу парақтарынан, ғылыми сараптамалардың нәтижелері бойынша қорытындылардан, өзге мемлекеттік органдардың қорытындыларынан, тапсырмалардан, мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы тұлғаларға міндеттерді жүктеу туралы (беру туралы) бұйрықтардан басқа, қаулылар жобаларының мазмұндық бөлігі docх форматында ғана қалыптастырылады және 6 файлдан аспауға тиіс. Өзге форматтарды пайдалануға, сондай-ақ құжаттың ұсынылатын электрондық нұсқаларын архивтеуге жол берілмейді.";

      24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Қаулы жобасын қарау қорытындысы бойынша келісуші мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлға ЭЦҚ пайдалана отырып, ЖКАЖ-да жауап нұсқаларының бірін таңдайды:

      1) ескертулерсіз келісілді;

      2) қоса беріліп отырған ескертулермен келісілді;

      3) келісуден бас тартылды. Бұл ретте келісуші мемлекеттік орган келісуден бас тартуды дәлелді уәждеп, келісуден бас тарту туралы белгі қояды.

      Қаулы жобасын ескертулермен келіскен кезде келісуші мемлекеттік орган ЖКАЖ-ға орын алған ескертулер бойынша дәлелді негіздемелерді салады.

      25. Жобаларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде келісетін Әділет, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерін қоспағанда, мемлекеттік органдар қаулылардың жобаларын (Парламент Мәжілісінің қарауына заңнамалық актілердің жобаларын енгізуді көздейтін Үкімет қаулыларынан басқа) 3 (үш) жұмыс күні ішінде келіседі.

      Қаулы жобасы мемлекеттік органда 3 (үш) жұмыс күнінен (Әділет, Қаржы, Ұлттық экономика және Сыртқы істер министрліктерінде 5 (бес) жұмыс күнінен) артық келісуде болған және олар бойынша жауап ұсынылмаған жағдайда мұндай жоба әдепкі қалпы бойынша "келісілді" деп есептеледі.

      26. Қаулы жобасын келісу кезінде мемлекеттік органдар арасында келіспеушіліктер болған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган өзара қолайлы шешім іздеу мақсатында оны келісуші органдармен талқылауды қамтамасыз етеді.

      Өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган келісуші органдармен бірлесіп ескертулерді ресімдейді, оларға мемлекеттік органдардың бірінші басшылары немесе олар уәкілеттік берген лауазымды тұлғалар қол қояды.

      Ескертулер жоба Кеңседе тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мәселенің мәні бойынша нақты шешімдер қабылдау үшін Премьер-Министрде немесе оның орынбасарларында өтетін кеңесте қаралады.";

      27-тармақ алып тасталсын.

      7. "Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 762 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларда:

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) заңнамалық акт – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң, конституциялық заң, кодекс, шоғырландырылған заң, заң, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің қаулылары;";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулылары;".

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 17-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалатын заңдардың жобаларын, сондай-ақ Заңның 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, орналастыру, жария талқылау, келісу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты (бұдан әрі – консультативтік құжат) – нақты саладағы мемлекеттік реттеу проблемалары, оларды шешу жолдары, заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесі және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де ережелер қамтылуға тиіс белгіленген нысандағы құжат;";

      4-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) консультативтік құжатты әзірлеуді, оны мүдделі органдармен, ұйымдармен және нысаналы топтармен талқылауды;";

      2), 3) тармақшалар алып тасталсын;

      4), 5), 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) консультативтік құжатты жария талқылау үшін ашық НҚА интернет-порталында орналастыруды, осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мүшелерінің ұстанымдарын, қоғамдық кеңестердің, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің (бұдан әрі – сараптамалық кеңестер), Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – ҰКП) қорытындыларын алуды;

      5) консультативтік құжатты Комиссия отырысына шығару мүмкіндігі туралы алдын ала қорытынды алу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне (бұдан әрі – Әділет министрлігі) жолдауды;

      6) консультативтік құжатты Комиссия отырысында қарауды;

      7) консультативтік құжатты Комиссия мақұлдаған жағдайда заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құруды;";

      9) тармақша алып тасталсын;

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) заң жобасын Заңға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне (бұдан әрі – Үкімет регламенті) сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісуді;";

      14) тармақша алып тасталсын;

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) заң жобасын Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министр Кеңсесімен келіскеннен кейін олар Парламенттің қарауына енгізілгенге дейін заң жобасына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Консультативтік құжатты, сондай-ақ заң жобасы бойынша және қабылданған заң бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын әзірлеу жөніндегі талаптар республикалық бюджет, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңдардың жобаларына және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларына қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Заңның 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес дайындалған заңдардың жобалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары, сондай-ақ көрсетілген жобаларды іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі болған кезде ғана мемлекеттік органның бастамасы бойынша әзірленуі мүмкін.

      Көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу мерзімі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісуін алған сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен аспауға тиіс.

      Көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ашық НҚА порталында жария талқылау, сондай-ақ қоғамдық кеңестің ұсынымдарын, сараптамалық қорытындыларын ұсыну мерзімдері күнтізбелік 5 (бес) күнді құрайды.

      Комиссияның консультативтік құжатты қарау мерзімі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық НҚА порталында жария талқылау мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен аспауға тиіс.

      Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу мерзімі күнтізбелік 5 (бес) күннен аспауға тиіс.

      Заңдардың жобаларын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобаларын іске асыру үшін әзірленген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары сол жобалармен бір уақытта және дәл сол мерзімдерде әзірленеді және келісуге, жария талқылауға, сараптамаларға жатады.";

      11-тармақ алып тасталсын;

      13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Әзірлеуші орган осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген шарттарды орындағаннан кейін консультативтік құжатты ашық НҚА интернет-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыру арқылы оны жариялау және талқылау рәсімдерін қамтамасыз етуге тиіс.";

      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Консультативтік құжатты, заң жобасын орналастыруды әзірлеуші органдардың қызметкерлері АЖО арқылы жүргізеді. Оператор әзірлеуші органдардың қызметкерлеріне АЖО-ға қолжетімділікті әзірлеуші мемлекеттік органдардың өтінімдері негізінде ұсынады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Әзірлеуші органдар ұстанымдарды, сараптамалық қорытындыларды, ұсынымдарды алу үшін, оның ішінде мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей ҰКП-ға, сараптамалық кеңестерге, қоғамдық кеңестерге, "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ЗҚАИ), Комиссия мүшелеріне консультативтік құжаттың ашық НҚА интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жібереді.

      Сараптамалық қорытындылар ҰКП-ның немесе сараптамалық кеңес мүшесінің жазбаша ұстанымын білдіреді, ұсынымдық сипатта болады және нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданғанға дейін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде оған міндетті қосымшалар болып табылады.

      Консультативтік құжат бойынша сараптамалық қорытындыларды, қорытындыларды, ұсынымдарды ұсыну үшін белгіленетін мерзім оның ашық НҚА интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама ҰКП-ға, сараптамалық кеңес, қоғамдық кеңес мүшелеріне, ЗҚАИ-ға келіп түскен сәттен бастап он бес жұмыс күнінен кем болмауы тиіс.";

      17-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. ҰКП, сараптамалық кеңестер, қоғамдық кеңестер, ЗҚАИ, Комиссия мүшелері консультативтік құжатқа өздерінің ұстанымдарын, сараптамалық қорытындыларын, қорытындыларын, ұсынымдарын ашық НҚА интернет-порталында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.

      Сараптамалық қорытындылар, қоғамдық кеңестердің қорытындылары, ұсынымдары ұсынымдық сипатта болады және консультативтік құжатқа, қабылданғанға дейін заң жобасына, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде оларға міндетті қосымшалар болып табылады.";

      19-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) консультативтік құжат немесе заң жобасы бойынша ескертулер және (немесе) ұсыныстар жіберілген кезде жобаның нақты құрылымдық элементін (бөлім, бап, тармақ, тармақша) көрсету шарттары сақтала отырып жүзеге асырылады.";

      23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Жария талқылаулардың (ашық НҚА интернет-порталындағы жария талқылаулардың, жария тыңдаулардың, пікірталастардың) қорытындылары бойынша әзірлеуші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп дайындайды. Есеп кейіннен заң жобасын қараудың барлық сатысында оған міндетті қосымша болып табылады.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Консультативтік құжатты Комиссияның қарауына шығару";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Консультативтік құжатты жария талқылау қорытындылары бойынша әзірлеуші заңнамалық өзгерістердің қажеттігі немесе қажет еместігі туралы шешім қабылдайды.

      Заңнамалық актіні қабылдау қажеттігін айғақтайтын дәлелдерді жазу жағымсыз құбылыстар мен процестердің қолданыстағы заңнама тиімділігінің жеткіліксіздігі арасындағы байланысты егжей-тегжейлі белгілейтіндей нақты болуы тиіс. Дәлел ретінде орын алған жағдайлардың қысқаша фабуласын, тұжырымдар мен ұсыныстарды көрсете отырып, құқық қолдану практикасынан мысалдар келтіру қажет.";

      25 және 26-тармақтар алып тасталсын;

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Әділет министрлігін қоса алғанда, Комиссия мүшелері Президент Әкімшілігі немесе Үкімет басшылығының тапсырмаларымен келіп түскен шұғыл тапсырмаларды қоспағанда, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде консультативтік құжатты қарайды және әзірлеушіге ашық НҚА интернет-порталы арқылы ресми ескертулер береді.";

      28-тармақ алып тасталсын;

      29, 30, 31, 32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Комиссия мүшелерінің қандай да бір ескертулері және (немесе) ұсыныстары болмаған кезде мемлекеттік орган консультативтік құжатты Комиссия отырысында қарауды ұйымдастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді.

      Комиссия мүшелерінде ескертулер және (немесе) ұсыныстар болған кезде әзірлеуші оларды барынша алып тастауды қамтамасыз ету мақсатында бір ай мерзім ішінде осындай ескертулерді пысықтайды.

      Алынбаған ескертулер бойынша келіспеушіліктер хаттамалары жасалады, оларға ескертулер берген Комиссия мүшелері оны әзірлеушілер енгізген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қол қоюға тиіс.

      30. Пысықтау қорытындылары бойынша келіспеушіліктер хаттамалары бар пысықталған консультативтік құжат ашық НҚА интернет-порталында қайта орналастырылады, бұл туралы әзірлеуші 2 (екі) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелеріне хабарлайды.

      Осыдан кейін Әділет министрлігін қоса алғанда, Комиссия мүшелері, 7 (жеті) жұмыс күні ішінде пысықталған консультативтік құжатты қарайды және олар бұрын берген, жойылмаған ескертулер немесе Комиссияның басқа мүшелерімен пысықталғаннан кейін пайда болған жаңа ережелер бөлігінде ғана ескертулер бере алады.

      Комиссия мүшелерінің ұстанымдары ашық НҚА интернет-порталында қайта көрсетіледі.

      31. Әзірлеуші Комиссия мүшелерінің ескертулерімен келісіп, консультативтік құжатты пысықтай алады және осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес қайта қарауға енгізе алады не қосымша келіспеушіліктер хаттамаларын жасай алады және оны Комиссия отырысында қарауды ұйымдастыру үшін Әділет министрлігіне келіспеушіліктер хаттамалары бар консультативтік құжатты енгізе алады.

      Әділет министрлігі консультативтік құжатты, ал келіспеушіліктер хаттамалары болған жағдайда – осындай хаттамалармен бірге Комиссия мүшелерінің қарауына шығарады.

      Комиссия отырысында ескертулерсіз және (немесе) ұсыныстарсыз қарау үшін келіп түскен консультативтік құжат қысқаша таныстырылымнан кейін дауыс беруге шығарылады.

      Комиссия отырысы барысында ескертулер және (немесе) ұсыныстар дауысқа қабылданбайды.

      Келіспеушіліктер хаттамаларымен келіп түскен консультативтік құжат бойынша дауыс беру келіспеушіліктер хаттамаларына енгізілген әрбір ескерту бойынша жүзеге асырылады. Консультативтік құжат осындай жолмен алынбаған ескертулердің болмауы шартымен ғана мақұлдануы мүмкін.

      32. Комиссия:

      1) қолданыстағы заңнамамен жеткілікті реттелген қоғамдық қатынастарды регламенттеуді көздейтін;

      2) құқықтың негіз қалаушы қағидаттарына қайшы келетін (адам құқықтарының, заңдылықтың, теңдіктің, әділдіктің басымдығы және т. б.);

      3) реттеу нысанасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағына сәйкес келмейтін консультативтік құжаттарды мақұлдамайды.

      33. Комиссия отырысында мақұлданғаннан кейін консультативтік құжат әзірлеушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.";

      34-тармақ алып тасталсын;

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Заңдардың жобаларын әзірлеу олардың консультативтік құжаттарының негізінде ғана және оларға қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

      Заң жобасына Мемлекет басшысының елдегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы арнайы және жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаулары шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ғана тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      Өзге жағдайларда, егер заң жобасын әзірлеу процесінде консультативтік құжатқа өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаса, мұндай мәселе әзірлеуші мемлекеттік органның өтініші бойынша Комиссия отырысына шығарылады.

      Комиссия көпшілік дауыспен мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) егер өзгерістер тұжырымдамалық сипатта болса, осы Қағидаларда белгіленген рәсімдерді жүргізе отырып, консультациялық құжат пысықтауға жіберілсін;

      2) егер өзгерістер құқықтық қатынастарды реттеу бойынша тұжырымдалған тәсілдерді айтарлықтай өзгертпесе, сондай-ақ бұрын қаралмаған проблемалық мәселелерді шешуге бағытталмаса, консультативтік құжатқа өзгерістер енгізу мақұлдансын.";

      50, 51 және 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Заң жобасы бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын әзірлеуші органның бірінші басшысы оны Әділет министрлігімен және БАҚ саласындағы уәкілетті органмен келіскеннен кейін заң жобасын келісу кезінде бекітеді.

      Заң жобасы бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын іске асыру туралы есеп Әділет министрлігіне және БАҚ саласындағы уәкілетті органға ұсынылады. Әділет министрлігі ұсынылған ақпаратты талдайды және жинақтайды және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Премьер-Министр Кеңсесіне жібереді.

      51. Дайындалған заң жобасы ілеспе құжаттарымен бірге мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісу үшін жіберіледі.

      Мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған мынадай құжаттар ілеспе құжаттар деп танылады:

      1) заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына Үкімет регламентінің талаптарына сәйкес дайындалған түсіндірме жазба;

      3) заң жобасының мақсаттары, міндеттері және негізгі ережелері егжей-тегжейлі сипатталған, жобаны қабылдау қажеттігі негізделген заң жобасына түсіндірме жазбаның жобасы;

      4) қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесімен осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баптардың қолданыстағы және ұсынылатын редакцияларының салыстырма кестесі қоса беріледі.

      Бұл ретте негіздемелерде Комиссия отырысында мақұлданған консультативтік құжаттың нақты тармағына немесе ережесіне міндетті түрде сілтеме жасалады;

      5) мақұлданған консультативтік құжат;

      6) заң жобасын БАҚ-та, оның ішінде Интернет желісінде талқылау және оларды пысықтау кезінде қоғамдық пікірді ескеру нәтижелері туралы анықтама.

      Анықтамаға ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы және консультативтік құжат пен заң жобасын жария талқылау қорытындылары бойынша есептер қоса беріледі;

      7) егер заң жобасын іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерінің қысқаруына немесе шығыстарының ұлғаюына, халықаралық көздерден гранттарды, қарыздарды тартуға немесе демеушілікке әкеп соқса, қаржы-экономикалық есеп-қисаптар;

      8) заң жобасы реттейтін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми (құқықтық, экономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа да) сараптамалардың нәтижелері бойынша қорытындылар.

      Ғылыми сараптаманың қорытындысымен келіспеген жағдайда заң жобасын әзірлеуші тиісті қорытындымен келіспеу себептерінің сараптама, уәкілетті ұйымдарға жіберілген жазбаша дәлелді негіздемелерін қоса беруге тиіс;

      9) консультативтік құжат және заң жобасы бойынша ЗҚАИ қорытындылары;

      10) егер заң жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, заң жобасына ҰКП және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары қоса беріледі;

      11) "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, егер заң жобасы азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты болса, оған заң жобасын қоғамдық кеңестермен талқылау ұсынымдары қоса беріледі;

      12) республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заңдардың жобаларына қатысты Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің көшірмесі;

      13) тиісті заңнамалық актінің қабылдануына байланысты өзгертілуге немесе күші жойылды деп танылуға тиіс заңнамалық актілердің тізбесі;

      14) егер заң жобасының қолданылуын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт қабылдау қажет болса, оны іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары;

      15) реттегіш құралды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін заң жобасына кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындысы, сондай-ақ реттеушілік әсерге талдау жүргізу қажеттігі Кәсіпкерлік кодексте көзделген жағдайларда реттеушілік әсерді талдау нәтижелері қоса беріледі;

      16) ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасы.

      52. Заң жобасы келісуге жіберілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар заң жобасы бойынша өз ескертулерін және (немесе) ұсыныстарын дайындауға немесе олардың жоқтығы туралы заң жобасын әзірлеген әзірлеуші органға хабарлауға тиіс.

      Мемлекеттік органның, ұйымның заң жобасы бойынша ескертулері кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды қамтуға, негізделген және түпкілікті болуға тиіс.

      Үкіметтің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобасын келісу кезінде Әділет министрлігі заң жобасын жан-жақты пысықтау және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша реттеу нысанасын ашу фактісінің белгіленуін қамтитын заң жобасы бойынша қорытынды береді.

      Кодекстердің жобаларын қоспағанда, заңнамалық актілерінің жобаларын мемлекеттік органдар 5 (бес) жұмыс күні ішінде (Әділет министрлігі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде) келіседі.

      Қазақстан Республикасы кодекстерінің жобаларын мемлекеттік органдар 7 (жеті) жұмыс күні ішінде (Әділет министрлігі 10 (он) жұмыс күні ішінде) келіседі.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Заң жобасы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілгеннен кейін және ол Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілгенге дейін заң жобасы ашық НҚА интернет-порталында орналастырылады.";

      61-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Оңайлатылған тәртіппен әзірленетін заңдардың жобаларына консультативтік құжатты әзірлеу жөніндегі талаптар қолданылмайды.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Заң жобаларын әзірлеудің оңайлатылған тәртібі:

      1) заң жобасын дайындауды;

      2) заң жобасын ашық НҚА интернет-порталында орналастыруды және осы Қағидаларға сәйкес заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісуді;

      3) заң жобасын Үкіметке енгізуді және оны Үкімет регламентіне сәйкес қарауды;

      4) заңдардың жобаларын Заң жобаларын Қазақстан Республикасының Президентімен келісу ережелеріне сәйкес Президент Әкімшілігімен келісуді;

      5) заңдардың жобаларына лингвистикалық сараптама жүргізуді;

      6) заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді;

      7) заңдардың жобаларын Парламент палаталарында қарау кезінде оларды ұсынуды және сүйемелдеуді қамтиды.";

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 1-қосымша осы өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 3, 4-қосымшалар алып тасталсын;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 6-қосымша осы өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      9. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 451 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап:

      Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының;

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының нормативтік құқықтық актілерінің;

      Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулыларының;

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулыларының;

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының;

      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқықтық қаулыларының;

      заңнамалық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына және Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының;

      нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің;

      тиісті аумақта карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу (жою) туралы, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің;

      сайлау учаскелерін құру және үгіт баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің;

      әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, тарату және қайта құру, олардың шекаралары мен бағыныстылығын белгілеу және өзгерту, оларға атау беру және атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы нормативтік құқықтық актілердің;

      елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы нормативтік құқықтық актілердің;

      республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілердің;

      барлық деңгейдегі бюджеттерді бекіту туралы нормативтік құқықтық актілердің;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы нормативтік құқықтық актілердің;

      республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы нормативтік құқықтық актілердің;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекті тарифтерді, бағаларды бекіту туралы нормативтік құқықтық актілердің;

      жария сервитутты белгілеу туралы нормативтік құқықтық актілердің;

      мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілердің;

      мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін", "Баспасөзде жарияланбайды", "Баспаға арналмаған" деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қолданылмайды.

      Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап Қағидалардың осы тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актілерге де қолданылмайды.";

      18-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген заңдардың жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама заңнамалық акт жобасы, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы және оларға материалдар жобаны үйлестірушіге ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Осы нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қайта жүргізілмейді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізу үшін әзірлеуші мынадай материалдарды үйлестірушіге қағаз және электрондық түрде жібереді:

      1) нормативтік құқықтық актінің жобасы (қазақ және орыс тілдерінде);

      2) нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазба (қазақ және орыс тілдерінде) (бар болса);

      3) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесімен нормативтік құқықтық актінің жобасына салыстырма кесте (қазақ және орыс тілдерінде);

      4) реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты (қазақ және орыс тілдерінде);

      5) зерделенетін проблема бойынша статистикалық деректер (бар болса).".

      10. "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерін қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережеде:

      8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімімен Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау шеңберінде берілген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;";

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Міндет: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің жолданымдарды қарау шеңберінде берілген тапсырмаларын жергілікті атқарушы органдардың уақтылы және толық іске асыруын бақылау.";

      9-тармақтың екінші бөлігінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі аппаратының, аудандық/ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің тапсырмаларының іске асырылуы бойынша жолданымдарды қарау жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бұқаралық сипаттағы күрделі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшылығының, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің тапсырмаларының орындалу барысын жергілікті жерге барып тексеру;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі басшылығының бақылауына қойылған тапсырмалардың орындалу сапасы мәселелері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі аппаратының, аудандық/ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу, олардың орындалуына мониторинг ұйымдастыру;".

      11. "Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 386 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларында:

      10-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген заңдардың жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша қайталама ғылыми сараптама жүргізілмейді.";

      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Заң жобасына, халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ғылыми ұйымға немесе сарапшыға, ал ғылыми лингвистикалық сараптама бойынша – уәкілетті ұйымға ұсынылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылады. Ғылыми экономикалық сараптама заң жобасы ғылыми ұйымға немесе сарапшыға ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн ішінде жүргізіледі.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабы 15-тармағына сәйкес әзірленген заңдардың жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша ғылыми экономикалық сараптаманы қоса алғанда, ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ғылыми ұйымға немесе сарапшыға, ал ғылыми лингвистикалық сараптама бойынша – уәкілетті ұйымға ұсынылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күннен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылады.

      Қарыздар туралы халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына ғылыми құқықтық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Ғылыми сараптама жүргізу мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлеушіге (әзірлеуші органға) осы Қағидаларға сәйкес дайындалған ғылыми сараптама қорытындысы жіберіледі.

      26. Қажет болған кезде ғылыми сараптама жүргізу мерзімі Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі басшылығының оны жүргізу қажеттігі туралы тапсырмасы болған жағдайларды қоспағанда, әзірлеушінің (әзірлеуші органның), Әділет министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің келісуімен, ал ғылыми құқықтық сараптама бойынша – осы Қағидалардың 44, 65-тармақтарында айқындалған тәртіппен ұзартылуы мүмкін.

      Бұл талап "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген заңдардың жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобаларына қолданылмайды.";

      36-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізілгенге дейін сараптама қорытындыларын алу үшін қоғамдық кеңестерге, сараптама кеңестеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бір мезгілде жіберілген кезде;";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Заңдардың жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін әзірлеуші қазақ және орыс тілдеріндегі заң жобасын және оған қоса берілетін материалдарды (электрондық жеткізгіштерде):

      1) әзірлеушінің бірінші басшының орынбасары не оны алмастыратын тұлға қол қойған ресми бланкідегі ілеспе хатты (қазақ тілінде);

      2) заң жобасына түсіндірме жазбаны (қазақ және орыс тілдерінде);

      3) қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесімен заң жобасына салыстырма кестені (қазақ және орыс тілдерінде);

      4) заңдардың жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген жағдайларды қоспағанда, Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдаған реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын (қазақ және орыс тілдерінде);

      5) зерделенетін проблема бойынша статистикалық деректерді (бар болса);

      6) қарауға ұсынылатын заң жобасын іске асыру үшін қабылданатын заңға тәуелді актілердің жобаларын (бар болса) (қазақ және орыс тілдерінде);

      7) ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін толық және анық деректерді ұсыну мақсатында өзге де материалдарды (бар болса) ұсынады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Заң жобасына қайталама ғылыми құқықтық сараптама осы Қағидалардың 42-тармағында айқындалатын заң жобасына ғылыми құқықтық сараптама жүргізу басталған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабы 15-тармағына сәйкес әзірленген заңдардың жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша қайталама ғылыми құқықтық сараптама жүргізілмейді.";

      74 және 75-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Міндетті ғылыми лингвистикалық сараптама:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін заңдардың жобалары бойынша;

      2) Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобалары бойынша жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заңдардың жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізілмеуі мүмкін.

      Ғылыми лингвистикалық сараптама мынадай сатыларда:

      1) заңдардың жобалары бойынша Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министр Кеңсесімен келісілгеннен кейін олар Парламенттің қарауына енгізілгенге дейін;

      2) халықаралық шарттар бойынша – олар ратификацияланғанға дейін немесе ратификациялау арқылы оларға қосылғанға дейін, ал халықаралық шарттардың жобалары бойынша – оларға қол қойылғанға дейін жүргізіледі.

      75. Халықаралық шарттар немесе халықаралық шарттардың жобалары бойынша қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізілуі мүмкін.

      Қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама Премьер-Министр Кеңсесінің және Президент Әкімшілігінің ескертулері бойынша халықаралық шарт жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда жүргізіледі.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген заңдардың жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізілмейді.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Заң жобасына ғылыми лингвистикалық сараптама заң жобасы Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министр Кеңсесімен келісілгеннен кейін олар Парламенттің қарауына енгізілгенге дейін жүргізіледі. Оны жүргізу үшін әзірлеуші орган уәкілетті ұйымға:

      1) әзірлеуші органның ресми бланкісіндегі ілеспе хатты;

      2) қазақ және орыс тілдеріндегі заң жобасын;

      3) келісу парағының көшірмесін ұсынады.";

      79-тармақ алып тасталсын;

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Парламент депутаттары бастама жасаған заңдардың жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу үшін Әділет министрлігіне және/немесе уәкілетті ұйымға:

      1) ресми бланкідегі (электрондық түрде) ілеспе хат;

      2) қазақ және орыс тілдеріндегі заң жобасы (электрондық түрде) жіберіледі.":

      88 және 89-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Ғылыми лингвистикалық сараптама уәкілетті ұйым заң жобасын, халықаралық шартты немесе халықаралық шарт жобасын және оларға материалдарды ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген заңдардың жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама уәкілетті ұйым заң жобасын және оларға материалдарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс.

      Бұл ретте қарыздар туралы халықаралық шарттардың жобалары бойынша бастапқы ғылыми лингвистикалық сараптама күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс.

      89. Халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу мерзімі әзірлеуші (әзірлеуші орган) оларды ұсынған келесі жұмыс күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.";

      95-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сонымен қатар мемлекеттік органдарға, оның ішінде Ұлттық экономика министрлігіне келісуге жіберу кезінде;";

      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Әзiрлеушi заң жобасының (қазақ және орыс тiлдерiндегі) көшiрмесiмен бiрге ғылыми экономикалық сараптамаға мынадай материалдардың көшiрмелерiн (электрондық түрде) ұсынады:

      1) заң жобасына түсiндiрме жазба (қазақ және орыс тiлдерiнде);

      2) қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілген кезде енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың тиiстi негiздемесiмен заң жобасына салыстырма кесте (қазақ және орыс тiлдерiнде);

      3) бар болса, зерделеніп отырған проблема бойынша статистикалық деректер;

      4) заңдардың жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген жағдайларды қоспағанда, Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдаған реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты (қазақ және орыс тілдерінде);

      5) қарауға ұсынылатын заң жобасын іске асыру үшін қабылданатын заңға тәуелді актілердің жобалары (бар болса);

      6) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша заң жобасын әзірлеуші орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары электрондық түрде қол қойған қабылданатын заң жобасы қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспорт (қазақ және орыс тілдерінде) (бұдан әрі – паспорт).

      Парламент депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заңдардың жобаларын ғылыми экономикалық сараптамаға жіберген кезде паспортқа заң жобасын әзірлеуге бастама жасаған Парламент депутаты/депутаттары қол қояды;

      7) мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша Республикалық бюджет комиссиясы үшін қаржылық есеп-қисаптар.".

      12. "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде:

      41-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қарыздар туралы халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобалары мүдделі орталық мемлекеттік органдармен қарыздар туралы халықаралық шарттардың жобаларымен бір мезгілде келісілуге тиіс.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Жобаларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде келісетін Әділет, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерін қоспағанда, мемлекеттік органдар жобаларды (заңнамалық актілердің жобаларын Парламент Мәжілісіне енгізуді көздейтін Үкімет қаулыларынан басқа) 3 (үш) жұмыс күні ішінде келіседі. Сыртқы істер министрлігі халықаралық шартқа қол қою, бекіту, қабылдау және оған қосылу мәселелері бойынша жобаларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде келіседі.

      Жоба мемлекеттік органда 3 (үш) жұмыс күнінен (Әділет, Қаржы, Ұлттық экономика және Сыртқы істер министрліктерінде 5 (бес) жұмыс күнінен) артық келісуде болған және олар бойынша жауап ұсынылмаған жағдайда мұндай жоба әдепкі қалпы бойынша "келісілді" деп есептеледі.

      Қарыздар туралы халықаралық шарттарды ратификациялау және олардың күшін жою туралы заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу туралы қаулылардың жобаларын мемлекеттік органдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде келіседі.

      Кодекстердің жобаларын қоспағанда, заңнамалық актілердің жобаларын мемлекеттік органдар 5 (бес) жұмыс күні (Әділет министрлігі 7 (жеті) жұмыс күні) ішінде келіседі. Қазақстан Республикасы кодекстерінің жобаларын мемлекеттік органдар 7 (жеті) жұмыс күні (Әділет министрлігі 10 (он) жұмыс күні) ішінде келіседі.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Неғұрлым қысқа мерзім белгіленуі мүмкін:

      1) республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға бағытталған;

      2) Үкімет резервінен қаражат бөлуге байланысты;

      3) табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою, сондай-ақ ресми ізгілік көмек көрсету мәселелері бойынша;

      4) қолайсыз эпидемиологиялық ахуалға байланысты уақытша шектеу іс-шараларына, оның ішінде карантинге байланысты;

      5) қарыз туралы халықаралық шарттар туралы;

      6) халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті қорғауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында "Құқықтық актілер туралы" Заңның 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға байланысты жобаларды қоспағанда, жоба отырысқа Кеңседе тіркелген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей шығарылады.";

      72-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Aлдағы жылға арналған Жоспардың жобасын жыл сайын 1 шілдеге дейін мемлекеттік органдар Әділет министрлігіне ұсынатын реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттары (бұдан әрі – консультативтік құжат) бойынша Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) оң қорытындысы негізінде Әділет министрлігі қалыптастырады. Бұл ретте консультативтік құжаттарды Ведомствоаралық комиссия жыл сайын 1 тамызға дейін мақұлдауға тиіс.";

      74-тармақта:

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте қабылданған Жоспарға заңдардың жобалары енгізілген жағдайда осы заң жобасының консультативтік құжаттары Үкіметке енгізілгенге дейін оны Ведомствоаралық комиссия мақұлдауға тиіс.";

      жетінші және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кейіннен заңнамалық қамтамасыз етуді көздейтін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, тұжырымдамаларды, Үкіметтің іс-шараларын әзірлеген кезде әзірлеуші осындай құжаттардың жобаларымен қатар Ведомствоаралық комиссияның қарауына тиісті заңдар жобаларының консультативтік құжаттарын ұсынады.

      Консультативтік құжатты әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, ол кейіннен заңнамалық қамтамасыз етуді көздейтін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, тұжырымдамаларды, Үкіметтің іс-шараларын әзірлеушінің сұрау салуы бойынша тиісті консультативтік құжатты ұсынады.";

      75-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Премьер-Министрдің немесе Кеңсенің атына Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделмеген заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныспен жүгінген кезде заң жобасын әзірлеуші алдын ала консультативтік құжатты әзірлейді және Ведомствоаралық комиссияда қарау үшін Әділет министрлігіне ұсынады.";

      84-тармақта:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) реттеушілік саясаттың мақұлданған консультативтік құжаты;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) заң жобасы реттейтін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми (құқықтық, экономикалық, лингвистикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа) сараптаманың нәтижесі бойынша қорытындылар.

      Ғылыми сараптаманың қорытындысымен келіспеген жағдайда заң жобасын әзірлеуші тиісті қорытындымен келіспеу себептерінің сараптама ұйымына жіберілген жазбаша дәлелді негіздемелерін қоса беруге тиіс;";

      4-тарау мынадай мазмұндағы 3-1-параграфпен толықтырылсын:

      "3-1-параграф. Дағдарыс жағдайларына жедел ден қою мақсатында заңдардың жобаларын және заң күші бар Үкімет қаулыларының жобаларын Кеңсеге енгізу

      88-1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда халықтың өмірі мен денсаулығына, елдің конституциялық құрылысына, қоғамдық тәртібін қорғауға, экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Парламентінің дереу қарауы үшін заң жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар тиісті уақытша қаулысын әзірлеу мәселесіне бастама жасауға құқылы.

      88-2. Осы Регламенттің 88-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу туралы мәселеге бастама жасау үшін уәкілетті мемлекеттік орган Премьер-Министрдің атына негіздемелер, сондай-ақ Үкімет жедел заңнамалық шаралар қабылдамаған жағдайда орын алуы ықтимал дағдарыстық ахуалды, өзекті сын-қатерлерді, форс-мажорлық мән-жайлар мен нақты залалдың ауқымын және қолданылатын шаралардың мөлшерлестігін растайтын деректер баяндалған хат енгізеді.

      88-3. Осы Регламенттің 88-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу қажеттігі туралы шешім қабылдау Премьер-Министрдің қарары бойынша жүргізіледі.

      Кеңсенің тиісті қарарды дайындау мерзімі күнтізбелік 2 (екі) күннен аспауға тиіс.

      88-4. Уәкілетті мемлекеттік органның дағдарыстық жағдайға дереу заңнамалық реттеу шаралары арқылы жедел ден қою қажеттігі туралы бастамасын келісу туралы Премьер-Министрдің қарарын алған жағдайда әзірлеуші Премьер-Министрдің қарарын алған күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күннен кешіктірмей Кеңсеге нормативтік құқықтық актілердің келісілген жобаларын енгізуге тиіс. Бұл ретте мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің мұндай жобаларын келісу мерзімі олар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен аспауға тиіс.

      88-5. 4-тараудың 3-параграфының ережелері осы Регламенттің 3-1-параграфына қайшы келмейтін бөлігінде осы Регламенттің 88-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын енгізу тәртібіне қолданылады.

      88-6. Осы Регламенттің 88-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Кеңсе күнтізбелік 2 (екі) күннен аспайтын мерзімде Президент Әкімшілігіне келісуге енгізуге тиіс.

      88-7. Осы Регламенттің 88-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобалары Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде кейіннен дауыс беру үшін Үкімет отырысына не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады.

      Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің дереу қарауы үшін енгізу күнтізбелік 2 (екі) күннен аспайтын мерзімде қамтамасыз етіледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар тиісті уақытша қаулысын қабылдау және көрсетілген жобаларды іске асыру үшін дайындалған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді бекіту, Үкімет мүшелерінің отырысы не сырттай дауыс беруі өткізілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.";

      97-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Заңдардың жобаларын Парламентте қарау барысында уәкілетті тұлғаларға Премьер-Министрмен алдын ала келіспей заң жобасының консультативтік құжатына немесе оның құқықтық мазмұнын өзгертуге байланысты, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуге немесе оны реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруға байланысты (заңдық техникаға қатысты түзетулерді қоспағанда), сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерінің қысқаруын немесе шығыстарының ұлғаюын көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныстарды ауызша немесе жазбаша нысанда енгізуге немесе келісім білдіруге тыйым салынады.";

      98-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Премьер-Министрмен алдын ала келісілмеген және олар бойынша оның депутаттар қарайтын нақты заң жобасының консультативтік құжатына сәйкес келмейтін түзетулер енгізуге рұқсаты болмаған;";

      99-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте заң жобасын әзірлеушіге немесе мүдделі мемлекеттік органдарға Премьер-Министрдің атына заң жобаларына консультативтік құжатқа сәйкес келмейтін түзетулерді келісу туралы ұсыныстар енгізуге тыйым салынады.";

      143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. Президенттің, Премьер-Министрдің, Мемлекеттік кеңесшінің, Президент Әкімшілігі Басшысының және Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының тікелей тапсырмаларын қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атына орындау мерзімі 2 (екі) жұмыс күнінен аз сұрау салу мен тапсырмалар жіберуге тыйым салынады.";

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне 10-қосымшада:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) түзетулер заң жобасының консультативтік құжатына сәйкес келуге тиіс.";

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне 11-қосымшада:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) түзетуді қабылдамаудың өзге де себептері көрсетіледі (Президент тапсырмаларына, нақты салада жүргізіліп жатқан саясатқа, заң жобасының, оның ішінде консультативтік құжаттың негізгі ережелерінің мемлекеттік шығыстың ұлғаюын немесе мемлекеттік кірістердің қысқаруын көздейтін өзгеруіне байланысты мақсаттарына сәйкес келмеуі);".

      13. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 835 қаулысында:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің атауы "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Астана қаласының әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
мен толықтыруларға
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің заң шығару
жұмысының қағидаларына
1-қосымша

"______________________________________ _________________________________" реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты бойынша

      1. Проблеманың сипаты:

Р/с

Проблемалық сұрақ

Туындаған проблеманың негізгі себептері

Сипатталатын проблеманың деңгейі мен маңыздылығын көрсететін талдамалық мәліметтер

Проблеманы өлшеу тәсілдері











      2. Ағымдағы жағдайды талдау, ұлттық реттеумен неғұрлым ұқсас әлемдік тәжірибені салыстырып тексеру:

Р/с

Ағымдағы жағдай

Халықаралық тәжірибе







      3. Сипатталған мәселені шешудің ұсынылған жолдары:

Р/с

Шешім

Артықшылықтары

Кемшіліктері









      4. Ұсынылған шешім жолдарының мыналарға әсері:


Артықшылықтары

Кемшіліктері

1. Әлеуметтік дамуға (адами капиталды өлшеу деңгейі)



2. Кәсіпкерлікті дамытуға



3. Мемлекеттік билік органдарына



4. Экономикалық жүйеге



5. Экологиялық ортаға



6. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлеміне



7. Өзге



      5. Ұсынылатын шешу жолын енгізуден күтілетін нәтижелер:

Р/с

Ағымдағы көрсеткіштер

Нәтиже

Мерзім (негіздеме)









      6. Заңнамалық реттеу жағдайында іс-қимыл алгоритмдерін көрсете отырып, іске асыру тетіктері (институционалдық және ұйымдастырушылық іс-шаралар):

Іс-Шаралар

Мерзім

Жауапты мемлекеттік орган (лауазымды тұлға)

Бюджет













      7. Ықтимал тәуекелдер:

Ықтимал тәуекелдер (оның ішінде әлеуметтік тәуекелдер)

Ықтимал тәуекелдердің себептері

Тәуекелдерді басқару жүйесі










      8. Жария талқылауға арналған нысаналы топтар:

      Тізім

      9. Жария талқылау тәсілі:

      Тізім (1 міндетті және 2 міндетті емес)

      10. Жария талқылау нәтижелері.

      (мәтін)

Р/с

Ұсынылатын шешім

Жұртшылықтың (нысаналы топтардың) қатынасы

1



2



      11. Заң жобасының құрылымы мен мазмұны (заңнамалық актіні әзірлеу қажеттігі туралы шешім қабылданған жағдайда).

      (мәтін)

      12. Оларды қайта қарау мерзімдерін көрсете отырып, енгізілетін реттеудің тиімділігін бағалау индикаторлары

      (мәтін)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
мен толықтыруларға
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің заң шығару
жұмысының қағидаларына
6-қосымша

Кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына салыстырма кесте

Р/с

Құрылымдық бөлік

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме (тапсырмаларға сілтемелерді, консультативтік құжаттың нақты тармағын/ережесін, түзетудің мәнін; енгізілетін әрбір түзетудің дәл және аражігі ажыратылған негіздемесін қоса алғанда)

1.





2.