Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 313 қаулысымен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 35-1-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидалары бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 313 қаулысымен.Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің уақытша қағидаларында Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлерінің нормативтік құқықтық бұйрықтарын, оның ішінде көрсетілген орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, сондай-ақ Павлодар облысы бойынша мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін, тексеру комиссиясының нормативтік құқықтық қаулыларын нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу рәсімдерін автоматтау бойынша пилоттық жобаны жүргізу кезеңіне мемлекеттік тіркеу тәртібі айқындалады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.03.2018 № 113 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген |
Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 313 қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 35-1-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және мынадай нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу, мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды:
1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
2) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
3) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
4) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары.
Қағидалардың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген орталық және жергілікті органдар әзірлеуші мемлекеттік органдар болып табылады. Бұл ретте орталық органдар деп осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген актілерді қабылдайтын органдар түсініледі, ал жергілікті органдар деп мәслихаттар, әкімдіктер, тексеру комиссиялары және әкімдер түсініледі.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу тәртібі
1-параграф. Нормативтік құқықтық актінің жобаларын әзірлеу тәртібі
3. Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу жөніндегі орталық және жергілікті органдардың құзыреті Заңның 18-бабының 4-тармағын және 34-бабының 3-тармағын ескере отырып айқындалады.
4. Нормативтік құқықтық актілер қазақ және орыс тілдерінде әзірленеді.
5. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу сапасын, әдеби тiл нормаларының, заң терминологиясы мен заң техникасының сақталуын, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығын әзірлеуші мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
6. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберілгенге дейін орталық және жергілікті органдар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 82 және 83-баптарының талаптарын ескере отырып, реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі.
Реттеушілік әсерді талдау қорытындыларымен келіспеген жағдайда кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді.
Реттеушілік әсерге жүргізілген талдаулардың нәтижелері жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастырылады.
7. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган Заңның 19-бабында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және осы орган жанындағы Сараптама кеңесі мүшелерінің сараптама қорытындыларын алуды қамтамасыз етеді.
Әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысымен келіскен кезде нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы қорытындыны берген сараптама кеңесі мүшесіне және Ұлттық палатаға келіспеу себептерінің негіздемесімен жауап жібереді. Мұндай жауап нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін оның жобасына міндетті қосымша болып табылады.
8. Әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актінің жобасы әзірленген жағдайда, ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында осы жобаға салыстырма кесте де орналастырылады, онда енгізілетін түзетулер бөліп көрсетіліп, әрбір енгізілетін өзгеріс және/немесе толықтыру бойынша жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларына сілтеме жасалып, нақты негіздемелер көрсетіледі.
Әзірленген жобаны және оған қоса берілетін құжаттарды ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру қазақ және орыс тілдерінде қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2022 № 1093 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.9. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган Заңның 20-бабында көзделген тәртіппен осы орган жанындағы Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын алуды қамтамасыз етеді.
10. Іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап Заңға сәйкес қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің жобалары міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға жатады.
2-параграф. Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу
12. Нормативтiк құқықтық актілердің мынадай деректемелері болуға тиіс:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
2) актінің нысанын көрсету: министрдің бұйрығы; орталық мемлекеттік орган басшысының бұйрығы; ведомство басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттік органның қаулысы; мәслихаттың шешімі; әкімдіктің қаулысы; әкімнің шешімі; тексеру комиссиясының қаулысы және Заңда көзделген нормативтік құқықтық актінің өзге де нысаны;
3) нормативтік құқықтық актінің реттеу нысанасын білдіретін тақырып;
4) нормативтік құқықтық актінің қабылданған орны мен күні;
5) нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі;
6) нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның немесе адамдардың қолтаңбалары;
7) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерде нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркелген күні мен нөмірін көрсету;
8) елтаңбалы мөр.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген деректеме электрондық құжат айналымында электрондық бланкінің өзінде орналастырылады.
Электрондық құжат айналымында осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актінің деректемелері Мемлекеттік органдардың интранет порталының (бұдан әрі – МО ИП) электрондық тіркеу-бақылау карточкасында және электрондық бланкіде орналастырылады.
Заңның 35-бабы негізінде тиісті нормативтік құқықтық актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның немесе оның міндетін атқарушы адамның лауазымын, тегін және аты-жөнін электрондық тіркеу-бақылау карточкасында әзірлеуші мемлекеттік орган (бірлескен нормативтік құқықтық акт әзірленген жағдайда – негізгі жауапты әзірлеуші мемлекеттік орган) көрсетеді.
Тиісті нормативтік құқықтық актіні келісетін мүдделі мемлекеттік орган адамының немесе оның міндетін атқарушы адамның лауазымы, тегі және аты-жөні электрондық тіркеу бақылау карточкасында көрсетіледі, электрондық бланкіде мүдделі мемлекеттік органның деректемелері көрсетіледі.
Электрондық құжат айналымында осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген деректеме электрондық тіркеу-бақылау карточкасы болып табылады.
Электрондық құжат айналымында осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген деректемелер электрондық тіркеу-бақылау карточкасында орналастырылады.
Қағаз құжат айналымы кезінде МО ИП-қа немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар нормативтік құқықтық актілер үшін қолжетімділік болмаған кезде нормативтік құқықтық актінің деректемелері мен мәтіні тікелей қағаз бланкіде орналастырылады.
Электрондық бланкідегі нормативтік құқықтық акт пен электрондық тіркеу-бақылау карточкасы, сондай-ақ нормативтік құқықтық актіге жекелеген файлдар түрінде тіркелетін құжаттар бірыңғай электрондық құжатты құрайды.
13. Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері Заңның 28-бабының талаптары ескеріле отырып, негізгі нормативтік құқықтық актіге қосымшалар түрінде ресімделеді.
Қосымшаларды қоса алғанда, нормативтік құқықтық актінің негізгі де, туынды да түрінің әрбір беті парақтың жоғарғы жиегінің ортасында тыныс белгілерінсіз нөмірленеді.
Нормативтік құқықтық актінің негізгі түрінің бірінші беті нөмірленбейді.
Нормативтік құқықтық актінің негізгі және туынды түрі беттердің толассыз нөмірленуін қамтуға тиіс.
14. Тармақтар, тараулар, параграфтар, бөлімдер, кіші бөлімдер маңыздылығы бойынша логикалық кезектілікпен, сондай-ақ мәселені шешу кезеңдерінің хронологиясын ескере отырып орналастырылады.
15. Нормативтік құқықтық актінің тармақтары тармақшаларды, бөліктерді және абзацтарды қамтуы мүмкін.
16. Нормативтік құқықтық актінің тақырыбы қабылданатын нормативтік құқықтық актінің реттеу нысанасын белгілеуге тиіс.
17. Нормативтік құқықтық актінің тақырыбында және мәтіні бойынша сөздерді буынға бөліп тасымалдауға жол берілмейді.
Электрондық құжат айналымында тақырып парақтың жоғарғы бөлігінің ортасында орналасады.
Қағаз құжат айналымы кезінде нормативтік құқықтық актінің негізгі түріндегі тақырып нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы мөртабан үшін оң жағынан ені кемінде 7,5 сантиметр (бұдан әрі – см) және ұзындығы кемінде 4 см бос орын қалдыра отырып, парақтың сол жақ жоғарғы бөлігінде орналасуға тиіс.
18. Нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің тақырыбында актінің тақырыбына, қабылданған күніне, тіркеу нөміріне және нысанына сілтеме қамтылуға тиіс.
Нормативтік құқықтық актіге немесе нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің тақырыбында бірінші кезекте "өзгерістер" немесе "өзгеріс" деген сөздер көрсетіледі.
19. Нормативтік құқықтық актіні қабылдау мақсаттарын, негіздерін және оның алдында тұрған негізгі міндеттерді түсіндіру қажет болған жағдайларда құқық нормаларын жазудың алдынан кіріспе бөлік (кіріспе) беріледі.
Нормативтік құқықтық актінің кіріспе бөлігінде (кіріспесінде) іске асыру үшін осы акт қабылданатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер келтірілуі мүмкін.
Кiрiспе бөлiк (кiрiспе) нормативтік құқықтық актілерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларында жазылмайды.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2022 № 1093 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.20. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары мынадай параметрлер ескеріле отырып ресімделеді ("docx" кеңейтіле отырып, мәтіндік редакторды қолдану арқылы"):
1) сол жақтағы жиек – 2,5 см, оң жақтағы жиек – 1,5 см, колонтитулдар – 2,5 см;
2) қаріп – көлемі № 14 "ТімеҺ New Rоmаn" (қосымшаларда кішірек, бірақ кемінде № 10 қаріп пайдаланылуы мүмкін);
3) жоларалық интервал – бір;
4) абзацтық шегініс (бірінші жолдың шегінісі) – 1,25 см.
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндері анық тұжырымдалып, түзетулерсіз, орфографиялық және грамматикалық қателерсіз бірыңғай қаріппен басылуға тиіс.
21. Нормативтiк құқықтық актінің мәтінінде қою әріптермен жазылатын тақырыпты, параграфтардың, тараулардың, кіші бөлімдердің, бөлімдердің атауларын, "БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ", "БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ (ШЕШІМ)", "БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ БҰЙРЫҚ (ШЕШІМ)", "БҰЙЫРАМЫН (МЫЗ)", ("ШЕШТІМ (ТІК)", "ҚАУЛЫ ЕТЕДІ (МІЗ)") деген сөздерді, қол қоюшы адамның лауазымын, аты-жөні мен тегін қоспағанда, жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін қою қаріппен жазуға және астын сызуға жол берілмейді.
"БҰЙЫРАМЫН (МЫЗ)", ("ШЕШТІМ (ТІК)", "ҚАУЛЫ ЕТЕДІ (МІЗ)" деген сөздер бас әріптермен жазылады және оларды буынға бөліп тасымалдауға жол берілмейді.
22. Абзацтарға, бөліктерге жолдар мен сөйлемдерге сілтеме жасалғанда, олардың нөмірленуі реттік сан есіммен (жазумен) белгіленеді.
23. Нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасалғанда мынадай кезектілікпен осы нормативтік құқықтық актінің тақырыбы, оның қабылданған күні, тіркеу нөмірі және нысаны көрсетіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасалғанда оның нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.
Заңнамалық актілерге сілтеме жасалғанда олар тіркелген нөмірлерді, сондай-ақ олардың қабылданған күндерін көрсету талап етілмейді.
24. Нормативтiк құқықтық актінің мәтінінде күнді белгілеген кезде айдың атауы жазбаша, ал жыл – толық көрсетіледі, мысалы: "2016 жылғы 6 қаңтар".
25. Тиісті нұсқауларды нормативтік құқықтық актінің мәтінінде құқық нормасының мәніне нұқсан келтірмей жазу мүмкін болмаған кезде, нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементі ескертпемен толықтырылуы мүмкін.
26. Бірлескен нормативтік құқықтық актілер түрінде қабылданатын нормативтік құқықтық актілер ресми бланкілер пайдаланылмай ресімделеді.
27. Нормативтік құқықтық актіні шешімдері қаулы түрінде ресімделетін екі немесе одан да көп мемлекеттік орган қабылдаған жағдайда, актінің: "БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ" нысаны көрсетіледі.
Нормативтік құқықтық актілерді шешімдері бұйрықтар (шешімдер) түрінде ресімделетін екі немесе одан да көп мемлекеттік орган қабылдаған жағдайларда, актінің: "БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ (ШЕШІМ)" нысаны көрсетіледі.
Егер нормативтік құқықтық актіні біреуінің шешімі қаулы түрінде, ал екіншісінің шешімі бұйрық (шешім) түрінде ресімделетін екі немесе одан да көп мемлекеттік орган қабылдаса, актінің: "БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ БҰЙРЫҚ (ШЕШІМ)" нысаны көрсетіледі.
28. Екi және одан да көп мемлекеттік органдар қабылдайтын бірлескен актіні ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бірінші парақтың жоғарғы бөлігінің ортасында орналасуға тиіс.
Нормативтік құқықтық актінің қабылданған орны мен күні, сондай-ақ тіркеу нөмірі мемлекеттік органның әрбір ресми атауының астында орналасуға тиіс.
29. Қағаз құжат айналымы кезінде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының не олар болмаған жағдайда, олардың міндетін атқаратын адамдардың қолдары негізгі нормативтік құқықтық акт мәтінінің соңында тұрады.
30. Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді, сондай-ақ олардың күші жойылды деп тануды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді дайындау кезінде осы нормативтік құқықтық актілердің тақырыбынан, қабылданған күнінен, тіркеу нөмірінен кейін жақшаның ішінде нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оның нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі көрсетіледі.
31. Жаңа құрылымдық элементтер, сондай-ақ қосымшалар нормативтік құқықтық актінің мәтініне дәл сол түрдегі соңғы құрылымдық элементтен кейін келесі реттік нөмірлермен немесе сол түрдегі құрылымдық элементтердің арасында нормативтік құқықтық актінің өзінің алдындағы құрылымдық элементтерінің нөмірлерін қайталайтын қосымша нөмірлермен енгізіледі, мысалы: 2-1, 2-2-тармақтар; 8-1), 8-2) тармақшалар; 5-1-бөлім; 3-1, 3-2, 3-3-қосымшалар.
Егер нормативтік құқықтық акт қосымшамен толықтырылған жағдайда, нормативтік құқықтық актінің мәтініне нормативтік құқықтық актіні қосымшамен немесе туынды түрдегі нормативтік құқықтық актімен толықтыру туралы тармақ (тармақша) енгізіледі.
32. Бір ғана нормативтік құқықтық актіге енгізілетін барлық өзгерістер және (немесе) толықтырулар бір тармақпен немесе тармақшамен көзделеді. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілер олардың заң күшінің арақатынасына қарай, сондай-ақ олардың қабылданған (шығарылған) күні бойынша хронологиялық тәртіппен орналастырылады.
Жарияланған күндері бірдей болған кезде нормативтік құқықтық актілер олардың тіркеу нөмірлеріне немесе ресми жариялау көздеріндегі құжаттардың нөмірлеріне сәйкес көрсетіледі.
33. Нормативтік құқықтық актіні қолданыстағы актінің орнына қабылдаған кезде соңғысы күші жойылды (толық немесе ішінара) деп танылуға тиіс.
Негізгі нормативтік құқықтық акт те, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген нормативтік құқықтық актілер (немесе олардың құрылымдық бөліктері) де күші жойылды деп тануға жатады.
34. Үш және одан да көп нормативтік құқықтық актінің немесе олардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылған кезде жеке қосымшамен ресімделетін тізбе жасалады.
35. Нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты күші жойылды деп танылуға жататын нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың құрылымдық элементтерінің тізбесі не нормативтік құқықтық актінің өзінде немесе оны қолданысқа енгізу тәртібі туралы актіде қамтылуға тиіс.
36. Егер нормативтік құқықтық актіде нормативтік құқықтық актінің көлемі жағынан қомақты бөлігінің күші жойылды деп танылса, онда күші жойылды деп тануға арналған тізбеге бүкіл нормативтік құқықтық акт енгізіліп, өзінің заңдық күшін сақтайтын құрылымдық элементтер туралы ескертіледі.
Егер нормативтік құқықтық актіде нормативтік құқықтық актінің көлемі жағынан шағын бөлігінің күші жойылды деп танылса, онда күші жойылды деп тануға арналған тізбеге жаңадан қабылданған нормативтік құқықтық актіге қайшы келетін не онда қамтылатын құрылымдық элементтер ғана енгізіледі.
Мұндай жағдайларда нормативтік құқықтық актінің көлемі Заңның 26-бабының 9-тармағына сәйкес айқындалады.
37. Қолданылу мерзімі өткен нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық элементтері күші жойылды деп тануға жатпайды.
Нормативтік құқықтық актіде қолданылу мерзімі өткен құқық нормаларымен қатар күші жойылды деп танылуға жататын құқық нормалары қамтылған жағдайда, тізбеге бүкіл нормативтік құқықтық акт енгізіледі.
38. Нормативтік құқықтық актінің құрылымына қосымшалар енгізілуі мүмкін.
Егер нормативтік құқықтық актіде қосымшаларға сілтемелер болса, онда нормативтік құқықтық актіге бір қосымша болатын жағдайларды қоспағанда, қосымшалардың акт мәтінінде аталуы тәртібімен берілетін қосымшалардың нөмірлері көрсетіледі.
Қосымшаға сілтеме қосымшаның атауына сәйкес келуі керек.
39. Нормативтік құқықтық актіге берілетін графиктер, кестелер, схемалар, карталар, тізбелер және басқа да қосалқы құжаттар қажет болған жағдайда бөлек қосымшалармен ресімделеді.
40. Туынды нормативтік құқықтық актінің не негізгі нормативтік құқықтық актіге қосымшаның бірінші парағының жоғарғы оң бұрышында олар бекітілген нормативтік құқықтық актіге, актінің қабылданған күніне және оның тіркеу нөміріне нұсқау қамтылуға тиіс.
Егер негізгі нормативтік құқықтық актіге екі және одан көп қосымша болған жағдайда, әрбір қосымшаның бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышында оның реттік нөмірі, сондай-ақ ол бекітілген нормативтік құқықтық акт, актінің қабылданған күні және оның тіркеу нөмірі көрсетіледі.
3-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді келісу тәртібі
41. Нормативтік құқықтық актіні келісу ол қабылданғанға дейін жоба түрінде жүзеге асырылады.
42. Әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары бұрынғы және жаңа редакцияның салыстырма кестесімен қоса енгізілетін әрбір өзгеріс және/немесе толықтыру қою қаріппен жазылып (қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда), олардың әрқайсысы бойынша жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілердің нормаларына, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларына сілтеме жасалған нақты негіздемелері көрсетіліп, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі.
Келісу барысында алынған мүдделі мемлекеттік органдардың ұсынымдарымен, ескертулерімен және ұсыныстарымен келісетін болса, әзірлеуші мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актінің пысықталған жобасын қайта келісуге жібереді.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.43. Нормативтік құқықтық актінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу олардың құзыретіне орай жүзеге асырылады, бұл ретте нормативтік құқықтық актінің жобасын келісудегі мұндай мүдделілік онда қаралатын мәселелердің мән-жайы негізге алына отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптары ескеріле отырып белгіленеді.
Нормативтік құқықтық актілердің жобалары бұрын сараптамалық және қоғамдық кеңестердің құрамына қатысу шеңберінде өкілдері өздерінің сараптамалық қорытындыларын ұсынған мүдделі ұйымдарға келісуге жіберілмейді.
Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2022 № 1093 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.44. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасы сараптама кеңестерінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қорытындылары алынғаннан және басқа да мүдделі ұйымдармен, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына ұсынылады.
Әзірленген жобаға реттеушілік әсерге жүргізілген талдау нәтижелері және жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастыру туралы ақпарат қоса беріледі.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.45. Заңның 35-1-бабы негізінде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерінің әзірленген жобалары мемлекеттік тіркеуге жіберілгенге дейін әділет органдарымен міндетті түрде келісілуге тиіс.
Әзірлеуші орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобалары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне (бұдан әрі – Әділет министрлігі) міндетті түрде келісуге жіберіледі.
Жергілікті әзірлеуші мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобалары аумақтық әділет органдарына міндетті түрде келісуге жіберіледі.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2022 № 1093 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.46. Әділет органдарына жіберілген кезде әзірленген жобаға мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу нәтижелері, сараптамалық қорытындылар, ұсынымдар, енгізілетін әрбір өзгеріс және/немесе толықтыру қою қаріппен жазылып (қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда), олардың әрқайсысы бойынша жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілердің нормаларына, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларына сілтеме жасалған дәлелді негіздемелері көрсетілген бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі, жария талқылаулардың нәтижелері, сондай-ақ осы Қағидалардың 53-тармағында көзделген жобаларды қоспағанда, жүргізу міндеттілігі тиісті саладағы құқықтық қатынастарды реттейтін Заңда және/немесе заңнамалық актіде көзделген сараптамалардың нәтижелері қоса беріледі.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.47. Келісуге нормативтік құқықтық акт жобасының туынды түрі де, ол бекітілетін негізгі нормативтік құқықтық актінің жобасы да ұсынылады.
48. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасына әділет органдарына жіберілген кезде реттеушілік әсерге жүргізілген талдаудың және/немесе реттеушілік әсерге баламалы талдаудың нәтижелері және Комиссияның оны мақұлдауы туралы хаттамалық шешім қоса беріледі.
Келісу барысында алынған ұсынымдармен, ескертулермен және ұсыныстармен келіскен кезде әзірлеуші мемлекеттік орган пысықталған нормативтік құқықтық актінің жобасын әділет органдарына жібереді.
Алынған ұсынымдармен және/немесе сараптамалық қорытындылармен келіспеген жағдайда, мүдделі органдар мен ұйымдардың атына әзірлеуші мемлекеттік органның тиісті негіздемелерімен жауаптары әзірленген жобаға қоса беріледі.
49. Әзірленген жоба мен оған қоса берілетін құжаттар МО ИП арқылы электрондық құжат айналымы шеңберінде әділет органдарына және мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге орталық немесе жергілікті орган басшысының, басшы орынбасарының не тиісті жергілікті органның аппарат басшысының немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің не оның міндетін атқарушы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылып, қазақ және орыс тілдерінде *docx форматында жіберіледі.
Қағаз құжат айналымы кезінде жоғарыда көрсетілген құжаттар келісуге ілеспе хатпен жіберіледі.
Бұл ретте электрондық құжат айналымы кезінде жобаны ЭЦҚ арқылы әзірлеуші мемлекеттік органның заң қызметінің басшысы келіседі, ал қағаз құжат айналымы кезінде тиісті жобаны келісуге жіберген мемлекеттік органның көрсетілген лауазымды адамы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам нормативтік құқықтық акт жобасының барлық парақтарын дәйектейді.
Ескерту. 49-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2022 № 1093 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.50. Мемлекеттік органда заң қызметі болмаған жағдайда, нормативтік құқықтық актінің жобасын нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын келісуге жауапты деп айқындалған тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам келіседі (қол қояды).
Жергілікті мемлекеттік органда заң қызметі болмаған жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасын осы органда заңгер функцияларын орындайтын тұлға не әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы не ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқаратын тұлға келіседі (дәйектейді).
Ескерту. 50-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2022 № 1093 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.51. Бірнеше уәкілетті орган бірлесіп әзірлейтін бірлескен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын оны әзірлеуге негізгі жауапты болып айқындалған уәкілетті орган келісуге жібереді.
52. Әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасын келісуді әділет органдары, мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдар, егер заңнамада өзге мерзім белгіленбесе, ол келіп түскен күннен кейін он жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Мүдделі мемлекеттік орган немесе ұйым белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілген болып есептеледі.
Бұл ретте әділет органдары нормативтік құқықтық актінің әзірленген жобасын келісуді нормативтік құқықтық актінің әзірленген жобасын барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар келіскеннен кейін жүзеге асырады.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.53. Қолайсыз эпидемиологиялық жағдай себебінен уақытша шектеу іс-шараларына, оның ішінде карантинге байланысты не "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) шешімдерін іске асыру үшін әзірленген жобаны келісу ол келіп түскеннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.54. Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын келісу келіп түскен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
55. Алынған ұсынымдар, ескертулер мен ұсыныстар ескеріле отырып пысықталған, сондай-ақ олармен келіспеген жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасын қайта келісу ол қайта келісуге келіп түскен күннен кейін бес жұмыс күні ішінде, ал осы Қағидалардың 53-тармағында көрсетілген жобалар бойынша бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Мүдделі мемлекеттік орган немесе ұйым белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілген болып есептеледі.
Алынған ұсынымдармен, ескертулермен және ұсыныстармен келіспеген жағдайда әзірлеуші мемлекеттік орган тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және/немесе ұйымдармен келісу консультацияларын жүргізеді.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.56. Мүдделі мемлекеттік органдармен және әділет органымен қағаз түрінде келісу МО ИП-қа қолжетімділік болмаған және (немесе) "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар нормативтік құқықтық актінің жобасын келісуге жіберілген кезде жүргізіледі.
Техникалық себептер бойынша МО ИП-қа қолжетімділік болмаған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган техникалық себептер туралы актіні қоса беріп, әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасына қосымша ретінде қағаз түрінде алынған келісу нәтижелерін электрондық түрде ресімдеу жөнінде шаралар қабылдайды.
57. Нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау қорытындылары бойынша әділет органдары және келісуші мүдделі мемлекеттік орган немесе ұйым жауаптың мынадай нұсқаларының бірін ұсынады:
1) ескертулерсіз келісу;
2) пысықтауға қайтару;
3) заң техникасы бойынша пысықтауға қайтару;
4) келісуден бас тарту.
Бұл ретте жобаларды заң техникасы бойынша пысықтауға қайтаруды әділет органдары заң техникасының сақталмауына байланысты және жобаның мағыналық мазмұнының өзгеруіне әкеп соқпайтын ескертулер бойынша жобаларға қатысты жүзеге асырады. Пысықталғаннан кейін мұндай жобалар басқа мүдделі органдармен және ұйымдармен қайта келіспей әділет органдарына жіберіледі.
Пысықтауға қайтару немесе келісуден бас тарту туралы жауап болған жағдайда нақты ескертулер және (немесе) ұсыныстар қаралған жобаның тиісті нормаларының негіздемелерімен және (немесе) ұсынылатын редакцияларымен бірге ұсынылады, олар келісуші мемлекеттік органның құзыретіне тікелей қатысты болуға тиіс.
Мүдделі мемлекеттік органдармен келісу кезінде электрондық түрдегі жауаптар орталық немесе жергілікті орган басшысының, басшысы орынбасарының не тиісті жергілікті органның аппарат басшысының немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің не оның міндетін атқарушы тұлғаның ЭЦҚ-мен, ал қағаз түрінде – жоғарыда көрсетілген лауазымды тұлғалардың қолымен куәландырылады.
Әділет органдары нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіскен кезде жауап:
орталық органдар үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің не Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрінің ЭЦҚ-мен;
жергілікті органдар үшін аумақтық әділет органы басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Қағаз құжат айналымы кезінде нормативтік құқықтық актіні келісу қорытындылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Құжаттама жасау қағидалары) сәйкес ресімделеді.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2022 № 1093 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.58. Нормативтік құқықтық актінің жобасына оның мағыналық мазмұнының өзгеруіне әкеп соғатын түзетулер енгізілген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган ескертулерсіз келісу туралы жауап алу мақсатында жобаны қайта келісуді жүргізеді.
Әділет органдарынан ескертулерсіз келісу туралы жауап алынғаннан кейін нормативтік құқықтық актінің жобасы түпкілікті келісілген болып есептеледі және оны бекітуге болады.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2022 № 1093 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.59. Қабылдау нормативтік құқықтық актінің түпкілікті (ескертулерсіз және ескертпелерсіз) келісілген жобасына қатысты жүзеге асырылады.
Электрондық құжат айналымы шеңберінде нормативтік құқықтық актіні қабылдау МО ИП арқылы немесе МО ИП-қа қолжетімділік болмаған және/немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі болған жағдайларда қағаз түрінде жүргізіледі.
60. Әзірлеуші мемлекеттік органда электрондық құжат айналымы шеңберінде нормативтік құқықтық актіні қабылдау Заңның 35-бабының негізінде тиісті нормативтік құқықтық актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның немесе тиісті актінің негізінде оның міндетін атқаратын адамның ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Қағаз құжат айналымы кезінде аталған адамдар қағаз бланкіге қол қояды.
61. Электрондық құжат айналымы шеңберінде бірлескен нормативтік құқықтық актіні қабылдау оның жобасын алдын ала келіскеннен кейін осы бірлескен нормативтік құқықтық актіні қабылдайтын екі және одан көп мемлекеттік органның электрондық түрде бекітуі арқылы жүргізіледі.
Негізгі жауапты әзірлеуші мемлекеттік орган бірлескен нормативтік құқықтық актіні МОИП арқылы басқа уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.
Бірлескен нормативтік құқықтық актіге осы Қағидалардың 46-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
Ескерту. 61-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.62. Бірлескен нормативтік құқықтық актінің қабылдануы Заңның 35-бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Көрсетілген адам болмаған жағдайда, нормативтік құқықтық акт оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылады, бұл ретте міндеттерді жүктеу туралы тиісті актіні қоса тіркеу шарт.
Бірлескен нормативтік құқықтық актіні келісу арқылы қабылдау туралы белгілер, сондай-ақ осы бірлескен актінің қабылданған күні мен нөмірі электрондық тіркеу-бақылау карточкасында "НҚА-ның НӨМІРІ МЕН ҚАБЫЛДАНҒАН КҮНІ" деген сөздердің тұсына және бұрын электрондық тіркеу-бақылау карточкасына негізгі әзірлеуші жауапты мемлекеттік орган енгізген әрбір уәкілетті мемлекеттік органның ресми атауына, жеке-жеке көрсетіледі.
Қабылданған бірлескен нормативтік құқықтық актінің электрондық тіркеу бақылау карточкасын толтыру негізгі жауапты әзірлеуші мемлекеттік органның бақылауымен автоматты түрде жүргізіледі.
63. МО ИП-қа қолжетімділік болмаған және/немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі болған кезде қағаз түріндегі бірлескен нормативтік құқықтық актінің қабылдануы осы нормативтік құқықтық актіні қабылдайтын мемлекеттік орган (мемлекеттік органдар) басшысының қолымен куәландырылады.
Мемлекеттік органның басшысы болмаған жағдайда, тиісті құқықтық актіні қабылдау мемлекеттік органның бірінші басшысының міндеттерін жүктеу туралы актінің көшірмесін қоса беріліп, оның міндетін атқарушы адамның қолымен куәландырылады.
64. Қағаз түрінде нормативтік құқықтық актіні қабылдайтын мемлекеттік орган (мемлекеттік органдар) басшысының қолы нормативтік құқықтық актіге қол қойған тұлға лауазымының атауынан кейін қойылатын елтаңбалық мөрмен расталады.
Бұл талап бірлескен нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға да қатысты.
65. Бірлескен нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін оған қатысты келіспеушіліктер туындаған жағдайда бір жұмыс күні ішінде келісу консультациялары өткізіледі.
Бірлескен нормативтік құқықтық актіні келісу арқылы қабылдау МО ИП бойынша келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
66. Нормативтік құқықтық актіні қабылдайтын мемлекеттік органның заң қызметінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы тұлға нормативтік құқықтық актіні ЭЦҚ-мен келіседі.
Мемлекеттік органда заң қызметі болмаған жағдайда, нормативтік құқықтық актіні нормативтік құқықтық актіні келісуге жауапты деп айқындалған тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы, ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам келіседі.
Жергілікті органда заң қызметі болмаған жағдайда, нормативтік құқықтық актіні осы органда заңгер функцияларын орындайтын адам не мемлекеттік органның бірінші басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам келіседі.
Қағаз құжат айналымы кезінде қабылданған нормативтік құқықтық актінің әрбір парағын осы актіні қабылдаған (келіскен) органның заң қызметінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам дәйектейді.
Көрсетілген заң қызметі болмаған жағдайда, әр парақты дәйектеуді Қағидалардың осы тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген тұлғалар жүргізеді.
"Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар нормативтік құқықтық актінің әрбір парағын нормативтік құқықтық актіні қабылдайтын мемлекеттік органның және келісуші мемлекеттік органның заң қызметтерінің басшылары, ал заң қызметінің немесе заң қызметінің басшысы болмаған жағдайда – осы Қағидалардың осы тармағының екінші немесе үшінші бөліктерінде көрсетілген адам дәйектейді.
67. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің нормативтік құқықтық шешімі үшін әр парақты дәйектеуді осы органда заңгер функцияларын орындайтын адам не әкім, не ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқаратын адам жүргізеді.
4-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тәртiбi
68. Заңның 35-1-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын қабылданған нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының әділет органдарына жіберіледі.
Мемлекеттік тіркеу әділет органдарына әзірлеуші мемлекеттік органнан келіп түскен күннен кейін, ал бірлескен нормативтік құқықтық акт қабылданған жағдайда – негізгі жауапты әзірлеуші мемлекеттік органнан келіп түскен күннен кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік комиссияның хаттамалық шешімдерін іске асыру үшін, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларын іске асыру мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу осындай акт әділет органдарына келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізіледі.
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары жүзеге асырады. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу тәртібі мен нысанын Әділет министрлігі бекітеді.
Ескерту. 68-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.69. Осы Қағидалардың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер әділет органдарына қазақ және орыс тілдерінде:
1) МО ИП арқылы электрондық түрде – олар бекітілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде;
2) қағаз түрінде – олар бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Алқалы мемлекеттік органдар мен мәслихаттар қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді ұсыну осы актілер қабылданған алқалы органның отырысы немесе мәслихаттың сессиясы өткізілген күннен кейін жеті жұмыс күнінен аспайды.
Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдар келіскен не бірлескен акт қабылданған жағдайларда көрсетілген акт мемлекеттік тіркеуге:
1) МО ИП арқылы электрондық түрде – мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен не қол қойған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде;
2) қағаз түрінде – мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен не қол қойған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Нормативтік құқықтық актілерді келіскен не қол қойған мүдделі органдардың соңғысы алқалы мемлекеттік орган немесе мәслихат болып табылған жағдайларда ұсыну мерзімі осы актілер қабылданған не келісілген алқалы органның отырысы немесе мәслихат сессиясы өткізілген күннен кейін жеті жұмыс күнінен аспайды.
Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2022 № 1093 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.70. Нормативтік құқықтық акт әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге мынадай бөліктерде электрондық құжат түрінде ұсынылады:
1) электрондық бланктегі нормативтік құқықтық актінің мазмұндық бөлігі *docx форматында;
2) қоса берілген файлдардың мазмұндық бөлігі Құжаттама жасау қағидаларында көзделген форматтарда;
3) деректемелік бөлік қалыптастырылған электрондық тіркеу-бақылау карточкасы арқылы.
71. МО ИП-қа қолжетімділік болмаған және/немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі болған жағдайларда қағаз түріндегі нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына қабылданған нормативтік құқықтық актінің төлнұсқасы және осы Қағидалардың 46-тармағында көзделген құжаттар қоса берілген оның екі көшірмесі ілеспе хатпен ұсынылады.
Қағаз құжат айналымы кезінде нормативтік құқықтық актіні бірнеше мемлекеттік орган қабылдаған жағдайда, осы нормативтік құқықтық актіні қабылдаған қалған мемлекеттік органдардың санына сәйкес келетін осы актінің даналары қосымша ұсынылады.
Ескерту. 71-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.72. Нормативтік құқықтық актіні қабылдаған орган осы Қағидалардың 46-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса береді.
Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.73. Осы Қағидаларда белгіленген ресімдеу талаптарына сәйкессіздіктер анықталған жағдайда мемлекеттік тіркеуге келіп түскен нормативтік құқықтық акт пысықтау мақсатында әзірлеуші мемлекеттік органға немесе негізгі жауапты әзірлеуші мемлекеттік органға қайтарылады.
Келіп түскен нормативтік құқықтық актіні тікелей әзірлеуші мемлекеттік орган немесе негізгі жауапты әзірлеуші мемлекеттік орган оны пысықтау мақсатында кері қайтарып алуы мүмкін.
Нормативтік құқықтық актіні пысықтау мүдделі мемлекеттік органдармен қайта келісу жүргізу уақытын қоса алғанда, 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.74. Әділет органдары Заңның 35-1-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартады және МО ИП бойынша мемлекеттік органдарға бас тарту себептерін көрсете отырып, электрондық құжат нысанында хат жібереді.
Қағаз құжат айналымы жағдайында нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы хат қағаз түрінде ресімделеді және нормативтік құқықтық актінің көшірмесі әділет органдарында қалады.
75. Электрондық құжат айналымы жағдайында мемлекеттік тіркеуден бас тартуды алған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган немесе бірлескен нормативтік құқықтық актіні қабылдауға уәкілетті мемлекеттік органдар Нормативтік құқықтық актінің күшін жояды және мемлекеттік тіркеуден бас тартылған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде тиісті мәліметтер электрондық тіркеу-бақылау карточкасына енгізіледі.
Алқалы мемлекеттік органдар мен мәслихаттар нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы мәліметтерді электрондық тіркеу-бақылау карточкасына кезекті (кезектен тыс) отырыста немесе сессияда бекітілген күннен кейін бес жұмыс күні ішінде енгізеді.
Қағаз құжат айналымы жағдайында әділет органдарына осы Қағидалардың осы тармағының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген мерзімде нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы актінің көшірмесі ұсынылады.
Осы мерзімдер алынған бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалған жағдайда тоқтатыла тұрады.
76. Пысықтауға қайтару, кері қайтарып алу үшін негіз болған бұзушылықтар жойылғаннан кейін әділет органдары пысықталған нормативтік құқықтық акт келіп түскен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны мемлекеттік тіркеуді жүргізеді.
77. Электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актіге МО ИП-та мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі осындай актіні мемлекеттік тіркеу туралы орталық мемлекеттік орган үшін – Қазақстан Республикасының Әділет министрі немесе оның орынбасары (вице-министр), жергілікті орган үшін – аумақтық әділет органының басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға мұндай шешім қабылдаған кезде беріледі және электрондық тіркеу-бақылау карточкасында көрсетіледі.
Қағаз құжат айналымы жағдайында да тиісті нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу орталық орган үшін – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің немесе вице-министрдің, жергілікті орган үшін – аумақтық әділет органы басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы (нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындыларды бекіту) шешім қабылдап, тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып, негізгі нормативтік құқықтық акт төлнұсқасының және оның көшірмелерінің әрбір данасының бірінші парағының оң жақ жоғарғы бұрышына мөртабан қоюды қамтиды.
Қағаз құжат айналымы кезінде нормативтік құқықтық актінің әрбір жіберілетін данасына және оның көшірмесіне нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытынды қоса беріледі.
Тіркелген нормативтік құқықтық актінің қағаз түріндегі көшірмесі әділет органдарында сақталады, ал басқа даналары әзірлеуші мемлекеттік органға (әзірлеуші жауапты мемлекеттік органға) жіберіледі.
Нормативтік құқықтық актілер үшін нормативтік құқықтық актіні қағаз түрінде мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының және мөртабанның нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрі бекітеді.
Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2022 № 1093 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Нормативтiк құқықтық актілерді ресiмдеу және келiсу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30,326-құжат).
2. "Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., № 30,330-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 217 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 9, 105-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 938 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 38, 436-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қазандағы № 999 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 41, 470-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 1370 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 38, 376-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1719 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 46, 439-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1347 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 60-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 1067 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 767-құжат).
10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 333 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 2, 3-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 24, 389-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 қаулысының 4-тармағының 1), 2) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 839-құжат).
12. "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1173 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 63, 860-құжат).
13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8, 9-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 83-84, 722-құжат).
14. "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 157 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 15, 87-құжат).
15. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 288 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 24-25, 149-құжат).
16. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 545-құжат).
17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1119 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.