"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 835 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      1-1. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің атауы "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Астана қаласының әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы Ереженің 14-тармағының 120) және 121) тармақшаларынан және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы Ереженің 14-тармағының 35) тармақшасынан басқа, оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 19 қазандағы
№ 835 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1120 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі –Министрлік) мынадай салаларда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады:

      1) заң жобалау жұмысын жүргiзу, заңнаманы жетiлдiру;

      2) халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдік құқықтық көмекті үйлестіру;

      3) сот-сараптама қызметі;

      4) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

      5) заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат;

      6) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      7) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету.

      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ тілінде жазылған мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Министрліктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй.

      9. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда одан алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      1) жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға, үйлестіруге қатысу, сондай-ақ заң жобалау жұмысын жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасын талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу, заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық және ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және дәйекті дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;

      2) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген құжаттар бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізу;

      3) Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау және әлемдік қоғамдастықта республиканың беделін нығайту мақсатында оның халықаралық аренадағы қызметін, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау және жасасу арқылы құқықтық қамтамасыз ету;

      4) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың ведомстволарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері мен тексеру комиссияларының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;

      5) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзу саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;

      6) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      7) сот-сараптама қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, іске асыру;

      8) зияткерлік қызмет құқықтарын қорғау және сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      9) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асыру;

      10) атқарушылық құжаттарды орындау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      заң жобасын енгізу мерзімін бұзуға жол берген, Үкіметтің заң жобалау жұмыстары жоспарында көрсетілген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;

      Мемлекет басшысының, Үкіметтің тапсырмаларын, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу қажеттігі туралы ұсыныстар енгізу;

      сотқа жүгіну;

      әкімшілік іс жүргізуді қозғау, сондай-ақ басшылықтың қарауы үшін әкімшілік іс жүргізу бойынша қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асыру;

      өз құзыретінің мәселелері бойынша шет мемлекеттердің әділет министрліктерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасау;

      ақпараттық қауіпсіздік саласында қажетті қосымша ақпарат алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салып жүгіну;

      2) міндеттері:

      өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

      жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарау;

      азаматтар мен заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау кезінде жүйелі қателіктерді анықтау үшін талдау жүргізу;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) заң жобалау жұмысын жүргізу, заңнаманы жетілдіру;

      2) шет мемлекеттердің тиісті ұйымдарымен халықаралық байланыстарды орнату және қолдау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды дайындау, жасасуды және орындауды ұйымдастыру;

      4) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру, біріздендіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында Қазақстан мойындаған халықаралық нормаларды имплементациялау мәселелері бойынша талдау жүргізу;

      5) құзыретті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша шетелдік инвесторлармен сот және төрелік талқылауларға бастама жасау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;

      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі жасасатын халықаралық шарттар, нормативтік құқықтық актілер, инвестициялық келісімшарттар жобаларының, Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын қарыз шарттарының заңдық сараптамасы;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету;

      8) халықаралық шарттардың талаптарын іске асыруды қамтамасыз ету;

      9) заң жобалау жұмысы, Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын және заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларын, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

      10) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заңнама саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен заң жобаларын әзірлейтін орталық мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмысын үйлестіру;

      11) заң жобасы және Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру;

      12) өз қызметі саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын, оның ішінде "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін талдау мен қорыту және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу;

      13) Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беру;

      14) орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, құқықтық ақпараттандыруды, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін жүргізуді қамтамасыз ету;

      15) заң қызметтерінің нарығын талдау, мүдделер қақтығысын болғызбау мақсатында әлеуетті консультанттар тізбесін қалыптастыру;

      16) заңнама саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру;

      17) орталық атқарушы органдардың заң қызметтерінің жұмысын үйлестіру және әдістемелік басшылық жасау, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының заң қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;

      18) Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша соттарда Үкімет пен Премьер-Министрдің мүдделерін білдіру және қорғау, сондай-ақ Әділет министрлігінің құзыретіне кіретін, талқылау нысанасына айналған мәселелер бойынша Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша конституциялық іс жүргізуге қатысу. Мемлекеттік органдарға сот талқылауларында құқықтық және консультациялық көмек көрсету;

      19) мемлекеттік сатып алу жүргізуді ұйымдастыру;

      20) өз құзыреті шегінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыру саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қабылдау;

      21) заңнамаға түсіндірме беруге, уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін дауларды шешу жөніндегі келіссөздер процестеріне қатысу;

      22) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау;

      23) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы және ақпараттық сүйемелдеу мен түсіндіру бағдарламасының жобасы бойынша заң сараптамасының нәтижелерін қамтитын Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобасы бойынша қорытынды беру;

      24) заң жобалау, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыруға осы мақсаттарда бюджеттік және өзге де қаражатты пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын, оның ішінде шетелдік мамандар мен сарапшыларды тарту;

      25) төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ дауларды төрелікке (сотқа) дейінгі реттеу процесінде мемлекеттің мүдделерін қорғауды және білдіруді қамтамасыз ету;

      26) Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне, оның ішінде мемлекеттік органдарға сот және төрелік наразылықтарды беру себептерін талдау;

      27) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысуымен шетелде өткізілетін сот немесе төрелік талқылаулардың перспективаларын бағалау және мемлекет мүдделерін қорғау жөнінде уақтылы шаралар қабылдау;

      28) мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде ғылыми-әдістемелік және заң көмегін көрсету;

      29) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;

      30) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің сот тапсырмалары мен өтінішхаттарын орындау;

      31) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа талап қоюмен жүгіну;

      32) бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат ұсыну;

      33) әділет органдарының ақпараттық қауіпсіздікті сақтауын қамтамасыз ету;

      34) құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарға анықтамалық-ақпараттық жұмыста көмек көрсету;

      35) құқықтық ақпараттандыруды қамтамасыз ету, "Е-заңнама" ("Е-законодательство") ақпараттық жүйесін жүргізу;

      36) орталық мемлекеттік органдарда және олардың ведомстволарында, мәслихаттарда және олардың аппараттарында, әкімдіктерде, әкімдер аппараттарында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығаруды, мемлекеттік тіркеуді, олардың күшін жоюды және нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау саласындағы бақылау;

      37) мемлекеттiк органдардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлерiне қатысты, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, әкімдердің олар қолданатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес жариялануы мiндеттi, бiрақ белгiленген тәртiппен жарияланбаған нормативтiк құқықтық актілерiне қатысты, әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актiлерiне қатысты және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларда заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгiзу;

      38) төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ дауларды төрелік (сотта) реттеуге дейінгі процесте мемлекет мүдделерін қорғау және білдіру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі тартатын шетелдік заң консультанттарының жұмысын үйлестіру;

      39) халықаралық төрелік иститутының төрешілер мен медиаторлар панеліне кандидаттарды іріктеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      40) ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      41) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруды, қолжетімділігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;

      42) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

      43) мемлекет кепілдік берген заң көмегінің барлық түрлері бойынша бюджеттік бағдарламаларды әкімшілендіру;

      44) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру;

      45) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;

      46) реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;

      47) ашық НҚА интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау тәртібін әзірлеу және бекіту;

      48) Министрліктің даму жоспарын әзірлеу және бекіту;

      49) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, сондай-ақ өтініш иелері көтерген жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау;

      50) эталондық заңнамалық актiлердi және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, ақпараттық және анықтамалық-әдiстемелiк материалдарды, оның iшiнде бірыңғай құқықтық ақпараттық жүйені пайдалана отырып шарттық негiзде беру;

      51) құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіру, заңнаманы түсіндіруге қатысу;

      52) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленетін заң жобаларын және қабылданған заңдарды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен келісу;

      53) нормативтік құқықтық актілерді құқықтық мониторингтеу жөніндегі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру;

      54) заңнамаға сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету;

      55) мемлекеттік сот орындаушысының қызметін бақылауды жүзеге асыру;

      56) жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;

      57) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдау, сондай-ақ "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушыларының лицензияларынан айыру туралы талап қоюға бастама жасау;

      58) өз құзыреті шегінде жеке сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылауды жүзеге асыру;

      59) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлеу;

      60) мемлекеттік органдармен жеке сот орындаушыларын жария тізілімдер мен электрондық дерекқорларға қосу туралы шарттар жасасу;

      61) тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      62) сот орындаушылары қаулыларының үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;

      63) жеке сот орындаушылары көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы есеп пен жиынтық есеп нысанын әзірлеу және бекіту;

      64) жеке сот орындаушыларының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы келісім нысанын әзірлеу және бекіту;

      65) алименттер мен жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қабылдауға байланысты жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу тәртібін белгілеу;

      66) жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      67) тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын белгілеу;

      68) жеке сот орындаушыларының куәлігі мен жеке мөрінің үлгілерін әзірлеу және бекіту;

      69) жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      70) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасының мөлшерін әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсыну;

      71) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      72) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссияның ережесін әзірлеу және бекіту;

      73) алименттер мен жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қабылдауға байланысты жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсыну;

      74) тыйым салынған мүлікті өткізудің, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізудің қағидаларын бекіту;

      75) ата-ана алатын және алименттер ұсталатын жалақы және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту;

      76) жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және бекіту;

      77) жеке сот орындаушыларының іс жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      78) жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өз қызметі туралы ақпарат беру нысаны мен мерзімдерін бекіту;

      79) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында бөлу тәртібін айқындау;

      80) мемлекеттік сот орындаушыларының нысанды киімінің (погонсыз), жетоны мен эмблемасының үлгілерін бекіту;

      81) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;

      82) атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесін бекіту;

      83) Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған, таратылатын заңды тұлғаның мүлкі болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомаларын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу қағидаларын белгілеу;

      84) халықаралық, шетелдік соттар мен төреліктердің шешімдерін орындау саласында шет мемлекеттердің атқарушылық іс жүргізу қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      85) заңнамада белгіленген тәртіппен зияткерлік меншік құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындауға және жасасуға, мұндай шарттарға қол қоюға қатысу;

      86) зияткерлік меншік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық шарттардың және келісімдердің нормалары мен ережелерін іске асыру;

      87) зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстарға қатысу;

      88) топологияларды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, автор куәліктерін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      89) Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде селекциялық жетiстiктерді тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттердің күшін жою және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      90) өнеркәсіптік меншік объектілерін Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімінде, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімінде, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттерді жарамсыз деп тану және олардың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      91) тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын Тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың және тауарлар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізілімдерінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      92) топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      93) селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      94) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      95) тауар белгісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға құқықты табыстауды Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      96) Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың, тауарлар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      97) селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге қатысты мәліметтерді және тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;

      98) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, тауар белгілеріне арналған өтінімдерді қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      99) топологияларды тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      100) селекциялық жетiстiктерге арналған өтінімдерге алдын ала сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      101) өнеркәсіптік меншік объектілеріне, тауар белгілеріне, географиялық нұсқамаларға, тауарлар шығарылған жерлердің атауларына, топологияларды тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      102) авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеу бойынша қызметті ұйымдастыру;

      103) ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдарды аккредиттеу;

      104) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      105) аттестаттау комиссиясы, апелляциялық кеңес, апелляциялық комиссия, тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережелерді әзірлеу және бекіту;

      106) аттестаттау комиссиясының, апелляциялық кеңестің, апелляциялық комиссияның және тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру;

      107) апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      108) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке қатысты құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      109) патенттiк iс саласындағы сараптаманы және авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымның қызметiн бақылауды жүзеге асыру;

      110) зияткерлiк меншiкті сақтау мен қорғау саласындағы қызметті ведомствоаралық үйлестіруді және осы саладағы уәкілетті органдарға, сондай-ақ мүдделі ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыру;

      111) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

      112) уәкілетті органдар мен ұйымдардың осы саладағы заңнаманы сақтауын және халықаралық шарттарды орындауын қоса алғанда, олардың зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруының мониторингі;

      113) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға, тауарлар шығарылғын жерлердің атауына қорғау құжаттарын беруге арналған өтiнiмдерге сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті ұйымдастыру, тиісті мемлекеттiк тiзiлiмдерді жүргiзу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшiнде ұстап тұру жөнiндегi шараларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асыру;

      114) "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда сыйақы мөлшерi мен оны төлеу шарттарын белгiлеу;

      115) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу қызметіне әдістемелік басшылық жасау;

      116) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының жылжымайтын мүлкіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      117) аумақтық әдiлет органдарының "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының орындалуын бақылау;

      118) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi аумақтық әділет органдарының іс-қимылына шағымдарды қарау;

      119) нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылауды жүзеге асыру және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      120) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету;

      121) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      122) Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның агенттікті аккредиттеу туралы шешімін келісу;

      123) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, күшін жою және азаматтық хал актілерін қалпына келтіру тәртібін әзірлеу және бекіту;

      124) акт жазбаларының, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің және анықтамалардың электрондық нысандағы және қағаз жеткізгіштегі нысандарын бекіту;

      125) некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініштер, некеге құқық қабілеттілігі туралы, қайтыс болу туралы анықтамалар нысандарын белгілеу;

      126) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу;

      127) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      128) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғаны анықталған жағдайда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына бұзушылықтарды жою туралы ұсыну жіберу;

      129) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы іске асыратын коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша көрсетілетін қызметтердiң бағаларын келiсу;

      130) шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлеріне жататын заңды тұлғалардың үлгілік жарғысының мазмұнын айқындау;

      131) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу), филиалдарды (өкiлдiктерді) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамалар нысанын белгiлеу;

      132) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу), филиалды (өкілдіктерді) есептік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштер нысанын белгілеу;

      133) жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру туралы өтініш нысанын белгілеу;

      134) заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу, филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiн тоқтату туралы өтiнiштер нысанын белгілеу;

      135) өз құзыреті шегінде бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету;

      136) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды орталықтан жүзеге асыру және тiркеушi органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелер өтiнiш жасаған кезден бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, оларға ақпарат беру;

      137) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу;

      138) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлік кепілінің тізілімін жүргізу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

      139) құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      140) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты ұсыну қағидаларын әзiрлеу және бекiту;

      141) жылжымайтын мүлікке құқықтарды, оның ішінде жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркегені және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарағаны үшін тіркеуші орган өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын келісу;

      142) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;

      143) өз құзыреті шегінде "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау рәсімдерін жүргізуді үйлестіру;

      144) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар аймақтарға бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес бекітетін салық салу объектісінің елді мекенде орналасқан жерін есепке алатын аймақтарға бөлу коэффициентін (К айм.) келісу;

      145) жылжымайтын объектілерді мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      146) құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;

      147) құқықтық кадастрдан ақпарат беру тәртібін айқындау;

      148) ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібі мен мерзімін, бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беру тәртібін, сондай-ақ құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу үшін міндетті мәліметтердің нысандарын, техникалық паспорттың нысандарын айқындау;

      149) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) электрондық тіркеу тәртібін айқындау;

      150) құқықтық кадастрда жүйелі тіркеуді жүргізу мерзімдері мен тәртібін айқындау;

      151) аумақтық әділет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсетуі саласында заңдылықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша қызметіне басшылық жасауды, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;

      152) мемлекеттiк нотариат кеңселерiнiң қызметiне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердiң заңдылығы мен мемлекеттiк және жекеше нотариустардың iс жүргiзу қағидаларын сақтауын бақылау;

      153) өз құзыреті шегінде нотариат қызметін реттеуді жүзеге асыру;

      154) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      155) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      156) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе тізілімдерінің жұмыс істеуі туралы есептілікті ұсыну нысанын әзірлеу және бекіту;

      157) Қазақстан Республикасының архивтер және құжаттаманы басқарушы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      158) нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттердi жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      159) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      160) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ереженi әзірлеу және бекіту;

      161) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссияларының дербес құрамын және олардың жұмыс регламентін әзірлеу және бекіту;

      162) тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды тестілеуден өткізу тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;

      163) тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекiту;

      164) нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені келісу;

      165) нотариустардың тағылымдамадан өтушілері ретінде тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені келісу;

      166) нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      167) нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктер мен қаулылардың, мәмілелердегі және куәландырылатын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысандарын әзірлеу және бекіту;

      168) нотариат мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлеу;

      169) аумақтық әділет органының аумақтық нотариаттық палатамен бірлесе отырып берген ұсынымдарының негізінде әрбір нотариаттық округ бойынша нотариустардың ең аз санын бекіту;

      170) нотариустың тағылымдамадан өтушілері ретінде тағылымдамадан өту үшін ақы төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      171) нотариустардың қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;

      172) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру, күшiн тоқтату және қайта бастау туралы шешiмдер қабылдау, сондай-ақ нотариустарды лицензияларынан айыру туралы талап қоюларына бастама жасау;

      173) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешiмді лицензиардың интернет-ресурсында орналастыру;

      174) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, сондай-ақ лицензиялар берілген адамдар туралы мәліметтерді интернет-ресурста орналастыру;

      175) Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, тізілім мәліметтерін, сондай-ақ адвокаттық қызметпен айналысатын адвокаттардың тізімдерін және адвокаттардың лицензияларын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру және қолданысын тоқтату туралы мәліметтерді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз ету;

      176) адвокаттардың қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;

      177) адвокаттардың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, заң консультанттарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;

      178) адвокат, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту;

      179) адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тәртібін бекіту;

      180) заң консультанттары палаталарының қызметін бақылауды жүзеге асыру;

      181) заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын әзірлеу және бекіту;

      182) заң консультанттары палаталарының тізілімін жүргізу;

      183) Қазақстан Республикасының қаржылық реттеудің уәкілетті органымен келісу бойынша заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;

      184) Қазақстан Республикасының қаржылық реттеудің уәкілетті органмен келісу бойынша адвокаттардың кәсіби жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;

      185) заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      186) мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету;

      187) мемлекет кепілдік берген көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;

      188) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;

      189) заң көмегін көрсету стандарттарын келісу;

      190) заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын келісу;

      191) заң көмегін көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      192) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін адамдардың қызметін үйлестіру;

      193) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасына, заң көмегін көрсету көлемінің толықтығы мен сапасына мониторинг жүргізу;

      194) халыққа заң көмегін көрсететін адамдар, заң көмегін көрсету тетіктері, негіздері мен шарттары туралы құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз ету;

      195) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің жүйесі және негізгі қорытындылары туралы ақпараттың жылына кемінде бір рет Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануын және өзінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз ету;

      196) әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;

      197) сот-сараптама қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

      198) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік емтихандарын қабылдау және сот сарапшысының біліктілік куәлігін беру;

      199) сот сараптамасы органдары көрсететін сот-сараптама қызметтерінің бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

      200) сот сараптамалары органы директорының ұсынуы бойынша сот сараптамалары органының штат кестесін және құрылымын келісу;

      201) сот сараптамаларын ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарды іріктеу, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;

      202) мемлекеттік сот-сараптамалық ұйымдарды материалдық техникалық қамтамасыз ету;

      203) сот сараптамасы саласында электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді жасау және олардың жұмыс істеуін, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қолжетімділігін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      204) сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі біліктілік беретін сарапшы мамандықтарының тізбесін әзірлеу және бекіту;

      205) сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      206) сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      207) сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін әзірлеу және бекіту;

      208) сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтерін әзірлеу және бекіту;

      209) сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      210) сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері мен әдістемелері валидациясының қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      211) сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      212) Қазақстан Республикасы Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      213) Қазақстан Республикасы Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;

      214) сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды әзірлеу және бекіту;

      215) сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      216) сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      217) сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту;

      218) сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      219) сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту;

      220) сот сарапшыларын аттестаттау;

      221) сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      222) Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      223) Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;

      224) сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту;

      225) сот сарапшысының әдеп кодексін әзірлеу және бекіту;

      226) сот сарапшылары кадрларын iрiктеу және орналастыру;

      227) сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру;

      228) жетекшілік ететін салалардағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және енгізуді жүзеге асыру;

      229) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сот-сараптама қызметі аясындағы ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асыру;

      230) стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын және сот-сараптама қызметі саласындағы ұлттық стандарттау жоспарын қарау;

      231) сот-сараптама қызметі саласында стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;

      232) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, сот-сараптама қызметі саласындағы стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;

      233) сот-сараптама қызметі саласында өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      234) лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;

      235) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер хаттамаларын жасау және оларды қарау, әкімшілік жазалар қолдану;

      236) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      237) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы жоспарын және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындаудың және қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңіне арналған жоспарын әзірлеуге қатысу;

      238) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін талдамалық, консалтингтік, әлеуметтанулық және өзге де зерттеулердің бірыңғай дерекқорын, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз ету тәртібін айқындау;

      239) Министрлiк қабылдаған және (немесе) өзі әзірлеушi болып табылатын не өзінің құзыретiне жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргізу және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау;

      240) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбелерін бекіту;

      241) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімдердің жобаларына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан құқықтық сараптама жүргізу;

      242) өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және өзін-өзі реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу;

      243) реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру;

      244) тиісті салада (аяда) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу;

      245) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың ережелері мен стандарттарын келісу;

      246) патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау, оларды патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінде тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдер тізіліміндегі мәліметтерді жою;

      247) өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қорғау құжаттарын беруге арналған өтінімдерді тіркеу жөніндегі қызметті ұйымдастыру;

      248) өнеркәсіптік меншік объектілерін, селекциялық жетістіктерді, интегралдық микросхемалар топологияларын пайдалануға лицензиялық шарттарды, ашық лицензияларды және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарын тіркеу жөніндегі қызметті ұйымдастыру;

      249) Еуразиялық экономикалық одақ органдары актілерінің жобаларына, халықаралық экономикалық интеграция мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне олардың Еуразиялық экономикалық одақ құқығына сәйкестігі тұрғысынан заң сараптамасын жасау және оларды келісу;

      250) халықаралық сот органдарының мемлекеттік органдарға келіп түскен сұрау салуларын қарау, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдар бастама жасаған халықаралық сот органдарына жолданымдардың жобаларын келісу;

      251) Еуразиялық экономикалық одақ Сотының сұрау салуына шоғырландырылған жауапты келісу;

      252) уәкілетті мемлекеттік органдар бастама жасаған Еуразиялық экономикалық одақтың Сотына жолданымдардың жобаларын келісу және оларды одан әрі дипломатиялық арналар арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың Сотына жіберу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне ұсыну;

      253) қоныс аудару (қоныстандыру), бұзу, баламен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындау және баланың тұрғылықты жерін айқындау;

      254) лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      255) жеке сот орындаушысының лицензиясы берілген тұлғалар туралы мәліметтерді олардың тегін, атын, әкесінің атын (егер олар жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лицензия берілген күнді және оның нөмірін көрсете отырып, мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету;

      256) заң консультанттарының палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге заң консультанттарының қатысу тәртібін айқындау;

      257) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Министрлікке басшылық жасауды Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      16. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары (вице-министрлері) болады.

      18. Министрліктің бірінші басшының өкілеттіктері:

      1) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Министрлік қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік қызметкерлеріне тәртіптік жазалар мен көтермелеу шараларын қолданады, өзінің құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелерін шешеді;

      3) бұйрықтарға қол қояды;

      4) барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;

      5) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;

      6) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

      7) мемлекеттік органның бірінші басшысының құрылымдық бөлімшелердің жекелеген басшыларына ұйымдық-техникалық сипаттағы құжаттарға қол қою құқығын беру, сондай-ақ мемлекеттік органның ведомство аралық кеңестерге қатысуымен өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін белгілейді.

      Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      19. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының (вице-министрлерінің) өкілеттіктерін айқындайды.

      20. Министрліктің аппаратын аппарат басшысы басқарады.

4-тарау. Министрліктің мүлкі

      21. Заңнамада көзделген жағдайларда Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Министрліктің, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      2. "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі:

      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Абай облысының әдiлет департаментi.

      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақмола облысының әдiлет департаментi.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысының әдiлет департаментi.

      4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы облысының әдiлет департаментi.

      5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы қаласының әдiлет департаментi.

      6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Атырау облысының әдiлет департаментi.

      7. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi.

      8. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысының әдiлет департаментi.

      9. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жетісу облысының әдiлет департаментi.

      10. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қарағанды облысының әдiлет департаментi.

      11. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қызылорда облысының әдiлет департаментi.

      12. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының әдiлет департаментi.

      13. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Маңғыстау облысының әдiлет департаментi.

      14. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Астана қаласының әділет департаменті.

      15. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Павлодар облысының әдiлет департаментi.

      16. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әдiлет департаментi.

      17. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әділет департаменті.

      18. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ұлытау облысының әдiлет департаментi.

      19. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi.

      20. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шымкент қаласының әділет департаменті.

      21. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Абай облысының әдiлет департаментi Семей қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      22. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Абай облысының әдiлет департаментi Үржар ауданаралық әділет басқармасы.

      23. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақмола облысының әдiлет департаментi Ақкөл ауданаралық әділет басқармасы.

      24. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақмола облысының әдiлет департаментi Есіл ауданаралық әділет басқармасы.

      25. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақмола облысының әдiлет департаментi Целиноград ауданаралық әділет басқармасы.

      26. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақмола облысының әдiлет департаментi Бурабай ауданаралық әділет басқармасы.

      27. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы облысының әдiлет департаментi Еңбекшіқазақ ауданаралық әділет басқармасы.

      28. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы облысының әдiлет департаментi Қарасай ауданаралық әділет басқармасы.

      29. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы облысының әдiлет департаментi Іле ауданаралық әділет басқармасы.

      30. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысының әдiлет департаментi Мұғалжар ауданаралық әділет басқармасы.

      31. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысының әдiлет департаментi Ойыл ауданаралық әділет басқармасы.

      32. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысының әдiлет департаментi Хромтау ауданаралық әділет басқармасы.

      33. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысының әдiлет департаментi Шалқар ауданаралық әділет басқармасы.

      34. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Атырау облысының әдiлет департаментi Жылыой ауданаралық әділет басқармасы.

      35. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Атырау облысының әдiлет департаментi Махамбет ауданаралық әділет басқармасы.

      36. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Атырау облысының әдiлет департаментi Құрманғазы ауданаралық әділет басқармасы.

      37. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Ақжайық ауданаралық әділет басқармасы.

      38. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Бөрлі ауданаралық әділет басқармасы.

      39. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Бәйтерек ауданаралық әділет басқармасы.

      40. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Казталов ауданаралық әділет басқармасы.

      41. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысының әдiлет департаментi Жамбыл ауданаралық әділет басқармасы.

      42. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысының әдiлет департаментi Т. Рысқұлов ауданаралық әділет басқармасы.

      43. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысының әдiлет департаментi Талас ауданаралық әділет басқармасы.

      44. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысының әдiлет департаментi Шу ауданаралық әділет басқармасы.

      45. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жетісу облысының әдiлет департаментi Ақсу ауданаралық әділет басқармасы.

      46. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жетісу облысының әдiлет департаментi Панфилов ауданының әділет басқармасы.

      47. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жетісу облысының әдiлет департаментi Текелі қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      48. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қарағанды облысының әдiлет департаментi Теміртау қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      49. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қарағанды облысының әдiлет департаментi Қарқаралы ауданының әділет басқармасы.

      50. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қарағанды облысының әдiлет департаментi Балқаш қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      51. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының әдiлет департаментi Әулиекөл ауданаралық әділет басқармасы.

      52. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының әдiлет департаментi Жiтiқара ауданаралық әділет басқармасы.

      53. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының әдiлет департаментi Меңдiқара ауданаралық әділет басқармасы.

      54. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының әдiлет департаментi Бейімбет Майлин ауданаралық әділет басқармасы.

      55. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының әдiлет департаментi Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      56. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қызылорда облысының әдiлет департаментi Арал ауданаралық әділет басқармасы.

      57. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қызылорда облысының әдiлет департаментi Қармақшы ауданаралық әділет басқармасы.

      58. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қызылорда облысының әдiлет департаментi Жаңақорған ауданаралық әділет басқармасы.

      59. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Маңғыстау облысының әдiлет департаментi Жаңаөзен қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      60. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Маңғыстау облысының әдiлет департаменті Бейнеу ауданының әдiлет басқармасы.

      61. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Маңғыстау облысының әдiлет департаментi Маңғыстау ауданаралық әділет басқармасы.

      62. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Павлодар облысының әдiлет департаментi Ақсу қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      63. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Павлодар облысының әдiлет департаментi Ақтоғай ауданаралық әділет басқармасы.

      64. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Павлодар облысының әдiлет департаментi Тереңкөл ауданаралық әділет басқармасы.

      65. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Павлодар облысының әдiлет департаментi Екібастұз қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      66. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әдiлет департаментi Қызылжар ауданаралық әділет басқармасы.

      67. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әдiлет департаментi Шал ақын атындағы ауданаралық әділет басқармасы.

      68. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әдiлет департаментi Тайынша ауданаралық әділет басқармасы.

      69. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әдiлет департаментi Ғабит Мүсірепов атындағы ауданаралық әділет басқармасы.

      70. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ұлытау облысының әдiлет департаментi Жаңаарқа ауданаралық әділет басқармасы.

      71. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ұлытау облысының әдiлет департаментi Жезқазған қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      72. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әдiлет департаментi Кентау қаласының ауданаралық әділет басқармасы.

      73. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әдiлет департаментi Жетісай ауданаралық әділет басқармасы.

      74. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әдiлет департаментi Ордабасы ауданаралық әділет басқармасы.

      75. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әдiлет департаментi Сайрам ауданаралық әділет басқармасы.

      76. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әдiлет департаментi Сарыағаш ауданаралық әділет басқармасы.

      77. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Алтай ауданаралық әділет басқармасы.

      78. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Күршім ауданаралық әділет басқармасы.

      79. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Риддер қаласының ауданаралық әділет басқармасы.