Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысы.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 186-бабына және 2020 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттiк пакетiн (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза кірісінің бір бөлігін 2019 жыл қорытындысы бойынша жылдық қаржылық есептiлiкте көрсетілген таза кіріс сомасының 100 (жүз) процентіне дейінгі мөлшерде дивидендтер (кіріс) төлеуге жіберу және оларды уақтылы аудару үшін шаралар қабылдасын.

      1-1. Үлесінің жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2019 – 2020 жылдардың қорытындысы бойынша жарғылық капиталдағы мемлекеттік қатысу үлесіне дивидендтер (таза табыс бөлігін) төлеуден босатылады.

      Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 14.07.2020 № 441 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2021 № 912 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен 2019 жыл қорытындысы бойынша таза кірісті 100 (жүз) процентке дейінгі мөлшерде дивидендтер төлеуге жіберу үшін шаралар қабылдасын.

      2-1. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы 2019 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жібереді.

      Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.11.2022 № 873 (23.12.2020 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      3. Акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік), "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілеріне қайшы келмейтін бөлікте "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлға акцияларының мемлекеттiк пакетiн (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен 2020 жылдың және одан кейінгі жылдардың қорытындылары бойынша акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің), "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілеріне қайшы келмейтін бөлікте "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың таза кірісінің бір бөлігін шоғырландырылған жылдық қаржылық есептiлiкте, ал еншiлес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептiлiкте көрсетілген таза кіріс сомасының кемінде 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде дивидендтер (кіріс) төлеуге жіберу және оларды уақтылы аудару үшін шаралар қабылдасын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.07.2022 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3-1. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы 2020 жылдың қорытындылары бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірісінің 14,2 (он төрт бүтін оннан екі) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды.

      Ескерту. Қаулы 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.08.2021 № 543 қаулысымен.

      3-2. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы 2021 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 29,8 %-ын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге бағыттайды.

      Ескерту. Қаулы 3-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 15.08.2022 № 558 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3-3. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы 2021 жылдың қорытындысы бойынша акцияларының мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады.

      Ескерту. Қаулы 3-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.09.2022 № 750 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3-4. Үлесінің жүз пайызы республикалық меншіктегі "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2021 жылдың қорытындылары бойынша жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 10,6 %-ын мемлекеттік қатысу үлесіне кіріс төлеуге жібереді.

      Ескерту. Қаулы 3-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2022 № 1109 қаулысымен.

      3-5. Акцияларының жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы 2021 − 2024 жылдардың қорытындысы бойынша акцияларының мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады.

      Ескерту. Қаулы 3-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.04.2023 № 289 қаулысымен.

      3-6. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Мемлекеттік аннуитетік компания" өмірді сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы 2022 жылдың қорытындылары бойынша жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 35 (отыз бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды.

      Ескерту. Қаулы 3-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2023 № 720 қаулысымен.

      3-7. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 15,4 %-ын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге бағыттайды.

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган 2024 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға 2022 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының иелігінде қалатын таза кірістің 2023 жылы пайдаланылуы туралы ақпарат берсін.

      Ескерту. Қаулы 3-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 743 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3-8. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы әуе кемелеріне қызмет көрсету кезінде тартылатын арнайы көлік пен жабдықты сатып алу мақсатында 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады.

      "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етіп, 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органдарды хабардар етсін.

      Ескерту. Қаулы 3-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 16.11.2023 № 1009 қаулысымен.

      3-9. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы 2022 жылдың қорытындысы бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады.

      Ескерту. Қаулы 3-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.12.2023 № 1110 қаулысымен.

      3-10. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 30,95 (отыз бүтін жүзден тоқсан бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жібереді.

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган 2025 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға 2023 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының иелігінде қалатын таза кірістің 2024 жылы пайдаланылуы туралы ақпарат берсін.

      Ескерту. Қаулы 3-10-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.05.2024 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.11.2024 № 949 қаулысымен.

      3-11. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы деректерді өңдеу орталығы (мемлекеттік органдардың серверлік орталығы) үшін IT-жабдықтар сатып алу мақсатында 2023 – 2027 жылдардың қорытындысы бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады.

      "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етіп, жыл сайын 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органдарды хабардар етіп тұрсын.

      Ескерту. Қаулы 3-11-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.10.2024 № 833 қаулысымен.

      4. Акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) үшін таза кірістің осы қаулының 3-тармағына сәйкес айқындалған проценттік арақатынастан төмен мөлшерде дивидендтер (кіріс) төлеуге арналған бөлігін белгілеуді Республикалық бюджет комиссиясы міндетті түрде қарауға тиіс.

      5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 27 наурыздағы
№ 142 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр күшi жойылған шешiмдерiнiң тізбесі

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 395 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 208-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 633 қаулысы.

      4. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 1048 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 500-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 294 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 107-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 399 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 145-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 маусымдағы № 856 қаулысы.

      9. "Қазагроинновация" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1753 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 55, 451-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 1903 қаулысы.

      11. "Астананың жаңа университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының және "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 152 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 157-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 293 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 223-құжат).

      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 тамыздағы № 846 қаулысы.

      14. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 763 қаулысы.

      15. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 234 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 435-құжат).

      16. "Алматы протездік-ортопедиялық орталығы", "Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы", "Семей протездік-ортопедиялық орталығы" акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 345 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 502-құжат).

      17. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 542 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 522-құжат).

      18. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 952 қаулысы.

      19. "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1330 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 81, 699-құжат).

      20. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 403 қаулысы.

      21. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 787 қаулысы.

      22. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 11 шілдедегі № 421 қаулысы.

      23. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 763 қаулысы.

      24. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 244 қаулысы.

      25. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 531 қаулысы.

      26. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысы.

      27. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 289 қаулысы.

      28. "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Жас өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 414 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 21, 195-құжат).

      29. "Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 631 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 34-35, 322-құжат).

      30. "Қазтелерадио" акционерлік қоғамының акцияларын сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 687 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 41, 353-құжат).

      31. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 925 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 59-60, 439-құжат).

      32. "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамын "QazExpoCongress" Ұлттық компаниясы "Акционерлік қоғамына қайта атау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 955 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.