"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-6) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-6) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы 2017 жылдың қорытындылары бойынша таза кірісінің 6 (алты) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев