Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.
Білім беру кредиттеріне кепілдік беру жүйесінің орнықты және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
"3-1) ақшалай нысанда орындалуды көздейтін білім беру кредиттері бойынша кепілдіктер беруді жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы 2010 - 2020 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |