"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 743 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 3-7-тармақпен толықтырылсын:

      "3-7. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 15,4 %-ын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге бағыттайды.

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган 2024 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға 2022 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының иелігінде қалатын таза кірістің 2023 жылы пайдаланылуы туралы ақпарат берсін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов