Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 3-4-тармақпен толықтырылсын:
"3-4. Үлесінің жүз пайызы республикалық меншіктегі "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2021 жылдың қорытындылары бойынша жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 10,6 %-ын мемлекеттік қатысу үлесіне кіріс төлеуге жібереді.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |