Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алматы протездік-ортопедиялық орталығы", "Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы", "Семей протездік-ортопедиялық орталығы" акционерлік қоғамдары қосылу жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Республикалық протездік-ортопедиялық орталық" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні жаңа әзірлемелер мен технологияларды енгізу, мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарын, протездік-ортопедиялық бұйымдар мен аяқ киім жасау және өткізу, сондай-ақ протез жасау және протездік-ортопедиялық көмек көрсету саласындағы қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекітуді;
2) Қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) Қоғам акциялары мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беруді;
4) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 345 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Алматы қаласы" деген бөлімде реттік нөмірі 123-101-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"123-101 "Республикалық протездік-ортопедиялық орталық" АҚ;
"Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 165-11-жол алып тасталсын;
"Солтүстік Қазақстан облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 280-4-жол алып тасталсын.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 279-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"279-2 "Республикалық протездік-ортопедиялық орталық" АҚ;
реттік нөмірлері 279-3 және 279-4-жолдар алып тасталсын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.