"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;
      2) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары;
      3) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және өзге де мемлекеттік қолдау шараларының қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» екінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      5. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 168 қаулысымен 
бекітілген     

«Бизнестің жол картасы 2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы;
«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығы;
«Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы

Әзірлеуші

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Бағдарламаның мақсаты

Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру

Бағдарламаның міндеттері

1. Ауылдық елді мекендердің, шағын қалалар мен моноқалалардың кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру;
2. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің өндірістік қуатын ұлғайту;
3. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын кеңейту;
4. Өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін ұлғайту;
5. Бәсекеге қабілетті жаңа өндіріс орындарын құру;
6. Халықтың шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылуын ұлғайту;
7. Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты болатын валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау;
8. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
9. Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру;
10. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;
11. Іскерлік қатынастарды кеңейту.

Іске асыру мерзімдері

2015 - 2019 жылдар

Нысаналы индикаторлар

Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2020 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:
1. ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5 %-ға жеткізу;
2. ШОК-тың өнім шығару көлемін 2014 жылғы деңгейден 1,5 есеге ұлғайту;
3. Белсенді жұмыс істейтін ШОК субъектілерін 2014 жылғы деңгейден 50%-ға ұлғайту;
4. ШОК-та жұмыс істейтіндердің санын 2014 жылғы деңгейден 50%-ға ұлғайту.

Қаржыландыру көздері мен көлемі

2015 - 56 387 058 мың теңге;
2016 - 53 331 827 мың теңге;
2017 - 66 869 798 мың теңге;
2018 - 66 896 810 мың теңге;
2019 - 66 922 683 мың теңге.

2. Кіріспе

      «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығымен бекітілген Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жалпыұлттық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.
      Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» Стратегиясы» және «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
      Жалпы елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерліктің және, ең алдымен, шағын және орта бизнестің даму жай-күйі мен деңгейіне тәуелді. Мемлекеттің экономикалық өсуіне ықпалын тигізетін бәсекелестіктің дамымауы, материалдық және материалдық емес ресурстарды тиімсіз пайдалану, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейшілік және басқалары сияқты көптеген проблемаларды шешу үшін экономиканың нақ осы секторының әлеуетті мүмкіндіктері өте зор.
      Шағын және орта бизнестің экономиканы әртараптандырудағы рөлі де маңызды. ИИДМБ іске асыру шарттарында ірі өндірістер барған сайын көбірек қалыптастырылатын болады, олардың жұмыс процестеріне шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қатарынан көптеген қосалқы мердігерлер жұмылдырылатын болады. Ауылдарда, шағын қалалар мен моноқалаларда шағын кәсіпкерлік субъектілері тұрғындардың тұтынушылық сұранысын қанағаттандыруға бағдарланған секторларда жұмыс істей отырып, дамуға жаңа түрткі беруге тиіс.
      Осыған байланысты, жеке кәсіпкерлікті қолдау жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажет, олар қаржыландыруға қолжетімділікті жақсартуды, қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуді, құзыретті арттыруға жәрдемдесуді, консультациялық қолдау алуды және кәсіпкерлік бастамаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер тартуды қамтитын болады, бірақ олармен шектелмейді.

       Негізгі терминдер мен анықтамалар

      Осы Бағдарламада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) банк - Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
      2) банктік кредит (бұдан әрі - кредит) - банктік қарыз шартының негізінде мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банк кәсіпкерге беретін ақшалай қаражат сомасы;
      3) даму банкі - «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы және/немесе оның үлестес лизингтік компаниясы;
      4) кепілдік беру - Кәсіпкерлерді Бағдарлама шарттарында және кепілдік шартына сәйкес кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын мемлекеттік қолдау нысаны;
      5) ИИДМБ - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
      6) субсидиялау шарты - қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша ішінара субсидиялайды;
      7) микрокредит беру бойынша субсидиялау шарты - микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым мен микроқаржы ұйымы арасында жасалған екіжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым кәсіпкерлердің микроқаржы ұйымы берген микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;
      8) кепілдік шарты - қаржы агенттігі, банк және кәсіпкер арасында кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалған кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;
      9) микрокредит беру бойынша кепілдік шарты - микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым, Банк және микроқаржы ұйымы арасында жасалған кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;
      10) қаржылық лизинг шарты - лизингтік компания/банк және кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;
      11) банктік қарыз шарты - банк пен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит, сондай-ақ Банкте кредиттік желі ашу туралы келісім береді.
      12) Лизингтік компания - Бағдарламаға қатысатын лизингтік компания;
      13) лизингтік мәміле (лизинг) - лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтарымен міндеттерін орнатуға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимылдар жиынтығы;
      14) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі - облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның Бағдарламаны қалада немесе аудандық деңгейде іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі;
      15) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер - 29 жасқа дейінгі (қоса алғанда), жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі кредит алу үшін банкке өтініш берген уақытта кемінде үш жылды құрайтын жеке кәсіпкер. Жас шамасы ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкердің банкке өтініш берген күні айқындалады. Жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкерлердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін жаңа қызмет түрін құрған кезде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен бірге үлестес болуына жол беріледі;
      16) халықаралық шетелдік ұйымдар (бұдан әрі - ХШҰ) - шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыруда және шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнатуда шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарына жәрдем көрсететін және/немесе шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жәрдем көрсетуге бағытталған халықаралық үкіметтік емес ұйымдар;
      17) ісін жаңа бастаған кәсіпкер - жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі банкке/лизингтік компанияға/микроқаржы ұйымына кредит/лизинтік шарт/микрокредит үшін өтініш берген уақыт кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер. Жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкерлердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін жаңа қызмет түрін құрған кезде ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен бірге үлестес болуына жол беріледі;
      18) ЭҚЖЖ (бұдан әрі - Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторлары) - Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары;
      19) қаржылай қолдамайтын оператор - «Сыртқы консультанттарды тарту арқылы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық жобаларын бірлесіп қаржыландыру (ЕҚДБ-ның Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі бағдарламасы)», «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрамдастарын қоспағанда, Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде Кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылық емес қолдауды жүзеге асыратын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
      20) білім беру мекемесі - бизнес-тренингтер өткізу және «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысушылардың шет елдердегі тағылымдамасын консультациялық сүйемелдеу арқылы басшы жұмыскерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру жөнінде қызметтер көрсететін ғылыми ұйым;
      21) Кәсіпкер - «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі;
      22) жоба - кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы.
      23) «бір терезе» қағидаты - (азаматтар, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер) мемлекеттік қызметтер көрсетуді алу құқықтарын растайтын түрлі құжаттар мен анықтамаларды әртүрлі сатылардан жинау және әртүрлі сатыларға беру процестеріне өтініш берушілердің қатысуын болдырмауды немесе барынша ықтимал шектеуді көздейтін мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жұмысты ұйымдастыру;
      24) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі - облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде Бағдарламаның іске асырылуына жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
      25) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК) - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган, жалпы санының кемінде 50%-ына бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысады;
      26) субсидиялау - болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде банкке/микроқаржы ұйымына/лизингтік компанияға кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;
      27) субсидия - субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде Қаржы агенттігі/микрокредиттеу жөніндегі уәкілетті ұйым банкке/микроқаржы ұйымына/лизингтік компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;
      28) уәкілетті орган - кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
      29) микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - МУҰ) - ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз пайыз қатысатын, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті ұйым;
      30) қаржы агенттігі - Бағдарлама шеңберінде қаржылай қолдауды іске асыруды және мониторингтеуді жүзеге асыратын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы.
      31) құрауыштардың/құралдың операторы - ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз пайыз қатысатын, Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде қаржылай емес қолдау құрауыштарын/құралдарын іске асыруды жүзеге асыратын ұйым.

3. Кәсіпкерлікті дамытудың ағымдағы жағдайын талдау

      Бағдарламаны іске асыру өңірлік жеке кәсіпкерлікті дамытуға және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған.
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудағы 2010 жыл мен 2014 жыл аралығындағы кезеңде экономиканың қолдау көрсетілген шикізат емес секторларының даму көрсеткіштерінде оң үрдістер байқалды. Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру құралдарын пайдалану есебінен мемлекет екінші деңгейлі банктердің өңдеуші өнеркәсіп, көлік және байланыс сияқты салаларға кредит беру көлемін ұлғайтуды ынталандыра алды.
      2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде қолданыстағы кредиттер бойынша - 612,5 млрд. теңге болды, олардың ішінде инвестициялық мақсаттарға арналған қолданыстағы кредиттер қоржыны - 501 млрд. теңге. Алдын ала таратылған деректерге сүйенсек, экономиканың басым секторлары бойынша кредиттердің банктік қоржынының жалпы көлемі - 4 505 млрд. теңге, ал экономиканың барлық секторлары бойынша инвестициялық мақсаттарға берілген кредиттердің жалпы банктік қоржыны - 675,6 млрд. теңге. Осылайша, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қамтуы экономиканың басым секторлары бойынша кредиттік қоржынның жалпы көлемінде 12,2%-ды құрады (бұл экономиканың басым секторларының жалпы қоржынындағы мақұлданған және қол қойылған жобалардың пайызы), бұл ретте «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға берілген кредиттер қоржыны - экономиканың басым секторлары бойынша кредиттердің жалпы қоржынының 81,3%.
      Жалпы 2010 - 2013 жылдар аралығында банктердің өңдеуші өнеркәсіптегі жиынтық кредит қоржыны 1,9 есе (455 млрд. теңгеден 876 млрд. теңгеге дейін), көлік секторында - 1,6 есе (252 млрд. теңгеден 396 млрд. теңгеге дейін), байланыс секторында - 1,8 есе (51 млрд. теңгеден 90 млрд. теңгеге дейін) ұлғайды.
      Осы үш жыл ішінде өңдеуші өнеркәсіпке берілген кредиттердің жиынтық көлемі 2,45 есе (383 млрд. теңгеден 938 млрд. теңгеге дейін), көлік секторына - 1,7 есе (145 млрд. теңгеден 246 млрд. теңгеге дейін), байланыс секторына - 3 есе (22 млрд. теңгеден 66 млрд. теңгеге дейін) өсті.
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында кредит қаражатының соңғы тұтынушысы қаржыландырылған сыйақы мөлшерлемесі бойынша шектеу көзделген (14%-дан аспайды). «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі айтарлықтай төмендеді. 2010 - 2013 жылдар аралығында өңдеуші өнеркәсіпке берілген кредиттер бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме жылдық 12%-дан 9,4%-ға дейін, көлік секторына - жылдық 12,5%-дан 10,2%-ға дейін, байланыс секторына - жылдық 11,9%-дан 7,7%-ға дейін төмендеді.
      Кредит беруді мерзімдерге бөлетін болсақ, жиынтық қоржындағы қысқа мерзімді кредиттердің үлесі 2010 - 2013 жылдары 29 - 33% аралығында құбылып тұрды (2013 жылы - 29%). Кредит беру объектілері бойынша бөлетін болсақ, негізгі үлесі айналым қаражатын толықтыруға тиесілі болды (69%), ал инвестициялық мақсаттарға 7%-ы ғана тиесілі болды. Ұзақ мерзімді кредиттер қоржынының құрылымында айналым қаражатын толықтыру 15%-ды, ал инвестициялық мақсаттарға берілген кредиттер 26%-ды құрады.
      Инвестициялық мақсаттарға берілген қысқа мерзімді кредиттердің мөлшері озыңқы қарқынмен өсіп, өзге факторлармен қатар негізгі капиталға құйылатын инвестициялардың өсуіне ықпалын тигізді, 2010 - 2013 жылдар аралығындағы кезеңде олардың жыл сайынғы көрсеткіші 32%-ға жылына 6 млрд. теңгеге дейін өсті.
      Жыл сайынғы экономиканың басым секторларының негізгі капиталына құйылатын инвестициялардың көлемі 56%-ға 1 740 млрд. теңгеден 2 713 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Екінші жағынан, енгізілген негізгі құралдардың көлемі әртүрлі бағыттағы сипатта болды, ол пайдалануға берілген негізгі құралдардың көлемі әртүрлі бағыттағы сипатта болды, инвестициялық мақсаттарға тартылған қаражаттың жұмыс істеп тұрған негізгі құралдарды реконструкциялауға немесе қолданыстағы кредиттерді қайта қаржыландыруға жұмсалуымен де түсіндіріледі. 2013 жылы экономиканың басым секторларында 1 229 млрд. теңгеге негізгі құралдар енгізілді.
      2010 - 2013 жылдары экономиканың басым секторларында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің шығарылымы өскені байқалды (ауыл шаруашылығын қоспағанда), бірақ өсу қарқыны бәсеңдеді. 2013 жылы бұл көрсеткіштің нақты өсуі 5,1%-ды құрады. Тұтастай алғанда, экономиканың басым секторларында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер шығарылымының өсуі 2013 жылы шамалы болса да артта қалды.
      Қалыптасып отырған ағымдағы жағдайды ескере отырып, мемлекет инвестициялар үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасап отырғанын, алайда айналым қаражатын толықтыруды қалайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау болмай отырғанын көруге болады. Кредит беру құрылымы жөніндегі деректерді негізге ала отырып, Бағдарлама құралдарын осы бағытта кеңейту шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау деңгейін айтарлықтай жоғарылатып, сол арқылы елдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін анағұрлым өсуіне алғышарт жасайды деп айтуға болады.
      2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауылдық жерлерге, шағын қалалар мен моноқалаларға тиесілі банктік кредиттердің үлесі әлі де төмен деңгейде қалып отыр (2013 жылы - 25%). «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы берілген дәл осы әкімшілік бірліктердегі кредиттердің үлесі 30%-ды құрады (933,5 млрд. теңгенің 284 млрд. теңгесі). «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында оң үрдіс байқалып отыр. Айталық, үш жыл ішінде бұл көрсеткіш 4 пайыздық тармаққа ұлғайды. Осылайша, кредит беру нарығы аталған әкімшілік бірліктерде біртіндеп кеңейіп келеді, тиісінше, осы бағытта мемлекеттік қолдау көрсетуді жалғастыру, ал қажет болса ұлғайту керек деген тұжырым жасауға болады.
      Оқыту түрінде қаржылай емес мемлекеттік қолдау көрсету «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына 2011 жылы енгізілді. Осы бағыттың іске асырылған жылдары аталмыш қолдау танымал бола түсті. 2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «Бизнес-кеңесші» және «Бизнес-өсу» жобаларына 75 мың тыңдаушы, «Жас кәсіпкер мектебі» жобасына 2 109 қатысушы қатысты. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» жобасы бойынша - 1 263 кәсіпкер, «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша - 2 253 кәсіпкер оқытылды, солардың ішінде 324 кәсіпкер АҚШ және Германияда тағылымдамадан өтті; «Аға сеньорлар» құрауышының шеңберінде 62 миссия жүзеге асырылды. Бұдан басқа, «Бизнес-насихат» құрауышы шеңберінде 2013 - 2014 жж. республикалық телеарналар эфиріне «Табыс тарихы» бағдарламасының 24 көрсетілімі «КТК» телеарнасында орыс тілінде шықты, «31 арна» арнасында қазақ және орыс тілдерінде 10 арнайы репортаж және «Қазақстан» арнасында 10 репортаж; «7» арна және «Астана» арналарында «Бизнес аймағы» бағдарламасының 10 көрсетілімі шығарылды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы халқы арасында кәсіпкерлікті дәріптеуге бағытталған 40 ақпараттық-білім беру бейнероликтері түсірілді. Мемлекеттік қолдау шаралары туралы БАҚ-та 3700-нан аса материал орналастырылды, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде іске асқан жобалар бойынша 36 баспасөз-туры өткізілді. Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін дәрістер, шеберлік сыныптары өткізілді, оларда 1650 адамнан астам оқытылды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын түсіндіру бойынша 360 мың дана лифлеттер шығарылды.
      Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жасау бойынша жұмыс жүргізілді. Айталық, 2014 жылғы 1 желтоқсанда облыс орталықтары мен ірі қалаларда 17 кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды, оларда 68 мың кәсіпкерге 111 мыңнан астам консультация берілді. Моноқалаларда 27 кәсіпкерлікті қолдау орталығында 27 мыңнан астам кәсіпкерге 50,3 мың консультация берілді. Шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы 161 кәсіпкерлікті қолдау орталығында 36,3 мың клиентке 62,8 мыңнан астам консультация берілді. Өңірлік деңгейде 14 ұтқыр кәсіпкерлікті қолдау орталығы жұмыс істейді, оларда 16,8 мың кәсіпкерге 26,8 мың көшпелі консультация көрсетілді. Бұдан басқа, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметіне сервистік қолдау көрсетіледі. Айталық, 45,6 мың кәсіпкерге 159,6 мың қызмет көрсетілді, бұл ретте осы жұмысқа 52 сервистік компания тартылды.
      Осылайша, ағымдағы жағдайды талдау Бағдарлама ірі қалалардан тыс шағын және орта кәсіпкерлікті нысаналы қолдауға және кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуді көздеуге тиіс.
      Бағдарлама шеңберінде «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бағыты бойынша қаржыландырылуға қол жетімділікті арттыру, жобалардың өндірістік қуатын арттыру, ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда, кәсіпкерлердің бизнес бастамалары мен олардың жобаларын кеңейту сияқты проблемалық мәселелер шешілетін болады.
      Моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлердің қаржыландыруға қол жетімділігін арттыру үшін банктердің кредиттері және микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің кәсіпкерлер мен микроқаржы ұйымдарына берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру, микрокредиттер беру жүзеге асырылатын болады.
      Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлердің өндірістік қуаттылығын арттыру үшін ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің жобаларына жеткіліксіз инфрақұрылымды жеткізу шаралары жүзеге асырылатын болады.
      Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын кеңейту үшін мемлекеттік гранттар беру жүзеге асырылатын болады.
      Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында кәсіпкерлікті дамыту өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту, бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру, шағын және орта кәсіпкерлікте халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайту міндеттерін шешеді.
      Өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту үшін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру шаралары жүзеге асырылатын болады.
      Бәсекеге қабілетті жаңа өндіріс орындарын құру үшін кәсіпкерлердің жобаларын және индустриялық аймақтарды жетіспейтін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.
      Шағын және орта кәсіпкерлікте халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру, кәсіпкерлер жобаларының және индустриялық аймақтардың жетіспейтін инфрақұрылымын қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.
      Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдіктердің кредиттікке өзгеруін болдырмау үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетел валюталарында субсидиялау жүзеге асырылатын болады.
      Кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету жөніндегі проблемаларды шешу кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің құзыретін арттыру, кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру, іскерлік байланыстарды кеңейту болады.
      Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету үшін «Бизнес-насихат» жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жүзеге асырылатын болады.
      Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру үшін кәсіпкерлік қызметтің негіздерін оқыту, мамандардың, кәсіпорынның топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, рұқсат құжаттары мен техникалық шарттар алу мәселелері бойынша консультациялар беру жүзеге асырылатын болады.
      Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру үшін басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиясы, өнімділікті арттыру және кәсіпорынның энергия қуатын үнемдеу, сондай-ақ кәсіпорындарды технологиялық дамыту мәселелері бойынша сырттан консультанттар тарту жүзеге асырылатын болады.
      Іскерлік байланыстарды кеңейту үшін шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату және отандық өңделген тауарларды жылжыту жүзеге асырылатын болады.

4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары,
міндеттері, оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      4.1 Бағдарламаның мақсаты

      1. Бағдарламаның мақсаты өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады.

      4.2 Нысаналы индикаторлар

      2. 2020 жылға қарай қол жеткізілетін Бағдарламаның нысаналы индикаторлары:
      1) ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5%-ға жеткізу;
      2) ШОК өнімін шығару көлемін 2014 жылдың деңгейінен 1,5 есеге ұлғайту;
      3) белсенді жұмыс істейтін ШОК субъектілерін 2014 жылдың деңгейінен 50%-ға ұлғайту;
      4) ШОК-та жұмыс істейтіндердің санын 2014 жылдың деңгейінен 50%-ға ұлғайту.

       4.3 Міндеттері

      3. Бағдарламаның мақсаттары мен нысаналы индикаторларына жету үшін жұмыс мынадай төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады:
      1) моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;
      2) экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау;
      3) кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;
      4) кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын көрсету.
      Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау.
      Осы бағыттың шеңберінде мынадай міндеттерді шешу қажет:
      1) моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру;
      2) моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлері жобаларының өндірістік қуаттарын ұлғайту;
      3) моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлердің жаңа бизнес-бастамаларын кеңейту.

      1-міндет: Моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру
      Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділігін арттыру үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары және микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге және микроқаржы ұйымдарына берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру, микрокредиттер беру жүзеге асырылатын болады.
      1-кесте: Моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру бойынша нысаналы көрсеткіштер.

P/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі субсидияланған жобалардың саны, бірлік

200

200

200

200

200

1000

2

Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде берілген кепілдіктердің саны, бірлік

60

60

61

61

62

304

3

Моноқалаларда, шағын қалалар мен және ауылдық елді мекендерде берілген микрокредиттердің саны, бірлік

558

601

648

648

648

3103

      2-міндет: Моноқалалар, шағын қалалар және ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің өндірістік қуаттарын арттыру
      Моноқалалар, шағын қалалар және ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің өндірістік қуаттарын арттыру үшін ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жүзеге асырылатын болады.
      2-кесте: Кәсіпкерлерді қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөніндегі нысаналы көрсеткіштер.

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жобаларының саны, бірлік

1

10

10

12

12

45

      3-міндет: Моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын кеңейту
      Моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын кеңейту үшін мемлекеттік гранттар беру жүзеге асырылатын болады.
      3-кесте: Моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын кеңейту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер.

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлеріне берілген гранттардың саны, бірлік

20

20

20

20

20

100

2

Кәсіпкерлік қызметті ауылдық елді мекендерге, шағын және моноқалаларға көшіру шығындары өтелген жобалардың саны, бірлік

-

48

48

48

48

192

      Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау.
      Осы бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу қажет:
      1) өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту;
      2) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру;
      3) шағын және орта кәсіпкерлікте халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту.

      4-міндет: Өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту;
      Өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары тік мәмілелер және микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын болады.
      4-кесте: Өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер:

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында субсидияланған жобалардың саны, бірлік

5192

5938

7037

7037

7037

32241

2

Экономиканың басым секторларына және өңдеуші өнеркәсіп салаларына берілген кепілдіктер саны, бірлік

300

350

400

400

400

1580

3

Экономиканың басым секторларына және өңдеуші өнеркәсіп салаларына берілген гранттар саны, бірлік

80

80

80

80

80

400

      5-міндет: Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру
      Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру үшін кәсіпкерлердің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.
      5-кесте: Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер орындарын құру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер:

Р/с №

Көрсеткіштер атауы

Іске асыру жылдары

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген кәсіпкерлер жобаларының саны, бірлік

74

50

50

50

50

274

2

Қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген индустриялық аймақтардың саны, бірлік

8

5

4

3

4

24

      6-міндет: Шағын және орта кәсіпкерлікте халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту
      Шағын және орта кәсіпкерлікте халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру, кәсіпкерлердің жобаларын және индустриялық аймақтарды жетіспейтін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.
      6-кесте: Шағын және орта кәсіпкерлікте халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер.

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтуды 2014 жылдың деңгейінен ұлғайту, %

-

10%

-

30%

40%

40%

      Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін азайту
      Осы бағыттың шеңберінде шетелдік валюталардың ауытқуларына қарамастан валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау жөніндегі міндетті шешу қажет:

      7-міндет: Шетелдік валюталардың ауытқуларына қарамастан валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау
      Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетелдік валюталарда субсидиялау жүзеге асырылатын болады.
      7-кесте: Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында валюталық түсімді иеленген кәсіпкерлердің субсидияланған жобаларының саны, бірлік

56

56

56

56

56

280

      Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын көрсету
      Осы бағыттың шеңберінде мынадай міндеттерді шешу қажет:
      1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
      2) кәсіпкерлердің құзыретін арттыру;
      3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;
      4) іскерлік байланыстарды кеңейту.

      8-міндет: Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету
      Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету үшін «Бизнес-насихат» жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жүзеге асырылатын болады.
      8-кесте: Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі нысаналы көрсеткіштер.

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру мерзімдері

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Әзірленген және көп таралған ақпараттық-талдамалық анықтамалар мен оқу-әдістемелік құралдардың саны

2600

2600

2600

2600

2600

13000

2

Сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарында өтетін телебағдарламалардың ұйымдастырылған сериялар саны

10

15

15

20

20

80

3

Ұйымдастырылған дәрістер, семинарлар, шеберлік сыныптар саны

16

16

16

32

32

112

      9-міндет: Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру
      Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру үшін кәсіпкерлік қызметтің негіздерін оқыту, мамандардың, кәсіпорындардың топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлікті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, кәсіпорындардың құзыретін арттыру, рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша консультациялар беру жүзеге асырылатын болады.
      Кесте 9: Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер:

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Оқытылған кәсіпкерлердің саны, бірлік

15 000

15 000

15 000

15 000

15 000

15 000

2

Сервистік қызмет көрсетілген кәсіпкерлердің саны, бірлік

30000

30000

30000

30000

30000

150000

3

Кәсіпкерлер қызметкерлерді оқыту жөніндегі, сондай-ақ шетелдік сарапшыларды шақыру жөніндегі қызметтер көрсетуге ақы төлеуге жұмсаған шығындар өтелген жобалардың саны

1

2

2

2

2

9

4

Кәсіпорынның біліктілігін арттыру кезінде жұмсалған шығындар өтелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны

10

10

10

10

10

50

5

Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды ал мәселелері бойынша консультациялар алған кәсіпкерлер саны, бірлік

-

500

500

500

500

2200

      10-міндет: Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру
      Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру үшін жаңа басқару тәсілдерін енгізу, өндіріс технологиялары (аға сеньорлар), өнімділікті арттыру және кәсіпорындардың энергия қуатын үнемдеу (ЕҚДБ-ның Қазақстан Республикасы шағын және орта кәсіпкерлерін қолдау жөніндегі бағдарламасы), сондай-ақ кәсіпорындарды технологиялық дамыту мәселелері бойынша сырттан консультациялар тарту жүзеге асырылатын болады.
      10-кесте: Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер.

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру мерзімдері

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Жаңа басқару тәсілдерін, өндірістің технологияларын енгізу, өнімділікті арттыру және өндірістің энергия қуатын үнемдеу мәселелері бойынша тартылған сыртқы консультанттардың саны, бірлік

180

48

64

64

64

420

2

Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау кезінде жұмсалған шығындар өтелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны

10

10

10

10

10

50

3

Технологиялық процестерді жүргізу, жетілдіру кезінде жұмсалған шығындар өтелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны

3

3

3

3

3

15

4

Өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыру кезінде кәсіпкерлер жұмсаған шығындар өтелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны

3

3

3

3

3

15

5

Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және басқалары) сәйкес өнімді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттаған кезде жұмсалған шығындар өтелген кәсіпкерлердің саны

25

23

23

23

23

117

      11-міндет: Іскерлік байланыстарды кеңейту
      Іскерлік байланыстарды кеңейту үшін шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату («Іскерлік байланыстар» құралы) және отандық өңделген тауарларды жылжыту шаралары жүзеге асырылатын болады.
      11-кесте: Іскерлік байланыстарды кеңейту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер.

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру мерзімдері

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Шет мемлекеттерге жіберілген кәсіпкерлер саны, бірлік

30

30

30

30

30

150

2

Отандық өңделген тауарларды алға жылжыту кезінде кәсіпкерлер жұмсаған шығындар өтелген жобалардың саны

48

47

47

47

47

236

      5. Бағдарламаның басты бағыттары

      Бірінші бағыт: моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау

      4. Бағдарламаның бірінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді:
      1) Банктердің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау;
      2) Банктердің/Даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
      3) мемлекеттік гранттар беру;
      4) шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредит беру;
      5) жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;
      6) микроқаржы ұйымдарының Банктер алдындағы кредиттеріне ішінара кепілдік беру.
      5. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде жеке жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда салалық шектеулерсіз іске асырушы және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қатысушылар бола алады.
      Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру құралы бойынша Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде жеке жобаларын елдің барлық өңірлерінде салалық шектеулерсіз іске асырушы және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер қатысушылар бола алады.
      Мемлекеттік гранттар беру құралы бойынша Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және өңдеуі өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде жеке жобаларын салалық шектеулерсіз іске асыруды жоспарлап отырған шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар қатысушылар бола алады.
      Моноқалалар мен шағын қалалардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында айқындалған.
      Бағдарлама шеңберінде қолдау шараларын іске асыру мақсаттары үшін моноқалалар мен шағын қалаларға, сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға жатпайтын елді мекендер ауылдық елді мекендер деп танылады.

      Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың
кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау

      6. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.
      Жобаны ӨҮК-ге шығарғанға дейін 12 ай ішінде жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.
      7. Жобаны ӨҮК-ге шығарғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім бірінші кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) және Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес келетін банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер субсидиялауға жатады.
      8. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 30%-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды. Бұл ретте жаңартылатын негізде берілген айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға жол беріледі.
      Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттің бір бөлігі бойынша жаңарту мүмкіндігінің шарты ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.
      9. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және олармен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті ескермей есептеледі.
      10. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 14%-дан аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады, олардың ішінде 10%-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
      11. 180 млн. теңгеден астам кредит/қаржылық лизинг шарты бар кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етілуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10%-нан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
      Кәсіпкердің жобаға өз қаражатымен (ақшалай қаражатымен/жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысу шарттары, оның ішінде кәсіпкердің оны растауы жөніндегі мерзімдер ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
      12. Кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
      13. Сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
      14. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2015 № 368 қаулысымен.
      15. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-нің мақұлдауын алған жобалары бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында басқа банктерде/лизингтік компанияларда қайта қаржыландырылуы мүмкін.
      16. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржылық агенттік қайта қаржыландыру жүзеге асырылған банкте/даму банкінде/лизингтік компанияда алғашқы субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
      17. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне аудару арқылы республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      18. Бағдарлама шеңберінде банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар мыналарды:
      1) Кәсіпкердің бастамашы болған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланысты жағдайларды;
      2) Кәсіпкердің кредит/ қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді;
      3) лизинг нысанын тәуелсіз бағалауды, лизинг нысанын сақтандыруды, кепіл шартын тіркеуді және ауыртпалықты алуды жүргізуге байланысты жағдайларды;
      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту, лизинг нысанын арнайы органдардың тіркеу қызметтері, банктердің көрсететін қызметтері және т.б. сияқты көрсететін қызметтерін өтеу) жағдайларды қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алмайды.
      19. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржы жылы өтейді.
      20. Қалқымалы сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер де субсидиялауға жатады. Бұл ретте сыйақының пайыздық мөлшерлемесі Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде белгіленген шекті мәндерден асып кеткен жағдайда, осы кредит бойынша субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.
      21. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің/кәсіпкерлердің лизингтік компанияларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары бойынша регламенттеледі.

      Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара
кепілдік беру

      22. Кепілдік жаңа инвестициялық, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша ғана беріледі.
      23. Кепілдік беру, егер айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды және/немесе инвестицияларды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға жүзеге асырылатын, бірақ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін 20 млн. теңгеге дейінгі және егер мұндай қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе инвестицияларға байланысты болса, айналым қаражатын кредит сомасының 100%-ына дейін қаржыландыруға жол берілетін жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттерді қоспағанда, кредит сомасының 30%-ынан аспайтын айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      24. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін:
      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит сомасы 20 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы ісін жаңа бастаған бір кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі;
      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85%-ынан аспайды;
      3) ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қаражатының 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға жіберілген 20 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
      25. Жұмыс істеп тұрған Кәсіпкер үшін:
      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит сомасы 180 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі;
      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50%-ынан аспайды;
      3) ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша, сондай-ақ қаражатының 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға жіберілген 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
      26. Кәсіпкерлер үшін кепілдік ақылы негізде ұсынылады. Кәсіпкер кепілдік беру шартына қол қойғанға дейін қаржы агенттігіне кепілдік беру мерзіміне байланысты кепілдік бергені үшін комиссия төлейді: қоса алғанда 2 (екі) жылға дейін - кепілдік сомасының 0,05%-ы, 2 (екі) жылдан жоғары - кепілдік сомасының 0,1%-ы.
      27. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 14%-дан аспайды.
      28. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша даму банкінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13%-дан аспайды.
      29. Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беруді қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне бөлу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      30. Кредиттің нысаналы пайдаланбау, Бағдарлама шарттарының бұзылуы, қаржы агенттігінің кепілдік беру туралы шешімінде белгіленген шарттардың орындалмау фактілері анықталған жағдайда, қаржы агенттігі кепілдіктің күшін жояды.
      31. Кепілдіктің күшін жою туралы ақпаратты қаржы агенттігі негіздемемен және растайтын құжаттармен бірге күшін жою туралы шешім қабылданған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынады.
      32. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.

      Мемлекеттік гранттар беру

      33. Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
      34. Мемлекеттік гранттар моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға салалық шектеулерсіз беріледі.
      35. Бір кәсіпкер үшін ең жоғары грант сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды. Грант нысанында қолдау шараларын қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне бөлу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      36. Мемлекеттік гранттарды мемлекет шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан асқан тұлғалардың мемлекеттік гранттар беруге арналған өтінімдерін іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді. Бұл ретте Бағдарлама шеңберінде оқыту құрауыштары сертификаттарының болуы конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
      37. Конкурсты өткізу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері гранттар беруге үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан асқан тұлғалардың жобаларының өтінімдерін іріктеу жөнінде конкурстық комиссия құрады және оның құрамын бекітеді. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары Кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың біртұтастығы, ұсынылатын құжаттардың жан-жақтылығы мен толықтай зерттелуі, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.
      38. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан асқан тұлғалардың бизнес-жобасын бағалаудың мынадай критерийлерінің негізінде ұсынымдар береді:
      1) бизнес идеялардың жаңашылдығы (мүгедектер үшін қолданылмайды);
      2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау - маркетингтік талдау);
      3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге әзірлігі (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру, өткізу нарығы үшін үй-жайдың болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі);
      4) бизнес-жобаның міндетті шарттары шағын кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкердің, сондай-ақ әйелдің, мүгедектің және 50 жастан асқан тұлғаның оны іске асыру шығыстарын ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен бірлесіп қаржыландыруы болып табылады.
      39. Шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан тұлғалар грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануға тиіс:
      1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;
      2) материалдық емес активтерді сатып алу;
      3) технологияларды сатып алу;
      4) франшиза құқықтарын сатып алу;
      5) зерттеу жұмыстарына, жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.
      40. Грант қаражатын жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеу ретінде пайдалануға болмайды.
      41. Мемлекеттік гранттар беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарламаның шеңберінде Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында регламенттеледі.

      Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру

      42. Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен кредит беру үшін МУҰ-ға беріледі.
      43. Микрокредиттер жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту және айналым капиталын толықтыру үшін салалық шектеулерсіз беріледі.
      44. Микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге берілмейді.
      45. Микрокредиттің ең көп сомасы бір қарыз алушыға 10 000 000 (он миллион) теңгеден аспайды.
      46. Соңғы қарыз алушы үшін микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 10%-дан аспауға тиіс.
      47. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредит Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мынадай шарттарда беріледі:
      1) қайтарымдылық, жеделдік және ақылы негізде 0,01% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 5 жылға;
      2) кредит беру мерзімі - 5 жылдан аспайды;
      3) игеру кезеңі - Бағдарламаның Өңірлік Үйлестірушісі бюджеттік кредит алған кезден бастап 5 жыл;
      4) бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуы - жеке істі ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым капиталын толықтыру;
      5) МУҰ/кредит бойынша микроқаржы ұйымы кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу жөнінде жеңілдік кезеңін ұсынуы мүмкін.
      48. Бағдарламаны өңірлік үйлестіруші МУҰ-ға кредит береді және онымен кредит беру туралы келісім жасасады. МУҰ үшін кредит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01% мөлшерінде белгіленеді.
      49. Микроқаржы ұйымдарына арналған кредит бойынша жылдық ең үлкен номиналды сыйақы мөлшерлемесін МУҰ белгілейді, бірақ ол 4 %-дан аспайды.
      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2015 № 368 қаулысымен.
      50. МУҰ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидаларында айқындалатын критерийлерге сәйкес кредиттік ресурстар береді.
      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2015 № 368 қаулысымен.
      51. Кредит ресурстары микроқаржы ұйымдарына жеделділік, қайтарымдылық, ақылы, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану шарттарында беріледі.
      52. Микрокредиттер беру мынадай түрде жүзеге асырылады:
      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарлама шеңберінде микрокредит беру мәселесі бойынша консультациялар aлу үшін МУҰ-ға, микроқаржы ұйымдарына өтініш білдіреді;
      2) шағын кәсіпкерлік субъектісі жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және МУҰ-ға, Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған микроқаржы ұйымына микрокредит алуға өтініммен жүгінеді (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап өтінімдерді қабылдауды Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған микроқаржы ұйымы жүзеге асырады);
      3) МУҰ, микроқаржы ұйымы жобаға бағалау жүргізеді, қорытынды береді және микрокредит берудің мүмкін (немесе мүмкін емес) екені туралы шешім қабылдайды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жобаны бағалауды, қорытынды беруді және микрокредит берудің мүмкін (немесе мүмкін емес) екені туралы шешім қабылдауды микроқаржы ұйымы жүзеге асырады);
      4) микроқаржы ұйымы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 30-күніне дейінгі мерзімде МУҰ-ға Бағдарлама шеңберінде берілген микрокредиттер бойынша ақпарат береді.
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап МУҰ-ның шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер беруіне жол берілмейді.
      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2015 № 368 қаулысымен.
      53. МУҰ мониторингті жүзеге асырады және Микрокредит беру қағидаларында көзделген нысан бойынша Уәкілетті органға тоқсан сайынғы есеп береді.
      54. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидаларымен регламенттеледі.

      Жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау

      55. Шағын кәсіпкерлік субъектілері микроқаржы ұйымдарынан бюджеттен тыс көздерден алған микрокредиттер жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялауға жатады.
      56. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ауылдық елді мекендердегі, шағын қалалар мен моноқалалардағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыруға берілетін жаңа микрокредиттер бойынша МУҰ жүзеге асырады.
      57. Тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, жылжымайтын тұрғын үйді, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге жіберілген микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жол берілмейді.
      58. Микроқаржы ұйымы микрокредиттерді субсидиялауға МУҰ-ға өтінім бергенге дейін 12 ай ішінде микроқаржы ұйымдары бұрын берген микрокредиттер де жаңа микрокредиттерге жатады.
      59. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған микрокредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ микрокредит сомасының 30%-дан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) микрокредиттер бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды.
      60. Жаңартылатын негізде берілген айналым қаражатын толықтыруға бағытталған микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жол берілмейді.
      61. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын микрокредиттер сомасы бір шағын кәсіпкерлік субъектісі үшін 10 млн. теңгеден аспайды.
      62. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 20%-дан аспайтын микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады, олардың 50%-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын шағын кәсіпкерлік субъектісі төлейді. Бұл ретте «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға дайындық мақсатында көрмелерге, симпозиумдарға, көрсетілімдерге, конкурстарға қатысуға алынған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау 70%-ға дейін жүзеге асырылады.
      63. Бағдарлама шеңберінде микроқаржы ұйымдары:
      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі бастамашы болған кредит беру шарттарын өзгертуге байланысты жағдайларды;
      2) шағын кәсіпкерлік субъектісінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын жағдайларды қоспағанда, қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе микрокредитке байланысты өзге де төлемдерді алмайды.
      64. Қолданыстағы микрокредитті субсидиялау туралы шешім қабылданған жағдайда микроқаржы ұйымдары бұдан бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржы жылы өтейді.
      65. Жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру уәкілетті орган мен МУҰ арасында тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      66. МУҰ Бағдарлама шеңберінде микрокредиттерді субсидиялау мәселелері бойынша микроқаржы ұйымдарына ақпарат береді.
      67. Микроқаржы ұйымы шағын кәсіпкерлік субъектілерін Бағдарлама шеңберінде микрокредиттерді субсидиялау шарттары туралы хабардар етеді.
      68. Шағын кәсіпкерлік субъектісі микроқаржы ұйымынан алынған микрокредиттер бойынша субсидиялар алуға өтінім береді.
      69. Микроқаржы ұйымы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен келіп түскен өтінімдер негізінде МУҰ-ға өтініш білдіреді.
      70. МУҰ микроқаржы ұйымдары ұсынған жобалардың қаржы-экономикалық тиімділігін бағалауды жүргізеді және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын ӨҮК-нің күн тәртібіне енгізу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне береді.
      71. ӨҮК жобаларды мақұлдау/мақұлдамау жөнінде шешім қабылдайды.
      72. ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда МУҰ микроқаржы ұйымымен мақұлданған жобаларды субсидиялау жөнінде шарт жасасады.
      73. МУҰ жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға бөлінген тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты шегінде ғана жобалар бойынша құжаттар қабылдайды.
      74. Микроқаржы ұйымы ай сайын есептіден кейінгі айдың 30-күніне дейінгі мерзімде МУҰ-ға Бағдарлама шеңберінде берілген микрокредиттер бойынша ақпарат береді.
      75. МУҰ шағын кәсіпкерлік субъектілерінің субсидияланған жобаларының мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті орган мен МУҰ арасында жасалған шартта көзделген нысан бойынша уәкілетті органға тоқсан сайын есеп береді.
      76. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында регламенттеледі.

      Микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы кредиттеріне
ішінара кепілдік беру

      77. Ішінара кепілдік беру моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлеріне кейіннен микрокредит беру мақсатында банктерден айналым қаражатын толықтыруға алынған микроқаржы ұйымдарының жаңа кредиттер бойынша ғана беріледі.
      78. Микроқаржы ұйымдары үшін ішінара кепілдікті МУҰ береді.
      79. Микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы кредиттеріне кепілдік беруді қаржыландыру уәкілетті орган мен МУҰ арасында тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      80. Микроқаржы ұйымдары үшін:
      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит сомасы 500,0 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы бір микроқаржы ұйымы үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі.
      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 100%-ына жетуі мүмкін;
      3) берілетін кепілдік мерзімі 3 (үш) жылдан аспайды;
      4) Банктердің кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі 16%-дан аспайды.
      81. Микроқаржы ұйымдары үшін кепілдік ақылы негізде беріледі. Кепілдіктер бергені үшін микроқаржы ұйымдары кепілдік беру сомасының 2%-ына дейінін қайтарады.
      82. Кредиттің нысаналы пайдаланылмау, Бағдарлама шарттарының бұзылуы, МУҰ-ның кепілдіктер беру туралы шешімінде белгіленген шарттардың бұзылуы фактілері анықталған жағдайда МУҰ кепілдіктің күшін жояды.
      83. Микроқаржы ұйымы ішінара кепілдік алу үшін банкке МУҰ кепілдігімен кредит алуға өтініш береді.
      84. Банк өз бетінше ішкі құжаттарда белгіленген рәсімге сәйкес микроқаржы ұйымының қызметін бағалауды жүргізеді және ұсынылған ақпарат пен кепіл мүлікті бағалау туралы қорытындының негізінде қамтамасыз етудің кепіл құнына бағалау жүргізеді, содан кейін МУҰ-ның кепілдігімен микроқаржы ұйымын қаржыландыру не қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Микроқаржы ұйымын қаржыландыру жөнінде оң шешім қабылданған жағдайда банк 5 (бес) жұмыс күні ішінде МУҰ-ға кепілдік беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды жібереді.
      85. МУҰ 10 жұмыс күні ішінде банк ұсынған құжаттарды қарайды және ішінара кепілдік беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды. Ішінара кепілдік беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда МУҰ банкке кепілдік берудің мүмкіндігі туралы оң шешім бар хат жібереді.
      86. МУҰ-ның оң шешімі туралы хатты алғаннан кейін банк микроқаржы ұйымына қажетті кепілдік сомасының есептемесін көрсетіп, жасалатын кредит шарттары туралы тиісті хат ұсынады.
      87. Банк пен микроқаржы ұйымы арасында тиісті кредит шарты жасалғаннан кейін Банк, МУҰ және микроқаржы ұйымы микрокредит беру жөнінде кепілдік шартына қол қояды.
      88. Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында Уәкілетті орган кезекті жылдың басында МУҰ-ға микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне кепілдік беруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50%-ын аударады.
      89. Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі кепілдік шарттарының жасалуына қарай жылдың басында МУҰ-ға аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін МУҰ-ға аударылады.
      90. МУҰ тиісті қаржы жылына арналған жасалатын Кепілдік шарттары бойынша ақы төлеу үшін бөлінген бюджет қаражаты шегінде ғана жобалар бойынша құжаттар қабылдайды. Бұл жағдайда кепілдік шартын жасасу фактісі бюджет қаражатын игеру болып табылады.
      91. МУҰ микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне кепілдік беру мониторингін жүзеге асырады және Уәкілетті орган мен МУҰ арасында жасалған шартта көзделген нысан бойынша Уәкілетті органға тоқсан сайын есеп береді.
      92. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде микроқаржы ұйымдарының Банктер алдындағы кредиттеріне ішінара кепілдік беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Банктердің микроқаржы ұйымдарына кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.

      Екінші бағыт: экономиканың басым секторларында және
өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметті жүзеге асыратын
кәсіпкерлерді салалық қолдау

      93. Бағдарламаның екінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылай қолдау шараларын көрсетуді көздейді:
      1) Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
      2) банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
      3) өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту;
      4) индустриялдық аймақтары құру.
      94. Меншікті жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған Кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар болып табылады:
      1) Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында;
      2) Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында.

      Банктердің/даму банкінің/Лизингтік компаниялардың
кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялау

      95. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.
      96. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде ішінде банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.
      97. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім бірінші кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген және Бағдарлама критерийлеріне сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.
      98. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 30%-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды. Бұл ретте жаңартылатын негізде берілген айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға жол беріледі.
      99. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті жаңарту мүмкіндігінің шарты ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.
      100. 180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша Кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/ жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етілуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10%-нан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
      101. Кәсіпкердің жобаға өз қаражатымен (ақшалай қаражатымен/жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысу шарттары, оның ішінде кәсіпкердің оны растауы жөніндегі мерзімдер ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
      102. Кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
      103. Сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
      104. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және олармен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті ескермей есептеледі.
      105. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
      Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2015 № 368 қаулысымен.
      106. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-нің мақұлдауын алған жобалары бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында басқа банктерде/лизингтік компанияларда (даму банкінде) қайта қаржыландырылуы мүмкін.
      107. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі Қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған банкте/даму банкінде/лизингтік компанияда алғашқы субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
      108. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 14%-дан аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады, олардың 7%-ына мемлекет өтемақы төлейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
      109. ИИДМБ-да айқындалған өңдеуі өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 14%-дан аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады, олардың 10%-ына мемлекет өтемақы төлейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
      110. Даму банкінің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13%-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, олардың 5%-ына мемлекет өтемақы төлейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
      111. Қалқымалы сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер де субсидиялауға жатады. Бұл ретте сыйақының пайыздық мөлшерлемесі Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде белгіленген шекті мәндерден асып кеткен жағдайда, осы кредит бойынша субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.
      112. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне аудару арқылы республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      113. Бағдарлама шеңберінде банк/даму банкі/лизингтік компания мынадай:
      1) кәсіпкер бастамашы болған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;
      2) кәсіпкердің кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алу;
      3) лизинг нысанын тәуелсіз бағалауды, лизинг нысанын сақтандыруды, кепіл шартын тіркеуді және ауыртпалықты алуды жүргізуге байланысты;
      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (кедендік тазарту, лизинг нысанын арнайы органдардың тіркеу қызметтері, банктердің көрсететін қызметтері және т.б. сияқты басқа ұйымдардың көрсететін қызметтерін өтеу) жағдайларды қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алмайды.
      114. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржы жылы өтейді.
      115. Қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары бойынша субсидиялауға рұқсат етіледі. Бұл ретте қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу мынадай критерийлерге сәйкес болуға тиіс:
      1) 5 мың шаршы метрден кем емес сауда алаңымен Астана және Алматы қалаларында;
      2) 2 мың шаршы метрден кем емес сауда алаңымен облыстарда;
      3) деңгейлерінің көлемі 2-ден кем емес, кемінде алаңы 1 орын/40 шаршы метр тұрақ коэффициентімен.
      116. Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің/кәсіпкерлердің лизингтік компанияларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

      Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара
кепілдік беру

      117. Ішінара кепілдік беру жаңа инвестициялық, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша ғана беріледі.
      118. Айналым қаражатын кредит сомасының 100%-ына дейін қаржыландыруға жол берілетін 60 млн. теңге кредитті қоспағанда, егер айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе инвестицияларға жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 30%-ынан аспайтын болса, егер мұндай қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе инвестицияларға байланысты болса, ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      119. Кепілдік беру жүзеге асырылатын Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобаларға кредит сомасы 360 млн.теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі. Мұндай кредиттер үшін:
      1) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50%-ынан аспайды;
      2) ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қаражатының 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
      120. Кепілдік беру жүзеге асырылатын ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобаларға кредит сомасы бір кәсіпкер үшін 1 850 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі. Мұндай кредиттер үшін:
      1) кепілдік мөлшері кредит сомасының 20%-ынан аспайды;
      2) ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қаражатының 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
      121. Егер ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобаларға кредит мөлшері 360 млн. теңгеге дейін соманы құрайтын жағдайда, кепілдік мөлшері кредит сомасының 50%-ынан аспайды, кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды.
      122. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін:
      1) жоба шеңберінде кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит сомасы 20 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі;
      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85%-ынан аспайды;
      3) ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қаражатының 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 20 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
      123. Кәсіпкерлер үшін кепілдік ақылы негізде беріледі. Кепілдік бергені үшін кәсіпкер кепілдік беру сомасының 0,1%-ын қайтарады.
      124. 180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/ жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етілуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10%-нан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
      125. Кәсіпкердің жобаға өз қаражатымен (ақшалай қаражатымен/жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысу шарттары, оның ішінде кәсіпкердің оны растауы жөніндегі мерзімдер ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
      126. Банктердің/Даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беруді қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне аудару арқылы республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      127. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша Банктердің сыйақы мөлшерлемесі 14%-дан аспайды. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша даму банкінің сыйақы мөлшерлемесі 13%-дан аспайды.
      128. Қаржы агенттігі кредиттің нысаналы пайдаланылмау, Бағдарлама шарттарының бұзылуы, қаржы агенттігінің кепілдіктер беру туралы шешімінде белгіленген шарттардың орындалмау фактілері анықталған жағдайда ӨҮК шешімінің негізінде кепілдіктің күшін жояды.
      129. Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.

      Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту

      130. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жекелеген жобалар үшін дара (оның ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету үшін), индустриялық аймақтар құру шеңберінде де жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуді білдіреді.
      131. Шағын және орта кәсіпкерлік және индустриялық аймақтар жобаларының инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      132. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және ИИДМБ-да айқындалған өңдеуі өнеркәсіп салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлері үшін жүзеге асырылады.
      133. Бөлінген қаражат мынадай инфрақұрылымды: су бұруды, сумен жабдықтауды (сумен жабдықтау үшін ұңғыманы бұрғылау), газдандыруды, су таратқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды, өнеркәсіптік алаңдарға арналған қазандықтарды, су құбырларын, теміржол тұйықтарын, теміржол кірме жолдарын, телефондандыруды, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін, септиктерді, бу-газ қондырғыларын, баламалы энергия көздерін салуға және реконструкциялауға жіберіледі.
      134. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкер объектісі аумағының ішінде инфрақұрылымды жеткізуге қаражат бөлу көзделмейді.
      135. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай критерийлерге сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады:
      1) жобаға инвестицияның көлемі 400 млн. теңгеден кем болмайды;
      2) инфрақұрылым құрылысының (реконструкция) бағасы 100 млн. теңгеден кем болмайды.
      136. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу критерийлеріне сай келмейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      137. Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобасы құнының 50%-ынан аспауы тиіс.
      138. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің Бағдарламаның 135-тармағында көрсетілген критерийлеріне сәйкес келмейтін жобаларына инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      139. Бұл ретте шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу критерийлеріне сәйкес келетін жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
      140. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджетінен құрылыс құнының кемінде 10%-ы көлемінде бірлесіп қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.
      141. Құрылыстың жобалау алды (техникалық-экономикалық негіздемелер) немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге байланысты шығындарды республикалық бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді.
      142. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері бюджеттік заңнамаға сәйкес жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге бюджеттік өтінімді, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салық түсімдері, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру қорытындысы бойынша өнімнің өндірілу көлемі туралы болжамды ақпаратты береді.
      143. Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі инфрақұрылымды жеткізу немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесін қамтитын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жобасын қамтамасыз ету туралы өтініммен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана, Алматы қалаларының Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) жүгінеді;
      2) Бағдарламаның Жергілікті үйлестірушісі қалыптастырған іріктелген өтінімдердің тізбесі жобаларды одан әрі ӨҮК-ге шығару үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тапсырылады;
      3) ӨҮК Бағдарламаға сәйкестігі тұрғысынан өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуды немесе реконструкциялауды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешімдер қабылдайды;
      4) ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі талап етілетін құжаттарды қоса бере отырып, тиісті бюджеттік өтінімді уәкілетті органға жібереді;
      5) ӨҮК теріс шешім қабылдаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне уәжделген жауап жібереді.
      144. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салу немесе реконструкциялау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Индустриялық аймақтарды дамыту

      145. Индустриялық аймақтың аумағында өндірістік мақсаттағы (өндірістік, қойма және әкімшілік үй-жайлар), әлеуметтік қызметтерді көрсету объектілері (қоғамдық тамақтандыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, коммуналдық қызметтер көрсету орындары), банктік қызметтерді көрсету объектілері орналастырылады.
      146. Индустриялық аймақтарды құрудың негізгі міндеттері:
      1) өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерліктің жедел дамуына жәрдемдесу;
      2) жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды оңтайландыру;
      3) өндіріс тиімділігін арттыру;
      4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
      147. Индустриялық аймақтар:
      1) өндіріске арналған ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелері;
      2) кәсіпкерге, оның ішінде тоқтап тұрған, консервацияланған немесе жұмыс істемейтін өндірістердің өндірістік инфрақұрылымымен бірге жалға беру немесе сату үшін дайын өндірістік үй-жайлар;
      3) құрылысқа арналған жер учаскелері, сол сияқты өндірістік үй-жайлары да бар кешенді индустриялық аймақтар түрінде құрылады.
      148. Индустриялық аймақ аумағының шекарасына дейін және оның ішінде инфрақұрылымды жеткізу бюджеттік заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландырыла отырып, республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      149. Индустриялық аймақтарды құру бойынша қаржыландыруды уәкілетті орган индустриялық аймақтарды дамытудың бизнес-жоспарларын конкурстық негізде іріктеу қорытындылары бойынша және қолданыстағы заңнамаға сәйкес құжаттардың толық пакеті болған жағдайда жүзеге асырады.
      150. Индустриялық аймақтарды құру ИИДМБ-да айқындалған өңірлік мамандануға, жергілікті кәсіпкерліктің мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      151. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай критерийлерге сәйкес келетін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобалары үшін жүзеге асырылады:
      1) жобаға салынатын инвестициялар көлемі 10 млрд. теңгеден кем болмайды;
      2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 2 млрд. теңгеден кем болмайды.
      Бұл ретте жобалардың жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу критерийлеріне сәйкестігі ӨҮК шешімімен расталуға тиіс.
      152. Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобасы құнының 50%-ынан аспауға тиіс.
      153. Бағдарламаның 151-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келмейтін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобаларына инфрақұрылымды жеткізу жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      154. Бұл ретте жетіспейтін инфрақұрылымдарды жеткізу критерийлеріне сәйкес келетін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобаларына инфрақұрылымды жеткізу жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен де жүзеге асырылуы мүмкін.
      155. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасын әзірлейді және оны ӨҮК қарауына жібереді. Жоба Бағдарламаның критерийлеріне, сондай-ақ ИИДМБ-да айқындалған өңірлік мамандануға, жергілікті кәсіпкерліктің мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда, ӨҮК оң шешім шығарады.
      156. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК-нің оң шешімін алғаннан кейін бюджеттік заңнамаға сәйкес құжаттардың толық пакетін қоса бере отырып, индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасын уәкілетті органның және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның қарауына жібереді.
      157. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап 1 (бір) ай ішінде уәкілетті органға индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасының ИИДМБ-ға сәйкестігі туралы қорытындыны жібереді. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) ай ішінде қорытынды бермеген жағдайда, ол оң шешіммен берілді деп саналады.
      158. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері бюджеттік заңнамаға сәйкес жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге арналған бюджеттік өтінімді, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салық түсімдері, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру қорытындысы бойынша өнім өндірісінің көлемі туралы болжамды ақпарат береді.
      159. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның қорытындысын есепке ала отырып, уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап 2 (екі) ай ішінде индустриялық аймақтың жобасын қаржыландыру туралы шешім қабылдайды және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
      160. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (бұдан әрі - ӘКК) индустриялық аймақтардың операторы болып табылады.
      161. Индустриялық аймақтар операторының функцияларына мыналар жатады:
      1) индустриялық аймақтарға қатысушыларды тарту;
      2) инфрақұрылым объектілерін салу үшін инвестициялар тарту және индустриялық аймақты қаржыландыру мәселелерін шешу;
      3) жер учаскелерін жерді қайтадан пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;
      4) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасасу, оларды бұзу және олардың талаптарының орындалуын мониторингтеу;
      5) индустриялық аймақ қызметін қамтамасыз ету және қолдау.
      162. ӘКК операторлық қызметтеріне ақы төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      163. ӘКК индустриялық аймақтарды тиімді басқару мақсатында басқарушы компаниялар, оның ішінде жергілікті және шетелдік тысқары ұйымдарды тарта отырып, құра алады.

      Үшінші бағыт: кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін
төмендету

      164. Үшінші бағыт банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың қолданыстағы кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетелдік валютада субсидиялауды көздейді.
      165. Қызметін Бағдарламаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне кәсіпкер өтінім берердің алдындағы алты айдағы ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде валюталық пайдасы бар кәсіпкерлер Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушы бола алады.
      166. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарттары бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
      167. 750 млн. теңгеден 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қазіргі жұмыс орындарна қатысты кемінде 10% жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.
      168. Бұл ретте, жаңадан құрылатын жұмыс орындарының 50%-ын халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жастар үшін құру ұсынылады.
      169. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
      Ескерту. 169-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2015 № 368 қаулысымен.
      170. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК мақұлдаған жобалары субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен басқа банктерде/лизингтік компанияларда (Даму банкінде) қайта қаржыландырылуы мүмкін.
      Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредит беруші банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
      171. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау банктердің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 14%-дан аспайтын, оның 6%-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте, банк:
      1) кредит беру шарттарының өтініш берушінің бастамасымен өзгеруіне байланысты;
      2) өтініш берушінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатындарын қоспағанда, кредитке байланысты ешқандай комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      172. Егер Банк кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14%-дан кем болған жағдайда, оның 8%-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
      173. Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау 5%-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13%-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      174. Бұл ретте Даму банкі:
      1) кредит беру шарттарының өтініш берушінің бастамасымен өзгеруіне байланысты;
      2) өтініш беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      175. Лизингтік компаниялардың/банктің/Даму банкінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 14%-дан аспайтын, оның 7%-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржылық лизинг шарттары бойынша да субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте лизингтік компания/банк/Даму банкі:
      1) қаржылық лизинг шарты талаптарының борышкердің бастамасымен өзгеруіне;
      2) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықтарды алып тастауға;
      3) қаржылық лизинг шартын (кедендік тазарту, лизинг нысанасын арнайы органдардың тіркеу қызметтері, банктердің көрсетілетін қызметтері және т.б. сияқты тысқары ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін өтеу) орындауға байланысты;
      4) кәсіпкердің қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерін бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, қаржылық лизинг шартын жасасумен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      176. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/Даму банкі/лизингтік компания ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қайтарып береді.
      177. Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға және/немесе қайта қаржыландыруға берілген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      178. Бұл ретте қалпына келтірілетін негізде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттерді субсидиялауға рұқсат етіледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге берілген кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредитті қалпына келтіру мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.
      179. Сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы кредиттер де субсидиялауға жатады. Бұл ретте сыйақының пайыздық мөлшерлерлемесі Бағдарламада белгіленген шекті мәндерден асып кеткен жағдайда, осы кредит бойынша субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.
      180. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 12%-дан аспайтын, оның 5%-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін Банктің валюталық стандартты кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      181. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Даму банкі сыйақы мөлшерлемесін 11%-ға дейін төмендететін, оның 4%-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін Даму банкінің валюталық стандартты кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      182. Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда, ол болашақ субсидиялардың есебіне жатқызылады, ал теріс бағамдық айырма жағдайында - өтеу қарыз алушыға жүктеледі.
      183. Субсидиялар сомаларын қаржы агенттігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі субсидиялар сомаларын аудару күніне белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.
      184. Бағдарламаның үшінші бағытының шеңберінде банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың ұлттық және шетелдік валютадағы қолданыстағы кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарламаның шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

      Төртінші бағыт: кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес
шаралары

      185. Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мынадай функционалдық бағыттар бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді көздейді:
      1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
      2) кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту;
      3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;
      4) іскерлік байланыстарды кеңейту.
      186. Осы бағыттардың шеңберінде қаржылай емес қолдаудың мынадай құралдарын ұсыну көзделеді:
      1) «кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету» функционалдық бағыты бойынша:
      «Бизнес насихат» құрауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру;
      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру;
      агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін (бұдан әрі - АӨК субъектілері) мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру;
      2) «кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту» функционалдық бағыты бойынша:
      кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту;
      кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру;
      жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету;
      рұқсат құжаттары мен техникалық шарттар алу мәселелері бойынша консультациялар беру;
      3) «кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру» функционалдық бағыты бойынша:
      жаңа басқару әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігі мен энергия үнемділігін арттыру мәселелері бойынша сырттан консультанттарды тарту;
      кәсіпорындарды технологиялық дамыту;
      4) «іскерлік байланыстарды кеңейту» функционалдық бағыты бойынша:
      шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату;
      отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алға жылжыту.
      187. Жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа қаржылай емес қолдау көрсету қаржылай емес қолдау құралдарының белгіленген тетіктеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      188. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейтудің функционалдық бағыттарын іске асыру кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы шеңберінде мынадай қағидаттарды сақтау арқылы жүзеге асырылады: жеке кәсіпкерлік субъектілеріне «бір терезе» арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру.
      189. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына:
      1) облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Семей, Түркістан қалаларындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары;
      2) моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы кәсіпкерлікті қолдау орталықтары;
      3) ауылдар мен кенттер деңгейінде кәсіпкерлікті қолдаудың ұтқыр орталықтары;
      4) бизнес-инкубаторлар кіреді.
      190. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - КҚКО) - бұл жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарының жанында құрылған және/немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлер палаталарының жанында, жергілікті бюджет қаражаты болған кезде жергілікті атқарушы органдарда құрылатын инфрақұрылымдық кешен.
      191. КҚКО көрсетілетін қызметтері жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ұсынылады.
      192. КҚКО құру мақсаттары:
      1) кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;
      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша ақпараттық, консультациялық көмек көрсету және оқыту;
      3) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктің орнықты дамуына жәрдемдесу.
      193. КҚКО функциялары:
      1) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;
      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
      3) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау бағыттарын іске асыру;
      4) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау;
      5) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру.
      194. КҚКО-ны ұстауға және оның қызмет етуіне арналған шығындарды қаржыландыру қаржы агенттігінің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      195. КҚКО қызметтерін ұсыну тетігі:
      1) қаржы агенттігі мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру үшін КҚКО операциялық залында консультанттарды орналастыру үшін қаржылай емес қолдау операторымен өзара ынтымақтастық туралы келісім жасасады;
      2) мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру қаржылай емес қолдау құралдарының белгіленген тетігі бойынша жүзеге асырылады;
      3) қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын есепті тоқсанға дейінгі айдың 10-на дейін мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру шеңберінде КҚКО базасында алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды және қаржы агенттігімен келіседі;
      4) Қаржы агенттігі КҚКО базасында өзге де білім беру бағдарламаларын, тренингтерді, мастер-кластарды өткізе алады, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған дөңгелек үстелдер мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыра алады.
      196. Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары (бұдан әрі - КҚО) - бұл базасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін оқыту, ақпараттық қамтамасыз ету, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсету, олардың жобаларына экономикалық және технологиялық сараптама жүргізу жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық кешен.
      197. КҚО құру мақсаттары:
      1) кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;
      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша ақпараттық, консультациялық көмек көрсету және оқыту;
      3) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктің орнықты дамуына жәрдемдесу.
      198. КҚО қызметтері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа өтеусіз негізде ұсынылады.
      199. КҚО облыстардың кәсіпкерлер палаталары филиалдарының жанында, моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында құрылады.
      200. ҚҚО функциялары:
      1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;
      2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «бір терезе» арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру қағидаттарын сақтай отырып, мемлекеттік қаржылық емес қолдау шараларын көрсету;
      3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру;
      4) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау;
      5) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтер ұсыну;
      6) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру.
      201. КҚО-ның қызмет етуіне және дамуына арналған шығындарды қаржыландыру уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында өтеулі қызметтерді көрсету туралы шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      202. КҚО көрсетілетін қызметтерін ұсыну тетігі:
      1) уәкілетті орган мен оператор моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында КҚО-ның қызмет етуі мен дамуына арналған шығындарға өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт жасасады;
      2) оператор уәкілетті органмен жасалған өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт шеңберінде:
      КҚО үшін консультанттарды;
      КҚО консультанттарын тиісті функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құралдармен;
      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыруды қамтамасыз етеді.
      203. Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа қаржы жылының 12 айы бойы КҚО қызметтерін үзіліссіз көрсетуді қамтамасыз етеді.
      204. Уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалатын өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін қаржылай емес қолдау операторы көрсеткен КҚО қызметтерін уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына арналған өтеулі қызметтер көрсету туралы жасалған шарт шеңберінде өтейді.
      205. Кәсіпкерлікті қолдаудың ұтқыр орталықтары (бұдан әрі - КҚҰО) - бұл ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқына кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары бойынша көшпелі ақпараттық және консультациялық қызметтер ұсынуға бағытталған қаржы агенттігінің арнайы жабдықталған автобустары.
      206. КҚҰО құру мақсаттары:
      1) ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;
      2) ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті ашуға ынталандыру;
      3) КҚҰО қызметтері ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқына өтеусіз негізде ұсынылады.
      207. КҚҰО функциялары:
      1) ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқын кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;
      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтерді ұсыну;
      3) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру;
      4) кәсіпкерлік әлеуетті дамыту, кәсіпорындардың жетекші мамандары мен топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру бағыты бойынша қатысуға өтінімдер жинау;
      5) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қызметтер көрсету.
      208. КҚҰО ұстауға және оның қызмет етуіне арналған шығындарды қаржыландыру қаржы агенттігінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      209. КҚҰО көрсетілетін қызметтерін ұсыну тетігі:
      1) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын қаңтардың 20-на дейінгі мерзімде қаржы агенттігімен және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерімен келісім бойынша КҚҰО-ның ауылдық елді мекендерге шығу кестесін жасайды;
      2) қаржы агенттігімен және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерімен келісілген КҚҰО-ның құрамында Қаржылай емес қолдау операторының ауылдық елді мекендерге шығу кестесі келісілгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қаржылай емес қолдау операторы мен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс;
      3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері ауылдық елді мекендердің халқын консультациялар өткізілгенге дейін бір ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарына тиісті ақпарат орналастыру арқылы КҚҰО-ның консультацияларды жүргізу күні мен уақыты туралы хабардар етеді;
      4) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері қажет болған кезде ауылдық елді мекендерде консультацияларды ұсыну үшін қосымша үй-жайларды қамтамасыз етеді;
      5) КҚҰО-ның ауылдық елді мекендерге шығуы тиісті қаржы жылының наурызынан желтоқсанына дейінгі аралығын қоса алғанда жүзеге асырылады;
      6) Қаржылай емес қолдау операторы КҚҰО үшін консультанттарды ұсынады;
      7) Қаржылай емес қолдау операторы КҚҰО базасында бару және консультациялар беру үшін консультанттарды ұсынуға өзге де даму институттарымен келісімдер жасасады.
      210. Бизнес-инкубатор - бұл шағын кәсіпорындарға ресурстар мен көрсетілетін қызметтер кешенін ұсыну арқылы олардың қалыптасуы мен табысты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған қолдау құралы.
      211. Бизнес-инкубаторларды құру мақсаттары:
      1) шағын кәсіпорындардың қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
      2) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық белсенділігін арттыруға жәрдемдесу.
      212. Бизнес-инкубаторлардың функциялары:
      1) конкурстық негізде шағын кәсіпкерлік субъектілерін тарту;
      2) бизнес-инкубаторда орналастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу және олармен өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу;
      3) ісін жаңа бастаған шағын кәсіпорындарды консалтингтік сүйемелдеуді жүзеге асыру;
      4) қаржылық құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен, оның ішінде жобаларды тәуекелмен қаржыландыру институттарымен өзара іс-қимыл жасасу арқылы әлеуетті инвесторларды іздеу;
      5) ақпараттық және сарапшылық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
      6) тәжірибе алмасу мақсатында табысты компаниялардағы тағылымдамаларды, әртүрлі тақырыптар бойынша тренингтерді, форумдарды қоса алғанда, оқыту семинарларын ұйымдастыру;
      7) шағын кәсіпорындар үшін мамандарды іздеу мен жалдауға жәрдемдесу;
      8) бизнес-инкубаторда шағын кәсіпорындарды дамыту туралы ақпараттық-талдамалық деректер қорын қалыптастыру.
      213. Бизнес-инкубаторлар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация немесе жергілікті атқарушы органдар немесе моноқалалар мен шағын қалаларда кәсіпорындар ұсынған алаңдар базасында құрылады. Бизнес-инкубатордағы үй-жайды/аумақты жалға алу мерзімі әрбір кәсіпкерлік субъектісі үшін үш жылдан аспайды.
      214. Бизнес-инкубаторларды құруды және дамытуды әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (бұдан әрі - ӘКК) жүзеге асырады.
      ӘКК қызметтеріне мыналар жатады:
      1) бизнес-инкубаторларды дамытудың бизнес-жоспарын әзірлеу;
      2) бизнес-инкубаторға қатысушыларды тарту;
      3) инвестициялар тарту және бизнес-инкубатор қызметін қаржыландыру мәселелерін шешу;
      4) бизнес-инкубатор үй-жайларын жалға (қосалқы жалға) беру;
      5) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасау, бұзу және олардың талаптарының орындалуын мониторингтеу;
      6) бизнес-инкубатор қызметін қамтамасыз ету және қолдау.
      215. Бизнес-инкубаторларды құру және дамыту бойынша ӘКК операторлық көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері мен ӘКК арасында бизнес-инкубаторларды құру және дамыту бойынша өтеулі қызметтер көрсету туралы жасалған шарттың негізінде жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Функционалдық бағыт: кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық
қамтамасыз ету

      «Бизнес-Насихат» жобасы бойынша мемлекеттік қолдау
шараларын түсіндіру» құралы

      216. «Бизнес-Насихат» жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы халықтың қалың бұқарасына Бағдарламаны тиімді іске асыру, сондай-ақ кәсіпкерлік идеяларын танымал ету мақсаттарында мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруді көздейді.
      217. «Бизнес-Насихат» жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын халықтың қалың бұқарасына түсіндіру мыналарға негізделеді:
      1) Бағдарлама бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
      2) Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды көпшілікке танымал ету;
      3) кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы және реттеуді түсіндіру;
      4) кәсіпкерлік идеяларын насихаттау.
      218. «Бизнес-Насихат» құрауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралын қаржыландыру тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      219. Бағдарлама бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу:
      1) БАҚ-та мемлекеттік қолдау шараларын жария етуді;
      2) мемлекеттік қолдау шараларының шарттары мен тетіктері бойынша баспа өнімін әзірлеуді және оның таралымын көбейтуді;
      3) ақпараттық іс-шаралар (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер және т.б.) өткізуді;
      4) ағымдағы жағдайға кешенді жалпы республикалық талдау мен өңірлік және салалық бөліністерде ШОК-тың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің серпінін, жеке-жеке Қазақстанның әрбір өңірінің ШОК секторының шолуын, ШОК субъектілерін қаржылай және қаржылай емес қолдаудың қолданыстағы инфрақұрылымы бойынша өзекті ақпаратты көрсететін Қазақстандағы және оның өңірлеріндегі ШОК дамуының жай-күйі туралы жыл сайын есеп шығаруды қоса алғанда, ШОК секторы бойынша тұрақты есептер әзірлеуді;
      5) ШОК-ты, микроқаржы секторын дамыту, республикалық және өңірлік деңгейдегі макро- және микроэкономикалық процестер туралы, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру нәтижелері туралы өзекті статистикалық ақпарат беру жөніндегі интерактивті ақпараттық-талдау жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуді көздейді.
      220. Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды көпшілікке танымал ету:
      1) іске асырылған жобалардың сәтті үлгілері бойынша баспасөз-турларын ұйымдастыру;
      2) Бағдарламаға қатысушылар туралы әңгімелер («Жетістіктер тарихтары») әзірлеу және БАҚ-та орналастыру;
      3) өңірлік және республикалық телеарналарда «Арнайы репортаж» жанрында хабарлар циклін әзірлеу және шығару;
      4) БАҚ өкілдері арасында Бағдарлама туралы немесе жалпы кәсіпкерлік туралы үздік материалға арналған конкурс өткізу арқылы іске асырылатын болады.
      221. Кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы және реттеуді түсіндіру:
      1) кәсіпкерлік саласындағы заңнама және реттеу мәселелеріне маманданған ұйымдарды тарта отырып, кәсіпкерлер үшін дайындалған кәсіпкерлік қызметтің негіздері бойынша ақпараттық-талдамалық анықтамалықтар мен оқу-әдістемелік құралдарының таралымын көбейтуді және таратуды;
      2) жаднамалар, түсіндіру сипатындағы материалдар әзірлеуді;
      3) телевизияда арнайы хабарлар шығаруды немесе оларға қатысуды көздейді.
      222. Кәсіпкерлік идеяларын насихаттау:
      1) сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандардың қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;
      2) «Жылдың үздік кәсіпкері» конкурсын ұйымдастыруды және өткізуді;
      3) жастар жобаларының көрмелерін ұйымдастыруды және өткізуді;
      4) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ашық дәрістер, мастер-кластар өткізуді;
      5) қолданыстағы «Бизнес аумағы» бизнес-порталы базасында «Жас іскер» жастар кәсіпкерлігіне арналған бөлімді орналастыруды, оның ішінде оны үнемі жаңартып отыруды;
      6) жас/ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге жетекшілік етуге әзір бизнес-тәлімгерлерді тарту үшін «Бизнес аумағы» бизнес-порталы базасында веб-алаңдар құруды;
      7) әлеуметтік желілерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блогтар, сайттарда-бейне-хостингтерде кәсіпкерлікке арналған арналар құруды және жүргізуді көздейді.
      223. «Бизнес-Насихат» құрауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарын түсіндіру қаржылай емес қолдау операторы жасаған Бағдарламаның бірыңғай Call-орталығы базасында да жүзеге асырылады.

      «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде
кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы

      224. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында қазақстандық кәсіпкерлердің белсенділігін арттыру үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік, мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлік қызметті қолдау шаралары саласындағы заңнамасын түсіндіруге бағытталған.
      225. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы халықаралық ынтымақтастыққа, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығына өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді экспорттауға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде филиалдық желі ашуға және оны кеңейтуге, шикізат пен материалдарды, жиынтықтаушыларды, технологияларды сатып алуға бағдарланған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.
      226. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік, мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікті қолдау шаралары саласындағы заңнамасын түсіндіру мынаған сайып келеді:
      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпкерлердің сәтті үлгілерін танымал ету;
      3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қазақстандық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау.
      227. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралын қаржыландыру тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      228. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу:
      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы мен реттеу мәселелеріне маманданған ұйымдарды тарта отырып, жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін кәсіпкерлік, мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлік қызметті қолдау шаралары саласында дайындалған ақпараттық-талдамалық анықтамалықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеуді, олардың таралымын көбейтуді және таратуды;
      2) ақпараттық іс-шараларды (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер және т.б.) жүргізуді;
      3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізудің мықты және осал тұстарын көрсететін салыстырмалы сипаттағы тоқсан сайынғы ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындауды;
      4) мүше мемлекеттерде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау ұсынудың шарттарын, мемлекеттік сатып алуға қатысу заңнамасы мен қағидаларын түсіндіру үшін оператордың Call-орталығы қызметін ұйымдастыруды көздейді.
      229. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметті жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпкерлердің сәтті үлгілерін танымал ету:
      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында іске асырылған жобалардың сәтті үлгілері бойынша баспасөз-турларын ұйымдастыруды;
      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында жұмыс істейтін табысты қазақстандық кәсіпкерлер туралы әңгімелер («Жетістіктер тарихтары») әзірлеуді және БАҚ-та орналастыруды;
      3) БАҚ өкілдері арасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлік туралы үздік материалға арналған конкурс өткізуді көздейді.
      230. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қазақстандық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау:
      1) сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандардың қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;
      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде бизнес ашуға бағдарланған кәсіпкерлер үшін ашық дәрістер, мастер-кластар өткізуді;
      3) әлеуметтік желілерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блогтар, сайттарда-бейне-хостингтерде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлікке арналған арналар құруды және жүргізуді көздейді.
      231. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау ұсыну шарттарын түсіндіру қаржылай емес қолдау операторы құрған Бірыңғай бағдарламаның бірыңғай Call-орталығы базасында да жүзеге асырылады.

      «АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын
түсіндіру» құралы

      232. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы заңнама, нарықтың баға саясаты, қаржылық сауаттылық, қаржылық, сақтандыру және бағалау қызметтерінің шарттары мен құны мәселелерінде АӨК субъектілерінің хабардар болуын арттыруға бағытталған.
      233. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы АӨК субъектілеріне ұсынылады.
      234. «АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы шеңберінде заңнама, нарықтық баға саясаты, қаржылық сауаттылық, қаржылық, сақтандыру және бағалау қызметтерінің шарттары мен құны мәселелерінде АӨК субъектілерінің хабардар болуын арттыру мыналарға негізделеді:
      1) АӨК саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
      2) АӨК саласындағы кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды танымал ету;
      3) аграрлық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау.
      235. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралын қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен қаржылай емес қолдау операторы арасында тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      236. АӨК саласында мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу:
      1) АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын БАҚ-та түсіндіруді;
      2) АӨК саласында мамандандырылған мерзімдік басылымды әзірлеуді, шығаруды және оны агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жеткізуді;
      3) ақпараттық іс-шараларды (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер және т.б.) өткізуді көздейді.
      237. АӨК саласындағы кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды танымал ету:
      1) АӨК саласында іске асырылған жобалардың сәтті үлгілері бойынша баспасөз-турларын ұйымдастыру;
      2) АӨК саласындағы кәсіпкерлер туралы әңгімелерді («Жетістіктер тарихтары») әзірлеу және БАҚ-та орналастыру;
      3) БАҚ өкілдері арасында Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру немесе АӨК саласындағы кәсіпкерлік туралы үздік материалға конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылады.
      238. Аграрлық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау:
      1) сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандардың қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;
      2) АӨК саласындағы жастар жобаларының көрмесін ұйымдастыруды және өткізуді;
      3) АӨК саласындағы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ашық дәрістер, мастер-кластар өткізуді;
      4) әлеуметтік желілерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блогтар, сайттарда-бейне-хостингтерде салалық кәсіпкерлікке арналған арналар құруды және жүргізуді көздейді.
      239. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарын түсіндіру қаржылай емес қолдау операторы құрған Бірыңғай бағдарламаның бірыңғай Call-орталығының базасында да жүзеге асырылады.

      Функционалдық бағыт: кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту

      «Кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту» құралы

      «Кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту» құралы мынадай құрауыштарды іске асыруды көздейді:
      1) «Жас кәсіпкер мектебі»;
      2) «Бизнес-мектеп».

      «Жас кәсіпкер мектебі» құрауышы

      240. «Жас кәсіпкер мектебі құрауышы (бұдан әрі - «ЖКМ» жобасы) жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашуға жәрдемдесуге, жас адамдарды кәсіпкерлік қызметке белсенді тартуға, жас кәсіпкерлердің құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған.
      241. Қазақстан Республикасының 18-29 жас аралығындағы азаматтары «ЖКМ» жобасының тыңдаушылары бола алады.
      242. «ЖКМ» жобасы:
      1) жастарды кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқытуды;
       2) бизнес-жоспарларды дайындау бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді;
      3) «ЖКМ» жобасына қатысушылардың бизнес-жоспарларын қорғауын ұйымдастыруды;
      4) «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының неғұрлым сәтті бизнес-жобаларын таныстыру арқылы өңірлерде «Идеялар жәрмеңкесі» конкурсын ұйымдастыруды;
      5) үздік бизнес-жобаларға - «Идеялар жәрмеңкесі» конкурсының жеңімпаздарына қаржыландыру алуға жәрдемдесуді көздейді.
      243. Оқыту процесінде «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларына кәсіпкерлік қызметті жүргізу мен бизнес-жоспарды дайындау негіздері бойынша оқу-әдістемелік материалдар, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтары ұсынылады. Бұл материалдар қағаз және/немесе электронды жеткізгіштерде ұсынылады.
      244. «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларын оқыту және оқу-әдістемелік материалдарды, шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтарын ұсыну өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
      245. «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларын оқыту КҚКО-да жүзеге асырылады. Оқыту қорытындылары бойынша бизнес-жоспарларын сәтті қорғаған жағдайда, «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларына «ЖКМ» жобасы бойынша оқытудан өткені туралы сертификат беріледі.
      246. «ЖКМ» жобасы бойынша оқытудан өткені туралы сертификаттың болуы Бағдарлама шеңберінде гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға құқық береді.
      247. «ЖКМ» жобасын қаржыландыру қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      248. «ЖКМ» жобасын іске асыру тетігі:
      1) Қаржылай емес қолдау операторы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерімен бірлесіп, оқытудың басталатын күнін, оның кезеңін көрсете отырып, «ЖКМ» жобасы бойынша қабылдаудың басталуы туралы жастарды тікелей және/немесе өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді;
      2) өтініш беруші КҚКО-да «ЖКМ» жобасы бойынша білім алу үшін тіркеледі;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы «ЖКМ» жобасының кестесін, қатысушылар құрамын қалыптастырады және өтініш берушіге қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;
      4) «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының үздік бизнес-жоспарлары өңірлердегі «Идеялар жәрмеңкесі» конкурсында таныстырылады;
      5) «Идеялар жәрмеңкесі» конкурстарында үздік деп танылған «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының бизнес-жоспарлары бизнес-жобаның қойылған талаптарға сәйкес келуі шартымен Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік грант алуға ӨҮК қарауына жіберіледі;
      6) Қаржылай емес қолдау операторы әлеуетті инвесторларды тарту үшін «Идеялар жәрмеңкесі» конкурстарында үздік деп танылған «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының бизнес-жоспарларының қысқаша сипаттамасын интернет-ресурстарда орналастырады.

      «Бизнес-мектеп құрауышы»

      249. «Бизнес-мектеп» құрауышы моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа білім беру жобаларын ұсынуға бағытталған.
      250. Моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында «Бизнес-мектеп» құрауышының қызметтері КҚО, Астана, Алматы, Семей, Түркістан қалаларында және облыс орталықтарында КҚКО-да ұсынылады.
      251. «Бизнес-мектеп» құрауышының шеңберіндегі оқыту жобалары:
      1) «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін қысқа мерзімді оқытуды;
      2) «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімді оқытуды;
      3) тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды ұсынуды көздейді.
      252. Оқыту барысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері бойынша оқу материалдары, құжаттардың стандартты пакеті, оның ішінде бизнес-жоспарлар, қаржыландыруды алуға арналған құжаттардың үлгілері, маркетингтік зерттеулер нәтижелері, инновацияларды енгізу саласындағы халықаралық тәжірибе, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтары беріледі.
      253. «Бизнес-мектеп» құрауышының жобалары бойынша білім алуға өтініштерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық КҚКО, КҚО мен Оператордың КҚҰО береді.
      254. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері қажет болғанда «Бизнес-мектеп» құрауышы шеңберінде білім беру жобаларын өткізуге жарамды қажетті үй-жайларды ұсынады.
      255. «Бизнес-Кеңесші» жобасын іске асыру тетігі:
      1) оқыту шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа өтеусіз негізде ұсынылады;
      2) Қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын, есепті тоқсанға дейінгі айдың 10-күніне дейін оқыту өткізілетін күн мен орынды, оның кезеңі мен өтінімдерді беру мерзімін көрсете отырып, алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды, жасалғаннан кейін ол 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та орналастырылуға тиіс;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың өтінімдері негізінде ай сайын, есепті айдың 5-күніне дейін тыңдаушылардың тізімдерін қалыптастырады;
      4) оқытудан өткеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификат беріледі;
      5) «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқыту күнтізбелік екі күн ішінде жүзеге асырылады.
      256. «Бизнес-Өсу» жобасын іске асыру тетігі:
      1) оқыту «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификаты бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылады;
      2) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша тақырыптар тізбесін айқындау тұрғысынан сауалнама жүргізуді жүзеге асырады;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне сауалнама жүргізу нәтижелерін ескере отырып, тоқсан сайын есепті тоқсанға дейінгі айдың 10-күніне дейін тақырыптарды, өткізу күнін және орнын, оның кезеңін және өтінімдерді беру мерзімін көрсете отырып, алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды, жасалғаннан кейін ол 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та орналастырылуға тиіс;
      4) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдері негізінде ай сайын, есепті айдың 5-күніне дейін тыңдаушылардың тізімдерін қалыптастырады;
      5) оқытудан өткеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификат тапсырылады;
      6) «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша оқыту күнтізбелік 2-5 күн аралығында оқытудың тақырыбына байланысты жүзеге асырылады.
      257. Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды іске асыру тетігі:
      1) оқыту моноқалалардың, шағын қалалар мен аудан орталықтарының «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификаты бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқына өтеусіз негізде ұсынылады;
      2) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын, қаңтардың 20-күніне дейінгі мерзімде өңірлік мамандану мен жергілікті кәсіпкерлікті дамыту перспективаларына байланысты жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобалардың тізбесін айқындайды;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын ақпанның 10-күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жобалардың тізбесін, оқытуды өткізу күні мен орнын, оның кезеңін және өтінімдер беру мерзімін көрсете отырып, оқытуды өткізу кестесін жасайды, жасалғаннан кейін ол 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та орналастырылуға тиіс;
      4) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық өтінімдерінің негізінде тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс әр жоба бойынша тыңдаушылар тобын қабылдауды қамтамасыз етеді;
      5) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобалар бойынша тәлімгерлік қызметтер көрсету үшін жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді, сондай-ақ тәлім беру тәжірибесі бар мамандарды, консультанттарды тартады;
      6) Қаржылай емес қолдау операторы оқытуды өткізуді бастағанға дейін тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобаға байланысты қалыптастырылған тыңдаушылардың әр тобы бойынша тәлімгерлердің болуын қамтамасыз етеді;
      7) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа тәлімгерлік қызметтер көрсететін тәлімгерлер оқыту кезеңі ішінде дәрістер мен семинарлар өткізеді, ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсетеді, жобаның өзгешелігі мен ерекшеліктеріне оқытады, тыңдаушылардың оны іске асыруын қамтамасыз етеді;
      7) тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқыту тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобаға байланысты үш аптадан 2 айға дейін жүзеге асырылады.
      258. «Бизнес-мектеп» құрауышын қаржыландыру уәкілетті орган мен Қаржылай емес қолдау операторы арасында тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      «Кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің
біліктілігін арттыру» құралы

      259. «Кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру» құралы мынадай құрауыштарды іске асыруды көздейді:
      1) «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту»;
      2) «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту»;
      3) «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру».

      «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту»
құрауышы

      260. «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрауышы «Назарбаев Университеті» ДБҰ базасында оқыту есебінен Бағдарлама шеңберінде өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетуге бағытталған.
      261. Бағдарлама шеңберінде қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшылары «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрауышының қатысушылары бола алады.
      262. Құрауыш қатысушыларын оқыту жөніндегі шығындарды төлеу уәкілетті орган мен «Назарбаев Университеті» ДБҰ арасында тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Құрауыш қатысушылары оқыту орнына дейін және кері қайту жолақысын, сондай-ақ тұруын өздері төлейді.
      263. Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту тетігі:
      1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері тікелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын конкурстық іріктеудің басталуы туралы хабардар етеді;
      2) өтініш беруші белгіленген нысанда қаржы агенттігіне оқытуға өтінім береді. Бұл ретте Өтініш беруші жобаны іске асыруға байланысты мониторингті немесе өзге де іс-қимылдарды жасауға қажетті барлық мәліметтер мен деректерді ұсыну туралы жазбаша міндеттемеге қол қояды. Қаржы агенттігі уәкілетті орган айқындаған квоталарға сәйкес жиынтық өтінімді қалыптастырады және оларды ӨҮК қарауына шығару үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жібереді;
      3) ӨҮК кандидатураларды талқылау нәтижелері бойынша іріктеуді жүргізеді және Өтініш берушінің Бағдарламаға қатысу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;
      4) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мақұлдаған жиынтық өтінімді келісу үшін уәкілетті органға жібереді;
      5) уәкілетті орган Бағдарламаға қатысушылардың мақұлданған тізімін «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ға жібереді.
      Оператор «Назарбаев Университеті» ДБҰ-мен бірлесіп, Бағдарламаға қатысушылардың кәсіпорындарды дамыту жөніндегі қызметіне кейіннен мониторинг жүргізеді.

      «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде
аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді
шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет
субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік
сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту» құрауышы

      264. «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту» құрауышы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған.
      265. «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту» құрауышы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның шешімімен бекітілетін отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесінде (бұдан әрі - тізбе) көзделген отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді ілгерілететін және мынадай критерийлерге сәйкес келетін:
      1) экспорттау келісімшарттарына сәйкес Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ БТН) 6 және одан да көп белгілерінің деңгейіндегі тауар позицияларына сәйкес келетін өнімнің бір бөлігін немесе бәрін және тізбеге енгізілген көрсетілетін қызметтерді экспорттауды жүзеге асыратын;
      2) өз өнімдерін, көрсетілетін қызметтерін ілгерілету бойынша:
      тізбеде көзделген өнімді, көрсетілетін қызметтерді ілгерілетуге байланысты шығындарға жататын;
      өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін кемінде 2 (екі) жыл бұрын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шеккен шығындарды көтерген индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне ұсынылады.
      266. «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту» құрауышы шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің қызметкерлерді оқыту жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ кәсіпорындарға шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыруға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу ұсынылады.
      267. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу мынадай шығындар түрлері бойынша жүргізіледі:
      1) мамандарды шетелде оқыту қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар (тағылымдамалар, семинарлар, курстар);
      2) өнімді ілгерілету үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарға сарапшы-консультанттарды шақыру кезінде білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығындары;
      3) өнімді өндіруді және ілгерілетуді ұйымдастыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шақырған шетелдік мамандардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар.
      268. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеу шеңберінде жанама салықтар (қосылған құн салығы мен акциздер) есепке алынбай өтеуге ұсынылған соманың 50%-ы көлеміндегі негізделген және құжаттамамен расталған шығындары өтеледі. Өтелетін шығындар сомасына жанама салықтар (қосылған құн салығы мен акциздер) сомасы қосылмайды.
      269. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады. Бұл ретте шетелдік валюталарда шеккен шығындарды қайта есептеу өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге қолданылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталар бағамы бойынша жүзеге асырылады.
      270. «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-кеңесшілерді шақыру арқылы оқыту» құрауышын іске асыру тетігі:
      1) құрауыш операторы бұқаралық ақпарат құралдарында өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру орналастырып, онда өтінімдерді қабылдаудың аяқталатын күнін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі сәйкес келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орнын, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпарат қамтылған интернет-ресурсқа сілтемелерді көрсетеді. Қаржылай емес қолдау операторы да мәтіні құрауыш операторы хабарландыруының мәтініне сәйкес келуге тиісті осындай хабарландыруды өз есебінен орналастыра алады және дербес консультациялық қолдау көрсете алады;
      2) өтінім және оған қоса берілетін құжаттар құрауыш операторына немесе КҚКО-ға қағаз жеткізгіштерде құжаттар тізімдемесі қоса беріле отырып ұсынылады;
      3) құжаттар КҚКО-ға ұсынылған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан белгіленген талаптарға сәйкес қарайды және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, ол туралы өтініш берушіні хабардар етеді;
      4) өтініш беруші өтінімнің және қажетті қосымшалардың сәйкес келмейтіні туралы ақпаратты алғаннан кейін сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды Қаржылай емес қолдау операторының қарауы үшін КҚКО-ға қайта енгізеді;
      5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайта қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, қоса берілетін құжаттары бар өтінімді құрауыш операторына жібереді. Өтініш беруші КҚКО-ға ұсынған құжаттардың толықтығы, заңнамаға сәйкес келуі және тізімдемесі үшін Қаржылай емес қолдау операторы жауап береді;
      6) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторы ұсынған өтінімді қоса берілген құжаттарымен бірге 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығы тұрғысынан қарайды. Ұсынылған құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда, құрауыш операторы өтінімді қараудан бас тартады және оны Қаржылай емес қолдау операторына қайтарады;
      7) құжаттардың толық пакеті ұсынылған жағдайда, құрауыш операторы ұсынылған өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды олардың белгіленген талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254  қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасында (бұдан әрі - «Өнімділік 2020» бағдарламасы) белгіленген тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;
      8) ұсынылған өтінімнің және оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтінін анықталған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторын міндетті түрде хабардар ете отырып, өтініш берушіге уәжделген бас тарту жібереді;
      9) ұсынылған өтінімнің және оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкессіздігі болмаған жағдайда, құрауышты одан әрі іске асыру «Өнімділік - 2020» бағдарламасында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады;
      10) құрауыш операторынан өтініш берушіге мемлекеттік қолдау көрсетуден бас тарту туралы хабарлама алған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында құрауыш операторының шешімін оның негізділігі тұрғысынан қарайды.
      271. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
      272. Өтініш берушілерден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берілмейді.
      273. Құрауыш операторы КҚКО арқылы берілген өтініш берушілердің өтінімдері бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары туралы ақпаратты Қаржылай емес қолдау операторына жібереді.
      274. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл жасасуы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалған тиісті келісімнің шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша кезеңдік оқытуды жүзеге асырады.
      275. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы

      276. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы кәсіпорынның топ-менеджерлерін еңбек өнімділігін жоғарылату, кадрларды даярлау және қайта даярлау, озық өндірістік тәжірибелерді енгізу мәселелері бойынша сарапшыларды тарту арқылы оқытуға бағытталған.
      277. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы «Өнімділік 2020» бағдарламасында айқындалған экономиканың басым секторларында қызметін кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асыратын кәсіпкерлерге ұсынылады.
      278. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтерге жұмсалған шығындарды ішінара өтеу жүзеге асырылады.
      279. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы шеңберінде:
      өтінім берердің алдында кемінде 6 (алты) ай бұрын жасалған, кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау кезінде кәсіпорын шеккен, бірақ 1 (бір) қызметкерге 2 млн. теңгеден аспайтын және бір кәсіпорын бойынша жылына 15 (он бес) қызметкерден аспайтын шығындардың 40%-ы мөлшеріндегі шығыстарды төлеу;
      өтінім берердің алдында кемінде 12 (он екі ) ай бұрын жасалған (бұл ретте толық күнтізбелік айлар өтеледі), сарапшыларды тарту (еңбекақы (ЕТҚ)) арқылы озық өндірістік тәжірибені енгізу үшін кәсіпорын шеккен, бірақ 1 (бір) маманға жылына 9 млн. теңгеден аспайтын, бір кәсіпорын бойынша жылына 3 (үш) қызметкерден аспайтын шығындардың 40%-ы мөлшеріндегі шығыстарды төлеу көзделеді.
      280. Құрауышты ұсыну тетігі:
      1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіпкерлер сәйкес келуге тиісті талаптарды, өтінімдерді қабылдау орнын, оларға қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпарат қамтылған интернет-ресурсқа сілтемелерді көрсете отырып, өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;
      2) өтінім және оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрауыш операторына құжаттар тізімдемесімен қоса қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан белгіленген талаптарға сәйкес қарайды және оларды құрауыш операторына жібереді. Өтінімнің және оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушіні бұл туралы хабардар етеді;
      4) өтініш беруші өтінімнің және қажетті қосымшалардың сәйкес келмейтіндігі туралы ақпаратты алғаннан кейін сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды Қаржылай емес қолдау операторының қарауы үшін КҚКО-ға қайта енгізеді;
      5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайта қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, қоса берілетін құжаттары бар өтінімді құрауыш операторына жібереді;
      6) құрауыш операторы «Өнімділік - 2020» бағдарламасында көзделген тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;
      7) құрауыш операторы өтініш берушінің әрбір өтінімі бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім туралы Қаржылай емес қолдау операторын хабардар етеді;
      8) шығындарды өтеуді ұсыну туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің қол қоюы үшін құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімді 2 данада қоса бере отырып, хабарлама жібереді. Өтініш беруші Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қойғаннан кейін Қаржылай емес қолдау операторы «Өнімділік - 2020» бағдарламасында көзделген тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін бір данасын құрауыш операторына қайтарады;
      9) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігін көрсете отырып, хабарлама жібереді. Қаржылай емес қолдау операторы кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігі туралы хабарламаны оның негізділігі тұрғысынан қарайды.
      281. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
      282. Өтініш берушілерден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берілмейді.
      283. Құрауыш операторы құрауышты іске асыру кезінде өтініш берушімен Шығындарды өтеу туралы келісім жасасады, онда:
      1) құрауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болғанда өтеуге қабылданатын шығындардың сомасы бойынша түсініктеме;
      2) кейіннен статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш операторының салыстырмалы талдау мен тиімділікті бағалауды жүргізуі мақсатында өтініш берушінің құрауыш операторына өтініш берілгенге дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және берілгеннен 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;
      3) құрауыш бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда, құрауыш операторының өтініш берушіден құрауышты іске асыру барысы туралы ақпаратты сұрату құқығы;
      4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және шығындарды өтеу түрінде құрауыш бойынша берілген ақшалай қаражатты қайтару көзделеді.
      284. Құрауыш операторы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күнінен бастап 2 (екі) жыл ішінде құрауыштың іске асырылу барысы туралы мониторингті жүргізеді.
      285. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл жасасуы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалған тиісті келісімнің шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша кезеңдік оқытуды жүзеге асырады.
      286. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      «Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге
сервистік қолдау көрсету» құралы

      287. «Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» құралы кәсіпорынның тиімділігін арттыру мақсатында оны басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және КҚКО, КҚО және КҚҰО-да бизнес-процестерді қолдау жөніндегі мынадай мамандандырылған қызметтерді ұсынуды қамтиды:
      1. Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер, олар мынадай мәселелер бойынша консультацияларды қамтиды:
      1) салық салу және салықтық әкімшілендіру;
      2) салық заңнамасы және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама;
      3) бастапқы құжаттарды өңдеу, салықты және бюджетке өзге де аударымдарды есептеу;
      4) бухгалтерлік есепті қалпына келтіру;
      5) бухгалтерлік есеп жүргізу;
      6) «1С-Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс;
      7) салықтық және статистикалық есептерді дайындау және тапсыру;
      8) тысқары ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептерді жасау;
      9) электрондық статистикалық есептілікті ұсыну.
      2. Мыналарды қоса алғанда, кедендік рәсімдер бойынша көрсетілетін қызметтер:
      1) кедендік заңнама мен кедендік рәсімдер саласындағы консультациялар;
      2) тауарларды декларациялау қағидалары мен тәртібі, кедендік құнды айқындау және түзету, кедендік декларацияны толтыру жөніндегі консультациялар;
      3) нақты тауарлар бойынша тарифтік және тарифтік емес реттеу жөніндегі консультациялар;
      4) сыртқы экономикалық қызметті құжаттамалық сүйемелдеу;
      5) сыртқы экономикалық қызметке арналған лицензиялар, рұқсаттар алу жөніндегі консультациялар;
      6) Кеден одағы шеңберінде жүктерді декларациялау жөніндегі консультациялар;
      7) сыртқы сауда келісімшартының талаптары жөніндегі консультациялық қызметтер.
      3. Менеджмент жүйелерін енгізу бойынша консультациялар беру және бүкіл процесті толық сүйемелдеу, олар мыналарды қамтиды:
      1) ИСО 9001:2000 (Сапа менеджменті жүйесі), ИСО 14001:2004 (Экологиялық менеджмент жүйелері), ИСО 22000:2005 (Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі менеджментінің жүйелері), OHSAS 18001:2007 (Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасы менеджменті жүйелері) халықаралық стандартының және басқа да стандарттардың талаптарына сәйкес құжаттарды сертификаттауға дайындау;
      2) сапа жүйесі стандарттарының талаптарына сәйкес персоналды оқыту;
      3) қолданыстағы менеджмент жүйелерінің ИСО 9001:2000 (Сапа менеджменті жүйесі), ИСО 14001:2004 (Экологиялық менеджмент жүйелері), ИСО 22000:2005 (Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі менеджментінің жүйелері), OHSAS 18001:2007 (Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасы менеджменті жүйелері) стандарттары мен басқа да стандарттардың талаптарына сәйкестігін талдау;
      4) менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу;
      5) біріктірілген менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу;
      6) ішкі аудит жүргізуге көмек;
      7) сертификаттау алдында аудит жүргізу бойынша консультациялар;
      8) қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесін сертификаттау.
      4. Мыналарды қоса алғанда, заңгерлік қызметтер көрсету:
      1) кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттарды дайындау бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтер;
      2) кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттарды дайындау;
      3) шарттардың жобаларын әзірлеу бойынша консультациялар;
      4) шарттардың жобаларын әзірлеу;
      5) азаматтық және еңбек құқығы саласындағы консультациялар;
      6) құжат айналымын жүргізу бойынша консультациялар;
      7) ұсынымдар бере отырып, құжат айналымының аудиті;
      8) бизнес-жоспардан басқа, кредит алуға құжаттар пакетін дайындау бойынша консультациялар;
      9) бизнес-жоспардан басқа, кредит алуға құжаттар пакетін дайындау;
      10) кадрлық құжаттаманы жүргізу бойынша консультациялар;
      11) ұсынымдар бере отырып, кадрлық құжаттама аудиті;
      12) құжаттардың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруге байланысты консультациялық көрсетілетін қызметтер.
      5. Мыналарды қоса алғанда, маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер:
      1) құн саясатын әзірлеу бойынша консультациялар;
      2) ұқсас тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуының қорытындылары мен жоспарларын талдауды есепке ала отырып, нақты тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша құн саясатын әзірлеу;
      3) бизнес-жоспар әзірлеу және екінші деңгейдегі банктерде қарауға дайындау бойынша консультациялар;
      4) бизнес-жоспар әзірлеу және екінші деңгейдегі банктерде қарауға дайындау;
      5) кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша консультациялар;
      6) кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу;
      7) кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік қызметін бағалау және талдау бойынша консультациялар;
      8) кәсіпорынның (жеке кәсіпкерлердің) маркетингтік қызметін бағалау және талдау;
      9) тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе көрсетілетін қызметтерге сұраныс типтерін зерделеу бойынша консультациялар;
      10) ұсынымдар немесе қорытындылар бере отырып, тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе көрсетілетін қызметтерге сұраныс типтерін зерделеу;
      11) бәсекелес ортаны талдау бойынша консультациялар;
      12) ұқсас тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуының қорытындылары мен жоспарларын талдауды есепке ала отырып, бәсекелес ортаны талдау;
      13) тауар таңбасын, жарнамалық науқанды әзірлеу бойынша консультациялар;
      14) тауар таңбасын, жарнамалық науқанды әзірлеу.
      6. Мыналарды қамтитын ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар:
      1) интернет-ресурстарды әзірлеу және қолдау;
      2) кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) визитка-сайтын құру;
      3) интернетте бизнес құру және жүргізу;
      4) есептерді электронды тапсыру бағдарламасын орнату және қолдау;
      5) «1 С-Бухгалтерия» бағдарламасын орнату және қолдау.
      7. Мыналарды қамтитын мемлекеттік сатып алуға, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуына байланысты көрсетілетін қызметтер:
      1) конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдерді дайындау;
      2) конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдер сараптамасын (аудитін) жүргізу;
      3) Қазақстанның сатып алу бойынша бірыңғай құрылымдалған ақпараттық базасын қамтитын интернет көзіне қосылу;
      4) мемлекеттік және өзге де сатып алуға қатысу үшін жетілдіру мүмкіндігі тұрғысынан кәсіпорын/жеке кәсіпкер құжаттамасының сараптамасы (аудиті);
      5) сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағым жасау;
      6) қазақстандық қамтуды есептеу;
      7) жылдық сатып алу жоспарлары негізінде Қазақстанның мемлекеттік және өзге де сатып алу нарығының сыйымдылығы бойынша талдамалық есептер беру.
      8. Мыналарды қамтитын менеджмент мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер:
      1) өкілеттіктердің аражігін ажырату және кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастыру мәселелері бойынша консультациялар;
      2) кәсіпорынды дамытудың стратегиялық жоспарын (стратегиясын) әзірлеу бойынша консультациялар;
      3) кәсіпорынды дамытудың стратегиялық жоспарын (стратегиясын) әзірлеу;
      4) корпоративтік басқару, корпоративтік саясатты әзірлеу мәселелері бойынша консультациялар;
      5) халықаралық нарыққа шығу стратегиясын әзірлеу бойынша консультациялар;
      6) жобаларды басқару мәселелері бойынша консультациялар;
      7) жобаның техникалық және қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша консультациялар;
      8) қаржылық талдау және жоспарлау бойынша консультациялар;
      9) кәсіпорынның кадр саясатын әзірлеу бойынша консультациялар;
      10) кадрлық іс жүргізу бойынша консультациялар;
      11) персоналға еңбекақы төлеу мәселелері бойынша консультациялар;
      12) персоналды көтермелеудің, бағалаудың және ынталандырудың кешенді жүйесін әзірлеу бойынша консультациялар;
      13) персоналды көтермелеудің, бағалаудың және ынталандырудың кешенді жүйелерін әзірлеу;
      14) кәсіпкерлерді жекешелендіруге қатысуға дайындау.
      288. «Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» құралы экономиканың барлық секторларында әрекет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылады.
      289. Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету ККҚО мен КҚО-да, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өтінімдерінің жинақталу шамасына қарай КҚҰО арқылы ауылдық елді мекендерге бару жолымен жүзеге асырылады.
      290. Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету тетігі:
      1) уәкілетті орган мен Қаржылай емес қолдау операторы арасында қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты жасалады;
      2) қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсетуді қаржыландыру уәкілетті орган мен Қаржылай емес қолдау операторы арасындағы қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартына қол қою жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы өңірдің кәсіпкерлерін қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсетудің басталуы мен орны туралы хабардар етуді ай сайын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізеді.
      291. Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартының шеңберінде:
      1) Қаржылай емес қолдау операторы есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартында көрсетілген нысан бойынша құралдың іске асырылуы туралы есепті жібереді;
      2) Қаржылай емес қолдау операторы есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, құралдың іске асырылу мониторингін жүргізу мақсатында құралдың іске асырылуы туралы мәліметтерді жібереді;
      3) Қаржы агенттігі қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу әдістемесіне (бұдан әрі - әдістеме) сәйкес құралдың іске асырылуы туралы мониторингті жүзеге асырады.
      292. Әдістемені Қаржылай емес қолдау операторымен келісу бойынша қаржы агенттігі әзірлейді және ол уәкілетті органның шешімімен бекітіледі.
      Қаржы агенттігі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей, ай сайынғы негізде уәкілетті органға әдістемеде көрсетілген нысан бойынша құралдың іске асырылу мониторингі туралы есепті жібереді.
      293. Қаржылай емес қолдау операторы қаржы жылындағы 12 ай бойы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге үздіксіз сервистік қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

      «Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері
бойынша консультациялар беру» құралы

      294. «Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша консультациялар беру» құралы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің сауаттылығын, құжаттар мен техникалық шарттарды алу кезінде олардың заңнамалық рәсімдер мен талаптар туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған.
      295. «Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша консультациялар беру» құралы рұқсат құжатын немесе техникалық шартты алуға ниеттенген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.
      296. Осы құралды іске асыру мақсатында Қаржылай емес қолдау операторы әрбір рұқсат құжаты мен техникалық шарт бойынша анықтамалық әзірлейді, онда рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алуға қойылатын талаптар, оның ішінде ұсынылатын қажетті құжаттардың тізбесі, оларды беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган мен ұйым туралы ақпарат, рұқсат құжаттары мен техникалық шарттардың берілу орны мен уақыты, сондай-ақ рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу бойынша қадамдық ұсынымдар көзделеді.
      297. Әрбір рұқсат құжаты мен техникалық шарт бойынша анықтамалық рұқсат құжаттары мен техникалық шарттардың берілуін регламенттейтін заңнамадағы өзгерістерге сәйкес үнемі жаңартылып тұруға тиіс.
      298. Консультациялар әрбір рұқсат құжаты мен техникалық шарт бойынша анықтамалықтардың мазмұнына сәйкес жүзеге асырылады, бұлар консультация берілгеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде табысталады.
      299. Құралды іске асыруды қаржыландыру уәкілетті орган мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

      Функционалдық бағыт: кәсіпкерлердің өнімділігін
жоғарылату

      «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын
енгізу, кәсіпорындардың өнімділігін жоғарылату және энергия
үнемдеуі мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту»
құралы

      300. «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігін жоғарылату және энергия үнемдеуі мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту» құралы мынадай құрауыштарды іске асыруды көздейді:
      1) «Алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық жобаларын сыртқы консультанттарды тарту жолымен бірлесіп қаржыландыру (Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы)»;
      2) «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (Аға Сеньорлар)».

      «Алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық
жобаларын сыртқы консультанттарды тарту жолымен бірлесіп
қаржыландыру (Қазақстан Республикасының шағын және орта
кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы)» құрауышы

      301. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шағын және орта кәсіпкерліктің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарына сыртқы консультанттар жүзеге асыратын консультациялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру және нарықты дамыту жөніндегі іс-шараларды жүргізу жолымен қолдау көрсетуге бағытталған.
      302. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберіндегі қолдау Бағдарлама шеңберінде қызметін экономиканың басым секторларында және ИИДМБ-да анықталған өңдеуші өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын, қаржылық тұрғыдан орнықты әрі өсу әлеуеті жоғары және Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын консультациялық жоба шығындарының жалпы құнының бір бөлігін жабуға әзір шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.
      303. Еуразия Қайта құру және Даму банкі (бұдан әрі - ЕҚДБ) Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының операторы болып табылады.
      304. Базалық және қосымша критерийлерге сай келетін кәсіпорындар Бағдарламаға қатыса алады.
      305. Базалық іріктеу критерийлері:
      1) қатысушылар - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері;
      2) меншік нысаны - бақылау пакеті Қазақстан Республикасының азаматтарында болатын жеке кәсіпорын (капиталдағы шетелдік қатысу 49%-дан аспайды);
      3) қызмет саласы - банктік қызметтерді, темекі өнімдерінің өндірісін, құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу жөніндегі қызметті, әскери мақсаттағы өнімдер шығаруды немесе қызметтер көрсетуді қоспағанда, Бағдарлама шеңберіндегі экономиканың барлық басым секторларындағы қызмет;
      4) шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы тәжірибе - өтінім берген кездегі 2 (екі) жыл;
      5) Бағдарламаға қатысуға арналған өтінім құжаттамасының толық пакеті - ЕҚДБ стандартты нысанына сай толтырылған өтінімнің түпнұсқасы, құрылтай құжаттарының көшірмелері, алдыңғы өткен толық екі жыл және өтінім берген кездегі ағымдағы қаржы кезеңі үшін қаржылық есептердің көшірмелері.
      306. Қосымша іріктеу критерийлері (бұл критерийлерге сәйкестікті кәсіпорынды тексеру және диагностикалау бойынша ЕҚДБ стандартты рәсімдерін орындағаннан кейін, ЕҚДБ жергілікті мамандарының тобы бағалайды):
      1) өміршеңдігі - көрнекі бәсекелік артықшылықтардың болуы тұрғысынан одан әрі өсу әлеуеті, кірістілік (жағымды жалпы кіріс), консультациялық жобаларды енгізу және олардың нәтижелерін қолдану үшін қаржылық және операциялық жеткілікті ресурстардың болуы; ЕҚДБ банкроттыққа жақын күйдегі немесе толық қайта құрылымдауды қажет ететін кәсіпорындарға қолдау көрсетпейді;
      2) басшылық тарапынан қатынас - ЕҚДБ мамандарымен және консалтингтік компаниялармен ынтымақтастыққа әзірлік;
      3) жоғары бедел/парасаттылық - кәсіпорын мен оның басшысы сенімді әрі беделі жоғары болуға тиіс;
      4) штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжірибесі - іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтерді алуға шынайы қажеттілік, сондай-ақ штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжірибесі жұмыс тәжірибесі аз болса немесе мұндай тәжірибесі болмаса, көрсетілетін қолдауды қолдана білу қабілеті және (немесе) жобаны толық көлемде қаржыландыру үшін қаражаттың болмауы;
      5) қаржылық міндеттемелер - кәсіпорын жобаны іске асырудың жалпы құнының 25 - 75%-ын төлеуге әзір болуға және мұндай мүмкіндігі болуы тиіс.
      307. ЕҚДБ біліктілік алдында іріктеу жүргізеді және Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға қойылатын талаптарға сай келетін консультациялық көрсетілетін қызметтерді берушілердің дерекқорын жүргізеді.
      308. Консультанттар нақты бейіндегі консультациялық қызметтер көрсету және нақты білім салаларында жұмыс істеу үшін біліктілігінің бар-жоғын бағалаудан өтеді:
      1) жұмыс тәжірибесі - компания қызметінің сипаттамасы, оны мемлекеттік тізілімде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, меншік құқығы туралы куәлік (жарғыдан және (немесе) құрылтай шартынан үзінді көшірме), егер жарамды болса, алдыңғы өткен кемінде екі жыл үшін жылдық қаржылық есептілік (кірістер мен шығындар туралы есеп, ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп, теңгерім), консультациялық көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша төлем мөлшерлемелері бөліп көрсетілген компанияның/дара консультанттың мамандану сипаты;
      2) клиентпен жұмыс және ұсынымдар - пікірлер мен ұсынымдарды қоса алғанда, соңғы 2-3 жыл үшін іске асырылған жобалардың сипаты (консалтингтік компанияның мамандануы шеңберінде);
      3) кадрлармен жасақталу - барлық консультанттармен сұхбаттасу және олардың түйіндемелерін алу.
      309. Кәсіпорын қажеттіліктері айқындалғаннан және белгіленген нысан бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге техникалық тапсырма дайындалғаннан кейін жобаны орындау үшін Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде белгіленген талаптарға сай келетін консалтингтік компаниялардың коммерциялық ұсыныстарына сұраныс жасауға болады. Консультантты түпкілікті таңдау құқығы кәсіпорынның өзінде болады. Бірінші жоба сәтті іске асырылмайынша, консультанттардың басқа жобаларды қатар орындауына тыйым салынады.
      310. Қолдау көрсетілетін жобалар КҚО және Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа бастамалары шеңберінде көрсетілетін қызметтерді толықтырып отырады. Олар басқаларымен қатар консультациялық көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлерін қамтуы мүмкін:
      1) стратегиялық менеджмент:
      стратегиялық жоспарлау
      бизнес-жоспарлау
      техникалық және қаржылық-экономикалық негіздеме әзірлеу
      қаржылық талдау және жоспарлау әріптестерді іздеу
      2) маркетинг-менеджмент:
      сатылымдарды басқару
      маркетингтік зерттеулер
      маркетингтік стратегия әзірлеу
      брендинг және ілгерілету
      электронды маркетинг
      3) ұйымдық менеджмент:
      ұйымдық даму
      адами ресурстарды басқару
      4) операциялық менеджмент:
      бизнес-процестердің реинжинирингі
      жеткізу тізбектерін басқару
      5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар:
      салалық автоматтандыру жүйелері
      құжат айналымын автоматтандыру жүйелері
      ІТ-инфрақұрылым
      өндірістік процестерді автоматтандыру жүйелері
      менеджменттің корпоративтік ақпараттық жүйелері
      6) инженерлік-конструкторлық әзірлемелер:
      өндірістік желілерді оңтайландыру
      сәулеттік жоспарлау/дизайн
      инфрақұрылым мен коммуналдық желілерді жоспарлау
      7) сапа менеджменті:
      сапа менеджмент жүйелерін енгізу
      тағам өнімдерінің қауіпсіздік жүйесін енгізу
      өндірістегі қауіпсіздік жүйелерін енгізу
      өнімнің қауіпсіздік жүйелерін енгізу
      8) энергия және ресурс тиімділігі:
      энергия аудиті, сертификаттау және рейтингтер беру
      энергоменеджмент жүйелерін енгізу
      энергия тиімділігі саласында инженерлік-конструкторлық шешімдерді енгізу
      жаңартылатын энергия көздерін енгізу
      9) экологиялық менеджмент:
      экологиялық аудит және қоршаған ортаға әсерді бағалау
      экологиялық менеджмент жүйелерін енгізу
      экология саласында инженерлік-конструкторлық шешімдерді енгізу
      10) есеп және қаржылық есептілік:
      қаржылық басқару және есепке алу жүйелерін енгізу
      аудиттелетін қаржылық есептілікті дайындау үшін қаржылық ақпаратты өңдеу
      кәсіпорынды басқару және есептілікті жүргізу үшін талап етілетін қаржылық ақпаратты жетілдіру үшін есепке алу саясатын іске асыру саласындағы консультациялар
      ұлттық/халықаралық стандарттарға (ҚЕҰС/ҚЕХС) сәйкес қаржылық есептілікті жетілдіру.
      311. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру мерзімі жобаның мазмұнына байланысты болады, алайда, әдетте, төрт айдан алты айға дейін болады.
      312. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру тетігі:
      1) ЕҚДБ және/немесе қаржы агенттігі Қазақстан Республикасының әр өңірінде кәсіпкерлерді Бағдарламаға қатысу критерийлері туралы ақпарат пен өтінім пакетіне қойылатын талаптарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеуетті клиенттерге жобалық өтінімді дайындауға жәрдем көрсетеді;
      2) өтініш беруші ЕҚДБ бағдарламасының жәрдемімен қолдау алуға өтінімді және қажетті құжаттар пакетін (оның ішінде Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының стандартты нысанына сай толтырылған өтінімнің түпнұсқасы, құрылтай құжаттарының көшірмелері, жарғы, алдыңғы өткен толық екі жыл және өтінім берген кездегі ағымдағы қаржы кезеңі үшін қаржылық есептердің көшірмелері ЕҚДБ-на ұсынады;
      3) кәсіпорынды тексеру және диагностикалау бойынша Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының стандартты рәсімдері орындалғаннан кейін оның өміршеңдігін, оның қажеттіліктері мен басымдықтарын айқындау және өтінім бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін оның іріктеу критерийлеріне сәйкестігін бағалау мақсатында ЕҚДБ маманы кәсіпорынға барады;
      4) ЕҚДБ маманы Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға өтініш берушілердің жиынтық тізбесін қалыптастырады әрі мүдделі кәсіпорындар туралы ақпаратты тіркеумен және сақтаумен айналысады. Бұдан соң Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға мақұлдау алған кәсіпкерлердің орналасқан жеріндегі ӨҮК-ті хабардар ету мақсатында олардың жиынтық тізбесін ұсынады;
      5) әлеуетті консультациялық жоба кәсіпорын басшылығымен талқыланады;
      6) ЕҚДБ кәсіпорын үшін жергілікті және халықаралық сарапшылардың дерекқорынан жобаны іске асыруға жарамды консалтингтік компаниялардың және/немесе сарапшылардың тізімін дайындайды және жоба бойынша әлеуетті консультанттармен, атап айтқанда халықаралық сарапшылармен келіссөздер жүргізуге жәрдемдеседі;
      7) өтініш беруші консалтингтік компанияны және/немесе сарапшыны таңдау туралы түпкілікті шешім қабылдайды;
      8) кәсіпорын мен консалтингтік компания бірлесіп, белгіленген нысан бойынша техникалық тапсырма әзірлейді, ол ЕҚДБ тарапынан келісілуге және бекітілуге тиіс;
      9) ЕҚДБ гранттар бойынша қолданыстағы матрица-нұсқаулыққа сүйене отырып, консультациялық жобаны бірлесіп қаржыландыру көлемі бойынша шешім қабылдайды;
      10) кәсіпорын мен консалтингтік компания ЕҚДБ мақұлдаған жобаға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес консультациялық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады;
      11) ЕҚДБ мен кәсіпорын Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде консультациялық жобаға грант беру туралы келісім жасасады.
      313. ЕҚДБ жобаның іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;
      314. Жоба аяқталғаннан кейін консультант қорытынды презентация өткізеді және бенефициар-кәсіпорын мен ЕҚДБ-ға жобаның нәтижелері туралы есеп береді.
      315. Кәсіпорын консультантқа консультациялық қызметтер көрсету шартына сәйкес соманы төлейді.
      316. Орындалған жұмыстардың мәлімделген техникалық тапсырмаға сәйкестігін, жоба сәтті аяқталғаннан және консультациялық қызметтер көрсету туралы шартқа сәйкес кәсіпорынның консультантқа жобаның құнын төлеу фактісін тексергеннен кейін ЕҚДБ бенефициар-кәсіпорынға Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде грант беру туралы қол қойылған келісімге сәйкес грант төлейді.
      317. Жоба аяқталғаннан кейін бір жыл өткен соң ЕҚДБ бенефициар-кәсіпорын жұмысының тиімділігіне әсерін бағалау үшін барып, жобаға қорытынды баға береді.
      318. ЕҚДБ жыл сайын уәкілетті органға құрауыштың іске асырылу барысы туралы есеп береді.

      «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын,
жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша
біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (аға сеньорлар)»
құрауышы

      319. «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (аға сеньорлар)» құрауышы басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша құрауышқа қатысушыларға тікелей кәсіпорындарда консультация беру үшін жемісті жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға бағытталған.
      320. Қазақстан Республикасының аумағында «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (аға сеньорлар)» құрауышын ұйымдастырушылық сүйемелдеуді қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап халықаралық және шетелдік ұйымдардың (бұдан әрі - ХШҰ) жәрдемімен қаржылай емес қолдау операторы жүзеге асырады.
      321. «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (аға сеньорлар)» құрауышын іске асыру шарттары:
      1) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құрауышқа қатысушы бола алады;
      2) құрауыш бойынша шетелдік сарапшыларды тарту бойынша шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады;
      3) шетелдік сарапшылардың ұшуы және көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады;
      4) шетелдік сарапшылардың көліктік және тәуліктік шығыстары, сондай-ақ олардың Қазақстан аумағында тұруы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      322. «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (аға сеньорлар)» құрауышын іске асыру тетігі:
      1) қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісімен бірге шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін құрауышты іске асыру шарттары туралы тікелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді;
      2) өтініш беруші шетелдік мамандарды тартуға өтінімді КҚКО-ға береді;
      3) қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы өтінімдерді қарап, өтініш білдірушінің Бағдарлама шарттарына сәйкестігі тұрғысынан іріктеу жүргізеді. Іріктеп алынған өтінімдердің ішінен қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы жиынтық өтінімді қалыптастырады және уәкілетті органға келісуге жолдайды;
      4) шетелдік мамандарды тарту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыру үшін уәкілетті орган қаржы агенттігіне, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторына қатысушылардың келісілген тізімін жолдайды;
      5) қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы ХШҰ-мен бірлесіп, шетелдік мамандарды тартуды қамтамасыз етеді;
      6) шетелдік мамандардың әр миссиясы аяқталған соң ХШҰ қаржы агенттігіне, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторына жұмыс нәтижелері туралы есеп жолдайды.
      323. Құрауышты іске асыруды қаржыландыру уәкілетті орган мен қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы арасында тиісті келісім жасасу жолымен республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

      «Кәсіпорындарды технологиялық дамыту» құралы

      324. «Кәсіпорындарды технологиялық дамыту» құралы мынадай құрауыштарды іске асыруды көздейді:
      1) «Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау»;
      2) «Технологиялық процестерді жетілдіру»;
      3) «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру»;
      4) «Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау».

      «Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу
және/немесе сараптау» құрауышы

      325. «Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құрауышы «Өнімділік - 2020» бағдарламасының шеңберінде лизингтік қаржыландыруды алу үшін инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге, карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге және/немесе сараптауға бағытталған.
      326. «Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құрауышы қызметін «Өнімділік - 2020» бағдарламасында айқындалған экономиканың басым секторларында кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырып келе жатқан кәсіпкерлерге ұсынылады.
      327. «Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құрауышының шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтер үшін шығындарды ішінара өтеу жүзеге асырылады.
      328. «Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құрауышы шеңберінде мыналар көзделеді:
      «Өнімділік - 2020» бағдарламасының шеңберінде лизингтік қаржыландыруды алу үшін инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу үшін шығындардың 50%-ы мөлшеріндегі, бірақ 2 млн. теңгеден аспайтын шығыстарды төлеу;
      карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және қажет болған жағдайда сараптау үшін өтінім берілген күнге дейін жүргізілгеніне 12 (он екі) айдан артық уақыт өтпеген шығындардың 50%-ы мөлшеріндегі, бірақ 15 млн. теңгеден аспайтын және құрылыс-монтаж жұмыстары сомасының 2%-ынан аспайтын шығыстарды төлеу.
      329. Құрауышты ұсыну тетіктері:
      1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіпкер сай келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орындарын, оларға қоса берілетін құжаттар тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсетіп, өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;
      2) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе операторға құжаттар тізімдемесімен бірге қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы белгіленген талаптарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімдер мен оған қоса берілген құжаттардың толықтығы тұрғысынан тексереді және оларды құрауыш операторына жібереді. Өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды;
      4) өтінім мен қажетті қосымшалардың сәйкессіздігі туралы ақпаратты алғаннан кейін өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға Қаржылай емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;
      5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайтадан қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге құрауыш операторына жібереді;
      6) құрауыш операторы берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді «Өнімділік - 2020» бағдарламасында көзделген тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;
      7) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторын өтініш берушінің әрбір өтінімі бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім жөнінде хабардар етеді;
      8) шығындарды өтеу туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімді қосымшаларымен бірге 2 данада өтініш берушінің қол қоюы үшін жібереді. Шығындарды өтеу туралы келісімге өтініш беруші қол қойғаннан кейін Қаржылай емес қолдау операторы бір данасын «Өнімділік - 2020» бағдарламасында көзделген тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін құрауыш операторына қайтарады;
      9) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көрсетіп, хабарлама жолдайды. Кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні туралы хабарламаның негізділігін қарайды.
      330. Өтініш беруші өтінімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
      331. Өтініш берушіден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      332. Құрауыш операторы құрауышты іске асыру кезінде өтініш берушімен Шығындарды өтеу туралы келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:
      1) құрауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болған жағдайда шығындарды өтеуге жұмсалатын сома туралы түсініктеме;
      2) кейіннен статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін Құрауыш операторының салыстырмалы талдау мен тиімділікті бағалауды жүргізуі мақсатында өтініш берушінің Құрауыш операторына өтініш берілгенге дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және берілгеннен 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;
      3) құрауыш бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, құрауыш операторының өтініш берушіден құрауыштың іске асырылу барысы туралы ақпарат сұрату құқығы;
      4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және құрауыш бойынша шығындарды өтеу түрінде берілген ақшалай қаражатты қайтарып алу.
      333. Құрауыш операторы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде құрауыштың іске асырылу барысы туралы мониторинг жүргізеді.
      334. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауы Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында жасалған тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде Құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша дүркін-дүркін оқытуды жүзеге асырады.
      335. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.

      «Технологиялық процестерді жетілдіру» құрауышы

      336. «Технологиялық процестерді жетілдіру» құрауышы кәсіпорынның жалпы жұмыс істеуін оңтайландыруға (технологиялық аудит, энергия аудиті, ақпараттық технологиялар саласындағы консалтинг және т.б.); өнеркәсіптік дизайн әзірлеуге; инженерлік ойлар мен шешімдерді дайындауға, жаңа конструкцияларды, технологияларды іздеуге және оларды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін анықтауға; өнімді өндіру мен өткізу процесінің қалыпты барысын қамтамасыз ету, сүйемелдеу және басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерге бағытталған.
      337. «Технологиялық процестерді жетілдіру» құрауышы қызметін «Өнімділік - 2020» бағдарламасында айқындалған экономиканың басым секторларында кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырып келе жатқан кәсіпкерлерге ұсынылады.
      338. «Технологиялық процестерді жетілдіру» құрауышының шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтер үшін шығындарды ішінара өтеу жүзеге асырылады.
      339. «Технологиялық процестерді жетілдіру» құрауышы шеңберінде мыналар көзделеді:
      1) жүргізілгеніне өтінім берілген күнге дейін 6 (алты) айдан артық уақыт өтпеген, кәсіпорындарға техникалық диагностика жүргізу үшін кәсіпорын шеккен шығындардың 50%-ы мөлшеріндегі, бірақ шағын және орта кәсіпорындар үшін 8 млн. теңгеден аспайтын, ірі кәсіпорындар үшін 16 млн. теңгеден аспайтын шығыстарды төлеу;
      2) жүргізілгеніне өтінім берілген күнге дейін 6 (алты) айдан артық уақыт өтпеген, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту жолымен жүзеге асырылатын технологиялық процестерді жетілдіру үшін кәсіпорын шеккен шығындардың 40%-ы мөлшеріндегі, бірақ 30 млн. теңгеден аспайтын шығыстарды төлеу.
      340. Құрауышты ұсыну тетіктері:
      1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарына Кәсіпкер сай келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орындарын, оларға қоса берілетін құжаттар тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсетіп, өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;
      2) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрауыш операторына құжаттар тізімдемесімен бірге қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы белгіленген талаптарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімдер мен оған қоса берілген құжаттардың толықтығы тұрғысынан тексереді және оларды құрауыш операторына жібереді. Өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды;
      4) өтінім мен қажетті қосымшалардың сәйкессіздігі туралы ақпаратты алғаннан кейін өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға Қаржылай емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;
      5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайтадан қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге Құрауыш операторына жібереді;
      6) құрауыш операторы берілген өтінім мен оған қоса берілгенқұжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді «Өнімділік - 2020» бағдарламасында көзделген тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;
      7) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторын өтініш берушінің әрбір өтінімі бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім жөнінде хабардар етеді;
      8) шығындарды өтеу туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімді қосымшаларымен бірге 2 данада өтініш берушінің қол қоюы үшін жібереді. Шығындарды өтеу туралы келісімге өтініш беруші қол қойғаннан кейін Қаржылай емес қолдау операторы бір данасын «Өнімділік - 2020» бағдарламасында көзделген тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін құрауыш операторына қайтарады;
      9) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көрсетіп, хабарлама жолдайды. Кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні туралы хабарламаның негізділігін қарайды.
      341. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
      342. Өтініш берушіден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      343. Құрауыш операторы құрауышты іске асыру кезінде өтініш берушімен Шығындарды өтеу туралы келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:
      1) құрауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болған жағдайда шығындарды өтеуге жұмсалатын сома туралы түсініктеме;
      2) кейіннен статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш операторының салыстырмалы талдау мен тиімділікті бағалауды жүргізуі мақсатында өтініш берушінің құрауыш операторына өтініш берілгенге дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және берілгеннен 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;
      3) құрауыш бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, құрауыш операторының өтініш берушіден құрауыштың іске асырылу барысы туралы ақпарат сұрату құқығы;
      4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және құрауыш бойынша шығындарды өтеу түрінде берілген ақшалай қаражатты қайтарып алу.
      344. Құрауыш операторы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде құрауыштың іске асырылу барысы туралы мониторинг жүргізеді.
      345. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында жасалған тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша дүркін-дүркін оқытуды жүзеге асырады.
      346. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.

      «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құрауышы

      347. «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құрауышы өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру үшін отандық кәсіпорындардың басқарушылық және өндірістік деңгейінің өсуін ынталандыруға бағытталған.
      348. «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құрауышы қызметін «Өнімділік - 2020» бағдарламасында айқындалған экономиканың басым секторларында кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырып келе жатқан кәсіпкерлерге ұсынылады.
      349. «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құрауышының шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтер үшін шығындарды ішінара өтеу жүзеге асырылады.
      350. «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құрауышының шеңберінде мыналар көзделеді:
      1) жүргізілгеніне өтінім берілген күнге дейін 6 (алты) айдан артық уақыт өтпеген, өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру жоспарын әзірлеу үшін кәсіпорын шеккен шығындардың 40%-ы мөлшеріндегі, бірақ 5 млн. теңгеден аспайтын шығыстарды төлеу;
      2) жүргізілгеніне өтінім берілген күнге дейін 6 (алты) айдан артық уақыт өтпеген, өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру жоспарын іске асыру шеңберінде кәсіпорын шеккен шығындардың 40%-ы мөлшеріндегі, бірақ 15 млн. теңгеден аспайтын шығыстарды төлеу.
      351. Құрауышты ұсыну тетіктері:
      1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіпкер сай келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орындарын, оларға қоса берілетін құжаттар тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсетіп, өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;
      2) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрауыш операторына құжаттар тізімдемесімен бірге қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы белгіленген талаптарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімдер мен оған қоса берілген құжаттардың толықтығы тұрғысынан тексереді және оларды құрауыш операторына жібереді. Өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды;
      4) өтінім мен қажетті қосымшалардың сәйкессіздігі туралы ақпаратты алғаннан кейін өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға Қаржылай емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;
      5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайтадан қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге құрауыш операторына жібереді;
      6) құрауыш операторы берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді «Өнімділік - 2020» бағдарламасында көзделген тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;
      7) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторын өтініш берушінің әрбір өтінімі бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім жөнінде хабардар етеді;
      8) шығындарды өтеу туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімді қосымшаларымен бірге 2 данада өтініш берушінің қол қоюы үшін жібереді. Шығындарды өтеу туралы келісімге өтініш беруші қол қойғаннан кейін Қаржылай емес қолдау операторы бір данасын «Өнімділік - 2020» бағдарламасында көзделген тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін құрауыш операторына қайтарады.
      9) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көрсетіп, хабарлама жолдайды. Кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні туралы хабарламаның негізділігін қарайды.
      352. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
      353. Өтініш берушіден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      354. Құрауыш операторы құрауышты іске асыру кезінде өтініш берушімен Шығындарды өтеу туралы келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:
      1) құрауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болған жағдайда шығындарды өтеуге жұмсалатын сома туралы түсініктеме;
      2) кейіннен статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш операторының салыстырмалы талдау мен тиімділікті бағалауды жүргізуі мақсатында өтініш берушінің құрауыш операторына өтініш берілгенге дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және берілгеннен 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;
      3) құрауыш бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, құрауыш операторының өтініш берушіден құрауыштың іске асырылу барысы туралы ақпарат сұрату құқығы;
      4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және құрауыш бойынша шығындарды өтеу түрінде берілген ақшалай қаражатты қайтарып алу.
      355. Құрауыш операторы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде құрауыштың іске асырылу барысы туралы мониторинг жүргізеді.
      356. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында жасалған тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша дүркін-дүркін оқытуды жүзеге асырады.
      357. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.

      «Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN
және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау» құрауышы

      358. «Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау» құрауышы халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттауға бағытталған.
      359. «Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау» құрауышы мынадай критерийлерге сай келетін:
      1) бюджет алдында берешегі жоқ және 2 жыл бойы жылдың соңына оң теңгерімдік сальдосы бар;
      2) отандық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірушілер болып табылатын;
      3) өтінімдерді қабылдау туралы хабарлама шыққанға дейін соңғы 2 (екі) қаржы жылында шығын шеккен кәсіпкерлерге ұсынылады.
      360. «Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау» құрауышының шеңберінде халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау кезінде кәсіпкер шеккен шығындардың бөлігін өтеу жүзеге асырылады.
      361. Құрауыш шеңберінде өтеуге ұсынылған соманың 50%-ын құрайтын, бірақ бір өтініш берушіге үш мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде кәсіпкерлердің негізделген және құжаттамамен расталған шығындарын өтеу көзделеді.
      Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 922 қаулысымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында белгіленеді.
      362. Құрауыш шеңберінде шығындардың бір бөлігін өтеу тетіктері:
      1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіпкер сай келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орындарын, оларға қоса берілетін құжаттар тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсетіп, өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;
      2) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға құжаттар тізімдемесімен бірге қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы белгіленген талаптарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімдер мен оған қоса берілген құжаттардың толықтығы тұрғысынан тексереді және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды;
      4) өтінім мен қажетті қосымшалардың сәйкессіздігі туралы ақпаратты алғаннан кейін өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға Қаржылай емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;
      5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайтадан қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге құрауыш операторына жібереді;
      6) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторы ұсынған өтінімді қоса берілген құжаттарымен бірге 2 (екі) жұмыс күні ішінде толықтығы тұрғысынан қарайды. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, құрауыш операторы өтінімді қараудан бас тартады және оны Қаржылай емес қолдау операторына қайтарады;
      7) құжаттар пакеті толық ұсынылған жағдайда, құрауыш операторы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады;
      8) берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, құрауыш операторы өтініш берушіге тиісті хабарлама жіберіп, бұл жөнінде Қаржылай емес қолдау операторын хабардар етеді;
      9) құрауыш операторынан өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні туралы ақпарат алған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушінің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау бойынша шаралар қолданады.
      363. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
      Өтініш берушіден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      364. Құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына қабылданған өтінімдерді қарау нәтижелері туралы хабарлайды.
      365. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында жасалған тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша дүркін-дүркін оқытуды жүзеге асырады.
      366. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.

      Функционалдық бағыт: іскерлік байланыстарды кеңейту

      «Іскерлік байланыстар» құралы

      367. «Іскерлік байланыстар» құралы Бағдарлама шеңберінде өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне халықаралық және шетелдік ұйымдардың (бұдан әрі - ХШҰ) қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен қолдау көрсетуге бағытталған.
      368. «Іскерлік байланыстар» құралы Бағдарлама шеңберінде өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары және орта буын басшыларына ұсынылады.
      369. «Іскерлік байланыстар» құралы екі кезеңнен тұрады.
      370. Бірінші кезең Қазақстан аумағында жүзеге асырылады. Бұл кезеңде кәсіпкерлікті жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін, маркетингті, бизнес-әріптестермен іскерлік байланыс орнатуды және басқаларды оқытуға бағытталған бизнес-тренингтер ұйымдастыру жолымен Бағдарлама шеңберінде өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары және орта буын басшыларының біліктілігін жоғарылату жүргізіледі. Оқыту процесінде құралға қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-жаттықтырушылардың жетекшілігімен өз кәсіпорнының бизнес-жоспарларын әзірлейді.
      371. Бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейін берілген консультацияларға сәйкес құралға қатысушылар бизнес-жоспарларды өз бетінше пысықтайды және кейіннен «Шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату» құралының екінші кезеңіне конкурстық іріктеуге қатыса алады.
      372. Екінші кезең құралға қатысушылар үшін шет елдерде тақырыптық бизнес-тағылымдаманы көздейді және ұқсас бейіндегі шетелдік кәсіпорындарда тағылымдамадан өту мен шетелдік әріптестерімен мынадай мәселелер бойынша іскерлік қатынастар орнатуды қамтиды:
      1) технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу;
      2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өзара жеткізу;
      3) франшизаларды сатып алу;
      4) халықаралық және шетелдік ұйымдардың гранттарын алу;
      5) бірлескен кәсіпорындар құру.
      373. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыруға құралға қатысушылардың қажеттіліктері мен қабылдаушы елдер салаларының даму деңгейлерін ескере отырып, ХШҰ жәрдемдеседі.
      374. ХШҰ-мен өзара іс-қимыл жасау Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ХШҰ арасындағы ынтымақтастық туралы қолданыстағы халықаралық келісімдер шеңберінде жүзеге асырылады.
      375. Құрал іс-шараларын қаржыландыру уәкілетті орган мен қаржы агенттігінің, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторының арасында тиісті келісім жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ХШҰ байланысты және байланыссыз гранттарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Құралға қатысушылар көліктік шығыстар мен Қазақстан аумағында тұруға жұмсалатын шығындары өздері төлейді.
      376. «Іскерлік байланыстар» құралының бірінші кезеңін іске асыру тетігі:
      1) қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес білім беру мекемесін анықтап, онымен бизнес-тренингтер өткізуге және шет елдерде тағылымдама ұйымдастыруға жәрдемдесуге шарт жасасады;
      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі тікелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Бағдарламаға әлеуетті қатысушыларды құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабардар етеді;
      3) өтініш беруші жобаға қатысуға өтінімді КҚКО-ға береді. Бұл ретте өтініш беруші құралды іске асыруға байланысты мониторинг немесе өзге де іс-қимыл жүргізуге қажетті, коммерциялық құпия болып табылмайтын мәліметтер мен деректердің бәрін беретіні туралы жазбаша міндеттемеге қол қояды;
      4) қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінімдерді қарастырып, өтінімдерге іріктеу жасайды және құрал шарттарына сәйкес келетін өтініш берушілерге оқуға жолдама береді. Іріктеп алынған өтінімдердің ішінен қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы жиынтық өтінім қалыптастырады, оны салалар бойынша топтастырып, бизнес-тренингтер және кейіннен тақырыптық бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру жөніндегі ұсыныспен бірге уәкілетті органға келісуге жолдайды;
      5) уәкілетті орган күнтізбелік 5 (күн) ішінде құралға қатысушылардың мақұлданған тізімдерін бизнес-тренингтерді дайындау бойынша тиісті жұмыстар жүргізу үшін қаржы агенттігіне, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторына жолдайды;
      6) білім беру мекемесі оқу бағдарламасын әзірлеп, оны қаржы агенттігімен, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторымен келіседі;
      7) қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы оқу бағдарламасын уәкілетті органға келісу үшін жолдайды;
      8) уәкілетті орган оқу бағдарламасын бекіткеннен кейін білім беру мекемесі құралға қатысушылар үшін бизнес-тренингтер ұйымдастырады;
      9) білім беру мекемесі бизнес-тренингтер жүргізуге сол салаларда тиісті біліктілігі бар шетелдік және отандық оқыту орталықтарын, консалтингтік компанияларды, бизнес-жаттықтырушылар мен сарапшыларды тартады;
      10) бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейін құралдың екінші кезеңіне қатысуға ниет білдірген құралға қатысушылар өз бизнес-жоспарларын тікелей кәсіпорында пысықтайды және пысықталған бизнес-жоспарларын білім беру мекемесіне ұсынады;
      11) білім беру мекемесі қаржы агенттігімен, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторымен бірге құралға қатысушылардың бизнес-жоспарларын қорғауды ұйымдастырады;
      12) құралдың екінші кезеңіне қатысу үшін «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрауышы шеңберінде оқытудан өткен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері де өтінім бере алады.
      377. «Іскерлік байланыстар» құралының екінші кезеңін іске асыру тетігі:
      1) ХШҰ қаржы агенттігімен, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторымен және білім беру мекемесімен бірге құралдың бірінші кезеңі шеңберінде әзірленген, ұсынылған үздік бизнес-жоспарларға іріктеу жүргізеді және құралдың екінші кезеңіне қатысу үшін қатысушылар тізбесін уәкілетті органға енгізеді;
      2) ХШҰ топтық бағдарламалар күнтізбесін жасайды және тақырыптық бизнес-тағылымдамалар өткізу үшін әріптес-кәсіпорындар іздеуді жүзеге асырып, құралға қатысушыларды шетелдік тағылымдамаға жібереді;
      3) тағылымдама қорытындылары бойынша қатысушылар өздері алған білімді, тәжірибе мен технологияларды есепке ала отырып, кәсіпорынды дамытудың егжей-тегжейлі жоспарын дайындайды;
      4) қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы ХШҰ-мен бірге Бағдарламаға қатысушы-кәсіпорындардың даму жоспарларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді.

      «Отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді
ілгерілету» құралы

      378. «Отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету» құралы қазақстандық кәсіпкерлердің кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға, шет мемлекеттердің кәсіпорындарымен іскерлік байланыстар орнатуға, қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілетуге бағытталған.
      379. «Отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету» құралы тізбеде көзделген отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді ілгерілететін, сондай-ақ мынадай критерийлерге сай келетін:
      1) Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (КО СЭҚ БТН) белгілерінің 6 және одан көп деңгейіндегі тауар позицияларына сәйкес келетін өнім мен тізбеге қосылған көрсетілетін қызметтердің бір бөлігін немесе бәрін өндіруді немесе өткізуді жүзеге асыратын;
      2) өз өнімін ілгерілету бойынша:
      тізбеде көзделген өнімді, көрсетілетін қызметтерді ілгерілетуге байланысты шығындар түрлеріне жататын;
      индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін 2 (екі) жылдай аспайтын уақытта шеккен шығындар туралы мәліметтері бар индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне ұсынылады.
      380. «Отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету» құралы шеңберінде отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шеккен шығындардың бір бөлігін өтеу ұсынылады.
      381. Отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шеккен шығындардың бір бөлігі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттар үшін көзделген қаражат шегінде өтеледі.
      382. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның шешімімен бекітілетін Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында айқындалған шығындар түрлері бойынша жүргізіледі.
      383. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шеңберінде негізделген және құжаттамамен расталған шығындар өтеуге ұсынылған соманың 50%-ы мөлшерінде жанама салықтар (қосылған құн салығы мен акциздер) ескерілмей өтеледі. Өтелетін шығындар сомасына жанама салықтар (қосылған құн салығы мен акциздер) сомасы қосылмайды.
      384. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады. Бұл ретте шетелдік валютада жұмсалған шығындарды қайта есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күні қолданыста болған валюталар бағамы бойынша жүзеге асырылады.
      385. Шығындардың бір бөлігін өтеу тетіктері:
      1) құрауыш операторы бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіпкер сай келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орындарын, оларға қоса берілетін құжаттар тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсетіп, өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады. Қаржылай емес қолдау операторы да мәтіні құрауыш операторы жариялаған хабарландырудың мәтініне сәйкес болуға тиіс бұл хабарландыруды өз есебінен орналастыра алады және өз бетінше консультациялық қолдау бере алады;
      2) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрауыш операторына құжаттар тізімдемесімен бірге қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
      3) құжаттар КҚКО-ға тапсырылған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы белгіленген талаптарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімдер мен оған қоса берілген құжаттардың толықтығы тұрғысынан қарайды және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды;
      4) өтінім мен қажетті қосымшалардың сәйкессіздігі туралы ақпаратты алғаннан кейін өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға Қаржылай емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;
      5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайтадан қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге құрауыш операторына жібереді. КҚКО-ға өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығы, заңнамаға және тізімдемеге сәйкестігі үшін жауапкершілік Қаржылай емес қолдау операторына жүктеледі;
      6) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторы ұсынған өтінімді қоса берілген құжаттарымен бірге 2 (екі) жұмыс күні ішінде толықтығы тұрғысынан қарайды. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, құрауыш операторы өтінімді қараудан бас тартады және оны Қаржылай емес қолдау операторына қайтарады;
      7) құжаттар пакеті толық ұсынылған жағдайда, құрауыш операторы «Өнімділік - 2020» бағдарламасында көзделген тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады;
      8) берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, құрауыш операторы өтініш берушіге уәжделген хабарлама жіберіп, бұл жөнінде Қаржылай емес қолдау операторын міндетті түрде хабардар етеді;
      9) ұсынылған өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталмаған жағдайда, құрауышты одан әрі іске асыру «Өнімділік - 2020» бағдарламасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады;
      10) құрауыш операторынан өтініш берушіге мемлекеттік қолдау көрсетуден бас тарту туралы хабарлама алған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы кәсіпкердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында құрауыш операторының шешімін негізділігі тұрғысынан қарайды.
      386. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
      387. Өтініш берушіден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      388. Құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушілер КҚКО арқылы берген өтінімдер бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары туралы ақпарат жібереді.
      389. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында жасалған тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша дүркін-дүркін оқытуды жүзеге асырады.
      390. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.

      Бағдарламаны іске асыру мониторингі

      391. Бағдарламаны іске асыру мониторингі оның нысаналы индикаторларына, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне толық және уақтылы қол жеткізуді, Бағдарламаны іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы үнемі ақпарат алуды, сондай-ақ Бағдарламаны, оның ішінде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың сыртқы және ішкі құбылмалы факторларын ескере отырып, оның құралдары мен тетіктерін уақтылы өзектілендіруді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
      392. Бағдарлама мониторингі үш деңгейде жүргізіледі:
      1) статистикалық көрсеткіштерді талдау кәсіпкерлік санаттары, мемлекеттік қолдау түрлері, салалық және өңірлік тиесілілік бөлінісінде ұсынылатын қызметтер саны мен қолдау құралдарының тізбесі бойынша көрсеткіштерді жинау мен өңдеуге бағытталған;
      2) Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасының аудиті Бағдарлама құралдарын алушылардың қанағаттануын, ұсынылатын мемлекеттік қолдау құралдарының жеткіліктілігі мен толықтығын бағалауды көздейтін Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасын бағалауға бағытталған;
      3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті мемлекеттік қолдау құралдарының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметінің түпкілікті сапасы мен нәтижелілігіне ықпалын субъективті бағалауға, сондай-ақ Бағдарлама құралдарының әлеуметтік, бюджеттік және экономикалық тиімділігін объективті бағалауға бағытталған.
      393. Бағдарламаны пайдаланушының портретін сипаттауға, кәсіпкерлік қызметінің нәтижелілігінің жақсаруын/нашарлауын экономикалық немесе басқарушылық тұрғыдан бағалауға, сондай-ақ қолдау құралдарын алу жылдамдығы мен сапасын анықтайтын Бағдарламаның ішкі факторларына баға беруге қабілетті кешенді талдамалық есеп мониторинг қорытындысы болып табылады.
      394. Мониторинг жүргізу үшін:
      1) ұлттық және ведомстволық статистика;
      2) Бағдарлама құралдарын алу кезінде толтырылатын бастапқы нысандар;
      3) кәсіпкерлердің көрсетілген қызметтер сапасына қанағаттануын бағалауға арналған нысандар;
      4) мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлерге телефон арқылы және тікелей сауалнама жүргізу;
      5) кәсіпкерлермен өткізілген семинарлар, кеңестер, кездесулер ақпарат көзі болып табылады.
      395. Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттары шеңберінде статистикалық көрсеткіштерді талдауды, сапа мен нәтижелілік аудитін қаржы агенттігі жүргізеді.
      396. Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде статистикалық көрсеткіштерді талдауды, сапа мен нәтижелілік аудитін Қаржылай емес қолдау операторы жүргізеді.
      397. Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасының аудитін қаржы агенттігі мен Қаржылай емес қолдау операторы телефонмен және тікелей сауалнама өткізу арқылы жүргізеді. Сауалнама жүргізу үшін қаржы агенттігі мен Қаржылай емес қолдау операторы білікті мамандарды бөледі, олар қызметтерді ұсыну сапасының тікелей мониторингін жүзеге асырады. Тікелей сауалнама кәсіпкер толтыратын сауалнама парағының негізінде жүргізіледі.
      398. Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті статистикалық көрсеткіштерді талдау, Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасы аудитінің нәтижелері, оның ішінде Бағдарлама құралдарын пайдаланғаннан кейін өздері алған әлеуметтік, бюджеттік және экономикалық нәтижелерді көрсетіп, кәсіпкерлер есеп беретін семинарлар мен кездесулердің қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
      399. Бір жылдық статистикалық көрсеткіштерді, сапа және нәтижелілік аудитін талдау нәтижелерін қолдана отырып, Бағдарламаның тиімділігі туралы кешенді талдамалық есеп дайындауды Қаржылық емес қызмет көрсету операторы жүзеге асырады.
      400. Бағдарлама мониторингін жүргізу тұрақтылығы:
      1) статистикалық көрсеткіштерді талдау - уәкілетті органға мемлекеттік қолдау құралдарының іске асырылуы бойынша ақпарат беру жолымен ай сайын;
      2) Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасының аудиті - кейіннен уәкілетті органға жиынтық есеп жібере отырып, Бағдарлама жұмысының сапасын бағалау сауалнамасының деректерін өңдеу жолымен тоқсан сайын және қолдау шараларын алу үшін жыл бойы өтініш бергендерінің жалпы санының кемінде 5%-ы мөлшерінде көрсетілетін қызметтерді алған кәсіпкерлерге телефонмен немесе тікелей сауалнама жүргізу жолымен жыл сайын;
      3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті - КҚКО базасында форматқа сәйкес семинар өткізу жолымен жыл сайын.
      Бағдарлама нәтижелілігі аудитінің нәтижелері есепті жылдан кейінгі қаржы жылының ақпанынан кешіктірмей Қаржылай емес қолдау операторы уәкілетті органға беретін Бағдарлама тиімділігінің кешенді талдамалық есебіне қосылады.
      401. Жалпы кешенді жылдық талдамалық есепті дайындау қорытындылары бойынша Бағдарламаны іске асыруды жүзеге асыратын мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен «Бағдарламаны іске асыру мониторингі» тақырыбы бойынша жұмыс бабындағы қорытынды кеңес өткізіледі.
      402. «Бағдарламаны іске асыру мониторингі» тақырыбы бойынша жұмыс бабындағы қорытынды кеңес шеңберінде қатысушылар Бағдарлама құралдарын жетілдіруге қажетті шаралар туралы хаттамалық шешім қабылдайды.
      403. Мониторингті қаржыландыру мынадай түрде жүргізіледі:
      1) Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттарының шеңберінде статистикалық көрсеткіштердің аудиті қаржы агенттігінің меншікті қаражатының есебінен; Бағдарламаның төртінші бағытының шеңберінде Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылады;
      2) Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасының аудиті - уәкілетті орган, қаржы агенттігі мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында тиісті шарттар жасасу жолымен республикалық бюджет қаражатының есебінен;
      3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті - Қаржылай емес қолдау операторы қаражатының есебінен;
      4) «Бағдарламаны іске асыру мониторингі» тақырыбы бойынша жұмыс бабындағы қорытынды кеңес өткізу - Қаржылай емес қолдау операторының қаражаты есебінен.

      Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауы

      404. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жасалған банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша кепілдік беру жөніндегі келісімдер Бағдарламаны іске асыру кезінде қолданылады және қайтадан жасалмайды.
      405. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді уәкілетті орган республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырады.
      406. Қаржы агенттігі кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттер бойынша кепілдік беру және мемлекеттік гранттар беру бөлігінде Бағдарламаның іске асырылу мониторингін жүзеге асырады.
      407. Бағдарлама тиімділігінің жылдық кешенді талдамалық жалпы есебін қалыптастыру мақсатында қаржы агенттігі есепті жылдан кейінгі жылдың ақпанынан кешіктірмей Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттары мониторингінің нәтижелерін Қаржылай емес қолдау операторы мен уәкілетті органға жібереді.
      408. Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық шараларына мониторинг жүргізу мақсатында кәсіпкерлер қаржы агенттігіне Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық құпия болып табылатын мынадай мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне беруге келісім беру туралы өтініш береді:
      1) кірістер;
      2) жұмыскерлер саны;
      3) жұмыскерлердің есептелген кірістері және жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша шығыстар;
      4) бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы;
      5) салықтық төлемдер сомасы.
      409. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өңірлерде өндірістік инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік гранттар беру, кәсіпкерлік қызметті көшіру бойынша көліктік шығындарды өтеу, кадрларды даярлау бөлігінде Бағдарламаның іске асырылу мониторингін жүргізеді және уәкілетті органға тоқсан сайын есеп береді. Есептің құрылымын уәкілетті орган айқындайды.

      Бағдарламаның критерийлері

      410. Мемлекеттік қолдау алуға үміткер кәсіпкерлердің кредиттері/лизингтік мәмілелері/микрокредиттері мынадай критерийлерге сәйкес болуға тиіс:
      1) Бағдарлама шарттарына сәйкес кәсіпкерлердің кредиттері/лизингтік мәмілелері/микрокредиттері жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге, оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларды іске асыруға бағытталуға тиіс;
      2) банктердің/лизингтік компаниялардың/микроқаржы ұйымдарының кредиттері/лизингтік мәмілелері/ микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және оларға ішінара кепілдік беру:
      ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
      Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;
      сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;
      қонақ үй немесе қонақ үй кешендерін сатып алуға берілген;
      овердравт түрінде берілген кредиттер/лизингтік мәмілелер/ микрокредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.
      411. Мыналар:
      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын;
      3) қиыршықтас және құм карьерлерін қазуға, тұз өндіруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;
      4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар Бағдарламаға қатысушы бола алмайды.
      412. Субсидиялау қайтарымды лизинг, қайталама лизинг, қосалқы лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.
      413. Субсидиялау, кепілдік беру жөніндегі, гранттар беруге және өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуға немесе қайта жаңартуға арналған, 2015 жылғы 31 наурызға дейін ӨҮК-те мақұлданған жобаларды қаржыландыру бұрын ӨҮК мақұлдаған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      414. Кәсіпкерлердің «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» бағытының шеңберінде мақұлданған жобалары бойынша банктердің/Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» екінші бағытының шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берген кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес тараптар өздері алған міндеттемелер аяқталғанға дейін жалғасады.
      415. Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттарын іске асыру мақсатында уәкілетті орган жергілікті бюджетке нысаналы трансфертті жүзеге асырады және әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.
      416. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері Бағдарламаны іске асыру бағыттары бойынша қаржыландырудың жалпы лимитін бөледі және оны уәкілетті органмен келіседі.
      417. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік әлеуетін тарту Қазақстан Республикасының ресурстық әлеуеті және Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы резиденттерінің бірлесіп қатысуымен кәсіпорындар құру қажеттігі бар шекара маңындағы аумақтарында қаржылай және қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну жолымен жүзеге асырылатын болады.
      418. Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілері/қаржы агенттігі/МУҰ пайдаланбаған қаражатты кезекті қаржы жылында жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларға субсидия және/немесе кепілдік беруге пайдалануға болады.
      419. Қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары Қазақстан Республикасының резиденттері - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Кәсіпкерлерінің қатысуы арқылы жаңадан құрылған және Қазақстан Республикасының аумағындағы жобаларды іске асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне де ұсынылады.
      420. Қазақстан Республикасының резиденттері қатарынан қазіргі жұмыс орындарын қолдау немесе жаңа жұмыс орындарын құру Бағдарлама шарттарының бірі болып табылады.
      421. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін кредиттік ресурстардың құнын төмендету және банктердің/микроқаржы ұйымдарының/лизингтік компаниялардың ұйымдық-техникалық мүмкіндіктерін тарту арқылы олардың қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру мақсатында Даму банкі берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қоспағанда, қаржы агенттігі арқылы халықаралық қаржы институттарының кредиттік ресурстарын тарту жөнінде шаралар қабылданады.
      422. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде осы Бағдарламаның ережелерін ескеретін болады.
      423. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдарының шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
      424. Қаржыландыру (қайта қаржыландыру) бойынша жобаларды іріктеуді және шешім қабылдауды Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес банктер/Даму банкі/микроқаржы ұйымдары/лизингтік компаниялар дербес жүзеге асырады.
      425. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының Бағдарлама критерийлеріне сәйкестігін ӨҮК қарайды және қаржылай қолдау көрсету мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
      ӨҮК отырыстары жобалардың қалыптасу шамасына қарай, бірақ айына 2 реттен сиретпей өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны 12 адамнан аспауға тиіс, олардың кемінде 50%-ын кәсіпкерлер қоғамдастығы ұсынуға тиіс. Шешімдер қатысушылардың жалпы санының кемінде 2/3 даусымен қабылданады. Кворум ӨҮК мүшелері санының кемінде 2/3-ін құрауға тиіс.
      ӨҮК шешімі ӨҮК отырысы өткізілген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті хаттамамен ресімделеді. ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі олар қабылданған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.
      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 1 (бір) күн ішінде ӨҮК хаттамасының көшірмесін/ хаттамасынан үзінді көшірмені Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, банкке/лизингтік компанияға/Даму банкіне және қаржы агенттігіне жібереді.
      426. Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттарының шеңберінде Кәсіпкерлерді ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау шарттары, тәртібі, тетігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерді ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Бірінші кезең - 2015 жыл

      Бірінші кезеңде Бағдарламада көзделген мемлекеттік қолдау құралдарын іске асыру тәртібін регламенттеуге бағытталған мықты нормативтік құқықтық база қалыптастыру қажет.

Банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау, банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру, микроқаржы ұйымдарының кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, банктердің кредиттері бойынша микроқаржы ұйымдарына кепілдік беру, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру, мемлекеттік гранттар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту көзделеді.
      Нәтижесінде Бағдарламаны ашық және тиімді іске асыруды қамтамасыз ететін тиісті нормативтік шарттар қалыптастырылатын болады.

      Екінші кезең - 2016 - 2019 жылдар

      Екінші кезеңде Бағдарламада көзделген мемлекеттік қолдау құралдарын тиісінше іске асыру жұмыстарын күшейту күтіледі.
      Мемлекеттік қолдау құралдарын қолдану Бағдарламада алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі тұрғысынан ұдайы мониторингпен сүйемелденеді.
      Мониторинг қорытындылары бойынша Бағдарламаның тиімділігін арттыру, оның құралдарын жетілдіру бойынша тиісті шаралар жыл сайынғы негізде қабылданатын болады.
      Бағдарламаны ұдайы мониторингтеу арқылы іске асыру Бағдарламаның межеленген міндеттерін орындауға және алға қойылған мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

7. Қажетті ресурстар

      Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2015 жылы 56 387 058 мың теңге, 2016 жылы 53 376 977 мың теңге, 2017 жылы 66 914 948 мың теңге, 2018 жылы 66 941 960 мың теңге, 2019 жылы 66 967 833 мың теңге көзделуде.
      Бағдарламаны кейіннен қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

р/с №

Атауы

Өлш. бірл.

Орындау мерзімдері

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Болжалды шығыстар

Қаржыландыру көздері

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл





Нормативтік құқықтық актілер қабылдау

1

«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидаларын әзірлеу



2015 жылғы мамыр

ҚРҮҚ

ҰЭМ, Қаржымині, ҮЕҰ (келісім бойынша)

талап етілмейді



2

Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлеу



2015 жылғы мамыр

ҚРҮҚ

ҰЭМ, Қаржымині, ҮЕҰ (келісім бойынша)

талап етілмейді



3

Банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидаларын әзірлеу



2015 жылғы мамыр

ҚРҮҚ

ҰЭМ, Қаржымині, ҮЕҰ (келісім бойынша)

талап етілмейді



4

«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидаларын әзірлеу


2015 жылғы мамыр

ҚРҮҚ

ҰЭМ, Қаржымині, ҮЕҰ (келісім бойынша)

талап етілмейді


5

«Өнімділік - 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу


2015 жылғы маусым

ҚРҮҚ

ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, ҮЕҰ (келісім бойынша)

талап етілмейді


Бірінші бағыт: моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау

1. Банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау

1

Банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін өңірлік үйлестіру кеңестерінде кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау

бірл.

ай сайын

ӨҮК шешімі (хаттамасы)

ЖАО

талап етілмейді



2

Субсидиялау шарттарын жасасу

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар

талап етілмейді



3

«Даму» КДҚ» АҚ-ның екінші деңгейдегі банктерге кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидия төлеуі

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар

1 200 000

1 200 000

1 200 000

1 200 000

1 200 000



Республикалық бюджет

2. Банктердің/Даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру

1

Банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру үшін кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау

бірл.

ай сайын

«Даму» КДҚ» АҚ оң шешімі бар хат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша)

талап етілмейді



2

Кепілдік туралы шарттар жасасу

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар

талап етілмейді



3

«Даму» КДҚ» АҚ-ның кепілдікті төлеуі

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО

200 000

200 000

200 000

200 000

200 000



Республикалық бюджет

3. Мемлекеттік гранттар беру

1

Конкурстық негізде гранттар беру үшін жобаларды қарау және мақұлдау

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО

талап етілмейді



2

Кәсіпкерлердің жобалары бойынша мемлекеттік гранттар төлеу

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО

300 000

300 000

300 000

300 000

300 000



Республикалық бюджет

4. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту

1

Жобаларды іске асыру үшін қажетті өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салу және жаңғырту бойынша ӨҮК шешімдерін қарау және қабылдау

бірл.

өтінімдердің түсу шамасына қарай, бөлінген қаражат шеңберінде

ӨҮК шешімі (хаттамасы)

ЖАО

талап етілмейді



2

Индустриялық инфрақұрылымды салуды және жаңғыртуды жүзеге асыру

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО

146 285

1 500 000

1 500 000

1 500 000

1 500 000



Республикалық бюджет

5. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру

1

Микрокредит беру үшін жобаларды қарау және мақұлдау

бірл.

ай сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

«АШҚҚҚ» АҚ (келісім бойынша)

талап етілмейді



2

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мен микроқаржы ұйымдары арасында кредиттік шарттар жасасу

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«АШҚҚҚ» АҚ (келісім бойынша)

талап етілмейді



3

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ/ микроқаржы ұйымдары мен жеке кәсіпкерлік субъектілері арасында кредиттік шарттар жасасу

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«АШҚҚҚ» АҚ (келісім бойынша)

талап етілмейді



4

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер беру

мың теңге

ай сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО

1 674 000

3 000 000

3 000 000

3 000 000

3 000 000



Республикалық бюджет

6. Жекеше микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау

1

Микроқаржы ұйымдары ұсынатын субсидиялау үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын өңірлік үйлестіру кеңестерінде қарау және мақұлдау

бірл.

ай сайын

ӨҮК шешімі (хаттамасы)

«АШҚҚҚ» АҚ (келісім бойынша), ЖАО

талап етілмейді



2

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мен микроқаржы ұйымдары арасында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын субсидиялауға шарттар жасасу

бірл.

ай сайын

субсидиялау шарттары

«АШҚҚҚ» АҚ (келісім бойынша), ЖАО

талап етілмейді



3

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның екінші деңгейдегі банктерге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша субсидиялар төлеуі

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«АШҚҚҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар


200 000

200 000

200 000

200 000


Республикалық бюджет

7. Микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы кредиттеріне ішінара кепілдік беру

1

Кепілдік туралы шарттар жасасу

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«АШҚҚҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар

талап етілмейді



2

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның кепілдік төлеуі

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

қаражат аудару

ҰЭМ



85 000

85 000

85 000

85 000



Республикалық бюджет

Екінші бағыт: экономиканың басым салаларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында кәсіпкерлікті дамыту

1. Банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері-қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы 1 мөлшерлемесін субсидиялау

1

Банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері-қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін кәсіпкерлердің жобаларын өңірлік үйлестіру кеңестерінде қарау және мақұлдау

бірл.

ай сайын

ӨҮК шешімі (хаттамасы)

ЖАО

талап етілмейді



2

Субсидиялау шарттарын жасасу

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар

талап етілмейді



3

Бағдарламаның екінші және үшінші бағыттарының шеңберінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша екінші деңгейдегі банктерге «Даму» КДҚ» АҚ-ның субсидиялар төлеуі

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар

27 000 000

27 000 000

35 875 000

35 875 000

35 875 000



Республикалық бюджет

2. Банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру

1

Банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру үшін кәсіпкерлердің жобаларын өңірлік үйлестіру кеңестерінде қарау және мақұлдау

бірл.

ай сайын

ӨҮК шешімі (хаттамасы)

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша)

талап етілмейді



2

Кепілдік туралы шарттар жасасу

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар

талап етілмейді



3

«Даму» КДҚ» АҚ-ның кепілдікті төлеуі

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО

1 000 000

1 000 000

1 000 000

1 000 000

1 000 000



Республикалық бюджет

3. Мемлекеттік гранттар беру

1

Конкурстық негізде гранттар беру үшін жобаларды қарау және мақұлдау

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО

талап етілмейді



2

Кәсіпкерлердің жобалары бойынша мемлекеттік гранттар төлеу

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО

300 000

300 000

300 000

300 000

300 000



Республикалық бюджет

4. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту

1

Жобаларды іске асыру үшін қажетті өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салу және жаңғырту бойынша ӨҮК шешімдерін қарау және қабылдау

бірл.

өтінімдердің түсу шамасына қарай, бөлінген қаражат шеңберінде

ӨҮК шешімі (хаттамасы)

ЖАО

талап етілмейді



2

Индустриялық инфрақұрылымды салуды және жаңғыртуды жүзеге асыру

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО

18 493 309

15 546 000

15 546 000

15 546 000

15 546 000



Республикалық бюджет

Төртінші бағыт: кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын ұсыну

1. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету

1

Ақпараттық-талдамалық анықтамалықтар мен оқу-әдістемелік оқулықтарды әзірлеу және тарату

бірл.

жыл сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

ҮЕҰ (келісім бойынша)

72 269

72 269

72 269

72 269

72 269



Республикалық бюджет

2

Бұқаралық ақпарат құралдарында сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен телебағдарламалар серияларын ұйымдастыру

бірл.

жыл сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

ҮЕҰ (келісім бойынша)

3

Дәрістер, семинарлар, мастер-кластар ұйымдастыру

бірл.

жыл сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

ҮЕҰ (келісім бойынша)

4

АӨК субъектілеріне өтеусіз негізде ақпараттық қолдау көрсету

бірл.

жыл сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

ҮЕҰ (келісім бойынша) АШМ

240 488

240 488

240 488

240 488

240 488



Республикалық бюджет

5

Моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында кәсіпкерлерді ақпараттық қамтамасыз ету

бірл.

жыл сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

ҮЕҰ (келісім бойынша)

580 000

580 000

580 000

580 000

580 000



Республикалық бюджет

2. Кәсіпкерлердің құзыретін жоғарылату

1

Кәсіпкерлерді оқыту

адам

өтінімдердің түсу шамасына қарай

ҰЭМ-ге ақпарат

ҮЕҰ (келісім бойынша)

447 000

447 000

447 000

447 000

447 000



Республикалық бюджет

2

Сервистік қызметтер көрсету

адам

өтінімдердің түсу шамасына қарай

ҰЭМ-ге ақпарат

ҮЕҰ (келісім бойынша)

1 621 679

1 621 679

1 621 679

1 621 679

1 621 679



Республикалық бюджет

3

Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттар алу мәселелері бойынша кәсіпкерлерге консультациялар беру

адам

өтінімдердің түсу шамасына қарай

ҰЭМ-ге ақпарат

ҮЕҰ (келісім бойынша)

3. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру

1

Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігі мен энергия үнемдеуін жоғарылату мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту

адам

жыл сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

ҮЕҰ (келісім бойынша)

51 746

77 620

103 492

129 365

155 238



Республикалық бюджет

2

Кәсіпорынның құзыретін жоғарылату, инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу, технологиялық процестерді жетілдіру, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін жоғарылату

бірл.

өтінімдердің түсу шамасына қарай

ҰЭМ-ге ақпарат

ҮЕҰ (келісім бойынша), ИДМ, «КИДИ» АҚ

697 311

198 811

198 811

198 811

198 811



Республикалық бюджет

3

Халықаралық стандарттарға сәйкес өнімді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.)

бірл.

өтінімдердің түсу шамасына қарай

ҰЭМ-ге ақпарат

ҮЕҰ (келісім бойынша), ИДМ, «NadLoc» АҚ

112 426

112 426

112 426

112 426

112 426


Республикалық бюджет

4. Іскерлік байланыстарды кеңейту

1

Кәсіпкерлерді шет мемлекеттерге жіберу

адам

жыл сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

ҮЕҰ (келісім бойынша)

565 962

163 772

163 772

163 772

163 772



Республикалық бюджет

2

Өнімді, көрсетілетін қызметтерді ілгерілетумен айналысатын қызметкерлерді оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, отандық өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді ілгерілету

бірл.

өтінімдердің түсу шамасына қарай

ҰЭМ-ге ақпарат

ҮЕҰ (келісім бойынша), ИДМ, АО «Kaznext Invest»

200 000

200 000

200 000

200 000

200 000



Республикалық бюджет

5. Өзге іс-шаралар

1

Қаржы агенттігі мен МУҰ-ның Бағдарлама шеңберінде көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу

бірл.

жыл сайын

көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт

ҰЭМ, «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), «АШҚҚҚ» АҚ

720 000

836 000

836 000

836 000

836 000



Республикалық бюджет

2

Сауықтыру және кәсіпкерлік әлеуетті күшейту үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша екінші деңгейдегі банктерге «Даму» КДҚ» АҚ-ның субсидиялар төлеуі

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар

764 583

26 762

38 861

40 000

40 000



Республикалық бюджет

 «Бизнестің жол картасы 2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасына 
1-қосымша        

Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар үшін экономиканың басым
секторларының тізбесі

ЭҚЖК коды

Атауы

      Аграроөнеркәсіп кешені

01

Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтер, 01.11 Дәндідақылдар (күрішті қоспағанда) бұршақ дақылдар және май тұқымдарын өсіру

03

Балық шаруашылығы және аквадақылдары

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Ашытқы өндіру

11.07

Минералды су және басқа да алкогольсіз сусындарды өндіру

      Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршықтас және құм карьерлеріни қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер

      Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндіру

13

Тоқыма өнімдерін өндіру

14

Киім өндіру

15

Теріден тігілген және оған сәйкес өнімдер өндір

16

Жиһаздан басқа, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдар өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Баспа және жазылған материалдарды қалпына келтіру

20

Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтік өнімдер мен препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

31

Жиһаз өндіру

     Құрылыс материалдарын және өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру

23

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру

    Металлургия, металл өңдеу, машина жасау өнеркәсібі

24

Металлургия өнеркәсібі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдарын өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа санаттарға қамтылмаған машиналар мен жабдықтар, өндіру

29

Автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа да көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

   Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Басқа электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Гидроэлектр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, қалдықтарды кәдеге жарату

39

Рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер

   Көлік және жинақтау

45.2

Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықта жүретін басқа да жолаушылар көлігі

49.41

Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау

50

Су көлігі

52

Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьер қызметі

    Туризм

55.10

Қонақ үйлердің қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндеріне және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Туристік лагерьлер, демалыс және ойын-сауық саябақтары

    Ақпарат және байланыс

59.14

Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет

61

Байланыс

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар беру және басқа да ілеспе көрсетілетін қызметтер

   Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу жөніндегі консультациялар

71

Сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

81

Ғимараттар мен аумақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет

    Білім беру

85

Білім беру

   Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұрғын орынмен қамтамасыз ете отырып әлеуметтік қызмет ұсыну

88

Тұратын жермен қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

   Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, мұрағаттардың, мұражайлардың және басқа да мәдени қызмет көрсету мекемелерінің қызметі

93

Спорт, ұйымдастыру және ойын-сауық (дискотекаларды қоспағанда) саласындағы қызмет

   Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдалану заттарын және тұрмыстық бұйымдарды жөндеу

96.01

Тоқыма бұйымдары мен үлбір бұйымдарын жуу және тазалау (химиялық)

«Бизнестің жол картасы 2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасына 
2-қосымша        

ИИДМБ-ге сәйкес өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларының
тізбесі

      1. Қара металлургия.
      2. Түсті металлургия.
      3. Мұнай өңдеу.
      4. Мұнай-газ химиясы.
      5. Тамақ өнімдерінің өндірісі.
      6. Агрохимия.
      7. Өнеркәсіп үшін химикаттар өндірісі.
      8. Автокөлік құралдарының, олардың бөлшектерінің, керек-жарақтары мен қозғалтқыштарының өндірісі.
      9. Электр жабдығы.
      10. Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі.
      11. Теміржол техникасының өндірісі.
      12. Тау-кен өнеркәсібі үшін машиналар мен жабдықтар өндірісі.
      13. Мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібі үшін машиналар мен жабдықтар өндірісі.
      14. Құрылыс материалдарының өндірісі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 31 наурыздары
№ 168 қаулысына   
1-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 556 қаулысымен  
бекітілген     

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір
бөлігін субсидиялау қағидалары

      Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Субсидиялау қағидалары) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетігін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы № қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
      2. Субсидиялау кәсіпкерлер кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
      3. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтерін уәкілетті орган 004 «Оператор мен қаржы агентінің «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу» республикалық бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен төлейді.
      4. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өзара жасалған Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджетке бағытталған нысаналы трансферт қаражаты есебінен қаржы агенттігіне аударады. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберіндегі субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
      5. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру 047 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өңірлерге «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға берілетін нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      6. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) Банк - Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
      2) Даму банкі - «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы және/немесе оның аффилирленген Лизингтік компаниясы;
      3) Банк-төлем агенті - Лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және Лизингтік компанияның Жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға тиіс;
      4) банктік кредит (бұдан әрі - кредит) - мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде кәсіпкерге банк беретін ақша сомасы;
      5) ИИДМБ - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама;
      6) субсидиялау шарты - кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Қаржы агенттігі/Лизингтік компания мен Кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі Кәсіпкердің Банк/Лизнгтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;
      7) қаржылық лизинг шарты - Лизингтік компания/Банк пен Кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша Лизингтік компания/Банк Кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;
      8) банктік қарыз шарты - Банк пен Кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша Банк Кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады;
      9) Лизингтік компания - Бағдарламаға қатысатын лизингтік компания;
      10) лизингтік мәміле (лизинг) - лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимылының жиынтығы;
      11) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі - қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;
      12) ЭҚЖЖ (бұдан әрі - Бағдарлама шеңберіндегі экономиканың басым секторлары) - Бағдарламаға № 1 қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары;
      13) Кәсіпкер - өз қызметін «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер;
      14) жоба - бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде Кәсіпкер жүзеге асыратын іс-әрекет пен іс-шаралар жиынтығы. Бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредит/лизингтік мәміле алуға болады;
      15) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі - облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
      16) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК) - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, жалпы санының кемінде 50 %-ына бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысатын консультативтік-кеңесші орган;
      17) Субсидиялау - Кәсіпкердің Банкке/Лизингтік компанияға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарын болашақта Кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде ішінара өтеу үшін пайдаланылатын Кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;
      18) Субсидиялар - өтеусіз және қайтарымсыз негізде Қаржы агенттігі субсидиялау шарттарының негізінде Кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде Банкке/Лизингтік компанияға төлейтін кезеңді төлемдер;
      19) тұрақтандырушы немесе дағдарыса қарсы бағдарламалар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің:
      «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039,
      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085,
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулыларын,
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындау шеңберінде іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар;
      20) Уәкілетті орган - кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
      21) қаржы агенттігі - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы.

3. «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер
кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші
бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      7. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда өздерінің жобаларын іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын Кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағытына салалық шектеусіз қатыса алады.
      8. Мыналар:
      1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;
      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
      3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
      4) овердрафт түріндегі;
      5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.
      9. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
      10. Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде Банктер/Даму банкі/Лизингтік компаниялар арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын Кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары бола алады.
      11. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.
      12. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде Банктер/Даму банкі/Лизингтік компаниялар жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.
      13. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) Банктер/ Даму банкі/Лизингтік компаниялар берген және Бағдарлама критерийлеріне сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.
      14. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ жоба сомасынан 30 %-дан аспайтын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.
      15. Айналым қаражатын толықтыруға қалпына келтірілетін негізде берілген кредит бөлігінде субсидиялауға рұқсат етіледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қалпына келтіру мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.
      16. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттерге кепілдік берген кезде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға рұқсат етіледі.
      17. 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде Кәсіпкер жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға Кәсіпкердің өзінің құралдарымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысуының шарттары ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
      18. Кредит бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
      19. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
      20. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір Кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
      21. Кредиттер/қаржылық лизинг шарты бойынша субсидиялау мерзімі 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
      22. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі Қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған Кредитор банкте/Лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
      23. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-те мақұлданған жобаларын басқа Банктер/Лизингтік компаниялар (Даму банкі) субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруы мүмкін.
      24. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
      25. Бағдарлама шеңберінде Банк/Даму банкі/Лизингтік компания:
      1) кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының Кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланыстыларды;
      2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді Кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарын;
      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;
      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      26. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда Банк/Даму банкі /Лизингтік компания Кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.
      27. Линзингтің мынадай нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг.

4. «Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп
салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық
қолдау» екінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      28. Мынадай:
      1) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобаларды;
      2) ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайын Кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатыса алады.
      29. Мыналар:
      1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;
      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
      3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
      4) овердрафт түріндегі;
      5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.
      30. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
      31. Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде Банктер/Даму банкі/Лизингтік компаниялар арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын Кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары бола алады.
      32. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.
      33. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде Банктер/Даму банкі/Лизингтік компаниялар жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.
      34. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) Банктер/ Даму банкі/Лизингтік компаниялар берген және Бағдарлама критерийлеріне сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.
      35. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ жоба сомасынан 30 %-дан аспайтын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.
      36. Айналым қаражатын толықтыруға қалпына келтірілетін негізде берілген кредит бөлігінде субсидиялауға рұқсат етіледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қалпына келтіру мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.
      37. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттерге кепілдік берген кезде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға рұқсат етіледі.
      38. 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде Кәсіпкер жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға Кәсіпкердің өзінің құралдарымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысуының шарттары ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
      39. Кредит бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
      40. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
      41. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір Кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
      42. Кредиттер/қаржылық лизинг шарты бойынша субсидиялау мерзімі 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
      43. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі Қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған Кредитор банкте/Лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
      44. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-те мақұлданған жобаларын басқа Банктер/Лизингтік компаниялар (Даму банкі) субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруы мүмкін.
      45. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
      46. ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
      47. Даму банкінің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 13 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін кредиттер/ аржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      48. Бағдарлама шеңберінде Банк/Даму банкі/Лизингтік компания:
      1) кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының Кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланыстыларды;
      2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді Кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарын;
      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;
      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      49. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда Банк/Даму банкі /Лизингтік компания Кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.
      50. Қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары бойынша субсидиялауға жол беріледі. Бұл ретте қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары мынадай критерийлерге сәйкес келуге тиіс:
      1) Астана және Алматы қалаларында сауда алаңы кемінде 5 мың шаршы метр;
      2) облыстарда кемінде 2 мың шаршы метр;
      3) деңгейлер саны кемінде 2, тұрақ коэффициенті кемінде ауданның 40 шаршы метріне 1 орын.
      51. Линзингтің мынадай нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг.

5. «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» үшінші
бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      52. Мыналар:
      1) Даму банкін (Банк және Даму банкі бұдан әрі Банк деп аталады) қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;
      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
      3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
      4) овердрафт түріндегі;
      5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.
      53. Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/неесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға және/немесе қайта қаржыландыруға берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Бұл ретте айналым қаражатын толықтыруға қалпына келтірілетін негізде берілген кредиттерді субсидиялауға рұқсат етіледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қалпына келтіру мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.
      54. Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде Банктер/Даму банкі/Лизингтік компаниялар арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын Кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары бола алады.
      55. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір Кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
      Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын валюталық кредиттер бойынша сома бір Кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеге балама мөлшерден аспауға тиіс және онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
      56. 750 млн. теңгеден 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер/ қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қолданыстағыларға қатысты кемінде 10 % жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.
      Бұл ретте жаңадан құрылатын жұмыс орындарының 50 %-ын халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жас адамдар үшін құру ұсынылады.
      57. Кредиттер/қаржылық лизинг шарты бойынша субсидиялау мерзімі (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
      58. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі Қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған Кредитор банкте/Лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
      59. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-те мақұлданған жобаларын басқа Банктер/Лизингтік компаниялар (Даму банкі) субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруы мүмкін.
      60. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын, оның 6 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін Банк кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады.
      Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін Банктің стандартты валюталық кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін.
      Бұл ретте Банк:
      1) кредит беру шарттарының Кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
      2) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      61. Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 13 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Даму банкі сыйақы мөлшерлемесін 11 %-ға дейін төмендететін, оның 4 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін Даму банкінің стандартты валюталық кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін.
      Бұл ретте Банк:
      1) кредит беру шарттарының Кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
      2) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      62. Бағамдық оң айырма орын алған жағдайда, оны болашақ субсидиялар есебіне жатқызады, ал бағамдық теріс айырма орын алса - өтеу Кәсіпкерге жүктеледі.
      63. Субсидиялар сомаларын қаржы агенттігі субсидиялар сомаларын, аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша төлейді.
      64. Лизингтік компаниялардың/Банктің/Даму банкінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін қаржылық лизинг шарттары бойынша да субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте Лизингтік компания/Банк:
      1) кредит беру шарттарының Борышкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
      2) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;
      3) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу);
      4) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      65. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда Банк/Даму банкі /Лизингтік компания Кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.
      66. Егер Банк/Даму банкі мен Кәсіпкер валюталық кредитті теңгеге айырбастауды ұйғарса, онда мұндай айырбастау Банк/Даму банкі мен Кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жүргізіледі.

6. Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара
іс-қимыл жасау тәртібі

      67. Кәсіпкер Банкке/Даму Банкіне/Лизингтік компанияға:
      1) жаңа кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша Бағдарламаға сәйкес келетін шарттарда кредит беруге/қаржыландыруға (Банктің/Даму Банкінің/Лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) арналған өтінішпен;
      2) қолданыстағы кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оған сәйкес субсидиялар алу ниеті туралы Банкті/Даму Банкін/Лизингтік компанияны хабардар ететін өтінішпен және кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесін Бағдарламада көзделген мөлшерге дейін төмендету туралы өтінішпен жүгінеді.
      68. Банк/Даму Банкі/Лизингтік компания жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және кредит/лизинг беру немесе кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда Кәсіпкерге жобаны кредиттеуге/қаржылық лизинг шартын жасасуға дайын екендігі туралы жазбаша жауап жолдап, Қаржы агенттігін хабардар етеді.
      69. Банктің/Даму Банкінің/Лизингтік компанияның оң шешімін алған Кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана мен Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
      1) Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірме);
      2) егер қызмет түрі лицензияланатын болса, лицензиясы (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірме);
      3) жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда, құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғам акциялар шығарылымының проспектісін және бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімінен үзіндіні (тіркеушінің мөрімен/қолымен расталған) қосымша ұсынады;
      4) салық органынан өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;
      5) тауарларды/өнімді экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері қойылған кедендік жүк декларациялары;
      6) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгілері қойылған тауарға ілеспе құжаттар;
      7) соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар;
      8) Банктің/Даму Банкінің/Лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда Кәсіпкерге кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасасу немесе кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.
      70. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі өтініш-сауалнама мен құжаттарды алғаннан кейін:
      1) өтініш-сауалнамамен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі үш күндік мерзімде Кәсіпкерге ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады;
      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін Кәсіпкердің жобасын жіберуді құжаттардың толық пакетін алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      71. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі құжаттарды алғаннан кейін (бес) жұмыс күні ішінде:
      1) құжаттардың толықтығын тексереді;
      2) Кәсіпкердің жобасын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
      3) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
      4) Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың толық пакетімен қоса кәсіпкерлер жобаларының тізімін ӨҮК қарауына шығарады;
      5) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және ететін отырысы айқындайды, бұл жөнінде ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.
      72. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған немесе белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі үш күндік мерзімде ұсынылған Кәсіпкерге/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін қайтарады. Құжаттар пакеті бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің жобасын ӨҮК кезекті отырысына шығарады.
      73. ӨҮК отырысы жобалардың қалыптастырылу шамасына қарай, бірақ айына 2 (екі) реттен сиретпей өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны он екі адамнан аспауға тиіс, олардың кемінде 50 %-ын кәсіпкерлер қоғамдастығы ұсынуға тиіс.
      Кворум ӨҮК мүшелері санының кемінде 2/3-ін құрауға тиіс. ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі. Шешімдер қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданады.
      74. ӨҮК тиісті жылы субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана жобаларды қарайды.
      75. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) Кәсіпкердің және олар іске асыратын жобалардың Бағдарламаның критерийлеріне сәйкестігін тексеру;
      2) ӨҮК мүшелері арасында Кәсіпкердің жобасын және қоса берілетін құжаттарды, оның ішінде Кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, Мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын пайдалануы туралы өтініш-сауалнамасында көрсетілген ақпаратты қарау және талқылау;
      3) Кәсіпкердің жобасын қараған кезде ӨҮК қажет болған жағдайда Банктен/Даму банкінен/Лизингтік компаниядан жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады. Бұл жағдайда Кәсіпкердің құжаттары Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне пысықтау үшін қайтарылады және ӨҮК кезекті отырысында қайта қаралуға тиіс;
      4) талқылау нәтижелері бойынша Кәсіпкерді субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, бұл ретте, хаттамада кәсіпкерлердің Бағдарламаға қатысудан бас тарту себебі міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
      Бұл ретте ӨҮК мүшелерінің бәрі хаттамаға қол қойған кезге дейін хатшы мен ӨҮК төрағасының қолы қойылған ӨҮК хаттамасынан үзінді көшірмені ұсынуға жол беріледі.
      76. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері ӨҮК хаттамасына/хаттамадан үзінді көшірмеге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзінді көшірмені Банкке/Даму банкіне/Лизингтік компанияға және Қаржы агенттігіне, сондай-ақ мәлімет үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.
      77. ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі ӨҮК шешімі шыққан күннен бастап 6 ай.

7. Субсидиялау тетігі

      78. Банк/Даму банкі/Лизингтік компания Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде, Қаржы агенттігі, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания және Кәсіпкер арасында Субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес Қаржы агенттігі Банкке/Даму банкіне/Лизингтік компанияға банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының өтеу кестесіне және субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.
      79. Банк/Даму банкі/Лизингтік компания қолданыстағы кредит/лизинг бойынша субсидиялау шартына қол қойылған сәтке дейін Кәсіпкердің банктік қарыз шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға міндетті, ал жаңа/қолданыстағы кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша Банк/Даму банкі/Лизингтік компания:
      1) кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының Кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
      2) Кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын;
      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;
      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, Кәсіпкер үшін кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға міндеттеме қабылдайды.
      80. Субсидиялау шартын:
      1) Банк/Даму банкі/Лизингтік компания:
      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні;
      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жасайды;
      2) Қаржы агенттігі:
      Банктен/Даму банкінен/Лизингтік компаниядан үлгі жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      Банктен/Даму банкінен/Лизингтік компаниядан ерекше шарттары бар жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды.
      81. Егер Банк/Даму банкі/Лизингтік компания осы Субсидиялау қағидаларының 80-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде субсидиялау шартын уақтылы жасамаған жағдайда, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания Қаржы агенттігі мен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.
      82. Егер банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының және/немесе субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте Қаржы агенттігі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, Банкті/Даму банкін/Лизингтік компанияны және Кәсіпкерді хабардар етеді.
      83. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда, Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.
      84. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания Қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені ӨҮК-ке шығарады.
      85. Субсидиялау шарты оған Кәсіпкер, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания және Қаржы агенттігі қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шартына Қаржы агенттігі қол қойған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын субсидиялау шартында белгіленуі мүмкін.
      86. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін Кәсіпкер, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания дербес айқындайды. Егер кредит/лизинг бойынша сыйақыны есептеу субсидиялау шартына Кәсіпкер, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания қол қойған күннен кейінгі күні басталған жағдайда, субсидиялау шартына Кәсіпкер, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.
      87. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар Бағдарламаның тиісті өңірлік үйлестірушісінен қаражат болған кезде төленеді.
      88. Банк/Даму банкі Қаржы агенттігіне жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.
      Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ Лизингтік компаниялар Қаржы агенттігімен келісім бойынша Банк - төлем агентін айқындайды, онда Лизингтік компания субсидияларды аудару үшін ағымдағы шот ашады.
      89. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қаржы агенттігі көрсеткен шотқа тиісті қаржы жылында Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыруға бөлінген соманың 50 %-ы мөлшерінде Қаржы агенттігіне қаражат аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер Қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      90. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен Банктегі/Даму банкіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражатты аударғаннан кейін Қаржы агенттігі Банкті/Даму банкін/Лизингтік компанияны электрондық пошта арқылы қаражат аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін жіберу жолымен бір уақытта хабардар етеді. Хабарламада Банктің/Даму банкінің/Лизингтік компанияның атауы, өңір, Кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.
      91. Банк/Даму банкі/Банк - төлем агенті Қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау сомаларын Қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Банктің/Даму банкінің/Банк - төлем агентінің шоттағы қаражаттан жалпы ағымдағы қалдықтарды есептен шығаруға құқығы жоқ.
      92. Кәсіпкер Банкке/Даму банкіне/Лизингтік компанияға банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына сәйкес өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде сыйақы төлеуді жүргізеді.
      93. Кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша төлемді толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша Банк/Даму банкі/Банк - төлем агенті Кәсіпкердің кредиті/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін (негізгі борыш және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі өтеу шотына Қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.
      94. Кәсіпкер берешекті өтегенге дейін Банк/Даму банкі/Банк - төлем агенті сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін Қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүргізбейді және:
      1) Кәсіпкер Банк/Даму банкі/Лизинггік компания алдында кредит/лизинг бойынша төлемді, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша төлемді уақтылы өтемеген;
      2) Кәсіпкер Банк/Даму банкі/Лизингтік компания алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 3 (үш) ай қатарынан орындамаған;
      3) Кәсіпкер Лизингтік компания/ Банк алдында лизингтік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамаған жағдайларда, бұл туралы Қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
      95. Кредит бойынша Банктер, Даму банкі ай сайын/лизингтік мәмілелер бойынша Лизингтік компаниялар, Банктер, Даму банкі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін Қаржы агенттігіне Субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.
      96. Қаржы агенттігі Банктен/Даму банкінен/Лизингтік компаниядан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін сыйақы мен Банкке/Даму банкіне/Лизингтік компанияға төленген қаражаттың есептерін тексеруді жүзеге асырады.
      97. Қаржы агенттігі кредит бойынша ай сайын/лизинг бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/Уәкілетті органға Субсидиялау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.
      98. Кәсіпкердің банктік қарыз шартының талаптарына, ӨҮК хаттамасына сәйкес қаржы агенті Банк/Даму банкі/Лизингтік компания сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең берілген/мерзімі кейінге қалдырылған Кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатьга бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыруға құқылы.
      Бұл ретте, жеңілдікті кезең/ кейінге қалдыру мерзімі ӨҮК шешімінде көрсетілуі тиіс.
      99. Егер Банк/Даму банкі/Лизингтік компания қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарын (сыйақы мөлшерлемесі, төлемдерді төлеу бойынша жеңілдікті кезең /мерзімін кейінге қалдыру, өтеу мерзімі, Кәсіпкердің атауын өзгерту/борышты аудару) өзгерткен жағдайда, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер жөніндегі ақпаратты ӨҮК қарауына шығарады, күн тәртібінің мәселелерін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнін, уақыты мен орнын айқындайды, бұл туралы ӨҮК мүшелерінің бәрін хабардар етеді. Талқылау нәтижелері бойынша ӨҮК қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырыс өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен (Субсидиялау қағидаларына 4-қосымша) ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер хаттамада анық көрсетілуге тиіс.
      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері хаттамаға/ӨҮК хаттамасынан үзінді көшірмеге қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін/ӨҮК хаттамасынан үзінді көшірмені Банкке/Даму банкіне/Лизингтік компанияға, Қаржы агенттігіне және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.
      Қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарындағы өзге өзгерістер туралы Банк/ Даму банкі/Лизингтік компания Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және хатпен қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде Қаржы агенттігін және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін көрсетеді).
      Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетілуге тиіс.
      100. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда, Банк/ Даму банкі/Лизингтік компания Кәсіпкер қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагер(лер)дің мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату туралы ақпаратты ӨҮК қарауына шығарады. Мұрагер(лер)дің мұрагерлік құқығы басталған жағдайда, субсидиялауды қалпына келтіру мәселесі қайтадан ӨҮК қарауына шығарылады.
      101. Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілері/Қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражатты кезекті қаржы жылында жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларға субсидия беруге пайдалануға болады.

8. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына
келтіру тәртібі

      102. Субсидиялауды тоқтату және қайта қалпына келтіру туралы шешімді Қаржы агенттігінің өтінімдері (хабарламалары) негізінде ӨҮК қабылдайды.
      103. Мынадай:
      1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа кредитті мақсатсыз пайдалану;
      2) Кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын алмауы;
      3) жобаның және/немесе Кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;
      4) Кәсіпкердің банктік қарыз шартына төлемдер кестесіне сәйкес Банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 3 (үш) ай бойы орындамауы;
      5) Кәсіпкердің қаржылық лизинг шартына төлемдер кестесіне сэйкес Лизингтік компания/Банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамауы;
      6) Кәсіпкердің шоттарына тыйым салынуы;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, борышкерден лизинг нысанасын кері талап ету фактілері белгіленген кезде Қаржы агенттігі Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады, ал ӨҮК субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.
      104. Субсидияларды төлеу тоқтатыла тұрған жағдайда, Қаржы агенттігі осындай шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Банкті/Даму банкін/Лизингтік компанияны, Кәсіпкерді, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін субсидиялаудың тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.
      105. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агенттігінен Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және өтетін орынды айқындайды, ол туралы барлық мүшелерді хабардар етеді.
      106. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
      1) Қаржы агенттігі ұсынған ақпаратпен күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
      2) субсидиялауды тоқтату немесе қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды.
      Бұл ретте, шешімде субсидиялауды тоқтатудың/қалпына келтірудің негіздемесі көрсетіледі.
      107. Кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болған себептерді ӨҮК отырысына дейін жойған жағдайда, ӨҮК субсидиялауды қалпына келтіру туралы оң шешім қабылдайды.
      108. ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін Банкке/Даму банкіне/Лизингтік компанияға, Қаржы агенттігіне және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.
      109. Субсидиялауды тоқтата тұрудың мынадай себептері кезінде кредит/лизинг бойынша субсидиялауды қалпына келтіруге жол беріледі:
      1) жобаның және/немесе Кәсіпкердің Бағдарламаның шарттарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;
      2) Кәсіпкердің шоттарына тыйым салынуы;
      3) Кәсіпкердің банктік қарыз шартына төлемдер кестесіне сәйкес Банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 3 (үш) ай бойы орындамауы;
      4) Кәсіпкердің қаржылық лизинг шартына төлемдер кестесіне сәйкес Лизингтік компания/Банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамауы;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, борышкерден лизинг нысанасын кері талап ету.
      110. Кәсіпкер субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа кредитті мақсатсыз пайдаланған кезде, сондай-ақ Кәсіпкер субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын алмаған жағдайда кредит бойынша субсидиялауды қалпына келтіруге тыйым салынады.
      111. Кәсіпкерді субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешім қабылданған кезде Қаржы агенттігі тиісті хатпен Банкті/Даму банкін/Лизингтік компанияны және Кәсіпкерді субсидиялау төлемдерін қалпына келтіру туралы хабардар етеді.
      Бір уақытта тоқтата тұру кезеңінде төленбеген субсидияларды төлеуді жүргізеді. Субсидиялау қағидаларының 103-тармағының 4) немесе 5) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша субсидиялауды тоқтата тұрған кезде Кәсіпкердің мерзімін өткізіп алу күнінен бастап, төленуі тиіс субсидияларды төлеуді жүргізеді.
      112. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде Қаржы агенттігі тиісті хатпен Кәсіпкерге, Банкке/Лизингтік компанияға субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарламаны жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебін көрсетеді.
      Субсидиялау қағидаларының 100-тармағын қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы ӨҮК шешімі бар кредиттер/лизинг қалпына келтірілмейді.
      113. Мынадай:
      1) Кәсіпкер Банк/Лизингтік компания алдындағы банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша кредитін толық өтеген. Кәсіпкердің Банкке/Лизингтік компанияға кредитті/лизингті толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады;
      2) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған;
      3) субсидиялау шарты Кәсіпкердің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда, субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылған деп танылады.
      114. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда Банк/Лизингтік компания қолданыстағы кредит/лизинг бойынша Кәсіпкерге субсидиялау шарты жасалғанға дейін бұрын қолданылған қаржыландыру талаптарын (оның ішінде, сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді және басқа да шарттарды) белгілеуге құқылы.
      115. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда Банк/Даму банкі/Лизингтік компания кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтегені туралы Қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
      Сонымен бірге Кәсіпкер кредит/ лизинг бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда Банк/Даму банкі/Лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісім жасаған кезде Қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесінің өзгеруімен субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды.
      116. Кәсіпкердің кредиті/ лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тоқтатылған, Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания өзара есеп айырысуды салыстыру актісін Қаржы агенттігіне 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынады.
      Бұл ретте, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания салыстыру актісінде субсидияларды нақты есептен шығару сомалары мен күндерін көрсетеді, ал Қаржы агенттігі субсидияларды аудару сомалары мен күндерін көрсетеді.
      117. Кәсіпкердің мақсатсыз пайдалану анықталған кредиті бойынша Банк/Даму банкі Қаржы агенттігіне кредитті мақсатсыз пайдалану фактісін растайтын құжаттармен қоса құжаттарды ұсынады.

9. Бағдарлама мониторингі

      118. Бағдарламаны іске асыру мониторингін Қаржы агенттігі жүзеге асырады, оның функцияларына мыналар жатады:
      1) Банк, Даму банкі ұсынған деректер мен құжаттар негізінде субсидиялау шарты жасалған Кәсіпкердің жаңа кредитті нысаналы пайдалануына мониторинг;
      2) Банк/Даму банкі/Лизингтік компания ұсынған деректер негізінде Кәсіпкердің төлем тәртібіне мониторинг;
      3) жобаның іске асырылу (қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалану) мониторинг!;
      4) жобаның және/немесе Кәсіпкердің Бағдарлама шарттарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келуі мониторингі.
      119. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін Қаржы агенттігі Кәсіпкер мен Банктен/Даму банкінен/Лизингтік компаниядан барлық қажетті, оның ішінде, коммерциялық және банктік құпияларды қамтитын құжаттар мен ақпаратты сұратуға, Жобаның іске асырылып жатқан орнына барып іске асырылуына мониторинг жүргізуге құқылы.
      120. Қаржы агенттігі жасаған мониторингтік есеп Банкпен/Даму банкімен/Лизингтік компаниямен, Кәсіпкермен келісіледі және мониторингтік есеп алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде виза қойылады.
      121. Мониторинг тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысандарын Қаржы агенттігі дербес белгілейді.

Субсидиялау қағидаларына
1-қосымша      

ӨТІНІШ

      Мыналар:
      (қажетті бағытты «V» белгісімен белгілеу керек)


«Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағыты


«Экономиканың басым салаларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау» екінші бағыты


«Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» үшінші бағыты

      шеңберінде «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысу және ____________ жылғы № ______ банктік қарыз шарты/қажылық лизинг шарты негізінде берілген кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау нысанында мынадай шарттарда мемлекеттік қолдау алу мақсатында:

Кредиттің нысаналы мақсаты


Кредит/лизинг сомасы


Сыйақы мөлшерлемесі


Кредит валютасы


Кредит/лизинг мерзімі


      субсидиялау мақұлданған жағдайда, кредит/лизинг бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендету мүмкіндігін қарауды сұраймын.

      ____________________ (Т.А.Ә.)
         (қолы) күні м.о.

Субсидиялау қағидаларына
2-қосымша      

Кімге _______________________________________ әкімдігі
Кімнен ________________ (бұдан әрі - ЖКС/Экспорттаушы) _______

№ _____ САУАЛНАМА-ӨТІНІШ

      «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес Сізден _____________ Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына төмендегіге сәйкес кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені қарауға бастамашылық етуді сұраймын:

1. Бағдарламаның бағыттары
(бағытты "V" белгісімен белгілеу керек)


«Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағыты


«Экономиканың басым салаларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау» екінші бағыты


«Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» үшінші бағыты

2. Қатысушы туралы мәліметтер

ЖКС атауы


Құрылтайшы (лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік №


Қызмет түрлері


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания


СТН


Жұмыс тәжірибесі


3. Басшылық

      Бірінші басшы

Т.А.Ә.


Лауазымы


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұратын (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Бас бухгалтер

Т.А.Ә.


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұратын (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Байланыс жасайтын адам

(Т.А.Ә., лауазымы, телефоны)


4. Меншік иелері
(құрылтайшы, қатысушылар, АҚ үшін - акциялардың 5 % және одан көп
пайызына иелік ететін акционерлер).

Атауы/Т.А.Ә.

%

Деректемелері



















5. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ/ИИДМБ сәйкес)


Кіші сала (ЭҚЖЖ/ИИДМБ сәйкес)


Өнімдер мен көрсетілетін қызметтер түрлері


Жылдық айналым


Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын


Жұмыскерлердің нақты саны

____________ оның ішінде әйелдер ____________________________

Жобаның атауы (қысқаша сипаты)


Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


6. Банктік шоттар туралы ақпарат

      Банктік деректемелер (қызмет көрсететін банктердің бәріндегі ағымдағы және жинақ шоттарының бәрін көрсету керек):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

7. Тарих

ЖКС жұмысының процесінде пайдаланылған банктік несиелердің, лизингтік
мәмілелердің өтелгендерімен қатар қазіргі уақытта өтелмегендерінің
бәрі көрсетіледі.

Кредитор/ Лизинг беруші

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі борышты өтеу шарттары

БҚШ/ҚЛШ бойынша өтеу мерзімі

Нақты өтеу мерзімі

1.







2.







8. Қолданыстағы кредит/қолданыстағы лизинг туралы ақпарат

                               Күні және валюта бағамы: ____/_____.


Банк/ Лизингтік компания

БҚШ/ҚЛШ деректемелері (№, күні)

Сыйақы мөлшерлемесі, %

Кредит/ лизинг валютасы

Креди т/ли зинг сома сы

Көрсетілген күнге негізгі борыш бойынша берешек қалдығы

Кредит/ лизинг мерзімі аяқталат ын күн

Кредит/лизинг мақсаты (қысқаша сипаты)




























9. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға және ЖКС қатысты
қолданылатын мемлекеттік қолдау шараларына қатысу
туралы ақпарат


Мемлекеттік бағдарлама /мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Мемлекеттік даму институтының атауы

Қосымша ақпарат













10. Кепілдіктер мен келісімдер

      ЖКС Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мынаны мәлімдейді және кепілдік береді:

      1. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне осы өтінішпен бірге не Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің сұратуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін/ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін дереу хабардар етуге міндеттенемін.
      2. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің бірінші талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға міндеттенемін.
      3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі көрсетілген мәлімдемелер мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.
      4. ЖКС-ге жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.
      5. ЖКС жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның өтініш беруіне мүмкіндік беретінін ЖКС растайды.
      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтініш көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін, бұл ретте Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі жергілікті деңгейде кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.

      Осы арқылы ЖКС Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мынаған келісім береді:
      1. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпарат пен ЖКС ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.
      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидия алу үшін ғана ұсынылған.
      3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ЖКС өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал ЖКС ұсынған құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау ұсынылмаса да, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінде/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінде сақталатын болады.
      4. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ ЖКС ықтимал шығыстары (субсидия алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және т.б.) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің субсидия беру немесе ЖКС шеккен шығымдарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды растаймын және кейіннен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне талап-арыз қоймайтыныммен келісемін.

11. Қосымшалар

(________ (бағыты бойынша көзделген құжаттар)
_________________________________________________________

__________________ (Т.А.Ә.)
(қолы)      күні

Субсидиялау қағидаларына
3-қосымша     

(Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі толтырады)

_______________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің
қарауына арналған ЖКС
ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ


ЖКС атауы

Жобаның атауы (сипаты)

Заңды мекенжайы

Жоба іске асырылатын жер

Өнім мен көрсетілетін қызметтер түрлері


2

3

4

5

6








Жиыны:





Жобаны іске асыру кезеңі

Бағдарлама бойынша бағыт

ЭҚЖЖ/ИИДМБ коды

ЭҚЖЖ/ИИДМБ секторының атауы

Қаржыландыру сомасы, теңге


7

8

9

10

11








Жұмыс орындарының саны

Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы

ӨҮК-ге өтніш берілген күн


факт

жоспар

МДИ атауы

МБ атауы


12

13

14

15

16








Өндірілген өнімнің жалпы көлемінен экспортталған өнім көлемі

Банк/Лизингтік компания атауы


өткен жылғы айналымның жалпы сомасы

өткен жылы экспорттық шарттар бойынша тауарды теп жөнелту сомасы

%


17

18

19

20






Қосымшалар: (БӨҮ-ге ЖКС ұсынған өтініш пен құжаттар пакеті)
1).
2).
...

Қысқартулар мен анықтамалар

ЖКС

Жеке кәсіпкерлік субъектісі

ЭҚЖЖ

Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары.

ИИДМБ

Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салалары

МДИ

Мемлекеттік даму институттары

МБ

Мемлекеттік бағдарлама

МҚШ

Мемлекеттік қолдау шаралары

БӨҮ

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі

Лауазымды адам _________________________ ТАӘ
                        қолы, мөрі
Жауапты қызметкер ______________________ ТАӘ
                          қолы

Субсидиялау қағидаларына
4-қосымша     

________________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесі
отырысының
№ ______ ХАТТАМАСЫ

Өткізілген жері


Өткізілген күні


Кеңес төрағасы


Қатысқан Кеңес мүшелері


Қатыспаған Кеңес мүшелері


Шақырылған адамдар


Кеңес хатшысы


      Күн тәртібі


Мәселелер атауы







      Кеңесте қаралды


1-мәселе атауы





      Кеңес мынадай шешімге келді

      1. Мыналарға:
      - «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының критерийлеріне сәйкес келуіне;
      - «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының басым бағыттарына сәйкес келуіне;
      - мемлекеттік даму институттары арқылы басқа мемлекеттік қолдау шараларының қолданылмауына байланысты
      - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің төмендегі жобаларының тізіміне субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдау мүмкіндігін мақұлдау:




Атауы


ЖКС

Жоба

Сала

Банк/Лизингтік компания


2

3

4

5






БҚШ/ҚЛШ

Кредит /лизинг сомасы

Кредит валютасы

Кредит /лизинг мерзімі

Нысаналы мақсаты

Жобаның атауы (сипаты)


күні



8

9

10

11

12








ЖТМ %

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі

Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі

Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі

13

14

15

16





Субсидиялау мерзімі

Ескертпе

17

18



      2. Субсидиялау шарттарын жасасу үшін мақұлданған жобалар тізімін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға және көрсетілген Екінші деңгейдегі банктерге/Даму банкіне/Лизингтік компанияларға жіберу.
      3. Мыналарға:
      1) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының критерийлеріне сәйкес келмеуіне;
      2) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының басым бағыттарына сәйкес келмеуіне;
      3) мемлекеттік даму институттары арқылы басқа мемлекеттік қолдау шараларының қолданылуына байланысты төмендегі жобаларының тізіміне субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдау мүмкіндігін мақұлдаудан бас тарту:


Атауы

Бас тарту себептері

ЖКС

Жоба

Сала

Банк/Лизингтік компания







      Кеңес мүшелерінің қолдары


Кеңес мүшесінің ТАӘ және мәртебесі

«ҚОЛДАЙМЫН»

«ҚАРСЫ»

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР


Кеңес төрағасы





Кеңес төрағасының орынбасары





Кеңес мүшесі





Кеңес мүшесі





Кеңес мүшесі




      Кеңесте қаралды


2-мәселе атауы



      Кеңес мынадай шешімге келді

      1.
      2.
      3.
      ...

      Кеңес мүшелерінің қолдары


Кеңес мүшесінің ТАӘ және мәртебесі

«ҚОЛДАЙМЫН»

«ҚАРСЫ»

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР


Кеңес төрағасы





Кеңес төрағасының орынбасары





Кеңес мүшесі





Кеңес мүшесі





Кеңес мүшесі









      Кеңес хатшысы _________________ ТАӘ

      Егер кеңес мүшесі «қарсы» дауыс берген болса, түсініктемелер бағанында қабылданған шешімінің себебі көрсетілуге тиіс.

Субсидиялау қағидаларына
5-қосымша      

«Үлгі»

Субсидиялау туралы есеп

_____________ - _______________ аралығындағы кезең

Банктің/Даму банкінің/Лизингтік компанияның атауы

ЖКС өтініш берген жер

ЖКС атауы

БҚШ/ҚЛШ (транш) нөмірі

БҚШ/ҚЛШ (транш) күні

Кредит/лизинг (транш) сомасы

1

2

3

4

5

6







      кестенің жалғасы

Кредит/лизинг (транш) бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезеңде Қаржы агенттігі аударған субсидиялар сомасы

Кезеңде есептен шығарылған субсидиялар сомасы

7

8

9

10

11

      Лауазымды адам ___________________ Т.Ә.А.
      қолы, мөрі
      Жауапты қызметкер ___________________ Т.Ә.А.
      қолы

Субсидиялау қағидаларына
6-қосымша      

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/Уәкілетті органға
____________ - _________________ аралығындағы кезеңде
      субсидиялау туралы есеп

Банктің/Даму банкінің/Лизингтік компанияның атауы

ЖКС өтініш берген жер

ЖКС атауы

БҚШ/ҚЛШ (транш) нөмірі

БҚШ/ҚЛШ (транш) күні

Кредит/лизинг (транш) сомасы

1

2

3

4

5

6







      кестенің жалғасы

Кредит/лизинг (транш) бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезеңде Қаржы агенттігі аударған субсидиялар сомасы

Кезеңде есептен шығарылған субсидиялар сомасы

7

8

9

10

11






Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 168 қаулысына  
2-қосымша     

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 556 қаулысымен  
бекітілген     

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі - Кепілдік беру қағидалары) «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - Кәсіпкерлер) міндеттемелерін орындауды ішінара қамтамасыз ету түрінде кепілдіктер берудің шарттары мен тетігін айқындайды.
      2. Кәсіпкерлердің кредиттері бойынша кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылғы № қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
      3. Кепілдік беру жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау құралы болып табылады және Кәсіпкерлердің кредит ресурстарына қол жеткізуін кеңейту және қамтамасыз ету үшін қолданылады.
      4. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агенттігіне өзара жасалған «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджетке жіберілген нысаналы трансферт қаражатының есебінен аударады. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

2. Терминдер мен анықтамалар

      5. Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) Банк - Даму банкін қоса алғанда, Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
      2) банктік кредит (бұдан әрі - кредит) - мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде Кәсіпкерге банк беретін ақша сомасы. Кредиттік желі де банктік кредитке жатады.
      Ислам банкі үшін кредит қаржыландыру - Кәсіпкерге Ислам банкі қаржыландыру шартына сәйкес ұсынатын тауар үшін төлемді кейінге шегеру немесе бөліп төлеу ретінде түсініледі;
      3) кепілдік беру - Бағдарламада, осы Кепілдік беру қағидаларында және Кепілдік шартында айқындалатын шарттарда Кәсіпкердің кредиті бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау нысаны;
      4) кепілдік - банктік қарыз шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу бойынша кепілдік шартынан туындайтын Кәсіпкер міндеттемелерін орындау үшін кепілдік сомасының шегінде Қаржы агенттігінің Банк алдында жауап беру міндеттемесі;
      5) ИИДМБ - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама;
      6) банктік қарыз шарты - Банк пен Кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша Банк Кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады.
      Ислам банкі үшін банктік қарыз шарты қаржыландыру шарты - Ислам банкі мен Кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім ретінде түсініледі, оның шарттары бойынша Ислам банкі Кәсіпкерге - тауарларды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді. Бас қаржыландыру келісімі де қаржыландыру шартына жатады, оның шеңберінде Ислам банкі мен Кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жеке шарттар жасасады. Тауар сатудың тауардың бағасы мен тауардың үстеме бағасынан қалыптасатын бағасы бойынша төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу арқылы Кәсіпкерге тауар сату жолымен саудадағы делдал ретінде Кәсіпкердің сауда қызметін Ислам банктерінің қаржыландыруы коммерциялық кредит деп түсініледі;
      7) кепілдік шарты - кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Қаржы агенттігі, Банк және Кәсіпкер арасында жасалған кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;
      8) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі - қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;
      9) номиналды сыйақы мөлшерлемесі - кредит бойынша сыйақының банктік қарыз шартын жасасу кезінде сол шартта белгіленген мөлшерлемесі, оны банктік қарыз шартында көзделген жағдайларда Банк бір жақты тәртіппен не тараптардың келісімі бойынша өзгерте алады.
      Ислам банкі үшін тауардың үстеме бағасы - Ислам банкінің коммерциялық кредит беруге байланысты тауар бағасынан түсетін пайыз (пайда) түрінде не тіркелген сома түрінде көрсетілуі мүмкін кірісі номиналды сыйақы мөлшерлемесі деп түсініледі;
      10) жоба - бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде Кәсіпкер жүзеге асыратын іс-әрекет пен іс-шаралар жиынтығы. Бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредит алуға болады;
      11) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі - облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
      12) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК) - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, жалпы санының кемінде 50 %-ына бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысатын консультативтік-кеңесші орган;
      13) тауар - оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында Ислам банктерінің сатып алу-сату мәмілелерін жасасуына рұқсат берілген, кейіннен коммерциялық кредит шарттарында Кәсіпкерге беру мақсатында Ислам банкі тауар сатушыдан сатып алу-сату шарты бойынша сатып алатын жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік;
      14) Уәкілетті орган - кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
      15) Қаржы агенттігі - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы.

3. «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер
кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші
бағытының шеңберінде кепілдік беру шарттары

      6. Мыналар:
      1) ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда өздерінің жобаларын іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер, ісі жаңадан бастаған кәсіпкерлер салалық шектеусіз;
      2) өңірлерде өздерінің жобаларын іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын ісін жаңадан бастаған жас кәсіпкерлер салалық шектеусіз Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кепілдік беруге қатыса алады.
      Бұл ретте Бағдарламаның бірінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда:
      1) тұрақтандырушы немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатының есебінен іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде Банктер арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау алатын Кәсіпкерлердің;
      2) кредит/кепілдік алу үшін өтініш берген күні ағымдағы кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ Кәсіпкерлердің;
      3) кредит алу үшін өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлеу бойынша берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ (10 АЕК-тен аспайтын берешектің болуына жол беріледі) Кәсіпкерлердің кепілдік алуға қатысуына рұқсат етіледі.
      7. Мыналар:
      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын Кәсіпкерлер;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын Кәсіпкерлер;
      3) қиыршықтас және құм карьерлерін қазуға, тұз өндіруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын Кәсіпкерлер;
      4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кепілдік алуға қатысушы бола алмайды.
      8. Мынадай:
      1) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
      2) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;
      3) сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;
      4) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
      5) овердрафт түріндегі;
      6) бұрын алынған кредиттерді қайта қаржыландыруға бағытталған;
      7) инвестициялық жобаны іске асыру үшін (өзінің қатысуын ескергенде) сомасы жеткіліксіз кредиттерге Бағдарлама шеңберінде кепілдік берілмейді.
      9. Бағдарлама шеңберінде Банктер:
      1) кредит беру шарттарының Кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
      2) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      10. Кепілдік Банктер жаңа жобаларды іске асыру үшін беретін жаңа кредиттер бойынша, сондай-ақ инвестицияларға, өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған іске асырылып жатқан жобалар бойынша ғана беріледі.
      11. Қаржы агенттігінің шешімі бойынша кредит(тер) бойынша қамтамасыз ету түрінде ұсынылатын мүлік сақтандырылуы мүмкін.
      12. Қаржы агенттігі Кәсіпкердің аффилирленген және байланыстырылған заңды және жеке тұлғалардың кепілдігін ұсынуын талап етуі мүмкін.
      13. Кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын және Даму банкі үшін сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
      14. Қоса алғанда 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша айналым қаражатын толықтыруды кредит сомасының 100 %-ына дейін қаржыландыруға рұқсат етіледі.
      15. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін:
      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын Жоба шеңберіндегі кредиттің(- тердің) сомасы 20 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (-тердің) сомасы Ісін жаңа бастаған кәсіпкердің/Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің біреуі үшін онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;
      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды, бұл ретте Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету. құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;
      3) кепілдік беру мерзімі - 5 (бес) жылға дейін. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 20 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылға дейін;
      4) Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің/ Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасында немесе Қаржы агенттігінің өзге де бағдарламаларында көзделген Бағдарламаның оқыту жобалары шеңберінде оқудан өтуі ұсынылады.
      16. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің мөлшері 20 млн. теңгеден асатын кредиттеріне кепілдік беру Кепілдік беру қағидаларының осы бөлімінің 20-тармағында баяндалған шарттарда жүзеге асырылады.
      17. Кәсіпкер үшін:
      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттің(-тердің) сомасы 180 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (-тердің) сомасы бір Кәсіпкер үшін онымен аффилирленген тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;
      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, бұл ретте Кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;
      3) кепілдік беру мерзімі — 5 (бес) жылға дейін. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылға дейін. Егер кредит сомасы 60 млн. теңгеден аз немесе соған тең болса, қоса алғанда 100 %-ына дейінгі мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет корсету бойынша ағымдағы төлемдерге ақы төлеу бойынша есептерді жүргізуден және өтініш берушінің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттардан басқа) кепілдік беру жүзеге асырылуы мүмкін.
      18. Кепілдік беру шарты жасалатын кредит кредиттік желі ашу туралы дербес банктік қарыз шарты түрінде ресімделуі тиіс.
      19. Кәсіпкер/Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер кепілдік беру шартына қол қойылғанға дейін Қаржы агенттігіне кепілдікті беру үшін кепілдік беру мерзіміне байланысты: қоса алғанда (екі) жылға дейін - кепілдік беру сомасының 0,05 %-ын; 2 (екі) жылдан астам - кепілдік беру сомасының ОД %-ын төлейді.
      20. Қаржы агенттігіне Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Бұл ретте Қаржы агенттігі алынған қаражатты әртүрлі қаржы құралдарына өз қалауы бойынша орналастыруға құқылы.
      21. Қаржы агенттігі төлеген Банк талаптарының көлемі Қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік қоржын көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-нан жоғары шектен асқан кезде, мұндай Банктің кредиттері бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.
      22. Қаржы агенттігі іске асырылатын Бағдарламаны жарнамалау науқанын өткізуге және өзінің ресми веб-сайтында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпарат орналастыруға құқылы.
      23. Мынадай:
      1) Жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;
      2) Жоба Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеген;
      3) Бағдарлама әлеуетті қатысушының және онымен аффилирленген заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, Қаржы агенттігі кепілдік беруден бас тартуға құқылы.

4. «Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп
салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық
қолдау» екінші бағытының шеңберінде кепілдік беру шарттары

      24. Мыналар:
      1) Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында;
      2) Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында жобаларды іске асыратын және /немесе іске асыруды жоспарлайын Кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде кепілдік алуға қатыса алады.
      Бұл ретте Бағдарламаның екінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда:
      1) тұрақтандырушы немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатының есебінен іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде Банктер арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау алатын Кәсіпкерлердің;
      2) кредит/кепілдік алу үшін өтініш берген күні ағымдағы кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ Кәсіпкерлердің;
      3) кредит алу үшін өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлеу бойынша берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ (10 АЕК-тен аспайтын берешектің болуына жол беріледі) Кәсіпкерлердің кепілдік алуға қатысуына рұқсат етіледі.
      25. Мыналар:
      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын Кәсіпкерлер;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын Кәсіпкерлер;
      3) қиыршықтас және құм карьерлерін қазуға, тұз өндіруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын Кәсіпкерлер;
      4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кепілдік алуға қатысушы бола алмайды.
      26. Мынадай:
      1) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
      2) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;
      3) сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;
      4) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
      5) овердрафт түріндегі;
      6) бұрын алынған кредиттерді қайта қаржыландыруға бағытталған;
      7) инвестициялық жобаны іске асыру үшін (өзінің қатысуын ескергенде) сомасы жеткіліксіз кредиттерге Бағдарлама шеңберінде кепілдік берілмейді.
      27. Ауылдарда, шағын қалалар мен моноқалаларда Бағдарламаның екінші бағытының шарттарына сәйкес келетін жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде мемлекеттік қолдау алуға құқылы.
      28. Бағдарлама шеңберінде Банктер:
      1) кредит беру шарттарының Кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
      2) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      29. Кепілдік Банктер жаңа жобаларды іске асыру үшін беретін жаңа кредиттер бойынша, сондай-ақ инвестицияларға, өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған іске асырылып жатқан жобалар бойынша ғана беріледі.
      30. Қаржы агенттігінің шешімі бойынша кредит(тер) бойынша қамтамасыз ету түрінде ұсынылатын мүлік сақтандырылуы мүмкін.
      31. Қаржы агенттігі Кәсіпкердің аффилирленген және байланыстырылған заңды және жеке тұлғалардың кепілдігін ұсынуын талап етуі мүмкін.
      32. Кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын және Даму банкі үшін сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
      33. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе инвестицияларға жүзеге асырылатын болса, айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша ішінара, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кепілдік беру жүзеге асырылуы мүмкін. Қоса алғанда 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша айналым қаражатын толықтыруды кредит сомасының 100 %-ына дейін қаржыландыруға рұқсат етіледі.
      34. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін:
      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын Жоба шеңберінде кредиттің(-тердің) сомасы 20 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (-тердің) сомасы Ісін жаңа бастаған бір кәсіпкер үшін онымен аффилирленген тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;
      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды, бұл ретте Ісін жаңа бастаған кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;
      3) Кепілдік беру мерзімі - 5 (бес) жылға дейін. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 20 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі - 3 (үш) жылға дейін.
      35. Кәсіпкер үшін:
      1) экономиканың басым салаларындағы Жобалар бойынша кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттің(-тердің) сомасы қоса алғанда 360 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (-тердің) сомасы бір Кәсіпкер үшін онымен аффилирленген тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;
      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, бұл ретте Кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады.
      Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;
      3) Кепілдік беру мерзімі - 5 (бес) жылға дейін. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылға дейін.
      36. ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында іске асырылатын Жобаға кредит(тер) сомасы бір Кәсіпкер үшін қоса алғанда 1850 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (-тердің) сомасы бір Кәсіпкер үшін онымен аффилирленген тұлғалардың кредит! (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
      37. Егер ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында іске асырылатын Жобаға кредит(тер) мөлшері қоса алғанда 360 млн. теңгеге дейінгі соманы құраған жағдайда, кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, бұл ретте Кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады.
      Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді.
      38. Кепілдік беру мерзімі - 5 (бес) жылға дейін. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылға дейін.
      39. Егер ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында іске асырылатын Жобаға кредит(тер) мөлшері 360 млн. теңгеден жоғары соманы құраған жағдайда, кепілдік мөлшері кредит сомасының 20 %-ынан аспайды.
      40. Кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылға дейін.
      41. Егер кредит сомасы 60 млн. теңгеден аз немесе соған тең болса, қоса алғанда 100 %-ына дейінгі мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерге ақы төлеу бойынша есептерді жүргізуден және өтініш берушінің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттардан басқа) кепілдік беру жүзеге асырылуы мүмкін.
      42. Сомасы 180 млн. теңгеден жоғары кредит(тер) бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде Кәсіпкер жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақшасының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
      43. Кепілдік беру шарты жасалатын кредит кредиттік желі ашу туралы дербес банктік қарыз шарты түрінде ресімделуі тиіс.
      44. Кәсіпкер кепілдік беру шартына қол қойылғанға дейін Қаржы агенттігіне кепілдікті беру үшін кепілдік беру мерзіміне байланысты: қоса алғанда 2 (екі) жылға дейін - кепілдік беру сомасының 0,05 %-ын; 2 (екі) жылдан астам - кепілдік беру сомасының 0,1 %-ын төлейді.
      45. Қаржы агенттігіне Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Бұл ретте Қаржы агенттігі алынған қаражатты әртүрлі қаржы құралдарына өз қалауы бойынша орналастыруға құқылы.
      46. Қаржы агенттігі төлеген Банк талаптарының көлемі Қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік қоржын көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ынан жоғары шектен асқан кезде, мұндай Банктің кредиттері бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.
      47. Қаржы агенттігі іске асырылатын Бағдарламаны жарнамалау науқанын өткізуге және өзінің ресми веб-сайтында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпарат орналастыруға құқылы.
      48. Мынадай:
      1) Жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;
      2) Жоба Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеген;
      3) Бағдарлама әлеуетті қатысушының және онымен аффилирленген заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, Қаржы агенттігі кепілдік беруден бас тартуға құқылы.

5. Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара
іс-қимыл жасау тәртібі

      49. Кәсіпкер/Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер (бұдан әрі - Кәсіпкер) Банкке кредит алуға өтінішпен жүгінеді.
      50. Банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес Банк кәсіпкердің өтінішін дербес қарайды, Жобаға кешенді сараптама жүргізеді, кәсіпкер берген құжаттарды, кәсіпкердің қаржылық жағдайын талдайды, кәсіпкер ұсынған кепіл мүлкін бағалау туралы қорытындының негізінде кәсіпкерді қамтамасыз етудің, кепілдік құнына бағалау жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, жобаны Қаржы агенттігінің ішінара кепілдігі бойынша кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін Банктің ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті органның қарауына шығарады.
      51. Оң шешім қабылданған жағдайда, Банктің ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Банк осы Кепілдік беру қағидаларына 13-қосымшаларға сәйкес кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін қажетті құжаттарды Қаржы агенттігіне береді.
      52. Қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша және 15 (он бес) жұмыс күні ішінде 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша алған құжаттарды қарайды және Жобаны кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін Қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады. Қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша алынған кредиттер бойынша кәсіпкердің және онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың жиынтық берешегі 180 млн. теңгеден асқан жағдайда, кейінгі Жобаларды қарау 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      53. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулерді және/немесе ақпарат беру туралы сұратуды Қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін Банкке жолдайды. Бұл ретте, Қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі қайтадан басталады.
      54. Қаржы агенттігі кепілдік беру (бермеу) туралы оң/теріс шешім қабылдаған жағдайда, Қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде Банкке Қаржы агенттігінің кепілдік беру (бермеу) мүмкіндігі туралы шешімі бар хат жібереді.
      Кәсіпкердің жобасы бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда, мұндай шешім туралы хатта теріс шешімнің себебі көрсетілуге тиіс.
      55. 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша:
      1) Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты алғаннан кейін Банк пен Кәсіпкер банктік қарыз шартын, кепіл(дер) шарт(тар)ын жасасады. Банктік қарыз шартының көшірмесі Қаржы агенттігіне жіберіледі.
      Қаржы агенттігінің оң шешімі бар хаты алынғаннан кейін Банктің қалауы бойынша кредит сомасының 50 %-ына дейінгі мөлшерде ішінара беруге жол беріледі;
      2) Банктен банктік қарыз шартының көшірмесін алғаннан кейін Қаржы агенттігі кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қойып, Банкке жібереді. Кәсіпкер Қаржы агенттігінің ағымдағы шотына кепілдік бергені үшін комиссияны аударуды жүзеге асырады;
      3) Банк кепілдік шартына қол қояды, оған Кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын Қаржы агенттігіне жібереді;
      4) Қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін Банк Кәсіпкерге кредит беруді жүзеге асырады.
      56. 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша:
      1) Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты алғаннан кейін Банк Кәсіпкерге кепілдіктің қажетті сомасының есебі көрсетілген кредит шарттары туралы тиісті хат жібереді;
      2) Банктен хат алғаннан кейін Кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) өтінішпен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
      дара кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын Кәсіпкер-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/ анықтама (кәсіпкердің (Кәсіпкер-заңды тұлғаның уәкілетті адамының) мөрімен (бар болса) және қолымен расталған көшірмесі);
      лицензия - егер қызмет түрі лицензияланатын болса (кәсіпкердің мөрімен (бар болса) және қолымен расталған көшірмесі);
      жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай құжаты талап етілмейді). Егер Кәсіпкер-заңды тұлға акционерлік қоғам нысанында құрылған болса, бұған қоса акциялар эмиссиясының проспектісі және акционерлер тізілімінен үзінді (кәсіпкердің мөрімен расталған көшірмесі/түпнұсқасы) ұсынылады;
      Кәсіпкер Қаржы агенттігіне жүгінген күнге дейін берілгеніне күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспаған салық комитетінен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
      Кәсіпкердің салық декларациясының көшірмесін қоса бере отырып, қаржы жылындағы қаржы есептерінің көшірмесі және/немесе оның басшысы растаған дебиторлық және кредиторлық берешекті (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің атауы) толық жаза отырып, қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін, интернет-ресурстарда орналастырылған ақпарат (заңды тұлғалар үшін);
      Банктің кепілдік беру сомасының есебімен бірге кәсіпкерге кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты;
      Қаржы агенттігінің кәсіпкерге кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының көшірмесі (Банктің мөрімен расталған);
      Жобаны іске асырудың болжамды мерзімдерін, шарттарын қамтитын кәсіпкердің жобасын іске асырудың бизнес-жоспары;
      3) Бағдарламаның жергілікті/өңірлік үйлестірушісі Кәсіпкерден құжаттар мен ақпараттың және өтініштің бәрін алғаннан кейін мынадай іс- шараларды жүзеге асырады:
      өтінішпен қоса берілетін міндетті құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған не осы Кепілдік беру қағидаларының және/немесе Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі Кәсіпкерге ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады;
      Жобаны алдын ала қарайды және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі үшін Жоба бойынша ұсынымдар әзірлейді;
      4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Астана және Алматы қалаларының Кәсіпкерлері барлық құжаттар мен ақпаратты алған/қалыптастырған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Жобаны Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жібереді, ол мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      Жоба бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
      Кәсіпкердің жобасын Бағдарлама шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
      ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастырады, ӨҮК отырысының күнін, уақытын және өткізу орнын айқындайды, бұл туралы барлық ӨҮК мүшелерін хабардар етеді;
      барлық құжаттар мен ақпаратты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Кәсіпкерлер жобаларының тізімін, құжаттардың толық пакетін қоса бере отырып, ӨҮК қарауына шығарады;
      5) құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған не осы Кепілдік беру қағидаларының және/немесе Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары бойынша - кәсіпкерге) ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады;
      6) ӨҮК отырысы Жобалардың қалыптасуына қарай, бірақ айына 2 (екі) реттен сиретпей өткізіледі;
      7) ӨҮК күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жобалардың Бағдарлама критерийлеріне сәйкестігін қарайды және кепілдік беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды;
      8) ӨҮК мүшелерінің саны 12 адамнан аспауға тиіс, олардың кемінде 50 %-ын кәсіпкерлер қоғамдастығы ұсынуға тиіс;
      9) ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі. Шешімдер қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісінің (кворум) даусымен қабылданады.
      10) ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      Кәсіпкердің және олар іске асыратын жобалардың Бағдарламаның критерийлері мен жергілікті даму бағдарламаларына сәйкестігін тексереді;
      экономиканың өңір үшін басым секторларында іске асырылатын Кәсіпкердің жобаларын, сондай-ақ Кәсіпкердің өтінішінде көрсетілген ақпаратты қарайды, әрбір Кәсіпкер бойынша өтінішпен бірге берілген құжаттар пакетін зерделейді;
      ӨҮК мүшелері арасында Кәсіпкердің жобасын және ұсынылған құжаттарды талқылауды жүргізеді;
      Кәсіпкерлердің жобаларын қарау нәтижелері бойынша Кәсіпкердің кредиті бойынша кепілдік беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді, бұл ретте хаттамада жекелеген Кәсіпкерлерді және олардың Жобаларын Бағдарламаға қатыстырудан бас тарту себебі міндетті түрде көрсетілуге тиіс;
      11) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК отырысынан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
      осы Кепілдік беру қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзінді көшірмені Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне;
      Астана және Алматы қалаларының кәсіпкерлеріне Жобаны ӨҮК-те қарау нәтижелері туралы жазбаша хабарлама жібереді;
      12) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен кәсіпкердің кредитіне ішінара кепілдік беруге келісу туралы ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін Қаржы агенттігі Банкке осы Кепілдік беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес алдын ала кепілдік хатын жібереді;
      13) ӨҮК-мен келісілмеген жобалардан бас тартылады;
      14) алдын ала кепілдік беру хатын алғаннан кейін Банк және Кәсіпкер Банктік қарыз шартын жасасады. Банктік қарыз шартының көшірмесі Қаржы агенттігіне жіберіледі;
      15) алдын ала кепілдік беру хатын алғаннан кейін Банктің қалауы бойынша кредит сомасының 50 %-на дейін ішінара кредит беруге жол беріледі;
      16) ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін Қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі негізінде Қаржы агенттігі кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қойып, Банкке жібереді. Кәсіпкер Қаржы агенттігінің ағымдағы шотына кепілдік бергені үшін комиссияны аударуды жүзеге асырады;
      17) Банк кепілдік шартына қол қояды, оған Кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын Қаржы агенттігіне жібереді;
      18) Қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін Банк Кәсіпкерге кредит беруді жүзеге асырады.
      57) Шығарылған кепілдіктерге ақы төлеу мақсатында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кезекті жылдың басында Қаржы агентіне кредиттерді кепілдендіруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ын аударады.
      58) Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі жылдың басында Қаржы агенттігіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін кепілдік шарттарының жасалуына қарай Қаржы агенттігіне былайша аударылады:
      1) Кепілдік шартын жасасқаннан кейін Қаржы агенттігі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді;
      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агенттігінен Кепілдік шартын жасасу туралы хатты алғаннан кейін Қаржы агенттігінің ағымдағы шотына кепілдік сомасының 20 %-ы мөлшерінде қаражатты аударуды жүзеге асырады.
      59. Бағдарлама шеңберінде кепілдік беруге бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілері/Қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражатты кезекті қаржы жылында жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларға кепілдік беруге пайдалануға болады.

6. Бағдарламаның мониторингі

      60. Бағдарламаны іске асыру мониторингін Қаржы агенттігі жүзеге асырады, оның функцияларына мыналар жатады:
      1) Банк және/немесе Кәсіпкер ұсынған деректер мен құжаттар негізінде Кепілдік беру шартын жасасқан Кәсіпкердің кредитті мақсатты пайдалануының мониторингі;
      2) Банк ұсынған деректер немесе өзге де шынайы ақпарат көздері негізінде Кәсіпкердің төлем тәртібінің мониторингі.
      61. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін Қаржы агенттікі Кәсіпкер мен Банктен мониторинг нысанасына жататын барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде, салықты құпияны қамтитын ақпаратты сұратуға құқылы, ал Кәсіпкер мен Банк беруге міндетті, Жоба іске асырылып жатқан жерге барып оның іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруға құқылы.
      62. Кредиттің мақсатсыз пайдаланылғаны, Бағдарлама және/немесе кепілдік шартының талаптары бұзылғаны, Қаржы агенттігінің кепілдік беру туралы шешімінде белгіленген кепілдік беру шарттарының орындаламағаны анықталған жағдайда, Қаржы агенттігі кепілдікті жоюға құқылы.
      63. Банк Кәсіпкер жобасының мониторингін жүзеге асырады, ол мынаны қамтиды:
      1) ай сайын - Кәсіпкер жобасының (жобаларының) іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі;
      2) жылына бір рет - Банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен Кәсіпкер жобасының (жобаларының) іске асырылу барысының кеңейтілген, бірақ (бизнес-жоспарға сәйкес) Жобаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты міндетті түрде қамтитын мониторингі.
      64. Осы Кепілдік беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес Кәсіпкер жобасының (жобаларының) іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі туралы есепті Банк Қаржы агенттігіне есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, жазбаша түрде береді және бұған қоса Қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электронды мекенжайына жібереді.
      65. Кәсіпкер жобасының (жобаларының) іске асырылу барысының кеңейтілген мониторингі туралы есепті Банк Қаржы агенттігіне есепті айдан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей, жазбаша түрде береді және бұған қоса Қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электронды мекенжайына жібереді.
      66. Қаржы агенттігі ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Уәкілетті органға осы Кепілдік беру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес кепілдік беру туралы есеп береді.
      67. Банк қызметін жүзеге асыруға салынған шектеулер немесе тыйымдар туралы, сондай-ақ Банк акцияларының 10 %-дан астамына қатысты меншік құқығының бір мәрте сатылғаны немесе өзгеше бір мәрте ауысқаны және/немесе иелік ету және пайдалану құқығының ауысқаны туралы Банк 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.

Кепілдік беру қағидаларына
1-қосымша        

Жоба бойынша қажетті кепілдік сомасының есебі (ЖКС атауы)


Жобаның атауы

Кредит сомасы, мың теңге

Кредит мерзімі, ай

Кепілді қамтамасыз ету

Бағалау құны, мың теңге

Кепіл құны, мың теңге

Қажетті кепілдік сомасы, мың теңге

Кредит сомасына кепілдік сомасы, (%)


2

3

4

5

6

7

8

9










      Лауазымды адам      ____________________ Т.А.Ә.
                                 қолы, мөр
      Жауапты қызметкер   ____________________ Т.А.Ә.
                                   қолы

Кепілдік беру қағидаларына
2-қосымша       

      Кімге ____________________ әкімдігі
      Кімнен ___________________

№ ___________ өтініш

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің ______ жылғы ____ № ______ қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына сәйкес Сізден Бағдарлама шеңберінде ___________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына төмендегіге сәйкес «________» АҚ алдындағы кредитке ішінара кепілдік беру туралы мәселені қарауға бастамашылық етуді сұраймын:

1. Қатысушы туралы мәліметтер

ЖКС атауы


Құрылтайшы (лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік №


Қызмет түрлері


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания


СТН/ЖСН


Жұмыс тәжірибесі


2. Басшылық

      Бірінші басшы

Т.А.Ә.


Лауазымы


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы, берілген күні


Тұратын (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Бас бухгалтер

Т.А.Ә.


Лауазымы


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы, берілген күні


Тұратын (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Байланыс жасайтын адам

(Т.А.Ә., лауазымы, телефоны)


3. Меншік иелері

      (құрылтайшы, қатысушылар, АҚ үшін - акциялардың 5 % және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер).

Атауы/Т.А.Ә.

%

Деректемелері



















4. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ/ИИДМБ сәйкес)


Кіші сала (ЭҚЖЖ/ИИДМБ сәйкес)


Өнімдер мен көрсетілетін қызметтер түрлері


Жылдық айналым


Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын


Жұмыскерлердің нақты саны

оның ішінде әйелдер

Жобаның атауы (қысқаша сипаты)


Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


5. Банктік шоттар туралы ақпарат

      Банктік деректемелер (қызмет көрсететін банктердің бәріндегі ағымдағы және жинақ шоттарының бәрін көрсету керек):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

6. Кредиттік тарих

      Заңды тұлға жұмысының процесінде пайдаланылған банктік қарыздардың өтелгендерімен қатар қазіргі уақытта өтелмегендерінің бәрі көрсетіледі.

Кредитор

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі борышты өтеу шарттары

Банктік қарыз шарты бойынша өтеу мерзімі

Нақты өтеу мерзімі

1.







2.







7. Қолданыстағы кредиттер туралы ақпарат

      Күні және валюта бағамы: ____ /_____



Банк

Банктік қарыз шартының деректемелері (№, күні)

Сыйақы мөлшерлемесі, % теңге

Кредит сомасы, берешек қалдығы, теңге

Негізгі борыш бойынша аяқталатын күн

Кредит валютасы

Кредит мерзімі

Кредит мақсаты (қысқаша сипаты)










8. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға және жеке кәсіпкерлік
субъектілеріне қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау
шараларына қатысу туралы ақпарат

Мемлекеттік бағдарлама /мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Мемлекеттік органның, ұлттық қордың/холдингтің атауы

Қосымша ақпарат

1.




2.




9. Кепілдіктер мен келісімдер

      Осы өтініште көрсетілген барлық деректер мен ақпарат дұрыс болып табылатынына және шындыққа толық сәйкес келетініне кепілдік беремін, көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтініш көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін.
      Осы арқылы жергілікті атқарушы органға осы өтініште көрсетілген мәліметтер мен ақпаратты мүдделі үшінші тұлғаларға беруге сөзсіз келісім беремін.

      Қосымшалар:
      Осы Келісімде көзделген құжаттар тізбесі.

__________________ (Т:А:Ә.)
      қолы күні

Кепілдік беру қағидаларына
3-қосымша       

ЖКС сараптама жүргізу үшін Қаржы агенттігіне Банк ұсынатын
құжаттар тізбесі

      1. Жалпы құжаттар:


Құжаттың атауы

Нысаны

1

2

3

1

Құжаттар тізбесіне ілеспе хат

түпнұсқа

2

Құжаттар пакетіндегі барлық құжаттардың тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі

Банктің уәкілетті қызметкері қол қойған және Банктің мөрімен/мөртабанымен расталған түпнұсқа

3

Банкте кредит алуға өтінім

Банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

4

Банктің уәкілетті органының Қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, Банктің кредит, кепіл және заң басқармалары мен тәуекел басқармасының сараптамалық қорытындылары

Банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

5

Соңғы есепті күндегі жағдай бойынша ЖКС қаржылық құжаттары (кредиторлық және дебиторлық берешегі толық жазылған, берешектің пайда болған күні, өтеудің болжалды күні және берешек нысанасы, негізгі құралдардың толық жазылуы, ТМҚ көрсетілген), соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (дара кәсіпкерлер үшін)*

Банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

6

Жылдың басындағы және соңғы есепті күндегі жағдай бойынша ЖКС қаржылық құжаттары (жылдың басындағы және соңғы есепті күндегі кредиторлық және дебиторлық берешегі толық жазылған, берешектің пайда болған күні, өтеудің болжалды күні және берешек нысанасы, негізгі құралдардың толық жазылуы, ТМҚ көрсетілген), ЖКС мөрмен расталған (заңды тұлғалар үшін)*

Банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

7

Кірістер мен шығыстар туралы баптардың толық жазылуы - өткізуден түскен кіріс, өзіндік құн, кезең шығыстары, өзге де кірістер мен шығыстар, қаралып отырған кезеңде өткізілген өнімнің ақшалай және заттай мәндегі көлемі *

Банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме немесе түпнұсқа

8

Қызмет көрсететін банктен несие берешегінің бар (жоқ) екені туралы, соңғы 12 айдағы айналымы туралы, сондай-ақ қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсетуді қоса алғанда, құжаттарды қарау кезіндегі жағдай бойынша мерзімінде төленбеген № 2 картотека) есептік құжаттар туралы анықтама

Банк нысаны бойынша түпнұсқа (күнтізбелік 30 күнге дейін түпнұсқамен салыстырылған көшірмеге рұқсат етіледі)

9

Несие, оның ішінде басқа қаржы ұйымдарынан (банктерден басқа, кредиттер болған жағдайда) мерзімі өткен берешегінің бар екені туралы анықтамалар

Түпнұсқа (күнтізбелік 30 күнге дейін түпнұсқамен салыстырылған көшірмеге рұқсат етіледі)

10

Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар (жоқ) екені туралы анықтама

Түпнұсқа (egov.kz анықтамасы)

11

Екінші деңгейдегі банктердегі барлық шоттары туралы мәліметтер

ЖКС хатының түпнұсқасы

12

Лицензиялар, патенттер, квоталар және т.б. (егер өтініш берушінің қызмет лицензияланатын болса немесе қарыз қаражаты жұмсалатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін өткізу лицензияланатын болса)

Банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

13

Жобаны іске асыру жөніндегі құжаттар (бар болса):
1) келісімшарттар, сатып алу-сату шарттары, ниет шарттары, жұмыстарды жүргізуге (мердігердің құрылыс-монтаж жұмыстарын немесе өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруына арналған лицензияны қоса бере отырып), қызметтер көрсетуге арналған шарттар, орындалған жұмыстар актілері, төлем шоттары және т.б.;
1) жоспарланатын жұмыстар бойынша смета, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсат (егер кредит құрылыс, реконструкция саласында және т.б. пайдалану үшін берілсе) және т.б.;
2) Жобаға өзінің қатысуын растайтын құжаттар;
3) Жобаны қарау шеңберінде Банк пайдаланатын кез келген басқа құжаттар.

Банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

14

Бизнес-жоспар

Банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

15

Соңғы және ағымдағы жылдарда қолданыстағы және аяқталған келісімшарттар (бар болса)

көшірмелер

16

Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттер бар болса)

көшірмелер

17

Банк атынан банктік қарыз, кепіл және кепілдік шартын жасайтын адамның құзыретін растайтын құжаттар.

Банк мөрімен расталған көшірме (кепілдік шартын жасасу кезінде Банк беруі мүмкін)

18

Бағдарламаның оқыту бағдарламалары шеңберінде оқытудан өткені туралы Қаржы агенттігі берген сертификат

көшірме

      Ескертпе:1) * 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша;
      2) қаржылық есептіліктің жасалу мерзімі Банк құжаттар пакетін ұсынған күнге 3 айдан аспауға тиіс.

      2. ЖКС құқықтық мәртебесі мен құзыретін айқындайтын құжаттар
      1. Егер ЖКС дара кәсіпкер болып табылса:


Құжаттың атауы

Нысаны

1

Жеке басын куәландыратын құжат

Банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

2

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда - патент

Банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме (egov.kz анықтамасына рұқсат етіледі)

3

Қол қою үлгілері мен мөр бедері бар құжат

нотариат куәландырған түпнұсқа

4

ЖКС-нің кредитік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі

түпнұсқа Қаржы агенттігінің атына беріледі

5

ЖКС-нің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі

түпнұсқа Қаржы агенттігінің атына беріледі

      2. Егер ЖКС Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылса.

Құжаттың атауы

Нысаны

1

2

3

1

Жарғы, оған өзгерістер мен толықтырулар

нотариат куәландырған түпнұсқа

2

Заңды тұлғаны мемлекеттік/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама;

нотариат куәландырған түпнұсқа (egov.kz анықтамасына рұқсат етіледі)

3

ЖКС уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі

түпнұсқа не Банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме;

4

Банкте және Қаржы агенттігінде ЖКС атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті адамның жеке басын куәландыратын құжаттар, сондай-ақ оның өкілеттігін растайтын құжаттар

Банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

5

ЖКС кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған уәкілетті органының шешімі

Қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша түпнұсқа

6

ЖКС кредит тарту туралы шешім қабылдаған уәкілетті органының шешімі

Банк бекіткен нысан бойынша түпнұсқа

7

Бірінші басшыны, бас бухгалтердің қол қою үлгілері мен ЖКС мөр бедері бар құжат

нотариат куәландырған түпнұсқа

8

ЖКС-нің кредитік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі

түпнұсқа Қаржы агенттігінің атына беріледі

      Қажет болған жағдайда, Қаржы агенттігі Жоба бойынша қосымша құжаттама мен ақпарат сұратуы мүмкін.
      Бірнеше беттен тұратын құжат ұсынылған жағдайда, мұндай құжат тігіліп, нөмірленуге не құжаттың әр парағы уәкілетті адамдардың қолымен және мөрмен/мөртабанмен бекітілуге тиіс.

Кепілдік беру қағидаларына
4-қосымша        

«____________________» АҚ-ға

Алдын ала кепілдік хаты

      Бағдарламаның бірінші/екінші бағытын іске асыру шеңберінде жеке
кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттеріне
кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді бұдан әрі -
Келісім) іске асыру шеңберінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
(бұдан әрі — Қаржы агенттігі) «_____________» Жобасы бойынша Қаржы
агенттігінің кепілдігін беру туралы «_________» ДК/ЖШС/АҚ өтінімін
қарап, мақұлдағанын хабарлаймыз.
      Қаржы агенттігі «____________» Жобасы бойынша «______________»
ДК/ЖШС/АҚ мынадай шарттарда кепілдік беруге дайын:
      1) кепілдік сомасы: ______________ (_____________) теңге, бұл
кредит сомасының _________ %-ын құрайды;
      2) кепілдік мерзімі: _________________________;
      3) кепілдік берудің өзге талаптары Келісім талаптарына сәйкес
жасалуға тиіс Кепілдік шартымен реттеледі.
      Осы алдын ала кепілдік хатының қолданылу мерзімі ____ дейінгі
аралықта.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара
кепілдіктер түріндегі мемлекеттік қолдау шарттарын реттейтін
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер
және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда Қаржы агенттігі жоғарыда
көрсетілген кепілдік беру шарттарын қайта қарауға және оларды
толығынан немесе ішінара өзгертуге немесе жоюға құқылы, бұл туралы
Банк Кепілдік шартына қол қойғанға дейін хабардар етілетін болады.

      Құрметпен,
______________ ____________  __________________
  (лауазымы)   (қолы, м.о.)       (Т.А.Ә.)

Кепілдік беру қағидаларына
5-қосымша       

«_____________» АҚ-ның ___________ бастап жыл кезеңі
бойынша ЖКС Жобаларын іске асыру барысының ағымдағы мониторингі
туралы есебі


Банктің атауы

ЖКС өтініш берген жер (облыс, өңір)

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының СТН/БСН


2

3

4

5


Заңды мәртебесі (ЖШС, ДК, ШҚ, ӨК)

Кредит желісін ашу туралы Банктік қарыз шартының/Келісімнің №

Кредит желісін ашу туралы Банктік қарыз шартының/ Келісімнің күні

Кредит мерзімі


6

7

8

9







Кредит сомасы

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі

Сыйақы төлеу бойынша жеңілдікті кезең


10

11

12

13







Кредит бойынша берілген күні (транш)

Нақты берілген қаражат сомасы

Есепті күнге негізгі борыш берешегінің қалдығы

Кепілдік шартының нөмірі


14

15

16

17







Кепілдік шартының күні

Қаржы агентінің кепілдік сомасы

Қаржы агентінің кепілдік бойынша міндеттемесінің орындалу сомасы

НБ бойынша мерзімі өткен берешектің сомасы


18

19

20

21







НБ бойынша мерзімі өткен күндердің саны

Сыйақы төлеу бойынша мерзімі өткен күндердің саны

Кредит беру объектісі (инвестициялық кредит/айналым қаражатын толтыру)

ЭҚЖЖ бойынша код


22

23

24

25







Жоба бойынша бизнес (бастапқы/қолданыстағы)

Жобаны іске асыру есебінен құрылатын жаңа жұмыс орындары

Банктің уәкілетті органы шешімінің күні

ҚҚА әдістемесі бойынша сыныптамалық санат


26

27

28

29











      Лауазымды адам ____________________ Т.А.Ә.
                          қолы, мөр

      Жауапты қызметкер __________________ Т.А.Ә.
                                қолы

Кепілдік беру қағидаларына
6-қосымша       

Кепілдік беру туралы есеп
(Қаржы агенттігі Уәкілетті органға және Бағдарламаның жергілікті
деңгейдегі үйлестірушісіне береді)

Облыстың атауы

Банктік қарыз шарты бойынша кредит сомасы

Нақты берілген қаражат сомасы

Негізгі борыш бойынша берешек қалдығы

1

2

3

4

5

2





3

Қаржы агенттігінің кепілдік сомасы

Кепілдіктің қалды сомасы

Кепілдіктер бойынша Қаржы агенттігінің орындалған міндеттемелерінің сомасы


4

6

7

8

9

      Лауазымды адам _________________________ Т.А.Ә.
                            қолы, мөр

      Жауапты қызметкер ______________________ Т.А.Ә.
                                 қолы

Кепілдік беру қағидаларына
7-қосымша       

(ұсынылатын нысан)

_______________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының
№ _____________ хаттамасы

Өткізілген орны


Өткізілген күні


Кеңес төрағасы


Қатысқан кеңес мүшелері


Қатыспаған кеңес мүшелері


Шақырылғандар


Кеңес хатшысы


Күн тәртібі


Мәселелердің атауы

1


2


...


      Кеңесте қаралды

1-мәселенің атауы

1




      Кеңес мынадай шешімге келді
      1. Мыналарға:
      «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының критерийлеріне сәйкес келуіне;
      «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының басым бағыттарына сәйкес келуіне;
      мемлекеттік даму институттары арқылы басқа мемлекеттік қолдау шараларының қолданылмауына байланысты
      жеке кәсіпкерлік субъектілерінің төмендегі жобаларының тізіміне кепілдік беру нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдау мүмкіндігін мақұлдау:

Атауы



ЖКС

Жоба

Сала (ЭҚЖЖ кодтары көрсетілген

Банк

1

2

3

4

5






Кредит сомасы

Қажетті кепілдік сомасы

Кредит сомасына қажетті кепілдік сомасы (%)

6

7

8










Жобаның сипаты

Кепілдікті жою шарттары

Ескертпе

9

10

11




      2. Мақұлданған жобалар тізімін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға және көрсетілген екінші деңгейдегі банктерге жіберу.
      3. Мыналарға:
      1) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының критерийлеріне сәйкес келмеуіне;
      2) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының басым бағыттарына сәйкес келмеуіне;
      3) мемлекеттік даму институттары арқылы басқа мемлекеттік қолдау шараларының қолданылуына байланысты
      төмендегі жобаларының тізіміне кепілдік беру нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдау мүмкіндігін мақұлдаудан бас тарту:

Атауы

Бас тарту себептері

ЖКС

Жоба

Сала

Банк







      Кеңес мүшелерінің қолдары

Кеңес мүшесінің ТАӘ және мәртебесі

«ҚОЛДАЙМЫН»

«ҚАРСЫ»

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

1

Кеңес төрағасы




2

Кеңес төрағасының орынбасары




3

Кеңес мүшесі




4

Кеңес мүшесі




5

Кеңес мүшесі




      Кеңесте қаралды

2-мәселе атауы



      Кеңес мынадай шешімге келді

      1.
      2.
      3.
      ...
      

      Кеңес мүшелерінің қолдары

Кеңес мүшесінің ТАӘ және мәртебесі

«ҚОЛДАЙМЫН»

«ҚАРСЫ»

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

1

Кеңес төрағасы




2

Кеңес төрағасының орынбасары




3

Кеңес мүшесі




4

Кеңес мүшесі




5

Кеңес мүшесі




      Кеңес хатшысы ________________ ТАӘ

      Егер кеңес мүшесі «қарсы» дауыс берген болса, түсініктемелер бағанында қабылданған шешімнің себебі көрсетілуге тиіс.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 168 қаулысына   
3-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 556 қаулысымен  
бекітілген      

«Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру
қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі - Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру шарттары мен тетігін айқындайды.
      2. Ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылғы № қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында және Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
      4. Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға мемлекеттік гранттар салалық шектеусіз беріледі.
      5. Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы мемлекеттік гранттар алуға Кәсіпкерлер берген өтінімдерді іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді. Бұл ретте Бағдарламаның және/немесе «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде оқыту құрауыштары сертификаттарының болуы конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
      6. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтеріне Уәкілетті орган республикалық бюджет қаражатының есебінен ақы төлейді.
      7. Грант беру үшін көзделген қаражатты Уәкілетті орган Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне аударуға бағытталған нысаналы трансферт қаражатының есебінен аударады.
      8. Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

Ісін жаңа бастаған кәсіпкер

Банкке/Лизингтік компанияға/микроқаржы ұйымына кредит/лизинг шартын/мкирокредит алу үшін өтініш берген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзіміне үш жыл толмаған кәсіпкер. Жұмыс істеп жатқан аффилирленген жеке кәсіпкерлік субъектісінің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлік субъектілерімен аффилирленуіне жол беріледі;

Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер

29 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жастағы, Банкке кредит алу үшін өтініш берген кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзіміне үш жыл толмаған дара кәсіпкер. Ісін жаңа бастаған дара кәсіпкердің жасы оның Банкке өтініш жасаған күні айқындалады. Жұмыс істеп жатқан аффилирленген жеке кәсіпкерлік субъектісінің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлік субъектілерімен аффилирленуіне жол беріледі;

Кәсіпкер

жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер, сондай-ақ әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар;

Инновация

жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметінің жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, техникалық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де экономикалық тиімділікті жоғарылату мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, қоғамдық пайдалы нәтиже түрінде практикалық іске асырылған нәтижелері;

Жаңа бизнес-идея

Мұндай жобаларды іске асыру кезінде бұрын қолданылмаған материалдарды, технологиялар мен әдістерді қолдану арқылы тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама. Нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте бұрын іске асырылмаған тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін жобалар да жаңа бизнес-идеяларға жатады;

Грант беру туралы шарт

кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан байынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, Қаржы агенттігі мен кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша кәсіпкерге нысаналы Грант беріледі;

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі

облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі

қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;

Уәкілетті орган

кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

Конкурстық комиссия

жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, салалық сарапшылардың, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен құрылатын алқалы-кеңесші орган. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды;

Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК)

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, жалпы санының кемінде 50 %-ын бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері құрайтын консультативтік-кеңесші орган;

Қаржы агенттігі

Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын сүйемелдеу үшін тартылатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;

Бизнес-жоба

Кәсіпкердің өз бизнесін құру (тауарлар шығару, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын, сипаттау, есептеу, болжау нысанында орындалған жоспары.

3. «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және
іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру
тәртібі

Гранттар беру шарттары

      9. Өз қызметін Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын, осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 17-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге толық көлемде құжаттарын ұсынған Кәсіпкерлер гранттар беруге конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.
      10. Бір бизнес-жоба бойынша грант беру мақсатында әрбір Кәсіпкер конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.
      Бизнес-жобаны іске асыруға жұмсалатын шығыстарды ұсынылатын грант көлемінің 10 %-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен Кәсіпкердің бірлесіп қаржыландыруы бизнес-жобан міндетті шарты болып табылады.
      Кәсіпкерлер грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануға тиіс:
      1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;
      2) материалдық емес активтерді сатып алу;
      3) технологияларды сатып алу
      4) франшизаға құқықтарды сатып алу;
      5) зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.
      Грант қаражатын жылжымалы мүлік, жер учаскесін сатып алуға және алдау ақысы ретінде пайдалануға болмайды.
      11. Бір кәсіпкер үшін Гранттың ең жоғары сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды.
      Жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрылтайшылары нысаналы басым топқа қосылған бірнеше жеке тұлға болып табылған жағдайда, көрсетілген заңды тұлғаға Грант сомасы көрсетілген құрылтайшылар санының 3 000 000 (үш миллион) теңгеге көбейтіндісіне тең сомадан аспауға тиіс.
      12. Мынадай:
      1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатып қойылған;
      2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;
      3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын Кәсіпкерлерге Гранттар берілмейді.
      13. Конкурс өткізу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері Грант алуға үміткер Кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөнінде Конкурстық комиссия құрады және оның құрамын бекітеді. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары Кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың бірыңғайлығы, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы және қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.
      14. Конкурстық комиссия төрағадан төрағаның орынбасарынан және Конкурстық комиссия мүшелерінен тұрады. Конкурстық комиссияның құрамы атқарушы билік, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, салалық сарапшылардың, ғылыми-білім беру мекемелерінің, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының міндетті қатысуы арқылы қалыптастырылады.
      Жергілікті атқарушы органдар мен Қаржы агенттігінің өкілдері Конкурстық комиссияға төраға бола алмайды.
      Конкурстық комиссияның хатшысы Конкурстық комиссия отырыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады, атап айтқанда: төрағамен келісім бойынша отырыстар өткізілетін жерді, күнін және уақытын айқындайды, Конкурстық комиссия мүшелерін алдағы отырыстар туралы хабардар етеді, отырыс өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелерінің назарына жеткізеді.
      Конкурстық комиссияның хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы болмайды.
      Конкурстық комиссияның отырысына Конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды деп саналады.
      Конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, Конкурстық комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
      15.  Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Конкурстық комиссияның жұмыс органы болып табылды, ол:
      1) өңірлік апталық баспа басылымында осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік гранттар беру үшін (өз бизнесін құруға) Кәсіпкерлерді конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді;
      2) Бағдарлама іске асырылатын бүкіл мерзімде Кәсіпкерлерге Грант түрінде мемлекеттік қолдау көрсету барысын өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етуді тұрақты негізде қамтамасыз етеді;
      3) Кәсіпкерлерге конкурсқа қатысу мәселелері бойынша және оны өткізуге қатысты бар мәселелер бойынша, Гранттар беру шарттары мен тәртібі туралы консультация береді;
      4) Кәсіпкерлерден конкурсқа қатысуға өтінімдер мен Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес оған қоса берілетін құжаттарды қабылдайды;
      5) конкурсты ұйымдастырды және өткізеді;
      6) Кәсіпкерлерге Грант беру немесе оны беруде бас тарту туралы хабарлайды.
      16. Бағдарлама шеңберінде оқытушы құрауыштар сертификаттарының болуы конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
      17. Конкурсқа қатысу үшін Кәсіпкер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім береді, оған басшы не оны алмастыратын адам қол қояды да Кәсіпкерін мөрімен бекітіледі. Бұл ретте, конкурсқа қатысу үшін Кәсіпкер бір өтінім ғана бере алады.
      18. Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
      19. Грант алуға үміткер Кәсіпкерлер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) өтінім береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Грант беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім, ол Бағдарлама әкімшісінің веб-порталына орналастырылады;
      2) заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      3) салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама;
      4) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;
      5) бизнес-жоба;
      6) Бағдарлама және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде Кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      7) заңды тұлғалар үшін Жарғының (бар болса) көшірмесі;
      8) қызмет түріне лицензияның көшірмесі (қажет болса);
      9) Кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан - заңды тұлға растаған).
      20. Өтінімдерді қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде аяқталады. Мерзімінде түскен әр өтінім өтінімдерді қабылдау журналына тіркеліп, нөмір беріледі, құжаттардың берілген күні мен уақыты көрсетіледі. Әр өтінімде күні мен уақыты көрсетіліп, қабылданғаны туралы белгі жасалады.
      21. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі Кәсіпкерден құжаттарды алғаннан кейін:
      1) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған не осы белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі екі күн мерзімде Кәсіпкерге ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады;
      2) құжаттардың толық пакетін алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Кәсіпкердің жобасын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін жібереді.

Конкурстық өтінімдерді қарау

      22. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі (Конкурстық комиссияның жұмыс органы) Кәсіпкердің құжаттарын алғаннан кейін:
      1) құжаттардың толықтығын тексереді;
      2) күн тәртібінің мәселелерін қалыптастырады, Конкурстық комиссия отырысы өткізілетін күнін, уақытын және орнын айқындайды, бұл туралы Конкурстық комиссияның барлық мүшелерін хабардар етеді.
      23. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі барлық құжаттар мен ақпаратты алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Кәсіпкердің материалдарын Конкурстық комиссияның қарауына шығарады.
      24. Конкурс айына кемінде бір рет өткізіледі.
      25. Кәсіпкер өзінің бизнес-жобасын Конкурстық комиссияның отырысында таныстырады.
      26. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес Конкурс өткізген кезде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) конкурстық іріктеуге ұсынылған қатысушылардың бизнес-жобаларын қарайды;
      2) Гранттар беру туралы немесе оларды беруден бас тарту туралы ұсынымдар береді.
      Кәсіпкерлерді іріктеу кезінде Конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі жөніндегі ақпарат жария етілмейді.
      Конкурстық комиссияның ұсынылған конкурстық құжаттама бойынша салалық құзыреті бар мемлекеттік уәкілетті органдардың қорытындыларын Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі арқылы алуға құқығы бар.
      Өтінімдерді зерделеу кезінде Конкурстық комиссия Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) арқылы тиісті мемлекеттік уәкілетті органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпарат сұратуға құқылы.
      27. Конкурстық өтінімдерді зерделеу кезінде Конкурстық комиссия Кәсіпкерлердің бизнес-жобасын бағалаудың мынадай критерийлері негізінде ұсынымдар береді:
      1) бизнес идеялардың жаңашылдығы (мүгедектер үшін қолданылмайды);
      2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау - маркетингтік талдау);
      3) бизнес-жобаның енгізуге әзірлігі (өндірісті ұйымдастыру мәселесінің пысықталуы, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың болуы, өткізу нарығы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі).
      28. Кәсіпкерге грант беру/бермеу туралы ұсынымдар Конкурстық комиссияның соңы отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей Конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделіп, грант беру/бермеу мүмкіндігінің себептері көрсетіледі.
      Конкурстық комиссияның хаттамасында эр жоба бойынша қысқаша түйіндеме қамтылуға тиіс.
      29. Хаттамаға Конкурстық комиссия мүшелері, хатшы қол қояды және оны Конкурстық комиссияның төрағасы бекітеді.
      30. Өткізілген конкурс нәтижелері бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 1 (бір) жұмыс күні ішінде Конкурстық комиссияның хаттамасын ӨҮК қарауына жібереді.
      ӨҮК жобаларды тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.
      31. Қажет болған жағдайда ӨҮК мүшелері әрбір жоба бойынша материалдарды қарау үшін алуы мүмкін.
      Өткізілетін отырыс шеңберінде ӨҮК мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) Кәсіпкердің жобасы мен ұсынылған құжаттарды талқылау;
      2) грант қаражатын беру/бермеу туралы Конкурстық комиссия ұсынымдарын қарау.
      3) талқылау нәтижелері бойынша Кәсіпкерлердің бизнес-жобаларын іріктеуді жүргізеді және грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте бизнес-жобалардан бас тартылған жағдайда, хаттамада міндетті түрде себебі көрсетілуге тиіс.
      32. ӨҮК хаттамасы ресімделген кезден бастап Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі:
      1) Кәсіпкерге ӨҮК шешімі туралы хабарлама;
      2) мақұлданған/бас тартылған бизнес-жобалар бойынша ӨҮК хаттамасынан үзінді көшірмені Конкурстық комиссия мүшелеріне және Кәсіпкермен грант беру жөнінде шарт жасасу бойынша дайындық іс- шараларын өткізу үшін Қаржы агенттігіне, сондай-ақ мәлімет үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.

Грант беру тетігі

      33. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК шешімі оң болған жағдайда оның хаттамасы бекітілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Қаржы агенттігімен және Кәсіпкермен Грант беру туралы шартқа (бұдан әрі - Шарт) қол қояды.
      34. Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы мемлекеттік гранттар алуға Кәсіпкерлер берген өтінімдерді іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді.
      35. Шарт жасасқаннан кейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Кәсіпкердің ағымдағы банктік шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады.
      36. Грант қаражаты Кәсіпкердің ағымдағы шотына транш негізінде аударылатын болады.
      37. Бірінші траншты алу үшін Кәсіпкер грант қаражатының сұралатын көлемі мен жоспарланған нысаналы пайдаланылуы туралы ақпарат беруі қажет.
      38. Гранттың нысаналы мақсаты осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттары мен критерийлеріне сәйкес келген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі транштың сұралып отырған сомасын Кәсіпкердің ағымдағы шотына аударады.
      39. Кәсіпкер Грантты нысаналы масаты бойынша пайдалануға және Шарт талаптарын орындауға міндетті.

4. Бағдарлама мониторингі

      40. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін Қаржы агенттігі Кәсіпкерден барлық қажетті, оның ішінде, коммерциялық және банктік құпияларды қамтитын құжаттар мен ақпаратты сұратуға, Жобаның іске асырылып жатқан орнына барып іске асырылуына мониторинг жүргізуге құқылы.
      41. Бағдарламаны іске асыру мониторингін Қаржы агенттігі жүзеге асырады, оның функцияларына:
      1) гранттың нысаналы пайдаланылуының;
      2) Кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды Грант алған күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде орындау жөніндегі қызметінің;
      3) Кәсіпкерлердің шарт талаптарын орындауының мониторингі жатады.
      42. Мониторинг шеңберінде Қаржы агенттігі:
      1) Грант алушылардың тізілімін жүргізеді;
      2) кәсіпкерлер алған қаражаттың нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және Жұмыс органы мен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды іске асыруы туралы есеп береді.
      43. Қаржы агенттігі Кәсіпкердің Грант қаражатын мақсатсыз пайдаланғанын анықтаған жағдайда, Қаржы агенттігі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін және ӨҮК-ті жазбаша хабардар етеді.
      Қаржы агенттігі ұсынған ақпарат негізінде ӨҮК Кәсіпкермен шартты бұзу туралы шешім қабылдауы мүмкін, содан кейін өз шешімі туралы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі мен Қаржы агенттігін хабардар етеді.
      44. ӨҮК Кәсіпкермен шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған грант қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қайтарып алу жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.

Мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына     
1-қосымша       

Конкурс өткізу туралы
хабарландыру

      Конкурсты ұйымдастырушы: ______________________________________
      Орналасқан жері: ________________________; пошталық мекенжайы:
_______________________________________; электрондық пошта мекенжайы:
_______________________;
      байланыс телефоны __________________
      Конкурс нысанасы: ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін
жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан
асқан адамдарға «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен
дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде (өз бизнесін құруға)
мемлекеттік гранттар беру.
      Конкурс нысаны: ашық конкурс.
      Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер:
____________________________
      Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін
үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің
өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен
толық құжаттама пакетін береді.
      Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 20 ___ ж. «____» _______
бастап 20 ___ ж. «____» __________ аралығында, жұмыс күндері сағат
_______________ 10-нан 17-ге дейін (жергілікті уақытпен)
      Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 20 ___ ж. «____»
_______ сағат 10 (жергілікті уақытпен)
      Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 20 ___ ж. «____»
сағат 13 (жергілікті уақытпен)
      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер
қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен
www.dkb2020.kz сайтында танысуға болады.

Мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына       
2-қосымша         

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа
бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге,
мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға «Бизнестің жол
қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай
бағдарламасы шеңберінде (өз бизнесін құруға) мемлекеттік
гранттар беру үшін конкурстық іріктеуге қатысуға
ӨТІНІМ

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (бұдан әрі - Кәсіпкер)
      (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы; дара
кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, паспортты деректері)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы; дара
кәсіпкердің тұратын жері)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (қала (аудан) коды көрсетілген байланыс телефонының нөмірі,
электрондық пошта мекенжайы) (банктік деректемелер)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (банктік деректемелер)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (салық салу жүйесін көрсету)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (қызметтің бейінді бағыттарын көрсету)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (экономика саласын көрсету)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(өтінім берілген кездегі жалдамалы қызметкерлер санын көрсету)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ұйым басшысы (Т.А.Ә, лауазымы, байланыс телефоны))
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________(жобаның жауапты орындаушысы (Т.А.Ә, лауазымы, байланыс телефоны))

      ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (өз бизнесін құруға) мемлекеттік грант беру үшін конкурстық іріктеуге қатысатыны туралы мәлімдейді.
      Кәсіпкер конкурс шарттарымен танысты және Қағидаларға сәйкес тиісті құжаттарды ұсынады.

Ұсынылған құжаттар тізбесі


Заңды тұлға

Бет саны

Дара кәсіпкер

Бет саны


Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі


1

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі



Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама


2

Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама


*

Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама


3*

Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама



Бизнес-жоба


4

Бизнес-жоба



«Бизнес-кеңесші» немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде Кәсіпкердің қысқа мерзімді оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі


5

«Бизнес-кеңесші» немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде Кәсіпкердің қысқа мерзімді оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі


*

Өкілге сенімхат


6*

Өкілге сенімхат



Жарғының көшірмесі


7*

Қызмет түріне лицензияның көшірмесі


*

Қызмет түріне лицензияның көшірмесі





      * қажет болған жағдайда толтырылады

Үміткер ____________    ___________________
            (қолы)       Т.А.Ә., лауазымы
М.О.

20 ______ ж. «____» ___________ «____» сағ. «____» мин. өтінім №

      Мен бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің жоқ екенін растаймын.
      Мен өзім ұсынған мәліметтердің бұрыс екенін растаймын және Конкурстық комиссияның мәліметтерді іріктеп тексеруіне қарсы емеспін.
      Осы өтінімге қол қою арқылы Кәсіпкер мынаны мәлімдейді және оған кепілдік береді:
      1. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) осы өтініммен бірге не Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің (Астана және Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің) сұратуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін (Астана және Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін) дереу хабардар етуге міндеттенемін.
      2. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің (Астана және Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің) бірінші талап етуі бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға міндеттенемін.
      3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) көрсетілген мәлімдемелер мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.
      4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.
      5. Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның өтініш беруіне мүмкіндік беретінін Кәсіпкер растайды.
      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін, бұл ретте Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) жергілікті деңгейде кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.
      Осы арқылы ЖКС Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) мынаған келісім береді:
      1. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпарат пен Кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.
      2. Осы өтінімде қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік гранттар алу үшін ғана ұсынылған.
      3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) Кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал Кәсіпкер ұсынған құжаттар және өтініштің түпнұсқасы мемлекеттік грант берілмесе де, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінде (Астана және Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінде) сақталатын болады.
      4. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің (Астана және Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің) осы өтінімді қарауға қабылдауы, сондай-ақ Кәсіпкердің ықтимал шығыстары (нысаналы грант алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және т.б.) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің (Астана және Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің) нысаналы грант беру немесе Кәсіпкер шеккен шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
      5. Нысаналы грант беру туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды растаймын және кейіннен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) талап- арыз қоймайтыныммен келісемін.

      Басшы
      (дара кәсіпкер)
      _________________      ________________________
            (қолы)           (толының толық жазылуы)

      МО

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 168 қаулысына   
4-қосымша      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі

      1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысы.
      2. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысының 2, 3 және 4-тармақтары.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 шілдедегі № 711 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1 және 2-тармақтары.
      4. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия жанындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші және төртінші бағыттарын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 783 қаулысының 2-тармағы.
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1111 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 58, 555-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1520 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1 және 3-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж, № 12, 150-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 26 қаулысы.
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 63 қаулысы.
      9. «Назарбаев Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 647 бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 533-құжат).
      10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 784 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының 1 және 2) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 46, 622-құжат).
      11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1424 қаулысының 1-тармағының 1 және  2) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 90-құжат).
      12. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы наурыздағы № 357 қаулысы.
      13. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы сәуірдегі № 541 қаулысы.
      14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 1190 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, ж., № 70, 1021-құжат).
      15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 мамырдағы № 498 қаулысы.
      16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1596 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, ж., № 90, 1099-құжат).
      17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы наурыздағы № 279 қаулысы.
      18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 шілдедегі № 790 қаулысы.
      19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы наурыздағы № 279 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қыркүйектегі № 1034 қаулысы.
      20. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 42 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.