Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1424 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2015 № 168 қаулысымен.
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2015 № 168 қаулысымен.
      3) "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия жанындағы "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының екінші және төртінші бағыттарын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 783 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия жанындағы "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының екінші және төртінші бағыттарын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:

      Әйтекенов            - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
      Қайрат Медібайұлы      және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті
                             дамыту комитетінің төрағасы

      Қазанбаев            - Қазақстан Республикасы Экономикалық
      Ержан Қалдыбайұлы      даму және сауда министрлігі
                             Инвестициялық саясат департаментінің
                             сарапшысы, хатшы

      Мырзахметов          - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық
      Абылай Исабекұлы       экономикалық палатасы" заңды тұлғалар
                             бірлестігінің басқарма төрағасы
                             (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан Марат Әпсеметұлы Құсайынов, Азат Тұрлыбекұлы Перуашев, Бауыржан Қадырұлы Тортаев шығарылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов