Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 және "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 368 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 25.08.2018 № 522 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасында:

      "Бағдарламаның басты бағыттары" деген 5-бөлімде:

      "Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау" деген кіші бөлімде:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.";

      "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру" деген кіші бөлімде:

      49 және 50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Микроқаржы ұйымдарына арналған кредит бойынша жылдық ең үлкен номиналды сыйақы мөлшерлемесін МУҰ белгілейді, бірақ ол 4 %-дан аспайды.

      50. МУҰ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидаларында айқындалатын критерийлерге сәйкес кредиттік ресурстар береді.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Микрокредиттер беру мынадай түрде жүзеге асырылады:

      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарлама шеңберінде микрокредит беру мәселесі бойынша консультациялар aлу үшін МУҰ-ға, микроқаржы ұйымдарына өтініш білдіреді;

      2) шағын кәсіпкерлік субъектісі жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және МУҰ-ға, Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған микроқаржы ұйымына микрокредит алуға өтініммен жүгінеді (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап өтінімдерді қабылдауды Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған микроқаржы ұйымы жүзеге асырады);

      3) МУҰ, микроқаржы ұйымы жобаға бағалау жүргізеді, қорытынды береді және микрокредит берудің мүмкін (немесе мүмкін емес) екені туралы шешім қабылдайды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жобаны бағалауды, қорытынды беруді және микрокредит берудің мүмкін (немесе мүмкін емес) екені туралы шешім қабылдауды микроқаржы ұйымы жүзеге асырады);

      4) микроқаржы ұйымы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 30-күніне дейінгі мерзімде МУҰ-ға Бағдарлама шеңберінде берілген микрокредиттер бойынша ақпарат береді.

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап МУҰ-ның шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер беруіне жол берілмейді.";

      "Банктердің/даму банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау" деген кіші бөлімде:

      105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "105. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.";

      "Үшінші бағыт: кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" деген кіші бөлімде:

      169-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "169. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов