Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2015 № 168 қаулысымен.
"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған:
1. "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау" бірінші бағыты шеңберінде қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидалары;
2. "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағыты шеңберінде қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасында (бұдан әрі – Бағдарлама):
"Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде:
"Нысаналы индикаторлары" деген жолдың екінші абзацындағы "жыл сайын" деген сөздер алынып тасталсын;
"Кіріспе" деген 2-бөлімде:
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жобаларды іріктеуді және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі — банктер) және "Қазақстанның Даму Банкі және/немесе оның аффилирленген лизингтік компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Даму банкі) және лизингтік компаниялар (бұдан әрі – лизингтік компаниялар) Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін жобалар банктердің кредиттері/Банктің/Даму Банкінің/лизингтік компаниялардың қаржы лизингінің шарттары пайыздық ставкаларды субсидиялауға жатпайды.";
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мынадай:
Кредиторы мемлекеттік даму институттары болып табылатын кредиттер;
қаржы институттары ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге беретін және Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік бағдарламалары шеңберінде берілетін;
тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламаларды қоспағанда басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлердің кредиттері/қаржы лизингі шарттары субсидиялауға жатпайды.";
тоғызыншы және оныншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Шағын және орта бизнес субъектілері үшін кредиттік ресурстардың құнын төмендету және шағын және орта бизнес субъектілеріне кредиттік ресурстарды берудің қолжетімділігі мен жеделдігін ұлғайту мақсатында Даму Банкі берген кредиттерді/қаржы лизинг шарттарын қоспағанда, банктердің/лизингтік компаниялардың ұйымдастырушылық-техникалық мүмкіндіктерін тарту жолымен қаржы агенті арқылы халықаралық қаржы институттарының кредиттік ресурстарын тарту жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде банктер/Даму Банкі/лизингтік компаниялар арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушылар болып табылуы мүмкін.";
он екінші бөлікте:
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"пайыздық ставканы субсидиялау шеңберінде банктерге/Даму Банкіне/лизингтік компанияларға қаржы қаражатын аудару;";
он төртінші және он бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"қатысушы - Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету бойынша банктің/Даму Банкінің/лизингтік компанияның, өңірлік үйлестіру кеңесінің немесе мемлекеттік комиссияның жұмыс тобының ұсынысы бойынша оң шешімі бар кәсіпкер;";
"борышкер - кредит(тер)/қаржы лизингі шарты(тары) және басқа да міндеттемелер бойынша міндеттемелерді төлеу бойынша қиындыққа ұшыраған кәсіпкер.";
"Нысаналы индикаторлары" деген 4.2-бөлімнің бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "жыл сайын" деген сөздер алынып тасталсын;
"Міндеттері" деген 4.3-бөлімде:
"Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдау" деген кіші бөлімде:
екінші бөліктің екінші, үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"жобаларды іске асыру үшін банктердің/Даму Банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау;
банктердің/Даму Банкінің/ лизингтік компаниялардың жобаларды іске асыруға бағытталған кредиттері/қаржы лизингі шарттары бойынша ішінара кепілдік беру;";
төртінші бөліктегі "Қазақстанның Даму Банкінің кредитттерін қоспағанда, минералдық" деген сөздер "Минералдық" деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Сондай-ақ Бағдарламаның бірінші бағытының өлшемдеріне сәйкес келетін, 2010 жылғы 1 қаңтардан кейін алынған қарыздарды/қаржы лизингі шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер субсидиялауға жатады.";
"Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау" мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктердің/Даму Банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық ставканы субсидиялау Пайыздық ставканы субсидиялау шарттары Банктердің/Даму Банкінің/лизингтік компанияның сыйақы ставкаларын субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржы лизингі шарттар бойынша жүзеге асырылады.
Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің(тердің)/қаржы лизингі шартының(тарының) сомасы кәсіпкердің әрбір жеке жобасы бойынша 4,5 млрд. теңгеден аспауы тиіс.
Субсидиялау мерзімі кейіннен 10 жылға дейін (қаржы лизингі шарты бойынша 5 (бес) жылға дейін) ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейінгі мерзімді құрайды. 3 (үш) жыл өткен соң субсидиялау шартының әрекет ету мерзімін ұзартуды қаржы агенті мен банк/Даму Банкі/лизингтік компания кәсіпкерлерді тиісті жылы субсидиялау үшін республикалық бюджеттен субсидиялауға арналған қаражат бөлінген кезде ғана ӨҮК шешімінсіз дербес жүзеге асырады. Субсидиялау шартының әрекет ету мерзімін ұзарту жыл сайын жүзеге асырылады.
Өтінім беруші жобаны іске асырудың жалпы құнының 15%-нан кем емес деңгейде өзінің ақша қаражатының жобаны іске асыруға қатысуын не жобаны іске асырудың жалпы құнының 25%-нан кем емес деңгейде өзінің жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің жобаны іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сыйақы ставкасын субсидиялау 7%-ын мемлекет өтейтін 14%-дан аспайтын сыйақы ставкасы бар банктердің кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте банк:
1) өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
2) өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төлемдерді алмайды.
Даму Банкінің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау
6%-нан аспайтын Бағдарламаның қатысушысы төлейтін, ал 7%-ын мемлекет өтейтін 13%-дан аспайтын сыйақы ставкасы бар кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте Даму Банкі:
1) өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
2) өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды, және/немесе өзге төлемдерді алмайды.
Сыйақы ставкасын субсидиялау сондай-ақ 7%-ынан аспайтын Бағдарламаның қатысушысы төлейтін, ал 7%-ын мемлекет өтейтін 14%-дан аспайтын номиналды сыйақы ставкасы бар банктердің/лизингтік компаниялардың Қаржы лизингі шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте банк:
1) өтінім беруші бастама жасайтын қаржыландыру шарттарының өзгеруіне байланысты;
2) лизинг мәніне тәуелсіз бағалау жүргізумен, лизинг мәнін сақтандырумен, кепіл шартын тіркеумен және ауыртпалықтарды алып тастаумен байланысты;
3) Қаржы лизингі шартын (кедендік тазалау, лизингтік мәнін арнайы органдардың тіркеу қызметтері, банктердің қызметтері және т.б. сияқты басқа ұйымдардың қызметтерін өтеу) орындаумен байланысты;
4) кәсіпкер Қаржы лизингі шарт бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатындарды қоспағанда, Қаржы лизингі шартымен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
Субсидиялау қайтарымды лизинг, екінші лизинг немесе сублизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.
Сыйақы ставкасы құбылмалы кредиттер/қаржы лизингі шарттары да субсидиялауға жатады, бұл ретте сыйақының пайыздық ставкасы Бағдарламада белгіленген шекті мәндерден жоғары асқан жағдайда осы кредит бойынша субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.
Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау жіктелгенге жатпайтын (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), сыйақы ставкасын банктер 12%-ға дейін төмендететін, оның 7%-ға дейінгісін кәсіпкер төлейтін, ал 5%-ын мемлекет өтейтін валюталық стандартты кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
"Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау Даму Банкі сыйақы ставкасын 11 %-ға дейін төмендететін Даму Банкінің валюталық кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның ішінде 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал 5% мемлекет өтейді.
Пайыздық ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын валюталық кредиттер/қаржы лизингі шарттары бойынша сомалар кәсіпкердің әрбір жеке жобасы бойынша 4,5 млрд. теңгеден аспауы тиіс.
Субсидиялар сомасын қаржы агенті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі субсидиялар сомасын аудару күніне белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.
Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда айырма болашақ субсидиялардың есебіне жатқызылсын, ал теріс бағамдық айырма жағдайында өтеу қарыз алушыға жүктеледі.
Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды.";
"Кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау тетігі" мынадай редакцияда жазылсын:
"Кредиттер/қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық ставканы субсидиялау тетігі
1. Өтінім беруші банкке/Даму Банкіне/лизингтік компанияға өтініш береді.
2. Банк/Даму Банкі/Лизингтік компания жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және оң шешім болған жағдайда өтінім берушіге жобаға кредит беруге/қаржы лизингі шартын жасауға дайын екендігі туралы хабарлама жібереді.
3. Өтінім беруші банктің/Даму Банкінің/лизингтік компанияның оң шешімімен осы жобаны ӨҮҚ қарауына шығаратын жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге жүгінеді.
4. ӨҮК жобаларды Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкестігін қарайды және субсидиялау мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) бойынша шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.
5. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші ӨҮК субсидиялауға мақұлдаған жобалардың тізбесін субсидиялау шарттары бойынша тиісті Банкке/Даму Банкіне/лизингтік компанияларға, сондай-ақ қаржы агентіне жібереді.
6. Кредит беру/Қаржы лизингі шартын жасасу бойынша банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың және субсидиялау бойынша ӨҮК-нің оң шешімі бар жобалар бойынша Банк/Даму Банкі/Лизингтік компания, қатысушы және қаржы агенті субсидиялау шартын жасайды, оның шеңберінде қаржы агенті мен Бағдарламаға қатысушы Банкке/Даму Банкіне/Лизингтік компанияға сыйақы ставкасының тиісті бөлігін төлейді.";
Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру тетігінде:
6 және 8 тармақтар алынып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қаржы агенті кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қаржы агенті банкке кепілдік алдындағы хатты жібереді.";
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету тетігінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. ӨҮК Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкестігі мәніне өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуды немесе реконструкциялауды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.";
4-тармақ алынып тасталсын;
"Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру" деген кіші бөлімінде:
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы "Қазақстанның Даму Банкінің кредиттерін қоспағанда, минералдық" деген сөздер "Минералдық" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау шарттарында":
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"2012 жылы Бағдарламаның екінші бағытына қатысуға арналған жобаларды қарауға Банктердің Қаржы агентіне 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін енгізген өтінімдері жатады.";
он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау Даму Банкі сыйақы ставкасын 9,5 %-ға дейін төмендететін Даму Банкінің валюталық кредиттері бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде 4,5 %-на дейін борышкер төлейді, ал 5 % мемлекет өтейді.";
"Екінші бағытты іске асыру тетігінде":
9-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Борышкердің жобаларын қарау тәртібі мен шарттарын Жұмыс тобы дербес айқындайды.";
"Үшінші бағыт: Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" деген кіші бөлімде:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Кредиттік міндеттемелер мөлшерінің ұлттық валютаның ауытқуына тәуелділігін және тиісінше валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін азайту үшін қолда бар ұлттық және/немесе шетелдік валютадағы кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық ставканың бір бөлігін субсидиялау түрінде валюталық пайдасы бар кәсіпкерлерге Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қолдау Банктерде/Даму Банкінде/Лизингтік компанияларда бар кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық ставканы субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.";
"Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушыларды іріктеу өлшемдерінде":
бірінші бөліктің екінші абзацындағы "Қазақстанның Даму Банкінің кредиттерін қоспағанда, минералдық" деген сөздер "Минералдық" деген сөзбен ауыстырылсын;
Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау шарттары мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шарттары
Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің(тердің)/Қаржы лизингі шартының(тарының) сомасы Кәсіпкердің кредиті бойынша 4,5 млрд. теңгеден аспауы тиіс.
Субсидиялау мерзімі кейіннен 10 жылға дейін (Қаржы лизингі шарты бойынша 5 жылға дейін) ұзарту мүмкіндігімен 3 жылға дейін мерзімді құрайды. 3 (үш) жыл өткен соң Субсидиялау шартының әрекет ету мерзімін ұзартуды қаржы агент пен Банктер/Даму Банкі/ Лизингтік компаниялар кәсіпкерлерді тиісті жылы субсидиялау үшін республикалық бюджеттен субсидиялауға арналған қаражат бөлінген кезде ғана ӨҮК шешімінсіз дербес жүзеге асырады. Субсидиялау шартының әрекет ету мерзімін ұзарту жыл сайын жүзеге асырылады.
Пайыздық ставканы субсидиялау 8%-ын мемлекет өтейтін 14%-дан аспайтын сыйақы ставкасы бар Банктердің кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте Банк:
1) өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
2) өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда кредитпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды, және/немесе өзге төлемдерді алмайды.
Егер Банктің кредиті бойынша сыйақы ставкасы жылдық 14%-дан кем болған жағдайда, онда 8%-ын мемлекет өтейді, ал айырмашылығын кәсіпкер төлейді.
Даму Банкінің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау 5%-на дейін Бағдарламаның қатысушысы төлейтін, ал 8%-ын мемлекет өтейтін 13%-дан аспайтын сыйақы ставкасы бар кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Егер Даму Банкінің кредиті бойынша сыйақы ставкасы жылдық 13% кем болған жағдайда 8%-ын мемлекет өтейді, ал айырмашылығын кәсіпкер төлейді.
Бұл ретте Даму Банкі:
өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төлемдерді алмайды.
Сыйақы ставкасын субсидиялау, сондай-ақ 7%-ын – мемлекет өтейтін 14%-дан аспайтын сыйақы ставкасы бар Лизингтік компаниялардың/Банктің Қаржы лизингі шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте Лизингтік компаниялар/Банк/Даму Банкі:
1) Борышкер бастама жасайтын қаржы лизингі шарттарының өзгеруіне байланысты;
2) лизинг мәніне тәуелсіз бағалау жүргізумен, лизинг мәнін сақтандырумен, кепіл шартын тіркеумен және ауыртпалықтарды алып тастаумен байланысты;
3) Қаржы лизингі шартын (кедендік тазалау, лизингтік мәнді арнайы органдардың тіркеу қызметтері, банктер қызметтері және т.б. сияқты басқа ұйымдардың қызметтерін өтеу) орындаумен байланысты;
4) Кәсіпкер Қаржы лизингі шарт бойынша міндеттемелерін бұзу себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, Қаржы лизингі шартымен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға және/немесе қайта қаржыландыруға берілген кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау сыйақы ставкасын Даму Банкі 12%-ға дейін төмендететін, оның 5%-ға дейінгісін кәсіпкер төлейтін, ал 8%-ын мемлекет өтейтін Даму Банкінің валюталық кредиттері бойынша жүзеге асырылады.
Сыйақы ставкасы құбылмалы кредиттер де субсидиялауға жатады, бұл ретте сыйақының пайыздық ставкасы Бағдарламада белгіленген шекті мәндерден жоғары асқан жағдайда осы кредит бойынша Субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.
Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау жіктелгенге жатпайтын (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес) сыйақы ставкасын банктер 12%-ға дейін төмендететін, оның 5%-ға дейінгісін кәсіпкер төлейтін, ал 7%-ын мемлекет өтейтін валюталық стандартты кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау жіктелгенге жатпайтын (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес) сыйақы ставкасын Даму Банкі 13%-ға дейін төмендететін, оның 5%-ға дейінгісін борышкер төлейтін, ал 8%-ын мемлекет өтейтін Даму Банкінің валюталық стандартты кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда ол болашақ субсидиялардың есебіне жатқызылады, ал теріс бағамдық айырма жағдайында өтеу қарыз алушыға жүктеледі.
Субсидиялар сомасын қаржы агенті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі субсидиялар сомасын аудару күніне белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.";
"Үшінші бағытты іске асыру тетігі" мынадай редакцияда жазылсын:
"Үшінші бағытты іске асыру тетігі
1. Кәсіпкер тиісті қаржы жылындағы ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10% мөлшерінде валюталық пайдасы барын растайтын ақпарат пен құжаттарды қоса бере отырып, Банктің/ Даму Банкінің/Лизингтің компанияның сыйақы ставкасын субсидиялауға жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге өтініш береді.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші субсидиялауға өтініш берген кәсіпкерлердің тізімін ӨҮК-нің қарауына шығарады.
3. ӨҮК Бағдарламаның шарттарына сәйкес кәсіпкер Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтің компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) жөнінде шешім қабылдайды және шешімді тиісті хаттамамен ресімдейді.
4. Субсидиялау бойынша ӨҮК-нің оң шешімі бар жобалар бойынша Банк/Даму Банкі/Лизингтік компания арасында кәсіпкер және қаржы агенті арасында субсидиялау шарты жасалады, оның шеңберінде қаржы агенті мен кәсіпкер сыйақы ставкасының тиісті бөліктерін Банкке/Даму Банкіне/Лизингтік компанияға төлейді.";
"Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимылы және оны іске асыру мониторингі" деген кіші бөлімде:
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру шеңберінде уәкілетті орган, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Бағдарламаға қатысуға тілек білдірген Банктер/Даму Банкі/Лизингтік компаниялар арасында 2 келісім (пайыздық ставканы субсидиялау және банктер кредиттері бойынша кепілдендіру жөнінде) жасайды, онда:
бағдарламаға қатысушылар арасында өзара іс-қимыл тәртібі айқындалады;
пайыздық ставкаларды субсидиялау, сондай-ақ банктердің, Даму Банкінің кредиттері бойынша кепілдендіру шарттары мен тәртібі айқындалады;
пайыздық ставкаларды субсидиялау, сондай-ақ Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша кепілдендіру шарттары мен тәртібі айқындалады;
Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша субсидиялау мен кепілдендірудің үлгі шарттары, құжаттарды, есептілікті тапсыру нысандары мақұлданады.";
екінші бөлікте:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша өзара іс-қимыл тәртібі мен пайыздық ставканы субсидиялау тетігі айқындалады;";
үшінші абзац алынып тасталсын;
төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық ставканы субсидиялау және кепілдендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қаржы агенті Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық ставканы субсидиялау және кепілдендіру бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген Келісімнің мақұлданған нысаны бойынша есеп береді, оның ақпараты жеткіліксіз болған жағдайда Бағдарламаға қатысушылардан қосымша қажетті мәліметтерді сұратуға құқығы бар.";
"Төртінші бағыт: кәсіпкердің әлеуетін күшейту" деген кіші бөлімінде:
екінші бөлікте:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар (бұдан әрі – "Іскерлік байланыстар" жобасы").";
бесінші абзац алынып тасталсын;
бесінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"кәсіпкерлік бастамасы бар халықты және жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қысқа мерзімді оқыту ("Бизнес-кеңесші" жобасы);";
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ақпараттық-талдамалық қолдау және кәсіпкерлердің Оператордың бизнес-порталына еркін қол жеткізуін ұйымдастыру;";
алтыншы бөлік алынып тасталсын;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қысқа мерзімді оқу үдерісінде кәсіпкерлерге кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқу материалдары, құрылтай құжаттарын, үлгі бизнес-жоспарларды, техникалық-экономикалық негіздемелерді, кредит алуға арналған құжаттарды, сала бойынша маркетингтік зерттеулердің есептерін, сондай-ақ шағын бизнес үшін идеялар анықтамалығын қамтитын құжаттардың стандартты пакеттері берілетін болады.";
тоғызыншы бөлік алынып тасталсын;
ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалары) тетігінде:
1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Оператор жергілікті атқарушы органдарды, кәсіпкерлік бастамасы бар халықты және жұмыс істейтін кәсіпкерлерді ұсынылатын қызметтердің тізбесі туралы хабар етеді.
2. Оператор жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, оқу курстарының кестесін, қатысушылардың құрамын қалыптастырады және Өтінім берушіге қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші техникалық талаптар бойынша оқу өткізуге жарамды қажетті үй-жайларды тұрақты негізде беретін болады.
4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Операторға кәсіпкерлік бастамасы бар халықты және жұмыс істейтін кәсіпкерлерді мемлекеттік және орыс тілдерінде "Бизнес-кеңесші" жобасы бойынша тегін курстар және жергілікті телеарнарда жүгіртпе жолдағы хабарландыру түріндегі ақпараттар туралы хабардар ететін "Бизнес-кеңесші" жобасы бойынша жергілікті телеарналарда тегін негізде бейнероликтер орналастыруда көмек көрсетеді.";
он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуді сервистік қолдау оның тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және бизнес-үдерістерді қолдау бойынша мамандандырылған мынадай қызметтерді ұсынуды қамтиды:
1. Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер, мыналарды қоса алғанда:
салық салу және салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша консультациялар;
салық заңнамасы саласындағы және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама саласындағы консультациялар;
бастапқы құжаттарды өңдеу бойынша консультациялар, салықтар мен бюджетке басқа да түсімдерді есептеу;
кәсіпорынның есепке алу саясатын әзірлеу;
бухгалтерлік есепті қалпына келтіру;
бухгалтерлік есепті жүргізу бойында консультациялар;
1 С-Бухгалтерия бағдарламасымен жұмыс бойынша консультациялар;
үлгі банктік құжаттарды дайындау және толтыру бойынша консультация беру;
үлгі банктік құжаттарды дайындау және толтыру;
салықтық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультация беру;
салықтық есептерді дайындау және тапсыру;
басқа ұйымдар қаржылық қызмет бойынша қосымша есептерді құру бойынша консультация беру;
басқа ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептер жасау;
статистикалық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультация беру;
статистикалық есептерді дайындау және тапсыру;
электронды статистикалық есептілікті ұсыну мәселелері бойынша консультация беру;
2. Мыналарды қоса алғанда, кедендік рәсімдер бойынша қызметтер:
кедендік заңнама мен кедендік рәсімдер саласындағы консультациялар;
тауарларды декларациялау қағидалары мен тәртібі, кедендік құнды айқындау және түзету, кедендік декларацияны толтыру бойынша консультациялар;
нақты тауарлар бойынша тарифтік және тарифтік емес реттеу бойынша консультациялар;
сыртқы экономикалық қызметті құжаттамалық сүйемелдеу;
сыртқы экономикалық қызмет үшін лицензиялар, рұқсаттар алу бойынша консультациялар;
Кеден одағы шеңберінде жүктерді декларациялау бойынша консультациялар;
сыртқы сауда келісімшарт талаптары бойынша консультациялық қызметтер.
3. Мыналарды қоса алғанда, менеджмент жүйесін енгізу бойынша барлық үдеріске консультация беру және толық сүйемелдеу:
Құжаттарды халықаралық ИСО 9001:2000 (Сапа менеджменті жүйесі), ИСО 14001:2004 (Экологиялық менеджмент жүйесі), ИСО 22000:2005 (Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесі), OHSAS 18001:2007 (Денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникаларын қорғау менеджменті жүйесі) стандарттарының талаптарына сәйкестік сертификатына консультация беру және дайындау;
персоналды сапа жүйесінің стандарттары талаптарына сәйкестікке оқыту;
қолданыстағы менеджмент жүйелерін ИСО 9001:2000 (Сапа менеджменті жүйесі), ИСО 14001:2004 (Экологиялық менеджмент жүйесі), ИСО 22000:2005 (Тамақ өнімдері менеджменті жүйесі), OHSAS 8001:2007 (Денсаулық және қауіпсіздік техникалары менеджменті жүйесі) талаптарына сәйкестікке талдау;
менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу бойынша консультация беру;
менеджменттің кіріктірілген жүйелерін әзірлеу және енгізу саласында консультация беру;
ішкі аудитті жүргізуге консультациялық көмек;
сертификаттау алдындағы аудитті жүргізу бойынша консультация беру;
4. Мыналарды қоса алғанда заң қызметтерін көрсету:
кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеу, қайта тіркеу, жоюға құжаттар дайындау бойынша консультациялық қызметтер;
кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеу, қайта тіркеу, жоюға құжаттар дайындау;
шарттар жобаларын әзірлеу бойынша консультация беру;
шарттар жобаларын әзірлеу;
азаматтық және еңбек құқығы саласындағы консультация беру;
құжат айналымын жүргізу бойынша консультация беру;
ұсынымдар бере отырып құжат айналымының аудиті;
бизнес-жоспардан басқа кредиттеуге құжаттар пакетін дайындау бойынша консультация беру;
бизнес-жоспардан басқа кредиттеуге құжаттар пакетін дайындау;
кадрлық құжаттаманы жүргізу бойынша консультация;
ұсынымдар бере отырып кадрлық құжаттаманың аудиті;
құжаттардың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестікке тексерумен байланысты консультациялық қызметтер.
5. Мыналарды қоса алғанда маркетинг мәселелері бойынша қызметтер:
баға саясатын әзірлеу бойынша консультация;
нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен ұқсас тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары қорытындылары мен жоспарларын ескере отырып нақты тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша баға саясатын әзірлеу;
бизнес-жоспарды әзірлеу және екінші деңгейлі банктерде қарауға дайындау бойынша консультация беру;
бизнес-жоспарды әзірлеу және екінші деңгейлі банктерде қарауға дайындау;
кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша консультация беру;
кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу;
кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын бағалау және талдау бойынша консультация беру;
кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын бағалау және талдау;
тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе қызметтерді жылжытуды талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе қызметтерге сұраныстың типін зерделеу бойынша консультация беру;
ұсынымдар немесе қорытындылар бере отырып тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе қызметтерді жылжытуды талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе қызметтерге сұраныстың типін зерделеу;
бәсекелес ортаны талдау бойынша консультация беру;
нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен ұқсас тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары қорытындылары мен жоспарларын ескере отырып бәсекелес ортаны талдау;
сауда маркаларын, жарнамалық компанияларды әзірлеу бойынша консультация беру;
сауда маркаларын, жарнамалық компанияларды әзірлеу.
6. Мыналарды қоса алғанда ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласында консультациялар беру:
интернет-ресурстарды әзірлеу және қолдау;
есептерді электронды тапсыру бағдарламаларын орнату және қолдау (қандай электронды есептер екендігін нақтылау қажет);
"1 С-Бухгалтерия" бағдарламасын орнату және қолдау;
Кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттіліктері бойынша ақпараттық технологиялар саласындағы басқа да қызметтер.
7. Мыналарды қоса алғанда, мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтер:
конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінім дайындау;
конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдердің сараптамасын (аудитін) жүргізу;
интернетке қосу – Қазақстанның сатып алулары бойынша бірыңғай құрылымдық ақпараттық базаны қамтитын көзді;
сатып алулардың мемлекеттік және өзге түрлерінің мәселелері бойынша консультациялық қызметтер;
кәсіпорынның/жеке кәсіпкердің құжаттамасын мемлекеттік және өзге де сатып алуларға қатысуы үшін жетілдіру мүмкіндігінің мәніне сараптау (аудит);
сатып алуларды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдану;
қазақстандық қамтудың есебі;
сатып алудың жылдық жоспарлары негізінде Қазақстанның мемлекеттік және өзге сатып алуларының нарық сыйымдылығы бойынша талдамалық есептер беру;
қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесін сертификаттау.";
жұмыс істейтін бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету шарттарында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік қолдау көрсетілетін болады және қызметтерді қаржыландыру республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылатын болады.";
жұмыс істейтін бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету тетігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету тетігі:
1. Оператор Сервистік компанияға қойылатын талаптарды айқындайды және оларды жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге жолдайды.
Сервистік қолдау көрсету мақсатында сервистік компания мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
консалтингтік қызметтер көрсету нарығында тиісті түрі бойынша 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
тиісті салада біліктілігі бар және осы тақырып бойынша жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес жұмысшылардың жұмыс істеп тұрған штаты. Бұл ретте, әрбір сервистік қызметке жеке маман болуы тиіс (бір немесе одан да көп). Қажет болған жағдайда, компания тиісті біліктілігі мен жұмыс өтілі бар қосымша мамандарды жалдай алады;
сатып алынатын қызметтер тізіміне кіретін қызметтің тиісті түрімен айналысуға заңнамамен белгіленген барлық рұқсаттары мен лицензияларының болуы (қажет болған жағдайда);
салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болмауы;
қызметтерді сатып алу сәтінде көрсетілетін сервистік қызметтердің сапасы бойынша талаптық-соттық сипаты бар даулардың болмауы;
өңірдің барлық аудандарына сервистік қызметтер беру;
жоғарыда санамаланған сервистік қызметтерді "жалғыз терезе" (бір орында) қағидаты бойынша беру;
қызметтерді клиенттің түсінуі үшін ыңғайлы мемлекеттік және/немесе орыс тілінде беру.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес Сервистік компанияны айқындайды. Бұл ретте Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші конкурстық құжаттаманың тізбесіне қызметтердің түрлерін және осы қызметтердің тиісті сомаларын көрсете отырып прайс-парақты қосуы тиіс. Қызметтің құны өңірдегі сервистік қызметтерге арналған орта нарықтық бағалардан аспауы тиіс.
Осы өңірде қызметін жүзеге асыратын компанияларға басымдық беріледі. Осы өңірде қойылатын талаптарға сәйкес келетін компаниялар болмаған жағдайда Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші басқа өңірде тіркелген, бірақ осы өңірде филиалы немесе өкілдігі бар компаниямен Шарт жасай алады.
3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Сервистік компаниямен мамандандырылған сервистік қызметтер көрсету шартын жасайды. Осы өңірде қызметін жүзеге асыратын компанияларға басымдық беріледі.
4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші мамандандырылған сервистік қызметтердің басталуы және көрсетілу орны туралы, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өңірлердің кәсіпкерлерін ай сайын хабардар етуді жүргізеді.
5. Өтінім беруші мамандандырылған сервистік қызмет көрсету өтінімімен Сервистік компанияға өтініш жасайды.
6. Шартта бекітілген қызмет құнына сәйкес Сервистік компания Өтінім берушіге қызметтер көрсетеді. Кәсіпкер алған әр қызмет құжатпен расталуы тиіс. Айыппұлды, өсімпұлды және өзгелерді қоса алғанда, толық және сапалы қызмет көрсету жауапкершілігі Сервистік компанияға жүктеледі. Сервистік компанияның қызметтеріне ақы төлеу тиісті сапамен кәсіпкер қызметтерді толық көлемде алғаны расталғаннан кейін жүзеге асырылады.
7. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші сервистік қызметтерді "жалғыз терезе" қағидаты бойынша бір үй-жайда беруді қамтамасыз етеді.
8. Оператор көрсетілетін сервистік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізеді.
9. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші мен Сервистік компания Оператордың Сервистік компаниялардың сервистік қолдау беру үдерісіне мониторингке, оның ішінде сервистік қолдауларды іске асыруға қатысты құжаттарға толық қол жетімділігін қамтамасыз етулері тиіс.
10. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне (онына) дейінгі мерзімде операторға оператор белгілеген нысанға сәйкес есеп береді.
11. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші мамандандырылған қызметтерді алатын кәсіпкерлердің базасын қалыптастырады және операторға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін тізімді береді.";
Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту тетігінде: бірінші бөлікте:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өтінім беруші операторға белгіленген нысанда оқуға арналған өтінім береді. Бұл ретте, Өтінім беруші жобаны іске асырумен байланысты мониторинг немесе өзге де іс-қимылдарды жүргізу үшін қажетті барлық мәліметтер мен деректерді беру туралы жазбаша міндеттемеге қол қояды. Жұмыс органы айқындайтын квоталарға сәйкес Оператор жиынтық өтінімдер қалыптастырады және оларды ӨҮК қарауына шығару үшін Жергілікті деңгейдегі бағдарламаны үйлестірушісіне жібереді.";
5 және 6-тармақтар алынып тасталсын;
қырық бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Іскерлік байланыстар" жобасы (бұдан әрі - жоба) халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес экономиканың басым секторлары шеңберінде жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған.";
елуінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстанның кәсіпкерлік секторының қажеттілігін және қабылдаушы елдің салаларының даму деңгейін ескере отырып, кәсіпкерлер үшін шетелдік тағылымдаманы ұйымдастыруға халықаралық және шетелдік ұйымдар жәрдемдесетін болады.";
елу үшінші бөлік алынып тасталсын;
елу төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Аға Сеньорлар" құрамдауышын іске асыру" бағдарламаға қатысушыларға кәсіпорындарда басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын және жабдықты тікелей енгізу жөнінде, сондай-ақ жобаның бірінші кезеңінде бизнес-тренинг өткізу үдерісінде де консультациялар беру үшін табысты жұмыс тәжірибесі бар, жоғары білікті шетел маманын тартуға бағдарланған.";
"Іскерлік байланыстар" жобасын іске асыру шарттарында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлайтын шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары Жобаның қатысушысы бола алады.";
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қатысушы Қазақстанның аумағында көліктік және кәсіпорынға тікелей тартылатын шетел сарапшыларының тұру шығыстарын дербес төлейді.";
екінші кезеңнің іс-шараларын қаржыландыруда:
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
"Жобаға қатысушылардың тағылымдамадан өту еліне дейін және кері көліктік шығыстарын төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
Жоба қатысушыларының шетелдерде тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру, оның ішінде визалық қолдауы мен тұруы халықаралық және шетелдік ұйымдардың байланысты және байланысты емес гранттарының қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады.";
"Іскерлік байланыстар" жобасын іске асыру тетігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Іскерлік байланыстар" жобасының бірінші кезеңін іске асыру тетігі:
"1. Өтінім беруші операторға белгіленген нысанда жобаға қатысуға өтінім береді. Бұл ретте, өтінім беруші жобаны іске асыруға байланысты мониторинг немесе өзге де іс-қимылдарды жүргізу үшін қажетті барлық мәліметтер мен деректерді беру туралы жазбаша міндеттемеге қол қояды.
2. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін оператор 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өтінімдерді қарайды және кәсіпкерлердің өтінімдеріне іріктеу жасайды. Іріктелген өтінімдерден оператор жиынтық өтінім қалыптастырады, оны салалар (кіші салалар) бойынша топтайды және 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тиісті салалар бойынша бизнес-тренингтер және кейіннен тақырыптық бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды жұмыс орнына келісу үшін жібереді.
3. Жұмыс органы жобаға қатысушылардың мақұлданған тізімін Бизнес-тренингтер дайындау бойынша тиісті жұмыстар жүргізу үшін білім беру мекемелеріне жібереді.
4. Білім беру мекемесі оқыту бағдарламасын әзірлейді, оны оператормен келіседі және жұмыс органына бекітуге жібереді.
5. Оқыту бағдарламасын Жұмыс органы бекіткеннен кейін білім беру мекемесі жобаның қатысушылары үшін бизнес-тренингтер ұйымдастырады, оның негізінде жобаның қатысушылары өзінің кәсіпорнын дамытудың бизнес-жоспарларын әзірлейді.
6. Білім беру мекемесі бизнес-тренингтер өткізу үшін осы салада (кіші салада) тиісті біліктілігі бар шетелдік және отандық оқыту орталықтарын, консалтингтік компанияларды, бизнес-тренерлер мен сарапшыларды тартады.
7. Бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейін Жобаның екінші кезеңіне қатысқысы келетін жобаның қатысушылары тікелей кәсіпорынға арналған бизнес-жоспарларды өздерінің бизнес-жоспарларын пысықтайды және пысықталған бизнес-жоспарларды білім беру мекемелеріне ұсынады.
8. Білім беру мекемелері Жобаның қатысушылары үшін "Аға сеньорлар" құрамдауыштары шеңберінде шетел мамандарын тартуды қамтамасыз етеді.
Жобаның екінші кезеңіне қатысу үшін "Назарбаев Университеті" ДБҰ-ның бизнес-мектебі базасында Бағдарлама шеңберінде оқудан өткен кәсіпкерлер де өтінім бере алады.";
"Іскерлік байланыстар" жобасының екінші кезеңін іске асыру тетігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Іскерлік байланыстар" жобасының екінші кезеңін іске асыру тетігі:
1. Халықаралық және шетелдік ұйымдар оператормен және жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерімен бірлесіп, Жобаның бірінші кезеңінде әзірленіп, ұсынылған үздік бизнес-жоспарларға іріктеу жүргізеді және Жобаның екінші кезеңіне қатысу үшін қатысушылардың тізбесін Жұмыс органға енгізеді.
2. Халықаралық және шетелдік ұйымдар, топтық бағдарламалардың күнтізбесін жасайды және тақырыптық бизнес-тағылымдамалар өткізу үшін серіктес-кәсіпорындар іздестіруді жүзеге асырады және бағдарламаға қатысушыларды тағылымдамаға жібереді.
3. Қатысушылар тағылымдама нәтижелері бойынша алынған білім, тәжірибе және технологияны есепке ала отырып егжей-тегжейлі даму жоспарын дайындайды.
4. Оператор жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушімен және халықаралық және шетелдік ұйымдармен бірлесіп Бағдарламаға қатысушы кәсіпорындардың даму жоспарларының іске асырылуына мониторингі жүргізеді.";
"Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды ұйымдастыру тетігі" алынып тасталсын;
"Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кадрларды қайта даярлау шарттары" алынып тасталсын;
"Кадрлардың біліктілігін арттыру шарттары"
"Мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру тетігі"
"Жастар практикасын" ұйымдастыру" алынып тасталсын;
4.4 "Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері" деген бөлімде:
бірінші бөліктің үшінші абзацында "банктердің" деген сөз "банктердің /лизингтік компаниялардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бағдарламаның 2-қосымшасында:
1-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"8) Тау-кен өнеркәсібін, сондай-ақ минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу мен оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесіне сәйкес 4 және 5 санаттағы "сенімсіз" және "күмәнді" деп жіктелгендерді қоспағанда, тиісті қаржы жылында ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде валюталық пайда алатын кәсіпкерлер.";
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Минералдық шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары;";
2) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысында:
Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының 18-бабына, "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына және "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:";
Көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Жаңа бизнес бастамаларды қолдау" бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары ережесінде:
"Жалпы ережелер" деген 1-бөлімде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кәсіпкерлердің Банктер/Даму Банкі берген кредиттері бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны (бұдан әрі - ҮИИДМБ) іске асыру тетіктерінің бірі болып табылатын "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Уәкілетті орган, Жергілікті атқарушы орган, Қаржы агенті және Банктер/Даму Банкі арасындағы өзара қарым-қатынастарды ретке келтіру үшін "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттерін субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі - Ынтымақтастық туралы келісім) жасалады.";
"Субсидияларды беру шарттары" деген 3-бөлімде:
8-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын металлургия өнеркәсібінде жұмыс істейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген Кәсіпкерлер;";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Субсидиялау мерзімі кейіннен 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейін мерзімді құрайды. 3 (үш) жыл өткен соң Субсидиялау шартының әрекет ету мерзімін ұзартуды қаржы агенті мен Банктер/Даму Банкі кәсіпкерлерді тиісті жылы субсидиялау үшін республикалық бюджеттен субсидиялауға арналған қаражат бөлінген кезде ғана ӨҮК шешімінсіз дербес жүзеге асырады. Субсидиялау шартының әрекет ету мерзімін ұзарту жыл сайын жүзеге асырылады.";
17-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау Даму Банкі сыйақы ставкасын 11% дейін төмендететін, оның 6%-ға дейінін кәсіпкер, ал 5%-ын мемлекет өтейтін Даму Банкінің валюталық кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Егер Банктің кредиті бойынша сыйақы ставкасы:
жылына 14%-дан кем болған жағдайда, онда 7%-ын мемлекет өтейді, ал айырмашылығын кәсіпкер төлейді.";
4, 5-бөлімдер мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі
22. Кәсіпкер Банкке/Даму Банкіне:
жаңа кредиттер бойынша Бағдарламаға сәйкес келетін шарттарда кредит беруге (банктің/Даму Банкінің ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) кредит алуға арналған өтінішпен;
қолданыстағы кредиттер бойынша, оған сәйкес субсидиялар алу ниеті туралы банкті, Даму Банкін хабардар ететін өтінішпен (ынтымақтастық туралы келісімде көзделген нысан бойынша) және Бағдарламада көзделген мөлшерге дейін кредит бойынша сыйақының номиналды ставкасын төмендету туралы өтінішпен жүгінеді.
23. Банк/Даму Банкі жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және кредит беру немесе кредит бойынша сыйақының ставкасын төмендету туралы оң шешім болған жағдайда кәсіпкерге жобаны кредиттеуге дайын екендігі туралы жазбаша жауап жолдайды.
24. Оң шешімі бар кәсіпкер Жергілікті деңгейдегі бағдарлама үйлестірушісіне (ынтымақтастық туралы келісімде көзделген нысан бойынша) мынадай құжаттар қоса берілетін кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен жүгінеді:
1) кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
2) егер қызмет түрі лицензияланатын болса, лицензиясы (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
3) жарғы, кұрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғам қосымша акциялар эмиссиясының проспектісін және акционерлер тізілімінен үзіндіні (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі) ұсынады;
4) салық органынан өтініш берілетін күнге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
5) кәсіпкердің соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының көшірмесін қоса, қаржы есептері және/немесе интернет-ресурстарға орналастырылған дебиторлық және кредиторлық берешегі (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және өнімдердің/тауарлар мен қызметтердің атауы) таратып жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
6) банктің/Даму Банкінің Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда Кәсіпкерге кредит беру немесе кредит бойынша сыйақы ставкасын төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.
25. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі өтініш-сауалнама мен құжаттарды алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) өтініш-сауалнамамен қоса берілетін міндетті құжаттардың толықтығын тексеру. Құжаттар пакеті толық тапсырылмаса, не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар тапсырылған жағдайда, жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі үш күн мерзімде тапсырылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, тапсырылған құжаттарды пысықтау үшін Банкке/Даму Банкіне қайтарып береді;
2) кәсіпкердің жобасын алдын ала қарау және жоба бойынша ӨҮК үшін ұсынымдар әзірлеу;
3) ұсыныстар, ӨҮК отырыстарының күн тәртібін қалыптастыру, оларды өткізу күнін, уақыты мен орнын айқындау, бұл туралы ӨҮК-нің барлық мүшелерін хабардар етеді. ӨҮК отырысы жобалардың қалыптасуына қарай өткізіледі;
4) кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуын, мемлекеттік даму институттары арқылы өзге де мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануын тексеру;
5) кәсіпкердің жобасын құжаттардың толық пакетін алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ӨҮК-ге қарау үшін жіберу.
26. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) кәсіпкердің және олар іске асыратын жобалардың Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкестігін тексеру;
2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасын және қоса берілетін құжаттарды, оның ішінде кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, Мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын пайдалануы туралы өтініш-сауалнамасында көрсетілген ақпаратты қарау және талқылау;
3) кәсіпкердің жобасын қарау кезінде ӨҮК Банктен/Даму Банкінен жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттар сұрауға құқылы. Бұл жағдайда кәсіпкердің құжаттары жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісіне пысықтауға қайтарылады және ӨҮК-нің кезекті отырысында қайта қарауға жатады;
4) талқылау нәтижелері бойынша кәсіпкерді Субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді, бұл ретте, хаттамада кәсіпкерлердің Бағдарламаға қатысудан бас тарту себебі міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
27. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі ӨҮК мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Банкке/Даму Банкіне (бұл ретте көшірмеде қаржы агенті көрсетіледі) хаттаманы жібереді.
28. Банк/Даму Банкі Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және Субсидиялау туралы оң шешім болған жағдайда, Қаржы агенті, Банк/Даму Банкі және Кәсіпкер арасында Субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенті Банктік қарыз шартының өтеу кестесіне сәйкес және Субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы ставкасын Банкке/Даму Банкіне төлеуді жүзеге асырады.
29. Банк/Даму Банкі қолданыстағы кредит бойынша Субсидиялау шартына қол қойылған сәтке дейін Кәсіпкер Банктік қарыз шартында көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға міндетті, ал жаңа кредиттер бойынша Банк/Даму Банкі:
- Кәсіпкер бастамашы болған кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
- Кәсіпкер кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, Кәсіпкер үшін кредитпен байланысты комиссияларды, алымдарды, және/немесе өзге төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттеме алады.
30. Субсидиялау шарты Бағдарламада белгіленген нысанға сәйкес:
1) Банкпен/Даму Банкімен:
үлгі жобалар бойынша Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінен хат алған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде;
ерекше шарттары бар жобалар бойынша Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінен хат алған сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде;
2) қаржы агентімен:
үлгі жобалар бойынша Банктен/Даму Банкінен Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде;
ерекше шарттары бар жобалар бойынша Банктен/Даму Банкінен Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жасалады.
Белгіленген нысанға, Бағдарламаның және ӨҮК шешімінің талаптарына сай келген жағдайда ғана қаржы агентінің қол қою күніне қарамастан, Субсидиялау шарты Кәсіпкер, Банк/Даму Банкі қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. Бұл ретте Субсидиялау шартының күшіне ену күнін қаржы агенті тарапынан түзетуге болмайды.
Егер Банктік қарыз шартының және/немесе Субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешімімен және/немесе Бағдарламаның талаптарымен сәйкес келмесе, қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенті Бағдарлама үйлестірушісін, Банкті/Даму Банкін және Кәсіпкерді хабардар етеді және жоба ӨҮК отырысына қайтадан шығарылады.
Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі қаржы агентінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, қаржы агенті Жұмыс органына келісуге жолдайды.
Жұмыс органы қарау нәтижелері бойынша Кәсіпкерді Субсидиялау мүмкіндігі, не болмаса Субсидиялаудан бас тарту туралы шешімді келіседі. Келісу нәтижелерін тиісті хат арқылы Жергілікті деңгейдегі қаржы агентіне жолдайды (бұл ретте көшірмеде Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісін, Банкті/Даму Банкін және Кәсіпкерді көрсетеді)
31. Сыйақы ставкасының Субсидияланатын бөлігін төлеу күнін Кәсіпкер, Банк/Даму Банкі дербес айқындайды. Егер кредит бойынша сыйақыны есептеу Субсидиялау шартына Кәсіпкер, Банк/Даму Банкі қол қойған күннен кейінгі күні басталған жағдайда, Субсидиялау кезеңіне Субсидиялау шартына Кәсіпкер, Банк/Даму Банкі қол қойған күн қосылмайды.
32. Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қойғанға дейін субсидияларды төлеу күні басталған жағдайда:
1) қаржы агентінің ағымдағы шотында қаражат болмаған немесе жетіспеген жағдайда төлемді Кәсіпкер төленген соманы кейіннен қаржы агентіне өтете отырып дербес жүргізеді;
2) қаржы агентінің, Банктің/Даму Банкінің ағымдағы шотында қаражат болған және жеткілікті болған жағдайда қаражатты қаржы агентінің ағымдағы шотынан осы Кәсіпкердің кредиті бойынша Субсидияланатын сыйақы ставкасын өтеу шотына есептен шығарады.
33. Банк/Даму Банкі қаржы агентіне жасалған Субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шотты ашады.
34. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі Сыйақы ставкаларын субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне тиісті қаржы жылында Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыруға бөлінген соманың 30%-ы мөлшеріндегі қаражатты қаржы агенті көрсеткен шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер қаржы агентінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
35. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенті Субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен Банктегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады. Даму Банкі қаржы агентінің ағымдағы шотынан Бағдарламада белгіленген тәртіппен субсидиялар сомасын есептен шығаруды жүзеге асырады.
36. Валюталық кредиттер бойынша субсидиялар сомаларын қаржы агенті субсидиялар сомаларын аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.
37. Кәсіпкер Банкке/Даму Банкіне Банктік қарыз шартына сәйкес өтеу кестесіне сәйкес Сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігіне сыйақы төлеуді жүргізеді.
38. Кәсіпкердің Сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша Банк Кәсіпкердің кредиті бойынша Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу шотына қаржы агентінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.
39. Кәсіпкер кредит бойынша төлемді, оның ішінде Сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша, уақтылы өтемеген жағдайда Банк/Даму Банкі Кәсіпкердің сыйақы ставкасының берешегін өтегенге дейін субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агентінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және бұл туралы қаржы агентін 2 (екі) жұмыс күні ішінде (қаржы агенті Субсидиялауды тоқтата тұру туралы шешімді қабылдамаған жағдайда) хабардар етеді.
40. Қаржы агенті Банктен/Даму Банкінен субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін сыйақы мен Банкке/Даму Банкіне төленген қаражаттың есептеулерін тексеруді жүзеге асырады.
41. Кәсіпкердің Банктік қарыз шартының талаптарына, ӨҮК хаттамасына сәйкес қаржы агенті ол бойынша Банк/Даму Банкі сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігіне төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұсынатын Кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігіне субсидиялар аударуды жүзеге асыруға құқылы.
42. Егер Банк/Даму Банкі қолданыстағы Банктік қарыз шартының талаптарын өзгерткен жағдайда (кредит сомасын, сыйақы ставкасын, сыйақы төлеу мерзімін, негізгі борыш және/немесе сыйақы төлеу бойынша мерзімін ұзартуды), Бағдарлама үйлестірушісі Банктен/Даму Банкінен алынған тиісті хат негізінде ӨҮК-ті хабардар етеді.";
6-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру тәртібі
43. Субсидиялауды тоқтату және қайта қалпына келтіру туралы шешімді қаржы агентінің өтінімдері (хабарламалары) негізінде ӨҮК қабылдайды.
44. Мынадай:
субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа кредитті мақсатсыз пайдалану;
жобаның және/немесе Кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;
Бағдарламаға қатысушының шоттарына тыйым салу және/немесе сот талқылауларының жүргізілуі;
Кәсіпкердің Банктік қарыз шартына төлемдер кестесіне сәйкес Банк/Даму Банкі алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 3 (үш) ай қатарынан орындамау фактілері белгіленген кезде Қаржы агенті Кәсіпкерді Субсидиялауды тоқтата тұрады, ал ӨҮК субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.
45. Субсидияларды төлеуді тоқтата тұрған жағдайда, қаржы агенті мұндай шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Банкті/Даму Банкін Кәсіпкерді, Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісін субсидиялауды тоқтата тұрудың себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.
46. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі қаржы агентінен Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін ӨҮК отырыстарын өткізудің күн тәртібін әзірлейді және қалыптастыратын күнін, уақыты мен орнын айқындайды, ол туралы барлық ӨҮК мүшелерін хабардар етеді.
47. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
1) қаржы агенті ұсынған ақпаратпен күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
2) субсидиялауды тоқтату немесе қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешім қабылданған жағдайда шешімде Субсидиялауды қалпына келтіру үшін негіздеме көрсетіледі.
48. ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін оны 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне, Банкке/Даму Банкіне мәлімет үшін жолдайды.
49. Отырыстың нәтижелері бойынша қаржы агенті мынадай:
1) Кәсіпкерді субсидиялаудың қалпына келтірілгендігі туралы шешім келісілген жағдайда:
Банкті/Даму Банкін және Кәсіпкерді субсидияларды төлеудің қалпына келтірілгендігі туралы хабардар етеді;
оларға тоқтата тұрған кезеңде төленбеген субсидияларды төлеуді жүргізеді;
2) Кәсіпкерді Субсидиялауды тоқтата тұру туралы шешім келісілген жағдайда, Субсидиялау шартын бір жақты бұзу туралы хабарламаны Кәсіпкерге, Банкке/Даму Банкіне жібереді, онда Субсидиялау шартының бұзылған күнін және бұзылу себептерін көрсетеді.
50. Мынадай:
Кәсіпкердің Банк/Даму Банкі алдындағы Банктік қарыз шарты бойынша кредитін толық өтелген. Кәсіпкердің Банкке/Даму Банкіне кредитті толық өтелген күні Субсидиялау тоқтатылған болып саналады;
субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған;
Кәсіпкердің Субсидиялау шартын бұзу туралы бастамасы бойынша Субсидиялар төлемдері тоқтатылған, ал Субсидиялау шарты бұзылған деп танылады.
51. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда Банк/Даму Банкі қолданыстағы кредит бойынша Кәсіпкерге Субсидиялау шарты жасалғанға дейін бұрын қолданылған қаржыландыру талаптарын (оның ішінде, сыйақы ставкасын, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді және басқа да шарттарды) белгілеуге құқылы.
52. Кәсіпкер кредит бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда Банк/Даму Банкі кредит бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтегені туралы қаржы агентін хабардар етеді.
Сонымен бірге Кәсіпкер кредит бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда Банк/Даму Банкі Банктік қарыз шартына қосымша келісім жасаған кезде қаржы агентіне төлемдерді өтеу кестесінің өзгеруімен Субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса отырып Банктік қарыз шартына қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды.
53. Кәсіпкердің мақсатсыз пайдалану анықталған кредиті бойынша Банк/Даму Банкі қаржы агентіне кредитті мақсатсыз пайдалану фактісін растайтын құжаттарды қоса отырып құжаттарды ұсынады.".
7-бөлімде:
54-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жобаның және/немесе Кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына сәйкестігіне мониторинг.";
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Мониторинг тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысандарын қаржы агенті дербес белгілейді.";
8 "Кәсіпкерлерді өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымын дамыту бойынша қолдау" деген бөлімде:
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69. ӨҮК Бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігі тұрғысынан құрылыс немесе өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қайта құру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.";
70-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Кәсіпкерлік секторды сауықтыру" екінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесінде:
2 "Терминдер мен анықтамалар" деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Жұмыс органы – "Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті" мемлекеттік мекемесі.";
3 "Субсидияларды беру шарттары" деген бөлімде:
19-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Даму Банкі берген валюталық кредиттер бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау Даму Банкі сыйақы ставкасын 9,5 %-ға дейін төмендететін кредиттер бойынша жүзеге асырылады, олардың 4,5 %-ын борышкер төлейді, ал 5 %-ын мемлекет өтейді";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. 2012 жылы Бағдарламаның екінші бағытына қатысуға арналған жобаларды қарауға Банктің Қаржы агентіне 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін енгізген өтінімдері жатады.";
5 "Субсидиялау тетігі" деген бөлімде:
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Борышкердің Банктік қарыз шартының талаптарына, Сауықтыру жоспарына және Жұмыс тобының немесе Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес Қаржы агенті ол бойынша Банк/Даму Банкі сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігіне төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұсынатын Борышкердің кредиті бойынша сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігіне субсидиялар аударуды жүзеге асыруға құқылы.
63-1. Егер Банк/Даму Банкі қолданыстағы Банктік қарыз шартының талаптарын өзгерткен жағдайда (кредит сомасын, сыйақы ставкасын, сыйақы төлеу мерзімін, негізгі борыш және/немесе сыйақы төлеу бойынша мерзімін ұзартуды), Қаржы агенті Банктен/Даму Банкінен алынған тиісті хат негізінде Жұмыс органын хабардар етеді. Бұл ретте, Жұмыс органы қаржыландыру шарттарына жүргізілген өзгерістерді хатпен келіседі немесе келісуден бас тартады.";
6 "Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және және қалпына келтіру тәртібі" деген бөлімде:
65-тармақтың төртінші абзацындағы "жағдайлары белгіленгенде Борышкерді Субсидиялауды тоқтата тұруға құқығы бар" деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"жобаның және/немесе Борышкердің Бағдарламаның талаптарына және/немесе Жұмыс тобының шешіміне сәйкес келмеуі жағдайлары белгіленгенде Борышкерді Субсидиялауды тоқтата тұруға құқығы бар.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау" бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру ережесінде:
4 "Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі" деген бөлімде:
26-тармақтың "Уәкілетті органға келісу үшін ӨҮК хаттамасы (мақұлданған/бас тартылған) Кәсіпкерлер бойынша" деген екінші абзацы алынып тасталсын;
29-тармақ алынып тасталсын;
30-тармақтың төртінші бөлігіндегі "және Кәсіпкердің кредитін ішінара кепілдендіруді келісу туралы тиісті хатты Уәкілетті органнан алған" деген сөздер алынып тасталсын;
33-тармақ алынып тасталсын;
39-тармақтағы "және Уәкілетті органға" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Уәкілетті орган, Жергілікті атқарушы орган, Қаржы агенті және Банктер/Даму Банкі арасындағы өзара қарым-қатынастарды ретке келтіру үшін "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттерін субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Ынтымақтастық туралы келісім) жасалады.
8-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын металлургия өнеркәсібінде жұмыс істейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандагы № 1514 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген Кәсіпкерлер";
9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Субсидиялау негізгі қаражаттарды алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражаттарын толықтыруға және/немесе қайта қаржыландыруға берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылады.";
12, 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Субсидиялау мерзімі кейіннен 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейінгі мерзімді құрайды. 3 (үш) жыл өткен соң Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзартуды қаржы агенті мен Банктер/Даму Банкі Кәсіпкерлерді тиісті жылы субсидиялау үшін Республикалық бюджеттен субсидиялауға арналған қаражат бөлінген кезде ғана ӨҮК шешімінсіз дербес жүзеге асырады. Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту жыл сайын жүзеге асырылады.
13. Егер Банктің кредиттері бойынша сыйақының номиналды ставкасы жылына 14%-дан аспаған жағдайда, онда 6%-ынан аспайтын бөлігін Кәсіпкер төлейді, 8%-ын мемлекет өтейді. Бұл ретте Банк:
Кәсіпкер бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуының себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды, және/немесе өзге төлемдерді қоспағанда, кредитпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төлемдерді алмайды.
Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау банктер сыйақы ставкасын 12% дейін төмендететін, оның 5%-ына дейінгісін Кәсіпкер төлейтін, ал 7%-ын мемлекет өтейтін (Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), жіктелгенге жатпайтын валюталық стандартты кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Даму Банкінің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау
13%-дан аспайтын сыйақы ставкасымен кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін, олардың 5%-ын Бағдарламаға қатысушы төлейді, ал8%-ын мемлекет өтейді. Бұл ретте Банк:
Кәсіпкер бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуының себебі бойынша алынатындарды қоспағанда, кредитпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды, және/немесе өзге төлемдерді алмайды.
Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау Даму Банкі сыйақы ставкасын 11%-ға дейін төмендететін Даму Банкінің валюталық кредиттері бойынша жүзеге асырылады, оның 6%-ына дейінгісін кәсіпкер төлейді, ал 5%-ын мемлекет өтейді.
Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда оны болашақ субсидиялар есебінен есептеп, ал бағамдық айырма теріс болған жағдайда - қайтару қарыз алушыға жүктелсін.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Егер Банктің кредиті бойынша сыйақы ставкасы:
жылына 14%-дан кем болған жағдайда, онда 8%-ын мемлекет өтейді, ал айырмашылығын Кәсіпкер төлейді, ал валюталық кредиттер бойынша жылына 12%-дан кем болған жағдайда, онда 7%-ын мемлекет өтейді, ал айырмашылығын Кәсіпкер төлейді.
Егер Даму Банкінің кредиті бойынша сыйақы ставкасы:
жылына 13%-дан кем болған жағдайда, онда 8%-ын мемлекет өтейді, ал айырмашылығын кәсіпкер төлейді, ал валюталық кредиттер бойынша жылына 11%-дан кем болған жағдайда, онда 7%-ын мемлекет өтейді, ал айырмашылығын Кәсіпкер төлейді.";
4, 5 және 6-бөлімдер мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі
17. Кәсіпкер Банкке/Даму Банкіне Бағдарламаға сәйкес шарттарда сыйақының номиналды ставкасын азайту (Ынтымақтастық туралы келісімде көзделген нысан бойынша) өтінішімен жүгінеді.
18. Банк/Даму Банкі кредит бойынша сыйақының номиналды ставкасын Бағдарламада белгіленген мөлшерге дейін төмендету/төмендетпеу туралы мәселелерді қарайды.
19. Оң шешімі бар Кәсіпкер жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісіне (Ынтымақтастық туралы келісімде көзделген нысан бойынша) мынадай құжаттар қоса берілетін Кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен жүгінеді:
1) Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
2) лицензия — егер қызмет түрі лицензияланатын болса (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
3) жарғы, кұрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай құжаты қажет емес). Акционерлік қоғам акциялар эмиссиясының проспектісін және акционерлер тізілімінен үзіндіні (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі) ұсынады;
4) өтініш берілетін күнге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген салық комитетінен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
5) Кәсіпкердің соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының көшірмесімен қоса, қаржы есептері және/немесе интернет-ресурстарға орналастырылған дебиторлық және кредиторлық берешегі (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және тауарлар мен қызметтердің атауы) таратып жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
6) экспорт режимінде тауарлар/өнімдерді шығаруды жүзеге асырған кеден органдарының белгісі бар кедендік жүк декларациялары;
7) Қазақстан Республикасы кеден шекарасының өткізу пункттерінде орналасқан кеден органдарының белгісі бар тауарға ілеспе құжаттар;
8) соңғы есепті жылға валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттар.
20. Бағдарламаны жергілікті деңгейде үйлестіруші өтініш-сауалнама мен құжаттарды алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) өтініш-сауалнамамен қоса берілген міндетті құжаттардың толықтығын тексеру. Құжаттар пакеті толық тапсырылмаса немесе белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар тапсырылған жағдайда, Бағдарламаны жергілікті деңгейде үйлестіруші тапсырылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, тапсырылған құжаттарды пысықтау үшін Банкке/Даму Банкіне қайтарып береді;
2) Кәсіпкердің Жобасын алдын ала қарау және Жоба бойынша ӨҮК үшін ұсынымдар тұжырымдау;
3) ұсыныстар, ӨҮК отырыстарының күн тәртібін қалыптастыру, оларды өткізу күнін, уақытын және орнын айқындау, бұл туралы ӨҮК-нің барлық мүшелерін хабардар етеді. ӨҮК отырысы Жобалардың қалыптасу шамасына қарай өткізіледі;
4) Кәсіпкердің басқа да мемлекеттік бағдарламаға қатысуын, Мемлекеттік даму институттары арқылы өзге де мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануын тексеру;
5) ӨҮК қарауы үшін Кәсіпкерлер жобаларын құжаттардың толық пакетін қоса беріп қарауға шығару.
21. Бағдарламаны жергілікті деңгейде үйлестіруші барлық құжаттар мен ақпаратты алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Кәсіпкердің материалдарын ӨҮК қарауына шығарады.
22. Өткізілетін отырыс аясында ӨҮК мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) Кәсіпкердің және ол іске асыратын Жобалардың Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкестігін тексеру;
2) Кәсіпкердің жобасы мен ұсынылған құжаттарды, оның ішінде Кәсіпкердің басқа да мемлекеттік бағдарламаға қатысуын, Мемлекеттік даму институттары арқылы өзге де мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануы туралы Кәсіпкердің өтініш-сауалнамасында көрсетілген ақпаратты ӨҮК мүшелерінің арасында қарау және талқылау;
3) Кәсіпкердің жобасын қарау кезінде ӨҮК Банктен/Даму Банкінен жобаны толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттар сұратады. Бұл жағдайда Кәсіпкердің құжаттары Бағдарламаны жергілікті деңгейде үйлестірушіге пысықтауға қайтарылады және ӨҮК кезекті отырысында қайта қарауға жатады;
4) талқылау нәтижесі бойынша Кәсіпкерді субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысын өткізген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделеді, бұл ретте хаттамада Кәсіпкердің Бағдарламаға қатысудан бас тарту себептері міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
23. Бағдарламаны жергілікті деңгейде үйлестіруші ӨҮК мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Банкке/Даму Банкіне хаттаманы жолдайды (бұл ретте көшірмеде қаржы агенті көрсетіледі).
24. Банк/Даму Банкі жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінен хаттама алғаннан кейін және Субсидиялау туралы оң шешім алынған жағдайда Қаржы агенті, Банк/Даму Банкі және Кәсіпкер арасында Субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенті Банктік қарыз шартының өтеу кестесіне сәйкес және Субсидиялау шартының талаптарына сәйкес Банкке/Даму Банкіне сыйақы ставкасының төлемін жүзеге асырады.
25. Банк/Даму Банкі қолданыстағы кредит бойынша Субсидиялау шартына қол қойылған сәтке дейін мыналарды қоспағанда, Банктік қарыз шартымен көзделген негізгі қарыз бен сыйақыны уақтылы өтеу бойынша міндеттемелерді Кәсіпкердің орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруы тиіс:
Кәсіпкер бастамашылық еткен кредит беру шартының өзгеруіне байланысты;
Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуының себептері бойынша.
26. Субсидиялау шартын:
1) Банк/ Даму банкі:
үлгі жобалар бойынша жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінен хат алған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде;
айрықша шарттары бар жобалар бойынша жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінен хат алған сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде Бағдарламада белгіленген нысанға сәйкес жасайды;
2) қаржы агенті:
үлгі жобалар бойынша Банктен/Даму Банкінен Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде;
айрықша шарттары бар жобалар бойынша Банктен/Даму Банкінен Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жасайды;
Субсидиялау шарты Бағдарлама талаптары және ӨҮК шешіміне сәйкес бекітілген нысанда оған қаржы агенті қол қойған күнге тәуелсіз Банк/Даму Банкі, Кәсіпкер қол қойған күннен бастап қолданысқа енеді. Бұл ретте Субсидиялау шартының қолданысқа енгізілген күні қаржы агенті тарапынан түзетуге жатпайды.
Банктік қарыз шарты және/немесе Субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарлама талаптарына сәйкес келмесе қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенті Бағдарлама Үйлестірушісін, Банк/Даму Банкін және Кәсіпкерді хабардар етеді және жоба ӨҮК отырысына қайтадан енгізіледі.
Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі келіспеген жағдайда Банк/Даму Банкі қаржы агентінің ескертулерімен қаржы агенті Жұмыс органына келісуге жолдайды.
Жұмыс органы қарастыру нәтижелері бойынша Кәсіпкерді Субсидиялау мүмкіндігі немесе Субсидиялаудан бас тарту туралы шешімді келіседі. Келісу нәтижелері Жергілікті деңгейдегі қаржы агентіне тиісті хатпен жолданады (бұл ретте көшірмеде Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі мен Кәсіпкер көрсетіледі).
27. Сыйақы мөлшерінің Субсидияланатын бөлігін төлеу күнін Кәсіпкер, Банк/Даму Банкі дербес анықтайды. Егер кредит бойынша сыйақыны аудару Кәсіпкер мен Банк/Даму Банкі Субсидиялау шартына қол қойған күннен кейінгі күннен басталса, Субсидиялау кезеңіне Кәсіпкер мен Банк/Даму Банкі Субсидиялау шартына қол қойған күн қосылмайды.
28. Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қойғанға дейін субсидиялардың төлем күні басталған жағдайда:
1) қаржы агентінің ағымдағы шотында қаржы болмағанда немесе жетіспегенде Кәсіпкер төлемді қаржы агентінің төлеген сомасын одан әрі орнын толтырумен дербес жүргізеді;
2) қаржы агентінің ағымдағы шотында қаржы болғанда немесе жеткілікті болғанда Банк/Даму Банкі қаражатты қаржы агентінің ағымдағы шотынан аталған Кәсіпкердің кредиті бойынша Субсидияланатын сыйақы ставкасын өтеу шотына шығысқа шығарады.
29. Банк/Даму Банкі қаржы агентіне жасалған Субсидиялау шарттары бойынша субсидиялау сомаларын аудару үшін ағымдағы шотты ашады.
30. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі Сыйақы ставкаларын субсидиялау үшін көзделген қаражаттың түсу сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне тиісті қаржы жылында Бағдарламаның үшінші бағытын іске асыруға бөлінген соманың 30 %-ы мөлшеріндегі қаражатты қаржы агенті көрсеткен шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер қаржы агентінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
31. Субсидиялау үшін көзделген қаржыны Банктегі ағымдағы шотқа ай сайын аванстық төлеммен Субсидиялау шартының төлем кестесін есепке ала отырып аударуды қаржы агенті жүзеге асырады. Даму Банкі қаржы агентінің ағымдағы шотынан Бағдарламада бекітілген тәртіппен субсидия сомасын есептен шығаруды жүзеге асырады.
32. Валюталық кредиттер бойынша субсидия сомасын қаржы агенті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі субсидиялар сомасын аудару күніне белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.
33. Кәсіпкер Банкке/Даму Банкіне Банктік қарыз шартына сәйкес өтеу кестесі бойынша сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігіне сыйақы төлеуді жүргізеді.
34. Кәсіпкердің сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша Банк/Даму Банкі Кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу шотына қаржы агентінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.
35. Қаржы агенті Банк/Даму Банкінен субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін Банк/Даму Банкіне төленген қаржылар мен сыйақыларды есептеуге тексерісті жүзеге асырады.
36. Кәсіпкердің Банктік қарыз шартының талаптарына, ӨҮК хаттамасына сәйкес қаржы агенті сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі қарызды өтеу бойынша Банк/Даму Банкі жеңілдік кезең ұсынған Кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігінде субсидия аударуға жол береді.
37. Егер Банк/Даму Банкі қолданыстағы Банктік қарыз шартының талаптарын өзгерткен жағдайда (кредит сомасы, сыйақы ставкасы, сыйақы төлеу мерзімі, негізгі қарызды және/немесе сыйақыны төлеу бойынша мерзімді кейінге қалдыруды ұсыну), Бағдарламаны үйлестіруші Банк/Даму Банкінен алынған тиісті хаттың негізінде ӨҮК хабардар етеді.
6. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру тәртібі
38. Субсидиялауды тоқтату және қайта қалпына келтіру туралы шешімді ӨҮК қаржы агентінің өтінімі (хабарламасы) негізінде қабылдайды.
39. Қаржы агенті мынадай фактілер белгілі болған жағдайда Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды:
1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті мақсатсыз пайдалану;
2) жобаның және/немесе Кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;
3) Бағдарламаға қатысушының шоттарына тыйым салу және/немесе сот талқылауларының жүргізілуі;
4) Кәсіпкердің Банктік қарыз шартының өтеу кестесіне сәйкес Банк/Даму Банкі алдындағы төлемдерін төлеу бойынша міндеттемелерді 3 (үш) ай қатарынан орындамауы.
40. Субсидияларды төлеуді тоқтата тұрған жағдайда қаржы агенті осындай шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Банкті/Даму Банкін, Кәсіпкерді, Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіні субсидиялауды тоқтата тұрудың себептерін көрсете отырып, хабардар етеді.
41. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қаржы агентінен Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін ұсыныстар әзірлейді және ӨҮК отырыстарының күн тәртібін қалыптастырады, өткізілетін күнін, уақытын және орнын айқындайды, ол туралы барлық ӨҮК мүшелерін хабардар етеді.
42. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
1) қаржы агенті ұсынған ақпаратпен күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
2) субсидиялауды тоқтату немесе қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешім қабылданған жағдайда шешімде субсидиялауды қалпына келтірудің негіздемесі көрсетіледі.
43. ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін оны 1 (бір) жұмыс күні ішінде мәлімет үшін қаржы агентіне, Банкке/Даму Банкіне жібереді.
44. Отырыс қорытындысы бойынша қаржы агенті мынадай:
1) Кәсіпкерді субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешім келісілген жағдайда:
субсидиялау төлемін қалпына келтіру туралы Банкті/Даму Банкін және Кәсіпкерді хабардар етеді;
оның тоқтатылған кезеңде төленбеген Субсидия төлемін жүргізеді;
2) Кәсіпкерді Субсидиялауды тоқтату туралы шешім келісілген жағдайда Субсидиялау шартын біржақты тоқтату жөнінде Кәсіпкерге, Банкке/Даму Банкіне хабарлама жібереді, онда Субсидиялау шартын тоқтату күнін және тоқтату себебін көрсетеді.
45. Субсидия төлемдері тоқтатылады, ал Субсидиялау шарты мынадай жағдайларда бұзылды деп танылады:
Кәсіпкердің Банк/Даму Банкі алдындағы Банктік қарыз шарты бойынша кредитті толық өтеуі. Кәсіпкердің Банкке/Даму Банкіне кредитті толық өтеген күні субсидиялаудың аяқталу күні болып танылады;
субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдау;
Кәсіпкердің Субсидиялау шартын тоқтату туралы бастамасы бойынша.
46. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда Субсидиялау шартын жасағанға дейін Банк/Даму Банкі Кәсіпкерге қолданыстағы кредит бойынша алғашқы қолданған қаржыландыру шарттарын (оның ішінде сыйақы ставкасын, комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа да төлемдер және басқа шарттар) белгілеуге құқылы.
47. Кәсіпкер кредит бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, Банк/Даму Банкі қаржы агентін кредит бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді.
Бір уақытта, Кәсіпкер кредит бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда Банк/Даму Банкі Банктік қарыз шартына қосымша келісім жасаған жағдайда қаржы агентіне төлемдерді өтеу кестесін өзгертумен Субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, Банктік қарыз шартына қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды.
48. Мақсатсыз пайдалану анықталған Кәсіпкердің кредиті бойынша Банк/Даму Банкі қаржы агентіне кредитті мақсатсыз пайдалану фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, құжаттарды ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 7-бөліммен толықтырылсын:
"7. Бағдарлама мониторингі
49. Бағдарламаны іске асыру мониторингін қаржы агенті жүзеге асырады, оның функцияларына мыналар жатады:
1) Банк/Даму Банкі ұсынған деректер мен құжаттар негізінде Субсидиялау шарты жасалған Кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатты пайдалануына мониторинг;
2) Банк/Даму Банкі ұсынған деректер негізінде Кәсіпкердің субсидияланған кредитті төлеу тәртібіне мотиторинг;
3) жобаның және/немесе Кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына сәйкестігінің мониторингі.
50. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенті Кәсіпкерден, Банктен/Даму Банкінен барлық қажетті, оның ішінде, коммерциялық және банктік құпияларды қамтитын құжаттар мен ақпаратты сұратуға, Жобаның іске асырылып жатқан орнына барып іске асырылуына мониторинг жүргізуге кұқылы.
51. Мониторинг тәртібі мен мерзімін, есептілік нысанын қаржы агенті дербес анықтайды."
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 20 ақпандағы
№ 357 қаулысымен
бекітілген
"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Жаңа
бизнес-бастамаларды қолдау" бірінші бағыты шеңберінде
Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкаларын
субсидиялау қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау" бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Қаржы лизинг шарттары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (бұдан әрі – Кәсіпкер) Лизингтік компаниялар/Банктер/Даму Банкі берген Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялаудың шарттары мен тетігін айқындайды.
2. Кәсіпкерлерге Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) іске асыру тетіктерінің бірі болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Субсидиялау Қаржы лизингі шарттары бойынша Кәсіпкерлер сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
4. Уәкілетті орган, жергілікті атқарушы орган, Қаржы агенті және Лизингтік компаниялар/Банктер/Даму Банкі арасындағы өзара қарым-қатынастарды ретке келтіру үшін "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру шеңберінде Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақыны субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі - Ынтымақтастық туралы келісім) жасалады.
5. Қаржы агентінің қызметтеріне Уәкілетті орган 004 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде көрсететін оператор мен қаржылық агент көрсететін қызметтерді төлеу» республикалық бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен төлейді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
6. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агентіне «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде өздерінің арасында жасалатын Субсидиялау және кепілдендіру шартының негізінде жергілікті бюджетке бағытталған нысаналы трансферт есебінен аударады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
7. Субсидиялау нысанындағы қаржылық қолдау шаралары республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. Терминдер мен анықтамалар
Ескерту. 2-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498; 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Банк |
Ынтымақтастық туралы келісімді жасасқан екінші деңгейдегі банк; |
Даму Банкі |
Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және/немесе оның аффилирленген Лизингтік компаниясы |
Банк – Төлем агенті |
Қаржы агентімен келісілуі және жобалар бойынша Субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған Лизингтік компанияның арнайы шотын жүргізу функцияларын жүзеге асыруы тиіс Лизингтік компанияның уәкілетті банкі; |
ҮИИДМБ |
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама; |
Мемлекеттік даму институттары |
экономиканың әр түрлі секторларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар; |
Субсидиялау шарты |
Қаржы агенті, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі және Кәсіпкер арасында жасалатын үш жақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша Қаржы агенті Кәсіпкердің Лизингтік компаниямен/Банкпен/Даму Банкімен жасаған қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы ставкасын ішінара Субсидиялайды; |
Қаржы лизингінің шарты |
Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі және Кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Кәсіпкерге қаржылық лизинг ұсынады; |
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі |
облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі; |
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі |
қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі; |
Лизингтік компания |
Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан лизингтік компания; |
Лизингтік мәміле |
азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнатуға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған лизингке қатысушылардың келісілген іс-қимылдарының жиынтығы; |
Жоба |
Кәсіпкер бизнестің әр түрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы; |
Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) |
Жергілікті атқарушы органдар, Лизингтік компаниялар/Банктер/Даму Банкі, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері басқаратын консультативтік-кеңесші орган; |
Тұрақтандырушы немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалар |
Дағдарысқа қаржы бағдарламалар мен іс-шараларды орындау шеңберінде іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар; |
Субсидиялау |
Кәсіпкердің Лизингтік компанияларға/Банктерге/Даму Банкіне Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ретінде, болашақта Кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбасқа төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын Кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны; |
Субсидиялар |
өтеусіз және қайтарымсыз негізде Қаржы агенті Субсидиялау шарттарының негізінде Кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде Лизингтік компанияларға/Банктерге/Даму Банкіне төлейтін кезеңді төлемдер; |
Уәкілетті орган |
"Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі" мемлекеттік мекемесі; |
Жұмыс органы |
"Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті" мемлекеттік мекемесі; |
Қаржы агенті |
Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін тартылатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы; |
Қаржы лизингі |
лизингті беруші сатушыдан меншікке сатып алған және лизинг шартымен негізделген лизинг нысанын белгілі бір ақыға және белгілі бір шарттарда кәсіпкерлік мақсаттар үшін кемінде үш жыл мерзімге уақытша иелену және пайдалану үшін лизингті алушыға беруге міндеттенетін инвестициялық қызмет түрі. |
3. Экономиканың басым секторларында сыйақы ставкасын субсидиялау шарттары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
8. Мынадай:
1) акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін жобаларды іске асыру үшін жасалған;
2) Даму Банкінен басқа, Мемлекеттік даму институттары тікелей лизинг берушісі болып табылатын;
3) өз қызметін тау-кен өнеркәсібінде жүзеге асыратын кәсіпкерлердің;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген кәсіпкерлердің металлургия өнеркәсібінде жұмыс істейтін кәсіпкерлердің;
5) сыйақы ставкасы бюджеттік қаражат есебінен арзандатылған қаржы лизингі шарттары субсидиялауға жатпайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
9. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
10. Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптамасына (бұдан әрі – ЭҚЖС) сәйкес экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін Кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары бола алады.
11. Тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде Лизингтік компаниялар/Банктер/Даму Банкі арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын Кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары болып табыла алады.
12. Субсидиялау жаңа инвестициялық Жобаларды, сондай-ақ экономиканың басым секторларында өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған Жобаларды іске асыру үшін Лизингтік компаниялар/Банктер/Даму Банкі Кәсіпкерлермен жасасатын жаңа Қаржы лизингі шарттары бойынша жүзеге асырылады.
13. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады: ішкі лизинг, банк лизингі, толық лизинг және таза лизинг.
14. Субсидиялау қайтарылатын лизинг, қайталама лизинг немесе сублизинг Шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.
15. Жаңа Қаржы лизингі шарттарына кәсіпкерлер Лизингтік компаниялармен/Банктермен/Даму Банкімен жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ экономиканың басым секторларында өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға ӨҮК-ге жобаларды шығаруға дейін жыл ішінде бұрын жасалған Қаржы лизингі шарттары да жатады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
16. Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылып жатқан Қаржы лизингі шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспайды және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың Қаржы лизингі шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
750 млн. теңгеден 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қолданыстағыларға қатысты кемінде 10 % жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.
Бұл ретте, жаңа құрылатын жұмыс орындарының 50 %-ын халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жастар үшін құру ұсынылады.
Кредиттер сомасы 1,5 млрд. теңгеден асатын жобалар бойынша индустрияландыру картасына енгізілген жобалар сыйақы ставкасын субсидиялауға жатады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
17. Кәсіпкер лизинг нысанасының жалпы құнының кем дегенде 10 %-нан аз емес деңгейде өзінің ақшалай қаражатымен, жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкімен Жобаны іске асыруға қатысуды қамтамасыз етуі тиіс.
Лизинг бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен ұсынған жағдайда, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қарастырылмайды.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
18. Қаржы лизингі шарттары бойынша субсидиялау мерзімі 10 (он) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейін құрайды. Бір жоба бойынша бірнеше Субсидиялау шарты жасалатын жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенті бірінші Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі Қаржы агенті қайта қаржыландыру жүзеге асырылған Лизингтік компанияда/кредитор Банкте бірінші Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
3 (үш) жыл өткеннен кейін Субсидиялау шартының қолданыс мерзімін ұзарту ӨҮК мақұлдаған сәтте республикалық бюджеттен субсидиялауға арналған қаражат болған кезде ғана Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі хатының негізінде ӨҮК шешімімен мақұлданады. Хатқа кәсіпкерді субсидиялау мерзімін ұзарту туралы Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің шешімі қоса беріледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
19. Субсидиялау сыйақының номиналды ставкасы жылдық 14 %-дан аспайтын Лизингтік компаниялардың/Банктің/Даму Банкінің Қаржы лизингі шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін, оның 7 %-ын Кәсіпкер төлейді, ал айырмасын - мемлекет өтейді. Бұл ретте, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі:
1) Кәсіпкер бастамашы болатын Қаржы лизингі шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;
2) лизинг нысанының, лизинг нысанын сақтандырудың, кепілдік артын тіркеудің және ауыртпалықты алуды тәуелсіз бағалауды жүргізуге байланысты;
3) Қаржы лизингі шартының орындалуына байланысты (кедендік тазалау, арнайы органдардың лизинг нысанын тіркеу қызметтері, банктер қызметтері және т.б. сияқты өзге ұйымдардың қызметтерін өтеу);
4) Кәсіпкердің Қаржы лизингі шарты бойынша міндеттемелердің тәртібін бұзу себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, Қаржы лизингі шартын жасауға байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
20. Егер Лизингтік компаниялардың/Банктердің/Даму Банкінің Қаржы лизингі шарты бойынша сыйақылар жылдық 14 %-дан төмен болса, онда 7 %-ын Кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет өтейді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
21. Жобаны ӨҮК-ге шығарғанға дейін 6 айдан бұрын емес берілген Лизингтік компаниялардың/Банктердің/Даму Банкінің қолданыстағы Қаржы лизингі шарттарын субсидиялау, егер қаржыландыру теңгемен жылдық 14 %-дан асатын номиналды сыйақы ставкасы бойынша жүзеге асырылса, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі номиналды сыйақы ставкасын жылдық 14 %-ға дейін төмендеткен жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
22. Қаржы лизингі шартының талаптарына сәйкес Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін төлеу бойынша жеңілдікті кезеңді ұсынған болса, Қаржы агенті Қаржы лизингі шарты бойынша сыйақының субсидияланатын ставкасы бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыруға құқылы.
3-1. Салалық шектеулерсіз сыйақы ставкасын субсидиялау шарттары
Ескерту. Қағида 3-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
22-1. Лизингтік компаниялар/Банктер ұсынатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау моноқалаларда, шағын қалаларда, сондай-ақ олардың әкімшілік бағынысындағы елді мекендерде Бағдарламада белгіленген жағдайларды қоспағанда, экономиканың барлық секторларында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілердің жаңа лизингтік мәмілелері бойынша жүзеге асырылатын болады.
22-2. Осы шарттардың шеңберінде сыйақы ставкасын субсидиялауға мынадай:
1) мұнай-газ өнеркәсібіндегі;
2) қару және акцизделетін өнімдер өндіру жөніндегі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарының;
4) тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыруды болжайтын кредиттер жатпайды.
22-3. Жаңа лизингтік мәмілелерге жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін ӨҮК-ке жобаны шығарғанға дейін бір жыл ішінде Лизингтік компаниялар/Банктер бұған дейін берген лизингтік мәмілелер де жатады.
22-4. Субсидиялауға ӨҮК-ке жобаны шығарғанға дейін бір жыл ішінде Лизингтік компаниялар/Банктер бұған дейін берген Қаржы лизингі шартын қайта қаржыландыруға бағытталған лизингтік мәмілелер де жатады.
22-5. Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын лизинг сомасы бір Кәсіпкер үшін 750000000 (жеті жүз елу миллион) теңгеден аспауы тиіс.
22-6. Пайыздық ставканы субсидиялау сыйақының номиналды ставкасы 14 %-дан аспайтын лизинг бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның 10 %-ын мемлекет өтейтін болады. Бұл ретте, Лизингтік компаниялар/Банктер мыналарды:
1) Кәсіпкер бастамашылық жасайтын Қаржы лизингі шарты талаптарының өзгеруімен байланысты;
2) Кәсіпкердің Қаржы лизингі шарты бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша өндіріп алынатын;
3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізумен, лизинг нысанасын сақтандырумен, кепіл шартын тіркеумен және ауыртпалықтарды алып тастаумен байланысты;
4) Қаржы лизингі шарттарын (кедендік тазалау, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеу қызметтері, банктер қызметтері және т.б. сияқты тысқары ұйымдардың көрсететін қызметтерін өтеу) орындаумен байланыстыларды қоспағанда, Қаржы лизингі шартын жасаумен байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.
22-7. Егер кредит бойынша сыйақы ставкасы жылдық 14 %-дан төмен болған жағдайда, онда 10 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын Кәсіпкер төлейді.
22-8. Қаржы лизингі шарттары бойынша субсидиялау мерзімі одан әрі 5 (бес) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейінгі мерзімді құрайды. 3 (үш) жыл өткеннен кейін Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзартуды тиісті жылы кәсіпкерлерді субсидиялау үшін республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат бөлінген жағдайда ғана Лизингтік компанияның/Банктің қолдаухатының негізінде ӨҮК шешімімен жыл сайын мақұлданады.
Егер бір жоба бойынша бірнеше Субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенті бірінші Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі қайта қаржыландыруды жүзеге асырған Лизингтік компанияда/Банкте/Даму Банкінде Қаржы агенті бірінші Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
22-9. Лизинг бойынша субсидиялдау қайтарымды лизинг, екінші лизинг немесе сублизинг шарты бойынша жүзеге асырылмайды.
4. Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара
іс-қимыл тәртібі
23. Кәсіпкер:
1) Бағдарламаға сәйкес келетін шарттарда қаржыландыруды ұсынуға арналған өтінішпен (Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) жаңа Қаржы лизингі шарттары бойынша;
2) Лизингтік компанияны/Банкті/Даму Банкін субсидиялар алу ниеті туралы хабардар ететін өтінішпен (Ынтымақтастық туралы келісімде көзделген нысан бойынша) және осы Қағидаларда белгіленген мөлшерге дейін Лизингтік компаниямен/Банкпен/Даму Банкімен Қаржы лизингі шарты бойынша номиналды сыйақы ставкасын азайту туралы қолдаухатымен қолданыстағы Қаржы лизингі шарты бойынша Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне жүгінеді.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
24. Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және лизингті ұсыну немесе лизинг бойынша сыйақы ставкасын азайту туралы оң шешім болған жағдайда Кәсіпкерге Қаржы лизингі шарттарын жасасуға дайын екендігі туралы жазбаша жауап жібереді.
25. Оң шешім алған кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен (Ынтымақтастық туралы келісімде көзделген нысан бойынша) жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1) кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
2) лицензия – егер қызмет түрі лицензияланатын болса (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
3) жарғы, кұрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай құжаты талап етілмейді). Акционерлік қоғам қосымша акциялар шығару проспектісін және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен үзінді (тіркеушінің мөрімен/қолымен расталған) ұсынады;
4) жүгінген күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген салық комитетінен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
5) Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің Қаржы лизингі шартын жасау мүмкіндігі/кәсіпкердің Қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы ставкаларын төмендету туралы оң шешімі бар хаты.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
26. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі Кәсіпкерден өтініш-саулнама мен құжаттарды алғаннан кейін:
1) өтініш-сауалнамамен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі үш күндік мерзімде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне қайтарады;
2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін кәсіпкердің жобасын жіберуді құжаттардың толық топтамасын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
26-1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі құжаттарды алғаннан кейін:
1) құжаттардың толықтығын тексереді;
2) Кәсіпкерлердің жобасын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді және жобалар бойынша ӨҮК үшін ұсынымдар әзірлейді;
3) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
4) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және өтетін орынды айқындайды, бұл туралы ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.
Құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ұсынылған құжаттар бойынша нақты көрсеткіштерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары бойынша - кәсіпкерге) қайтарады.
ӨҮК отырысы жобалардың қалыптасуына қарай, бірақ айына 2 реттен сиретпей өткізіледі.
Ескерту. 4-бөлім 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
26-2. ӨҮК жобаларды тиісті жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.
Ескерту. 4-бөлім 26-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
27. Өткізілетін отырыс шеңберінде ӨҮК мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) Кәсіпкердің және ол іске асыратын Жобалардың Бағдарламаның және жергілікті даму бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкестігін тексеру;
2) Кәсіпкердің жобасы мен ұсынылған құжаттарды, оның ішінде Кәсіпкердің басқа да мемлекеттік бағдарламаға қатысуын, Мемлекеттік даму институттары арқылы өзге де мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануы туралы Кәсіпкердің өтініш-сауалнамасында көрсетілген ақпаратты ӨҮК мүшелерінің арасында қарау және талқылау;
3) Кәсіпкердің жобасын қараған кезде ӨҮК қажет болған жағдайда Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттар сұратады, бұл жағдайда Кәсіпкердің құжаттары Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне пысықтау үшін қайтарылады және ӨҮК кезекті отырысында қайта қарауға жатады;
4) талқылау нәтижесі бойынша Кәсіпкерді субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысын өткізген күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді, бұл ретте хаттамада Кәсіпкердің Бағдарламаға қатысудан бас тарту себептері міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
28. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері ӨҮК хаттамасына/хаттамадан үзіндіге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне және Қаржы агентіне ӨҮК хаттамасының/хаттама үзіндісінің көшірмесін жібереді.
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі ӨҮК хаттамасының/хаттама үзіндісінің көшірмесін Лизингтік компанияға/тиісті Банкке/Даму Банкіне жібереді.
ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі ӨҮК шешімі шыққан күннен бастап 6 ай.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Субсидиялау тетігі
29. Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және Субсидиялау туралы оң шешім болған кезде, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі, Кәсіпкер және Қаржы агенті арасында Субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес Кәсіпкер Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне қаржы лизингі шартының өтеу кестесіне сәйкес сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін төлеуді жүзеге асырады, ал Қаржы агенті Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне Субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлейді.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
30. Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі қолданыстағы лизинг бойынша Субсидиялау шартына қол қойылған сәтке дейін Кәсіпкердің негізгі борышты уақтылы өтеу және Қаржы лизингі шартында қарастырылған сыйақылар бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға, ал жаңа/қолданыстағы Қаржы лизингі шарты бойынша Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Кәсіпкер үшін лизингке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алмауға және белгілемеуге міндеттемелер қабылдайды, мыналарды қоспағанда:
1) Кәсіпкер бастамашылық жасайтын Қаржы лизингі шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;
2) Кәсіпкердің лизинг бойынша міндеттемелерді бұзу себептері бойынша өндіріп алынатын.
Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
31. Субсидиялау шартын Қағидаларда белгіленген нысанға сәйкес:
1) Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі:
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде;
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде жасайды;
2) Қаржы агенті:
Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен үлгі жобалар бойынша Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде;
Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жасайды.
Егер Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі осы Қағидалардың 40-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде Субсидиялау шартын уақтылы жасамаған жағдайда, онда Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі кідіру себептерін түсіндіре отырып, Қаржы агенті мен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін ресми хатпен хабардар етеді.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
31-1. Егер Банктік қарыз шартының және/немесе Субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте, Қаржы агенті Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, Банкті/Даму Банкін және Кәсіпкерді хабардар етеді.
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі ескертулерді жойған жағдайда, Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қояды.
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі Қаржы агентінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі құжаттар топтамасын түпкілікті шешім қабылдау үшін ӨҮК-ке шығаратын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жібереді.
Ескерту. 5-бөлім 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
32. Субсидиялау шарты оған Кәсіпкер, Банк/Даму Банкі және Қаржы агенті қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы Субсидиялау шартында Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қойған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін белгіленуі мүмкін.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
33. Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеу күнін Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі және Кәсіпкер дербес айқындайды. Егер лизинг бойынша сыйақыны есептеу Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі және Кәсіпкер қол қойған күннен кейінгі күнімен басталған жағдайда, Субсидиялау шартына Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі және Кәсіпкер қол қойған күн субсидиялау кезеңіне кірмейді.
34. Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар тиісті Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен қаражат болған кезде төленеді.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
35. Банк/Даму Банкі Қаржы агентіне жасалған Субсидиялау шарты бойынша субсидиялардың сомасын аудару үшін ағымдағы шотты ашады.
36. Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар Қаржы агентімен келісім бойынша Төлем агенті - Банкті айқындайды, онда Лизингтік компания субсидияларды аудару үшін шот ашады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
37. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі Сыйақы ставкасын субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қаржы агентіне тиісті қаржы жылында өздерінің арасында жасалатын Бағдарлама шеңберінде Субсидиялау және кепілдік беру туралы шартқа сәйкес қаражатты Қаржы агенті көрсеткен шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер Қаржы агентінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
38. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды Қаржы агенті Төлем агенті-Банкте ашылған Лизингтік компанияның шотына/Банктегі/Даму Банкіндегі ағымдағы шотқа Субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен жүзеге асырады. Бұл ретте қаражатты аударғаннан кейін Қаржы агенті Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне хабарлама жібереді. Хабарламада Лизингтік компанияның/Банктің атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүзеге асырылатын кезең көрсетіледі.
Төлем агенті-Банк/Банк/Даму Банкі Қаржы агентінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау сомаларын Лизингтік компанияның шотынан/Қаржы агентінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Төлем агенті-Банктің/Банктің/Даму Банкінің шоттардағы қаражаттан жалпы ағымдағы қалдықтарды есептен шығаруға құқығы жоқ.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
39. Кәсіпкер Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне Қаржы лизингі шартына орай өтеу кестесіне сәйкес сыйақының Субсидияланбайтын ставкасы бөлігінде сыйақы төлеуді жүргізеді.
40. Кәсіпкердің Қаржы лизингі шарты бойынша төлемдерді (негізгі борыш пен сыйақы ставкасының Субсидияланбайтын бөлігін) толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша Төлем агенті – Банк/Банк/Даму Банкі Лизингтік компанияның шотынан/Қаржы агентінің ағымдағы шотынан Кәсіпкердің лизингі бойынша сыйақы ставкасының Субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
40-1. Кәсіпкер субсидиялар сомасын дербес төлеген жағдайда, кейін Қаржы агенті қаражатты өтеген кезде Төлем агенті-Банк/Банк/Даму Банкі Қаржы агентінің хабарламасы негізінде субсидиялардың тиісті сомасын есептен шығаруды жүргізеді.
Ескерту. 5-бөлім 40-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
41. Төлем агенті – Банк/Банк/Даму Банкі Кәсіпкер берешекті өтегенге дейін сыйақы ставкасының Субсидияланатын бөлігін өтеу үшін Лизингтік компанияның шотынан/Қаржы агентінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және мынадай жағдайларда бұл туралы Қаржы агентін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хат арқылы хабардар етеді:
1) Кәсіпкердің лизинг бойынша төлемді уақытында өтемеуі, соның ішінде Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі алдындағы сыйақы ставкасының Субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша;
2) Кәсіпкердің қатарынан 2 (екі) және одан да көп рет Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі алдындағы лизингтік төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерін орындамауы.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
42. Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі ай сайын Қаржы агентіне Кәсіпкерлерді субсидиялау туралы есеп береді.
43. Қаржы агенті Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін сыйақы есебін және Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің төлеген қаражатын тексеруді жүзеге асырады.
43-1. Қаржы агенті Кәсіпкердің Қаржы лизингті шартының талаптарына, ӨҮК хаттамасына сәйкес оған Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі сыйақы ставкасының Субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышын өтеу бойынша жеңілдікті кезең берген Кәсіпкердің лизингі бойынша сыйақы ставкасының Субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыруға құқығы бар.
Бұл ретте, жеңілдікті кезең мерзімі ӨҮК шешімінде көрсетілуі тиіс.
Ескерту. 5-бөлім 43-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
44. Егер Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі қолданыстағы Қаржы лизингі шартының талаптарын өзгерткен жағдайда, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі тиісті хатпен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің хабардар етеді, ол 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде Қаржы агентін көрсетеді).
Бұл ретте, қаржыландыру талаптарына жүргізілген өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында нақты көрініс табуы тиіс
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру
тәртібі
45. Субсидиялауды тоқтату және қайта қалпына келтіру туралы шешімді ӨҮК Қаржы агентінің қолдаухаттары (хабарламалары) негізінде қабылдайды.
46. Мынадай фактілер белгілі болған жағдайда Қаржы агенті Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады, ал ӨҮК субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдайды:
1) Кәсіпкердің Субсидиялау жүзеге асырылатын Қаржы лизингі шарты бойынша лизинг нысанасын алмауы;
2) жобаның және/немесе Кәсіпкердің Бағдарлама талаптарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;
3) Кәсіпкер шоттарына тыйым салынуы және/немесе сот талқылауларының өтуі;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасын талап етуі;
5) Кәсіпкердің Қаржы лизингі шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі алдындағы лизингтік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) және одан көп рет орындамауы.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
47. Субсидиялар төлемдері тоқтатыла тұрған жағдайда, Қаржы агенті осындай шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Лизингтік компанияны/Банкті/Даму Банкін, Кәсіпкерді, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін субсидиялаудың тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
48. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агентінен Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, ӨҮК отырыстарын өткізілетін күнді, уақытты және өтетін орынды айқындайды, ол туралы барлық ӨҮК мүшелерін хабардар етеді.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
49. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
1) Қаржы агенті ұсынған ақпаратпен күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
2) Субсидиялауды тоқтату немесе қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, шешімде субсидиялауды тоқтатудың/қалпына келтірудің негіздемесі көрсетіледі.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
49-1. Кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болып табылған себептерді ӨҮК отырысына дейін жойған жағдайда ӨҮК субсидиялауды қалпына келтіру туралы оң шешім қабылдайды.
Ескерту. 6-бөлім 49-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
50. ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін оны 1 (бір) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, Қаржы агентіне мәлімет үшін жібереді.
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі ӨҮК хаттамасын Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне жібереді.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
51. Субсидиялауды тоқтата тұрудың мынадай жағдайларында лизинг бойынша Субсидиялауды қалпына келтіруге жол беріледі:
1) жобаның және/немесе Кәсіпкердің Бағдарлама талаптарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;
2) Бағдарламаға қатысушысының шоттарына тыйым салынуы және/немесе сот талқылауларының өтуі;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасын талап етуі;
4) Кәсіпкердің Қаржы лизингі шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі алдындағы лизингтік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) және одан көп рет орындамауы.
Кәсіпкер Субсидиялау жүзеге асырылатын лизинг нысанасын алмаған жағдайда Субсидиялауды қалпына келтіруге тыйым салынады.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
51-1. Кәсіпкерді Субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешім қабылданған жағдайда Қаржы агенті тиісті хатпен Субсидиялау төлемдерінің қалпына келтірілуі туралы Лизингтік компанияны/Банкті/Даму Банкін хабардар етеді.
Бір уақытта, ол тоқтата тұру кезеңінде төлемеген Субсидияларды төлеуді жүргізеді. Осы Қағидалардың 46-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Субсидиялауды тоқтата тұрған жағдайда, Кәсіпкер лизингтік төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді орындамау күнінен төлеуге жататын Субсидияларды төлеуді жүргізеді.
Ескерту. 6-бөлім 51-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
51-2. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде Қаржы агенті тиісті хатпен кәсіпкерге, Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне Субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарламаны жолдайды, онда Субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебін көрсетеді.
Кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы ӨҮК шешімі бар лизингтік мәмілелер қалпына келтіруге жатпайды.
Ескерту. 6-бөлім 51-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
51-3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
51-4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
51-5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
52. Мынадай жағдайларда субсидиялар төлеу тоқтатылады, ал Субсидиялау шарты бұзылды деп танылады:
Кәсіпкердің Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі алдындағы Қаржы лизингі шарты бойынша лизингін толық өтеуі. Кәсіпкердің Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне лизингтті толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады;
субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдау;
Кәсіпкердің Субсидиялау шартын бұзу туралы бастамасы бойынша.
53. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі қолданыстағы Қаржы лизингі шарты бойынша жаңа Субсидиялау шарты жасалғанға дейін Кәсіпкерге қаржыландырудың бұрын қолданылған шартын (оның ішінде сыйақы ставкасын, комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер мен өзге де шарттар) белгілеуге құқылы.
54. Кәсіпкер лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Қаржы агентін лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді.
Сонымен бір мезгілде, Кәсіпкердің лизингі бойынша негізгі борышы ішінара мерзімінен бұрын өтелген жағдайда Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Қаржы лизингі шартына қосымша келісім жасасқан кезде Қаржы агентіне төлемдерді өтеудің өзгертілген кестесімен бірге Субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, Қаржы лизингі шартына қосымша келісімнің көшірмесін жібереді.
54-1. Кәсіпкерге субсидиялау тоқтатылған, кәсіпкердің лизингі бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін Қаржы агентіне 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынады.
Бұл ретте, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі салыстыру актісінде субсидияларды нақты есептен шығару сомалары мен күндерін көрсетеді, ал Қаржы агенті субсидияларды аудару сомалары мен күндерін көрсетеді.
Ескерту. 6-бөлім 54-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
7. Бағдарламаның мониторингі
55. Бағдарламаны іске асыру мониторингін Қаржы агенті жүзеге асырады, оның функцияларына мыналар жатады:
1) Жобаны іске асыру мониторингі (Қаржы лизингі шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалану);
2) Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі ұсынған деректердің негізінде Кәсіпкердің субсидияланатын лизингінің төлем тәртібінің мониторингі;
3) жобаның және/немесе Кәсіпкердің Қағидалар талаптарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкестігі мониторингі.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
56. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін Қаржы агенті Кәсіпкерден және Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияны құрайтындарын сұратуға, Жобаны іске асыру мониторингін сол жерге барып жүзеге асыруға құқылы.
57. Мониторингтің тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысанын Қаржы агенті дербес белгілейді.
58. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 20 ақпанда
№ 357 қаулысымен
бекітілген
"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Кәсіпкерлердің
валюталық тәуекелін төмендету" үшінші бағыты шеңберінде Қаржы
лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау
қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету" үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес әзірленді және Лизингтік компаниялар/Банктер/Даму Банкі берілген Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (бұдан әрі – Кәсіпкер) қаржы лизингі шарттары бойынша Сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялаудың шарттары мен тетігін айқындайды.
2. Кәсіпкерлерге Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) іске асыру тетіктерінің бірі болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Субсидиялау Кәсіпкерлер Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
4. Уәкілетті орган, жергілікті атқарушы орган, Қаржы агенті және Лизингтік компаниялар/Банктер/Даму Банкі арасындағы өзара қарым-қатынастарды ретке келтіру үшін "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының үшінші бағытын іске асыру шеңберінде Ынтымақтастық туралы келісім жасалады.
5. Қаржы агентінің қызметтеріне Уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен төлейді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
6. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агентіне «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде өздерінің арасында жасалатын Субсидиялау және кепілдендіру шартының негізінде жергілікті бюджетке бағытталған нысаналы трансферт есебінен аударады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
2. Терминдер мен анықтамалар
Ескерту. 2-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498; 31.12.2013 N 1596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Банк |
Ынтымақтастық туралы келісімді жасасқан екінші деңгейдегі банк; |
Даму Банкі |
Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және/немесе оның аффилиирленген Лизингтік компаниясы |
Банк – Төлем агенті |
Қаржы агентімен келісілуі және жобалар бойынша Субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған Лизингтік компанияның арнайы шотын жүргізу функцияларын жүзеге асыруы тиіс Лизингтік компанияның уәкілетті банкі; |
ҮИИДМБ |
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; |
Мемлекеттік даму институттары |
экономиканың әр түрлі секторларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар; |
Субсидиялау шарты |
Қаржы агенті, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі және Кәсіпкер арасында жасалатын үш жақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша Кәсіпкердің Лизингтік компаниямен/Банкпен/Даму Банкімен жасаған қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы ставкасын ішінара субсидиялайды; |
Қаржы лизингінің шарты |
Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі және Кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Кәсіпкерге қаржылық лизинг ұсынады; |
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі |
облыстық/астана, республикалық маңызы бар қала деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі; |
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі |
қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі; |
Лизингтік компания |
Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан лизингтік компания; |
Лизингтік мәміле |
азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнатуға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған лизингке қатысушылардың келісілген іс-қимылдарының жиынтығы; |
Кәсіпкер |
жеке кәсіпкерлік субъектісі; |
Жоба |
Кәсіпкер бизнестің әр түрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы; |
Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) |
жергілікті атқарушы органдар, Лизингтік компаниялар/Банктер/Даму Банкі, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері басқаратын консультативтік-кеңесші орган; |
Тұрақтандырушы немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалар |
дағдарысқа қарсы бағдарламалар мен іс-шараларды орындау шеңберінде іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар; |
Субсидиялау |
Кәсіпкердің Лизингтік компанияларға /Банктерге/Даму Банкіне Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ретінде, болашақта Кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбасқа төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын Кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны; |
Субсидиялар |
өтеусіз және қайтарымсыз негізде Қаржы агенті Субсидиялау шарттарының негізінде Кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде Лизингтік компанияларға/Банктерге/Даму Банкіне төлейтін кезеңді төлемдер; |
Уәкілетті орган |
"Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі" мемлекеттік мекемесі; |
Жұмыс органы |
"Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті" мемлекеттік мекемесі; |
Қаржы агенті |
Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін тартылатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы; |
Қаржы лизингі |
лизингті беруші сатушыдан меншікке сатып алған және лизинг шартымен негізделген лизинг нысанын белгілі бір ақыға және белгілі бір шарттарда кәсіпкерлік мақсаттар үшін кем дегенде үш жыл мерзімге уақытша иелену және пайдалану үшін лизингті алушыға беруге міндеттенетін инвестициялық қызмет түрі. |
3. Субсидияларды беру шарттары
8. Мынадай:
1) акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін Жобаларды іске асыру үшін жасалған;
2) Даму Банкінен басқа, Мемлекеттік даму институттары тікелей лизинг берушісі болып табылатын;
3) өз қызметін тау-кен өнеркәсібінде жүзеге асыратын кәсіпкерлердің;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінде жұмыс істейтін кәсіпкерлердің;
5) сыйақы ставкасы бюджеттік қаражат есебінен арзандатылған қаржы лизингі шарттары субсидиялауға жатпайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
9. Кәсіпкерлерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетіле алады.
Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе қайта қаржыландыруға берілетін Қаржы лизингінің шарттары бойынша Субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
10. Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптамасына (бұдан әрі – ЭҚЖС) сәйкес экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін Кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары бола алады.
11. Тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде Лизингтік компаниялар/Банктер/Даму Банкі арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын Кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары болып табыла алады.
12. Лизингтің мынандай нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг.
13. Субсидиялау қайтарылатын лизинг, қайталама лизинг немесе сублизинг Шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.
14. Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылып жатқан Қаржы лизингі шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспайды және онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың Қаржы лизингі шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
750 млн. теңгеден 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қолданыстағыларға қатысты кемінде 10 % жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.
Бұл ретте, жаңа құрылған жұмыс орындарының 50 %-ын халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жастар үшін құру ұсынылады.
Кредиттер сомасы 1,5 млрд. теңгеден асатын жобалар бойынша индустрияландыру картасына енгізілген жобалар сыйақы ставкасын субсидиялауға жатады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
15. Қаржы лизингі шарттары бойынша субсидиялау мерзімі 10 (он) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейінгі мерзімді құрайды. Бір жоба бойынша бірнеше Субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенті бірінші Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі Қаржы агенті қайта қаржыландыру жүзеге асырылған Лизингтік компанияда/кредитор Банкте бірінші Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
3 (үш) жыл өткеннен кейін Субсидиялау шартының қолдану мерзімін ұзарту ӨҮК мақұлдаған сәтте республикалық бюджеттен субсидиялауға арналған қаражат болған кезде ғана Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі хатының негізінде ӨҮК шешімімен мақұлданады. Хатқа кәсіпкерді субсидиялау мерзімін ұзарту туралы Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің шешімі қоса беріледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
16. Субсидиялау сыйақының номиналды ставкасы жылдық 14 %-дан аспайтын Лизингтік компаниялардың/Банктің/Даму Банкінің Қаржы лизингі шарттары бойынша жүзеге асырылады, оның 7 %-ын Кәсіпкер төлейді, ал айырмасын - мемлекет өтейді. Бұл ретте, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі:
1) Кәсіпкер бастамашы болатын Қаржы лизингі шарттарының өзгеруіне байланысты;
2) лизинг нысанының, лизинг нысанын сақтандырудың, кепілдік шартын тіркеудің және ауыртпалықты алуды тәуелсіз бағалауды жүргізуге байланысты;
3) Қаржы лизингі шартының орындалуына байланысты (кедендік тазалау, арнайы органдардың лизинг нысанын тіркеу қызметтері, банктер қызметтері және т.б. сияқты тараптық ұйымдардың қызметтерін өтеу);
4) Кәсіпкердің Қаржы лизингі шарты бойынша міндеттемелерді бұзу салдарынан алынатын комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, Қаржы лизингі шарт жасауға байланысты ешқандай комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
17. Егер Лизингтік компаниялардың/Банктердің/Даму Банкінің Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақылар жылдық 14 %-дан төмен болса, онда 7 %-ын Кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет өтейді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
18. Қолданыстағы Лизингтік компаниялар/Банктерді/Даму Банкінің Қаржы лизингі шарттарын субсидиялау егер қаржыландыру теңгемен жылдық 16 %-дан асатын номиналды сыйақы ставкасы бойынша жүзеге асырылса, Лизингтік компания/Банк /Даму Банкі номиналды сыйақын ставкасын жылдық 14 %-ға дейін төмендеткен жағдайда ғана жүзеге асырылады.
19. Қаржы лизингі шартының талаптарына сәйкес Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін төлеу бойынша жеңілдікті кезеңді ұсынған болса, Қаржы агенті Қаржы лизингі шарты бойынша сыйақының субсидияланатын ставкасы бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыруға құқылы.
4. Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара
іс-қимыл тәртібі
20. Кәсіпкер Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне осы Қағидаларда белгіленген шарттарда сыйақының номиналды ставкасын төмендетуге арналған өтінішпен (Ынтымақтастық туралы келісімде көзделген нысан бойынша) жүгінеді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
21. Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және лизинг бойынша сыйақы ставкасын азайту туралы оң шешім болған жағдайда, Кәсіпкерге Қаржы лизингі шартын жасасуға дайын екендігі туралы жазбаша жауап жібереді.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
22. Оң шешім алған кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен (Ынтымақтастық туралы келісімде көзделген нысан бойынша) жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1) кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
2) лицензия – егер қызмет түрі лицензияланатын болса (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
3) жарғы, кұрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай құжаты талап етілмейді). Акционерлік қоғам қосымша акциялар шығару проспектісін және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен үзінді (тіркеушінің мөрімен/қолымен расталған) ұсынады;
4) жүгінген күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген салық комитетінен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
5) экспорт режимінде тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгісі бар жүк кеден декларациясы;
6) Қазақстан Республикасының кеден аумағында өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарды сүйемелдеу құжаттары;
7) тауарлар/өнім өндірудің жалпы көлемін растаушы құжаттар, оның ішінде соңғы есепті кезең ішінде статистика органдарына ұсынылған құжаттар;
8) Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің Қаржы лизингі шартын жасау мүмкіндігі/Кәсіпкердің Қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы ставкаларын төмендету туралы оң шешімі бар хаты.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
23. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі Кәсіпкерден өтініш-сауалнама мен құжаттарды алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) өтініш-сауалнамамен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың
толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі үш күндік мерзімде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін Кәсіпкерге қайтарады;
2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін Кәсіпкердің
жобасын жіберуді құжаттардың толық топтамасын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
23-1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі құжаттарды алғаннан кейін:
1) құжаттардың толықтығын тексереді;
2) кәсіпкердің жобасын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
3) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
4) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және өтетін орындарды айқындайды, бұл жөнінде ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында - кәсіпкерге) құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін қайтарады. Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің жобасын ӨҮК кезекті отырысына шығарады.
ӨҮК отырысы жобалардың қалыптастырылуына қарай, бірақ айына 2 реттен сиретпей өткізіледі.
Ескерту. 4-бөлім 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
23-2. ӨҮК тиісті жылы субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана жобаларды қарайды.
Ескерту. 4-бөлім 23-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
24. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) Кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың Бағдарламаның және жергілікті даму бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкестігін тексереді;
2) ӨҮК мүшелерінің арасында Кәсіпкердің жобасы мен қоса берілген құжаттарды, оның ішінде Кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, Мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын пайдалануы туралы өтініш-сауалнамасында көрсетілген ақпаратты қарайды және талқылайды;
3) Кәсіпкердің жобасын қарау барысында қажет жағдайда ӨҮК Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму банкінен жобаны толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады, бұл жағдайда Кәсіпкердің құжаттары Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісіне пысықтауға қайтарылады және ӨҮК-нің кезекті отырысында қайта қарауға жатады;
4) кәсіпкердің жобасын қараған кезде ӨҮК қажет жағдайда Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады, бұл жағдайда кәсіпкердің құжаттары Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне пысықтау үшін қайтарылады және ӨҮК кезекті отырысында қайта қарауға жатады.
Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
25. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері ӨҮК хаттамасына/хаттамадан үзіндіге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының/хаттама үзіндісінің көшірмесін Лизингтік компанияға/тиісті Банкке/Даму Банкіне, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне және Қаржы агентіне жібереді.
ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі ӨҮК шешімі шыққан күннен бастап 6 ай.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Субсидиялау тетігі
26. Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және Субсидиялау туралы оң шешім болған кезде, Қаржы агенті, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі және Кәсіпкер арасында Субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес Кәсіпкер Лизингтік компания/Банкке/Даму Банкіне Қаржы лизингі шартының өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлеменің субсидияланбайтын бөлігін төлейді, ал Қаржы агенті Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне Субсидиялау шартын талаптарына сәйкес сыйақы ставкасын төлеуді жүзеге асырады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
27. Лизингтік компания/Банк/Даму банкі қолданыстағы лизинг бойынша Субсидиялау шартына қол қойылған сәтке дейін Қаржы лизингі шартында көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерін Кәсіпкер орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды:
1) Кәсіпкер бастама жасаған Қаржы лизингі шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;
2) Кәсіпкердің лизинг бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша өндіріліп алынатындарды қоспағанда, Кәсіпкер үшін лизингке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алмауға және белгілемеуге міндеттемелер қабылдайды.
Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
28. Субсидиялау шартын Қағидаларда белгіленген нысанға сәйкес:
1) Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі:
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде;
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен ерекше жағдайларға ие жобалар бойынша хаттаманы алған кезден бастап 20 жұмыс күні ішінде жасайды;
2) Қаржы агенті:
Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен үлгі жобалар бойынша Субсидиялау шартын алған кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде;
Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жасайды.
Егер Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі осы Қағидалардың 28-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде Субсидиялау шартын уақтылы жасамаған жағдайда, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Қаржы агенті мен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
29. Субсидиялау шарты оған Кәсіпкер, Банк/Даму Банкі және Қаржы агенті қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы Субсидиялау шартында Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қойған күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін белгіленуі мүмкін.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
29-1. Егер Банктік қарыз шартының және/немесе Субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте, Қаржы агенті Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, Банк/Даму Банкін және кәсіпкерді хабардар етеді.
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі ескертулерді жойған жағдайда, Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қояды.
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі Қаржы агентінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі түпкілікті шешім қабылдау үшін ӨҮК-ке шығаратын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне құжаттар топтамасын жібереді.
Ескерту. 5-бөлім 29-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
30. Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеу күнін Лизингтік компания/Банк/Даму банкі және Кәсіпкер дербес айқындайды. Егер лизинг бойынша сыйақыны есептеу күні Лизингтік компания/Банк/Даму банкі және Кәсіпкер Субсидиялау шартына қол қойған күннен кейінгі күні басталса, субсидиялау кезеңіне Лизингтік компания/Банк/Даму банкі және Кәсіпкер Субсидиялау шартына қол қойған күн кірмейді.
31. Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар Бағдарламаның тиісті өңірлік үйлестірушісінен қаражат болған кезде төленеді.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
32. Субсидиялау шартының жасалған шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін Банк Қаржы агентіне ағымдағы шотты ашады.
33. Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар Қаржы агентімен келісім бойынша Төлем агенті - Банкті айқындайды, онда Лизингтік компания субсидияларды аудару үшін шот ашады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
34. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі сыйақы ставкаларын субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қаржы агентіне олардың арасында тиісті қаржы жылында жасалатын Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдендіру туралы шартқа сәйкес Қаржы агенті көрсеткен шотқа қаражатты аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер Қаржы агентінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
35. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды Қаржы агенті Төлем агенті-Банкте ашылған Лизингтік компанияның шотына/Банктегі/Даму Банкіндегі ағымдағы шотқа Субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен жүзеге асырады. Бұл ретте қаражатты аударғаннан кейін Қаржы агенті Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне хабарлама жібереді. Хабарламада Лизингтік компанияның/Банктің атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүзеге асырылатын кезең көрсетіледі.
Төлем агенті - Банк/Банк/Даму Банкі Қаржы агентінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау сомаларын Лизингтік компанияның шотынан/Қаржы агентінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Төлем агенті-Банктің/Банктің/Даму Банкінің шоттардағы қаражаттан жалпы ағымдағы қалдықтарды есептен шығаруға құқығы жоқ.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
36. Кәсіпкер Қаржы лизингі шарты негізінде өтеу кестесіне сәйкес субсидияланбайтын сыйақы ставкасы бөлігінде Лизингтік компанияға/Банкке/Даму банкіне сыйақы төлемін жүргізеді.
37. Кәсіпкердің Қаржы лизингі шарты бойынша төлемдерді (негізгі борыш пен сыйақы ставкасының Субсидияланбайтын бөлігін) толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша Банк – Төлем агенті/Банк/Даму Банкі Лизингтік компанияның шотынан/Қаржы агентінің ағымдағы шотынан Кәсіпкердің лизингі бойынша сыйақы ставкасының Субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
38. Төлем агенті – Банк/Банк/Даму Банкі Кәсіпкер берешекті өтегенге дейін сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу үшін Лизингтік компанияның шотынан/Қаржы агентінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және мынадай:
1) Кәсіпкер лизинг бойынша төлемді уақытында өтемеген, соның ішінде Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі алдындағы сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша;
2) Кәсіпкердің қатарынан 2 (екі) және одан да көп рет Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі алдындағы лизингтік төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерін орындамауы.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
39. Лизингтік компания/Банк/Даму банкі ай сайын Қаржы агентіне Кәсіпкерлерді субсидиялау туралы есеп береді.
40. Қаржы агенті Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму банкінен субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін, Лизингтік компанияға/Банкке/Даму банкіне төленген қаражат пен сыйақы есептеулерін тексеруді жүзеге асырады.
40-1. Қаржы агенті Кәсіпкердің Қаржы лизингті шартының талаптарына, ӨҮК шешіміне сәйкес оған Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі сыйақы ставкасының Субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышын өтеу бойынша жеңілдікті кезең берген Кәсіпкердің лизингі бойынша сыйақы ставкасының Субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыруға құқығы бар.
Бұл ретте, жеңілдікті кезең мерзімі ӨҮК шешімінде көрсетілуі тиіс.
Ескерту. 5-бөлім 40-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
41. Егер Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі қолданыстағы Банктік қарыз шартының талаптарын өзгерткен жағдайда, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін тиісті хатпен хабардар етеді, ол 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және хатпен қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде Қаржы агентін көрсетеді).
Бұл ретте қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді (келісуден бас тартуды) келісу хатында нақты көрсетуі қажет.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына
келтіру тәртібі
42. Субсидиялауды тоқтату және қалпына келтіру туралы шешімді Қаржы агентінің қолдаухаттары (хабарламалары) негізінде ӨҮК қабылдайды.
43. Мынадай фактілер белгілі болған жағдайда Қаржы агенті Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады, ал ӨҮК субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдайды:
1) Кәсіпкердің Субсидиялау жүзеге асырылатын Қаржы лизингі шарты бойынша лизинг нысанасын алмауы;
2) жобаның және/немесе Кәсіпкердің Бағдарлама талаптарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі, соның ішінде тиісті кезеңде валюталық түсімнің болмауы;
3) Кәсіпкер шоттарына тыйым салынуы және/немесе сот талқылауларының өтуі;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасын талап етуі;
5) Кәсіпкердің Қаржы лизингі шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі алдындағы лизингтік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) және одан көп рет орындамауы.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
44. Субсидиялар төлемдері тоқтатыла тұрған жағдайда, Қаржы агенті осындай шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Лизингтік компанияны/Банкті/Даму Банкін, Кәсіпкерді, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін субсидиялаудың тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
45. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агентінен кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін ұсыныстар әзірлейді және күн тәртібін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және өтетін орынды айқындайды, ол туралы барлық ӨҮК мүшелерін хабардар етеді.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
46. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
1) Қаржы агенті ұсынған ақпаратпен күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
2) Субсидиялауды тоқтату немесе қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, шешімде Субсидиялауды тоқтатудың/қалпына келтірудің негіздемесі көрсетіледі.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
46-1. Кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болып табылған себептерді ӨҮК отырысына дейін жойған жағдайда ӨҮК субсидиялауды қалпына келтіру туралы оң шешім қабылдайды.
Ескерту. 6-бөлім 46-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
47. ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткізілген күннен
бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Бағдарламаның өңірлік
үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне және Қаржы агентіне мәлімет үшін жібереді.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
48. Субсидиялауды тоқтата тұрудың мынадай жағдайларында Лизинг бойынша Субсидиялауды қалпына келтіруге жол беріледі:
1) жобаның және/немесе Кәсіпкердің Бағдарлама талаптарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;
2) Бағдарлама қатысушысының шоттарына тыйым салынуы және/немесе сот талқылауларының өтуі;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Кәсіпкерден лизинг нысанасын талап етуі;
4) Кәсіпкердің Қаржы лизингі шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі алдындағы лизингтік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) және одан көп рет орындамауы;
5) тиісті кезеңде валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттардың болмауы.
Кәсіпкер Субсидиялау жүзеге асырылатын лизинг нысанасын алмаған жағдайда Субсидиялауды қалпына келтіруге тыйым салынады.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
48-1. Кәсіпкерді Субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешім қабылдаған жағдайда Қаржы агенті тиісті хатпен Субсидиялау төлемдерінің қалпына келуі туралы Лизингтік компанияны/Банкті/Даму Банкін және Кәсіпкерді хабардар етеді.
Бір уақытта, ол тоқтата тұру кезеңінде төлемеген Субсидияларды төлеуді жүргізеді. Осы Қағидалардың 43-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша Субсидиялауды тоқтата тұрған жағдайда, Кәсіпкер лизингтік төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді орындамау күнінен төлеуге жататын Субсидияларды төлеуді жүргізеді.
Ескерту. 6-бөлім 48-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
48-2. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде Қаржы агенті тиісті хатпен кәсіпкерге, Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне Субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарламаны жолдайды, онда Субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебін көрсетеді.
Кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы ӨҮК шешімі бар лизингтік мәмілелер қалпына келтіруге жатпайды.
Ескерту. 6-бөлім 48-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
48-3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
48-4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
48-5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
49. Мынадай жағдайларда Субсидиялар төлемақылары тоқтатылған, ал Субсидиялау шарты бұзылған деп танылады:
1) Кәсіпкер Лизингтік компания/Банк/Даму банкі алдындағы Қаржы лизингі шарты бойынша лизингті толығымен өтеген жағдайда. Кәсіпкердің Лизингтік компанияның/Банктің/Даму банкінің лизингін толық өтеген күні Субсидиялау тоқтатылған күн болып есептеледі;
2) Субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданғанда;
3) Кәсіпкердің Субсидиялау шартын бұзу туралы бастамасы бойынша.
50. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда Лизингтік компания/Банк/Даму банкі қолданыстағы Қаржы лизингі шарты бойынша Кәсіпкерге жаңа Субсидиялау шартын жасағанға дейін бұрын қолданылған қаржыландыру шарттарын (оның ішінде сыйақы ставкасы, комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер және басқа да шарттар) белгілеуге құқылы.
51. Кәсіпкер лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын жойған жағдайда, Лизингтік компания/Банк/Даму банкі Қаржы агентін лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын жою фактісі туралы хабардар етеді.
Бір уақытта, Кәсіпкер лизинг бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын жойған жағдайда және Лизингтік компания/Банк/Даму банкі Қаржы лизингі шартына қосымша келісім жасаған кезде, Қаржы агентіне төлемдерді жою кестесін өзгертумен, Субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімнің қосымшасымен, Қаржы лизингі шартына қосымша келісімнің көшірмесін жібереді.
51-1. Кәсіпкерге субсидиялау тоқтатылған, кәсіпкердің лизингі бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін Қаржы агентіне 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынады.
Бұл ретте, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі салыстыру актісінде субсидияларды нақты есептен шығару сомалары мен күндерін көрсетеді, ал Қаржы агенті субсидияларды аудару сомалары мен күндерін көрсетеді.
Ескерту. 6-бөлім 51-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1596 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
7. Бағдарлама мониторингі
52. Бағдарламаны іске асыру мониторингін Қаржы агенті жүзеге асырады, оның функцияларына мыналар жатады:
1) Жобаны іске асыру мониторингі (Қаржы лизингі шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалану);
2) Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі ұсынған деректердің негізінде Кәсіпкердің субсидияланатын лизингінің төлем тәртібінің мониторингі;
3) жобаның және/немесе Кәсіпкердің Қағидалар талаптарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкестігі, соның ішінде тиісті кезеңде валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болу мониторингі.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
53. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін Қаржы агенті Кәсіпкерден және Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму банкінен барлық қажетті, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияларды қамтитын құжаттар мен ақпаратты сұратуға, Жобаның іске асырылып жатқан орнына барып іске асырылуына мониторинг жүргізуге құқылы.
53-1. Кәсіпкер тиісті қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары бойынша - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) тиісті кезеңде валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттарды ұсынады.
Егер Кәсіпкер жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін тиісті кезеңде валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі тиісті хатпен Қаржы агентін жобаны субсидиялауды тоқтата тұру қажеттілігі туралы хабардар етеді және осы мәселені ӨҮК-ге шығарады.
Одан кейінгі іс-қимылдар осы Қағидалардың 6-бөлімінде белгіленген рәсімге және тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 6-бөлім 53-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 № 279 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
54. Мониторинг тәртібі мен мерзімін, есептілік нысандарын Қаржы агенті дербес белгілейді.
55. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 N 498 қаулысымен.
"Бизнестің жол картасы 2020"
бағдарламасының бірінші және
үшінші бағыттары шеңберінде
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
Қаржы лизингі шарттары бойынша
сыйақы ставкаларын субсидиялау
қағидаларына 1-қосымша
"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының бірінші және
үшінші бағыттарын іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілеріне Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы
ставкаларын субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы
үлгі келісім
Осы "Бизнестің жол картасы 2020" Бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақыны субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы үлгі келісім (бұдан әрі – Келісім) бірлесіп "Тараптар", әрқайсысы жекелей "Тарап" деп аталатын Уәкілетті орган, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Қаржы агенті, жергілікті атқарушы орган арасында жасалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 201_ жылғы _______ № ___ қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" Бағдарламасының "Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау" бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидаларын және "Бизнестің жол картасы 2020" Бағдарламасының "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидаларын (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) іске асыру үшін "Тараптар" төмендегілер туралы уағдаласты:
1. Терминдер мен қысқартулар
Банк Банк – Төлем агенті |
Келісім жасасқан екінші деңгейдегі банк; |
Субсидиялау шарты (СШ) |
Қаржы агенті, ЖКС/Экспорттаушы, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі арасында жасалатын үш жақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша Қаржы агенті Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне берген ЖКС/Экспорттаушының Лизингі бойынша сыйақы ставкасын ішінара субсидиялайды; |
Қаржы лизингі шарты (ҚЛШ) |
шарттары бойынша Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі ЖКС/Экспорттаушыға қаржы лизингін беретін Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі мен ЖКС/Экспорттаушы арасында жасалған жазбаша келісім; |
Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі |
ЖКС/Экспорттаушы үшін "жалғыз терезе" қағидаты бойынша облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің шешімімен айқындалатын жергілікті жерде Бағдарламаны іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі; |
Жоба |
ЖКС/Экспорттаушы бизнестің әр түрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы; |
Субсидиялау |
ЖКС/Экспорттаушының Лизингтік компанияларға /Банктерге/Даму Банкіне Қаржы лизингі шарттары бойынша ЖКС/Экспорттаушының операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбасқа төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын ЖКС-ті мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны; |
Субсидиялар |
өтеусіз және қайтарымсыз негізде Қаржы агенті Субсидиялау шарттарының негізінде ЖКС/Экспорттаушыны субсидиялау шеңберінде Лизингтік компанияларға/Банктерге/Даму Банкіне төлейтін кезеңді төлемдер; |
Тұрақтандырушы немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалар |
Дағдарысқа қаржы бағдарламалар мен іс-шараларды орындау шеңберінде іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар; |
2. Келісімнің мәні
1. Уәкілетті орган Жоспарды іске асыру мақсатында өңір халқының санына тең есептелетін әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшін бірінші және үшінші бағыттар бойынша жалпы қаржыландыру лимитін айқындайды.
2. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттары бойынша мемлекеттік қолдау нысандары бойынша жалпы қаржыландыру лимитін бөледі.
3. Осы Келісімге сәйкес Қаржы агенті Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен алынған және ӨҮК бекіткен ЖКС/Экспорттаушының Лизингі бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асырады.
3. Субсидиялау шарттары
Бағдарламаға қатысушылар: |
ЖКС немесе Экспорттаушылар; |
ЖКС/Экспорттаушының субсидиялауға жататын Лизингтері: |
инвестициялық Жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған Жобаларды іске асыру үшін берілетін, сыйақысының номиналды ставкасы жылдық 14%-дан (он төрт пайыздан) аспайтын және осындай мақсаттар үшін 2010 жылғы 1 қаңтардан кейін берілген қолданыстағы Лизингтер |
ЖКС/Экспорттаушының субсидиялауға жатпайтын Лизингтері: |
Акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін Жобаларға берілген лизингтер; |
Субсидиялау мөлшері: |
тиімді сыйақы ставкасы 14%-дан аспайтын, оның 7%-ын Қаржы агенті төлейтін Лизинг бойынша. Егер кредит(тер) бойынша тиімді сыйақы ставкасы жылдық 14%-дан төмен болса, онда 7%-н мемлекет өтейді, ал айырмашылығын ЖКС/Экспорттаушы төлейді; |
Субсидиялауға жататын Лизинг сомасы: |
ЖКС/Экспорттаушының әрбір жеке Жобасы бойынша 4,5 млрд. Теңгеден аспайды. Бұл ретте Лизингтің(тердің) сомасы олармен аффилиирленген тұлғалардың/компаниялардың Лизингі (тері) бойынша берешекті есепке алмағанда, ЖКС-Экспорттаушының әрбір жобасына жеке-жеке есептеледі. Егер Кәсіпкердің жекелеген Жобасына берілген Қаржы лизингі шарттары бойынша қалдықтың жалпы сомасы 4,5 млрд. теңгеден асса, Кәсіпкер бір Жоба бойынша Субсидиялау нысанында 4,5 млрд. теңге шегінде мемлекеттік қолдау алуға құқығы бар; |
Субсидиялау мерзімі: |
Кейіннен 5 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейін; |
Бағдарламаға қатысу үшін ЖКС/Экспорттаушыға қойылатын міндетті талаптар: |
өтініш жасаған кезде салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің болмауы; |
Субсидиялауды тоқтату негіздері: |
Қаржы лизингі шарты бойынша ЖКС/Экспорттаушының Лизингін толығымен өтеу. ЖКС/Экспорттаушының Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің Лизингін толығымен өтеген күні Субсидиялаудың тоқтатылған күні деп есептеледі; |
4. Тараптардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
1. Тараптардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі мынадай:
1.1. ЖКС/Экспорттаушы Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне:
1) жаңа Қаржы лизингі шарты бойынша Бағдарламаға сәйкес келетін шарттарда лизинг беру беруге арналған өтінішпен (Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойынша);
2) қолданыстағы Қаржы лизингі шарты бойынша Лизингтік компанияны/Банкті/Даму Банкін субсидия алу ниеті туралы хабардар ететін өтінішпен (осы Келісімге № 1 қосымшада көзделген нысан бойынша) және лизинг бойынша номиналдық сыйақы ставкасын осы Келісімде белгіленген мөлшерге дейін төмендету туралы қолдаухатпен жүгінеді.
1.2. Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі ЖКС/Экспорттаушының өтінішін қарайды:
1) жаңа Қаржы лизингі шарты бойынша Жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен бағалау жүргізеді, осыдан кейін ЖКС/Экспорттаушы ұсынатын хатта көрсетілетін Бағдарламаға қатысуға ЖКС/Экспорттаушыға мүмкіндік беретін шарттарда Қаржы лизингі шартын жасасу мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім шығарады;
2) қолданыстағы Қаржы лизингі шарты бойынша тиімді сыйақы ставкасын осы Келісімде белгіленген мөлшерге дейін төмендету мүмкіндігі мәселесін қарайды. Қабылданған шешімді Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі ЖКС/Экспорттаушыға жауап хатында көрсетеді.
1.3. ЖКС/Экспорттаушыға Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда Қаржы лизингі шартын жасасу немесе Лизинг бойынша сыйақы ставкасын төмендету мүмкіндігі туралы оң қорытындысы бар Лизингтік компания/Банк мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Келісімге № 2 қосымшада белгіленген нысан бойынша ЖКС/Экспорттаушының өтініш-анкетасымен бірге жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісіне жүгінеді:
№ |
Құжаттың атауы |
1. |
ЖКС/Экспорттаушыны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (ЖКС/Экспорттаушының мөрімен/қолымен расталған көшірмесі). |
2. |
Лицензия – егер қызмет түрі лицензияланатын болса (ЖКС/Экспорттаушының мөрімен/қолымен расталған көшірмесі). |
3. |
Жарғы, кұрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғамдар қосымша акциялар эмиссиясының проспектісін және акционерлер тізілімінен үзіндіні (ЖКС/Экспорттаушының мөрімен/қолымен расталған көшірмесі) ұсынады. |
4. |
ЖКС/Экспорттаушының соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының көшірмесімен қоса, қаржы есептері және/немесе WEB-сайттарға орналастырылған дебиторлық және кредиторлық берешегі (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және тауарлар мен қызметтердің атауы) таратып жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат (ЖКС/Экспорттаушының мөрімен/қолымен расталған көшірмесі). |
5. |
Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің Бағдарламаға қатысуына мүмкіндік беретін шарттарда ЖКС/Экспорттаушының Қаржы лизингі шартын жасау немесе Лизинг бойынша сыйақы ставкасын төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты. |
2. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен өтініш-анкетаны алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) өтінішпен бірге берілетін міндетті құжаттардың толықтығын тексеру құжаттар пакеті толық тапсырылмаса не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар тапсырылған жағдайда, Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі тапсырылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, тапсырылған құжаттарды пысықтау үшін Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне қайтарып беруге құқылы;
2) ЖКС/Экспорттаушының жобасын алдын ала қарау және Жоба бойынша ӨҮК үшін ұсынымдар әзірлеу;
3) Кәсіпкер жобасын толық құжаттар пакетін алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ӨҮК-ге қарауға жіберу.
3. Өткізілетін отырыстар шеңберінде ӨҮК:
1) ЖКС-Экспорттаушының және ол іске асыратын жобалардың Бағдарламаның шарттарына сәйкестігін тексеруді;
2) ЖКС/Экспорттаушы жобасы мен қоса берілетін құжаттарды қарауды және ӨҮК мүшелерінің арасында талқылауды;
3) ЖКС/Экспорттаушы жобасын қарау кезінде ӨҮК Жобаны барынша толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен сұрауға құқылы. Бұл жағдайда ЖКС/Экспорттаушының құжаттары жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісіне пысықтауға қайтарылады және ӨҮК-нің кезекті отырысында қайта қарауға жатады;
4) талқылау нәтижелері бойынша ЖКС/Экспорттаушыны Субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Келісімге № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, бұл ретте, хаттамада ЖКС/Экспорттаушының Бағдарламаға қатысудан бас тарту себептері міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
4. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі хаттамаға ӨҮК мүшелері қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманы Лизингтік компанияға/Банкке/Даму банкіне жібереді (бұл ретте көшірмеде Қаржы агенті көрсетіледі).
5. Субсидиялау тәртібі
1. Лизингтік компания/Банк Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және Субсидиялау туралы оң шешім болған кезде Қаржы агенті, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі арасында Субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес Қаржы агенті Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне Қаржы лизингі шартына өтеу кестесіне сәйкес және Субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы ставкасын төлеуді жүзеге асырады.
2. Бұл ретте, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Субсидиялау шартына қол қойылған сәтке дейін ЖКС/Экспорттаушының Қаржы лизингі шартына көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға міндетті, ал жаңа Лизингтер бойынша Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі ЖКС/Экспорттаушы үшін Лизингке байланысты комиссияларды алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алмауға және белгілемеуге міндеттемелер қабылдайды, мыналарды қоспағанда:
1) Кәсіпкер бастама жасайтын Қаржы лизингі шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;
2) лизинг нысанын тәуелсіз бағалаудан өткізуге, лизинг нысанын сақтандыруға,кепілдік шартын тіркеуге және ауыртпалықты алуға байланысты;
3) Қаржы лизингі шартының орындалуына байланысты (кедендік тазалау, арнайы органдардың лизинг нысанын тіркеу қызметтері,банктер қызметтері және т.б. сияқты өзге де ұйымдар қызметтерінің орнын толтыру);
4) Кәсіпкердің Қаржы лизингі шарты бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша өндіріп алынатын.
3. Субсидиялау шарты Қағидаларда белгіленген нысанға сәйкес жасалады:
1) Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі:
Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісінен үлгі жобалар бойынша хат алғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде;
Жергілікті деңгейдегі бағдарлама үйлестірушісінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша хат алған сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде;
2) Қаржы агенті:
үлгі жобалар бойынша Лизингтік компаниядан/Банктен Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде;
айрықша шарттары бар жобалар бойынша Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жасайды.
4. Субсидиялау шарты Бағдарлама талаптары және ӨҮК шешіміне сәйкес бекітілген нысанда оған Қаржы агенті қол қойған күнге тәуелсіз ЖКС/Экспорттаушы, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте, Субсидиялау шартының күшіне енетін күні Қаржы агенті тарапынан түзетілуге жатпайды.
Егер Қаржы лизингі шартының және/немесе Субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Қаржы агенті бағдарламасының талаптарына сәйкес келмесе қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенті Бағдарлама Үйлестірушісін, Лизингтік компанияны/ Банкті/Даму Банкін және Кәсіпкерді хабардар етеді.
Бағдарламаның үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі ескертулерді жойған жағдайда Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қояды.
Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі Қаржы агентінің ескертулерімен келіспеген жағдайда Бағдарламаның Үйлестіруші Қаржы агенті хатының көшірмесін Жұмыс органына келісуге жібереді.
Жұмыс орнын қарау нәтижелері бойынша Кәсіпкерді Субсидиялау немесе Субсидиялаудан бас тарту туралы шешімді келіседі. Келісу нәтижелерін тиісті хатпен Жергілікті деңгейдегі қаржы агентіне жіберді (бұл ретте көшірмеде Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісін, Банкті/Даму Банкін және Кәсіпкерді көрсетеді).
5. Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеу күнін Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі және ЖКС дербес айқындайды. Егер лизинг бойынша сыйақыны есептеу Лизингтік компания/Банк/Даму банкі және ЖКС/экспорттаушы қол қойған күннен кейінгі күнімен басталған жағдайда, Субсидиялау шартына Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі және ЖКС қол қойған күн субсидиялау кезеңіне кірмейді.
6. Субсидиялау шартына Қаржы агенті қол қойғанға дейін субсидиялар төлеу күні басталған жағдайда:
1) Қаржы агентінің ағымдағы шотында қаражат болмаса немесе жеткіліксіз болса, ЖКС/Экспорттаушы одан әрі Қаржы агенті төлеген соманы өтей отырып, төлеуді дербес жүргізеді;
2) Қаржы агентінің ағымдағы шотында қаражат болса немесе жеткілікті болса Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі қаражатты Қаржы агентінің ағымдағы шотынан осы ЖКС/Экспорттаушының Қаржы лизингі шарты бойынша сыйақының субсидияланатын ставкасын өтеу шотына есептен шығаруды жүргізеді.
7. Банк Қаржы агентіне жасалған Субсидиялау шарты бойынша субсидиялардың сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.
8. Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар Қаржы агентімен келісім бойынша төлем агенті – банкті айқындайды, онда Қаржы агенті субсидияларды аудару үшін шот ашады.
9. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі сыйақы ставкасын Субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қаржы агентіне ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаны іске асыруға бөлінген соманың 30 % мөлшеріндегі қаражатты Қаржы агенті көрсеткен шотқа аударуды жүзеге асырады. Кейінгі төлемдер Қаржы агентінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
10. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды Қаржы агенті Банктегі немесе Лизингтің компаниядағы Банкте – Төлем агенті ашқан ағымдағы шотына Субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, тоқсан сайын аванстық төлемдермен жүзеге асырады.
11. ЖКС Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне Қаржы лизингі шартына орай өтеу кестесіне сәйкес сыйақының субсидияланбайтын ставкасы бөлігінде сыйақы төлеуді жүргізеді.
12. ЖКС/Экспорттаушының сыйақы ставкасының Субсидияланбайтын бөлігін толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Қаржы агентінің ағымдағы шотынан ақшаны ЖКС/экспорттаушының лизингі бойынша сыйақы ставкасының Субсидияланатын бөлігін өтеу шотына есептен шығаруды жүзеге асырады.
13. ЖКС/Экспорттаушының Лизинг бойынша, оның ішінде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша төлемді уақтылы өтемеген жағдайда Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі ЖКС/Экспорттаушы берешекті өтегенге дейін сыйақы ставкасының Субсидияланатын бөлігін өтеу үшін Қаржы агентінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және бұл туралы Қаржы агентін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді (Қаржы агенті субсидиялауды тоқтата тұру туралы шешім қабылдамаған жағдайда).
14. Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі ай сайын Қаржы агентіне ЖКС/Экспорттаушыны субсидиялау туралы есеп береді.
15. Қаржы агенті Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін сыйақы есебін және Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің төленген қаражатын тексеруді жүзеге асырады.
16. ЖКС/Экспорттаушының Қаржы лизингінің талаптарына, ӨҮК хаттамасына сәйкес Қаржы агенті ол бойынша Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне сыйақы ставкасының Субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең берілетін ЖКС/Экспорттаушының Лизингі бойынша Субсидияланатын сыйақы ставкасының бөлігінде Субсидияларды аударуды жүзеге асыруға құқылы.
17. Егер Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Қаржы лизингі шартының қолданыстағы талаптарын (лизинг сомасын, сыйақы ставкасын, сыйақы төлеу мерзімін, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеуді кейінге шегеруді) ауыстырған жағдайда Бағдарлама үйлестірушісі Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен алынған тиісті хаттың негізінде ӨҮК-ні хабардар етеді.
18. Тараптар осы Келісімнің шеңберінде, егер төлем күні жұмыс істемейтін күнге немесе мереке күндеріне сәйкес келсе төлем одан кейінгі жұмыс күні төленеді деп келісті.
6. Есептілікті табыс ету тәртібі
1. Лизингтің компания/Банк/Даму Банкі тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін Қаржы агентіне осы Келісімге № 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп береді.
2. Қаржы агенті тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25 күніне дейін Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісіне осы Келісімге № 5 қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп береді.
7. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына
келтіру тәртібі
1. Субсидиялауды тоқтату және қайта қалпына келтіру туралы шешімді ӨҮК Қаржы агентінің қолдаухаттары (хабарламалары) негізінде қабылдайды.
2. Қаржы агентінің мынадай фактілер:
1) ЖКС/Экспорттаушының субсидиялау жүзеге асырылатын Қаржы лизингі шарты бойынша лизинг нысанын алмау;
2) жобаның және/немесе ЖКС/Экспорттаушының Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеу;
3) ЖКС/экспорттаушының шоттарына тыйым салыну және/немесе сот талқылауларынан өту;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Борышкерден лизинг нысанын талап ету;
5) ЖКС/Экспорттаушының Қаржы лизингі шартына төлемдер кестесіне сәйкес Лизингтік компания/Банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 2 (екі) ай қатарынан орындамау фактілері белгіленген кезде оны тоқтата тұруға, ал ӨҮК-нің ЖКС/Экспорттаушыны субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқығы бар.
3. Субсидиялар төлеуді тоқтата тұрған жағдайда Қаржы агенті мұндай шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Лизингтің компанияны/Банкті/Даму Банкін, ЖКС пен жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісін субсидиялауды тоқтата тұрудың себептерін көрсете отырып, жазбаша хабардар етеді.
4. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі Қаржы агентінен ЖКС/Экспорттаушыны Субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін ӨҮК отырыстарын өткізудің күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, күнін, уақытын және орнын айқындайды, ол туралы барлық мүшелерін хабардар етеді
5. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мыналарды жүзеге асырады:
1) Қаржы агенті ұсынған ақпаратпен күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
2) Субсидиялауды тоқтату немесе қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте, Субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешім қабылданған жағдайда шешімде субсидиялауды қалпына келтірудің негіздемесі көрсетіледі.
6. ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді./
7. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін оны 1 (бір) жұмыс күні ішінде мәлімет үшін Қаржы агентіне, Лизингтік компанияға/Банкке/ Даму Банкіне жібереді.
8. Отырыс нәтижелері бойынша Қаржы агенті:
1) ЖКС/Экспорттаушыны Субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешімді келіскен жағдайда:
Лизингтік компанияны/Банкті/Даму Банкін және ЖКС/Экспорттаушыны субсидиялау төлеудің қалпына келтірілгені туралы хабардар етеді;
өздеріне тоқтата тұру кезеңі үшін төленбеген Субсидияларды төлеуді жүргізеді;
2) ЖКС/Экспорттаушыны Субсидиялауды тоқтату туралы шешімді келіскен жағдайда Субсидиялау шартын біржақты тәртіппен бұзу туралы хабарламаны ЖКС/Экспорттаушыға, Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне жібереді, онда Субсидиялау шартының бұзылған күні және бұзу себебі көрсетіледі.
9. Мынадай жағдайларда субсидиялар төлеу тоқтатылған, ал Субсидиялау шарты бұзылды деп танылады:
1) ЖКС/Экспорттаушының Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі алдындағы Қаржы лизингі шарты бойынша лизингін толық мерзімінен бұрын өтеуі. ЖКС/Экспорттаушының Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне лизингтті толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады;
2) субсидиялау шартын тоқтату туралы шешім қабылдау;
3) егер ЖКС/Экспорттаушы Субсидиялау шартын өзінің жеке бастамасы бойынша бұзса.
10. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі қолданыстағы Қаржы лизингі шарты бойынша жаңа Субсидиялау шарты жасалғанға дейін ЖКС/Экспорттаушыға қаржыландырудың бұрын қолданылған шартын (оның ішінде сыйақы ставкасын, комиссиялар, алымдар, және/немесе өзге де төлемдер, өзге де шарттар) белгілеуге құқылы.
11. ЖКС/Экспорттаушы кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Қаржы агентін кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді.
Сонымен бір мезгілде, ЖКС/Экспорттаушының лизингі бойынша негізгі борышы ішінара/мерзімінен бұрын өтелген жағдайда Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Қаржы лизингі шартына қосымша келісім жасасқан кезде Қаржы агентіне төлемдерді өтеудің өзгертілген кестесімен бірге Субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып Қаржы лизингі шартына қосымша келісімнің көшірмесін жібереді.
8. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Қаржы агенті:
1) Қаржы агентіне өтініш білдірген ЖКС/Экспорттаушыға Бағдарламаға қатысу шарттары мен тәртібі туралы консультацияны жүзеге асыруға;
2) осы Келісімде Тараптар үшін көзделген міндеттемелердің орындалу мерзімінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;
3) жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісінің ЖКС/Экспорттаушының Жобалары бойынша ақша қаражатын уақтылы аударуын бақылауға және талап етуге;
4) осы Келісімнің іске асырылуына, оның ішінде Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің міндеттемелерді орындауы бөлігінде мониторингті жүзеге асыруға;
5) Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің жедел қызметіне араласпай, оның орналасқан жерінде осы Келісімнің іске асырылуын тексеруді жүзеге асыруға;
6) өзінің ресми веб-сайтында Жоспардың іске асырылуы туралы ақпаратты орналастыруға;
7) Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен ЖКС/Экспорттаушының Қаржы лизингі шарты бойынша төлемдерді төлемдер кестесіне сәйкес жүзеге асыру жөніндегі Лизингтік компания/Банк алдындағы міндеттемелерінің орындалу барысы туралы құжаттар мен ақпаратты сұратуға;
8) осы Келісімде және Субсидиялау шартында көзделген жағдайларда Субсидиялар төлеуді тоқтата тұруға құқылы.
2. Қаржы агенті:
1) Банкте ашылған ағымдағы жаңа шотқа Субсидиялардың сомасын аударуға;
2) осы Келісімде көзделген мониторингті жүргізуге;
3) ӨҮК-ге осы Келісімде көзделген ақпаратты беруге міндеттенеді.
3. Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі:
1) өз қалауы бойынша және өзі тәуекелге барып, ЖКС/Экспорттаушыға Лизинг беру мәселелері жөнінде шешімдер қабылдауға;
2) Қаржы агентінен осы Келісім және Субсидиялау шарты шеңберінде көзделген Субсидияларды уақтылы аударуды талап етуге;
3) ағымдағы тоқсанда ЖКС/Экспорттаушыны Субсидиялауға арналған қаражаттың жеткіліксіздігі туралы Қаржы агентін хабардар етуге құқылы.
4. Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі:
1) Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне жүгінген ЖКС/Экспорттаушыны Бағдарламаның шарттары мен қатысу тәртібі туралы білікті консультация беруге;
2) Қаржы агенті беретін қаражатты Субсидиялау шартына сәйкес ЖКС/Экспорттаушыны Субсидиялау мақсаттарына ғана пайдалануға;
3) Қаржы агентіне есептелген сыйақылар және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат ұсынуға;
4) Кәсіпкер Қаржы лизингі шартына төлемдер кестесіне сәйкес Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) және одан көп рет орындамаған жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы Қаржы агентін хабардар етуге. Бұл жағдайда көрсетілген міндеттемелердің басталуы туралы Қаржы агентіне белгілі болған сәттен бастап Субсидиялау тоқтатылады.
5) осы Келісім бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін осы Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға бермеуге және қайта бермеуге. Осы тармақтың қолданылуы Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің Қаржы лизингі шарты бойынша ЖКС/Экспорттаушыға талап ету құқығын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үмітсіздер санатына өткен Лизингті қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында үшінші тұлғаларға беру жағдайларына қолданылмайды;
6) Қаржы агентінің бірінші талабы бойынша Қаржы агентінің талаптарын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қаржы лизингі шартын және осы Келісімді іске асыру, сондай-ақ Қаржы агенті тарапынан Субсидиялау жүзеге асырылатын Лизингтің мониторингі бойынша қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік/коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты негіздеп ұсынуға;
7) Қаржы лизингі шартында Субсидиялау туралы мәселені қарау кезеңінде, сондай-ақ Субсидиялау туралы шешім қабылданғаннан кейін де осы Келісімнің Тараптарына банктік/коммерциялық құпияны жария етуге келісімді бекітуге;
8) Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің заңды мекенжайы, почталық және банктік деректемелері, сондай-ақ нақты мекенжайы өзгерген жағдайда, мұндай өзгерістер туралы Қаржы агентіне күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жазбаша хабарлауға. Хабарламау және/немесе уақтылы хабарламау жағдайында болуы мүмкін салдарлар үшін Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі жауапты болады;
9) Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің қызметін жүзеге асыруға басталған шектеулер немесе тыйым салулар туралы, сондай-ақ Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі акцияларының 10%-дан астамына қатысты меншік құқығын біржолғы сату немесе өзгеше біржолғы өтуі және/немесе иелік ету немесе пайдалану құқықтарының өтуі туралы жазбаша түрде 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға міндетті.
5. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі:
1) іске асырылатын Бағдарламаның жарнамалық науқанын жүргізуге;
2) құжаттардың толық пакеті берілмесе немесе белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар берілген жағдайда ЖКС/Экспорттаушыға құжаттарды пысықтауға қайтаруға құқылы.
6. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі:
1) ЖКС/Экспорттаушылар тізімдерін ӨҮК-ге уақтылы жіберуге;
2) ӨҮК-ні осы Келісімде белгіленген мерзімде шақыруды жүзеге асыруға және ӨҮК шешімдерінің осы Келісімде белгіленген талаптарға сәйкес ресімделуін қамтамасыз етуге;
3) ӨҮК отырысы хаттамасының Қаржы агентіне, Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне уақтылы берілуін қамтамасыз етуге;
4) ЖКС/Экспорттаушының Жобалары бойынша Қаржы агентіне ақша қаражатының уақтылы аударылуын бақылауға және қамтамасыз етуге;
5) Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүзеге асыруға міндеттенеді.
9. Мониторинг
1. Осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде Қаржы агенті мынадай функцияларды жүзеге асыруға құқылы:
1) Жобаның іске асырылу мониторингі (Қаржы лизингі шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалану);
2) Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі ұсынған деректер негізінде ЖКС/Экспорттаушының субсидияланатын лизингі төлем тәртібінің мониторингі;
3) Жобаның және/немесе ЖКС/Экспорттаушының Субсидиялау қағидасының шарттарына сәйкестігі мониторингі.
2. Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Қаржы агентінің жазбаша талабы бойынша Лизингтік компаниямен/Банкпен/Даму Банкімен (лауазымды тұлғаның қолымен және Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің мөрімен) куәландырылған шарттар көшірмелерін, төлем тапсырмаларын және мониторинг мақсатында Қаржы агенті сұрау салған басқа да құжаттарды ұсынуға міндетті.
3. Қаржы лизингі шарты бойынша субсидияланатын лизинг мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Қаржы агентіне лизингті мерзімінен бұрын толық өтегендігі туралы ақпаратты мерзімінен бұрын толық өтеу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынады.
4. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі өңірлік деңгейде ЖКС/Экспорттаушы Жобасының іске асырылу барысына мониторинг басталмас бұрын 10 (он) жұмыс күні ішінде, мониторингтің мерзімі мен шекарасын көрсетумен, ЖКС/Экспорттаушыны, Қаржы агентін, Лизингтік компанияны/Банкті/Даму Банкін алдын ала хабардар ете отырып, оның оперативтік қызметіне еш араласпастан, ЖКС/Экспорттаушы Жобасының іске асырылу орнына бару арқылы көрнекі мониторингті жүзеге асыруға құқылы.
10. Тараптардың жауапкершілігі
1. Осы Келісімдегі Тараптардың әрқайсысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.
2. Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі осы Келісім шеңберінде ақпаратты/есептілікті бермегені үшін, ақпаратты/есептілікті толық, шынайы, уақтылы бермегені үшін Қаржы агентінің алдында жауапты болады.
11. Хабарламалар
1. Тараптар, осы Келісім шеңберінде талап етілетін немесе жасалған кез келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу жазбаша нысанда беріледі деп келіседі. Мұндай хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу олар Тараптың уәкілетті өкіліне қолма-қол табыс етілген, қатысушы Тараптың осы Келісімде көрсетілген мекенжайына почта немесе курьерлік байланыс бойынша, факсимил және телекс арқылы жеткізілген жағдайлардың кез келгенінде тиісінше табыс етілді немесе жіберілді деп қаралатын болады.
2. Кез келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу:
1) алынған күні қойылған тиісті белгісімен - қолма-қол (курьермен) жөнелтілген;
2) жөнелтілгеннен кейінгі үшінші күні (почта кәсіпорны жөнелту кезінде берген құжат күнінен) — тапсырысты хатпен, жеделхатпен жөнелтілген;
3) жөнелтудің табысты аяқталғаны туралы факсимил аппараты растауының болуы шартымен жөнелту күнінде - факсимил және телекс арқылы жөнелтілген жағдайда алынған болып есептеледі. Бұл ретте Тараптар мұндай хабарламаны, хабарды, хат немесе сұрау салуды 2 (екі) жұмыс күнінен кешікпейтін мерзімде қолма-қол (курьермен) немесе тапсырысты хатпен жөнелтуді міндеттеріне алады.
3. Көзделген есептілік - Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің кейіннен Қаржы агентіне құжаттардың түпнұсқаларын бере отырып, жөнелтудің табысты аяқталғаны туралы электрондық почта растауының болуы шартымен электрондық почта арқылы қол қойылған материалдарды жөнелту жолымен берілуі мүмкін.
12. Құпиялылық
1. Тараптар осы Келісімнің шарттарына қатысты ақпарат, өздері, осы Келісімді жасасу және орындау барысында алған, банктік құпия, сондай-ақ қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылады және осы Келісімде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды деп келіседі.
2. Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруі, жариялауы немесе оны өзгеше жария етуі осы Келісімде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда мүмкін болады.
3. Тараптар осы Келісімнің болуы мен шарттарының құпиялығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне осы Келісімді іске асыру барысында алған мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге не беруге тыйым салынады.
4. Тараптардың кез келгені осы Келісімнің талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жария ету не тарату жағдайында кінәлі Тарап, осындай ақпаратты жария ету салдарынан басқа Тарапқа келуі мүмкін болатын зиянын өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікті көтереді.
13. Еңсерілмес күш жағдайлары
1. Еңсерілмес күш жағдайлары - Тараптардың кез келгенінің осы Келісім бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындауы мүмкін болмайтын (мыналарды қамтитын, бірақ бұлармен шектелмейтін: су тасқыны, жер сілкінісі, жарылыстар, дауылдар, індеттер, эпизоотиялар, апатты өрттер, ереуілдер, соғыс, көтерілістер, мемлекеттік органдардың ресми актілері) жағдайлары. Бұл ретте, еңсерілмес күш жағдайларының сипаты, болу кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
2. Тараптар осы Келісім бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін, егер орындау мүмкін болмауы еңсерілмес күш жағдайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
3. Еңсерілмес күш жағдайлары басталған кезде осы Келісім бойынша өзінің міндеттемелерін орындау мүмкін болмауы туындаған Тарап мұндай жағдайлар туралы басқа Тараптарды олар басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уақтылы хабардар етуі тиіс.
4. Уақтылы хабарлау болмаған кезде Тарап хабарламау немесе уақтылы хабарламаудан келтірілген залалды басқа Тарапқа өтеуге міндетті.
5. Еңсерілмес күш жағдайларының басталуы олардың болу кезеңіне осы Келісімнің орындалу мерзімінің ұлғаюын туындатады.
6. Егер мұндай жағдайлар 2 (екі) айдан астам жалғасатын болса, онда Тараптардың әрқайсысы осы Келісім бойынша өзінің міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы болады.
14. Дауларды шешу
1. Келісімге байланысты немесе одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жолымен шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
2. Осы Келісім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.
15. Келісім шарттарының өзгертілуі
1. Осы Келісімнің ережелері өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Тараптар үшін осы Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған және фирмалық мөрмен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар ғана нақты және міндетті болып танылады.
16. Қорытынды ережелер
1. Тараптардың құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда осы Келісім бойынша және осы Келісімді орындау үшін барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді реттеуге байланысты туындаған құқықтар мен міндеттер де, Тараптардың құқықтық мирасқорларына өтеді.
2. Осы Келісім, осы Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылатын қосымшаларымен бірге осы Келісімнің нысанасына байланысты Тараптардың өзара толық түсіністіктерін білдіреді және олардың арасында Келісімнің нысанасына қатысты алдыңғы жазбаша немесе ауызша келісімдер мен уағдаластықтардың барлығының орнын алмастырады.
3. Осы Келісімде қамтылған Баптардың атаулары мен басқа да тақырыптар қолайлылық үшін пайдаланылған және осы Келісімнің қандай да бір шектеулерін, қандай да бір ережелерінің сипаттамаларын немесе түсіндірмелерін қамтымайды, сондай-ақ осы Келісім Баптарының орналасу тәртібі де біреуінің басқаларға қатысты басымдығын растамайды.
4. Осы Келісім, олардың әрқайсысының заң күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Осы Келісімнің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында әртүрлі оқылулар туындаған жағдайда осы Келісімнің орыс тіліндегі нұсқасы басым мәнге ие болады.
5. Осы Келісім барлық Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Осы Келісімнің кез келген Тарапы осы Келісімнің барлық Тараптарын күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жазбаша хабардар ету шартымен осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің осы Келісімді бір жақты тәртіппен бұзуы ЖКС/Экспорттаушыны субсидиялауды тоқтатуға әкеліп соқпайды. Осы Келісімге Лизингтік компанияны/Банкті/Даму Банкін (жаңа) қосу Уәкілетті органмен, Қаржы агентімен қосымша келісім жасасу жолымен мүмкін болады.
6. Осы Келісімде көзделмеген өзге жағдайлардың барлығында Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
"Бизнестің жол картасы 2020"
бағдарламасының бірінші және
үшінші бағыттары шеңберінде
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
Қаржы лизингі шарттары бойынша
сыйақы ставкаларын субсидиялау
жөніндегі ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге 1-қосымша
______________
Өтініш
Бағдарламаға қатысу және ______________ ж. № _________ Қаржы лизингі шарты негізінде мынадай шарттарда берілген Лизинг бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін Субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау алу мақсатында:
Лизингтің сомасы |
|
Сыйақы ставкасы |
|
Лизинг валютасы |
|
Лизинг мерзімі |
Сізден Субсидиялау мақұлданған жағдайда Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін Лизинг бойынша сыйақының номиналды ставкасын төмендету мүмкіндігін қарауды өтінемін.
___________________ (Т.А.Ә.)
(қолы) Күні м.о.
_________________________
"Бизнестің жол картасы 2020"
бағдарламасының бірінші және
үшінші бағыттары шеңберінде
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
Қаржы лизингі шарттары бойынша
сыйақы ставкаларын субсидиялау
жөніндегі ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге 2-қосымша
Қайда ______________________________ әкімдігі
Кімнен ___________(бұдан әрі – ЖКС/Экспорттаушы) ___________________
№ __________ өтініш-сауалнама
"Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасының "Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау" бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидасына және "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасының "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету" үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидасына сәйкес ________________ шеңберінде "_______________" бағытында Сізден __________________ жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына төмендегілерге сәйкес Лизинг бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені шығаруға бастамашылық етуді сұраймын:
2. Қатысушы туралы мәліметтер
ЖКС/Экспорттаушы атауы |
|
Құрылтайшы (лар) туралы деректер |
|
Заңды мекенжайы |
|
Нақты мекенжайы |
|
Пошталық мекенжайы |
|
Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні |
|
Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік № |
|
Қызмет түрлері |
|
Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе бас компания |
|
СТН |
|
Жұмыс тәжірибесі |
3. Басшылық
Бірінші басшы
Т.А.Ә. |
|
Лауазымы |
|
Жұмыс/үй телефоны |
|
Туған жылы және жері |
|
Жеке куәлік №, сериясы |
|
Тұрғылықты жері (нақты) |
|
Тіркелуі |
|
Жұмыс тәжірибесі |
Бас бухгалтер
Т.А.Ә. |
|
Жұмыс/үй телефоны |
|
Туған жылы және жері |
|
Жеке куәлік №, сериясы |
|
Тұрғылықты жері (нақты) |
|
Тіркелуі |
|
Жұмыс тәжірибесі |
Байланысатын адам
(Т.А.Ә., лауазымы, телефоны) |
4. Меншік иелері
(құрылтайшы, қатысушылар, АҚ үшін - акциялардың 5% және одан
астамына иелік ететін акционерлер)
Атауы/Т.А.Ә. |
% |
Деректемелері |
5. Ағымдағы қызметі туралы ақпарат
Өнімдер мен қызметтердің түрлері |
|
Жылдық айналымы |
|
Соңғы есепті күнге пайдасы немесе шығыны |
|
Қызметкерлерінің нақты саны |
______________ оның ішінде |
Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы) |
|
Жобаны іске асыру орны (облыс, қала) |
|
Жұмыс орындарының саны |
6. Банк шоттары туралы ақпарат
Банк деректемелері (барлық қызмет көрсететін банктердегі ағымдағы
және жинақ шоттарын көрсету):
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
7. Тарихы
ЖКС/Экспорттаушының жұмыс істеу үдерісінде пайдаланылған,
бүгінгі таңда өтелген, өтелмеген барлық лизингтік мәмілелер
көрсетіледі.
Лизинг беруші |
Сомасы |
Берілген күні |
Сыйақыны өтеу шарттары |
Негізгі борышты өтеу шарттары |
ҚЛШ бойынша өтеу мерзімі |
Нақты өтеу күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
8. Қолданыстағы Лизинг туралы ақпарат
Күні мен валюта бағамы: ___/___.
№ |
Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі |
ҚЛШ деректемелері (№, күні) |
Сыйақы ставкасы, % |
Лизинг валютасы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
||||
2 |
||||
Лизинг сомасы |
Көрсетілген күнге негізгі борыш бойынша берешек қалдығы |
Лизинг мерзімінің аяқталу күні |
Лизингтің мақсаты (қысқаша сипаттамасы) |
6 |
7 |
8 |
9 |
9. Кепілдіктер және келісім
ЖКС/Экспорттаушы Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісіне мыналарды мәлімдейді және кепілдік береді:
1. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісіне осы өтінішпен бірлесіп немесе Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісінің сұрау салуы бойынша берілген (табыс етілген) немесе берілетін барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дәйекті болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа толығымен сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісін дереу хабардар етуге міндеттенемін.
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісінің бірінші талабы бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген кез келген ақпаратты және банктік және коммерциялық құпияны қамтитын құжаттарды беруге және ашуға міндеттенеді.
3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.
4. ЖКС/Экспорттаушы жалған, толық емес және/немесе дәйексіз мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.
5. ЖКС/Экспорттаушының жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын тұлғаға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін ЖКС/Экспорттаушы растайды.
6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дәйексіздігі анықталған жағдайда осы өтініш көрсетілген деректердің дәйексіздігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде жойылуы мүмкін екендігімен келісемін, бұл ретте Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі жою себептерін хабарламауға құқылы.
ЖКС/Экспорттаушы осымен Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісіне:
1. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және ЖКС/Экспорттаушы берген құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға беруге құқылы.
2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде Субсидиялау үшін ғана берілді.
3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі ЖКС/Экспорттаушы өзі туралы хабарлайтын ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ЖКС/Экспорттаушы берген құжаттар мен өтініштердің түпнұсқасы егер тіпті Субсидиялау берілмесе де, Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісінде сақталатын болады.
4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ ЖКС/Экспорттаушы ықтимал шығыстары (Субсидиялауды алу үшін қажет құжаттарды ресімдеуге және т.б.) Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісінің Субсидиялауды ұсыну немесе ЖКС/Экспорттаушы шеккен шығынның орнын толтыру міндеттемесі болып табылмайды.
5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын, кейіннен Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісіне талап-тілектерім жоқ.
11. Қосымшалар
(бірінші бағыт бойынша көзделген құжаттар)
__________________________________________________________
(үшінші бағыт бойынша көзделген құжаттар)
___________________ (Т.А.Ә.)
(қолы) Күні
"Бизнестің жол картасы 2020"
бағдарламасының бірінші және
үшінші бағыттары шеңберінде
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
Қаржы лизингі шарттары бойынша
сыйақы ставкаларын субсидиялау
жөніндегі ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге 3-қосымша
________________________ бойынша
Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының
№ ______ хаттамасы
Өткізілген орны |
|
Өткізілген күні |
|
Кеңес төрағасы |
|
Кеңес мүшелерінің қатысқаны |
|
Кеңес мүшелерінің |
|
Шақырылғандар |
|
Кеңес хатшысы |
Күн тәртібі
№ |
Мәселелер атауы |
1 |
|
2 |
|
… |
Кеңес қарады
№ |
1-мәселенің атауы |
1 |
|
2 |
|
… |
Кеңес шешті
1. Мыналарға:
- іске асырылатын жобалардың Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкестігіне;
- жеке кәсіпкерлік субъектілері жобаларының төмендегі тізіміне байланысты субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдану мүмкіндігі мақұлдансын:
№ |
Атауы |
ҚЛШ |
|||
ЖКС/Экспорттаушы |
Жоба |
Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі |
№ |
күні |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Лизинг сомасы |
Лизинг валютасы |
Лизинг мерзімі |
Жобаның атауы (сипаты) |
Сыйақының номиналды ставкасы |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігі |
Сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігі |
Субсидиялау мерзімі |
Ескертпе |
12 |
13 |
14 |
15 |
2. Субсидиялау шарттарын жасасу үшін Лизингтік компанияларға/Банктерге/Даму Банкіне жобалардың мақұлданған тізімі жіберілсін.
3. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ға мақұлданған жобалардың тізімі жіберілсін.
4. Мынадай себептер бойынша бас тартылсын:
-_____________________________________________________________;
Кеңес мүшелерінің қолдары
№ |
Кеңес мүшесінің ТАӘ және мәртебесі |
"Иә" |
"Қарсы" |
Түсіндірмелер |
1 |
Кеңес төрағасы |
|||
2 |
Кеңес төрағасының орынбасары |
|||
3 |
Кеңес мүшесі |
|||
4 |
Кеңес мүшесі |
|||
5 |
Кеңес мүшесі |
Кеңес қарады
№ |
2-мәселенің атауы |
Кеңес шешті
1.
2.
3.
…
Кеңес мүшелерінің қолдары
№ |
Кеңес мүшесінің Т.А.Ә. және мәртебесі |
"Иә" |
"Қарсы" |
Түсіндірмелер |
1 |
Кеңес төрағасы |
|||
2 |
Кеңес төрағасының орынбасары |
|||
3 |
Кеңес мүшесі |
|||
4 |
Кеңес мүшесі |
|||
5 |
Кеңес мүшесі |
|||
… |
Кеңес хатшысы ______________________ Т.А.Ә.
Егер кеңес мүшесі "Қарсы" дауыс берсе, түсіндірмелер бағанында қабылданған шешімнің себебі көрсетілуге тиіс.
"Бизнестің жол картасы 2020"
бағдарламасының бірінші және
үшінші бағыттары шеңберінде
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
Қаржы лизингі шарттары бойынша
сыйақы ставкаларын субсидиялау
жөніндегі ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге 4-қосымша
__________ бастап ________ қоса алғандағы кезеңде
Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен алынған
субсидиялау туралы есеп
Банктің атауы |
ЖКС/Экспорттаушының айналым орны |
ЖКС/Экспорттаушының атауы |
ҚЛШ (транш) нөмірі |
ҚЛШ (транш) күні |
Лизинг (транш) сомасы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Лизинг (транш) бойынша сыйақы ставкасы |
Субсидиялау шартының нөмірі |
Субсидиялау шартының күні |
Қаржы агенті кезең үшін аударған субсидия сомасы |
Кезең үшін есептен шығарылған субсидия сомасы |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
"Бизнестің жол картасы 2020"
бағдарламасының бірінші және
үшінші бағыттары шеңберінде
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
Қаржы лизингі шарттары бойынша
сыйақы ставкаларын субсидиялау
жөніндегі ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге 5-қосымша
_________ бастап ________ қоса алғандағы кезеңде
Бағдарлама Үйлестірушісіне субсидиялау туралы есеп
Лизингтік компанияның/ Банктің/ Даму банкінің атауы |
ЖКС/Экспорттаушының айналым орны |
ЖКС/Экспорттаушының атауы |
ҚЛШ (транш) нөмірі |
ҚЛШ (транш) күні |
Лизинг (транш) сомасы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Лизинг (транш) бойынша сыйақы ставкасы |
Субсидиялау шартының нөмірі |
Субсидиялау шартының күні |
Қаржы агенті кезең үшін аударған субсидия сомасы |
Кезең үшін есептен шығарылған субсидия сомасы |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
"Бизнестің жол картасы 2020"
бағдарламасының бірінші және үшінші
бағыттары шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілеріне Қаржы лизингі
шарттары бойынша сыйақы ставкаларын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
"Жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде Қаржы лизингі
шарттары бойынша үлгі субсидиялау шарты
_____ қаласы 20___ ж. "___" __________
Бұдан әрі "Қаржы агенті" деп аталатын _______________________
негізінде әрекет ететін _________ "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы атынан _________ бір тараптан және
Бұдан әрі "Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі" деп аталатын _____________________________ негізінде әрекет ететін "Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі" акционерлік қоғамы атынан _________ және бұдан әрі "Кәсіпкер" деп аталатын _____________________________ негізінде әрекет ететін _________ атынан екінші тараптан, бірлесіп Тараптар деп аталатындар, ал жеке-жеке Тарап немесе жоғарыда көрсетілгендей, төмендегілер туралы осы Субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
1. Жалпы ережелер
Осы Шартты жасау үшін мыналар негіз болып табылады:
1) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Жаңа бизнес бастамаларды қолдау" бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидалары және "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидалары;
2) ___________________________________ арасында жасалған 20____жылғы ________ № ______ "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақыны субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;
3) _______________бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының 20___ жылғы ___________№ ____ хаттамасы.
2. Терминдер мен анықтамалар
Лизингтік мәмілелер (бұдан әрі – Лизинг) |
азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнатуға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған лизинг қатысушыларының келісілген іс-қимылының жиынтығы; |
Бағдарламаның үйлестірушісі |
Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің шешімдерімен айқындалатын "жалғыз терезе" қағидаты бойынша жергілікті жерде Бағдарламаның іске асырылуына жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі; |
Бағдарлама |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы; |
Жоба |
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кірісті алуға бағытталған бастамашылық қызмет ретінде Кәсіпкер жүзеге асыратын бизнестің әртүрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы; |
Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК) |
Жергілікті атқарушы органдардың, Банк/Даму Банкінің, бизнес-қауымдастықтардың және тәуелсіз сарапшылар өкілдерінің қатысуымен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері басқаратын консультациялық-кеңесші орган; |
Субсидиялау |
Кәсіпкердің операциялық қызметіне жатқызылатын болашақта белгілі бір шарттарды орындаумен алмастыру үшін Лизинг бойынша Кәсіпкердің Лизингтік компанияға/Банк/Даму Банкіне сыйақы ретінде төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын Кәсіпкерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны; |
Субсидиялар |
Субсидиялау шарты негізінде Субсидиялау шеңберінде Қаржы агенті Лизингтік компанияға/Банк/Даму Банкіне төлейтін өтеусіз және қайтарымсыз негіздегі кезеңдік төлемдер. |
3. Шарттың мәні
1. Осы Шарттың талаптары бойынша Қаржы агенті мынадай жағдайларда ______________ (Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің атауы) алынған Лизинг бойынша Кәсіпкердің сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асырады:
Қаржы лизингі шарты |
_____ ж. ___________ № ____ |
Осы Шарттың жасалған күнге Лизинг сомасы |
|
Сыйақы ставкасы |
|
Лизинг мерзімі |
2. Субсидиялау Қағидаларға сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. Осы Шартты жасасқаннан кейін Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі осы Шарттың барлық қолданылу мерзіміне Кәсіпкердің Лизингі бойынша сыйақы ставкасын ұлғайтпауға міндеттенеді.
4. Осы Шартты жасасқаннан кейін Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Қаржы агентіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Кәсіпкермен жасалған өтеу кестесімен қоса берілген Қаржы лизингі шарты (лауазымды тұлғаның қолымен және Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің мөрімен расталған көшірмесі);
2) Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің жаңа Лизингті бергені туралы анықтама немесе Кәсіпкердің жаңа Лизинг алу фактісін растайтын құжат.
4. Субсидияларды беру шарттары
1. Лизинг бойынша сыйақының ________ мөлшеріндегі бір бөлігі субсидиялауға жатқызады, бұл ретте ______ мөлшеріндегі сыйақы ставкасының бір бөлігін Кәсіпкер төлейді, ал сыйақы ставкасының ________ мөлшеріндегі қалған бөлігін осы Шартқа № 1 қосымшаға сәйкес Қаржы агенті төлейді.
2. Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі есептеген және мерзімі өткен несие берешегі бойынша Кәсіпкер төлемеген сыйақы субсидиялауға жатпайды.
3. Субсидиялау мерзімін есептеу __________________ ж. басталады.
4. Барлық операциялар ұлттық валюта – теңгемен жүргізіледі.
5. Лизингті уақтылы және толық қайтару және оның субсидияланбайтын сыйақы ставкасының бір бөлігін өтеу бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін Кәсіпкер Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі алдындағы барлық жауапкершілікті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қаржы лизингі шартына сәйкес мойнына алады. Бұл ретте осындай жауапкершілік қандай да бір жағдай болсын Қаржы агентіне жүктелмейді.
5. Шарт бойынша Субсидиялау тәртібі
1. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды Қаржы агенті Банктегі/Даму Банкіндегі Төлем агентіне ағымдағы шотқа тоқсан сайын осы Шартқа төлем кестесін ескере отырып, аванстық төлемдермен жүзеге асырады.
2. Субсидиялау мерзімі Кәсіпкер, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі осы Шартқа қол қойған сәтінен басталады. Сыйақы ставкасыныың субсидияланатын бөлігін төлеу күнін Кәсіпкер, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі дербес айқындайды. Егер Лизинг бойынша сыйақыны есептеу Кәсіпкер, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Субсидиялау шартына қол қойған күннен кейін басталған жағдайда, субсидиялау кезеңіне Кәсіпкер, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Субсидиялау шартына қол қойған күн қосылмайды.
3. Егер Қаржы лизингі шартының және/немесе Субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарлама талаптарына сәйкес болмаған жағдайда Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте Қаржы агенті Бағдарламаның үйлестірушісін, Банкті/Даму Банкі мен Кәсіпкерді хабардар етеді.
Бағдарламаның үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі ескертулерді жойған жағдайда Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қояды.
Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі Қаржы агентінің ескертулерімен келіспеген жағдайда Бағдарламаның Үйлестірушісі Қаржы агенті хатының көшірмесін Жұмыс органына келісуге жібереді.
Жұмыс орнын қарау нәтижелері бойынша Кәсіпкерді Субсидиялау немесе Субсидиялаудан бас тарту туралы шешімді келіседі. Келісу нәтижелерін тиісті хатпен Жергілікті деңгейдегі қаржы агентіне жіберді (бұл ретте көшірмеде Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісін, Банкті/Даму Банкін және Кәсіпкерді көрсетеді).
4. Кәсіпкер Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне Қаржы лизингі шартына сәйкес өтеу кестесі бойынша сыйақының субсидияланбайтын бөлігіне сыйақы төлеуді жүргізеді.
5. Кәсіпкердің сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігіне толық төлем жүргізу фактісі бойынша Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Қаржы агентінің ағымдағы шотынан Кәсіпкердің Лизинг бойынша сыйақы ставкасының Субсидияланатын бөлігін өтеу шотына ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.
6. Кәсіпкер Лизинг бойынша, оның ішінде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша төлемді уақтылы өтемеген жағдайда, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Кәсіпкер берешегін өтегенге дейін сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу үшін Қаржы агентінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және бұл туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қаржы агентін (Қаржы агенті Субсидиялауды тоқтата тұру туралы шешім қабылдамаған жағдайда) хабардар етеді.
7. Субсидияларды төлеу күні Қаржы агентінің Субсидиялау шартына қол қойғанға дейін басталған жағдайда:
1) Қаржы агентінің ағымдағы шотында қаражат болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде Кәсіпкер төленген соманы Қаржы агентінің кейіннен өтеуімен төлемді дербес жүргізеді;
2) Қаржы агентінің ағымдағы шотында қаражат болған және жеткілікті болған кезде Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Қаржы агентінің ағымдағы шотынан осы Кәсіпкердің Лизинг бойынша субсидияланатын сыйақы ставкасын өтеу шотына қаражатты есептен шығаруды жүргізеді.
8. Тараптар осы Шарттың шеңберінде егер төлем күні жұмыс емес немесе мереке күніне келген жағдайда, төлем одан кейінгі келетін жұмыс күні жүргізіледі деп келісті.
6. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру
негіздемелері
1. Субсидиялауды тоқтату және қалпына келтіру туралы шешімді Қаржы агентінің қолдаухаттары (хабарламалары) негізінде ӨҮК қабылдайды.
2. Қаржы агентінің мынадай фактілер анықталған кезде Субсидиялауды тоқтата тұруға, ал ӨҮК-тің Кәсіпкерді Субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдау құқығы бар:
1) Субсидиялау жүзеге асырылатын Қаржы лизингі шарты бойынша лизинг мәнін Кәсіпкердің алмауы;
2) жобаның және/немесе Кәсіпкердің Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі;
3) Кәсіпкердің шоттарына тыйым салу және/немесе сот талқылауларынан өту;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Борышкерден лизинг мәнін талап ету;
5) Кәсіпкердің Қаржы лизингі шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес Лизингтік компания/Банк алдында Лизингтік төлемдерді енгізу бойынша міндеттемелерін қатарына 2 (екі) және одан да көп рет орындамау.
3. Субсидиялар төлеу тоқтатыла тұрған жағдайда Қаржы агенті осындай шешім қабылданған сәттен бастап хатпен 5 (бес) жұмыс күні ішінде Субсидиялауды тоқтату себептерін көрсете отырып, Лизингтік компанияны/Банкті/Даму Банкін, Кәсіпкерді, Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісін хабардар етеді.
4. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі Қаржы агентінен Кәсіпкерді Субсидиялаудың тоқтатылғаны туралы хат алғаннан кейін күн тәртібін тұжырымдайды және қалыптастырады, ӨҮК отырысын өткізу күнін, уақыты мен орнын айқындайды, ол туралы барлық мүшелерге хабарлайды.
5. Жүргізілген отырыс шеңберінде ӨҮК мыналарды жүзеге асырады:
1) Қаржы агенті ұсынған ақпараты бар күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
2) Субсидиялауды тоқтату немесе қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте шешімде субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешім қабылдаған жағдайда субсидиялауды қалпына келтіру үшін негіздеме көрсетіледі.
ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
6. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі ӨҮК хаттамасын ресімдегеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны Қаржы агентіне, Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне мәлімет үшін жібереді.
7. Отырыс нәтижелері бойынша Қаржы агенті мына жағдайда:
1) Кәсіпкер субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешімге келіскен:
Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне және Кәсіпкерге субсидиялаудың төлемдерін қалпына келтіру туралы хабарлайды;
оларға тоқтату кезеңінде төленбеген Субсидияларды төлеуді жүргізеді;
2) Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешімді келіседі, онда Шартты бұзу күні және бұзу себебі көрсетілетін осы Шартты біржақты бұзу туралы Кәсіпкерге, Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне хабарлама жібереді.
8. Субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал осы Шарт мына жағдайларда бұзылған деп танылады:
Кәсіпкердің Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің алдында Қаржы лизингі шарты бойынша Лизингті толық өтеуі. Кәсіпкердің Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне Лизингті толық өтеген күні Субсидиялауды тоқтату күні болып саналады;
субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдау;
осы Шартты бұзу туралы Кәсіпкердің бастамасы бойынша.
9. Субсидиялауды тоқтатқан жағдайда Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі қолданыстағы Лизинг бойынша жаңа Шартты жасағанға дейін Кәсіпкерге қаржыландырудың бұған дейін қолданылған талаптарын (оның ішінде сыйақы ставкасын, комиссияны, алымдарды және/немесе өзге төлемдер мен басқа талаптарды) белгілеуге құқылы.
10. Кәсіпкер Лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы Қаржы агентіне хабарлайды.
Бір мезгілде Кәсіпкердің Лизинг бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі, Қаржы лизингі шартына қосымша келісім жасаған кезде Қаржы агентіне төлемдерді өтеудің жаңа кестесін қоса бере отырып, Қаржы лизингі шартына қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды.
11. Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі қолданыстағы Қаржы лизингі шартының талаптарын өзгерткен жағдайда (лизинг сомасын, сыйақы ставкасын, сыйақы төлеу мерзімін, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша кейінге қалдыруды ұсыну), Бағдарламаны үйлестіруші Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен алған тиісті хаттың негізінде ӨҮК-ті хабардар етеді.
7. Мониторинг
1. Осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Қаржы агенті мынадай функцияларды:
1) Жобаның іске асырылу мониторингін (Қаржы лизингі шарты бойынша лизинг мәнін пайдалану);
2) Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі ұсынатын деректердің негізінде Кәсіпкердің субсидияланатын лизингінің төлем тәртібінің мониторингін;
3) жобаның және/немесе Кәсіпкердің Қағидалар талаптарына сәйкестігі мониторингін жүзеге асыруға құқылы.
2. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі өңірлік деңгейде Кәсіпкер Жобасын іске асырылу барысын, оның ішінде оның жедел қызметіне араласпай, алдын ала Кәсіпкерге, Қаржы агентіне, Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне мониторинг басталған күнге дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде мониторингтің мерзімдері мен шектерін көрсете отырып, жүргізілетін мониторинг туралы хабарлап, Кәсіпкердің Жобасын іске асыру орнына бару жолымен визуалдық мониторингті жүзеге асыруға құқылы.
8. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Қаржы агенті:
1) Қаржы агентіне өтініш білдірген Кәсіпкерлерге Бағдарламаға қатысу талаптары мен тәртібі туралы консультацияларды жүзеге асыруға;
2) Тараптар үшін көзделген осы Шартта белгіленген міндеттемелердің орындалу мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;
3) Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісінен Кәсіпкерлердің Жобалары бойынша ақша қаражатын уақтылы аударылуын бақылауға және талап етуге;
4) осы Шарттың іске асырылу, оның ішінде Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің міндеттемелерді орындау бөлігіндегі мониторингін жүзеге асыруға;
5) Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің орналасқан жерінде олардың жедел қызметіне араласпай осы Шарттың іске асырылуын тексеруді жүзеге асыруға;
6) өзінің ресми веб-сайтында Бағдарламаны іске асыру туралы ақпаратты орналастыруға;
7) Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен төлемдер кестесіне сәйкес төлемдерді жүзеге асыру бойынша Қаржы лизингі шарты бойынша Кәсіпкердің Лизингтік компанияның/Банктің/Даму Банкінің алдындағы міндеттемелердің орындалу барысы туралы құжаттарды және ақпаратты сұратуға;
8) осы Шартта көзделген жағдайларда Субсидиялар төлеуді тоқта тұруға құқылы.
2. Қаржы агенті:
1) Лизингтік компанияда/Банкте/Даму Банкінде ашылған ағымдағы шотқа Субсидиялар сомасын аударуға;
2) осы Шартта көзделген мониторингі жүргізуге;
3) ӨҮК-ге осы Шартта көзделген ақпаратты ұсынуға міндеттенеді.
3. Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі мыналарға:
1) өз қалауы бойынша және өзінің тәуекелінде Кәсіпкерлерге кредит беру мәселелері бойынша шешім қабылдауға;
2) Қаржы агентінен осы Шарттың шеңберінде көзделген Субсидиялардың уақтылы аударылуын талап етуге;
3) Қаржы агентін ағымдағы тоқсанда Кәсіпкерлерді Субсидиялау үшін қаражаттың жеткіліксіздігі туралы хабарлауға құқылы.
4. Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі:
- осы Шартта көзделген мерзімде және нысан бойынша мониторингілік есептерді ұсынуға;
- Кәсіпкер Қаржы лизингі шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі алдындағы лизинг төлемдерін енгізу бойынша міндеттемелерін қатарынан 2 (екі) және одан да көп рет орындамаған жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы Қаржы агентін хабардар етуі тиіс. Бұндай жағдайда Субсидиялау Қаржы агентіне көрсетілген жағдаяттардың басталғаны туралы хабар келіп түскеннен бастап тоқтатылады;
- Қаржы агентін осы Шарттың талаптарын орындауға ықпал етуге қабілетті барлық жағдаяттар туралы уақтылы хабарлауға;
- осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Лизинг сомасын және/немесе Лизинг бойынша сыйақының номиналдық ставкасын өзгертпеуге міндетті.
5. Кәсіпкер:
- Қаржы лизингі шарты бойынша өз міндеттемелерін уақтылы әрі толық көлемде орындауға;
- Қаржы агентінің сұрауы бойынша Қаржы лизингі шартын және осы Шартты орындаумен байланысты құжаттар мен ақпаратты ұсынуға;
- Қаржы агентін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Лизингтік компаниясы/Банк/Даму Банкі алдындағы Қаржы лизингі шарты бойынша Лизингті мерзімінен бұрын толық/ішінара өтеу фактісі туралы хабардар етуге;
- Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарттың талаптары мен іске асырылуы туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуге және ашпауға міндетті.
6. Кәсіпкер:
- Қаржы агентінен Сыйақының субсидияланатын ставкасы бөлігінде Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Субсидиялар төлеуді талап етуге құқылы.
9. Шарттың қолданылу мерзімі
1. Осы Шарт 20__ ж. ________ бастап күшіне енеді және 20__ ж. _____________ дейін қолданылады.
2. Осы Шарт осы Шарттың 6-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен Қаржы агентімен біржақты тәртіппен бұзылуы мүмкін.
10. Жауапкершілік
1. Осы Шарт бойынша Тараптар осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шарттан туындайтын міндеттемелердің орындалмағаны және/немесе тиісінше орындалмағаны үшін жауапты болады.
11. Форс-мажор
1. Тараптар егер орындамау мүмкіндігі форс-мажорлық мән-жайлардың салдарынан болса, осы Шарт бойынша өздерінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
2. Форс-мажор жағдаяттары туындаған кезде ол үшін осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындау мүмкін емес жағдайлар туындаған Тарап уақтылы ол туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде басқа Тарапты осындай жағдаяттар туралы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте форс-мажор жағдаяттардың сипаты, әрекет ету кезеңі, туындау фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
3. Уақтылы хабардар ету болмаған жағдайда, Тарап басқа Тарапқа хабарламағаннан немесе уақтылы хабарламағаннан келген зиянды өтеуге міндетті.
4. Форс-мажор жағдаяттардың туындауы олардың қолданылу кезеңінде осы Шарттың орындау мерзімін ұлғайтуды туындатады.
5. Егер осындай жағдаяттар қатарынан үш айдан астам жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша міндеттемелердің одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
12. Дауларды шешу
1. Осы Шартты орындаумен байланысты туындаған қандай да бір дау болған жағдайда Тараптардың кез келгені келіссөздер жолымен барлық дауларды реттеу үшін күш жұмсайды.
2. Егер туындаған дауды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаса, осы дау және оған қатысты өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі және реттеледі.
13. Хат-хабарлар алмасу
1. Тараптардың осы Шарт шеңберінде бір-біріне жолдаған кез келген хат-хабары жазбаша түрде ұсынылады және осы Шартқа сәйкес қараудың ерекше тәртібі көзделген хат-хабарларды қоспағанда, Тараптардың тапсыру туралы белгісі бар хат-хабарды алған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қаралатын болады.
2. Хат-хабар ол тиісінше ресімделген жағдайда (хат-хабар ол бланкте ұсынылған немесе мөрмен бекітілген, басшы қол қойған және тіркелген нөмірі, күні болғанда, тиісінше ресімделген деп саналады), жеке өзіне тапсырылған, пошта бойынша хабарламасы бар тапсырысты хатпен) немесе қатысушы Тараптың мекенжайы бойынша курьерлік байланыспен жеткізілген жағдайда тиісінше ұсынылған немесе жолданған деп саналады.
3. Осы Шарттың қолданылу барысында Тараптардың жауапты тұлғалары факсимильді байланыс және/немесе электрондық почта арқылы ақпараттық сипаттағы хат-хабарларды басқа Тарапқа жіберуді жүзеге асыруы мүмкін.
4. Бұл ретте жіберуші Тарап басқа Тарапқа хат-хабардың жіберілгенін растауға міндетті. Қабылдаушы тараптың қабылдау туралы белгісімен немесе жөнелтудің табысты аяқталғаны туралы факсимильді аппараттың көшірмесі болған жағдайда барлық хат-хабардың мәтінін қоса беру жолымен факспен жөнелту кезінде растау тиісті түрде жүзеге асырылған деп саналады.
14. Құпиялылық
1. Осымен Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпарат банктік құпия, сондай-ақ олар осы Шартты жасау және орындау барысында алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылады және осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға ашуға жатқызылмайды деп келіседі.
2. Құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беру, жариялау немесе Тараптың өзге де жариялау осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда болуы мүмкін.
3. Тараптар осы Шарттың құпиялылығының болуын және талаптарын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне осы Шартты іске асыру барысында алынған мәліметтерді жариялауға немесе үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
4. Осы Шарттың талаптарын бұза отырып, Тараптардың кез келгені құпия ақпаратты жариялаған немесе таратқан жағдайда кінәлі Тарап осындай ақпаратты жариялаудың салдарынан басқа Тарап шеккен ықтимал зиянды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік алады.
5. Кәсіпкер осы Шартқа қол қоюмен Қаржы агентіне бұқаралық ақпарат құралдарында Кәсіпкер туралы мәліметтерді орналастыруға, сондай-ақ осы Шарттың шеңберінде Кәсіпкердің алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға Кәсіпкер туралы алынған кез келген мәліметтерді (оның ішінде Банк/Даму Банктік құпияны) жариялауға келісімін береді.
15. Мәлімдемелер, кепілдіктер және келісімдер
1. Кәсіпкер Қаржы агентіне мыналарды мәлімдейді және кепілдікке береді:
1) Кәсіпкер осы Шартта көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын және жарамдылыққа сәйкес келетіндігін растайды;
2) Қаржы агенті көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес.
2. Кәсіпкер мыналарды растайды және кепілдік береді:
1) оның бизнесіне, оның қаржылық жағдайына, активтеріне теріс әсерін тигізуі мүмкін және өзінің міндеттемелері бойынша жауап беруге қабілеттілігі туралы қандай да болмасын жағдаяттарға Кәсіпкерге белгісіз екендігін;
2) сондай-ақ Кәсіпкер Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы Шартқа қол қоятын тұлғаға осы Шартты жасауға мүмкіндік беретінін растайды.
3. Кәсіпкер осы Шартты жасау сәтінде осы Шарттың бұзылуына, оның жарамсыз деп танылуына себеп болуы мүмкін негіздердің жоқ екендігін растайды.
4. Кәсіпкер барлық ақпараттың, сондай-ақ оның Қаржы агентіне беретін (ұсынатын) немесе көрсетілетін барлық құжаттамалардың нақты және шындыққа сәйкес екендігі мәлімдейді және растайды. Қаржы агенті берілген немесе берілетін құжаттамалардың нақтылығы мен дәлдігін тексеруге міндетті емес. Жалған, толық емес және/немесе расталмаған мәліметтерді бергені үшін Кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілген.
5. Кәсіпкер осы Шартта қамтылған барлық талаптардың, олармен жасалған іс-қимылдың құқықтық мәнінің айқын әрі түсінікті екендігін мәлімдейді.
16. Қорытынды ережелер
1. Осы Шартқа қол қоюмен Кәсіпкер Қаржы агентіне мыналарға келісім береді:
1) Субсидиялау, оның ішінде банктік және коммерциялық құпияны беру жүзеге асырылатын Қаржы агентінің мүдделі үшінші тұлғаларға Лизинг бойынша осы Шарттың шеңберінде алынған ақпарат пен құжаттарды беруге.
2) Қаржы агентінің бұқаралық ақпарат құралдарында Кәсіпкердің атауын, Жоба іске асырылатын өңірдің атауын, Кәсіпкердің жобасының атауы мен сипаттамасын, сондай-ақ саланы жариялауға.
2. Осы Шарттың ережелері өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың жазбаша түрдегі және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған келісімі бойынша жасалған өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін шынайы және міндетті деп танылады.
3. Осы Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде 6 (алты) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалды. Осы Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында әртүрлі оқулар туындаған жағдайда, Тараптар Шарттың орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алады.
4. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге жағдайларда, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
17. Тараптардың мекенжайлары, деректемелері және қолдары
Қаржылық агент |
Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі |
Кәсіпкер |
Субсидиялау шартына № 1-қосымша
___________ № ___________________
Негізгі борышты өтеу күні |
Негізгі борыш қалдығының сомасы |
Негізгі борышты өтеу сомасы |
1 |
2 |
3 |
Қаржы агенті төлейтін сыйақы сомасы |
Кәсіпкер төлейтін сыйақы сомасы |
Барлығы есептелген сыйақы сомасы |
4 |
5 |
6 |
Қаржы агенті |
Лизингтік компания/Даму/Банкі |
Кәсіпкер |
________________ |
________________ |
________________ |