"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      5. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 168 қаулысымен 
бекітілген     

«Бизнестің жол картасы 2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

1. Паспорт (негізгі параметрлері)

      Ескерту. 1-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 515 қаулысымен.

Атауы

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
19 наурыздағы № 958 Жарлығы;
«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығы;
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі.

Үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органды көрсету

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Мақсаттары

Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру

Міндеттері

1. Ауылдық елді мекендердің, шағын қалалар мен моноқалалардың кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру.
2. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің өндірістік қуатын ұлғайту.
3. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын кеңейту.
4. Өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін ұлғайту.
5. Бәсекеге қабілетті жаңа өндіріс орындарын құру.
6. Халықтың шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылуын ұлғайту.
7. Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты болатын валюталық тәуекелдердің кредиттікке көшуін болдырмау.
8. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.
9. Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру.
10. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру.
11. Іскерлік қатынастарды кеңейту.

Іске асыру мерзімдері

2015 – 2019 жылдар

Нысаналы индикаторлар

Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2020 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:
1. ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5 %-ға жеткізу.
2. ШОК-тың өнім шығару көлемін 2014 жылғы деңгейден  1,5 есеге ұлғайту.
3. Белсенді жұмыс істейтін ШОК субъектілерін 2014 жылғы деңгейден 50%-ға ұлғайту.
4. ШОК-та жұмыс істейтіндердің санын 2014 жылғы деңгейден 50%-ға ұлғайту.

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

1) республикалық бюджет қаражаты:
2015 – 60 531 976 мың теңге;
2016 – 60 250 273 мың теңге;
2017 – 41 342 611 мың теңге;
2018 – 41 342 611 мың теңге;
2019 – 41 342 611 мың теңге;
2) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатынан субсидиялауға 2015 жылы – 7 200 000 мың. теңге, жетіспейтін инфрақұрылымды тартуға 2015 жылы – 9 781 530 мың теңге, 2016 жылы – 15 000 000 мың теңге.

2. Кіріспе

      «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығымен бекітілген Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жалпыұлттық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.
      Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» Стратегиясы» және «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
      Жалпы елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерліктің және, ең алдымен, шағын және орта бизнестің даму жай-күйі мен деңгейіне тәуелді. Мемлекеттің экономикалық өсуіне ықпалын тигізетін бәсекелестіктің дамымауы, материалдық және материалдық емес ресурстарды тиімсіз пайдалану, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейшілік және басқалары сияқты көптеген проблемаларды шешу үшін экономиканың нақ осы секторының әлеуетті мүмкіндіктері өте зор.
      Шағын және орта бизнестің экономиканы әртараптандырудағы рөлі де маңызды. ИИДМБ іске асыру шарттарында ірі өндірістер барған сайын көбірек қалыптастырылатын болады, олардың жұмыс процестеріне шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қатарынан көптеген қосалқы мердігерлер жұмылдырылатын болады. Ауылдарда, шағын қалалар мен моноқалаларда шағын кәсіпкерлік субъектілері тұрғындардың тұтынушылық сұранысын қанағаттандыруға бағдарланған секторларда жұмыс істей отырып, дамуға жаңа түрткі беруге тиіс.
      Осыған байланысты, жеке кәсіпкерлікті қолдау жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажет, олар қаржыландыруға қолжетімділікті жақсартуды, қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуді, құзыретті арттыруға жәрдемдесуді, консультациялық қолдау алуды және кәсіпкерлік бастамаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер тартуды қамтитын болады, бірақ олармен шектелмейді.

       Негізгі терминдер мен анықтамалар

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Осы Бағдарламада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) банк - Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
      2) банктік кредит (бұдан әрі - кредит) - банктік қарыз шартының негізінде мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банк кәсіпкерге беретін ақшалай қаражат сомасы;
      3) даму банкі - «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы және/немесе оның үлестес лизингтік компаниясы;
      4) кепілдік беру - Кәсіпкерлерді Бағдарлама шарттарында және кепілдік шартына сәйкес кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын мемлекеттік қолдау нысаны;
      4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;
      5) ИИДМБ - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
      6) субсидиялау шарты - қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша ішінара субсидиялайды;
      7) микрокредит беру бойынша субсидиялау шарты - микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым мен микроқаржы ұйымы арасында жасалған екіжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым кәсіпкерлердің микроқаржы ұйымы берген микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;
      8) кепілдік шарты - қаржы агенттігі, банк және кәсіпкер арасында кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалған кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;
      9) микрокредит беру бойынша кепілдік шарты - микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым, Банк және микроқаржы ұйымы арасында жасалған кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;
      10) қаржылық лизинг шарты - лизингтік компания/банк және кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;
      11) банктік қарыз шарты - банк пен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит, сондай-ақ Банкте кредиттік желі ашу туралы келісім береді.
      12) Лизингтік компания - Бағдарламаға қатысатын лизингтік компания;
      13) лизингтік мәміле (лизинг) - лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтарымен міндеттерін орнатуға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимылдар жиынтығы;
      14) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі - облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның Бағдарламаны қалада немесе аудандық деңгейде іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі;
      15) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер - 29 жасқа дейінгі (қоса алғанда), жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі кредит алу үшін банкке өтініш берген уақытта кемінде үш жылды құрайтын жеке кәсіпкер. Жас шамасы ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкердің банкке өтініш берген күні айқындалады. Жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкерлердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін жаңа қызмет түрін құрған кезде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен бірге үлестес болуына жол беріледі;
      16) халықаралық шетелдік ұйымдар (бұдан әрі - ХШҰ) - шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыруда және шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнатуда шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарына жәрдем көрсететін және/немесе шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жәрдем көрсетуге бағытталған халықаралық үкіметтік емес ұйымдар;
      17) ісін жаңа бастаған кәсіпкер - жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі банкке/лизингтік компанияға/микроқаржы ұйымына кредит/лизинтік шарт/микрокредит үшін өтініш берген уақыт кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер. Жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкерлердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін жаңа қызмет түрін құрған кезде ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен бірге үлестес болуына жол беріледі;
      18) ЭҚЖЖ (бұдан әрі - Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторлары) - Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары;
      19) қаржылай қолдамайтын оператор - «Сыртқы консультанттарды тарту арқылы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық жобаларын бірлесіп қаржыландыру (ЕҚДБ-ның Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі бағдарламасы)», «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрамдастарын қоспағанда, Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде Кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылық емес қолдауды жүзеге асыратын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
      20) білім беру мекемесі - бизнес-тренингтер өткізу және «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысушылардың шет елдердегі тағылымдамасын консультациялық сүйемелдеу арқылы басшы жұмыскерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру жөнінде қызметтер көрсететін ғылыми ұйым;
      21) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі;
      22) жоба - кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы.
      23) «бір терезе» қағидаты - (азаматтар, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер) мемлекеттік қызметтер көрсетуді алу құқықтарын растайтын түрлі құжаттар мен анықтамаларды әртүрлі сатылардан жинау және әртүрлі сатыларға беру процестеріне өтініш берушілердің қатысуын болдырмауды немесе барынша ықтимал шектеуді көздейтін мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жұмысты ұйымдастыру;
      24) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі - облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде Бағдарламаның іске асырылуына жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
      25) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК) - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган, жалпы санының кемінде 50%-ына бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысады;
      26) субсидиялау - болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде банкке/микроқаржы ұйымына/лизингтік компанияға кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;
      27) субсидия - субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде Қаржы агенттігі/микрокредиттеу жөніндегі уәкілетті ұйым банкке/микроқаржы ұйымына/лизингтік компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;
      28) уәкілетті орган - кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
      29) микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - МУҰ) - ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз пайыз қатысатын, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті ұйым;
      30) қаржы агенттігі - Бағдарлама шеңберінде қаржылай қолдауды іске асыруды және мониторингтеуді жүзеге асыратын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы.
      31) құрауыштардың/құралдың операторы - ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз пайыз қатысатын, Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде қаржылай емес қолдау құрауыштарын/құралдарын іске асыруды жүзеге асыратын ұйым;
      32) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – БЖЗҚ);

3. Ағымдағы ахуалды талдау

      Ескерту. 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 515 қаулысымен.

      Бағдарламаны іске асыру өңірлік жеке кәсіпкерлікті дамытуға және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған.
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудағы 2010 жыл мен 2014 жыл аралығындағы кезеңде экономиканың қолдау көрсетілген шикізат емес секторларының даму көрсеткіштерінде оң үрдістер байқалды. Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру құралдарын пайдалану есебінен мемлекет екінші деңгейлі банктердің өңдеуші өнеркәсіп, көлік және байланыс сияқты салаларға кредит беру көлемін ұлғайтуды ынталандыра алды.
      2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде қолданыстағы кредиттер бойынша - 612,5 млрд. теңге болды, олардың ішінде инвестициялық мақсаттарға арналған қолданыстағы кредиттер қоржыны - 501 млрд. теңге. Алдын ала таратылған деректерге сүйенсек, экономиканың басым секторлары бойынша кредиттердің банктік қоржынының жалпы көлемі - 4 505 млрд. теңге, ал экономиканың барлық секторлары бойынша инвестициялық мақсаттарға берілген кредиттердің жалпы банктік қоржыны - 675,6 млрд. теңге. Осылайша, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қамтуы экономиканың басым секторлары бойынша кредиттік қоржынның жалпы көлемінде 12,2%-ды құрады (бұл экономиканың басым секторларының жалпы қоржынындағы мақұлданған және қол қойылған жобалардың пайызы), бұл ретте «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға берілген кредиттер қоржыны - экономиканың басым секторлары бойынша кредиттердің жалпы қоржынының 81,3%.
      Жалпы 2010 - 2013 жылдар аралығында банктердің өңдеуші өнеркәсіптегі жиынтық кредит қоржыны 1,9 есе (455 млрд. теңгеден 876 млрд. теңгеге дейін), көлік секторында - 1,6 есе (252 млрд. теңгеден 396 млрд. теңгеге дейін), байланыс секторында - 1,8 есе (51 млрд. теңгеден 90 млрд. теңгеге дейін) ұлғайды.
      Осы үш жыл ішінде өңдеуші өнеркәсіпке берілген кредиттердің жиынтық көлемі 2,45 есе (383 млрд. теңгеден 938 млрд. теңгеге дейін), көлік секторына - 1,7 есе (145 млрд. теңгеден 246 млрд. теңгеге дейін), байланыс секторына - 3 есе (22 млрд. теңгеден 66 млрд. теңгеге дейін) өсті.
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында кредит қаражатының соңғы тұтынушысы қаржыландырылған сыйақы мөлшерлемесі бойынша шектеу көзделген (14%-дан аспайды). «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі айтарлықтай төмендеді. 2010 - 2013 жылдар аралығында өңдеуші өнеркәсіпке берілген кредиттер бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме жылдық 12%-дан 9,4%-ға дейін, көлік секторына - жылдық 12,5%-дан 10,2%-ға дейін, байланыс секторына - жылдық 11,9%-дан 7,7%-ға дейін төмендеді.
      Кредит беруді мерзімдерге бөлетін болсақ, жиынтық қоржындағы қысқа мерзімді кредиттердің үлесі 2010 - 2013 жылдары 29 - 33% аралығында құбылып тұрды (2013 жылы - 29%). Кредит беру объектілері бойынша бөлетін болсақ, негізгі үлесі айналым қаражатын толықтыруға тиесілі болды (69%), ал инвестициялық мақсаттарға 7%-ы ғана тиесілі болды. Ұзақ мерзімді кредиттер қоржынының құрылымында айналым қаражатын толықтыру 15%-ды, ал инвестициялық мақсаттарға берілген кредиттер 26%-ды құрады.
      Инвестициялық мақсаттарға берілген қысқа мерзімді кредиттердің мөлшері озыңқы қарқынмен өсіп, өзге факторлармен қатар негізгі капиталға құйылатын инвестициялардың өсуіне ықпалын тигізді, 2010 - 2013 жылдар аралығындағы кезеңде олардың жыл сайынғы көрсеткіші 32%-ға жылына 6 млрд. теңгеге дейін өсті.
      Жыл сайынғы экономиканың басым секторларының негізгі капиталына құйылатын инвестициялардың көлемі 56%-ға 1 740 млрд. теңгеден 2 713 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Екінші жағынан, енгізілген негізгі құралдардың көлемі әртүрлі бағыттағы сипатта болды, ол пайдалануға берілген негізгі құралдардың көлемі әртүрлі бағыттағы сипатта болды, инвестициялық мақсаттарға тартылған қаражаттың жұмыс істеп тұрған негізгі құралдарды реконструкциялауға немесе қолданыстағы кредиттерді қайта қаржыландыруға жұмсалуымен де түсіндіріледі. 2013 жылы экономиканың басым секторларында 1 229 млрд. теңгеге негізгі құралдар енгізілді.
      2010 - 2013 жылдары экономиканың басым секторларында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің шығарылымы өскені байқалды (ауыл шаруашылығын қоспағанда), бірақ өсу қарқыны бәсеңдеді. 2013 жылы бұл көрсеткіштің нақты өсуі 5,1%-ды құрады. Тұтастай алғанда, экономиканың басым секторларында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер шығарылымының өсуі 2013 жылы шамалы болса да артта қалды.
      Қалыптасып отырған ағымдағы жағдайды ескере отырып, мемлекет инвестициялар үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасап отырғанын, алайда айналым қаражатын толықтыруды қалайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау болмай отырғанын көруге болады. Кредит беру құрылымы жөніндегі деректерді негізге ала отырып, Бағдарлама құралдарын осы бағытта кеңейту шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау деңгейін айтарлықтай жоғарылатып, сол арқылы елдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін анағұрлым өсуіне алғышарт жасайды деп айтуға болады.
      2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауылдық жерлерге, шағын қалалар мен моноқалаларға тиесілі банктік кредиттердің үлесі әлі де төмен деңгейде қалып отыр (2013 жылы - 25%). «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы берілген дәл осы әкімшілік бірліктердегі кредиттердің үлесі 30%-ды құрады (933,5 млрд. теңгенің 284 млрд. теңгесі). «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында оң үрдіс байқалып отыр. Айталық, үш жыл ішінде бұл көрсеткіш 4 пайыздық тармаққа ұлғайды. Осылайша, кредит беру нарығы аталған әкімшілік бірліктерде біртіндеп кеңейіп келеді, тиісінше, осы бағытта мемлекеттік қолдау көрсетуді жалғастыру, ал қажет болса ұлғайту керек деген тұжырым жасауға болады.
      Оқыту түрінде қаржылай емес мемлекеттік қолдау көрсету «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына 2011 жылы енгізілді. Осы бағыттың іске асырылған жылдары аталмыш қолдау танымал бола түсті. 2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «Бизнес-кеңесші» және «Бизнес-өсу» жобаларына 75 мың тыңдаушы, «Жас кәсіпкер мектебі» жобасына 2 109 қатысушы қатысты. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» жобасы бойынша - 1 263 кәсіпкер, «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша - 2 253 кәсіпкер оқытылды, солардың ішінде 324 кәсіпкер АҚШ және Германияда тағылымдамадан өтті; «Аға сеньорлар» құрауышының шеңберінде 62 миссия жүзеге асырылды. Бұдан басқа, «Бизнес-насихат» құрауышы шеңберінде 2013 - 2014 жж. республикалық телеарналар эфиріне «Табыс тарихы» бағдарламасының 24 көрсетілімі «КТК» телеарнасында орыс тілінде шықты, «31 арна» арнасында қазақ және орыс тілдерінде 10 арнайы репортаж және «Қазақстан» арнасында 10 репортаж; «7» арна және «Астана» арналарында «Бизнес аймағы» бағдарламасының 10 көрсетілімі шығарылды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы халқы арасында кәсіпкерлікті дәріптеуге бағытталған 40 ақпараттық-білім беру бейнероликтері түсірілді. Мемлекеттік қолдау шаралары туралы БАҚ-та 3700-нан аса материал орналастырылды, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде іске асқан жобалар бойынша 36 баспасөз-туры өткізілді. Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін дәрістер, шеберлік сыныптары өткізілді, оларда 1650 адамнан астам оқытылды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын түсіндіру бойынша 360 мың дана лифлеттер шығарылды.
      Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жасау бойынша жұмыс жүргізілді. Айталық, 2014 жылғы 1 желтоқсанда облыс орталықтары мен ірі қалаларда 17 кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды, оларда 68 мың кәсіпкерге 111 мыңнан астам консультация берілді. Моноқалаларда 27 кәсіпкерлікті қолдау орталығында 27 мыңнан астам кәсіпкерге 50,3 мың консультация берілді. Шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы 161 кәсіпкерлікті қолдау орталығында 36,3 мың клиентке 62,8 мыңнан астам консультация берілді. Өңірлік деңгейде 14 ұтқыр кәсіпкерлікті қолдау орталығы жұмыс істейді, оларда 16,8 мың кәсіпкерге 26,8 мың көшпелі консультация көрсетілді. Бұдан басқа, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметіне сервистік қолдау көрсетіледі. Айталық, 45,6 мың кәсіпкерге 159,6 мың қызмет көрсетілді, бұл ретте осы жұмысқа 52 сервистік компания тартылды.
      Осылайша, ағымдағы жағдайды талдау Бағдарлама ірі қалалардан тыс шағын және орта кәсіпкерлікті нысаналы қолдауға және кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуді көздеуге тиіс.
      Бағдарлама шеңберінде «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бағыты бойынша қаржыландырылуға қол жетімділікті арттыру, жобалардың өндірістік қуатын арттыру, ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда, кәсіпкерлердің бизнес бастамалары мен олардың жобаларын кеңейту сияқты проблемалық мәселелер шешілетін болады.
      Моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлердің қаржыландыруға қол жетімділігін арттыру үшін банктердің кредиттері және микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің кәсіпкерлер мен микроқаржы ұйымдарына берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру, микрокредиттер беру жүзеге асырылатын болады.
      Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлердің өндірістік қуаттылығын арттыру үшін ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің жобаларына жеткіліксіз инфрақұрылымды жеткізу шаралары жүзеге асырылатын болады.
      Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын кеңейту үшін мемлекеттік гранттар беру жүзеге асырылатын болады.
      Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында кәсіпкерлікті дамыту өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту, бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру, шағын және орта кәсіпкерлікте халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайту міндеттерін шешеді.
      Өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту үшін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру шаралары жүзеге асырылатын болады.
      Бәсекеге қабілетті жаңа өндіріс орындарын құру үшін кәсіпкерлердің жобаларын және индустриялық аймақтарды жетіспейтін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.
      Шағын және орта кәсіпкерлікте халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру, кәсіпкерлер жобаларының және индустриялық аймақтардың жетіспейтін инфрақұрылымын қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.
      Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдіктердің кредиттікке өзгеруін болдырмау үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетел валюталарында субсидиялау жүзеге асырылатын болады.
      Кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету жөніндегі проблемаларды шешу кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің құзыретін арттыру, кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру, іскерлік байланыстарды кеңейту болады.
      Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету үшін «Бизнес-насихат» жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жүзеге асырылатын болады.
      Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру үшін кәсіпкерлік қызметтің негіздерін оқыту, мамандардың, кәсіпорынның топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, рұқсат құжаттары мен техникалық шарттар алу мәселелері бойынша консультациялар беру жүзеге асырылатын болады.
      Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру үшін басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиясы, өнімділікті арттыру және кәсіпорынның энергия қуатын үнемдеу, сондай-ақ кәсіпорындарды технологиялық дамыту мәселелері бойынша сырттан консультанттар тарту жүзеге асырылатын болады.
      Іскерлік байланыстарды кеңейту үшін шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату және отандық өңделген тауарларды жылжыту жүзеге асырылатын болады.

4. Бағдарламаның мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 515 қаулысымен.

      4.1 Бағдарламаның мақсаты

      1. Бағдарламаның мақсаты өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады.

      4.2 Нысаналы индикаторлар

      2. 2020 жылға қарай қол жеткізілетін Бағдарламаның нысаналы индикаторлары:
      1) ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5%-ға жеткізу;
      2) ШОК өнімін шығару көлемін 2014 жылдың деңгейінен 1,5 есеге ұлғайту;
      3) белсенді жұмыс істейтін ШОК субъектілерін 2014 жылдың деңгейінен 50%-ға ұлғайту;
      4) ШОК-та жұмыс істейтіндердің санын 2014 жылдың деңгейінен 50%-ға ұлғайту.

       4.3 Міндеттері

      Ескерту. 4.3-кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.08.2016 № 515 қаулыларымен.

      3. Бағдарламаның мақсаттары мен нысаналы индикаторларына жету үшін жұмыс мынадай төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады:
      1) моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;
      2) экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау;
      3) кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;
      4) кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын көрсету.
      Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау.
      Осы бағыттың шеңберінде мынадай міндеттерді шешу қажет:
      1) моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру;
      2) моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлері жобаларының өндірістік қуаттарын ұлғайту;
      3) моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлердің жаңа бизнес-бастамаларын кеңейту.

      1-міндет: Моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру
      Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділігін арттыру үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары және микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге және микроқаржы ұйымдарына берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру, микрокредиттер беру жүзеге асырылатын болады.
      1-кесте: Моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру бойынша нысаналы көрсеткіштер 

P/с №

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат дереккөзі

Іске асыру жылдары

Жауапты орындаушылар

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі субсидияланған жобалардың саны

бірлік

ҰЭМ деректері

578

300

300

300

300

1778

ҰЭМ, «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша)

2

Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде берілген кепілдіктердің саны

бірлік

ҰЭМ деректері

115

100

100

100

100

515

ҰЭМ, «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша)

3

Моноқалаларда, шағын қалалар мен және ауылдық елді мекендерде берілген микрокредиттердің саны

бірлік

ҰЭМ деректері

233

264

300

300

300

1397

ҰЭМ, ЖАО, АО «АШҚҚҚ» АҚ (келісім бойынша)

      2-міндет: Моноқалалар, шағын қалалар және ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің өндірістік қуаттарын арттыру
      Моноқалалар, шағын қалалар және ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің өндірістік қуаттарын арттыру үшін ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жүзеге асырылатын болады.
      2-кесте: Кәсіпкерлерді қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

P/с №

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат дереккөзі

Іске асыру жылдары

Жауапты орындаушылар

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны


1

Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жобаларының саны

бірлік

ҰЭМ деректері

8

10

10

12

12

52

ҰЭМ, ЖАО

      3-міндет: Моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын кеңейту
      Моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын кеңейту үшін мемлекеттік гранттар беру жүзеге асырылатын болады.
      3-кесте: Моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын кеңейту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер 

P/с №

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат дереккөзі

Іске асыру жылдары

Жауапты орындаушылар

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлеріне берілген гранттардың саны

бірлік

ҰЭМ деректері

103

100

100

100

100

503

ҰЭМ, ЖАО

      Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау.
      Осы бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу қажет:
      1) өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту;
      2) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру;
      3) шағын және орта кәсіпкерлікте халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту.

      4-міндет: Өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту;
      Өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары тік мәмілелер және микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын болады.
      4-кесте: Өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер 

P/с №

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат дереккөзі

Іске асыру жылдары

Жауапты орындаушылар

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында субсидияланған жобалардың саны

бірлік

ҰЭМ деректері

5330

5992

6792

7592

8392

34098

ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша)

2

Экономиканың басым секторларына және өңдеуші өнеркәсіп салаларына берілген кепілдіктер саны бірлік

бірлік

ҰЭМ деректері

1531

1500

3000

3200

3400

12631

ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша)

3

Экономиканың басым секторларына және өңдеуші өнеркәсіп салаларына берілген гранттар саны

бірлік

ҰЭМ деректері

80

80

180

180

180

700

ҰЭМ, ЖАО

4

Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру ұсынылған (толық қаржыландырылған) жобалардың саны

бірлік

ИДМ деректері

3

-

-

-

-

3

ИДМ,«БРК-Лизинг» АҚ (келісім бойынша)

      5-міндет: Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру
      Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру үшін кәсіпкерлердің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.
      5-кесте: Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

P/с №

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат дереккөзі

Іске асыру жылдары

Жауапты орындаушылар

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген кәсіпкерлер жобаларының саны

бірлік

ҰЭМ деректері

63

28

5

5

5

106

ҰЭМ, ЖАО

2

Қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген индустриялық аймақтардың саны

бірлік

ҰЭМ деректері

8

6

1

2

2

19

ҰЭМ, ЖАО

      6-міндет: Шағын және орта кәсіпкерлікте халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту
      Шағын және орта кәсіпкерлікте халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру, кәсіпкерлердің жобаларын және индустриялық аймақтарды жетіспейтін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.
      6-кесте: Шағын және орта кәсіпкерлікте халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер 

P/с №

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат дереккөзі

Іске асыру жылдары

Жауапты орындаушылар

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтуды 2014 жылдың деңгейінен ұлғайту

%

ҰЭМ деректері


-

10

-

30

40

40

ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

      Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін азайту
      Осы бағыттың шеңберінде шетелдік валюталардың ауытқуларына қарамастан валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау жөніндегі міндетті шешу қажет:

      7-міндет: Шетелдік валюталардың ауытқуларына қарамастан валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау
      Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетелдік валюталарда субсидиялау жүзеге асырылатын болады.
      7-кесте: Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау жөніндегі нысаналы көрсеткіштер 

P/с №

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат дереккөзі

Іске асыру жылдары

Жауапты орындаушылар

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында валюталық түсімді иеленген кәсіпкерлердің субсидияланған жобаларының саны

бірлік

ҰЭМ деректері

16

56

56

56

56

240

ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша)

      Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын көрсету
      Осы бағыттың шеңберінде мынадай міндеттерді шешу қажет:
      1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
      2) кәсіпкерлердің құзыретін арттыру;
      3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;
      4) іскерлік байланыстарды кеңейту.

      8-міндет: Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету
      Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету үшін «Бизнес-насихат» жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жүзеге асырылатын болады.
      8-кесте: Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

P/с №

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат дереккөзі

Іске асыру жылдары

Жауапты орындаушылар

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Әзірленген және көп таралған ақпараттық-талдамалық анықтамалар мен оқу-әдістемелік құралдардың саны

бірлік

ҰЭМ деректері

4000

2600

2600

2600

2600

14400

ҰЭМ, ҰКП (келісім бойынша)

2

Сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарында өтетін телебағдарламалардың ұйымдастырылған сериялар саны

бірлік

ҰЭМ деректері

12

15

15

20

20

82

ҰЭМ, ҰКП (келісім бойынша)

3

Ұйымдастырылған дәрістер, семинарлар, шеберлік сыныптар саны

бірлік

ҰЭМ деректері

21

16

16

32

32

117

ҰЭМ, ҰКП (келісім бойынша)

      9-міндет: Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру
      Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру үшін кәсіпкерлік қызметтің негіздерін оқыту, мамандардың, кәсіпорындардың топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлікті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, кәсіпорындардың құзыретін арттыру, рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша консультациялар беру жүзеге асырылатын болады.
      9-кесте: Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер 

P/с №

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат дереккөзі

Іске асыру жылдары

Жауапты орындаушылар

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Оқытылған кәсіпкерлердің саны

бірлік

ҰЭМ деректері

15 005

15 000

15 000

15 000

15 000

75 005

ҰЭМ, ҰКП (келісім бойынша)

2

Сервистік қызмет көрсетілген кәсіпкерлердің саны

бірлік

ҰЭМ деректері

35 174

30 000

30 000

30 000

30 000

155 174

ҰЭМ, ҰКП (келісім бойынша)

3

Кәсіпкерлердің қызметкерлерді оқыту жөніндегі, сондай-ақ шетелдік сарапшыларды шақыру жөніндегі көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге жұмсаған шығындары өтелген жобалардың саны

бірлік

ИДМ деректері

1

2

2

2

2

9

ҰЭМ, ҰКП (келісім бойынша)

4

Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру кезінде жұмсалған шығындары өтелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны

бірлік

ИДМ деректері

12

13

10

10

10

55

ИДМ, «КИДИ» АҚ (келісім бойынша)

5

Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша консультациялар алған кәсіпкерлер саны

бірлік

ҰЭМ деректері

-

500

500

500

500

2000

ҰЭМ, ҰКП (келісім бойынша)

      10-міндет: Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру
      Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру үшін жаңа басқару тәсілдерін енгізу, өндіріс технологиялары (аға сеньорлар), өнімділікті арттыру және кәсіпорындардың энергия қуатын үнемдеу (ЕҚДБ-ның Қазақстан Республикасы шағын және орта кәсіпкерлерін қолдау жөніндегі бағдарламасы), сондай-ақ кәсіпорындарды технологиялық дамыту мәселелері бойынша сырттан консультациялар тарту жүзеге асырылатын болады.
      10-кесте: Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

P/с №

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат дереккөзі

Іске асыру жылдары

Жауапты орындаушылар

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Жаңа басқару тәсілдерін, өндірістің технологияларын енгізу, өнімділікті арттыру және кәсіпорынның энергия үнемдеу мәселелері бойынша тартылған сыртқы консультанттардың саны

бірлік

ҰЭМ деректері

180

48

64

64

64

420

ҰЭМ, ҰКП (келісім бойынша)

2

Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау кезінде жұмсалған шығындары өтелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны

бірлік

ИДМ деректері

5

3

3

3

3

17

ИДМ, «КИДИ» АҚ (келісім бойынша)

3

Технологиялық процестерді жетілдіру кезінде жұмсалған шығындары өтелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны

бірлік

ИДМ деректері

8

9

10

10

10

47

ИДМ, «КИДИ» АҚ (келісім бойынша)

4

Өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыру кезінде кәсіпкерлердің жұмсаған шығындары өтелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны

бірлік

ИДМ деректері

1

4

3

3

3

14

ИДМ, «КИДИ» АҚ (келісім бойынша)

5

Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және басқалары) сәйкес өнімді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау кезінде жұмсалған шығындары өтелген кәсіпкерлердің саны

бірлік

ИДМ деректері

25

23

23

23

23

117

ИДМ, «NADLoC» АҚ (келісім бойынша)

      11-міндет: Іскерлік байланыстарды кеңейту
      Іскерлік байланыстарды кеңейту үшін шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату («Іскерлік байланыстар» құралы) және отандық өңделген тауарларды жылжыту шаралары жүзеге асырылатын болады.
      11-кесте: Іскерлік байланыстарды кеңейту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

P/с №

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат дереккөзі

Іске асыру жылдары

Жауапты орындаушылар

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Шет мемлекеттерге жіберілген кәсіпкерлер саны

бірлік

ҰЭМ деректері

37

30

30

30

30

157

ҰЭМ, ҰКП (келісім бойынша)

 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен
міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар

      Ескерту. 5-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 515 қаулысымен.

      Бірінші бағыт: моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау

      4. Бағдарламаның бірінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді:
      1) Банктердің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау;
      2) Банктердің/Даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
      3) мемлекеттік гранттар беру;
      4) шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредит беру;
      5) жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;
      6) микроқаржы ұйымдарының Банктер алдындағы кредиттеріне ішінара кепілдік беру.
      5. Жеке және тиімді жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қатысушылар бола алады.
      Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру құралы бойынша Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде жеке және тиімді жобаларын елдің барлық өңірлерінде салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер қатысушылар бола алады.
      Мемлекеттік гранттар беру құралы бойынша Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және өңдеуі өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде жеке жобаларын салалық шектеулерсіз іске асыруды жоспарлап отырған шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар қатысушылар бола алады.
      Моноқалалар мен шағын қалалардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында айқындалған.
      Бағдарлама шеңберінде қолдау шараларын іске асыру мақсаттары үшін моноқалалар мен шағын қалаларға, сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға жатпайтын елді мекендер ауылдық елді мекендер деп танылады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5-1. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы бойынша айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) жобаның іске асырылатын орнына қарамастан әрі шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің тіркелген орнын есепке алмай салалық шектеулерсіз ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен кредиттер алған (алатын) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері де қатысушылар бола алады.
      Ескерту. Кіші бөлім 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың
кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау

      6. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. ӨҮК-нің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін көздейтін жобалар жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп түсініледі.
      Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер бойынша жоба іске асырылғаннан кейін жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, кірістердің өсуі, бюджетке төленетін салықтар көлемінің тиісті көрсеткіштерден 10 %-ға өсуі талап етілмейді.
      Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде бұрын банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.12.2015 № 1001; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      6-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.
      Ескерту. Кіші бөлім 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      7. Жобаны ӨҮК-ге шығарғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім бірінші кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) және Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес келетін банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер субсидиялауға жатады.
      7-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.
      Ескерту. Кіші бөлім 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерді субсидиялау жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылатын, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:
      1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;
      2) БЗЖҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және олармен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті ескермей есептеледі.
      10. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. 180 млн. теңгеден астам кредит/қаржылық лизинг шарты бар кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етілуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10%-нан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
      Кәсіпкердің жобаға өз қаражатымен (ақшалай қаражатымен/жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысу шарттары, оның ішінде кәсіпкердің оны растауы жөніндегі мерзімдер ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
      12. Кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
      13. Сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
      14. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2015 № 368 қаулысымен.
      14-1. Кредитті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен субсидиялау кезінде кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 18 (он сегіз) айдан аспайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды. Егер бiр жоба бойынша бiрнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
      Ескерту. Кіші бөлім 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 11.12.2015  № 1001 қаулысымен.
      15. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-нің мақұлдауын алған жобалары бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында басқа банктерде/лизингтік компанияларда қайта қаржыландырылуы мүмкін.
      16. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржылық агенттік қайта қаржыландыру жүзеге асырылған банкте/даму банкінде/лизингтік компанияда алғашқы субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
      17. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне аудару арқылы республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      18. Бағдарлама шеңберінде банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар мыналарды:
      1) Кәсіпкердің бастамашы болған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланысты жағдайларды;
      2) Кәсіпкердің кредит/ қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді;
      3) лизинг нысанын тәуелсіз бағалауды, лизинг нысанын сақтандыруды, кепіл шартын тіркеуді және ауыртпалықты алуды жүргізуге байланысты жағдайларды;
      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту, лизинг нысанын арнайы органдардың тіркеу қызметтері, банктердің көрсететін қызметтері және т.б. сияқты көрсететін қызметтерін өтеу) жағдайларды қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алмайды.
      19. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржы жылы өтейді.
      20. Қалқымалы сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер де субсидиялауға жатады. Бұл ретте сыйақының пайыздық мөлшерлемесі Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде белгіленген шекті мәндерден асып кеткен жағдайда, осы кредит бойынша субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.
      21. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің/кәсіпкерлердің лизингтік компанияларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары бойынша регламенттеледі.

      Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара
кепілдік беру

      22. Кепілдік тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша ғана беріледі.
      Қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін көздейтін жобалар тиімді жобалар деп түсініледі.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      22-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де кепілдендіруге жатады.
      Ескерту. Кіші бөлім 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      22-2. Кепілдік жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.
      Ескерту. Кіші бөлім 22-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      23. Айналым қаражатын қаржыландыру:
      1) айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге бағытталған кредит;
      2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылған жағдайда ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгені қоса алғанға дейінгі банктердің кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      24. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін:
      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит сомасы 20 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы ісін жаңа бастаған бір кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі;
      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85%-ынан аспайды;
      3) ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қаражатының 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға жіберілген 20 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
      25. Жұмыс істеп тұрған Кәсіпкер үшін:
      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит сомасы 180 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі;
      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50%-ынан аспайды;
      3) ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша, сондай-ақ қаражатының 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға жіберілген 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
      26. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      27. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайды.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      28. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша даму банкінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13%-дан аспайды.
      29. Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беруді қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне бөлу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      30. Кредиттің нысаналы пайдаланбау, Бағдарлама шарттарының бұзылуы, қаржы агенттігінің кепілдік беру туралы шешімінде белгіленген шарттардың орындалмау фактілері анықталған жағдайда, қаржы агенттігі кепілдіктің күшін жояды.
      31. Кепілдіктің күшін жою туралы ақпаратты қаржы агенттігі негіздемемен және растайтын құжаттармен бірге күшін жою туралы шешім қабылданған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынады.
      32. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.

      Мемлекеттік гранттар беру

      33. Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
      34. Мемлекеттік гранттар моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға салалық шектеулерсіз беріледі.
      35. Бір кәсіпкер үшін ең жоғары грант сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды. Грант нысанында қолдау шараларын қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне бөлу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      36. Мемлекеттік гранттарды мемлекет шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан асқан тұлғалардың мемлекеттік гранттар беруге арналған өтінімдерін іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы береді. Бұл ретте Бағдарлама шеңберінде оқыту құрауыштары сертификатының болуы конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      37. Конкурсты өткізу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері гранттар беруге үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан асқан тұлғалардың жобаларының өтінімдерін іріктеу жөнінде конкурстық комиссия құрады және оның құрамын бекітеді. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары Кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың біртұтастығы, ұсынылатын құжаттардың жан-жақтылығы мен толықтай зерттелуі, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.
      38. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан асқан тұлғалардың бизнес-жобасын бағалаудың мынадай критерийлерінің негізінде ұсынымдар береді:
      1) бизнес идеялардың жаңашылдығы (мүгедектер үшін қолданылмайды);
      2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау - маркетингтік талдау);
      3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге әзірлігі (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру, өткізу нарығы үшін үй-жайдың болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі);
      4) бизнес-жобаның міндетті шарттары шағын кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкердің, сондай-ақ әйелдің, мүгедектің және 50 жастан асқан тұлғаның оны іске асыру шығыстарын ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен бірлесіп қаржыландыруы, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.
      Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.10.2015 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      39. Шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан тұлғалар жаңа жұмыс орындарын құруға және грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануға тиіс:
      1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;
      2) материалдық емес активтерді сатып алу;
      3) технологияларды сатып алу;
      4) франшиза құқықтарын сатып алу;
      5) зерттеу жұмыстарына, жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.
      Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.10.2015 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      40. Грант қаражатын жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеу ретінде пайдалануға болмайды.
      41. Мемлекеттік гранттар беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарламаның шеңберінде Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында регламенттеледі.

      Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру

      42. Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен кредит беру үшін ӨҮК шешімімен айқындалатын МУҰ-ға беріледі.
      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      43. Микрокредиттер жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту және айналым капиталын толықтыру үшін салалық шектеулерсіз беріледі.
      44. Микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге берілмейді.
      45. Микрокредиттің ең көп сомасы бір қарыз алушыға 10 000 000 (он миллион) теңгеден аспайды.
      46. Соңғы қарыз алушы үшін микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 10%-дан аспауға тиіс.
      47. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредит Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мынадай шарттарда беріледі:
      1) қайтарымдылық, жеделдік және ақылы негізде 0,01% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 5 жылға;
      2) кредит беру мерзімі - 5 жылдан аспайды;
      3) игеру кезеңі - Бағдарламаның Өңірлік Үйлестірушісі бюджеттік кредит алған кезден бастап 5 жыл;
      4) бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуы - жеке істі ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым капиталын толықтыру;
      5) МУҰ/кредит бойынша микроқаржы ұйымы кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу жөнінде жеңілдік кезеңін ұсынуы мүмкін.
      48. Бағдарламаны өңірлік үйлестіруші МУҰ-ға кредит береді және онымен кредит беру туралы келісім жасасады. МУҰ үшін кредит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01% мөлшерінде белгіленеді.
      49. Микроқаржы ұйымдарына арналған кредит бойынша жылдық ең үлкен номиналды сыйақы мөлшерлемесін МУҰ белгілейді, бірақ ол 4 %-дан аспайды.
      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2015 № 368 қаулысымен.
      50. МУҰ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидаларында айқындалатын өлшемшарттарға сәйкес ХҚҰ-ға кредиттік ресурстар береді.
      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      51. Кредит ресурстары микроқаржы ұйымдарына мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, нысаналы пайдалану және қамтамасыз ету шарттарында не қаржылық орнықты микроқаржы ұйымдарына үшін қамтамасыз етусіз беріледі.
      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      52. Микрокредиттер беру мынадай тәсілмен жүзеге асырылады:
      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарлама шеңберінде микрокредит беру мәселесі бойынша консультациялар aлу үшін МУҰ-ға және (немесе) микроқаржы ұйымдарына өтініш білдіреді;
      2) шағын кәсіпкерлік субъектісі жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және МУҰ-ға, Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған микроқаржы ұйымына микрокредит алуға өтініммен жүгінеді (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап өтінімдерді қабылдауды Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған микроқаржы ұйымы жүзеге асырады);
      3) МУҰ, микроқаржы ұйымы жобаға бағалау жүргізеді, қорытынды береді және микрокредит берудің мүмкін (немесе мүмкін емес) екені туралы шешім қабылдайды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жобаны бағалауды, қорытынды беруді және микрокредит берудің мүмкін (немесе мүмкін емес) екені туралы шешім қабылдауды микроқаржы ұйымы жүзеге асырады);
      4) микроқаржы ұйымы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 30-күніне дейінгі мерзімде МУҰ-ға Бағдарлама шеңберінде берілген микрокредиттер бойынша ақпарат береді.
      «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер беру қағидаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, МУҰ-ның шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер беруіне жол берілмейді.
      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      53. МУҰ мониторингті жүзеге асырады және Микрокредит беру қағидаларында көзделген нысан бойынша Уәкілетті органға тоқсан сайынғы есеп береді.
      54. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидаларымен регламенттеледі.

      Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      55. Шағын кәсіпкерлік субъектілері микроқаржы ұйымдарынан бюджеттен тыс көздерден алған микрокредиттер микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялауға жатады.
      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      56. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды салалық шектеулерсіз шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда іске асыруға берілетін жаңа микрокредиттер бойынша қаржы агенттігі жүзеге асырады.
      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      57. Тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, жылжымайтын тұрғын үйді, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге жіберілген микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жол берілмейді.
      58. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      59. Айналым қаражатын толықтыруға берілетін микрокредиттер де субсидиялауға жатады.
      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      60. Жаңартылатын негізде берілген айналым қаражатын толықтыруға бағытталған микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жол берілмейді.
      61. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын микрокредиттер сомасы бір шағын кәсіпкерлік субъектісі үшін 10 млн. теңгеден аспайды.
      62. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 20 %-дан аспайтын микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады, олардың 10 %-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын шағын кәсіпкерлік субъектісі төлейді. Бұл ретте «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға дайындық мақсатында көрмелерге, симпозиумдарға, көрсетілімдерге, конкурстарға қатысуға алынған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттері бойынша субсидиялау мөлшерлемесі 14 %-ды құрайды.
      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      63. Бағдарлама шеңберінде микроқаржы ұйымдары:
      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі бастамашы болған кредит беру шарттарын өзгертуге байланысты жағдайларды;
      2) шағын кәсіпкерлік субъектісінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын жағдайларды қоспағанда, қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе микрокредитке байланысты өзге де төлемдерді алмайды.
      64. Қолданыстағы микрокредитті субсидиялау туралы шешім қабылданған жағдайда микроқаржы ұйымдары бұдан бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржы жылы өтейді.
      65. Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру уәкілетті органның қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін бөлінген қаражаттың барлық сомасын аударуы жолымен республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      66. Қаржы агенттігі микроқаржы ұйымдарын Бағдарлама шеңберінде микрокредиттерді субсидиялау мәселелері бойынша хабардар етеді.
      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      67. Микроқаржы ұйымы шағын кәсіпкерлік субъектілерін Бағдарлама шеңберінде микрокредиттерді субсидиялау шарттары туралы хабардар етеді.
      68. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      69. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      70. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      71. ӨҮК жобаларды мақұлдау/мақұлдамау жөнінде шешім қабылдайды.
      72. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      73. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      74. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      75. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      76. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында регламенттеледі.
      Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы кредиттеріне
ішінара кепілдік беру

      77. Ішінара кепілдік беру моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлеріне кейіннен микрокредит беру мақсатында банктерден айналым қаражатын толықтыруға алынған микроқаржы ұйымдарының жаңа кредиттер бойынша ғана беріледі.
      78. Микроқаржы ұйымдары үшін ішінара кепілдікті қаржы агенттігі береді.
      Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      79. Микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы кредиттеріне кепілдік беруді қаржыландыру уәкілетті орган мен қаржы агенттігі арасында тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      80. Микроқаржы ұйымдары үшін:
      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит сомасы 500,0 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы бір микроқаржы ұйымы үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі.
      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 100%-ына жетуі мүмкін;
      3) берілетін кепілдік мерзімі 3 (үш) жылдан аспайды;
      4) Банктердің кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі 16%-дан аспайды.
      81. Микроқаржы ұйымдары үшін кепілдік ақылы негізде беріледі. Кепілдіктер бергені үшін микроқаржы ұйымдары кепілдік беру сомасының 2%-ына дейінін қайтарады.
      82. Кредиттің нысаналы пайдаланылмауы, Бағдарлама шарттарының бұзылуы, қаржы агенттігінің кепілдіктер беру туралы шешімінде белгіленген шарттардың орындалмауы фактілері анықталған жағдайда қаржы агенттігі кепілдіктің күшін жояды.
      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      83. Микроқаржы ұйымы ішінара кепілдік алу үшін банкке қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит алуға өтініш береді.
      Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      84. Банк өз бетінше ішкі құжаттарда белгіленген рәсімге сәйкес микроқаржы ұйымының қызметіне бағалау жүргізеді және ұсынылған ақпарат пен кепіл мүлкін бағалау туралы қорытындының негізінде қамтамасыз етудің кепіл құнына бағалау жүргізеді, одан кейін қаржы агенттігінің кепілдігімен микроқаржы ұйымын қаржыландыру не қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Микроқаржы ұйымын қаржыландыру жөнінде оң шешім қабылданған жағдайда банк 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне кепілдік беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды жібереді.
      Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      85. Қаржы агенттігі 10 (он) жұмыс күні ішінде банк ұсынған құжаттарды қарайды және ішінара кепілдік беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды. Ішінара кепілдік беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда қаржы агенттігі банкке кепілдік берудің мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хат жібереді.
      Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      86. Қаржы агенттігінің оң шешімі туралы хатын алғаннан кейін банк микроқаржы ұйымына қажетті кепілдік сомасының есептемесін көрсете отырып, жасалатын кредит шарттары туралы тиісті хат ұсынады.
      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      87. Банк пен микроқаржы ұйымы арасында тиісті кредит шарты жасалғаннан кейін банк, қаржы агенттігі және микроқаржы ұйымы микрокредит беру жөнінде кепілдік шартына қол қояды.
      Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      88. Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында уәкілетті орган кезекті жылдың басында қаржы агенттігіне микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне кепілдік беруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ын аударады.
      Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      89. Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі кепілдік шарттарының жасалуына қарай жылдың басында қаржы агенттігіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін қаржы агенттігіне аударылады.
      Ескерту. 89-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      90. Қаржы агенттігі жасалатын кепілдік шарттары бойынша ақы төлеу үшін тиісті қаржы жылына бөлінген бюджет қаражаты шегінде ғана жобалар бойынша құжаттарды қабылдайды. Бұл жағдайда кепілдік шартын жасасу фактісі бюджет қаражатын игеру болып табылады.
      Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      91. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      92. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде микроқаржы ұйымдарының Банктер алдындағы кредиттеріне ішінара кепілдік беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Банктердің микроқаржы ұйымдарына кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.

      Екінші бағыт: экономиканың басым секторларында және
өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметті жүзеге асыратын
кәсіпкерлерді салалық қолдау

      93. Бағдарламаның екінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді:
      1) банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
      2) банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
      3) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;
      4) индустриялық аймақтары құру;
      5) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру.
      Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      94. Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар:
      1) Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында;
      2) Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында өз жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған тиімді кәсіпкерлер болып табылады.
      Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Банктердің/даму банкінің/Лизингтік компаниялардың
кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялау

      95. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.
      Тиімді инвестициялық жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп:
      1) кәсіпкерлердің Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) өтініш бергенге дейінгі өткен 3 (үш) жылда кірістерінің өсуіне және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінің;
      2) ӨҮК шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін қамтамасыз ететін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі.
      Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға бағытталған, БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қаржыландыруға бағытталған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар қолданылмайды.
      Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      95-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.
      Ескерту. Кіші бөлім 95-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      95-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобалар Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе Бағдарламаға
2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.
      Ескерту. Кіші бөлім 95-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      96. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде ішінде бұрын банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.
      Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда- ҚР Үкіметінің 11.12.2015
№ 1001 қаулысымен.
      97. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім бірінші кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген және Бағдарлама критерийлеріне сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.
      98. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерді субсидиялау жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылатын, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:
      1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;
      2) БЗЖҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.
      Ескерту. 98-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      99. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті жаңарту мүмкіндігінің шарты ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.
      100. 180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша Кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/ жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етілуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10%-нан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
      101. Кәсіпкердің жобаға өз қаражатымен (ақшалай қаражатымен/жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысу шарттары, оның ішінде кәсіпкердің оны растауы жөніндегі мерзімдер ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
      102. Кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
      103. Сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
      104. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және олармен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті ескермей есептеледі.
      105. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
      Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2015 № 368 қаулысымен.
      105-1. Кредитті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен субсидиялау кезінде кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 18 (он сегіз) айдан аспайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды. Егер бiр жоба бойынша бiрнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
      Ескерту. Кіші бөлім 105-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 11.12.2015 № 1001 қаулысымен.
      106. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-нің мақұлдауын алған жобалары бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында басқа банктерде/лизингтік компанияларда (даму банкінде) қайта қаржыландырылуы мүмкін.
      107. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі Қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған банкте/даму банкінде/лизингтік компанияда алғашқы субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
      108. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 7 %-ына мемлекет өтемақы төлейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
      Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      109. ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, олардың 10 %-ына мемлекет өтемақы төлейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
      Ескерту. 109-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      110. Даму банкінің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13%-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, олардың 5%-ына мемлекет өтемақы төлейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
      111. Қалқымалы сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер де субсидиялауға жатады. Бұл ретте сыйақының пайыздық мөлшерлемесі Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде белгіленген шекті мәндерден асып кеткен жағдайда, осы кредит бойынша субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.
      112. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне аудару арқылы республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      113. Бағдарлама шеңберінде банк/даму банкі/лизингтік компания мынадай:
      1) кәсіпкер бастамашы болған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;
      2) кәсіпкердің кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алу;
      3) лизинг нысанын тәуелсіз бағалауды, лизинг нысанын сақтандыруды, кепіл шартын тіркеуді және ауыртпалықты алуды жүргізуге байланысты;
      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (кедендік тазарту, лизинг нысанын арнайы органдардың тіркеу қызметтері, банктердің көрсететін қызметтері және т.б. сияқты басқа ұйымдардың көрсететін қызметтерін өтеу) жағдайларды қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алмайды.
      114. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржы жылы өтейді.
      115. Қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары бойынша субсидиялауға рұқсат етіледі. Бұл ретте қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу мынадай критерийлерге сәйкес болуға тиіс:
      1) 5 мың шаршы метрден кем емес сауда алаңымен Астана және Алматы қалаларында;
      2) 2 мың шаршы метрден кем емес сауда алаңымен облыстарда;
      3) деңгейлерінің көлемі 2-ден кем емес, тұрақ коэффициенті сауда алаңының 40 шаршы метріне 1 орыннан кем емес.
      Ескерту. 115-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      116. Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің/кәсіпкерлердің лизингтік компанияларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

      Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара
кепілдік беру

      117. Ішінара кепілдік беру жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша ғана ұсынылады.
      Тиімді инвестициялық жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп:
      кәсіпкердің 180 млн. теңгеден асатын кредиттері бойынша Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне)/180 млн. теңгеге дейінгі кредиттері бойынша Қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі өткен 3 (үш) жылда кірістерінің өсуіне және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінің;
      180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша ӨҮК-нің шешімін/180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша Қаржы агенттігінің шешімін алған күннен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін көздейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі.
      Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      117-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де кепілдендіруге жатады.
      Ескерту. Кіші бөлім 117-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      117-2. Кепілдік жобалар Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.
      Ескерту. Кіші бөлім 117-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      118. Айналым қаражатын қаржыландыру:
      1) айналым қаражаты кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге бағытталған кредит;
      2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылған жағдайда ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру айналым қаражаттарын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгені қоса алғанға дейінгі банктердің кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Ескерту. 118-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      119. Кепілдік беру жүзеге асырылатын Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобаларға кредит сомасы 360 млн.теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі. Мұндай кредиттер үшін:
      1) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50%-ынан аспайды;
      2) ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қаражатының 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
      120. Кепілдік беру жүзеге асырылатын ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобаларға кредит сомасы бір кәсіпкер үшін 1 850 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі. Мұндай кредиттер үшін:
      1) кепілдік мөлшері кредит сомасының 20%-ынан аспайды;
      2) ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қаражатының 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
      121. Егер ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобаларға кредит мөлшері 360 млн. теңгеге дейін соманы құрайтын жағдайда, кепілдік мөлшері кредит сомасының 50%-ынан аспайды, кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды.
      122. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін:
      1) жоба шеңберінде кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит сомасы 20 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте кредит сомасы ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі;
      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85%-ынан аспайды;
      3) ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қаражатының 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 20 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
      123. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      124. 180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/ жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етілуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10%-нан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
      125. Кәсіпкердің жобаға өз қаражатымен (ақшалай қаражатымен/жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысу шарттары, оның ішінде кәсіпкердің оны растауы жөніндегі мерзімдер ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
      126. Банктердің/Даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беруді қаржыландыру нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне аудару арқылы республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      127. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайды. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша даму банкінің сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайды.
      Ескерту. 127-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      128. Қаржы агенттігі кредиттің нысаналы пайдаланылмау, Бағдарлама шарттарының бұзылуы, қаржы агенттігінің кепілдіктер беру туралы шешімінде белгіленген шарттардың орындалмау фактілері анықталған жағдайда ӨҮК шешімінің негізінде кепілдіктің күшін жояды.
      129. Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.

      Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту

      130. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жекелеген жобалар үшін дара (оның ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету үшін), индустриялық аймақтар құру шеңберінде де жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуді білдіреді.
      131. Шағын және орта кәсіпкерлік және индустриялық аймақтар жобаларының инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      132. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және ИИДМБ-да айқындалған өңдеуі өнеркәсіп салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлері үшін жүзеге асырылады.
      133. Бөлінген қаражат мынадай инфрақұрылымды: су бұруды, сумен жабдықтауды (сумен жабдықтау үшін ұңғыманы бұрғылау), газдандыруды, су таратқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды, өнеркәсіптік алаңдарға арналған қазандықтарды, су құбырларын, теміржол тұйықтарын, теміржол кірме жолдарын, телефондандыруды, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін, септиктерді, бу-газ қондырғыларын, баламалы энергия көздерін салуға және реконструкциялауға жіберіледі.
      134. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкер объектісі аумағының ішінде инфрақұрылымды жеткізуге қаражат бөлу көзделмейді.
      135. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай критерийлерге сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады:
      1) жобаға инвестицияның көлемі 400 млн. теңгеден кем болмайды;
      2) инфрақұрылым құрылысының (реконструкция) бағасы 100 млн. теңгеден кем болмайды.
      136. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу критерийлеріне сай келмейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      137. Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобасы құнының 50%-ынан аспауы тиіс.
      138. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің Бағдарламаның 135-тармағында көрсетілген критерийлеріне сәйкес келмейтін жобаларына инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      139. Бұл ретте шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу критерийлеріне сәйкес келетін жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
      140. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджетінен құрылыс құнының кемінде 10%-ы көлемінде бірлесіп қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.
      141. Құрылыстың жобалау алды (техникалық-экономикалық негіздемелер) немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге байланысты шығындарды республикалық бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді.
      142. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері бюджеттік заңнамаға сәйкес жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге бюджеттік өтінімді, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салық түсімдері, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру қорытындысы бойынша өнімнің өндірілу көлемі туралы болжамды ақпаратты береді.
      143. Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі инфрақұрылымды жеткізу немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесін қамтитын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жобасын қамтамасыз ету туралы өтініммен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана, Алматы қалаларының Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) жүгінеді;
      2) Бағдарламаның Жергілікті үйлестірушісі қалыптастырған іріктелген өтінімдердің тізбесі жобаларды одан әрі ӨҮК-ге шығару үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тапсырылады;
      3) ӨҮК Бағдарламаға сәйкестігі тұрғысынан өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуды немесе реконструкциялауды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешімдер қабылдайды;
      4) ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі талап етілетін құжаттарды қоса бере отырып, тиісті бюджеттік өтінімді уәкілетті органға жібереді;
      5) ӨҮК теріс шешім қабылдаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне уәжделген жауап жібереді.
      144. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салу немесе реконструкциялау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Индустриялық аймақтарды дамыту

      145. Индустриялық аймақтың аумағында өндірістік мақсаттағы (өндірістік, қойма және әкімшілік үй-жайлар), әлеуметтік қызметтерді көрсету объектілері (қоғамдық тамақтандыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, коммуналдық қызметтер көрсету орындары), банктік қызметтерді көрсету объектілері орналастырылады.
      146. Индустриялық аймақтарды құрудың негізгі міндеттері:
      1) өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерліктің жедел дамуына жәрдемдесу;
      2) жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды оңтайландыру;
      3) өндіріс тиімділігін арттыру;
      4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
      147. Индустриялық аймақтар:
      1) өндіріске арналған ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелері;
      2) кәсіпкерге, оның ішінде тоқтап тұрған, консервацияланған немесе жұмыс істемейтін өндірістердің өндірістік инфрақұрылымымен бірге жалға беру немесе сату үшін дайын өндірістік үй-жайлар;
      3) құрылысқа арналған жер учаскелері, сол сияқты өндірістік үй-жайлары да бар кешенді индустриялық аймақтар түрінде құрылады.
      148. Индустриялық аймақ аумағының шекарасына дейін және оның ішінде инфрақұрылымды жеткізу бюджеттік заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландырыла отырып, республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      149. Индустриялық аймақтарды құру бойынша қаржыландыруды уәкілетті орган индустриялық аймақтарды дамытудың бизнес-жоспарларын конкурстық негізде іріктеу қорытындылары бойынша және қолданыстағы заңнамаға сәйкес құжаттардың толық пакеті болған жағдайда жүзеге асырады.
      150. Индустриялық аймақтарды құру ИИДМБ-да айқындалған өңірлік мамандануға, жергілікті кәсіпкерліктің мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      151. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай критерийлерге сәйкес келетін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобалары үшін жүзеге асырылады:
      1) жобаға салынатын инвестициялар көлемі 10 млрд. теңгеден кем болмайды;
      2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 2 млрд. теңгеден кем болмайды.
      Бұл ретте жобалардың жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу критерийлеріне сәйкестігі ӨҮК шешімімен расталуға тиіс.
      152. Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобасы құнының 50%-ынан аспауға тиіс.
      153. Бағдарламаның 151-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келмейтін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобаларына инфрақұрылымды жеткізу жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      154. Бұл ретте жетіспейтін инфрақұрылымдарды жеткізу критерийлеріне сәйкес келетін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобаларына инфрақұрылымды жеткізу жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен де жүзеге асырылуы мүмкін.
      155. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасын әзірлейді және оны ӨҮК қарауына жібереді. Жоба Бағдарламаның критерийлеріне, сондай-ақ ИИДМБ-да айқындалған өңірлік мамандануға, жергілікті кәсіпкерліктің мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда, ӨҮК оң шешім шығарады.
      156. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК-нің оң шешімін алғаннан кейін бюджеттік заңнамаға сәйкес құжаттардың толық пакетін қоса бере отырып, индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасын уәкілетті органның және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның қарауына жібереді.
      157. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап 1 (бір) ай ішінде уәкілетті органға индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасының ИИДМБ-ға сәйкестігі туралы қорытындыны жібереді. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) ай ішінде қорытынды бермеген жағдайда, ол оң шешіммен берілді деп саналады.
      158. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері бюджеттік заңнамаға сәйкес жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге арналған бюджеттік өтінімді, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салық түсімдері, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру қорытындысы бойынша өнім өндірісінің көлемі туралы болжамды ақпарат береді.
      159. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның қорытындысын есепке ала отырып, уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап 2 (екі) ай ішінде индустриялық аймақтың жобасын қаржыландыру туралы шешім қабылдайды және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
      160. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (бұдан әрі - ӘКК) индустриялық аймақтардың операторы болып табылады.
      161. Индустриялық аймақтар операторының функцияларына мыналар жатады:
      1) индустриялық аймақтарға қатысушыларды тарту;
      2) инфрақұрылым объектілерін салу үшін инвестициялар тарту және индустриялық аймақты қаржыландыру мәселелерін шешу;
      3) жер учаскелерін жерді қайтадан пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;
      4) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасасу, оларды бұзу және олардың талаптарының орындалуын мониторингтеу;
      5) индустриялық аймақ қызметін қамтамасыз ету және қолдау.
      162. ӘКК операторлық қызметтеріне ақы төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      163. ӘКК индустриялық аймақтарды тиімді басқару мақсатында басқарушы компаниялар, оның ішінде жергілікті және шетелдік тысқары ұйымдарды тарта отырып, құра алады.

      Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру

      Ескерту. 5-бөлім кіші бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      163-1. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы
9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12640 болып тіркелген Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаны іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлерге «Қазақстанның даму банкі» АҚ еншілес ұйымы «ҚДБ-Лизинг» АҚ ұсынады.
      163-2. Кәсіпкер ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды пайдалану кезінде жобаны іске асыруда лизинг мәнінің жалпы құнының кемінде 15 %-ы мөлшерінде ақша қаражатымен қатысуды қамтамасыз етуге тиіс.
      163-3. Лизинг мәнінің құны кемінде 150 млн. теңге болуға тиіс (жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін кемінде 75 млн. теңге).
      163-4. Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі өтінім беруші үшін 5 % құрауға тиiс, бұл ретте «ҚДБ-Лизинг» АҚ бюджеттік кредиті мен өзге де қорландыру құралдарының қатынасы 80/20 құрауға тиіс. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну көлемін ұлғайту мақсатында осы Бағдарламада айқындалған шарттармен өтелген лизингтік төлемдер есебінен ақша қаражатын қайта пайдалануға жол беріледі. Осы талаптар «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде 2011–2012 жылдары жасалған шарттарға да қолданылады.
      163-5. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін кәсіпкер «ҚДБ-Лизинг» АҚ-қа мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:
      1) бірінші басшының, бас бухгалтердің (бар болса) қолдары қойылған және мөрмен расталған өтінім;
      2) өтінім берушінің Бағдарлама талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерді көрсететін жобаның паспорты. Жоба паспортының нысаны Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларымен бекітілген;
      3) бизнес-жоспар, жобаның ТЭН-і, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесіне сәйкес әзірленген кешенді жоспар;
      4) бірінші басшы қол қойған және мөрмен расталған сауалнама;
      5) кредиттік тарих субъектісінің (заңды және жеке тұлғаның) кредит бюросына ол туралы ақпаратты беруге және кредиттік тарихы туралы ақпарат алуға кредиттік тарих субъектісінің бірінші басшысы, «ҚДБ-Лизинг» АҚ тарапынан басқарма төрағасы немесе өзге уәкілетті тұлға қол қойған келісімі;
      6) әділет органдарында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің нотариус куәландырған көшірмесі/электрондық түрде тіркелген заңды тұлға туралы анықтама;
      7) қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке қойылғаны туралы куәлік (бар болса);
      8) құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты, жарғы) нотариус куәландырған көшірмелері, әділет органдарында тіркелген өзгерістер мен толықтырулар/әділет органының алғаны туралы белгісі бар енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарламалар;
      9) жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы әділет органынан анықтаманың түпнұсқасы және/немесе электрондық құжат;
      10) бірінші басшыны сайлау/тағайындау туралы мөрмен расталған шешімнің немесе бұйрықтың нотариус куәландырған көшірмесі түрінде, бірінші басшының лауазымға кірісуі туралы бұйрық, бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрық, бас бухгалтерге немесе өзге тұлғаларға төлем, қаржы және өзге құжаттарға қол қою құқығына өкілеттік беру туралы бұйрық;
      11) жарғылық капиталдың қалыптастырылуын растайтын құжаттардың нотариус куәландырған көшірмелері не мөрмен расталған көшірмелері (төлем тапсырмасы, кіріс кассалық ордер, жарғылық капиталды мүлікпен қалыптастырған кезде мүлікті қабылдау-тапсыру актісі, ақшаны және басқаларды қоспағанда мүліктің тәуелсіз бағасы);
      12) лизинг алушының ұйымдық-құқықтық нысаны – акционерлік қоғам болған жағдайда, акциялардың 5 және одан да көп % иелері туралы бағалы қағаздар иелерінің тізілімі жүйесінен үзінді;
      13) өтінім берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны – жауапкершілігі шектеулі серіктестік болған жағдайда (серіктестік тізілімін жүргізуге шарт болған жағдайда) серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлесіне меншік құқығын растау туралы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары тізілімінен үзінді;
      14) әлеуетті лизинг алушының атынан, егер бұл тұлға әлеуетті лизинг алушының өкілі болып табылса құжаттарға және «ҚДБ-Лизинг» АҚ-мен жасалатын шарттарға қол қою құқығына тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат (хаттамадан үзінді, сенімхат);
      15) бірінші басшының, бас бухгалтердің немесе әлеуетті лизинг алушының атынан өкілдік ететін тұлғаның (егер әлеуетті лизинг алушының мүддесін сенімхат бойынша өкілі білдірген жағдайда) қолдарының үлгілері бар және әлеуетті лизинг алушы мөрінің таңбасы бар нотариус куәландырған құжат;
      16) әлеуетті лизинг алушының бірінші басшының, бас бухгалтердің немесе сенімхат негізінде әлуетті лизинг алушының атынан өкілдік ететін тұлғаның нотариус куәландырған жеке куәліктерінің көшірмелері;
      17) құжаттардың мөрмен расталған көшірмелері: жеке тұлға үшін – жеке куәлік, заңды тұлға үшін – жарғы, заңды тұлғаның атқарушы органын (бірінші басшысын) тағайындау туралы құрылтайшылар шешімі;
      18) акцияларды орналастырудың қорытындысы туралы есептердің көшірмелері, барлық өзгерістері мен толықтырулары бар акцияларды шығару проспектісі, акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, аффилийрленген тұлғалар (акционерлік қоғамдар үшін) туралы мәліметтер;
      19) соңғы үш жылдың және соңғы есепті күнге (тоқсан, жартыжылдық, 9 ай) (акционерлік қоғамдар үшін жылдық қаржылық есептілік аудитпен расталуы тиіс) әлеуетті лизинг алушының қаржылық құжаттары (БҚЖК бойынша № 1, 2, 3 және 4 нысандар);
      20) сомаларын, мерзімдерін көрсете отырып кредиторлық, дебиторлық және қаржы берешектерін және оның қалыптасу себептерін, 3 айдан артық мерзімге кешіктірілген кредиторлық берешекті өтеу және дебиторлық берешекті қайтару бойынша жүргізілетін іс-шараларды таратып жазу, сондай-ақ баланс валютасынан 20 % асатын бухгалтерлік баланс баптарын таратып жазу;
      21) «негізгі құралдар» деген бухгалтерлік баланс баптарын таратып жазу;
      22) қызмет көрсететін банктерден соңғы 12 айдың банктік шоттары бойынша ай сайынғы айналымды көрсете отырып, банк шоттарының бары туралы, несие/мерзімі өткен несие берешек, несие/мерзімі өткен несие берешек сомасының бар болуы немесе болмауы туралы анықтама, картотека бойынша мәліметтер, сондай-ақ лизинг алушының өзге банктік шоттарының бар/жоғы туралы хаты;
      23) салықтар және бюджетке және зейнетақы қорына басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар болуы немесе жоқтығы туралы салыстыру актісін қоса бере отырып, салық комитетінің анықтамасы;
      24) қолданыстағы қарыз, кредиттік желі, қаржылық лизинг шарттарының және ақша қаражатын тарту бойынша өзге де шарттардың көшірмелері;
      25) қосымшалары, ерекшеліктері және барлық өзгерістері мен толықтырулары (мұндайлар болған жағдайда) қоса берілген шарттар және/немесе алдын ала жасалатын шарттар (дайын өнімді өткізу, қызмет көрсету бойынша);
      26) әлуетті лизинг алушы қызметінің негізгі түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті рұқсаттардың, лицензиялардың және өзге де құжаттардың нотариус куәландырған көшірмелері және/немесе электрондық құжаты;
      27) жобаның іске асырылуы болжанатын жер учаскесіне меншік құқығын/иелену және пайдалану (жалдау) құқығын растайтын (құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары) құжаттардың нотариус куәландырған көшірмелері;
      28) лизинг заттарына құжаттар:
      құнын, жеткізу талаптарын, жеткізу мерзімдерін, кепілді мерзімін, кепілді мерзімнен кейінгі қызмет көрсетудің бар/жоғын және шарттарын көрсете отырып, сатып алынатын лизинг заттарына коммерциялық ұсыныс;
      лизинг заттарына (арнайы техниканы және өзге лизинг заттарын қоспағанда жабдыққа) техникалық құжаттаманың көшірмелері: өнімділікті, энергия тұтынуды, жабдық габариттерін, орындау және жарақтандыру параметрлерін, жұмыс жылдамдығы мен режимін, пайдалы қызмет мерзімін қоса алғанда, конструкциясын, негізгі техникалық сипаттамасы мен жиынтықталуын сипаттай отырып, сатып алынатын лизинг заттарына техникалық ұсыныс;
      басқа өнім берушілерден ұқсас жабдыққа баламалы техникалық және коммерциялық ұсыныстар;
      СЭҚ ТН кодын беру бойынша брокерлік компанияның қорытындысы, келісімшарт болған жағдайда кеден органынан КО СЭҚ ТН кодының алдын ала шешімі беріледі (түпнұсқалар және/немесе нотариус куәландырған көшірмелер);
      лизинг заттары үшін үй-жайлар мен инфрақұрылымға арналған техникалық құжаттаманың көшірмелері (арнайы техника, автокөлік және өзге лизинг заттарын қоспағанда, жабдыққа): жылжымайтын мүлік объектілеріне (лизинг заттарын орналастыру үшін), қосалқы үй-жайларға (ілеспе өндіріске) және инженерлік инфрақұрылымға техникалық паспорттар; жаңа, салынып жатқан жылжымайтын мүлік объектілеріне (лизинг заттарын орналастыру үшін) және қосалқы үй-жайларға жобалау және құрылыстың нақты дайын кезеңінің құжаттары беріледі (мемлекеттік сараптаманың қорытындысы, құрылысқа рұқсат, қабылдау комиссиясының актісі және басқалар). Техникалық паспорт оларды алу шамасына қарай беріледі;
      лизинг заттарын орналастыруға арналған (қажет болған жағдайда) жылжымайтын мүліктің жоспарланатын құрылысына, реконструкциясына, күрделі жөнделуіне (егер жөндеу жүргізген кезде конструкциялық немесе тіреу элементтері, сондай-ақ көлемді сипаттамалары мен ғимараттың қауіпсіздігі өзгерсе) жобалау-сметалық құжаттама (түпнұсқалар және/немесе нотариус куәландырған көшірмелер);
      лизинг заттарының пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін (қажет болған жағдайда) инженерлік инфрақұрылымның жобалау немесе техникалық құжаттамасы (түпнұсқалар және/немесе нотариус куәландырған көшірмелер) (құрылыс жобасы немесе инженерлік желілерге, жүйелерге немесе коммуникацияларға техникалық паспорт пен талаптар);
      негізгі өнім берушіні таңдауға негіз болған өлшемшарттар мен параметрлерді көрсете отырып, бағалардың егжей-тегжейлі салыстырмалы талдауын, техникалық сипаттамаларын, өндірістің технологиялық әдістерін қоса алғанда, негізгі және балама коммерциялық және техникалық ұсыныстардың салыстырмалы бәсекелес талдау;
      сатып алынатын жабдыққа және басқаға сертификаттар, сондай-ақ дилерлік сертификаттар (авторландыру); дайын өнімді өткізуге арналған алдын ала жасалған шарттар болған кезде конструкциясын, қасиеттерін, қолданыстағы нормативтер мен стандарттарға сәйкестігін көрсете отырып, сатып алынатын жабдыққа арнап шығару жоспарланатын бұйым ассортиментінің сипаттамасы;
      жаңа өндіріс құрылған немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды түбегейлі жаңғыртқан кезде, технологиялық жоба ұсынылады;
      29) ҚОӘАБ сатысында кейіннен ҚОӘБ мен ҚОҚ сатыларында қорытындылар (түпнұсқа және/немесе нотариус куәландырған көшірмелер) ұсынбай мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы (инвестициялар, сондай-ақ ТЭН, ТЭЕ, бизнес-жоспарлар және басқа жобалау алдындағы құжаттардың негіздемесі);
      30) лизинг заттарын сатушылардың құжаттары:
      қазақстандық заңды тұлғалар үшін:
      жарғының;
      мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің/анықтаманың;
      салық төлеуші куәлігінің;
      сатушының уәкілетті органының атқарушы органды (бірінші басшыны) тағайындау туралы шешімінің;
      атқарушы органның (бірінші басшының) лауазымға кірісуі туралы бұйрығының;
      бірінші басшының жеке басын куәландыратын құжаттың;
      заңды тұлға құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттардың (акционерлік қоғамдардың құжаттарын, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктер қатысушыларының тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын қоспағанда);
      мемлекеттік лицензияның (егер клиенттің қызметі «Рұқсаттар
мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланған жағдайда);
      әлеуетті өнім берушінің (сатушының) сауалнамалық деректерінің нотариус куәландырған көшірмелері;
      шетелдік заңды тұлғалар үшін апостиль қойылған және/немесе нотариус куәландырған аудармасы бар заңдастырылған құжаттардың;
      құрылтай құжаттарының;
      жарғының (болған жағдайда);
      ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен (аудармасы бар нотариус куәландырған көшірмелер) операцияларды жасауға заңды тұлғаның құжаттарына қол қоюға өкілеттігі (-ктері) бар лауазымды тұлғаның (-лардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (-тардың) көшірмелері;
      ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға заңды тұлғаның құжаттарына қол қою құқығына тұлғалардың өкілеттігін растайтын құжаттар;
      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі фактісін растайтын уәкілетті орган берген құжат;
      заңды тұлға құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттар (акционерлік қоғамдардың құжаттарын, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктер қатысушыларының тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктері құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда);
      заңды тұлға орналасқан жердің мекенжайын куәландыратын құжат;
      әлеуетті өнім берушінің (сатушының) сауалнамалық деректері;
      31) қамтамасыз ету бойынша құжаттар (кепілдіктер, кепілгерлік, кепілзаттар және басқалар);
      32) лизинг затын қаржылық лизинг шарттарында сатып алу, сатушыны таңдау, лизинг мерзімі, лизингтік мәміле шеңберінде әлеуетті лизинг алушының атынан шарттарға қол қою үшін тұлғаға өкілеттік беру, мүлікті кепілге беру және мүлікті соттан тыс сатуға келісім (мүлікті кепілге берген жағдайда) туралы әлеуетті лизинг алушының уәкілетті органы шешімінің (жалғыз қатысушының шешімі немесе қатысушылардың жалпы жиналысының немесе акционерлер жалпы жиналысының немесе қоғам директорлары кеңесінің хаттамасы немесе егер бір тұлғалы орган болса, қоғамның атқарушы органының бұйрығы немесе егер құзыретіне байланысты алқалы орган болса, басқарма хаттамасы) көшірмелері.»;
      163-6. Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынғаннан кейін  «ҚДБ-Лизинг» АҚ осы Бағдарламаның 163-1-тармағында айқындалған өлшемшарттарға сәйкестігін тексеруді, ішкі нормативтік құжаттарда көзделген тәртіпте және мерзімдерде индустриялық-инновациялық жобаның сараптамасын жүзеге асырады.
      163-7. Оң шешім болған жағдайда «ҚДБ-Лизинг» АҚ пен кәсіпкер қаржы лизингі шартын жасасады.
      163-8. «ҚДБ-Лизинг» АҚ Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты мен кәсіпкерді мұндай шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну туралы қабылданған шешім бойынша хабардар етеді.
      163-9. «ҚДБ-Лизинг» АҚ пен кәсіпкердің арасында қаржы лизингі шарты жасалғаннан кейін «ҚДБ-Лизинг» АҚ Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтымен және кәсіпкермен Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісім жасасады. Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімнің үлгілік нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алған кәсіпкер Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімге сәйкес еңбек өнімділігін ұлғайтады.

      Үшінші бағыт: кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін
төмендету

      164. Үшінші бағыт банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың қолданыстағы кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетелдік валютада субсидиялауды көздейді.
      165. Қызметін Бағдарламаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне кәсіпкер өтінім берердің алдындағы алты айдағы ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде валюталық пайдасы бар кәсіпкерлер Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушы бола алады.
      166. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарттары бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
      167. 750 млн. теңгеден 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қазіргі жұмыс орындарна қатысты кемінде 10% жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.
      Жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрудың шекті күні ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
      Ескерту. 167-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      168. Бұл ретте, жаңадан құрылатын жұмыс орындарының 50%-ын халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жастар үшін құру ұсынылады.
      169. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
      Ескерту. 169-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2015 № 368 қаулысымен.
      170. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК мақұлдаған жобалары субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен басқа банктерде/лизингтік компанияларда (Даму банкінде) қайта қаржыландырылуы мүмкін.
      Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредит беруші банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
      171. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау банктердің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 6 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте, банк:
      1) кредит беру шарттарының өтініш берушінің бастамасымен өзгеруіне байланысты;
      2) өтініш берушінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатындарын қоспағанда, кредитке байланысты ешқандай комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      Ескерту. 171-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.10.2015 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      172. Егер банк кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 19 %-дан кем болған жағдайда, онда оның 6 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
      Ескерту. 172-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      173. Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау 5%-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13%-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      174. Бұл ретте Даму банкі:
      1) кредит беру шарттарының өтініш берушінің бастамасымен өзгеруіне байланысты;
      2) өтініш беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      175. Лизингтік компаниялардың/банктің/Даму банкінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржылық лизинг шарттары бойынша да субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте лизингтік компания/банк/Даму банкі:
      1) қаржылық лизинг шарты талаптарының борышкердің бастамасымен өзгеруіне;
      2) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықтарды алып тастауға;
      3) қаржылық лизинг шартын (кедендік тазарту, лизинг нысанасын арнайы органдардың тіркеу қызметтері, банктердің көрсетілетін қызметтері және т.б. сияқты тысқары ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін өтеу) орындауға байланысты;
      4) кәсіпкердің қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерін бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, қаржылық лизинг шартын жасасумен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      Ескерту. 175-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.10.2015 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      176. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/Даму банкі/лизингтік компания ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қайтарып береді.
      177. Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға және/немесе қайта қаржыландыруға берілген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      178. Бұл ретте қалпына келтірілетін негізде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттерді субсидиялауға рұқсат етіледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге берілген кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредитті қалпына келтіру мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.
      179. Сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы кредиттер де субсидиялауға жатады. Бұл ретте сыйақының пайыздық мөлшерлерлемесі Бағдарламада белгіленген шекті мәндерден асып кеткен жағдайда, осы кредит бойынша субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.
      180. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 12%-дан аспайтын, оның 5%-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін Банктің валюталық стандартты кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      181. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Даму банкі сыйақы мөлшерлемесін 11%-ға дейін төмендететін, оның 4%-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін Даму банкінің валюталық стандартты кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      182. Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда, ол болашақ субсидиялардың есебіне жатқызылады, ал теріс бағамдық айырма жағдайында - өтеу қарыз алушыға жүктеледі.
      183. Субсидиялар сомаларын қаржы агенттігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі субсидиялар сомаларын аудару күніне белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.
      184. Бағдарламаның үшінші бағытының шеңберінде банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың ұлттық және шетелдік валютадағы қолданыстағы кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарламаның шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

      Төртінші бағыт: кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес
шаралары

      185. Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мынадай функционалдық бағыттар бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді көздейді:
      1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
      2) кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту;
      3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;
      4) іскерлік байланыстарды кеңейту.
      186. Осы бағыттардың шеңберінде қаржылай емес қолдаудың мынадай құралдарын ұсыну көзделеді:
      1) «кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету» функционалдық бағыты бойынша:
      «Бизнес насихат» құрауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру;
      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру;
      агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін (бұдан әрі - АӨК субъектілері) мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру;
      2) «кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту» функционалдық бағыты бойынша:
      кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту;
      кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру;
      жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету;
      рұқсат құжаттары мен техникалық шарттар алу мәселелері бойынша консультациялар беру;
      3) «кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру» функционалдық бағыты бойынша:
      жаңа басқару әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігі мен энергия үнемділігін арттыру мәселелері бойынша сырттан консультанттарды тарту;
      кәсіпорындарды технологиялық дамыту;
      4) іскерлік байланыстарды кеңейтудің функционалдық бағыты бойынша: шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату.
      Ескерту. 186-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      187. Жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа қаржылай емес қолдау көрсету қаржылай емес қолдау құралдарының белгіленген тетіктеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      188. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейтудің функционалдық бағыттарын іске асыру кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы шеңберінде мынадай қағидаттарды сақтау арқылы жүзеге асырылады: жеке кәсіпкерлік субъектілеріне «бір терезе» арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру.
      189. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына:
      1) облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Семей, Түркістан қалаларындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары;
      2) моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы кәсіпкерлікті қолдау орталықтары;
      3) ауылдар мен кенттер деңгейінде кәсіпкерлікті қолдаудың ұтқыр орталықтары;
      4) бизнес-инкубаторлар кіреді.
      190. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - КҚКО) - бұл жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарының жанында құрылған және/немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлер палаталарының жанында, жергілікті бюджет қаражаты болған кезде жергілікті атқарушы органдарда құрылатын инфрақұрылымдық кешен.
      191. КҚКО көрсетілетін қызметтері жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ұсынылады.
      192. КҚКО құру мақсаттары:
      1) кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;
      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша ақпараттық, консультациялық көмек көрсету және оқыту;
      3) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктің орнықты дамуына жәрдемдесу.
      193. КҚКО функциялары:
      1) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;
      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
      3) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау бағыттарын іске асыру;
      4) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау;
      5) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру.
      194. Қаржы агенттігінің өңірлік филиалдары жанындағы КҚКО-ны ұстауға және оның жұмыс істеуіне арналған шығыстарды қаржыландыру қаржы агенттігінің жеке қаражаты есебінен, қаржылай емес қолдау операторының жанындағы – қаржылай емес қолдау операторының жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 194-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      195. КҚКО қызметтерін ұсыну тетігі:
      1) қаржы агенттігі мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру үшін КҚКО операциялық залында консультанттарды орналастыру үшін қаржылай емес қолдау операторымен өзара ынтымақтастық туралы келісім жасасады;
      2) мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру қаржылай емес қолдау құралдарының белгіленген тетігі бойынша жүзеге асырылады;
      3) қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын есепті тоқсанға дейінгі айдың 10-на дейін мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру шеңберінде КҚКО базасында алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды және қаржы агенттігімен келіседі;
      4) Қаржы агенттігі КҚКО базасында өзге де білім беру бағдарламаларын, тренингтерді, мастер-кластарды өткізе алады, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған дөңгелек үстелдер мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыра алады.
      196. Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары (бұдан әрі - КҚО) - бұл базасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін оқыту, ақпараттық қамтамасыз ету, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсету, олардың жобаларына экономикалық және технологиялық сараптама жүргізу жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық кешен.
      197. КҚО құру мақсаттары:
      1) кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;
      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша ақпараттық, консультациялық көмек көрсету және оқыту;
      3) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктің орнықты дамуына жәрдемдесу.
      198. КҚО қызметтері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа өтеусіз негізде ұсынылады.
      199. КҚО облыстардың кәсіпкерлер палаталары филиалдарының жанында, моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында құрылады.
      200. ҚҚО функциялары:
      1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;
      2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «бір терезе» арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру қағидаттарын сақтай отырып, мемлекеттік қаржылық емес қолдау шараларын көрсету;
      3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру;
      4) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау;
      5) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтер ұсыну;
      6) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру.
      201. КҚО-ның қызмет етуіне және дамуына арналған шығындарды қаржыландыру уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында өтеулі қызметтерді көрсету туралы шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      202. КҚО көрсетілетін қызметтерін ұсыну тетігі:
      1) уәкілетті орган мен оператор моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында КҚО-ның қызмет етуі мен дамуына арналған шығындарға өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт жасасады;
      2) оператор уәкілетті органмен жасалған өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт шеңберінде:
      КҚО үшін консультанттарды;
      КҚО консультанттарын тиісті функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құралдармен;
      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыруды қамтамасыз етеді.
      203. Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа қаржы жылының 12 айы бойы КҚО қызметтерін үзіліссіз көрсетуді қамтамасыз етеді.
      204. Уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалатын өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін қаржылай емес қолдау операторы көрсеткен КҚО қызметтерін уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына арналған өтеулі қызметтер көрсету туралы жасалған шарт шеңберінде өтейді.
      205. Кәсіпкерлікті қолдаудың ұтқыр орталықтары (бұдан әрі - КҚҰО) - бұл ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқына кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары бойынша көшпелі ақпараттық және консультациялық қызметтер ұсынуға бағытталған қаржы агенттігінің арнайы жабдықталған автобустары.
      206. КҚҰО құру мақсаттары:
      1) ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;
      2) ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті ашуға ынталандыру;
      3) КҚҰО қызметтері ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқына өтеусіз негізде ұсынылады.
      207. КҚҰО функциялары:
      1) ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқын кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;
      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтерді ұсыну;
      3) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру;
      4) кәсіпкерлік әлеуетті дамыту, кәсіпорындардың жетекші мамандары мен топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру бағыты бойынша қатысуға өтінімдер жинау;
      5) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қызметтер көрсету.
      208. КҚҰО ұстауға және оның қызмет етуіне арналған шығындарды қаржыландыру қаржы агенттігінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      209. КҚҰО көрсетілетін қызметтерін ұсыну тетігі:
      1) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын қаңтардың 20-на дейінгі мерзімде қаржы агенттігімен және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерімен келісім бойынша КҚҰО-ның ауылдық елді мекендерге шығу кестесін жасайды;
      2) қаржы агенттігімен және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерімен келісілген КҚҰО-ның құрамында Қаржылай емес қолдау операторының ауылдық елді мекендерге шығу кестесі келісілгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қаржылай емес қолдау операторы мен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс;
      3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері ауылдық елді мекендердің халқын консультациялар өткізілгенге дейін бір ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарына тиісті ақпарат орналастыру арқылы КҚҰО-ның консультацияларды жүргізу күні мен уақыты туралы хабардар етеді;
      4) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері қажет болған кезде ауылдық елді мекендерде консультацияларды ұсыну үшін қосымша үй-жайларды қамтамасыз етеді;
      5) КҚҰО-ның ауылдық елді мекендерге шығуы тиісті қаржы жылының наурызынан желтоқсанына дейінгі аралығын қоса алғанда жүзеге асырылады;
      6) Қаржылай емес қолдау операторы КҚҰО үшін консультанттарды ұсынады;
      7) Қаржылай емес қолдау операторы КҚҰО базасында бару және консультациялар беру үшін консультанттарды ұсынуға өзге де даму институттарымен келісімдер жасасады.
      210. Бизнес-инкубатор - бұл шағын кәсіпорындарға ресурстар мен көрсетілетін қызметтер кешенін ұсыну арқылы олардың қалыптасуы мен табысты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған қолдау құралы.
      211. Бизнес-инкубаторларды құру мақсаттары:
      1) шағын кәсіпорындардың қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
      2) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық белсенділігін арттыруға жәрдемдесу.
      212. Бизнес-инкубаторлардың функциялары:
      1) конкурстық негізде шағын кәсіпкерлік субъектілерін тарту;
      2) бизнес-инкубаторда орналастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу және олармен өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу;
      3) ісін жаңа бастаған шағын кәсіпорындарды консалтингтік сүйемелдеуді жүзеге асыру;
      4) қаржылық құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен, оның ішінде жобаларды тәуекелмен қаржыландыру институттарымен өзара іс-қимыл жасасу арқылы әлеуетті инвесторларды іздеу;
      5) ақпараттық және сарапшылық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
      6) тәжірибе алмасу мақсатында табысты компаниялардағы тағылымдамаларды, әртүрлі тақырыптар бойынша тренингтерді, форумдарды қоса алғанда, оқыту семинарларын ұйымдастыру;
      7) шағын кәсіпорындар үшін мамандарды іздеу мен жалдауға жәрдемдесу;
      8) бизнес-инкубаторда шағын кәсіпорындарды дамыту туралы ақпараттық-талдамалық деректер қорын қалыптастыру.
      213. Бизнес-инкубаторлар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация немесе жергілікті атқарушы органдар немесе моноқалалар мен шағын қалаларда кәсіпорындар ұсынған алаңдар базасында құрылады. Бизнес-инкубатордағы үй-жайды/аумақты жалға алу мерзімі әрбір кәсіпкерлік субъектісі үшін үш жылдан аспайды.
      214. Бизнес-инкубаторларды құруды және дамытуды әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (бұдан әрі - ӘКК) жүзеге асырады.
      ӘКК қызметтеріне мыналар жатады:
      1) бизнес-инкубаторларды дамытудың бизнес-жоспарын әзірлеу;
      2) бизнес-инкубаторға қатысушыларды тарту;
      3) инвестициялар тарту және бизнес-инкубатор қызметін қаржыландыру мәселелерін шешу;
      4) бизнес-инкубатор үй-жайларын жалға (қосалқы жалға) беру;
      5) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасау, бұзу және олардың талаптарының орындалуын мониторингтеу;
      6) бизнес-инкубатор қызметін қамтамасыз ету және қолдау.
      215. Бизнес-инкубаторларды құру және дамыту бойынша ӘКК операторлық көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері мен ӘКК арасында бизнес-инкубаторларды құру және дамыту бойынша өтеулі қызметтер көрсету туралы жасалған шарттың негізінде жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Функционалдық бағыт: кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық
қамтамасыз ету

      «Бизнес-Насихат» жобасы бойынша мемлекеттік қолдау
шараларын түсіндіру» құралы

      216. «Бизнес-Насихат» жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы халықтың қалың бұқарасына Бағдарламаны тиімді іске асыру, сондай-ақ кәсіпкерлік идеяларын танымал ету мақсаттарында мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруді көздейді.
      217. «Бизнес-Насихат» жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын халықтың қалың бұқарасына түсіндіру мыналарға негізделеді:
      1) Бағдарлама бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
      2) Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды көпшілікке танымал ету;
      3) кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы және реттеуді түсіндіру;
      4) кәсіпкерлік идеяларын насихаттау.
      218. «Бизнес-Насихат» құрауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралын қаржыландыру тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      219. Бағдарлама бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу:
      1) БАҚ-та мемлекеттік қолдау шараларын жария етуді;
      2) мемлекеттік қолдау шараларының шарттары мен тетіктері бойынша баспа өнімін әзірлеуді және оның таралымын көбейтуді;
      3) ақпараттық іс-шаралар (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер және т.б.) өткізуді;
      4) ағымдағы жағдайға кешенді жалпы республикалық талдау мен өңірлік және салалық бөліністерде ШОК-тың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің серпінін, жеке-жеке Қазақстанның әрбір өңірінің ШОК секторының шолуын, ШОК субъектілерін қаржылай және қаржылай емес қолдаудың қолданыстағы инфрақұрылымы бойынша өзекті ақпаратты көрсететін Қазақстандағы және оның өңірлеріндегі ШОК дамуының жай-күйі туралы жыл сайын есеп шығаруды қоса алғанда, ШОК секторы бойынша тұрақты есептер әзірлеуді;
      5) ШОК-ты, микроқаржы секторын дамыту, республикалық және өңірлік деңгейдегі макро- және микроэкономикалық процестер туралы, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру нәтижелері туралы өзекті статистикалық ақпарат беру жөніндегі интерактивті ақпараттық-талдау жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуді көздейді.
      220. Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды көпшілікке танымал ету:
      1) іске асырылған жобалардың сәтті үлгілері бойынша баспасөз-турларын ұйымдастыру;
      2) Бағдарламаға қатысушылар туралы әңгімелер («Жетістіктер тарихтары») әзірлеу және БАҚ-та орналастыру;
      3) өңірлік және республикалық телеарналарда «Арнайы репортаж» жанрында хабарлар циклін әзірлеу және шығару;
      4) БАҚ өкілдері арасында Бағдарлама туралы немесе жалпы кәсіпкерлік туралы үздік материалға арналған конкурс өткізу арқылы іске асырылатын болады.
      221. Кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы және реттеуді түсіндіру:
      1) кәсіпкерлік саласындағы заңнама және реттеу мәселелеріне маманданған ұйымдарды тарта отырып, кәсіпкерлер үшін дайындалған кәсіпкерлік қызметтің негіздері бойынша ақпараттық-талдамалық анықтамалықтар мен оқу-әдістемелік құралдарының таралымын көбейтуді және таратуды;
      2) жаднамалар, түсіндіру сипатындағы материалдар әзірлеуді;
      3) телевизияда арнайы хабарлар шығаруды немесе оларға қатысуды көздейді.
      222. Кәсіпкерлік идеяларын насихаттау:
      1) сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандардың қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;
      2) «Жылдың үздік кәсіпкері» конкурсын ұйымдастыруды және өткізуді;
      3) жастар жобаларының көрмелерін ұйымдастыруды және өткізуді;
      4) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ашық дәрістер, мастер-кластар өткізуді;
      5) қолданыстағы «Бизнес аумағы» бизнес-порталы базасында «Жас іскер» жастар кәсіпкерлігіне арналған бөлімді орналастыруды, оның ішінде оны үнемі жаңартып отыруды;
      6) жас/ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге жетекшілік етуге әзір бизнес-тәлімгерлерді тарту үшін «Бизнес аумағы» бизнес-порталы базасында веб-алаңдар құруды;
      7) әлеуметтік желілерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блогтар, сайттарда-бейне-хостингтерде кәсіпкерлікке арналған арналар құруды және жүргізуді көздейді.
      223. «Бизнес-Насихат» құрауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарын түсіндіру қаржылай емес қолдау операторы жасаған Бағдарламаның бірыңғай Call-орталығы базасында да жүзеге асырылады.

      «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде
кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы

      224. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында қазақстандық кәсіпкерлердің белсенділігін арттыру үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік, мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлік қызметті қолдау шаралары саласындағы заңнамасын түсіндіруге бағытталған.
      225. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы халықаралық ынтымақтастыққа, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығына өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді экспорттауға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде филиалдық желі ашуға және оны кеңейтуге, шикізат пен материалдарды, жиынтықтаушыларды, технологияларды сатып алуға бағдарланған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.
      226. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік, мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікті қолдау шаралары саласындағы заңнамасын түсіндіру мынаған сайып келеді:
      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпкерлердің сәтті үлгілерін танымал ету;
      3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қазақстандық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау.
      227. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралын қаржыландыру тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      228. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу:
      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы мен реттеу мәселелеріне маманданған ұйымдарды тарта отырып, жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін кәсіпкерлік, мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлік қызметті қолдау шаралары саласында дайындалған ақпараттық-талдамалық анықтамалықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеуді, олардың таралымын көбейтуді және таратуды;
      2) ақпараттық іс-шараларды (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер және т.б.) жүргізуді;
      3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізудің мықты және осал тұстарын көрсететін салыстырмалы сипаттағы тоқсан сайынғы ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындауды;
      4) мүше мемлекеттерде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау ұсынудың шарттарын, мемлекеттік сатып алуға қатысу заңнамасы мен қағидаларын түсіндіру үшін оператордың Call-орталығы қызметін ұйымдастыруды көздейді.
      229. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметті жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпкерлердің сәтті үлгілерін танымал ету:
      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында іске асырылған жобалардың сәтті үлгілері бойынша баспасөз-турларын ұйымдастыруды;
      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында жұмыс істейтін табысты қазақстандық кәсіпкерлер туралы әңгімелер («Жетістіктер тарихтары») әзірлеуді және БАҚ-та орналастыруды;
      3) БАҚ өкілдері арасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлік туралы үздік материалға арналған конкурс өткізуді көздейді.
      230. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қазақстандық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау:
      1) сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандардың қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;
      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде бизнес ашуға бағдарланған кәсіпкерлер үшін ашық дәрістер, мастер-кластар өткізуді;
      3) әлеуметтік желілерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блогтар, сайттарда-бейне-хостингтерде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлікке арналған арналар құруды және жүргізуді көздейді.
      231. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру» құралы бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау ұсыну шарттарын түсіндіру қаржылай емес қолдау операторы құрған Бірыңғай бағдарламаның бірыңғай Call-орталығы базасында да жүзеге асырылады.

      «АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын
түсіндіру» құралы

      232. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы заңнама, нарықтың баға саясаты, қаржылық сауаттылық, қаржылық, сақтандыру және бағалау қызметтерінің шарттары мен құны мәселелерінде АӨК субъектілерінің хабардар болуын арттыруға бағытталған.
      233. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы АӨК субъектілеріне ұсынылады.
      234. «АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы шеңберінде заңнама, нарықтық баға саясаты, қаржылық сауаттылық, қаржылық, сақтандыру және бағалау қызметтерінің шарттары мен құны мәселелерінде АӨК субъектілерінің хабардар болуын арттыру мыналарға негізделеді:
      1) АӨК саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
      2) АӨК саласындағы кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды танымал ету;
      3) аграрлық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау.
      235. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралын қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен қаржылай емес қолдау операторы арасында тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      236. АӨК саласында мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу:
      1) АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын БАҚ-та түсіндіруді;
      2) АӨК саласында мамандандырылған мерзімдік басылымды әзірлеуді, шығаруды және оны агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жеткізуді;
      3) ақпараттық іс-шараларды (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер және т.б.) өткізуді көздейді.
      237. АӨК саласындағы кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларды танымал ету:
      1) АӨК саласында іске асырылған жобалардың сәтті үлгілері бойынша баспасөз-турларын ұйымдастыру;
      2) АӨК саласындағы кәсіпкерлер туралы әңгімелерді («Жетістіктер тарихтары») әзірлеу және БАҚ-та орналастыру;
      3) БАҚ өкілдері арасында Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру немесе АӨК саласындағы кәсіпкерлік туралы үздік материалға конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылады.
      238. Аграрлық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау:
      1) сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандардың қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;
      2) АӨК саласындағы жастар жобаларының көрмесін ұйымдастыруды және өткізуді;
      3) АӨК саласындағы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ашық дәрістер, мастер-кластар өткізуді;
      4) әлеуметтік желілерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блогтар, сайттарда-бейне-хостингтерде салалық кәсіпкерлікке арналған арналар құруды және жүргізуді көздейді.
      239. «Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» құралы бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарын түсіндіру қаржылай емес қолдау операторы құрған Бірыңғай бағдарламаның бірыңғай Call-орталығының базасында да жүзеге асырылады.

      Функционалдық бағыт: кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту

      «Кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту» құралы

      «Кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту» құралы мынадай құрауыштарды іске асыруды көздейді:
      1) «Жас кәсіпкер мектебі»;
      2) «Бизнес-мектеп».

      «Жас кәсіпкер мектебі» құрауышы

      240. «Жас кәсіпкер мектебі құрауышы (бұдан әрі - «ЖКМ» жобасы) жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашуға жәрдемдесуге, жас адамдарды кәсіпкерлік қызметке белсенді тартуға, жас кәсіпкерлердің құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған.
      241. Қазақстан Республикасының 18-29 жас аралығындағы азаматтары «ЖКМ» жобасының тыңдаушылары бола алады.
      242. «ЖКМ» жобасы:
      1) жастарды кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқытуды;
       2) бизнес-жоспарларды дайындау бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді;
      3) «ЖКМ» жобасына қатысушылардың бизнес-жоспарларын қорғауын ұйымдастыруды;
      4) «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының неғұрлым сәтті бизнес-жобаларын таныстыру арқылы өңірлерде «Идеялар жәрмеңкесі» конкурсын ұйымдастыруды;
      5) үздік бизнес-жобаларға - «Идеялар жәрмеңкесі» конкурсының жеңімпаздарына қаржыландыру алуға жәрдемдесуді көздейді.
      243. Оқыту процесінде «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларына кәсіпкерлік қызметті жүргізу мен бизнес-жоспарды дайындау негіздері бойынша оқу-әдістемелік материалдар, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтары ұсынылады. Бұл материалдар қағаз және/немесе электронды жеткізгіштерде ұсынылады.
      244. «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларын оқыту және оқу-әдістемелік материалдарды, шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтарын ұсыну өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
      245. «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларын оқыту КҚКО-да жүзеге асырылады. Оқыту қорытындылары бойынша бизнес-жоспарларын сәтті қорғаған жағдайда, «ЖКМ» жобасының тыңдаушыларына «ЖКМ» жобасы бойынша оқытудан өткені туралы сертификат беріледі.
      246. «ЖКМ» жобасы бойынша оқытудан өткені туралы сертификаттың болуы Бағдарлама шеңберінде гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға құқық береді.
      247. «ЖКМ» жобасын қаржыландыру қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      248. «ЖКМ» жобасын іске асыру тетігі:
      1) Қаржылай емес қолдау операторы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерімен бірлесіп, оқытудың басталатын күнін, оның кезеңін көрсете отырып, «ЖКМ» жобасы бойынша қабылдаудың басталуы туралы жастарды тікелей және/немесе өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді;
      2) өтініш беруші КҚКО-да «ЖКМ» жобасы бойынша білім алу үшін тіркеледі;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы «ЖКМ» жобасының кестесін, қатысушылар құрамын қалыптастырады және өтініш берушіге қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;
      4) «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының үздік бизнес-жоспарлары өңірлердегі «Идеялар жәрмеңкесі» конкурсында таныстырылады;
      5) «Идеялар жәрмеңкесі» конкурстарында үздік деп танылған «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының бизнес-жоспарлары бизнес-жобаның қойылған талаптарға сәйкес келуі шартымен Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік грант алуға ӨҮК қарауына жіберіледі;
      6) Қаржылай емес қолдау операторы әлеуетті инвесторларды тарту үшін «Идеялар жәрмеңкесі» конкурстарында үздік деп танылған «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының бизнес-жоспарларының қысқаша сипаттамасын интернет-ресурстарда орналастырады.

      «Бизнес-мектеп құрауышы»

      249. «Бизнес-мектеп» құрауышы моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа білім беру жобаларын ұсынуға бағытталған.
      250. Моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында «Бизнес-мектеп» құрауышының қызметтері КҚО, Астана, Алматы, Семей, Түркістан қалаларында және облыс орталықтарында КҚКО-да ұсынылады.
      251. «Бизнес-мектеп» құрауышының шеңберіндегі оқыту жобалары:
      1) «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін қысқа мерзімді оқытуды;
      2) «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімді оқытуды;
      3) тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды ұсынуды көздейді.
      252. Оқыту барысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері бойынша оқу материалдары, құжаттардың стандартты пакеті, оның ішінде бизнес-жоспарлар, қаржыландыруды алуға арналған құжаттардың үлгілері, маркетингтік зерттеулер нәтижелері, инновацияларды енгізу саласындағы халықаралық тәжірибе, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтары беріледі.
      253. «Бизнес-мектеп» құрауышының жобалары бойынша білім алуға өтініштерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық КҚКО, КҚО мен Оператордың КҚҰО береді.
      254. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері қажет болғанда «Бизнес-мектеп» құрауышы шеңберінде білім беру жобаларын өткізуге жарамды қажетті үй-жайларды ұсынады.
      255. «Бизнес-Кеңесші» жобасын іске асыру тетігі:
      1) оқыту шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа өтеусіз негізде ұсынылады;
      2) Қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын, есепті тоқсанға дейінгі айдың 10-күніне дейін оқыту өткізілетін күн мен орынды, оның кезеңі мен өтінімдерді беру мерзімін көрсете отырып, алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды, жасалғаннан кейін ол 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та орналастырылуға тиіс;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың өтінімдері негізінде ай сайын, есепті айдың 5-күніне дейін тыңдаушылардың тізімдерін қалыптастырады;
      4) оқытудан өткеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификат беріледі;
      5) «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқыту күнтізбелік екі күн ішінде жүзеге асырылады.
      256. «Бизнес-Өсу» жобасын іске асыру тетігі:
      1) оқыту «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификаты бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылады;
      2) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша тақырыптар тізбесін айқындау тұрғысынан сауалнама жүргізуді жүзеге асырады;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне сауалнама жүргізу нәтижелерін ескере отырып, тоқсан сайын есепті тоқсанға дейінгі айдың 10-күніне дейін тақырыптарды, өткізу күнін және орнын, оның кезеңін және өтінімдерді беру мерзімін көрсете отырып, алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды, жасалғаннан кейін ол 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та орналастырылуға тиіс;
      4) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдері негізінде ай сайын, есепті айдың 5-күніне дейін тыңдаушылардың тізімдерін қалыптастырады;
      5) оқытудан өткеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификат тапсырылады;
      6) «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша оқыту күнтізбелік 2-5 күн аралығында оқытудың тақырыбына байланысты жүзеге асырылады.
      257. Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды іске асыру тетігі:
      1) оқыту моноқалалардың, шағын қалалар мен аудан орталықтарының «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификаты бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқына өтеусіз негізде ұсынылады;
      2) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын, қаңтардың 20-күніне дейінгі мерзімде өңірлік мамандану мен жергілікті кәсіпкерлікті дамыту перспективаларына байланысты жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобалардың тізбесін айқындайды;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын ақпанның 10-күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жобалардың тізбесін, оқытуды өткізу күні мен орнын, оның кезеңін және өтінімдер беру мерзімін көрсете отырып, оқытуды өткізу кестесін жасайды, жасалғаннан кейін ол 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та орналастырылуға тиіс;
      4) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық өтінімдерінің негізінде тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс әр жоба бойынша тыңдаушылар тобын қабылдауды қамтамасыз етеді;
      5) Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобалар бойынша тәлімгерлік қызметтер көрсету үшін жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді, сондай-ақ тәлім беру тәжірибесі бар мамандарды, консультанттарды тартады;
      6) Қаржылай емес қолдау операторы оқытуды өткізуді бастағанға дейін тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобаға байланысты қалыптастырылған тыңдаушылардың әр тобы бойынша тәлімгерлердің болуын қамтамасыз етеді;
      7) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа тәлімгерлік қызметтер көрсететін тәлімгерлер оқыту кезеңі ішінде дәрістер мен семинарлар өткізеді, ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсетеді, жобаның өзгешелігі мен ерекшеліктеріне оқытады, тыңдаушылардың оны іске асыруын қамтамасыз етеді;
      7) тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқыту тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобаға байланысты үш аптадан 2 айға дейін жүзеге асырылады.
      258. «Бизнес-мектеп» құрауышын қаржыландыру уәкілетті орган мен Қаржылай емес қолдау операторы арасында тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      «Кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің
біліктілігін арттыру» құралы

      259. «Кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру» құралы мынадай құрауыштарды іске асыруды көздейді:
      1) «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту»;
      2) «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту»;
      3) «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру».

      «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту»
құрауышы

      260. «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрауышы «Назарбаев Университеті» ДБҰ базасында оқыту есебінен Бағдарлама шеңберінде өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетуге бағытталған.
      261. Бағдарлама шеңберінде қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшылары «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрауышының қатысушылары бола алады.
      262. Құрауыш қатысушыларын оқыту жөніндегі шығындарды төлеу уәкілетті орган мен «Назарбаев Университеті» ДБҰ арасында тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Құрауыш қатысушылары оқыту орнына дейін және кері қайту жолақысын, сондай-ақ тұруын өздері төлейді.
      263. Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту тетігі:
      1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері тікелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын конкурстық іріктеудің басталуы туралы хабардар етеді;
      2) өтініш беруші белгіленген нысанда қаржы агенттігіне оқытуға өтінім береді. Бұл ретте Өтініш беруші жобаны іске асыруға байланысты мониторингті немесе өзге де іс-қимылдарды жүргізу үшін қажетті барлық мәліметтер мен деректерді ұсыну туралы жазбаша міндеттемеге қол қояды. Қаржы агенттігі уәкілетті орган айқындайтын квоталарға сәйкес жиынтық өтінімді қалыптастырады және оларды уәкілетті органға келісуге жібереді;
      3) Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4) Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5) уәкілетті орган Бағдарламаға қатысушылардың келісілген тізбесін «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ға жібереді.
      Қаржы агенттігі «Назарбаев Университет» ДБҰ-мен бірге Бағдарламаға қатысушылардың кәсіпорынды дамыту бойынша қызметін мониторингтеуді жүзеге асырады.
      Ескерту. 263-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде
аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді
шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет
субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік
сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту» құрауышы

      264. «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту» құрауышы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған.
      265. «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту» құрауышы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның шешімімен бекітілетін отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесінде (бұдан әрі - тізбе) көзделген отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді ілгерілететін және мынадай критерийлерге сәйкес келетін:
      1) экспорттау келісімшарттарына сәйкес Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ БТН) 6 және одан да көп белгілерінің деңгейіндегі тауар позицияларына сәйкес келетін өнімнің бір бөлігін немесе бәрін және тізбеге енгізілген көрсетілетін қызметтерді экспорттауды жүзеге асыратын;
      2) өз өнімдерін, көрсетілетін қызметтерін ілгерілету бойынша:
      тізбеде көзделген өнімді, көрсетілетін қызметтерді ілгерілетуге байланысты шығындарға жататын;
      өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін кемінде 2 (екі) жыл бұрын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шеккен шығындарды көтерген индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне ұсынылады.
      266. «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыру арқылы оқыту» құрауышы шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің қызметкерлерді оқыту жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ кәсіпорындарға шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыруға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу ұсынылады.
      267. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында айқындалған шығындар түрлері бойынша жүргізіледі.
      Ескерту. 267-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.12.2015 № 1001 қаулысымен.
      268. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеу шеңберінде жанама салықтар (қосылған құн салығы мен акциздер) есепке алынбай өтеуге ұсынылған соманың 50%-ы көлеміндегі негізделген және құжаттамамен расталған шығындары өтеледі. Өтелетін шығындар сомасына жанама салықтар (қосылған құн салығы мен акциздер) сомасы қосылмайды.
      269. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады. Бұл ретте шетелдік валюталарда шеккен шығындарды қайта есептеу өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге қолданылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталар бағамы бойынша жүзеге асырылады.
      270. «Өнімді ілгерілетуді басқару саласында, оның ішінде аталған өнімді өндіру саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелде, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-кеңесшілерді шақыру арқылы оқыту» құрауышын іске асыру тетігі:
      1) құрауыш операторы бұқаралық ақпарат құралдарында өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру орналастырып, онда өтінімдерді қабылдаудың аяқталатын күнін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі сәйкес келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орнын, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпарат қамтылған интернет-ресурсқа сілтемелерді көрсетеді. Қаржылай емес қолдау операторы да мәтіні құрауыш операторы хабарландыруының мәтініне сәйкес келуге тиісті осындай хабарландыруды өз есебінен орналастыра алады және дербес консультациялық қолдау көрсете алады;
      2) өтінім және оған қоса берілетін құжаттар құрауыш операторына немесе КҚКО-ға қағаз жеткізгіштерде құжаттар тізімдемесі қоса беріле отырып ұсынылады;
      3) құжаттар КҚКО-ға ұсынылған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан белгіленген талаптарға сәйкес қарайды және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, ол туралы өтініш берушіні хабардар етеді;
      4) өтініш беруші өтінімнің және қажетті қосымшалардың сәйкес келмейтіні туралы ақпаратты алғаннан кейін сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды Қаржылай емес қолдау операторының қарауы үшін КҚКО-ға қайта енгізеді;
      5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайта қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, қоса берілетін құжаттары бар өтінімді құрауыш операторына жібереді. Өтініш беруші КҚКО-ға ұсынған құжаттардың толықтығы, заңнамаға сәйкес келуі және тізімдемесі үшін Қаржылай емес қолдау операторы жауап береді;
      6) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторы ұсынған өтінімді қоса берілген құжаттарымен бірге 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығы тұрғысынан қарайды. Ұсынылған құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда, құрауыш операторы өтінімді қараудан бас тартады және оны Қаржылай емес қолдау операторына қайтарады;
      7) құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, құрауыш операторы ұсынылған өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында (бұдан әрі – Өтеу қағидалары) көзделген тәртіппен 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;
      8) ұсынылған өтінімнің және оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтінін анықталған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторын міндетті түрде хабардар ете отырып, өтініш берушіге уәжделген бас тарту жібереді;
      9) ұсынылған өтінімнің және оған қоса берілетін құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталмаған жағдайда, құрауышты одан әрі іске асыру Өтеу қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады;
      10) құрауыш операторынан өтініш берушіге мемлекеттік қолдау көрсетуден бас тарту туралы хабарлама алған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында құрауыш операторының шешімін оның негізділігі тұрғысынан қарайды.
      Ескерту. 270-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.10.2015 № 848 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      271. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
      272. Өтініш берушілерден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берілмейді.
      273. Құрауыш операторы КҚКО арқылы берілген өтініш берушілердің өтінімдері бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары туралы ақпаратты Қаржылай емес қолдау операторына жібереді.
      274. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл жасасуы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалған тиісті келісімнің шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша кезеңдік оқытуды жүзеге асырады.
      275. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы

      276. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы сарапшыларды тарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру, озық өндірістік тәжірибелерді енгізу мәселелері бойынша кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерін оқытуға, даярлауға және/немесе қайта даярлауға бағытталған.
      Ескерту. 276-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      277. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларында айқындалған экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметін кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырған кәсіпкерлерге ұсынылады.
      Ескерту. 277-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      278. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтерге жұмсалған шығындарды ішінара өтеу жүзеге асырылады.
      279. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы шеңберінде:
      1) өтінім берілген күнге дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын 40 (қырық) пайыз, бірақ жылына 1 (бір) қызметкерге 2 миллион теңгеден және бір кәсіпорын бойынша 15 (он бес) қызметкерден аспайтын мөлшерде, кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерін даярлауға және/немесе қайта даярлауға кәсіпорын жұмсаған шығындарды өтеу;
      2) өтінім берілген күнге дейін кемінде 12 (он екі) ай бұрын, 40 (қырық) пайыз мөлшерінде, бірақ жылына 1 (бір) маманға 9 (тоғыз) миллион теңгеден аспайтын, бір кәсіпорын бойынша жылына 3 (үш) маманнан көп емес сарапшыларды тарту жолымен озық өндірістік практикаларды енгізуге кәсіпорын жұмсаған шығындарды өтеу көзделеді.
      Ескерту. 279-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      280. Құрауышты ұсыну тетігі:
      1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіпкерлер сәйкес келуге тиісті талаптарды, өтінімдерді қабылдау орнын, оларға қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпарат қамтылған интернет-ресурсқа сілтемелерді көрсете отырып, өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;
      2) өтінім және оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрауыш операторына құжаттар тізімдемесімен қоса қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан белгіленген талаптарға сәйкес қарайды және оларды құрауыш операторына жібереді. Өтінімнің және оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушіні бұл туралы хабардар етеді;
      4) өтініш беруші өтінімнің және қажетті қосымшалардың сәйкес келмейтіндігі туралы ақпаратты алғаннан кейін сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды Қаржылай емес қолдау операторының қарауы үшін КҚКО-ға қайта енгізеді;
      5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайта қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, қоса берілетін құжаттары бар өтінімді құрауыш операторына жібереді;
      6) құрауыш операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;
      7) құрауыш операторы өтініш берушінің әрбір өтінімі бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім туралы Қаржылай емес қолдау операторын хабардар етеді;
      8) шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің қол қоюы үшін құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімді 2 данада қоса бере отырып, хабарлама жібереді. Өтініш беруші Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қойғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін бір данасын құрауыш операторына қайтарады;
      9) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігін көрсете отырып, хабарлама жібереді. Қаржылай емес қолдау операторы кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігі туралы хабарламаны оның негізділігі тұрғысынан қарайды.
      Ескерту. 280-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      281. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
      282. Өтініш берушілерден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берілмейді.
      283. Құрауыш операторы құрауышты іске асыру кезінде өтініш берушімен Шығындарды өтеу туралы келісім жасасады, онда:
      1) құрауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болғанда өтеуге қабылданатын шығындардың сомасы бойынша түсініктеме;
      2) кейіннен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш операторының құрауыштың іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында өтініш берушінің құрауыш операторына Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғанға дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және жасалғаннан 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;
      3) құрауыш бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда, құрауыш операторының өтініш берушіден құрауышты іске асыру барысы туралы ақпаратты сұрату құқығы;
      4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және шығындарды өтеу түрінде құрауыш бойынша берілген ақшалай қаражатты қайтару көзделеді.
      Ескерту. 283-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      284. Құрауыш операторы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күнінен бастап 2 (екі) жыл ішінде құрауыштың іске асырылу барысы туралы мониторингті жүргізеді.
      285. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл жасасуы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалған тиісті келісімнің шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша кезеңдік оқытуды жүзеге асырады.
      286. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      «Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге
сервистік қолдау көрсету» құралы

      287. «Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» құралы кәсіпорынның тиімділігін арттыру мақсатында оны басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және КҚКО, КҚО және КҚҰО-да бизнес-процестерді қолдау жөніндегі мынадай мамандандырылған қызметтерді ұсынуды қамтиды:
      1. Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер, олар мынадай мәселелер бойынша консультацияларды қамтиды:
      1) салық салу және салықтық әкімшілендіру;
      2) салық заңнамасы және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама;
      3) бастапқы құжаттарды өңдеу, салықты және бюджетке өзге де аударымдарды есептеу;
      4) бухгалтерлік есепті қалпына келтіру;
      5) бухгалтерлік есеп жүргізу;
      6) «1С-Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс;
      7) салықтық және статистикалық есептерді дайындау және тапсыру;
      8) тысқары ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептерді жасау;
      9) электрондық статистикалық есептілікті ұсыну.
      2. Мыналарды қоса алғанда, кедендік рәсімдер бойынша көрсетілетін қызметтер:
      1) кедендік заңнама мен кедендік рәсімдер саласындағы консультациялар;
      2) тауарларды декларациялау қағидалары мен тәртібі, кедендік құнды айқындау және түзету, кедендік декларацияны толтыру жөніндегі консультациялар;
      3) нақты тауарлар бойынша тарифтік және тарифтік емес реттеу жөніндегі консультациялар;
      4) сыртқы экономикалық қызметті құжаттамалық сүйемелдеу;
      5) сыртқы экономикалық қызметке арналған лицензиялар, рұқсаттар алу жөніндегі консультациялар;
      6) Кеден одағы шеңберінде жүктерді декларациялау жөніндегі консультациялар;
      7) сыртқы сауда келісімшартының талаптары жөніндегі консультациялық қызметтер.
      3. Кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін:
      1) лицензия және рұқсат алу мәселелері бойынша – мемлекеттік органдарда;
      2) кредиттер алу мәселелері бойынша – екінші деңгейдегі банктерде;
      3) мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша – даму институттарында сүйемелдеу.
      4. Мыналарды қоса алғанда, заңгерлік қызметтер көрсету:
      1) кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттарды дайындау бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтер;
      2) кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттарды дайындау;
      3) шарттардың жобаларын әзірлеу бойынша консультациялар;
      4) шарттардың жобаларын әзірлеу;
      5) азаматтық және еңбек құқығы саласындағы консультациялар;
      6) құжат айналымын жүргізу бойынша консультациялар;
      7) ұсынымдар бере отырып, құжат айналымының аудиті;
      8) бизнес-жоспардан басқа, кредит алуға құжаттар пакетін дайындау бойынша консультациялар;
      9) бизнес-жоспардан басқа, кредит алуға құжаттар пакетін дайындау;
      10) кадрлық құжаттаманы жүргізу бойынша консультациялар;
      11) ұсынымдар бере отырып, кадрлық құжаттама аудиті;
      12) құжаттардың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруге байланысты консультациялық көрсетілетін қызметтер.
      5. Мыналарды қоса алғанда, маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер:
      1) құн саясатын әзірлеу бойынша консультациялар;
      2) ұқсас тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуының қорытындылары мен жоспарларын талдауды есепке ала отырып, нақты тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша құн саясатын әзірлеу;
      3) бизнес-жоспар әзірлеу және екінші деңгейдегі банктерде қарауға дайындау бойынша консультациялар;
      4) бизнес-жоспар әзірлеу және екінші деңгейдегі банктерде қарауға дайындау;
      5) кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша консультациялар;
      6) кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу;
      7) кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік қызметін бағалау және талдау бойынша консультациялар;
      8) кәсіпорынның (жеке кәсіпкерлердің) маркетингтік қызметін бағалау және талдау;
      9) тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе көрсетілетін қызметтерге сұраныс типтерін зерделеу бойынша консультациялар;
      10) ұсынымдар немесе қорытындылар бере отырып, тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе көрсетілетін қызметтерге сұраныс типтерін зерделеу;
      11) бәсекелес ортаны талдау бойынша консультациялар;
      12) ұқсас тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуының қорытындылары мен жоспарларын талдауды есепке ала отырып, бәсекелес ортаны талдау;
      13) тауар таңбасын, жарнамалық науқанды әзірлеу бойынша консультациялар;
      14) тауар таңбасын, жарнамалық науқанды әзірлеу.
      6. Мыналарды қамтитын ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар:
      1) интернет-ресурстарды әзірлеу және қолдау;
      2) кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) визитка-сайтын құру;
      3) интернетте бизнес құру және жүргізу;
      4) есептерді электронды тапсыру бағдарламасын орнату және қолдау;
      5) «1 С-Бухгалтерия» бағдарламасын орнату және қолдау.
      7. Мыналарды қамтитын мемлекеттік сатып алуға, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуына байланысты көрсетілетін қызметтер:
      1) конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдерді дайындау;
      2) конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдер сараптамасын (аудитін) жүргізу;
      3) Қазақстанның сатып алу бойынша бірыңғай құрылымдалған ақпараттық базасын қамтитын интернет көзіне қосылу;
      4) мемлекеттік және өзге де сатып алуға қатысу үшін жетілдіру мүмкіндігі тұрғысынан кәсіпорын/жеке кәсіпкер құжаттамасының сараптамасы (аудиті);
      5) сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағым жасау;
      6) қазақстандық қамтуды есептеу;
      7) жылдық сатып алу жоспарлары негізінде Қазақстанның мемлекеттік және өзге де сатып алу нарығының сыйымдылығы бойынша талдамалық есептер беру.
      8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) саласындағы:
      1) жеке әріптесті айқындау жөніндегі конкурс шеңберінде әлеуетті жеке әріптестің конкурстық өтінімін дайындау бойынша;
      2) жеке әріптесті айқындау шеңберінде МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзірлеу бойынша;
      3) МЖӘ шарттарын дайындау және бекіту бойынша;
      4) МЖӘ жобаларын іске асыру мәселелері бойынша консультация.
      Ескерту. 287-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      288. «Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» құралы экономиканың барлық секторларында әрекет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылады.
      289. Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету ККҚО мен КҚО-да, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өтінімдерінің жинақталу шамасына қарай КҚҰО арқылы ауылдық елді мекендерге бару жолымен жүзеге асырылады.
      290. Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету тетігі:
      1) уәкілетті орган мен Қаржылай емес қолдау операторы арасында қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты жасалады;
      2) қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсетуді қаржыландыру уәкілетті орган мен Қаржылай емес қолдау операторы арасындағы қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартына қол қою жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы өңірдің кәсіпкерлерін қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсетудің басталуы мен орны туралы хабардар етуді ай сайын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізеді.
      291. Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартының шеңберінде:
      1) Қаржылай емес қолдау операторы есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартында көрсетілген нысан бойынша құралдың іске асырылуы туралы есепті жібереді;
      2) Қаржылай емес қолдау операторы есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, құралдың іске асырылу мониторингін жүргізу мақсатында құралдың іске асырылуы туралы мәліметтерді жібереді;
      3) Қаржы агенттігі қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу әдістемесіне (бұдан әрі - әдістеме) сәйкес құралдың іске асырылуы туралы мониторингті жүзеге асырады.
      292. Әдістемені Қаржылай емес қолдау операторымен келісу бойынша қаржы агенттігі әзірлейді және ол уәкілетті органның шешімімен бекітіледі.
      Қаржы агенттігі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей, ай сайынғы негізде уәкілетті органға әдістемеде көрсетілген нысан бойынша құралдың іске асырылу мониторингі туралы есепті жібереді.
      293. Қаржылай емес қолдау операторы қаржы жылындағы 12 ай бойы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге үздіксіз сервистік қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

      «Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері
бойынша консультациялар беру» құралы

      294. «Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша консультациялар беру» құралы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің сауаттылығын, құжаттар мен техникалық шарттарды алу кезінде олардың заңнамалық рәсімдер мен талаптар туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған.
      295. «Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша консультациялар беру» құралы рұқсат құжатын немесе техникалық шартты алуға ниеттенген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.
      296. Осы құралды іске асыру мақсатында Қаржылай емес қолдау операторы әрбір рұқсат құжаты мен техникалық шарт бойынша анықтамалық әзірлейді, онда рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алуға қойылатын талаптар, оның ішінде ұсынылатын қажетті құжаттардың тізбесі, оларды беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган мен ұйым туралы ақпарат, рұқсат құжаттары мен техникалық шарттардың берілу орны мен уақыты, сондай-ақ рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу бойынша қадамдық ұсынымдар көзделеді.
      297. Әрбір рұқсат құжаты мен техникалық шарт бойынша анықтамалық рұқсат құжаттары мен техникалық шарттардың берілуін регламенттейтін заңнамадағы өзгерістерге сәйкес үнемі жаңартылып тұруға тиіс.
      298. Консультациялар әрбір рұқсат құжаты мен техникалық шарт бойынша анықтамалықтардың мазмұнына сәйкес жүзеге асырылады, бұлар консультация берілгеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде табысталады.
      299. Құралды іске асыруды қаржыландыру уәкілетті орган мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

      Функционалдық бағыт: кәсіпкерлердің өнімділігін
жоғарылату

      «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын
енгізу, кәсіпорындардың өнімділігін жоғарылату және энергия
үнемдеуі мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту»
құралы

      300. «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігін жоғарылату және энергия үнемдеуі мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту» құралы мынадай құрауыштарды іске асыруды көздейді:
      1) «Алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық жобаларын сыртқы консультанттарды тарту жолымен бірлесіп қаржыландыру (Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы)»;
      2) «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (Аға Сеньорлар)».

      «Алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық
жобаларын сыртқы консультанттарды тарту жолымен бірлесіп
қаржыландыру (Қазақстан Республикасының шағын және орта
кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы)» құрауышы

      301. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шағын және орта кәсіпкерліктің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарына сыртқы консультанттар жүзеге асыратын консультациялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру және нарықты дамыту жөніндегі іс-шараларды жүргізу жолымен қолдау көрсетуге бағытталған.
      302. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберіндегі қолдау қызметін экономиканың басым секторлары мен ИИДМБ-да анықталған өңдеуші өнеркәсіп салаларында және моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз жүзеге асыратын, сондай-ақ қаржылық тұрғыдан орнықты және өсу әлеуеті жоғары және Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын консультациялық жоба шығындарының жалпы құнының бір бөлігін жабуға әзір шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.
      Ескерту. 302-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      303. Еуразия Қайта құру және Даму банкі (бұдан әрі - ЕҚДБ) Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының операторы болып табылады.
      304. Базалық және қосымша критерийлерге сай келетін кәсіпорындар Бағдарламаға қатыса алады.
      305. Базалық іріктеу критерийлері:
      1) қатысушылар - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері;
      2) меншік нысаны - бақылау пакеті Қазақстан Республикасының азаматтарында болатын жеке кәсіпорын (капиталдағы шетелдік қатысу 49%-дан аспайды);
      3) қызмет саласы – экономиканың барлық басым секторлары мен ИИДМБ-де анықталған өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы және моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі салалық шектеулерсіз қызмет;
      4) шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы тәжірибе - өтінім берген кездегі 2 (екі) жыл;
      5) Бағдарламаға қатысуға арналған өтінім құжаттамасының толық пакеті - ЕҚДБ стандартты нысанына сай толтырылған өтінімнің түпнұсқасы, құрылтай құжаттарының көшірмелері, алдыңғы өткен толық екі жыл және өтінім берген кездегі ағымдағы қаржы кезеңі үшін қаржылық есептердің көшірмелері.
      Ескерту. 305-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      306. Қосымша іріктеу критерийлері (бұл критерийлерге сәйкестікті кәсіпорынды тексеру және диагностикалау бойынша ЕҚДБ стандартты рәсімдерін орындағаннан кейін, ЕҚДБ жергілікті мамандарының тобы бағалайды):
      1) өміршеңдігі - көрнекі бәсекелік артықшылықтардың болуы тұрғысынан одан әрі өсу әлеуеті, кірістілік (жағымды жалпы кіріс), консультациялық жобаларды енгізу және олардың нәтижелерін қолдану үшін қаржылық және операциялық жеткілікті ресурстардың болуы; ЕҚДБ банкроттыққа жақын күйдегі немесе толық қайта құрылымдауды қажет ететін кәсіпорындарға қолдау көрсетпейді;
      2) басшылық тарапынан қатынас - ЕҚДБ мамандарымен және консалтингтік компаниялармен ынтымақтастыққа әзірлік;
      3) жоғары бедел/парасаттылық - кәсіпорын мен оның басшысы сенімді әрі беделі жоғары болуға тиіс;
      4) штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжірибесі - іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтерді алуға шынайы қажеттілік, сондай-ақ штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжірибесі жұмыс тәжірибесі аз болса немесе мұндай тәжірибесі болмаса, көрсетілетін қолдауды қолдана білу қабілеті және (немесе) жобаны толық көлемде қаржыландыру үшін қаражаттың болмауы;
      5) қаржылық міндеттемелер - кәсіпорын жобаны іске асырудың жалпы құнының 25 - 75%-ын төлеуге әзір болуға және мұндай мүмкіндігі болуы тиіс.
      307. ЕҚДБ біліктілік алдында іріктеу жүргізеді және Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға қойылатын талаптарға сай келетін консультациялық көрсетілетін қызметтерді берушілердің дерекқорын жүргізеді.
      308. Консультанттар нақты бейіндегі консультациялық қызметтер көрсету және нақты білім салаларында жұмыс істеу үшін біліктілігінің бар-жоғын бағалаудан өтеді:
      1) жұмыс тәжірибесі - компания қызметінің сипаттамасы, оны мемлекеттік тізілімде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, меншік құқығы туралы куәлік (жарғыдан және (немесе) құрылтай шартынан үзінді көшірме), егер жарамды болса, алдыңғы өткен кемінде екі жыл үшін жылдық қаржылық есептілік (кірістер мен шығындар туралы есеп, ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп, теңгерім), консультациялық көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша төлем мөлшерлемелері бөліп көрсетілген компанияның/дара консультанттың мамандану сипаты;
      2) клиентпен жұмыс және ұсынымдар - пікірлер мен ұсынымдарды қоса алғанда, соңғы 2-3 жыл үшін іске асырылған жобалардың сипаты (консалтингтік компанияның мамандануы шеңберінде);
      3) кадрлармен жасақталу - барлық консультанттармен сұхбаттасу және олардың түйіндемелерін алу.
      309. Кәсіпорын қажеттіліктері айқындалғаннан және белгіленген нысан бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге техникалық тапсырма дайындалғаннан кейін жобаны орындау үшін Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде белгіленген талаптарға сай келетін консалтингтік компаниялардың коммерциялық ұсыныстарына сұраныс жасауға болады. Консультантты түпкілікті таңдау құқығы кәсіпорынның өзінде болады. Бірінші жоба сәтті іске асырылмайынша, консультанттардың басқа жобаларды қатар орындауына тыйым салынады.
      310. Қолдау көрсетілетін жобалар КҚО және Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа бастамалары шеңберінде көрсетілетін қызметтерді толықтырып отырады. Олар басқаларымен қатар консультациялық көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлерін қамтуы мүмкін:
      1) стратегиялық менеджмент:
      стратегиялық жоспарлау
      бизнес-жоспарлау
      техникалық және қаржылық-экономикалық негіздеме әзірлеу
      қаржылық талдау және жоспарлау әріптестерді іздеу
      2) маркетинг-менеджмент:
      сатылымдарды басқару
      маркетингтік зерттеулер
      маркетингтік стратегия әзірлеу
      брендинг және ілгерілету
      электронды маркетинг
      3) ұйымдық менеджмент:
      ұйымдық даму
      адами ресурстарды басқару
      4) операциялық менеджмент:
      бизнес-процестердің реинжинирингі
      жеткізу тізбектерін басқару
      5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар:
      салалық автоматтандыру жүйелері
      құжат айналымын автоматтандыру жүйелері
      ІТ-инфрақұрылым
      өндірістік процестерді автоматтандыру жүйелері
      менеджменттің корпоративтік ақпараттық жүйелері
      6) инженерлік-конструкторлық әзірлемелер:
      өндірістік желілерді оңтайландыру
      сәулеттік жоспарлау/дизайн
      инфрақұрылым мен коммуналдық желілерді жоспарлау
      7) сапа менеджменті:
      сапа менеджмент жүйелерін енгізу
      тағам өнімдерінің қауіпсіздік жүйесін енгізу
      өндірістегі қауіпсіздік жүйелерін енгізу
      өнімнің қауіпсіздік жүйелерін енгізу
      8) энергия және ресурс тиімділігі:
      энергия аудиті, сертификаттау және рейтингтер беру
      энергоменеджмент жүйелерін енгізу
      энергия тиімділігі саласында инженерлік-конструкторлық шешімдерді енгізу
      жаңартылатын энергия көздерін енгізу
      9) экологиялық менеджмент:
      экологиялық аудит және қоршаған ортаға әсерді бағалау
      экологиялық менеджмент жүйелерін енгізу
      экология саласында инженерлік-конструкторлық шешімдерді енгізу
      10) есеп және қаржылық есептілік:
      қаржылық басқару және есепке алу жүйелерін енгізу
      аудиттелетін қаржылық есептілікті дайындау үшін қаржылық ақпаратты өңдеу
      кәсіпорынды басқару және есептілікті жүргізу үшін талап етілетін қаржылық ақпаратты жетілдіру үшін есепке алу саясатын іске асыру саласындағы консультациялар
      ұлттық/халықаралық стандарттарға (ҚЕҰС/ҚЕХС) сәйкес қаржылық есептілікті жетілдіру.
      311. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру мерзімі жобаның мазмұнына байланысты болады, алайда, әдетте, төрт айдан алты айға дейін болады.
      312. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру тетігі:
      1) ЕҚДБ және/немесе қаржы агенттігі Қазақстан Республикасының әр өңірінде кәсіпкерлерді Бағдарламаға қатысу критерийлері туралы ақпарат пен өтінім пакетіне қойылатын талаптарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеуетті клиенттерге жобалық өтінімді дайындауға жәрдем көрсетеді;
      2) өтініш беруші ЕҚДБ шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бағдарламасының жәрдемімен қолдау алуға өтінімді және қажетті құжаттар топтамасын (оның ішінде Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының стандартты нысанына сәйкес толтырылған өтінімнің түпнұсқасы, құрылтай құжаттарының көшірмелері, алдыңғы өткен толық екі жыл және өтінім берген кездегі ағымдағы қаржы кезеңі үшін қаржылық есептердің көшірмелері) ЕҚДБ-ға ұсынады;
      3) кәсіпорынды тексеру және диагностикалау бойынша Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының стандартты рәсімдері орындалғаннан кейін оның өміршеңдігін, оның қажеттіліктері мен басымдықтарын айқындау және өтінім бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін оның іріктеу критерийлеріне сәйкестігін бағалау мақсатында ЕҚДБ маманы кәсіпорынға барады;
      4) ЕҚДБ маманы Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға өтініш берушілердің жиынтық тізбесін қалыптастырады және мүдделі кәсіпорындар туралы ақпаратты тіркеумен және сақтаумен айналысады, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға мақұлдау алған кәсіпкерлердің жиынтық тізбесін қаржы агенттігіне хабардар ету мақсатында ұсынады;
      5) әлеуетті консультациялық жоба кәсіпорын басшылығымен талқыланады;
      6) ЕҚДБ кәсіпорын үшін жергілікті және халықаралық сарапшылардың дерекқорынан жобаны іске асыруға жарамды консалтингтік компаниялардың және/немесе сарапшылардың тізімін дайындайды және жоба бойынша әлеуетті консультанттармен, атап айтқанда халықаралық сарапшылармен келіссөздер жүргізуге жәрдемдеседі;
      7) өтініш беруші консалтингтік компанияны және/немесе сарапшыны таңдау туралы түпкілікті шешім қабылдайды;
      8) кәсіпорын мен консалтингтік компания бірлесіп, белгіленген нысан бойынша техникалық тапсырма әзірлейді, ол ЕҚДБ тарапынан келісілуге және бекітілуге тиіс;
      9) ЕҚДБ гранттар бойынша қолданыстағы матрица-нұсқаулыққа сүйене отырып, консультациялық жобаны бірлесіп қаржыландыру көлемі бойынша шешім қабылдайды;
      10) кәсіпорын мен консалтингтік компания ЕҚДБ мақұлдаған жобаға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес консультациялық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады;
      11) ЕҚДБ мен кәсіпорын Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде консультациялық жобаға грант беру туралы келісім жасасады.
      Ескерту. 312-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      313. ЕҚДБ жобаның іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;
      314. Жоба аяқталғаннан кейін консультант қорытынды презентация өткізеді және бенефициар-кәсіпорын мен ЕҚДБ-ға жобаның нәтижелері туралы есеп береді.
      315. Кәсіпорын консультантқа консультациялық қызметтер көрсету шартына сәйкес соманы төлейді.
      316. Орындалған жұмыстардың мәлімделген техникалық тапсырмаға сәйкестігін, жоба сәтті аяқталғаннан және консультациялық қызметтер көрсету туралы шартқа сәйкес кәсіпорынның консультантқа жобаның құнын төлеу фактісін тексергеннен кейін ЕҚДБ бенефициар-кәсіпорынға Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде грант беру туралы қол қойылған келісімге сәйкес грант төлейді.
      317. Жоба аяқталғаннан кейін бір жыл өткен соң ЕҚДБ бенефициар-кәсіпорын жұмысының тиімділігіне әсерін бағалау үшін барып, жобаға қорытынды баға береді.
      318. ЕҚДБ жыл сайын уәкілетті органға құрауыштың іске асырылу барысы туралы есеп береді.

      «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын,
жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша
біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (аға сеньорлар)»
құрауышы

      319. «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (аға сеньорлар)» құрауышы басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша құрауышқа қатысушыларға тікелей кәсіпорындарда консультация беру үшін жемісті жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға бағытталған.
      320. Қазақстан Республикасының аумағында «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (аға сеньорлар)» құрауышын ұйымдастырушылық сүйемелдеуді қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап халықаралық және шетелдік ұйымдардың (бұдан әрі - ХШҰ) жәрдемімен қаржылай емес қолдау операторы жүзеге асырады.
      321. «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (аға сеньорлар)» құрауышын іске асыру шарттары:
      1) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құрауышқа қатысушы бола алады;
      2) құрауыш бойынша шетелдік сарапшыларды тарту бойынша шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады;
      3) шетелдік сарапшылардың ұшуы және көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады;
      4) шетелдік сарапшылардың көліктік және тәуліктік шығыстары, сондай-ақ олардың Қазақстан аумағында тұруы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      322. «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (аға сеньорлар)» құрауышын іске асыру тетігі:
      1) қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісімен бірге шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін құрауышты іске асыру шарттары туралы тікелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді;
      2) өтініш беруші шетелдік мамандарды тартуға өтінімді КҚКО-ға береді;
      3) қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы өтінімдерді қарап, өтініш білдірушінің Бағдарлама шарттарына сәйкестігі тұрғысынан іріктеу жүргізеді. Іріктеп алынған өтінімдердің ішінен қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы жиынтық өтінімді қалыптастырады және уәкілетті органға келісуге жолдайды;
      4) шетелдік мамандарды тарту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыру үшін уәкілетті орган қаржы агенттігіне, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторына қатысушылардың келісілген тізімін жолдайды;
      5) қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы ХШҰ-мен бірлесіп, шетелдік мамандарды тартуды қамтамасыз етеді;
      6) шетелдік мамандардың әр миссиясы аяқталған соң ХШҰ қаржы агенттігіне, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторына жұмыс нәтижелері туралы есеп жолдайды.
      323. Құрауышты іске асыруды қаржыландыру уәкілетті орган мен қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы арасында тиісті келісім жасасу жолымен республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

      «Кәсіпорындарды технологиялық дамыту» құралы

      324. «Кәсіпорындарды технологиялық дамыту» құралы мынадай құрауыштарды іске асыруды көздейді:
      1) «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау»;
      2) «Технологиялық процестерді жетілдіру»;
      3) «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру»;
      4) «Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау».
      Ескерту. 324-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құрауышы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      325. «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құрауышы «Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру» бөлімі шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларын іске асыру шеңберінде карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге және/немесе сараптауға бағытталған.
      Ескерту. 325-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      326. «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құрауышы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларында айқындалған индустриялық-инновациялық жобаны іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын немесе экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметті жүзеге асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлерге ұсынылады.
      Ескерту. 326-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      327. «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құрауышының шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтер үшін шығындарды өтеу жүзеге асырылады.
      Ескерту. 327-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      328. «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құрауышы шеңберінде:
      «Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру» бөлімі және Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын іске асыру шеңберінде лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге кәсіпорын жұмсаған шығынды 50 (елу) пайызы мөлшерінде, бірақ 2 (екі) миллионнан аспайтын көлемде өтеу;
      карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау үшін өтінім берілген күнге дейін кемінде 12 (он екі) ай бұрын кәсіпорын жұмсаған шығындарды 50 (елу) пайызы мөлшерінде, бірақ 15 миллион теңгеден аспайтын көлемде өтеу көзделеді.
      Ескерту. 328-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      329. Құрауышты ұсыну тетіктері:
      1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіпкер сай келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орындарын, оларға қоса берілетін құжаттар тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсетіп, өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;
      2) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе операторға құжаттар тізімдемесімен бірге қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы белгіленген талаптарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімдер мен оған қоса берілген құжаттардың толықтығы тұрғысынан тексереді және оларды құрауыш операторына жібереді. Өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды;
      4) өтінім мен қажетті қосымшалардың сәйкессіздігі туралы ақпаратты алғаннан кейін өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға Қаржылай емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;
      5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайтадан қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге құрауыш операторына жібереді;
      6) құрауыш операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде берілген өтінім мен оған қоса берілетін құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;
      7) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторын өтініш берушінің әрбір өтінімі бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім жөнінде хабардар етеді;
      8) шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы қаржылай емес қолдау операторына құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімнің қосымшаларымен бірге хабарламаны 2 (екі) данада өтініш берушінің қол қоюы үшін жібереді. Шығындарды өтеу туралы келісімге өтініш беруші қол қойғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы бір данасын Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін құрауыш операторына қайтарады;
      9) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көрсетіп, хабарлама жолдайды. Кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні туралы хабарламаның негізділігін қарайды.
      Ескерту. 329-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      330. Өтініш беруші өтінімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
      331. Өтініш берушіден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      332. Құрауыш операторы құрауышты іске асыру кезінде өтініш берушімен Шығындарды өтеу туралы келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:
      1) құрауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болған жағдайда шығындарды өтеуге жұмсалатын сома туралы түсініктеме;
      2) кейіннен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш операторының құрауыштың іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында өтініш берушінің құрауыш операторына Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғанға дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және жасалғаннан 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;
      3) құрауыш бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, құрауыш операторының өтініш берушіден құрауыштың іске асырылу барысы туралы ақпарат сұрату құқығы;
      4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және құрауыш бойынша шығындарды өтеу түрінде берілген ақшалай қаражатты қайтарып алу.
      Ескерту. 332-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      333. Құрауыш операторы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде құрауыштың іске асырылу барысы туралы мониторинг жүргізеді.
      334. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауы Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында жасалған тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде Құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша дүркін-дүркін оқытуды жүзеге асырады.
      335. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.

      «Технологиялық процестерді жетілдіру» құрауышы

      336. «Технологиялық процестерді жетілдіру» құрауышы:
      1) кәсіпорынның жалпы жұмыс істеуін оңтайландыруға;
      2) өнеркәсіптік дизайнды әзірлеуге;
      3) инженерлік ой мен шешімді дайындауға, жаңа конструкцияларды, технологияларды, жабдықтарды іздеуге және оларды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін айқындауға;
      4) өнімдерді өндіру процестерін қамтамасыз етуге, сүйемелдеуге және басқаруға бағытталған.
      «Технологиялық процестерді жетілдіру» құрауышы бойынша шығындардың түрлері Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған.
      Ескерту. 336-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      337. «Технологиялық процестерді жетілдіру» құрауышы қызметін Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған экономиканың қызмет түрлері бойынша кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырып келе жатқан кәсіпкерлерге ұсынылады.
      Ескерту. 337-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      338. «Технологиялық процестерді жетілдіру» құрауышының шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтер үшін шығындарды ішінара өтеу жүзеге асырылады.
      339. «Технологиялық процестерді жетілдіру» құрауышы шеңберінде өтінім берілген күнге дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын кәсіпорын жұмсаған шығындарды 40 (қырық) пайызы мөлшерінде, бірақ 30 (отыз) миллион теңгеден аспайтын көлемде өтеу көзделеді.
      Ескерту. 339-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      340. Құрауышты ұсыну тетіктері:
      1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарына Кәсіпкер сай келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орындарын, оларға қоса берілетін құжаттар тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсетіп, өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;
      2) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрауыш операторына құжаттар тізімдемесімен бірге қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы белгіленген талаптарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімдер мен оған қоса берілген құжаттардың толықтығы тұрғысынан тексереді және оларды құрауыш операторына жібереді. Өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды;
      4) өтінім мен қажетті қосымшалардың сәйкессіздігі туралы ақпаратты алғаннан кейін өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға Қаржылай емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;
      5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайтадан қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге Құрауыш операторына жібереді;
      6) құрауыш операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;
      7) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторын өтініш берушінің әрбір өтінімі бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім жөнінде хабардар етеді;
      8) шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы қаржылай емес қолдау операторына құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімнің қосымшаларымен бірге хабарламаны 2 (екі) данада өтініш берушінің қол қоюы үшін жібереді. Шығындарды өтеу туралы келісімге өтініш беруші қол қойғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы бір данасын Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін құрауыш операторына қайтарады;
      9) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көрсетіп, хабарлама жолдайды. Кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні туралы хабарламаның негізділігін қарайды.
      Ескерту. 340-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      341. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
      342. Өтініш берушіден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      343. Құрауыш операторы құрауышты іске асыру кезінде өтініш берушімен Шығындарды өтеу туралы келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:
      1) құрауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болған жағдайда шығындарды өтеуге жұмсалатын сома туралы түсініктеме;
      2) кейіннен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш операторының құрауыштың іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында өтініш берушінің құрауыш операторына Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғанға дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және жасалғаннан 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;
      3) құрауыш бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, құрауыш операторының өтініш берушіден құрауыштың іске асырылу барысы туралы ақпарат сұрату құқығы;
      4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және құрауыш бойынша шығындарды өтеу түрінде берілген ақшалай қаражатты қайтарып алу.
      Ескерту. 343-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің  № 370(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      344. Құрауыш операторы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде құрауыштың іске асырылу барысы туралы мониторинг жүргізеді.
      345. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында жасалған тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша дүркін-дүркін оқытуды жүзеге асырады.
      346. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.

      «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құрауышы

      347. «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құрауышы өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру үшін отандық кәсіпорындардың басқарушылық және өндірістік деңгейінің өсуін ынталандыруға бағытталған.
      348. «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құрауышы қызметін Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларында айқындалған экономиканың қызмет түрлері бойынша кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырып келе жатқан кәсіпкерлерге ұсынылады.
      Ескерту. 348-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      349. «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құрауышының шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтер үшін шығындарды ішінара өтеу жүзеге асырылады.
      350. «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құрауышының шеңберінде өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған құжаттаманы әзірлеуге және/немесе прогрессивті басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге, өтінім берілген күнге дейін 12 (он екі) ай бұрын, кәсіпорын жұмсаған шығындардың 40 (қырық) пайызы мөлшерінде, бірақ 20 (жиырма) миллион теңгеден аспайтын көлемде өтеу көзделеді.
      «Өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыру» құрауышы бойынша шығындар түрі Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалады.
      Ескерту. 350-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      351. Құрауышты ұсыну тетіктері:
      1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіпкер сай келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орындарын, оларға қоса берілетін құжаттар тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсетіп, өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;
      2) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрауыш операторына құжаттар тізімдемесімен бірге қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы белгіленген талаптарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімдер мен оған қоса берілген құжаттардың толықтығы тұрғысынан тексереді және оларды құрауыш операторына жібереді. Өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды;
      4) өтінім мен қажетті қосымшалардың сәйкессіздігі туралы ақпаратты алғаннан кейін өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға Қаржылай емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;
      5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайтадан қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге құрауыш операторына жібереді;
      6) құрауыш операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;
      7) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторын өтініш берушінің әрбір өтінімі бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім жөнінде хабардар етеді;
      8) шығындарды өтеу туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы қаржылай емес қолдау операторына құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімнің қосымшаларымен бірге хабарламаны 2 (екі) данада өтініш берушінің қол қоюы үшін жібереді. Шығындарды өтеу туралы келісімге өтініш беруші қол қойғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы бір данасын Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидалары белгілеген тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін құрауыш операторына қайтарады;
      9) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көрсетіп, хабарлама жолдайды. Кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні туралы хабарламаның негізділігін қарайды.
      Ескерту. 351-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      352. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
      353. Өтініш берушіден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      354. Құрауыш операторы құрауышты іске асыру кезінде өтініш берушімен Шығындарды өтеу туралы келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:
      1) құрауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болған жағдайда шығындарды өтеуге жұмсалатын сома туралы түсініктеме;
      2) кейіннен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш операторының құрауыштың іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында өтініш берушінің құрауыш операторына Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғанға дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және жасалғаннан 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;
      3) құрауыш бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, құрауыш операторының өтініш берушіден құрауыштың іске асырылу барысы туралы ақпарат сұрату құқығы;
      4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және құрауыш бойынша шығындарды өтеу түрінде берілген ақшалай қаражатты қайтарып алу.
      Ескерту. 354-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      355. Құрауыш операторы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде құрауыштың іске асырылу барысы туралы мониторинг жүргізеді.
      356. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында жасалған тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша дүркін-дүркін оқытуды жүзеге асырады.
      357. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.

      «Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN
және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау» құрауышы

      358. «Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау» құрауышы халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттауға бағытталған.
      359. «Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау» құрауышы мынадай критерийлерге сай келетін:
      1) бюджет алдында берешегі жоқ және 2 жыл бойы жылдың соңына оң теңгерімдік сальдосы бар;
      2) отандық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірушілер болып табылатын;
      3) өтінімдерді қабылдау туралы хабарлама шыққанға дейін соңғы 2 (екі) қаржы жылында шығын шеккен кәсіпкерлерге ұсынылады.
      360. «Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау» құрауышының шеңберінде халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау кезінде кәсіпкер шеккен шығындардың бөлігін өтеу жүзеге асырылады.
      361. Құрауыш шеңберінде өтеуге ұсынылған соманың 50%-ын құрайтын, бірақ бір өтініш берушіге үш мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде кәсіпкерлердің негізделген және құжаттамамен расталған шығындарын өтеу көзделеді.
      Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 бұйрығымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында белгіленеді.
      Ескерту. 361-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      362. Құрауыш шеңберінде шығындардың бір бөлігін өтеу тетіктері:
      1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіпкер сай келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орындарын, оларға қоса берілетін құжаттар тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсетіп, өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;
      2) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға құжаттар тізімдемесімен бірге қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;
      3) Қаржылай емес қолдау операторы белгіленген талаптарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімдер мен оған қоса берілген құжаттардың толықтығы тұрғысынан тексереді және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды;
      4) өтінім мен қажетті қосымшалардың сәйкессіздігі туралы ақпаратты алғаннан кейін өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға Қаржылай емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;
      5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайтадан қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге құрауыш операторына жібереді;
      6) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторы ұсынған өтінімді қоса берілген құжаттарымен бірге 2 (екі) жұмыс күні ішінде толықтығы тұрғысынан қарайды. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, құрауыш операторы өтінімді қараудан бас тартады және оны Қаржылай емес қолдау операторына қайтарады;
      7) құжаттар пакеті толық ұсынылған жағдайда, құрауыш операторы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады;
      8) берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, құрауыш операторы өтініш берушіге тиісті хабарлама жіберіп, бұл жөнінде Қаржылай емес қолдау операторын хабардар етеді;
      9) құрауыш операторынан өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні туралы ақпарат алған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушінің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау бойынша шаралар қолданады.
      363. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
      Өтініш берушіден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      364. Құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына қабылданған өтінімдерді қарау нәтижелері туралы хабарлайды.
      365. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында жасалған тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша дүркін-дүркін оқытуды жүзеге асырады.
      366. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.

      Функционалдық бағыт: іскерлік байланыстарды кеңейту

      «Іскерлік байланыстар» құралы

      367. «Іскерлік байланыстар» құралы Бағдарлама шеңберінде өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне халықаралық және шетелдік ұйымдардың (бұдан әрі - ХШҰ) қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен қолдау көрсетуге бағытталған.
      368. «Іскерлік байланыстар» құралы Бағдарлама шеңберінде өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары және орта буын басшыларына ұсынылады.
      369. «Іскерлік байланыстар» құралы екі кезеңнен тұрады.
      370. Бірінші кезең Қазақстан аумағында жүзеге асырылады. Бұл кезеңде кәсіпкерлікті жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін, маркетингті, бизнес-әріптестермен іскерлік байланыс орнатуды және басқаларды оқытуға бағытталған бизнес-тренингтер ұйымдастыру жолымен Бағдарлама шеңберінде өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары және орта буын басшыларының біліктілігін жоғарылату жүргізіледі. Оқыту процесінде құралға қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-жаттықтырушылардың жетекшілігімен өз кәсіпорнының бизнес-жоспарларын әзірлейді.
      371. Бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейін берілген консультацияларға сәйкес құралға қатысушылар бизнес-жоспарларды өз бетінше пысықтайды және кейіннен «Шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату» құралының екінші кезеңіне конкурстық іріктеуге қатыса алады.
      372. Екінші кезең құралға қатысушылар үшін шет елдерде тақырыптық бизнес-тағылымдаманы көздейді және ұқсас бейіндегі шетелдік кәсіпорындарда тағылымдамадан өту мен шетелдік әріптестерімен мынадай мәселелер бойынша іскерлік қатынастар орнатуды қамтиды:
      1) технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу;
      2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өзара жеткізу;
      3) франшизаларды сатып алу;
      4) халықаралық және шетелдік ұйымдардың гранттарын алу;
      5) бірлескен кәсіпорындар құру.
      373. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыруға құралға қатысушылардың қажеттіліктері мен қабылдаушы елдер салаларының даму деңгейлерін ескере отырып, ХШҰ жәрдемдеседі.
      374. ХШҰ-мен өзара іс-қимыл жасау Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ХШҰ арасындағы ынтымақтастық туралы қолданыстағы халықаралық келісімдер шеңберінде жүзеге асырылады.
      375. Құрал іс-шараларын қаржыландыру уәкілетті орган мен қаржы агенттігінің, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторының арасында тиісті келісім жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ХШҰ байланысты және байланыссыз гранттарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Құралға қатысушылар көліктік шығыстар мен Қазақстан аумағында тұруға жұмсалатын шығындары өздері төлейді.
      376. «Іскерлік байланыстар» құралының бірінші кезеңін іске асыру тетігі:
      1) қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес білім беру мекемесін анықтап, онымен бизнес-тренингтер өткізуге және шет елдерде тағылымдама ұйымдастыруға жәрдемдесуге шарт жасасады;
      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі тікелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Бағдарламаға әлеуетті қатысушыларды құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабардар етеді;
      3) өтініш беруші жобаға қатысуға өтінімді КҚКО-ға береді. Бұл ретте өтініш беруші құралды іске асыруға байланысты мониторинг немесе өзге де іс-қимыл жүргізуге қажетті, коммерциялық құпия болып табылмайтын мәліметтер мен деректердің бәрін беретіні туралы жазбаша міндеттемеге қол қояды;
      4) қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінімдерді қарастырып, өтінімдерге іріктеу жасайды және құрал шарттарына сәйкес келетін өтініш берушілерге оқуға жолдама береді. Іріктеп алынған өтінімдердің ішінен қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы жиынтық өтінім қалыптастырады, оны салалар бойынша топтастырып, бизнес-тренингтер және кейіннен тақырыптық бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру жөніндегі ұсыныспен бірге уәкілетті органға келісуге жолдайды;
      5) уәкілетті орган күнтізбелік 5 (күн) ішінде құралға қатысушылардың мақұлданған тізімдерін бизнес-тренингтерді дайындау бойынша тиісті жұмыстар жүргізу үшін қаржы агенттігіне, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторына жолдайды;
      6) білім беру мекемесі оқу бағдарламасын әзірлеп, оны қаржы агенттігімен, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторымен келіседі;
      7) қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы оқу бағдарламасын уәкілетті органға келісу үшін жолдайды;
      8) уәкілетті орган оқу бағдарламасын бекіткеннен кейін білім беру мекемесі құралға қатысушылар үшін бизнес-тренингтер ұйымдастырады;
      9) білім беру мекемесі бизнес-тренингтер жүргізуге сол салаларда тиісті біліктілігі бар шетелдік және отандық оқыту орталықтарын, консалтингтік компанияларды, бизнес-жаттықтырушылар мен сарапшыларды тартады;
      10) бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейін құралдың екінші кезеңіне қатысуға ниет білдірген құралға қатысушылар өз бизнес-жоспарларын тікелей кәсіпорында пысықтайды және пысықталған бизнес-жоспарларын білім беру мекемесіне ұсынады;
      11) білім беру мекемесі қаржы агенттігімен, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторымен бірге құралға қатысушылардың бизнес-жоспарларын қорғауды ұйымдастырады;
      12) құралдың екінші кезеңіне қатысу үшін «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрауышы шеңберінде оқытудан өткен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері де өтінім бере алады.
      377. «Іскерлік байланыстар» құралының екінші кезеңін іске асыру тетігі:
      1) ХШҰ қаржы агенттігімен, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторымен және білім беру мекемесімен бірге құралдың бірінші кезеңі шеңберінде әзірленген, ұсынылған үздік бизнес-жоспарларға іріктеу жүргізеді және құралдың екінші кезеңіне қатысу үшін қатысушылар тізбесін уәкілетті органға енгізеді;
      2) ХШҰ топтық бағдарламалар күнтізбесін жасайды және тақырыптық бизнес-тағылымдамалар өткізу үшін әріптес-кәсіпорындар іздеуді жүзеге асырып, құралға қатысушыларды шетелдік тағылымдамаға жібереді;
      3) тағылымдама қорытындылары бойынша қатысушылар өздері алған білімді, тәжірибе мен технологияларды есепке ала отырып, кәсіпорынды дамытудың егжей-тегжейлі жоспарын дайындайды;
      4) қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы ХШҰ-мен бірге Бағдарламаға қатысушы-кәсіпорындардың даму жоспарларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді.

      «Отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді
ілгерілету» құралы

      Ескерту. Кіші бөлім алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      378. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      379. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      380. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      381. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      382. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      383. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      384. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      385. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      386. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      387. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      388. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      389. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      390. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Макроөңірлер аумағында инвестициялық жобаларды іске асыратын ірі бизнес айналасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

      Ескерту. 5-бөлім кіші бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      390-1. Ірі компаниялардың айналасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі әріптестік бағдарламаларды іске асыру шарттары.
      Мемлекеттің қала түзуші кәсіпорындармен әріптестік бағдарламаларды іске асыру ірі компаниялардың, мемлекеттің және қаржы институттарының күш-жігерін біріктіру арқылы өңірлерде шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамытуға және қолдауға бағытталатын болады.
      390-2. Бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен мыналарды:
      1) кредиттер бойынша субсидиялау мен кепілдік беруді;
      2) инфрақұрылым жеткізуді;
      3) «Бизнес-Кеңесші» жобасын;
      4) «Бизнес-Өсу» жобасын;
      5) «ШОБ топ-менеджментін оқыту» құрауышын;
      6) бизнесті жүргізуді сервистік қолдауды;
      7) «Іскер байланыс» жобасы шеңберінде квоталар беруді қамтитын құралдар топтамасы ұсынылатын болады.
      390-3. Әріптестік бағдарламаларды іске асырудағы ірі компаниялардың рөлі:
      1) жергілікті өндірушілерді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз етуден, кәсіпорындар шығаратын өнімдерді ірі кәсіпорындарда сұранысқа ие өнімдер тізбесіне қосудан;
      2) «келесі қайта өңдеулерді» дамыту үшін шикізатқа арналған квоталарды ұсынудан;
      3) қызметтің баламалы түрлерін дамыту жөніндегі жобаларды қолдаудан тұрады.
      Халықаралық ұйымдар мыналарға:
      1) технологияларды тартуға және жабдықтарды сатып алуға;
      2) оқыту бағдарламалары мен мамандандырылған тренингтерді ұйымдастыруға;
      3) консультациялар үшін кәсіпорындарға тікелей шетелдік жоғары білікті мамандарды тартуға жәрдем көрсететін болады.
      390-4. Әріптестік бағдарламаларды іске асыру тетігі:
      1) әріптестік бағдарламаларды іске асыру бойынша ірі компаниялармен бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу;
      2) әріптестік бағдарламаларды іске асыру бойынша ірі компания, жергілікті атқарушы органдар, «Даму» КДҚ» АҚ арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою;
      3) кәсіпкерлерді қоғамдық ұйымдарға біріктіру;
      4) ірі компаниялармен жергілікті ШОБ субъектілерінен сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі негізінде сатып алу үшін пилоттық бағыттарды, жауапты адамдарды және өзара іс-қимыл форматын айқындау;
      5) жергілікті ШОБ субъектілерінің өзекті тізілімін жасау және жүргізу және оларды өнімдердің түрлері бойынша бөлу;
      6) жүйе құраушы компаниялардың, әкімдіктің, «Даму» КДҚ» АҚ-ның қатыстуымен ШОБ субъектілерімен мерзімді кеңестерін өткізу;
      7) ШОБ мүдделі компанияларының қатарынан әлеуетті қатысушыларды іріктеу және олар үшін таңдап алынған пилоттық бағыттар бойынша мамандандырылған семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру, бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру; кәсіпкерлерге қызметтің жаңа түрін дұрыс жолға қою, бизнес-жоспар әзірлеу, технологиялар мен жабдықтар сатып алу, маркетингті ұйымдастыру мен өткізу мәселелері және басқа да мәселелер бойынша жеке консультациялық көмек ұсыну;
      8) жергілікті ШОБ субъектілерімен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу;
      9) қаржыландыруды ұсыну, жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жеткізуге жәрдемдесу мәселелерін шешу.
      390-5. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (бұдан әрі – ӘКК) әріптестік бағдарламаларды іске асыру операторы болып табылады.
      Оператордың функцияларына:
      1) әріптестік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу;
      2) әріптестік бағдарламаларды іске асыру бойынша тұрақты жұмыс істейтін жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру;
      3) жергілікті ШОБ субъектілерінен сатып алу үшін ірі компаниялармен бірге тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;
      4) жергілікті ШОБ субъектілерінің – бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың тізілімін жасау және оны жүргізу;
      5) ШОБ мүдделі компанияларының қатарынан әлеуетті қатысушыларды іріктеу;
      6) кәсіпкерлерге мамандандырылған семинарлар мен тренингтер, басқа да мәселелер бойынша консультациялық көмекті ұйымдастыру;
      7) бағдарламаға қатысушыларға жергілікті ШОБ субъектілерімен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуға жәрдемдесу жатады.
      390-6. Әріптестік бағдарламаларды іске асыру бойынша ӘКК операторлық көрсетілетін қызметтердің ақысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленетін болады.

      Бағдарламаны іске асыру мониторингі

      391. Бағдарламаны іске асыру мониторингі оның нысаналы индикаторларына, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне толық және уақтылы қол жеткізуді, Бағдарламаны іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы үнемі ақпарат алуды, сондай-ақ Бағдарламаны, оның ішінде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың сыртқы және ішкі құбылмалы факторларын ескере отырып, оның құралдары мен тетіктерін уақтылы өзектілендіруді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
      392. Бағдарлама мониторингі үш деңгейде жүргізіледі:
      1) статистикалық көрсеткіштерді талдау кәсіпкерлік санаттары, мемлекеттік қолдау түрлері, салалық және өңірлік тиесілілік бөлінісінде ұсынылатын қызметтер саны мен қолдау құралдарының тізбесі бойынша көрсеткіштерді жинау мен өңдеуге бағытталған;
      2) Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасының аудиті Бағдарлама құралдарын алушылардың қанағаттануын, ұсынылатын мемлекеттік қолдау құралдарының жеткіліктілігі мен толықтығын бағалауды көздейтін Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасын бағалауға бағытталған;
      3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті мемлекеттік қолдау құралдарының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметінің түпкілікті сапасы мен нәтижелілігіне ықпалын субъективті бағалауға, сондай-ақ Бағдарлама құралдарының әлеуметтік, бюджеттік және экономикалық тиімділігін объективті бағалауға бағытталған.
      393. Бағдарламаны пайдаланушының портретін сипаттауға, кәсіпкерлік қызметінің нәтижелілігінің жақсаруын/нашарлауын экономикалық немесе басқарушылық тұрғыдан бағалауға, сондай-ақ қолдау құралдарын алу жылдамдығы мен сапасын анықтайтын Бағдарламаның ішкі факторларына баға беруге қабілетті кешенді талдамалық есеп мониторинг қорытындысы болып табылады.
      394. Мониторинг жүргізу үшін:
      1) ұлттық және ведомстволық статистика;
      2) Бағдарлама құралдарын алу кезінде толтырылатын бастапқы нысандар;
      3) кәсіпкерлердің көрсетілген қызметтер сапасына қанағаттануын бағалауға арналған нысандар;
      4) мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлерге телефон арқылы және тікелей сауалнама жүргізу;
      5) кәсіпкерлермен өткізілген семинарлар, кеңестер, кездесулер ақпарат көзі болып табылады.
      395. Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттары шеңберінде статистикалық көрсеткіштерді талдауды, сапа мен нәтижелілік аудитін қаржы агенттігі жүргізеді.
      396. Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде статистикалық көрсеткіштерді талдауды, сапа мен нәтижелілік аудитін Қаржылай емес қолдау операторы жүргізеді.
      397. Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасының аудитін қаржы агенттігі мен Қаржылай емес қолдау операторы телефонмен және тікелей сауалнама өткізу арқылы жүргізеді. Сауалнама жүргізу үшін қаржы агенттігі мен Қаржылай емес қолдау операторы білікті мамандарды бөледі, олар қызметтерді ұсыну сапасының тікелей мониторингін жүзеге асырады. Тікелей сауалнама кәсіпкер толтыратын сауалнама парағының негізінде жүргізіледі.
      398. Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті статистикалық көрсеткіштерді талдау, Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасы аудитінің нәтижелері, оның ішінде Бағдарлама құралдарын пайдаланғаннан кейін өздері алған әлеуметтік, бюджеттік және экономикалық нәтижелерді көрсетіп, кәсіпкерлер есеп беретін семинарлар мен кездесулердің қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
      399. Бір жылдық статистикалық көрсеткіштерді, сапа және нәтижелілік аудитін талдау нәтижелерін қолдана отырып, Бағдарламаның тиімділігі туралы кешенді талдамалық есеп дайындауды Қаржылық емес қызмет көрсету операторы жүзеге асырады.
      400. Бағдарлама мониторингін жүргізу тұрақтылығы:
      1) статистикалық көрсеткіштерді талдау - уәкілетті органға мемлекеттік қолдау құралдарының іске асырылуы бойынша ақпарат беру жолымен ай сайын;
      2) Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасының аудиті - кейіннен уәкілетті органға жиынтық есеп жібере отырып, Бағдарлама жұмысының сапасын бағалау сауалнамасының деректерін өңдеу жолымен тоқсан сайын және қолдау шараларын алу үшін жыл бойы өтініш бергендерінің жалпы санының кемінде 5%-ы мөлшерінде көрсетілетін қызметтерді алған кәсіпкерлерге телефонмен немесе тікелей сауалнама жүргізу жолымен жыл сайын;
      3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті – КҚКО базасындағы форматқа сәйкес семинар өткізу жолымен жыл сайын.
      Бағдарлама нәтижелілігі аудитінің нәтижелері есепті жылдан кейінгі қаржы жылының шілдесінен кешіктірмей қаржылай емес қолдау операторы уәкілетті органға беретін Бағдарлама тиімділігінің кешенді талдамалық есебіне қосылады.
      Ескерту. 400-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      401. Жалпы кешенді жылдық талдамалық есепті дайындау қорытындылары бойынша Бағдарламаны іске асыруды жүзеге асыратын мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен «Бағдарламаны іске асыру мониторингі» тақырыбы бойынша жұмыс бабындағы қорытынды кеңес өткізіледі.
      402. «Бағдарламаны іске асыру мониторингі» тақырыбы бойынша жұмыс бабындағы қорытынды кеңес шеңберінде қатысушылар Бағдарлама құралдарын жетілдіруге қажетті шаралар туралы хаттамалық шешім қабылдайды.
      403. Мониторингті қаржыландыру мынадай түрде жүргізіледі:
      1) Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттарының шеңберінде статистикалық көрсеткіштердің аудиті қаржы агенттігінің меншікті қаражатының есебінен; Бағдарламаның төртінші бағытының шеңберінде Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылады;
      2) Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасының аудиті - уәкілетті орган, қаржы агенттігі мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында тиісті шарттар жасасу жолымен республикалық бюджет қаражатының есебінен;
      3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті - Қаржылай емес қолдау операторы қаражатының есебінен;
      4) «Бағдарламаны іске асыру мониторингі» тақырыбы бойынша жұмыс бабындағы қорытынды кеңес өткізу - Қаржылай емес қолдау операторының қаражаты есебінен.

      Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауы

      404. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жасалған банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша кепілдік беру жөніндегі келісімдер Бағдарламаны іске асыру кезінде қолданылады және қайтадан жасалмайды.
      405. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді уәкілетті орган республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырады.
      406. Қаржы агенттігі кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттер бойынша кепілдік беру және мемлекеттік гранттар беру бөлігінде Бағдарламаның іске асырылу мониторингін жүзеге асырады.
      407. Бағдарлама тиімділігінің жылдық кешенді талдамалық жалпы есебін қалыптастыру мақсатында қаржы агенттігі есепті жылдан кейінгі жылдың сәуірінен кешіктірмей Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттары мониторингінің нәтижелерін қаржылай емес қолдау операторы мен уәкілетті органға жібереді.
      Ескерту. 407-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      408. Кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметті қолдаудың қаржылық шараларына мониторинг жүргізу мақсаты үшін қаржы агенттігіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес салықтық құпия болып табылатын мына:
      1) кәсіпкер кірісінің өсу серпінін қаржы агенттігінің айқындауы үшін кірістер;
      2) қаржы агенттігінің кәсіпкер жұмыс орындарының орташа жылдық санының өсуін айқындауы үшін жұмыскерлер саны;
      3) жұмыскерлердің есептелген кірістері және жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша шығыстар;
      4) бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы;
      5) қаржы агенттігінің кәсіпкердің бюджетке салық төлемдерінің ұлғаю серпінін айқындауы үшін салық төлемдері сомасы туралы мәліметтерді қаржы агенттігіне ұсынуға келісім беру туралы өтініш береді.
      Кәсіпкердің кірісінің, жұмыскерлерінің орташа жылдық санының өсу, салықтық төлемдерінің ұлғаю серпінін айқындау үшін қаржы агенттігі Кәсіпкердің салықтық есептілігінің тиісті нысандарында көрсетілген ақпаратты пайдаланады. Кәсіпкердің кірісінің, жұмыскерлерінің орташа жылдық санының өсу, салықтық төлемдерінің ұлғаю серпінін есептеу кезіндегі есепті күн ӨҮК шешімі қабылданған күнге қарамастан, келесі қаржы жылының басы болып табылады.
      Ескерту. 408-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      409. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өңірлерде өндірістік инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік гранттар беру, кәсіпкерлік қызметті көшіру бойынша көліктік шығындарды өтеу, кадрларды даярлау бөлігінде Бағдарламаның іске асырылу мониторингін жүргізеді және уәкілетті органға тоқсан сайын есеп береді. Есептің құрылымын уәкілетті орган айқындайды.

      Бағдарламаның критерийлері

      410. Мемлекеттік қолдау алуға үміткер кәсіпкерлердің кредиттері/лизингтік мәмілелері/микрокредиттері мынадай критерийлерге сәйкес болуға тиіс:
      1) Бағдарлама шарттарына сәйкес кәсіпкерлердің кредиттері/лизингтік мәмілелері/микрокредиттері жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге, оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларды іске асыруға бағытталуға тиіс;
      2) банктердің/лизингтік компаниялардың/микроқаржы ұйымдарының кредиттері/лизингтік мәмілелері/ микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және оларға ішінара кепілдік беру:
      ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
      Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;
      банктердің/Даму банкінің/ лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерін/лизингтік мәмілелерін қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;
      қонақ үй немесе қонақ үй кешендерін сатып алуға берілген;
      овердравт түрінде берілген кредиттер/лизингтік мәмілелер/ микрокредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.
      3) ұлттық және шетелдік валюталарда кредит беруге жол берілетін Бағдарламаның үшінші бағытын қоспағанда, кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі/микрокредиті ұлттық валютада берілуге тиіс.
      Ескерту. 410-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      411. Мыналар:
      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын;
      3) қиыршықтас және құм карьерлерін қазуға, тұз өндіруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;
      4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушы бола алмайды.
      Ескерту. 411-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      412. Субсидиялау қайтарымды лизинг, қайталама лизинг, қосалқы лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.
      413. Субсидиялау, кепілдік беру жөніндегі, гранттар беруге және өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуға немесе қайта жаңартуға арналған, 2015 жылғы 31 наурызға дейін ӨҮК-те мақұлданған жобаларды қаржыландыру бұрын ӨҮК мақұлдаған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      414. Кәсіпкерлердің «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» бағытының шеңберінде мақұлданған жобалары бойынша банктердің/Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» екінші бағытының шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берген кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес тараптар өздері алған міндеттемелер аяқталғанға дейін жалғасады.
      415. Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттарын іске асыру мақсатында уәкілетті орган жергілікті бюджетке нысаналы трансфертті жүзеге асырады және әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.
      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат бөлу кезінде Уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері негізінде әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.
      Ескерту. 415-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.12.2015 № 1001 қаулысымен.
      416. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері Бағдарламаны іске асыру бағыттары бойынша қаржыландырудың жалпы лимитін бөледі және оны уәкілетті органмен келіседі.
      417. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік әлеуетін тарту Қазақстан Республикасының ресурстық әлеуеті және Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы резиденттерінің бірлесіп қатысуымен кәсіпорындар құру қажеттігі бар шекара маңындағы аумақтарында қаржылай және қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну жолымен жүзеге асырылатын болады.
      418. Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілері/қаржы агенттігі/МУҰ пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылы жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдаланылуы мүмкін.
      Ескерту. 418-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      419. Қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары Қазақстан Республикасының резиденттері - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Кәсіпкерлерінің қатысуы арқылы жаңадан құрылған және Қазақстан Республикасының аумағындағы жобаларды іске асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне де ұсынылады.
      420. Қазақстан Республикасының резиденттері қатарынан қазіргі жұмыс орындарын қолдау немесе жаңа жұмыс орындарын құру Бағдарлама шарттарының бірі болып табылады.
      421. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін кредиттік ресурстардың құнын төмендету және банктердің/микроқаржы ұйымдарының/лизингтік компаниялардың ұйымдық-техникалық мүмкіндіктерін тарту арқылы олардың қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру мақсатында Даму банкі берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қоспағанда, қаржы агенттігі арқылы халықаралық қаржы институттарының кредиттік ресурстарын тарту жөнінде шаралар қабылданады.
      422. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде осы Бағдарламаның ережелерін ескеретін болады.
      423. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдарының шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
      424. Қаржыландыру (қайта қаржыландыру) бойынша жобаларды іріктеуді және шешім қабылдауды Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес банктер/Даму банкі/микроқаржы ұйымдары/лизингтік компаниялар дербес жүзеге асырады.
      Бұл ретте кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы бойынша Бағдарламаға қатысушылар қаржы агенттігі белгілеген мерзімдерде кәсіпкерлер және олармен жасалған субсидиялау шарттары бөлінісінде субсидиялар сомасын уақтылы есептен шығаруды көздейтін МТ102 форматындағы файл алмасуды автоматтандыруды қаржы агенттігімен бірлесіп іске асырған банктер/банктер-төлем агенттері болуы мүмкін.
      Ескерту. 424-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      425. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының Бағдарлама критерийлеріне сәйкестігін ӨҮК қарайды және қаржылай қолдау көрсету мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
      ӨҮК отырыстары жобалардың қалыптасу шамасына қарай, бірақ айына 2 реттен сиретпей өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны 12 адамнан аспауға тиіс, олардың кемінде 50%-ын кәсіпкерлер қоғамдастығы ұсынуға тиіс. Шешімдер қатысушылардың жалпы санының кемінде 2/3 даусымен қабылданады. Кворум ӨҮК мүшелері санының кемінде 2/3-ін құрауға тиіс.
      ӨҮК шешімі ӨҮК отырысы өткізілген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті хаттамамен ресімделеді. ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі олар қабылданған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.
      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 1 (бір) күн ішінде ӨҮК хаттамасының көшірмесін/ хаттамасынан үзінді көшірмені Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, банкке/лизингтік компанияға/Даму банкіне және қаржы агенттігіне жібереді.
      426. Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттарының шеңберінде Кәсіпкерлерді ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау шарттары, тәртібі, тетігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерді ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Ескерту. 6-бөлім алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 515 қаулысымен.

6. Қажетті ресурстар

      Ескерту. Бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 515 қаулысымен.

      Бағдарламаны іске асыруға:
      1) республикалық бюджеттен 2015 жылы – 60 531 976 мың теңге, 2016 жылы – 60 250 273 мың теңге, 2017 жылы – 41 342 611 мың теңге,
2018 жылы – 41 342 611 мың теңге, 2019 жылы – 41 342 611 мың теңге көзделеді;
      2) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан субсидиялауға 2015 жылы –
7 200 000 мың теңге, жетіспейтін инфрақұрылымды тартуға 2015 жылы –
9 781 530 мың теңге, 2016 жылы – 15 000 000 мың теңге.
      Бағдарламаны одан әрі қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. 8-бөлім алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 515 қаулысымен.

 «Бизнестің жол картасы 2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасына 
1-қосымша        

Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар үшін экономиканың басым
секторларының тізбесі

ЭҚЖК коды

Атауы

      Аграроөнеркәсіп кешені

01

Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтер, 01.11 Дәндідақылдар (күрішті қоспағанда) бұршақ дақылдар және май тұқымдарын өсіру

03

Балық шаруашылығы және аквадақылдары

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Ашытқы өндіру

11.07

Минералды су және басқа да алкогольсіз сусындарды өндіру

      Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршықтас және құм карьерлеріни қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер

      Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндіру

13

Тоқыма өнімдерін өндіру

14

Киім өндіру

15

Теріден тігілген және оған сәйкес өнімдер өндір

16

Жиһаздан басқа, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдар өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Баспа және жазылған материалдарды қалпына келтіру

20

Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтік өнімдер мен препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

31

Жиһаз өндіру

     Құрылыс материалдарын және өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру

23

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру

    Металлургия, металл өңдеу, машина жасау өнеркәсібі

24

Металлургия өнеркәсібі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдарын өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа санаттарға қамтылмаған машиналар мен жабдықтар, өндіру

29

Автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа да көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

   Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Басқа электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Гидроэлектр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, қалдықтарды кәдеге жарату

39

Рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер

   Көлік және жинақтау

45.2

Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықта жүретін басқа да жолаушылар көлігі

49.41

Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау

50

Су көлігі

52

Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьер қызметі

    Туризм

55.10

Қонақ үйлердің қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндеріне және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Туристік лагерьлер, демалыс және ойын-сауық саябақтары

    Ақпарат және байланыс

59.14

Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет

61

Байланыс

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар беру және басқа да ілеспе көрсетілетін қызметтер

   Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу жөніндегі консультациялар

71

Сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

81

Ғимараттар мен аумақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет

    Білім беру

85

Білім беру

   Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұрғын орынмен қамтамасыз ете отырып әлеуметтік қызмет ұсыну

88

Тұратын жермен қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

   Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, мұрағаттардың, мұражайлардың және басқа да мәдени қызмет көрсету мекемелерінің қызметі

93

Спорт, ұйымдастыру және ойын-сауық (дискотекаларды қоспағанда) саласындағы қызмет

   Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдалану заттарын және тұрмыстық бұйымдарды жөндеу

96.01

Тоқыма бұйымдары мен үлбір бұйымдарын жуу және тазалау (химиялық)

«Бизнестің жол картасы 2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасына  
2-қосымша          

ИИДМБ-ға сәйкес өңдеуші өнеркәсіптегі басым секторлардың тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Қара металлургия

24.10

Шойын, болат және ферроқорытпа өндірісі

24.20

Құбырлар, құбыржолдар, пішіндер, болаттан жасалған фитингтер өндірісі

24.31

Суықтай илеу (болат шыбық пен тұтас әзірлеме өндірісі)

24.32

Таспалар мен жіңішке жолақтарды суықтай илектеу

24.33

Суықтай пішіндеу немесе бүктеу

24.34

Суықтай созу әдісімен сымдар өндірісі

Түсті металлургия

24.41

Бағалы (асыл) металдар өндірісі

24.42

Алюминий өндірісі

24.43

Қорғасын, мырыш пен қалайы өндірісі

24.44

Мыс өндірісі

24.45

Өзге де түсті металдар өндірісі

Мұнай өңдеу

19.20

Мұнай және мұнай өнімдері

Мұнай-газ химиясы

20.14

Өзге де негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі

20.16

Бастапқы нысандағы пластмассалар өндірісі

20.17

Бастапқы нысандағы синтетикалық каучук өндірісі

Тамақ өнімдерінің өндірісі

10.11

Етті өңдеу және консервілеу

10.12

Үй құсының етін өңдеу және консервілеу

10.13

Еттен және үй құсы етінен жасалған өнімдер өндірісі

10.20

Балықты, шаянтектестерді және ұлуларды өңдеу және консервілеу

10.31

Картопты өңдеу және консервілеу

10.32

Жеміс және көкөніс шырындарының өндірісі

10.39

Жемістер мен көкөністерді өңдеу мен сақтаудың өзге түрлері

10.41

Майлар мен тоң майлар өндірісі

10.42

Маргарин мен осыған ұқсас жануарлар тоң майларының өндірісі

10.51

Сүт өңдеу және ірімшік өндірісі

10.61

Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

10.62

Крахмал және крахмалдан жасалатын өнімдер өндірісі

10.71

Нан өндіру ісі; ұннан дайындалған жаңа пісірілген кондитерлік тағамдар, торттар мен тәтті тоқаштар өндірісі

10.72

Қатырлақ нан мен печенье өндірісі; ұзақ уақыт сақтауға арналған ұннан дайындалған кондитерлік бұйымдар, торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер мен бисквиттер өндірісі

10.73

Макарон өнімдерінің өндірісі

10.81

Қант өндірісі

10.82

Какао, шоколад және қанты көп кондитерлік бұйымдар өндірісі

10.83

Шай және кофе өңдеу

10.85

Дайындалған тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі

10.86

Балалар тағамы мен емдәмдік тамақ өнімдерінің өндірісі

Агрохимия

20.15

Тыңайтқыштар мен құрамында азот бар қоспалардың өндірісі

20.20

Пестицидтердің және өзге агрохимиялық өнімдердің өндірісі

Өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі 

20.11

Өнеркәсіптік газдардың өндірісі

20.12

Бояғыштар мен пигменттер өндірісі

20.13

Негізгі бейорганикалық қосылыстар өндірісі

20.30

Бояулар, лактар және ұқсас бояғыш заттар өндірісі

20.41

Сабын және жуатын, тазартатын және ысқылайтын заттар өндірісі

20.51

Жарылғыш заттар өндірісі

20.52

Желім өндірісі

20.53

Эфир майларының өндірісі

20.59

Өзге химиялық өнімдер өндірісі

20.60

Жасанды талшық өндірісі

Автокөлік құралдарының, олардың қосалқы бөлшектерінің өндірісі

29.10

Автокөлік құралдарын шығару

29.20

Автокөлік құралдарына арналған шанақтар, трейлерлер мен жартылай тіркемелер шығару

29.31

Автокөлік құралдары үшін электр және электронды жабдықтар шығару

29.32

Автокөлік құралдары мен олардың қозғалтқыштары үшін өзге де бөлшектер мен керек-жарақтарды шығару

30.99

Басқа топтамаларға қосылмаған өзге де көлік құралдары мен жабдықтарды шығару

Электр жабдығы

25.21

Радиаторлар және орталық жылыту қазандықтарының өндірісі

25.29

Өзге металл цистерналар, резервуарлар және контейнерлер өндірісі

25.30

Орталық жылыту қазандықтарынан басқа бу қазандықтары өндірісі

27.11

Электр моторлары, генераторлар және трансформаторлар өндірісі

27.12

Электр таратқыш және реттегіш аппаратура өндірісі

27.20

Батареялар мен аккумуляторлар өндірісі

27.31

Талшықты-оптикалық кәбіл өндірісі

27.32

Электр сымы мен кәбілдің басқа түрлерінің өндірісі

27.33

Электр аспаптарының өндірісі

27.40

Электр жарық беру жабдығының өндірісі

27.90

Басқа да электр жабдығы өндірісі

28.11

Авиациялық, автомобильдік және мотоциклдік қозғалтқыштардан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналар өндірісі

28.25

Өнеркәсіптік тоңазытқыш және желдеткіш жабдығы өндірісі

Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі

28.30

Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасының өндірісі

Теміржол техникасының өндірісі

30.20

Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам өндірісі

Кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі

28.91

Металлургияға арналған машиналар мен құралдар өндірісі

28.92

Тау-кен өнеркәсібі, жерастын игеру және құрылыс үшін техника өндірісі

28.99

«28.99.1 Мұнай кәсіпшілігі және геологиялық-барлау бұрғылау жабдығы өндірісі» мен «28.99.2 Мұнай-газ өңдеуші құралдар өндірісін» қоспағанда, басқа топтарға қосылмаған арнайы мақсаттағы өзге де машиналар мен құралдар өндірісі

Мұнай өңдеуші және мұнай өндіруші өнеркәсіпке арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі

28.12

Гидравликалық жабдық өндірісі

28.13

Өзге сорғылар, компрессорлар, тығындар мен клапандар өндірісі

28.14

Өзге крандар мен бұрандамалар өндірісі

28.29

Басқа топтарға енгізілмеген, жалпы мақсаттағы өзге машиналар мен жабдықтар өндірісі

28.99.1

Мұнай кәсіпшілігі және геологиялық-барлау бұрғылау жабдығы өндірісі

28.99.2

Мұнай-газ өңдеуші құралдар өндірісі

Құрылыс материалдарының өндірісі

16.21

Кілтек, шере, тақталар мен панельдер өндірісі

22.21

Пластмасса табақтар, шинаға арналған камералар және пішіндер өндірісі

22.23

Пластикалық құрылыс бұйымдарының өндірісі

23.11

Табақ шыны өндірісі

23.12

Табақ шыны жасау мен өңдеу

23.13

Іші қуыс шыны бұйымдарының өндірісі

23.14

Шыны талшық өндірісі

23.19

Өзге де шыны бұйымдарын өндіру мен өңдеу

23.20

Отқа төзімді бұйымдар өндірісі

23.31

Керамикалық жабындар мен плиталар өндірісі

23.32

Кірпіш, жабынқыш және күйдірілген саздан жасалған өзге де құрылыс заттарының өндірісі

23.42

Керамикалық гигиеналық сантехникалық жабдық өндірісі

23.43

Керамикалық электроқшаулағыштар мен оқшаулау арматурасының өндірісі

23.49

Өзге керамикалық бұйымдар өндірісі

23.51

Клинкерлерді қоса алғанда, цемент өндірісі

23.52

Әк пен құрылыс гипсінің өндірісі

23.61

Бетоннан құрылыс бұйымдарын өндіру

23.62

Құрылыс мақсаттары үшін гипстен жасалған бұйымдар өндірісі

23.63

Пайдалануға дайын бетон өндірісі

23.64

Құрғақ бетон қоспаларын өндіру

23.65

Асбест-цементтен және талшықты цементтен жасалған бұйымдар өндіру

23.69

Бетоннан, құрылыс гипсі мен цементтен жасалған өзге де бұйымдарды өндіру

23.70

Тасты кесу, өңдеу және әрлеу

23.99

Басқа топтамаларға енгізілмеген, өзге де металл емес минералды өнім өндіру

«Бизнестің жол картасы 2020»     
бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай
бағдарламасына            
3-қосымша               

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Бағдарлама 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 515 қаулысымен.

Р/с №

Атауы

Өлш. бірл.

Орындау мерзімдері

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Болжанатын шығыстар

Қаржыландыру көздері

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Бірінші бағыт: моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау

1. Банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау

1

Банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін өңірлік үйлестіру кеңестерінде кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау

бірл.

ай сайын

ӨҮК шешімі (хаттамасы)

ЖАО

талап етілмейді


 
 
 


2

Субсидиялау шарттарын жасасу

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар

талап етілмейді


 
 
 


3

«Даму» КДҚ» АҚ-ның екінші деңгейдегі банктерге кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидия төлеуі

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар

1 315 700

1 200 000

1 200 000

1 200 000

1 200 000

Республикалық бюджет

2. Банктердің/Даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру

1

Банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру үшін кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау

бірл.

ай сайын

«Даму» КДҚ» АҚ оң шешімі бар хат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша)

талап етілмейді


 
 
 


2

Кепілдік туралы шарттар жасасу

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар

талап етілмейді


 
 
 


3

«Даму» КДҚ» АҚ-ның кепілдікті төлеуі

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО

200 000

200 000

200 000

200 000

200 000

Республикалық бюджет

3. Мемлекеттік гранттар беру

1

Конкурстық негізде гранттар беру үшін жобаларды қарау және мақұлдау

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО

талап етілмейді


 
 
 


2

Кәсіпкерлердің жобалары бойынша мемлекеттік гранттар төлеу

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО

305 000

300 000

300 000

300 000

300 000

Республикалық бюджет

4. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту

1

Жобаларды іске асыру үшін қажетті өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салу және жаңғырту бойынша ӨҮК шешімдерін қарау және қабылдау

бірл.

бөлінген қаражат шеңберінде өтінімдердің келіп түсуіне қарай

ӨҮК шешімі (хаттамасы)

ЖАО

талап етілмейді


 
 
 


2

Индустриялық инфрақұрылымды салуды және жаңғыртуды жүзеге асыру

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО

17 877 760

16 533 270

1 500 000

1 500 000

1 500 000

Республикалық бюджет

5. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру

1

Микрокредит беру үшін жобаларды қарау және мақұлдау

бірл.

ай сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

«АШҚҚҚ» АҚ (келісім бойынша)

талап етілмейді


 
 
 


2

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мен микроқаржы ұйымдары арасында кредиттік шарттар жасасу

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«АШҚҚҚ» АҚ (келісім бойынша)

талап етілмейді


 
 
 


3

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ/ микроқаржы ұйымдары мен жеке кәсіпкерлік субъектілері арасында кредиттік шарттар жасасу

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«АШҚҚҚ» АҚ (келісім бойынша)

талап етілмейді


 
 
 


4

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер беру

мың теңге

ай сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО

1 674 000

2 647 284

3 000 000

3 000 000

3 000 000

Республикалық бюджет

6. Жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау

1

Микроқаржы ұйымдары ұсынатын субсидиялау үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын өңірлік үйлестіру кеңестерінде қарау және мақұлдау

бірл.

ай сайын

ӨҮК шешімі (хаттамасы)

ЖАО

талап етілмейді


 
 
 


2

«Даму» КДҚ» АҚ мен микроқаржы ұйымдары арасында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын субсидиялауға шарттар жасасу

бірл.

ай сайын

субсидиялау шарттары

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), ЖАО

талап етілмейді


 
 
 


3

«Даму» КДҚ» АҚ-ның екінші деңгейдегі банктерге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша субсидиялар төлеуі

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар


200 000

200 000

200 000

200 000

Республикалық бюджет

7. Микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы кредиттеріне ішінара кепілдік беру

1

Кепілдік туралы шарттар жасасу

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар

талап етілмейді


 
 
 


2

«Даму» КДҚ» АҚ-ның кепілдік төлеуі

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

қаражат аудару

ҰЭМ


85 000

85 000

85 000

85 000

Республикалық бюджет

Екінші бағыт: экономиканың басым салаларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында кәсіпкерлікті дамыту

1. Банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

1

Банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері-қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін кәсіпкерлердің жобаларын өңірлік үйлестіру кеңестерінде қарау және мақұлдау

бірл.

ай сайын

ӨҮК шешімі (хаттамасы)

ЖАО

талап етілмейді


 
 
 


2

Субсидиялау шарттарын жасасу

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар

талап етілмейді


 
 
 


3

Бағдарламаның екінші және үшінші бағыттарының шеңберінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша екінші деңгейдегі банктерге «Даму» КДҚ» АҚ-ның субсидиялар төлеуі

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар

26 686 586

32 000 000

35 875 000

35 875 000

35 875 000

Республикалық бюджет

2. Банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру

1

Банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру үшін кәсіпкерлердің жобаларын өңірлік үйлестіру кеңестерінде қарау және мақұлдау

бірл.

ай сайын

ӨҮК шешімі (хаттамасы)

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша)

талап етілмейді


 
 
 


2

Кепілдік туралы шарттар жасасу

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар

талап етілмейді


 
 
 


3

«Даму» КДҚ» АҚ-ның кепілдікті төлеуі

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО

1 000 000

3 000 000

1 000 000

1 000 000

1 000 000

Республикалық бюджет

3. Мемлекеттік гранттар беру

1

Конкурстық негізде гранттар беру үшін жобаларды қарау және мақұлдау

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО

талап етілмейді


 
 
 


2

Кәсіпкерлердің жобалары бойынша мемлекеттік гранттар төлеу

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО

300 000

300 000

300 000

300 000

300 000

Республикалық бюджет

Төртінші бағыт: кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын ұсыну

1. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету

1

«Бизнес-насихат» жобасы бойынша мемлекеттк қолдау шараларын түсіндіру

бірл.

жыл сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

ҰКП (келісім бойынша)

72 269

72 269

72 269

72 269

72 269

Республикалық бюджет

2

Дәрістер, семинарлар, мастер-кластар ұйымдастыру

бірл.

жыл сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

ҰКП (келісім бойынша)

3

Моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында кәсіпкерлерді ақпараттық қамтамасыз ету

бірл.

жыл сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

ҰКП (келісім бойынша)

552

874

580 000

580 000

580 000

580 000

Республикалық бюджет

2. Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру

1

Кәсіпкерлерді оқыту

адам

өтінімдердің түсу шамасына қарай

ҰЭМ-ге ақпарат

ҰКП (келісім бойынша)

439

259

515

199

447 000

447 000

447 000

Республикалық бюджет

2

Сервистік қызметтер көрсету

адам

өтінімдердің түсу шамасына қарай

ҰЭМ-ге ақпарат

ҰКП (келісім бойынша)

1 613 368

1 614 376

1 621 679

1 621 679

1 621 679

Республикалық бюджет

3

Рұқсат беру құжаттары мен техникалық шарттар алу мәселелері бойынша кәсіпкерлерге консультациялар беру

адам

өтінімдердің түсу шамасына қарай

ҰЭМ-ге ақпарат

ҰКП (келісім бойынша)

3. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру

1

Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігі мен энергия үнемдеуін арттыру мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту

адам

жыл сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

ҰКП (келісім бойынша)

51 745

107 028

103 492

129 365

155 238

Республикалық бюджет

4. Іскерлік байланыстарды кеңейту

1

Халықаралық және шет елдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату

адам

жыл сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

ҰКП (келісім бойынша)

163 772

163 772

163 772

163 772

163 772

Республикалық бюджет

5. Өзге іс-шаралар

1

Қаржы агенттігі мен МУҰ-ның Бағдарлама шеңберінде көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу

бірл.

жыл сайын

көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт

ҰЭМ, «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), «АШҚҚҚ» АҚ

720 000

720

000

836 000

836 000

836 000

Республикалық бюджет

2

Сауықтыру саласындағы кәсіпкерлердің жобалары бойынша екінші деңгейдегі банктерге «Даму» КДҚ» АҚ субсидиялар төлеуі және Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлер әлеуетін күшейту

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

«Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар

202

290

12

075

38 861

40 000

40 000

Республикалық бюджет

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҰЭМ

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ИДМ

-

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

АШМ

-

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

ЖАО

-

жергілікті атқарушы органдар

ҰКП

-

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

«Даму» КДҚ» АҚ

-

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы

«АШҚҚҚ» АҚ

-

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы

«NadLoc» АҚ

-

«Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» акционерлік қоғамы

«Kaznext Invest» АҚ

-

«Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі «Kaznext Invest» акционерлік қоғамы

«КИДИ» АҚ

-

«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы

«ҚДБ-Лизинг» АҚ

-

«Қазақстанның даму банкі – Лизинг» акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 31 наурыздары
№ 168 қаулысына   
1-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 556 қаулысымен  
бекітілген     

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір
бөлігін субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 168 қаулысына  
2-қосымша     

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 556 қаулысымен  
бекітілген     

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 168 қаулысына   
3-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 556 қаулысымен  
бекітілген      

«Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру
қағидалары

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 168 қаулысына   
4-қосымша      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі

      1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысы.
      2. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысының 2, 3 және 4-тармақтары.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 шілдедегі № 711 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1 және 2-тармақтары.
      4. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия жанындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші және төртінші бағыттарын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 783 қаулысының 2-тармағы.
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1111 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 58, 555-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1520 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1 және 3-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж, № 12, 150-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 26 қаулысы.
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 63 қаулысы.
      9. «Назарбаев Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 647 бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 533-құжат).
      10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 784 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының 1 және 2) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 46, 622-құжат).
      11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1424 қаулысының 1-тармағының 1 және  2) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 90-құжат).
      12. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы наурыздағы № 357 қаулысы.
      13. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы сәуірдегі № 541 қаулысы.
      14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 1190 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, ж., № 70, 1021-құжат).
      15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 мамырдағы № 498 қаулысы.
      16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1596 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, ж., № 90, 1099-құжат).
      17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы наурыздағы № 279 қаулысы.
      18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 шілдедегі № 790 қаулысы.
      19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы наурыздағы № 279 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қыркүйектегі № 1034 қаулысы.
      20. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 42 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.