Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 279 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2015 № 168 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қарашадағы № 1449 қаулысы;
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 және «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1449 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 қарашадағы № 1169 қаулысы;
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін жүз тоқсан екінші, жүз тоқсан үшінші, жүз тоқсан төртінші, жүз тоқсан бесінші, жүз тоқсан алтыншы, жүз тоқсан жетінші, жүз тоқсан сегізінші, жүз тоқсан тоғызыншы, екі жүзінші, екі жүз бірінші, екі жүз екінші, екі жүз үшінші, екі жүз төртінші, екі жүз бесінші, екі жүз алтыншы, екі жүз жетінші, екі жүз сегізінші, екі жүз тоғызыншы, екі жүз оныншы, екі жүз он бірінші, екі жүз он екінші, екі жүз он үшінші, екі жүз он төртінші, екі жүз он бесінші, екі жүз он алтыншы, екі жүз он жетінші, екі жүз он сегізінші, екі жүз он тоғызыншы, екі жүз жиырмасыншы, екі жүз жиырма бірінші, екі жүз жиырма екінші, екі жүз жиырма үшінші, екі жүз жиырма төртінші, екі жүз жиырма бесінші, екі жүз жиырма алтыншы, екі жүз жиырма жетінші, екі жүз жиырма сегізінші, екі жүз жиырма тоғызыншы, екі жүз отызыншы,екі жүз қырық жетінші, екі жүз қырық сегізінші, екі жүз қырық тоғызыншы, екі жүз елуінші, екі жүз елу бірінші, екі жүз елу екінші, екі жүз елу үшінші, екі жүз елу төртінші, екі жүз елу бесінші, екі жүз елу алтыншы, екі жүз елу жетінші, екі жүз елу сегізінші, екі жүз елу тоғызыншы, екі жүз алпысыншы, екі жүз алпыс бірінші, екі жүз алпыс екінші, екі жүз алпыс үшінші, екі жүз алпыс төртінші, екі жүз алпыс бесінші, екі жүз алпыс алтыншы, екі жүз алпыс жетінші, екі жүз алпыс сегізінші, екі жүз алпыс тоғызыншы, екі жүз жетпісінші, екі жүз жетпіс бірінші, екі жүз жетпіс екінші, екі жүз жетпіс үшінші, екі жүз жетпіс төртінші, екі жүз жетпіс бесінші, екі жүз жетпіс алтыншы, екі жүз жетпіс жетінші, екі жүз жетпіс сегізінші, екі жүз жетпіс тоғызыншы, екі жүз сексенінші, екі жүз сексен бірінші және екі жүз сексен екінші абзацтарын қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2014 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, төрт жүз отыз алтыншы, төрт жүз отыз жетінші, төрт жүз отыз сегізінші, төрт жүз отыз тоғызыншы, төрт жүз қырық, төрт жүз қырық төртінші, төрт жүз қырық бесінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2014 № 1034 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 279 қаулысымен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында:
      «Кіріспе» деген 2-бөлімде:
      төртінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекет тарапынан барлық келісулерді «жалғыз терезе» қағидаты бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері орындайтын болады.»;
      он бесінші бөлікте:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі - облыстық деңгейде (астана, республикалық маңызы бар қала)/өңірлік деңгейде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
      Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі - қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;»;
      «Міндеттер» деген 4.3-бөлімде:
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттары бойынша қаржыландырудың жалпы лимитін бөледі және оны Уәкілетті органмен келіседі.»;
      «Бірінші бағыт: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау»:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты кәсіпкерлердің жобаларын іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Жобалар бойынша субсидиялау/кепілдік беру экономиканың басым секторлары шеңберінде (Бағдарламада көзделген) жүзеге асырылады.
      Моноқалаларда, шағын қалаларда, сондай-ақ олардың әкімшілік бағынысындағы елді мекендерде жобалар бойынша субсидиялау/кепілдік беру салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.»;
      «Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингінің шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауда»:
      «Сыйақы ставкасын субсидиялау шарттарында»:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Экономиканың басым секторларында сыйақы ставкасын субсидиялау шарттары»;
      «Кредиттер/қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау тетігінің» алдынан мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
      «Салалық шектеулерсіз сыйақы ставкасын субсидиялау шарттары»:
      1. Банктер/Лизингтік компаниялар ұсынатын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау моноқалаларда, шағын
қалаларда, сондай-ақ олардың әкімшілік бағынысындағы елді мекендерде, осы Бағдарламада белгіленген жағдайларды қоспағанда, экономиканың кез келген секторларында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жаңа кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша жүзеге асырылатын болады.
      2. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды.
      3. Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/лизинг сомасы бір Кәсіпкер үшін 750000000 (жеті жүз елу миллион) теңгеден аспайды.
      4. Пайыздық ставканы субсидиялау номиналды сыйақы ставкасы 14 %-дан аспайтын кредит/лизинг бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның 10 %-ын мемлекет өтейтін болады. Бұл ретте Банктер/Лизингтік
компаниялар мыналарды:
      1) Кәсіпкер бастамашылық жасайтын кредит беру шартының/Қаржы лизингі шартының өзгеруіне байланысты;
      2) Кәсіпкер кредит/Қаржы лизингінің шарты бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша өндіріп алынатындарды;
      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізумен, лизинг нысанасын сақтандырумен, кепіл шартын тіркеумен және ауыртпалықтарды алып тастаумен байланысты;
      4) Қаржы лизингінің шартын (кедендік тазалау, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеу қызметтері, банктердің қызметтері және т.б. сияқты тысқары ұйымдардың көрсететін қызметтерін өтеу) орындаумен байланысты жағдайларды қоспағанда, кредитке/Қаржы лизингі шартына байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      5. Егер кредит бойынша сыйақы ставкасы жылдық 14 %-дан төмен болған жағдайда, 10 %-ға мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
      6. Кредиттер/Қаржы лизингінің шарттары бойынша субсидиялау мерзімі 10 (он) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейінгі мерзімді құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше Субсидиялау шарты жасалатын жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенті бірінші Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
      7. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі Қаржы агентінің қайта қаржыландыру жүзеге асырылған Кредитор банктер/Лизингтік компанияда бірінші Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
      8. 3 (үш) жыл өткеннен кейін Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту ӨҮК мақұлдаған сәтте республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған кезде ғана Банк/Даму Банкі/Лизингтік компания қолдаухатының негізінде ӨҮК шешімімен мақұлданады.
      9. Лизинг бойынша субсидиялау қайтарымды лизинг, екінші лизинг немесе сублизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.»;
      «Кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау тетігінде»:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өтінім беруші Банктің/Даму Банкінің/Лизингтік компанияның оң шешімімен жобаны одан әрі ӨҮК шығару үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жобаны жіберетін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінеді.
      Астана мен Алматы қалаларында өтінім беруші Банктің/Даму Банкінің/Лизингтік компанияның оң шешімімен жобаны ӨҮК шығару үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді.
      Кәсіпкерлердің құжаттары қабылданып, субсидиялау үшін бөлінген қаражат шегінде ғана ӨҮК қарауына шығарылады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамадан үзіндіні Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, Банкке/Даму Банкіне/Лизингтік компанияға және Қаржы агентіне жібереді.»;
      «Банктердің/Даму Банкінің кредиттері бойынша кепілдіктер беруде»:
      «Банктердің/Даму Банкінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттарында»:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттің (кредиттердің) сомасы экономиканың басым секторлары (Бағдарламада көзделген) іске асырылатын Жоба (-лар) бойынша бір Кәсіпкер үшін 300 млн. теңгеден аспауы тиіс. Экономиканың басым емес секторларында іске асырылатын Жоба (-лар) бойынша кредиттің (кредиттердің) сомасы бір Кәсіпкер үшін 150 млн. теңгеден аспауы тиіс.
      Бір Кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті (кредиттері) бойынша берешек есепке алынбай есептеледі.»;
      «Банктердің/Даму Банкінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру тетігінде»:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Банктен/Даму Банкінен хат алғаннан кейін өтінім беруші Банктің/Даму Банкінің хатын және қажетті кепілдік мөлшерінің есебін қоса отырып, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінеді.
      Бұл ретте, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі жобаны одан әрі ӨҮК шығару үшін жобаны Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жібереді.»;
      6-тармақ алынып тасталсын;
      89 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттамасын/ӨҮК хаттамасының үзіндісін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, Қаржы агентіне және тиісті Банктерге/Даму Банкіне жібереді, сондай-ақ өтінім берушіні жобаның ӨҮК-де қаралу нәтижелері туралы хабардар етеді.
      9. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен кәсіпкердің кредитіне ішінара кепілдік берудің келісілгені туралы ӨҮК хаттамасын/ӨҮК хаттамасының үзіндісін алғаннан кейін, Қаржы агенті Банкке/Даму Банкіне алдын ала кепілдік хат жібереді.
      10. Банк/Даму Банкі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын/ӨҮК хаттамасының үзіндісін және Қаржы агентінен алдын ала кепілдік хат алғаннан кейін, өтінім берушімен кредит шартын, кепіл (кепілдер) шартын (шарттарын) жасасады, олардың көшірмелерін Қаржы агентіне жібереді.»;
      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кезекті жылдың басында Қаржы агентіне кредиттерді кепілдендіруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ын аударады.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі кәсіпкерлердің тиісті құжаттарымен қоса өтінімдерін алғаннан кейін, жобаларды одан әрі ӨҮК шығару үшін оларды Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жібереді.
      Астана және Алматы қалаларында өтінім беруші жобаны одан әрі ӨҮК шығару үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді.
      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі жобаларды жасалған кепілдік шарттары бойынша Қаржы агентіне төлеу үшін бөлінген бюджет қаражаты шегінде ғана ӨҮК қарауына шығарады.»;
      «Гранттық қаржыландыруда:
      «Гранттар беру шарттарында»:
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Грант қаражатын мемлекет кәсіпкерлерді іріктеу бойынша нысаналы гранттар ұсынуға өткізілген конкурс қорытындылары бойынша Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі арқылы ұсынады. Бұл ретте Бағдарлама және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде оқыту құрамдауыштары сертификаттарының болуы конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.»;
      «Гранттар ұсыну тетігінде»:
      8-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделген сәттен бастап:»;
      «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету тетігінде»:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кәсіпкер инфрақұрылымды жақындату немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесін қамтитын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жобасын қамтамасыз ету туралы өтініммен бірге Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінеді.
      2. Бағдарламаны жергілікті үйлестірушісі қалыптастырған өтінімдердің іріктелген тізбесі жобаларды одан әрі ӨҮК-ге шығару үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне беріледі.»
      «Индустриялық аймақтарды дамыту» деген бөлімде:
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Индустриялық аймақтың аумағының шекарасына дейін және ішінде инфрақұрылымды жеткізу бюджеттік заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландырған жағдайда республикалық бюджеттің қаражаты есебінен іске асырылатын болады.»;
      бесінші бөлік алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктермен толықтырылсын:
      «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (бұдан әрі - ӘКК) индустриялық аймақтардың операторы болып табылады.
      Индустриялық аймақтар операторының функцияларына мыналар жатады:
      1) индустриялық аймақтарды дамытудың бизнес-жоспарларын әзірлеу;
      2) индустриялық аймақтарға қатысушыларды тарту;
      3) инфрақұрылым объектілерін салу үшін инвестициялар тарту және
индустриялық аймақты қаржыландыру мәселелерін шешу;
      4) жер учаскелерін жерді қайтадан пайдалануға (қосалқы жалдауға) беру және инфрақұрылым объектілерін жалдауға (қосалқы жалдауға) беру;
      5) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасасу, оларды бұзу және олардың талаптарын орындау мониторингі;
      6) индустриялық аймақ қызметін қамтамасыз ету және қолдау.
      ӘКК операторлық қызметтеріне ақы төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      ӘКК индустриялық аймақтарды тиімді басқару мақсатында басқарушы компаниялар, соның ішінде жергілікті және шетелдік тысқары ұйымдарды тарта отырып, құра алады.»;
      «Үшінші бағыт: «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» үшінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу мен оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесіне сәйкес 4 және 5-санаттағы «үмітсіз» немесе «күмәнді» деп жіктелгендерді қоспағанда, кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне сауалнама-өтініш берердің алдындағы алты айдағы ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде валюталық пайдасы бар;»;
      «Үшінші бағытты іске асыру тетігінде»:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне сауалнама-өтініш бергенге дейінгі алдыңғы алты айдағы ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде валюталық пайдасының бар екенін растайтын ақпарат пен құжаттарды қоса бере отырып, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне Банктің/Даму Банкінің/Лизингтік компанияның сыйақы ставкасын субсидиялауға өтініш береді.
      2. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі кәсіпкерлердің жобаларын алдын ала қарағаннан кейін тиісті құжаттармен жобаларды және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне субсидиялауға өтініш берген кәсіпкерлердің тізімдерін одан әрі ӨҮК-нің қарауына шығару үшін жібереді.
      Кәсіпкерлердің құжаттары ӨҮК қарауына тек субсидиялауға арналған қаражат шегінде ғана қабылданады және ұсынылады.»;
      «Төртінші бағыт «Кәсіпкердің әлеуетін күшейту»:
      бірінші, екінші үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Төртінші бағыт халықты кәсіпкерлік қызметке тартуды, кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыруды және өндірістерді жаңғырту мен бизнесті басқарудың қазіргі заманғы үлгілерін енгізу мақсатында кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге бағытталған шағын және орта бизнеске (бұдан әрі - ШОБ) мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.
      Шағын және орта бизнеске мемлекеттік қаржылық емес қолдау көрсету:
      1) кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастырудан;
      2) кәсіпкерлік әлеуеті бар адамдарды және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді «Бизнес-кеңесші» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан;
      3) Жұмыс істейтін кәсіпкерлерді «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша оқытудан;
      4) «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы (бұдан әрі - «ЖКМ» жобасы) шеңберінде жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан;
      5) жұмыс істейтін бизнесті жүргізуді сервистік қолдаудан;
      6) шағын және орта бизнестің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарын консультациялық жобаларды (бұдан әрі - ВАS Бағдарламасы) іске асыруда қолдаудан;
      7) шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқытудан;
      8) шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар (бұдан әрі - «Іскерлік байланыстар» жобасы») орнатуды қолдаудан;
      9) технологиялар мен басқарудың жаңа әдістерін енгізу саласында басшы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттырудан (бұдан әрі - «Аға сеньорлар» құрамдауышы);
      10) «Бизнес-Насихат» жобасы шеңберіңде кәсіпкерлікті насихаттаудан;
      11) ірі компаниялардың айналасында шағын кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі серіктестік бағдарламаларды іске асырудан тұрады.
      Экономиканың басым секторларындағы шағын және орта бизнестің әлеуетті және жұмыс істейтін кәсіпкерлері Бағдарламаға қатысушылар бола алады.
      Бизнес-инкубаторларды дамытуды, жұмыс істейтін бизнесті жүргізуді сервистік қолдауды, ВАS бағдарламасын, ірі компаниялардың айналасында шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі серіктестік бағдарламаларды іске асыруды қоспағанда, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Оператор) осы бағыт бойынша Бағдарлама операторы болып табылады.»;
      төртінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы тақырыппен толықтырылсын:
      «Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру»;
      алтыншы бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Семей, Түркістан қалаларындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары құрылады.»;
      «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын (бұдан әрі - КҚКО) құру және оның жұмыс істеуінде»:
      төртінші бөлікте:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      4) «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Өсу», «Жас кәсіпкер мектебі» жобалары шеңберінде оқыту;»;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну.»;
      «КҚКО қызметтерін ұсыну тетігінде» 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. «Бизнес-Кеңесші», «Жас кәсіпкер мектебі» жобалары бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту «Бизнес-Кеңесші», «Жас кәсіпкер мектебі» атты оқыту жобаларын іске асыру тетіктерімен айқындалады.
      4. Жұмыс істейтін бизнесті жүргізу мен дамытудың функционалдық бағыттарының ерекшелігіне оқыту «Бизнес-Өсу» жобасын іске асыру тетігімен айқындалады.
      «Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын (бұдан әрі - КҚО) құру және оның жұмыс істеуінде»:
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «КҚО бизнес-инкубаторлар негізінде тегін орналасады. Моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында бизнес-инкубаторлар болмаған жағдайда, КҚО тегін негізде Халыққа қызмет көрсету орталықтарында немесе әкімдіктер ұсынған үй-жайларда орналасады.»;
      «Бизнес-инкубаторлар құруда»:
      үшінші бөлік алынып тасталсын;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бизнес-инкубаторлар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация немесе жергілікті атқарушы органдар немесе моноқалалар мен шағын қалаларда кәсіпорындар ұсынған алаңдар базасында құрылады. Бизнес-инкубатордағы үй-жайды/алаңды жалдау мерзімі кәсіпкерліктің әрбір субъектісі үшін үш жылдан аспайды.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
      «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (бұдан әрі - ӘКК) Бизнес-инкубаторларды құру және дамыту операторы болып табылады, оның функцияларына мыналар жатады:
      1) бизнес-инкубаторды дамытудың бизнес-жоспарын әзірлеу;
      2) бизнес-инкубаторға қатысушыларды тарту;
      3) инвестициялар тарту және бизнес-инкубатор қызметін қаржыландыру мәселелерін шешу;
      4) бизнес-инкубатор үй-жайларын жалдауға (қосалқы жалдауға) беру;
      5) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасасу, бұзу және олардың талаптарын орындау мониторингі;
      6) бизнес-инкубатор қызметін қамтамасыз ету және қолдау.
      Бизнес-инкубаторларды құру және дамыту бойынша ӘКК операторлық қызметтеріне ақы төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
      «Бизнес-Кеңесші-І» жобасының» алдынан мынадай мазмұндағы тақырыппен толықтырылсын:
      «Бизнес-Кеңесші» жобасы»
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бизнес-Кеңесші» жобасы Оператордың көрсетілетін қызметтерінің стандартталған топтамасын ұсынуын көздейді, ол мыналарды қамтиды:»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Құжаттардың стандартты топтамалары «Бизнес-Кеңесші» жобасының шеңберінде оқыту барысында да, сол сияқты жеке сұрау негізінде де қағаз және/немесе электрондық жеткізгіштерде ұсынылатын болады.»;
      «Бизнес-Кеңесші-І» жобасын іске асыру шарттарында»:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бизнес-Кеңесші» жобасын іске асыру шарттары»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бизнес-Кеңесші» жобасын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.»;
      «Бизнес-Кеңесші-І» жобасын іске асыру тетігінде»:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бизнес-Кеңесші» жобасын іске асыру тетігі»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі Операторға жергілікті телеарналарда кәсіпкерлік бастамасы бар халықты және кәсіпкерлерді «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша тегін курстар туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде хабардар ететін «Бизнес-Кеңесші» жобасы жөніндегі бейнероликті және жергілікті телеарналарда жүгіртпе жолдағы хабарландыру түрінде ақпаратты тегін негізде орналастыруға жәрдем көрсетеді.»;
      «Бизнес-Кеңесші-IІ» жобасының» алдынан мынадай мазмұндағы тақырыппен толықтырылсын:
      «Бизнес-Өсу» жобасы»;
      «Бизнес-Кеңесші-ІІ» жобасында»:
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бизнес-Өсу» жобасы» Оператордың көрсететін қызметтерінің стандартталған топтамасын ұсынуымен кәсіпкерлерді оқытуды көздейді, ол мыналарды қамтиды:»;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Оқу материалдары мен құжаттардың стандартты топтамалары «Бизнес-Өсу» жобасы шеңберінде оқу барысында қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде ұсынылатын болады.»;
      «Бизнес-Кеңесші-ІІ» жобасын іске асыру шарттарында»:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бизнес-Өсу» жобасын іске асыру шарттары»;
      мынадай мазмұнмен екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бизнес-Өсу» жобасын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.»;
      «Бизнес-Кеңесші-ІІ» жобасын іске асыру тетігінде»:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бизнес-Өсу» жобасын іске асыру тетігі»;
      «Кәсіпкерлерді жекешелендіруге қатысуға дайындау», «Кәсіпкерлерді жекешелендіруге қатысуға дайындау шарттары», «Кәсіпкерлерді жекешелендіруге қатысуға дайындау тетігі» деген тараулар алынып тасталсын;
      «Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуді сервистік қолдау» алдында мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын:
      «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы»
      «ЖКМ» жобасы «Идеялар жәрмеңкесін» ұйымдастыра отырып, жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды білдіреді және ол жастардың кәсіпкерлік әлеуетін ашуға жәрдемдесуге, кәсіпкерлік қызметке жас адамдарды белсенді тартуға, жас кәсіпкерлер біліктіліктерінің деңгейін арттыруға бағытталған.
      «ЖКМ» жобасын іске асыру шарттары
      «ЖКМ» жобасына Қазақстан Республикасының 18-ден 29 жасқа дейінгі азаматтары қатыса алады.
      Қолдау тегін көрсетілетін болады.
      «ЖКМ» жобасын қаржыландыру «Даму» «кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.»;
      «ЖКМ» жобасын іске асыру тетігі
      1) Оператор жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жастарды, жас кәсіпкерлерді «ЖКМ» жобасы бойынша қабылдаудың басталғаны туралы тікелей және/немесе өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.
      2) Өтінім беруші «ЖКМ» жобасы бойынша оқуға КҚО-ға өтінім береді.
      3) Оператор оқу курстарының кестесін, қатысушылар құрамын қалыптастырады және Өтінім берушіге көрсетілетін қызметтердің ұсынылуын қамтамасыз етеді.
      4) Оқу Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары базасында жүргізіледі.
      5) «ЖКМ» жобасына қатысушылардың перспективалы бизнес-жоспарлары өңірлердегі «Идеялар жәрмеңкесінде» таныстырылады.
      6) Оператор әлеуетті тәлімгерлер мен инвесторларды тарту үшін
«Идеялар жәрмеңкесінің» өңірлік қатысушыларының перспективалы бизнес-жоспарларының қысқаша сипаттамасын интернет-ресурстарда орналастырады.
      «ЖКМ» жобасына қатысушылардың перспективалы бизнес-жоспарларын қаржыландыру Бағдарламаның қаржылық құралдарының тетіктері, инвесторларды іздестіру және іріктеу негізінде жүзеге асырылады.»;
      «Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуді сервистік қолдау» деген тараудың алдынан мынадай мазмұндағы тақырыппен толықтырылсын:
      «Жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау»;
      «Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуді сервистік қолдауда»:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, сондай-ақ мынадай мәселелер бойынша консультацияларды қоса алғанда, статистикалық есептілікті жасауға байланысты көрсетілетін қызметтер:
      1) салық салу және салықтық әкімшілендіру;
      2) салық заңнамасы және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама;
      3) бастапқы құжаттарды өңдеу, салықтар мен бюджетке басқа да аударымдарды есептеу;
      4) бухгалтерлік есепті қалпына келтіру;
      5) бухгалтерлік есепті жүргізу;
      6) «1 С-Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс істеу;
      7) салықтық және статистикалық есептерді дайындау және тапсыру;
      8) тысқары ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептерді жасау;
      9) электрондық статистикалық есептілікті ұсыну.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мыналарды қоса алғанда, менеджмент жүйелерін енгізу бойынша консультация беру және бүкіл процесті толық сүйемелдеу:
      1) ИСО 9001:2000 (Сапа менеджменті жүйесі), ИСО 14001:2004
(Экологиялық менеджмент жүйесі), ИСО 22000:2005 (Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесі), ОНSАS 18001:2007 (Денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникасы менеджменті жүйесі) халықаралық стандарттардың және басқа да стандарттардың талаптарына сәйкес құжаттарды сертификаттауға дайындау;
      2) персоналды сапа жүйесінің стандарттары талаптарына сәйкес оқыту;
      3) қолданыстағы менеджмент жүйелерін ИСО 9001:2000 (Сапа
менеджменті жүйесі), ИСО 14001:2004 (Экологиялық менеджмент жүйесі), ИСО 22000:2005 (Тамақ өнімдерінің қауіпсіздік менеджменті жүйесі), ОНSАS 8001:2007 (Денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникалары менеджменті жүйесі) стандарттарының және басқа да стандарттарының талаптарына сәйкестігі түрғысынан талдау;
      4) менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу;
      5) менеджменттің интеграцияланған жүйелерін әзірлеу және енгізу;
      6) ішкі аудитті жүргізуде көмек;
      7) сертификаттау алдындағы аудитті жүргізу бойынша консультация беру;
      8) қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесін сертификаттау.»;
      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мыналарды қоса алғанда, ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар:
      1) интернет-ресурстарды әзірлеу және қолдау бойынша;
      2) кәсіпорынның (дара кәсіпкердің) сайт-визиткасын жасау бойынша;
      3) интернетте бизнес құру және жүргізу бойынша;
      4) есептерді электрондық тапсыру бағдарламаларын орнату және қолдау бойынша;
      5) «1 С-Бухгалтерия» бағдарламасын орнату және қолдау бойынша.
      7. Мыналарды:
      1) конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдер дайындауды;
      2) конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдердің сараптамасын (аудитін) жүргізуді;
      3) Қазақстанның сатып алуы бойынша бірыңғай құрылымдалған
ақпараттық базаны қамтитын интернет көзіне қосуды;
      4) кәсіпорынның/дара кәсіпкердің құжаттамасын мемлекеттік және өзге де сатып алуға қатысуы үшін жетілдіру мүмкіндігі тұрғысынан сараптауды (аудит);
      5) сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдануды;
      6) қазақстандық қамтудың есебін;
      7) сатып алудың жылдық жоспарлары негізінде Қазақстанның
мемлекеттік және өзге де сатып алуларының нарық сыйымдылығы бойынша
талдамалық есептер беруді қамтитын мемлекеттік сатып алумен, ұлттық
компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуымен
байланысты көрсетілетін қызметтер.»;
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Мыналарды қоса алғанда, менеджмент мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер:
      1) өкілеттіктерді бөлу және кәсіпорынды басқарудың ұйымдық
құрылымын құру мәселелері бойынша консультациялар;
      2) кәсіпорынның стратегиялық даму жоспарын (стратегиясын) әзірлеу бойынша консультациялар;
      3) кәсіпорынның стратегиялық даму жоспарын (стратегиясын) әзірлеу;
      4) корпоративтік басқару, корпоративтік саясат әзірлеу мәселелері бойынша консультациялар;
      5) халықаралық нарыққа шығу стратегиясын әзірлеу бойынша консультациялар;
      6) жобаларды басқару мәселелері бойынша консультациялар;
      7) жобаның техникалық және қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша консультациялар;
      8) қаржылық талдау және жоспарлау бойынша консультациялар;
      9) кәсіпорынның кадр саясатын әзірлеу бойынша консультациялар;
      10) кадрлық іс жүргізу бойынша консультациялар;
      11) персонал еңбекақысының мәселелері бойынша консультациялар;
      12) персоналды уәждеу, бағалау және ынталандырудың кешенді жүйесін әзірлеу бойынша консультациялар;
      13) персоналды уәждеу, бағалау және ынталандырудың кешенді жүйесін әзірлеу;
      14) кәсіпкерлерді жекешелендіруге қатысуға дайындау.»;
      «Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету шарттары»:
      мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі - Сервистік қолдау көрсету жөніндегі оператор) жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуде сервистік қолдау көрсету бойынша оператор болып табылады.
      Жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсетуді жергілікті жерлерде Сервистік қолдау көрсету бойынша оператор облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кәсіпкерлер палаталары (бұдан әрі - ӨКП) арқылы жүзеге асырады.
      Сервистік қолдау «бір терезе» қағидаты бойынша КҚКО-да ұсынылады. Қажет болған жағдайда, Сервистік қолдау көрсету бойынша оператор айқындаған жекелеген көрсетілетін қызмет түрлері бойынша клиенттің кәсіпорынына баруға жол беріледі.
      Көрсетілетін қызмет түрлері бойынша сервистік қолдау «бір терезе» қағидаты бойынша 27 моноқаладағы КҚО-ларда және облыс аудандарында кәсіпкерлерден түскен өтініштердің жиналуына қарай мобильдік КҚО-лар құрамында консультанттардың шығуы арқылы ұсынылады.»;
      «Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуге Сервистік қолдау көрсету тетігі» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету тетігі
      «1. Жұмыс органы, Оператор және Сервистік қолдау көрсету бойынша оператор арасында жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсетуде өзара іс-қимыл жасасу жөнінде келісім (бұдан әрі - Келісім) жасалады.
      2. Жұмыс істейтін бизнесті сервистік қолдау көрсетуді қаржыландыру Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушілері мен ӨКП арасында тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылатын болады.
      3. Сервистік қолдау көрсету бойынша оператор ӨКП арқылы мамандандырылған сервистік қызметтер көрсетудің басталуы және көрсетілетін орны туралы, оның ішінде БАҚ арқылы өңірлердің кәсіпкерлерін ай сайын хабардар етуді жүргізеді.
      4. Оператор көрсетілетін сервистік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізеді және Келісімде көрсетілген талаптарға сәйкес Жұмыс органына ұсынады.
      5. ӨКП әр тоқсан сайын есептік айдан кейінгі айдың 5-не (бесіне) дейінгі мерзімде Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне және Сервистік қолдау көрсету бойынша операторға есеп береді. Сервистік қолдау көрсету бойынша оператор Операторға Келісімде белгіленген нысанға сәйкес, әр тоқсан сайын есептік айдан кейінгі айдың 10-на (онына) дейінгі мерзімде есеп береді.
      6. Сервистік қолдау көрсету бойынша Оператор жергілікті деңгейдегі ӨКП арқылы мамандандырылған көрсетілетін қызметтерді алатын кәсіпкерлердің базасын қалыптастырады және Операторға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін тізімді береді.»;
      «ВАS бағдарламасында»:
      «Іріктеудің базалық өлшемдерінде»:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қатысушылар - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      4) шағын және орта бизнес саласындағы жұмыс тәжірибесі - өтінім берілген сәтте 2 (екі) жыл;»;
      «ВАS бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру тетігі» мынадай редакцияда жазылсын:
      1. ЕҚДБ ВАS бағдарламасының операторы және/немесе «Даму» КДҚ» АҚ өңірлік филиалдары Қазақстан Республикасының әрбір облысындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысушыларға Бағдарламаға қатысу критерийлері мен өтінім беру топтамасына қойылатын талаптар туралы ақпаратты қоса алғанда, ВАS бағдарламасы туралы ақпаратты ұсынады, сондай-ақ ЕҚДБ ВАS бағдарламасының мамандарымен бірлесіп, әлеуетті клиенттерге жобалық өтінім дайындауға жәрдем көрсетеді.
      2. Кәсіпорын/өтінім беруші ЕҚДБ ВАS бағдарламасының операторына ЕҚДБ ВАS бағдарламасының жәрдемдесуімен қолдау алуға өтінім мен құжаттардың қажетті топтамасын (оның ішінде ЕҚДБ ВАS бағдарламасының стандартты нысанына сәйкес толтырылған өтінімнің түпнұсқасын, құрылтай құжаттарының көшірмелерін, алдыңғы өткен толық екі жыл үшін және өтінім берілген сәттегі ағымдағы қаржы кезеңі үшін қаржылық есептердің көшірмелерін (баланс, пайда және залал туралы есеп және ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп) береді.
      3. ЕҚДБ ВАS бағдарламасының жобалар жөніндегі мамандары бизнестің өміршеңдігін, оның қажеттілігі мен басымдықтарын айқындау және өтінім бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін ЕҚДБ ВАS бағдарламасының бизнесті тексеру және диагностикалау жөніндегі стандартты рәсімдерін орындағаннан кейін кәсіпорынның іріктеу өлшемдеріне сәйкестігін бағалау үшін сонда барады.
      4. ЕҚДБ ВАS бағдарламасының операторы Бағдарламаға қатысуға өтінім берушілердің жиынтық тізбесін жасайды, мүдделі кәсіпорындар туралы ақпаратты тіркеумен және сақтаумен айналысады; одан кейін, өтінімдері ЕҚДБ ВАS бағдарламасына қатысуға мақұлдау алған өтінім берушілердің жиынтық тізбесін жасап, Өңірлік үйлестіру кеңесін (бұдан әрі - ӨҮК) хабардар ету мақсатында «Даму» КДҚ» АҚ өңірлік филиалына береді.
      5. ЕҚДБ ВАS бағдарламасының операторы кәсіпорын үшін жергілікті және халықаралық сарапшылар дерекқорынан жобаны іске асыруға сай келетін консалтингтік компаниялардың және/немесе сарапшылардың тізімін дайындайды; одан кейін жоба бойынша әлеуетті консультанттармен келіссөздер жүргізуге жәрдемдеседі.
      6. Кәсіпорын консалтингтік компанияны және/немесе сарапшыны таңдау туралы түпкілікті шешім қабылдайды.
      7. Кәсіпорын мен консалтингтік компания бірлесіп, ЕҚДБ ВАS бағдарламасында белгіленген нысан бойынша техникалық тапсырма әзірлейді, оны ЕҚДБ ВАS бағдарламасының жергілікті мамандарының тобы келісіп, бекітуге тиіс.
      8. ЕҚДБ ВАS бағдарламасының операторы қолданыстағы гранттар бойынша матрица-нұсқаулықты негізге ала отырып, консультациялық жобаны бірлесіп қаржыландырудың мөлшері бойынша шешім қабылдайды.
      9. Кәсіпорын/өтінім беруші мен консалтингтік компания ЕҚДБ ВАS бағдарламасының операторы мақұлдаған жобаға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес консультациялық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады.
      10. ЕКДБ мен кәсіпорын ЕҚДБ ВАS бағдарламасы шеңберінде консультациялық жобаға грант беру туралы келісім жасасады.
      11. ЕҚДБ ВАS бағдарламасының операторы жобаның іске асырылу мониторингін жүзеге асырады.
      12. Жоба аяқталған соң, консультант қорытынды таныстырылым өткізеді және бенефициар-кәсіпорынға және ЕҚДБ ВАS бағдарламасының операторына жоба нәтижелері туралы есеп береді.
      13. Кәсіпорын консультациялық қызметтер көрсетуге арналған шартқа сәйкес соманы консультантқа төлейді.
      14. Орындалған жұмыстардың мәлімделген техникалық тапсырмаға сәйкестігін, жобаның табысты аяқталғанын және консультантқа консультациялық қызметтер көрсету туралы шартқа сәйкес жобаның құнын кәсіпорынның төлеу фактісін тексергеннен кейін ЕҚДБ ВАS бағдарламасының шеңберінде грант беру туралы қол қойылған келісімге сәйкес ЕҚДБ бенефициар-кәсіпорынға грант төлейді.
      15. Жоба аяқталғаннан кейін бір жыл өткен соң ЕҚДБ ВАS бағдарламасының операторы жобаның кәсіпорын жұмысының тиімділігіне әсерін бағалау үшін оған барып, қорытынды бағалауды жүргізеді.»;
      «Іскерлік байланыстар» жобасының» алдынан мынадай мазмұндағы тақырыппен толықтырылсын:
      «Іскерлік байланыстар» жобасы»;
      «Іскерлік байланыстар» жобасын» іске асыру шарттарында»:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қатысушы Қазақстанның аумағында жол жүру бойынша көліктік шығыстарын өзі төлейді.»;
      «Аға Сеньорлар» құрамдауышын іске асыру шарттары 3-тармағының 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      «Жастар кәсіпкерлігін дамыту» құрамдауышының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші бөліктері алынып тасталсын;
      «Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимылы мен оны іске асыру мониторингі» деген бөлімнің алдынан мынадай мазмұндағы «Ірі компаниялардың айналасында шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі әріптестік бағдарламаларын іске асыру» құрамдауышымен толықтырылсын:
      «Ірі компаниялардың айналасында шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі әріптестік бағдарламаларын іске асыру
      Ірі компаниялардың айналасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі әріптестік бағдарламаларын іске асыру шарттары
      Мемлекеттің қала түзуші кәсіпорындармен әріптестік бағдарламаларын іске асыру ірі компаниялардың, мемлекеттің және қаржы институттарының күш-жігерін біріктіру арқылы өңірлерде шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамытуға және қолдауға бағытталатын болады.
      Бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен мыналарды қамтитын құралдар топтамасы ұсынылады:
      1) кредиттер бойынша субсидиялау мен кепілдік беру;
      2) инфрақұрылым жеткізу;
      3) «Бизнес-Кеңесші» жобасы;
      4) «Бизнес-Өсу» жобасы;
      5) «ШОБ топ-менеджментін оқыту» құрамдауышы;
      6) бизнесті жүргізуді сервистік қолдау;
      7) «Іскерлік байланыстар» жобасы шеңберінде квоталар ұсыну.
      Серіктестік бағдарламаларды іске асырудағы ірі компаниялардың рөлі:
      1) жергілікті өндірушілерді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз етуден, кәсіпорындар шығаратын өнімдерді ірі кәсіпорындарда сұранысқа ие өнімдер тізбесіне қосудан;
      2) «келесі қайта бөлулерді» дамыту үшін шикізатқа арналған квоталарды ұсынудан;
      3) қызметтің баламалы түрлерін дамыту жөніндегі жобаларды қолдаудан тұрады.
      Халықаралық ұйымдар мыналарға:
      1) технологияларды тарту мен жабдықтарды сатып алуға;
      2) оқыту бағдарламалары мен мамандандырылған тренингтерді ұйымдастыруға;
      3) консультациялар үшін кәсіпорындарға тікелей шетелдік жоғары білікті мамандарды тартуға жәрдем көрсететін болады.
      Әріптестік бағдарламаларын іске асыру тетігі:
      1) әріптестік бағдарламаларын іске асыру бойынша ірі компаниялармен бірлескен іс-қимылдар жоспарын әзірлеу;
      2) әріптестік бағдарламаларын іске асыру бойынша ірі компания, жергілікті атқарушы органдар, «Даму» КДҚ» АҚ арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою;
      3) кәсіпкерлерді қоғамдық ұйымдарға біріктіру;
      4) ірі компаниямен жергілікті ШОБ субъектілерінен сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі негізінде сатып алу үшін пилоттық бағыттарды, жауапты адамдарды және өзара іс-қимыл форматын айқындау;
      5) жергілікті ШОБ субъектілерінің өзекті тізілімін жасау және жүргізу және оларды өнімдердің түрлері бойынша бөлу;
      6) жүйе құраушы компаниялардың, әкімдіктің, «Даму» КДҚ» АҚ-ның қатыстуымен ШОБ субъектілерімен кезеңдік кеңестер өткізу;
      7) ШОБ мүдделі компанияларының қатарынан әлеуетті қатысушыларды іріктеу және олар үшін таңдап алынған пилоттық бағыттар бойынша мамандандырылған семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру, бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру; кәсіпкерлерге қызметтің жаңа түрін дұрыс жолға қою, бизнес-жоспар әзірлеу, технологиялар мен жабдықтар сатып алу, маркетингті ұйымдастыру мен өткізу мәселелері және басқа да мәселелер бойынша жеке консультациялық көмек ұсыну;
      8) жергілікті ШОБ субъектілерімен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу;
      9) қаржыландыруды ұсыну, жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жеткізуге жәрдемдесу мәселелерін шешу.
      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (бұдан әрі - ӘКК) серіктестік бағдарламаларды іске асыру операторы болып табылады. Оператордың функцияларына мыналар жатады:
      1) серіктестік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимылдар жоспарын әзірлеу;
      2) серіктестік бағдарламаларды іске асыру бойынша тұрақты жұмыс істейтін жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру;
      3) жергілікті ШОБ субъектілерінен сатып алу үшін ірі компаниямен бірге тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;
      4) жергілікті ШОБ субъектілері — бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың тізілімін жасау және жүргізу;
      5) ШОБ мүдделі компанияларының қатарынан әлеуетті қатысушыларды іріктеу;
      6) кәсіпкерлерге мамандандырылған семинарлар мен тренингтер, басқа да мәселелер бойынша консультациялық көмекті ұйымдастыру;
      7) бағдарламаға қатысушыларға жергілікті ШОБ субъектілерімен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуға жәрдемдесу;
      Әріптестік бағдарламаларын іске асыру бойынша ӘКК операторлық көрсетілетін қызметтеріне ақы жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленетін болады.»;
      «Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимылы және оны іске асыру мониторингінде»:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру шеңберінде Уәкілетті орган, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері, Бағдарламаға қатысуға тілек білдірген Банктер/Даму Банкі/Лизингтік компаниялар, Қаржы агенті арасында екі келісім (пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және банктердің кредиттері бойынша кепілдендіру жөнінде) жасайды, онда:»;
      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өңірлерде өндірістік инфрақұрылымды дамыту, бизнесті жүргізуді сервистік қолдау, кадрлар даярлау бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүзеге асырады және Уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген Келісімнің мақұлданған нысаны бойынша есеп береді.»;
      көрсетілген Бағдарламаға «Бағдарламаның өлшемдері» деген 2-қосымшада:
      1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу мен оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесіне сәйкес 4 және 5-санаттағы «үмітсіз» және «күмәнді» деп жіктелгендерді қоспағанда, кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне сауалнама-өтініш берердің алдындағы алты айдағы ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде валюталық пайдасы бар кәсіпкерлер.».
      2. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысында:
      1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесінде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде олардың арасында жасалған Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджетке бағытталған нысаналы трансферт қаражаты есебінен Қаржы агентіне аударады.»;
      «Терминдер мен анықтамалар» деген 2-бөлімде:
      мына:
«Жергілікті      Кәсіпкерлер үшін «жалғыз терезе» қағидаты  бойынша
деңгейдегі       жергілікті жерде Бағдарламаны іске
Бағдарламаның    асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның
үйлестірушісі    облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің
                 шешімімен айқындалатын құрылымдық бөлімшесі;»
                 деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаның   облыстық деңгейде (астана, республикалық маңызы
өңірлік          бар қала)/өңірлік деңгейде Бағдарламаны іске
үйлестірушісі    асыруға жауапты, облыстың (астананың, республикалық
                 маңызы бар қаланың) әкімі айқындайтын жергілікті
                 атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
Бағдарламаның    қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны
жергілікті       іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын
үйлестірушісі    қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;»;
      «Субсидияларды беру шарттары» деген 3-бөлімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Экономиканың басым секторларында сыйақы ставкасын субсидиялау шарттары»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-бөліммен толықтырылсын:
      «3-1. Экономиканың барлық салаларында сыйақы ставкасын субсидиялау шарттары
      21-1. Банктер ұсынатын кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау моноқалаларда, шағын қалаларда, сондай-ақ олардың әкімшілік бағынысындағы елді мекендерде, осы Бағдарламада белгіленген жағдайларды қоспағанда, экономиканың кез келген секторларында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік  субъектілерінің жаңа кредиттері бойынша жүзеге асырылатын болады.
      21-2. Жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін жобаны ӨҮК-ге шығарғанға дейін бір жыл ішінде банктер бұрын берген кредиттер де жаңа кредиттерге жатады.
      21-3. Жобаны ӨҮК-ге шығарғанға дейін бір жыл ішінде банктер бұрын берген қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер де субсидиялауға жатады.
      21-4. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды.
      21-5. Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асыратын кредит сомасы бір Кәсіпкер үшін 750000000 (жеті жүз елу миллион) теңгеден аспайды.
      21-6. Пайыздық ставканы субсидиялау номиналды сыйақы ставкасы 14 %-дан аспайтын кредит бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның 10 %-ын мемлекет өтейтін болады. Бұл ретте, Банктер:
      1) Кәсіпкер бастама жасайтын кредит беру шарттары талаптарының өзгеруіне байланысты;
      2) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатындарды қоспағанда, кредитпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      21-7. Егер кредит бойынша сыйақы ставкасы жылдық 14 %-дан төмен болған жағдайда, 10 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын Кәсіпкер төлейді.
      21-8. Кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 10 (он) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейінгі мерзімді құрайды. Егер бұл жоба бойынша бірнеше Субсидиялау шарты жасалатын жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенті бірінші Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі Қаржы агентінің қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте бірінші Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді. 3 (үш) жыл өткен соң Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту ӨҮК мақұлдаған сәтте республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған кезде ғана Банк/Даму Банкі қолдаухатының негізінде ӨҮК шешімімен мақұлданады.»;
      «Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі» деген 4-бөлімде:
      24-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Оң шешім алған кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана мен Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен (Ынтымақтастық туралы келісімде көзделген нысан бойынша) жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:»;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі өтініш-сауалнама мен құжаттарды алғаннан кейін:
      1) өтініш-сауалнамамен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар топтамасы толық
ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі үш күндік мерзімде Кәсіпкерге ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады;
      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін Кәсіпкердің жобасын жіберуді құжаттардың толық топтамасын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;
      25-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25-1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі құжаттарды алғаннан кейін:
      1) құжаттардың толықтығын тексереді;
      2) кәсіпкердің жобасын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
      3) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
      4) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және ететін отырысы айқындайды, бұл жөнінде ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.
      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі үш күндік мерзімде ұсынылған Кәсіпкерге/Бағдарламаның Жергілікті үйлестірушісіне құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін қайтарады. Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің жобасын ӨҮК кезекті отырысына шығарады.
      ӨҮК отырысы жобалардың қалыптастырылу шамасына қарай, бірақ айына 2 реттен сиретпей өткізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 25-2-тармақпен толықтырылсын:
      «25-2. ӨҮК тиісті жылы субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана жобаларды қарайды.»;
      26-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) кәсіпкердің жобасын қараған кезде ӨҮК қажет болған жағдайда Банктен/Даму Банкінен Жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады. Бұл жағдайда Кәсіпкердің құжаттары Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне пысықтау үшін қайтарылады және ӨҮК кезекті отырысында қайта қарауға жатады;»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері ӨҮК хаттамасына/хаттамадан үзіндіге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының/хаттама үзіндісінің көшірмесін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне Банк/Даму Банкіне және Қаржы агентіне жібереді.
      ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі ӨҮК шешімі шыққан күннен бастап 6 ай.»;
      «Субсидиялау тетігі» деген 5-бөлімде:
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Банк/Даму Банкі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және Субсидиялау туралы оң шешім болған кезде, Қаржы агенті, Банк/Даму Банкі және Кәсіпкер арасында Субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес Қаржы агенті Банкке/Даму Банкіне Банктік қарыз шартының өтеу кестесіне және Субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы ставкасын төлеуді жүзеге асырады.»;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Субсидиялау шартын Бағдарламада белгіленген нысанға сәйкес:
      1) Банк/Даму Банкі:
      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;
      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;
      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жасайды;
      2) Қаржы агенті:
      Банктен/Даму Банкінен үлгі жобалар бойынша Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      Банктен/Даму Банкінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды.
      Егер Банк/Даму Банкі осы Ереженің 30-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде Субсидиялау шартын уақтылы жасамаған жағдайда, Банк/Даму Банкі Қаржы агенті мен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.
      Егер Банктік қарыз шартының және/немесе Субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте Қаржы агенті Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін (Астана және Алматы қалаларында - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін), Банкті/Даму Банкін және кәсіпкерді хабардар етеді.
      Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі ескертулерді жойған жағдайда, Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қояды.
      Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі Қаржы агентінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі түпкілікті шешім қабылдау үшін ӨҮК-ке шығаратын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне құжаттар топтамасын жібереді.
      Субсидиялау шарты оған кәсіпкер, Банк/Даму Банкі және Қаржы агенті қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы Субсидиялау шартына Қаржы агенті қол қойған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Субсидиялау шартында белгіленуі мүмкін.»;
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар Бағдарламаның тиісті өңірлік үйлестірушісінен қаражат болған кезде төленеді.»;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Сыйақы ставкасын субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қаржы агенті көрсеткен шотқа тиісті қаржы жылында Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыруға бөлінген соманың 50 %-ы мөлшерінде Қаржы агентіне қаражат аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер Қаржы агентінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.»;
      42-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «42. Егер Банк/Даму Банкі қолданыстағы Банктік қарыз шартының талаптарын өзгерткен жағдайда, Банк/Даму Банкі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін (Астана және Алматы қалаларында - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін) тиісті хатпен хабардар етеді, ол 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және хатпен қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде Қаржы агентін көрсетеді).»;
      «Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта қалпына келтіру тәртібі» деген 6-бөлімде:
      45 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «45. Субсидиялар төлемдері тоқтатыла тұрған жағдайда, Қаржы агенті осындай шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Банкті/Даму Банкін, Кәсіпкерді, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін субсидиялаудың тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.
      46. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агентінен кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін, 5 (бес) жұмыс күні ішінде күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және өтетін орынды айқындайды, ол туралы барлық мүшелерді хабардар етеді.»;
      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «48. ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары бойынша - мәлімет үшін Лизинг компаниясына/Банкке/Даму Банкіне), Қаржы агентіне жібереді. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі ӨҮК хаттамасын Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне мәлімет үшін жібереді.»;
      «Кәсіпкерлерді өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымын дамыту бойынша қолдау» деген 8-бөлімде:
      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «67. Кәсіпкер инфрақұрылымды жеткізу немесе жақсарту қажеттілігі негіздемесін қамтитын жобаны өндірістік (индустриялық) инфрақұрылыммен қамтамасыз ету туралы өтініммен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінеді.»;
      мынадай мазмұндағы 67-1-тармақпен толықтырылсын:
      «67-1. Астана және Алматы қалаларының кәсіпкерлері жобаны өндірістік (индустриялық) инфрақұрылыммен қамтамасыз ету туралы өтініммен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді.»;
      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «68. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі қалыптастырған өтінімдердің іріктелген тізбесі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың жаңа өнеркәсіптік алаңдар мен индустриялық аймақтарды ұйымдастыру және қолданыстағыларын дамыту жөніндегі ұсыныстары одан әрі ӨҮК шығару үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне беріледі.»;
      2) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру ережесінде:
      «Терминдер мен анықтамалар» деген 2-бөлімде:
      мына:
«Бағдарламаның жергілікті Кәсіпкерлер үшін «жалғыз терезе» қағидаты
деңгейдегі үйлестірушісі  бойынша жергілікті жерде Бағдарламаны іске
                          асыруға жауапты, облыстар Астана және
                          Алматы қалалары әкімдерінің шешімдерімен
                          айқындалатын жергілікті атқарушы органның
                          құрылымдық бөлімшесі;»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаның            облыстық деңгейде (астана, республикалық
өңірлік үйлестірушісі     маңызы бар қала)/өңірлік деңгейде
                          Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыстың
                          (астананың, республикалық маңызы бар
                          қаланың) әкімі айқындайтын жергілікті
                          атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
Бағдарламаның             қалада немесе аудандық деңгейде
жергілікті                Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс
үйлестірушісі             әкімі айқындайтын қаланың/ауданның
                          құрылымдық бөлімшесі;».
      «Кепілдіктер беру шарттары» деген 3-бөлімде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мынадай:
      1) акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін Жобаларды іске асыруға бағытталған;
      2) мұнай-газ өнеркәсібіндегі Жобаларды іске асыруға бағытталған;
      3) Даму Банкін қоспағанда, Мемлекеттік даму институттары тікелей кредиторы болып табылатын;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінде жобаларын іске асыратын кәсіпкерлердің;
      5) сыйақы ставкасы бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;
      6) ұйымдардың үлестерін, акцияларын сатып алуға бағытталған кредиттер кепілдендіруге жатпайды.»;
      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Бағдарламаға № 1 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі — ЭҚЖЖ) сәйкес экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін. Осы талап моноқалаларда, шағын қалаларда, сондай-ақ олардың әкімшілік бағынысындағы елді мекендерде іске асырылатын жобаларға қолданылмайды.»;
      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. 60 млн. теңгеден аспайтын мөлшердегі кредиттер бойынша кепілдіктер беру шарттары:
      1) Кепілдік беру жүзеге асырылып жатқан кредиттің (кредиттердің) сомасы Кәсіпкердің әрбір жекелеген Жобасы бойынша 60 млн. теңгеден аспайды. Кредиттің (кредиттердің) сомасы Кәсіпкермен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті (кредиттері) бойынша берешегі есепке алынбай, оның әрбір жобасына жеке есептеледі, бұл ретте экономиканың басым секторларында (Бағдарламада көзделген) іске асырылатын Жобалар бойынша бір Кәсіпкер үшін кредиттердің жалпы сомасы 300 млн. теңгеден, ал басым емес секторларда іске асырылатын Жобалар бойынша - 150 млн. теңгеден аспауы тиіс;
      2) кепілдіктің ең жоғары мөлшері кредит сомасының 50 %-нан аспауы тиіс, бұл ретте Кәсіпкер кредит бойынша (кепілдік) құны кредит сомасынан кемінде 50 %-ы мөлшерінде қамтамасыз етуді ұсынады. Кредиттің көрсетілген қамтамасыз етуінің құрамында басқа талаптарды қамтамасыз етуге (мүлікті кейіннен кепілге беру) тағы бір кепілдің нысанасы болып табылатын мүліктің ұсынылуына жол берілмейді. Бұл ретте, Бағдарламаға қатысу үшін қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеген кезде болашақта кепілге қойылатын мүлік, талап ету құқығының кепілі, шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;
      3) кепілдікті беру мерзімі 5 (бес) жылдан аспауы тиіс.
      Айналым қаражатын толықтыруға 100 % бағытталған кредитті кепілдендіруге (жалақы бойынша есептеулерді, салықтық және өзге де міндетті төлемдер, кредиттерге, қарыздарға немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерге ақы төлеу бойынша есептерді жүргізуден басқа және Кәсіпкердің негізгі қызметті жүзеге асыруымен байланысты емес өзге де мақсаттар) жол беріледі. Осы кредиттер бойынша кепілдікті беру мерзімі 3 (үш) жылдан аспауы керек.
      13. Кәсіпкерлердің 60,0-ден 300 млн. теңгеге дейінгі (қоса алғанда) мөлшердегі кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттары:
      1) Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит (-тер) сомасы экономиканың басым секторларында іске асырылатын Жобалар бойынша (Бағдарламада көзделген) бір Кәсіпкер үшін 300 млн. теңгеден, ал экономиканың басым емес секторларында іске асырылатын жобалар бойынша - 150 млн. теңгеден аспауы тиіс.
      Бұл ретте кредит (-тер) сомасы онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті есепке алмай бір Кәсіпкер үшін есептеледі;
      2) кепілдіктің ең жоғары мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспауы тиіс, бұл ретте Кәсіпкер (кепіл) құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде қамтамасыз етуді ұсынады. Бұл ретте, Бағдарламаға қатысу үшін қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеген кезде болашақта кепілге қойылатын мүлік, талап ету құқығының кепілі, шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді;
      3) Кәсіпкер Жобаны іске асыруға қатысуды Жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-ынан төмен емес деңгейде меншікті ақшалай қаражатымен не Жобаны іске асырудың жалпы құнының 20 %-ынан төмен емес деңгейде меншікті жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен (оның ішінде қамтамасыз етуге берілетін үшінші тұлғаның мүлкімен) қамтамасыз етуі тиіс;
      4) кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылдан асуы тиіс;
      5) Кепілдік беру айналым қаражатын қаржыландыру инвестицияларға, негізгі құралдарды сатып алу және/немесе жаңғыртуға арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредиттің жалпы сомасының 30 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агентіне төлейтін кепілдік құны кепілдіктің жалпы сомасының 20 %-ын құрайды. Бұл ретте, Қаржы агенті өзінің қалауы бойынша алынған қаражатты әртүрлі қаржы құралдарына орналастыруға құқылы.»;
      «Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі» деген 4-бөлімде:
      26-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Банктен/Даму Банкінен хат алғаннан кейін Кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) өтінішпен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:»;
      27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Бағдарламаның жергілікгі үйлестірушісі Кәсіпкерден өтініш алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) өтінішпен қоса берілетін міндетті құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі Кәсіпкерге ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады;
      2) Жобаны алдын ала қарау және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі үшін жоба бойынша ұсынымдар әзірлеу.
      28. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі барлық құжаттар мен ақпаратты алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде кәсіпкердің жобасын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жібереді, ол мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) жоба бойынша ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
      2) кәсіпкердің жобасын Бағдарлама шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
      3) ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастырады, ӨҮК отырысының күнін, уақытын және өткізу орнын айқындайды, ол туралы барлық ӨҮК мүшелерін хабардар етеді;
      4) барлық құжаттар мен ақпаратты алған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде кәсіпкерлер жобаларының тізімін, құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, ӨҮК қарауына шығарады.
      Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары бойынша - кәсіпкерге) ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады.
      ӨҮК отырысы Жобалардың қалыптасуына қарай, бірақ айына 1 реттен сиретпей өткізіледі.»;
      30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК отырысынан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
      1) ӨҮК хаттамасын Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, Банкке/Даму банкіне және Қаржы агентіне;
      2) ӨҮК-де олардың жобаларын қарау нәтижелері туралы Астана және
Алматы қалаларының кәсіпкерлеріне жазбаша хабарлама жібереді.
      31. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен кәсіпкердің кредитіне ішінара кепілдік беруге келісу туралы ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін Қаржы агенті Банкке/Даму Банкіне алдын ала кепілдік хатын жібереді.»;
      37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. Шығарылған кепілдіктерге ақы төлеу мақсатында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кезекті жылдың басында Қаржы агентіне кредиттерді кепілдендіруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ына аударады.
      Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі жылдың басында Қаржы агентіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін кепілдік шарттарының жасалуына қарай Қаржы агентіне былайша аударылады:
      1) Кепілдік шартын жасасқаннан кейін Қаржы агенті Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді;
      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агентінен Кепілдік шартын жасасу туралы хатты алған сәттен бастап Қаржы агентінің ағымдағы шотына кепілдік сомасының 20 %-ы мөлшерінде қаражатты аударуды жүзеге асырады.
      38. Кәсіпкерлердің өтінімдерін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалаларында - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі), қабылдайды. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК қарауына кәсіпкерлердің жобаларын жасалған кепілдік шарттары бойынша Қаржы агентіне төлеу үшін бөлінген бюджет қаражаты шегінде ғана шығарады.»;
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету» үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесінде»:
      «Жалпы ережелер» деген 1-бөлімде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агентіне «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде өздерінің арасында жасалатын Субсидиялау және кепілдік беру шарты негізінде жергілікті бюджетке бағытталған нысаналы трансферт қаражаты есебінен аударады.»;
      «Терминдер мен анықтамалар» деген 2-бөлімде:
      мына:
«Жергілікті деңгейдегі Кәсіпкерлер үшін «жалғыз терезе» ережесі
Бағдарламаның          бойынша жергілікті жерде Бағдарламаны іске
Үйлестірушісі          асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның
                       облыстар, Астана және Алматы қалалары
                       әкімдерінің шешімімен айқындалатын құрылымдық
                       бөлімшесі;»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаның         облыстық деңгейде (астана, республикалық
өңірлік үйлестірушісі  маңызы бар қала)/өңірлік деңгейде
                       Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыстың
                       (астананың, республикалық маңызы бар қаланың)
                       әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның
                       құрылымдық бөлімшесі;
Бағдарламаның          қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны
жергілікті             іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын
үйлестірушісі          қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;»;
      «Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі» деген 4-бөлімде:
      19-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Оң шешім алған кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) Кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен (Ынтымақтастық туралы келісімде көзделген нысан бойынша) жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:»;
      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі өтініш-сауалнама мен құжаттарды алғаннан кейін:
      1) өтініш-сауалнамамен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың
толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі үш күндік мерзімде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін Кәсіпкерге қайтарады;
      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін Кәсіпкердің жобасын жіберуді құжаттардың толық топтамасын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      21. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі құжаттарды алғаннан кейін:
      1) құжаттардың толықтығын тексереді;
      2) кәсіпкердің жобасын Бағдарлама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
      3) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
      4) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және өтетін орынды айқындайды, бұл туралы ӨҮК барлық мүшелеріне хабарлайды. ӨҮК отырысы жобалардың қалыптасуына қарай өткізіледі.
      Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған не белгіленген нысандар сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары бойынша - кәсіпкерге) ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады.»;
      22-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Кәсіпкердің жобасын қараған кезде ӨҮК қажет болған жағдайда Банктен/Даму Банкінен жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттар сұратады. Бұл жағдайда Кәсіпкердің құжаттары Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне пысықтау үшін қайтарылады және ӨҮК кезекті отырысында қайта қарауға жатады;»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері ӨҮК хаттамасына/хаттамадан үзіндіге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, Банкке/Даму Банкіне және Қаржы агентіне ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттама үзіндісінің көшірмесін жібереді.
      ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі ӨҮК шешімі шыққан күннен бастап 6 (алты) ай.»;
      «Субсидиялау тетігі» деген 5-бөлімде:
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Банк/Даму Банкі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және Субсидиялау туралы оң шешім болған кезде Қаржы агенті, Банк/Даму Банкі және Кәсіпкер арасында Субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес Қаржы агенті Банкке/Даму Банкіне Банктік қарыз шартының өтеу кестесіне және Субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы ставкасын төлеуді жүзеге асырады.»;
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Субсидиялау шартын Бағдарламада белгіленген нысанға сәйкес:
      1) Банк/Даму Банкі:
      Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде;
      Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде жасайды;
      2) Қаржы агенті:
      Банктен/Даму Банкінен үлгі жобалар бойынша Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде;
      Банктен/Даму Банкінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жасайды.
      Банк/Даму Банкі осы Ереженің 26-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде Субсидиялау шартын уақтылы жасамаған жағдайда, онда Банк/Даму Банкі Қаржы агенті мен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін кідіру себептерін түсіндіре отырып, ресми хат арқылы хабардар етеді.
      Егер Банктік қарыз шартының және/немесе Субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте, Қаржы агенті Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін және Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісін, Банкті/Даму Банкін және Кәсіпкерді хабардар етеді.
      Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі ескертулерді жойған жағдайда, Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қояды.
      Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі Қаржы агентінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі түпкілікті шешім қабылдау үшін ӨҮК-ке шығаратын құжаттар топтамасын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жібереді.
      Субсидиялау шарты оған Қаржы агенті, Банк/Даму Банкі және Кәсіпкер қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте, субсидиялау мерзімінің басталуы Субсидиялау шартына Қаржы агенті қол қойған күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын Субсидиялау шартында белгіленуі мүмкін.»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар Бағдарламаның тиісті өңірлік үйлестірушісінен қаражат болған кезде төленеді.»;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Сыйақы ставкасын субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қаржы агентіне тиісті қаржы жылында Бағдарламаның үшінші бағытын іске асыруға бөлінген соманың 50 %-ы мөлшерінде қаражатты Қаржы агенті көрсеткен шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер Қаржы агентінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.»;
      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. Егер Банк/Даму Банкі қолданыстағы Банктік қарыз шартының талаптарын өзгерткен жағдайда, Банк/Даму Банкі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін тиісті хатпен хабардар етеді, ол 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және хатпен қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде Қаржы агентін көрсетеді).
      Бұл ретте, қаржыландыру талаптарына жүргізілген өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында нақты көрініс табуы тиіс»;
      «Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру тәртібі» деген 6-бөлімде:
      40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «40. Субсидиялар төлемдері тоқтатыла тұрған жағдайда, Қаржы агенті осындай шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Банкті/Даму Банкін, Кәсіпкерді, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін субсидиялауды тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.
      41. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агентінен Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және өтетін орынды айқындайды, ол туралы барлық мүшелерді хабардар етеді.»;
      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «43. ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін оны 1 (бір) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, Кәсіпкерге, Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне және Қаржы агентіне мәлімет үшін жібереді.»;
      «Бағдарлама мониторингі» деген 7-бөлімде:
      50-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «50-1. Кәсіпкер тиісті қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары бойынша - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) тиісті кезеңде валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттарды ұсынады.
      Кәсіпкер жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін тиісті кезеңде валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі тиісті хатпен Қаржы агентін жобаны субсидиялауды тоқтата тұру қажеттілігі туралы хабардар етеді және осы мәселені ӨҮК-ке шығарады.
      Одан кейінгі іс-қимылдар осы Қағидалардың 6-бөлімінде белгіленген рәсімге және тәртіпке сәйкес жүргізіледі.».
      3. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулысында:
      1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидаларында:
      «Жалпы ережелер» деген 1-бөлімнің 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агентіне «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде өздерінің арасында жасалатын Субсидиялау және кепілдендіру шартының негізінде жергілікті бюджетке бағытталған нысаналы трансферт есебінен аударады.»;
      «Терминдер мен анықтамалар» деген 2-бөлімде:
      мына:
«Жергілікті деңгейдегі Кәсіпкерлер үшін «жалғыз терезе» қағидаты
Бағдарламаның          бойынша жергілікті жерде Бағдарламаны іске
Үйлестірушісі          асыруға жауапты облыстар, Астана және Алматы
                       қалалары әкімдерінің шешімімен айқындалатын
                       жергілікті атқарушы органның құрылымдық
                       бөлімшесі;»
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаның         облыстық (астана, республикалық маңызы бар
өңірлік                қала) деңгейде Бағдарламаны іске асыруға
үйлестірушісі          жауапты,  облыстың  (астананың, республикалық
                       маңызы бар қаланың) әкімі айқындайтын
                       жергілікті атқарушы органның құрылымдық
                       бөлімшесі;

Бағдарламаның          қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны
жергілікті             іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын
үйлестірушісі          қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;»
      «Субсидияларды беру шарттары» деген 3-бөлімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Экономиканың басым секторларында сыйақы ставкасын субсидиялау шарттары»
      мынадай мазмұндағы 3-1-бөліммен толықтырылсын:
      «3-1. Салалық шектеулерсіз сыйақы ставкасын субсидиялау шарттары
      22-1. Лизингтік компаниялар/Банктер ұсынатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау моноқалаларда, шағын қалаларда, сондай-ақ олардың әкімшілік бағынысындағы елді мекендерде Бағдарламада белгіленген жағдайларды қоспағанда, экономиканың барлық секторларында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілердің жаңа лизингтік мәмілелері бойынша жүзеге асырылатын болады.
      22-2. Осы шарттардың шеңберінде сыйақы ставкасын субсидиялауға мынадай:
      1) мұнай-газ өнеркәсібіндегі;
      2) қару және акцизделетін өнімдер өндіру жөніндегі;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарының;
      4) тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыруды болжайтын кредиттер жатпайды.
      22-3. Жаңа лизингтік мәмілелерге жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін ӨҮК-ке жобаны шығарғанға дейін бір жыл ішінде Лизингтік компаниялар/Банктер бұған дейін берген лизингтік мәмілелер де жатады.
      22-4. Субсидиялауға ӨҮК-ке жобаны шығарғанға дейін бір жыл ішінде Лизингтік компаниялар/Банктер бұған дейін берген Қаржы лизингі шартын қайта қаржыландыруға бағытталған лизингтік мәмілелер де жатады.
      22-5. Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын лизинг сомасы бір Кәсіпкер үшін 750000000 (жеті жүз елу миллион) теңгеден аспауы тиіс.
      22-6. Пайыздық ставканы субсидиялау сыйақының номиналды ставкасы 14 %-дан аспайтын лизинг бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның 10 %-ын мемлекет өтейтін болады. Бұл ретте, Лизингтік компаниялар/Банктер мыналарды:
      1) Кәсіпкер бастамашылық жасайтын Қаржы лизингі шарты талаптарының өзгеруімен байланысты;
      2) Кәсіпкердің Қаржы лизингі шарты бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша өндіріп алынатын;
      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізумен, лизинг нысанасын сақтандырумен, кепіл шартын тіркеумен және ауыртпалықтарды алып тастаумен байланысты;
      4) Қаржы лизингі шарттарын (кедендік тазалау, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеу қызметтері, банктер қызметтері және т.б. сияқты тысқары ұйымдардың көрсететін қызметтерін өтеу) орындаумен байланыстыларды қоспағанда, Қаржы лизингі шартын жасаумен байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.
      22-7. Егер кредит бойынша сыйақы ставкасы жылдық 14 %-дан төмен болған жағдайда, онда 10 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын Кәсіпкер төлейді.
      22-8. Қаржы лизингі шарттары бойынша субсидиялау мерзімі одан әрі 5 (бес) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейінгі мерзімді құрайды. 3 (үш) жыл өткеннен кейін Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзартуды тиісті жылы кәсіпкерлерді субсидиялау үшін республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат бөлінген жағдайда ғана Лизингтік компанияның/Банктің қолдаухатының негізінде ӨҮК шешімімен жыл сайын мақұлданады.
      Егер бір жоба бойынша бірнеше Субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенті бірінші Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі қайта қаржыландыруды жүзеге асырған Лизингтік компанияда/Банкте/Даму Банкінде Қаржы агенті бірінші Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
      22-9. Лизинг бойынша субсидиялдау қайтарымды лизинг, екінші лизинг немесе сублизинг шарты бойынша жүзеге асырылмайды.»;
      «Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі» деген 4-бөлімде:
      25-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Оң шешім алған кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен (Ынтымақтастық туралы келісімде көзделген нысан бойынша) жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:»;
      26 және 26-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі Кәсіпкерден өтініш-саулнама мен құжаттарды алғаннан кейін:
      1) өтініш-сауалнамамен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі үш күндік мерзімде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне қайтарады;
      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін кәсіпкердің жобасын жіберуді құжаттардың толық топтамасын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      26-1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі құжаттарды алғаннан кейін:
      1) құжаттардың толықтығын тексереді;
      2) Кәсіпкерлердің жобасын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді және жобалар бойынша ӨҮК үшін ұсынымдар әзірлейді;
      3) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
      4) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және өтетін орынды айқындайды, бұл туралы ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.
      Құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ұсынылған құжаттар бойынша нақты көрсеткіштерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары бойынша - кәсіпкерге) қайтарады.
      ӨҮК отырысы жобалардың қалыптасуына қарай, бірақ айына 2 реттен сиретпей өткізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 26-2-тармақпен толықтырылсын:
      «26-2. ӨҮК жобаларды тиісті жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.»;
      27-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Кәсіпкердің жобасын қараған кезде ӨҮК қажет болған жағдайда Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттар сұратады, бұл жағдайда Кәсіпкердің құжаттары Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне пысықтау үшін қайтарылады және ӨҮК кезекті отырысында қайта қарауға жатады;»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері ӨҮК хаттамасына/хаттамадан үзіндіге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне және Қаржы агентіне ӨҮК хаттамасының/хаттама үзіндісінің көшірмесін жібереді.
      Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі ӨҮК хаттамасының/хаттама үзіндісінің көшірмесін Лизингтік компанияға/тиісті Банкке/Даму Банкіне жібереді.
      ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі ӨҮК шешімі шыққан күннен бастап 6 ай.»;
      «Субсидиялау тетігі» деген 5-бөлімде:
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және Субсидиялау туралы оң шешім болған кезде, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі, Кәсіпкер және Қаржы агенті арасында Субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес Кәсіпкер Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне қаржы лизингі шартының өтеу кестесіне сәйкес сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін төлеуді жүзеге асырады, ал Қаржы агенті Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне Субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлейді.»;
      31 және 31-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Субсидиялау шартын Қағидаларда белгіленген нысанға сәйкес:
      1) Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі:
      Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде;
      Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде жасайды;
      2) Қаржы агенті:
      Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен үлгі жобалар бойынша Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде;
      Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жасайды.
      Егер Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі осы Қағидалардың 40-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде Субсидиялау шартын уақтылы жасамаған жағдайда, онда Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі кідіру себептерін түсіндіре отырып, Қаржы агенті мен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін ресми хатпен хабардар етеді.
      31-1. Егер Банктік қарыз шартының және/немесе Субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте, Қаржы агенті Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, Банкті/Даму Банкін және Кәсіпкерді хабардар етеді.
      Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі ескертулерді жойған жағдайда, Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қояды.
      Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі Қаржы агентінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі құжаттар топтамасын түпкілікті шешім қабылдау үшін ӨҮК-ке шығаратын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жібереді.»;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар тиісті Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен қаражат болған кезде төленеді.»;
      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі Сыйақы ставкасын субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қаржы агентіне тиісті қаржы жылында өздерінің арасында жасалатын Бағдарлама шеңберінде Субсидиялау және кепілдік беру туралы шартқа сәйкес қаражатты Қаржы агенті көрсеткен шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер Қаржы агентінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.»;
      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «44. Егер Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі қолданыстағы Қаржы лизингі шартының талаптарын өзгерткен жағдайда, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі тиісті хатпен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің хабардар етеді, ол 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде Қаржы агентін көрсетеді).
      Бұл ретте, қаржыландыру талаптарына жүргізілген өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында нақты көрініс табуы тиіс»;
      «Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру тәртібі» деген 6-бөлімде:
      47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Субсидиялар төлемдері тоқтатыла тұрған жағдайда, Қаржы агенті осындай шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Лизингтік компанияны/Банкті/Даму Банкін, Кәсіпкерді, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін субсидиялаудың тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.
      48. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агентінен Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, ӨҮК отырыстарын өткізілетін күнді, уақытты және өтетін орынды айқындайды, ол туралы барлық ӨҮК мүшелерін хабардар етеді.»;
      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «50. ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін оны 1 (бір) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, Қаржы агентіне мәлімет үшін жібереді.
      Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі ӨҮК хаттамасын Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне жібереді.»;
      2) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін темендету» үшінші бағыты шеңберінде Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидаларында:
      «Жалпы ережелер» деген 1-бөлімде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агентіне «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде өздерінің арасында жасалатын Субсидиялау және кепілдендіру шартының негізінде жергілікті бюджетке бағытталған нысаналы трансферт есебінен аударады.»;
      «Терминдер мен анықтамалар» деген 2-бөлімде:
      мына:
«Жергілікті            Кәсіпкерлер үшін «жалғыз терезе» қағидаты
деңгейдегі             бойынша жергілікті жерде Бағдарламаны іске
Бағдарламаның          асыруға жауапты  облыстар, Астана және Алматы
үйлестірушісі          қалалары әкімдерінің  шешімімен айқындалатын
                       жергілікті атқарушы органның құрылымдық
                       бөлімшесі;» деген жол мынадай редакцияда
                       жазылсын:
«Бағдарламаның         облыстық/астана, республикалық маңызы бар қала
өңірлік үйлестірушісі  деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты,
                       облыстың (астананың, республикалық маңызы бар
                       қаланың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы
                       органның құрылымдық бөлімшесі;
Бағдарламаның          қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны
жергілікті             іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын
үйлестірушісі          қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;»;
      «Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі» деген 4-бөлімде:
      22-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Оң шешім алған кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен (Ынтымақтастық туралы келісімде көзделген нысан бойынша) жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:»;
      23 және 23-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі Кәсіпкерден өтініш-сауалнама мен құжаттарды алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) өтініш-сауалнамамен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың
толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі үш күндік мерзімде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін Кәсіпкерге қайтарады;
      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін Кәсіпкердің
жобасын жіберуді құжаттардың толық топтамасын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      23-1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі құжаттарды алғаннан кейін:
      1) құжаттардың толықтығын тексереді;
      2) кәсіпкердің жобасын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
      3) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
      4) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және өтетін орындарды айқындайды, бұл жөнінде ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.
      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында - кәсіпкерге) құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін қайтарады. Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің жобасын ӨҮК кезекті отырысына шығарады.
      ӨҮК отырысы жобалардың қалыптастырылуына қарай, бірақ айына 2 реттен сиретпей өткізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 23-2-тармақпен толықтырылсын:
      «23-2. ӨҮК тиісті жылы субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана жобаларды қарайды.»;
      24-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) кәсіпкердің жобасын қараған кезде ӨҮК қажет жағдайда Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады, бұл жағдайда кәсіпкердің құжаттары Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне пысықтау үшін қайтарылады және ӨҮК кезекті отырысында қайта қарауға жатады;»
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері ӨҮК хаттамасына/хаттамадан үзіндіге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының/хаттама үзіндісінің көшірмесін Лизингтік компанияға/тиісті Банкке/Даму Банкіне, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне және Қаржы агентіне жібереді.
      ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі ӨҮК шешімі шыққан күннен бастап 6 ай.»;
      «Субсидиялау тетігі» деген 5-бөлімде:
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және Субсидиялау туралы оң шешім болған кезде, Қаржы агенті, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі және Кәсіпкер арасында Субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес Кәсіпкер Лизингтік компания/Банкке/Даму Банкіне Қаржы лизингі шартының өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлеменің субсидияланбайтын бөлігін төлейді, ал Қаржы агенті Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне Субсидиялау шартын талаптарына сәйкес сыйақы ставкасын төлеуді жүзеге асырады.»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Субсидиялау шартын Қағидаларда белгіленген нысанға сәйкес:
      1) Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі:
      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде;
      Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен ерекше жағдайларға ие жобалар бойынша хаттаманы алған кезден бастап 20 жұмыс күні ішінде жасайды;
      2) Қаржы агенті:
      Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен үлгі жобалар бойынша Субсидиялау шартын алған кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде;
      Лизингтік компаниядан/Банктен/Даму Банкінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жасайды.
      Егер Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі осы Қағидалардың 28-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде Субсидиялау шартын уақтылы жасамаған жағдайда, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Қаржы агенті мен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.»;
      29-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29-1. Егер Банктік қарыз шартының және/немесе Субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте, Қаржы агенті Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, Банк/Даму Банкін және кәсіпкерді хабардар етеді.
      Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі ескертулерді жойған жағдайда, Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қояды.
      Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі, Банк/Даму Банкі Қаржы агентінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі түпкілікті шешім қабылдау үшін ӨҮК-ке шығаратын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне құжаттар топтамасын жібереді.»;
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар Бағдарламаның тиісті өңірлік үйлестірушісінен қаражат болған кезде төленеді.»;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі сыйақы ставкаларын субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қаржы агентіне олардың арасында тиісті қаржы жылында жасалатын Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдендіру туралы шартқа сәйкес Қаржы агенті көрсеткен шотқа қаражатты аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер Қаржы агентінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.»;
      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «41. Егер Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі қолданыстағы Банктік қарыз шартының талаптарын өзгерткен жағдайда, Лизингтік компания/Банк/Даму Банкі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін тиісті хатпен хабардар етеді, ол 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және хатпен қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде Қаржы агентін көрсетеді).
      Бұл ретте қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді (келісуден бас тартуды) келісу хатында нақты көрсетуі қажет.»;
      «Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру тәртібі» деген 6-бөлімде:
      44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «44. Субсидиялар төлемдері тоқтатыла тұрған жағдайда, Қаржы агенті осындай шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Лизингтік компанияны/Банкті/Даму Банкін, Кәсіпкерді, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін субсидиялаудың тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.
      45. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агентінен кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін ұсыныстар әзірлейді және күн тәртібін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және өтетін орынды айқындайды, ол туралы барлық ӨҮК мүшелерін хабардар етеді.»;
      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткізілген күннен
бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Бағдарламаның өңірлік
үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, Лизингтік компанияға/Банкке/Даму Банкіне және Қаржы агентіне мәлімет үшін жібереді.»;
      «Бағдарлама мониторингі» деген 7-бөлімде:
      53-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «53-1. Кәсіпкер тиісті қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары бойынша - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) тиісті кезеңде валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттарды ұсынады.
      Егер Кәсіпкер жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін тиісті кезеңде валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі тиісті хатпен Қаржы агентін жобаны субсидиялауды тоқтата тұру қажеттілігі туралы хабардар етеді және осы мәселені ӨҮК-ге шығарады.
      Одан кейінгі іс-қимылдар осы Қағидалардың 6-бөлімінде белгіленген рәсімге және тәртіпке сәйкес жүргізіледі.».
      4. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 541 қаулысында:
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну қағидаларында:
      «Жалпы ережелер» деген 1-бөлімде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Гранттарды мемлекет Кәсіпкерлер (дара кәсіпкер немесе заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған «Бизнес кеңесші» жедел-курстарынан қысқа мерзімді оқытудан өткеннен кейін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі арқылы ұсынады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Гранттар ұсыну үшін көзделген қаражатты Уәкілетті орган Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне одан әрі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне аудару үшін бағытталған нысаналы трансферт қаражаты есебінен аударады.»;
      «Терминдер мен анықтамалар» деген 2-бөлімде:
      мына:
«Грант                 Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі
ұсыну                  үйлестірушісі, Қаржы агенті және жеке
туралы                 кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектісі
шарт                   арасында жасалатын, осы  Қағидалардың
                       3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш жақты
                       жазбаша келісім, оның шарттары бойынша
                       Кәсіпкерге нысаналы Грант ұсынылады.»
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Грант ұсыну           Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі, Қаржы
туралы шарт            агенті және жеке кәсіпкер арасында жасалатын,
                       осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан
                       бойынша үш жақты жазбаша келісім, оның
                       шарттары бойынша Кәсіпкерге нысаналы Грант
                       ұсынылады.»;
«Бағдарламаның         Облыстардың, Астана және Алматы қалалары
жергілікті             әкімдіктерінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп
үйлестірушісі          деңгейдегі басқармасы;»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаның         облыстық/астана, республикалық маңызы бар қала
өңірлік                деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты
үйлестірушісі          облыстың (астананың, республикалық маңызы бар
                       қаланың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы
                       органының құрылымдық бөлімшесі;
Бағдарламаның          қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны
жергілікті             іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын
үйлестірушісі          қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;»
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну тәртібі» деген 3-бөлімде:
      9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Моноқалаларда, шағын қалаларда, сондай-ақ олардың әкімшілік бағынысындағы елді мекендерде тіркелген және өз қызметтерін жүзеге асыратын Кәсіпкерлер экономиканың кез келген секторында жобаларды іске асырады.»;
      15-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі конкурстық комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол:»;
      17-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Гранттар алуға үміткер кәсіпкерлер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі Кәсіпкерден өтінімді алғаннан кейін өтініммен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады, құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі толықтыруға арналған жетпейтін құжаттарды көрсете отырып, Кәсіпкердің ұсынылған құжаттарын қабылдаудан бас тартады.»;
      25-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Конкурстық комиссия Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі арқылы уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынылған конкурстық құжаттама бойынша салалық құзыреттік қорытындыларын алуға құқылы.
      Конкурстық комиссия өтінімдерді зерделеу кезінде Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі арқылы тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпарат сұрауға құқылы.»;
      31-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы рәсімделген сәттен бастап мыналарды:»;
      «Гранттарды ұсыну тетігінде»:
      32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Қаржы агенті ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда оның хаттамасы бекітілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісімен және Кәсіпкермен Грант ұсыну туралы шартқа (бұдан әрі - «Шарт») қол қояды.
      33. Шарт жасасқаннан кейін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары бойынша - Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) ақшалай қаражатты Кәсіпкерге оның ағымдағы банктік шотына аударуды жүзеге асырады.»;
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Гранттың нысаналы тағайындалуы осы Қағидалардың шарттары мен критерийлеріне сәйкес келген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі Кәсіпкердің ағымдағы шотына транштың сұратылған сомасын аударады.»;
      «Бағдарлама мониторингі» деген 4-бөлімде:
      40-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Кәсіпкерлер алған қаражаттың пайдаланылу нәтижелілігінің мониторингін жүргізеді және Жұмыс органы мен Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісіне Кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды іске асырулары туралы есепті ұсынады.»;
      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «42. Кәсіпкер тарапынан грант қаражатын мақсатсыз пайдаланған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі мен Қаржы агенті мақсатсыз пайдаланылған грант қаражатын қайтару бойынша іс-шаралар өткізеді.».
      5. «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасында:
      «Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
      «Міндеттері» деген бөлімде:
      «Екінші бағыттың: Моноқалалар халқының жұмыспен қамтылуының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру мен шағын және орта бизнесті дамытудың» 6-тармағы алынып тасталсын.