Индустрияландыру картасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 78 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.02.2023 № 78 қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2017 № 231 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың

      2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған индустрияландыру картасы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2017 № 231 қаулысымен.

      2. Жауапты мемлекеттік органдар мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамы ай сайынғы негізде есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жобалардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.12.2020 № 878 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобалардың іске асырылу барысының мониторингі бойынша ақпарат берсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.12.2020 № 878 қаулысымен.

      4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К.Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1418 қаулысымен
бекітілген

Индустрияландыру картасы

      Ескерту. Индустрияландыру картасы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.12.2020 № 878 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен.

Р/с
Жобаның атауы Жауапты мемлекеттiк орган және/немесе ұлттық холдинг Өңiр Жобаға өтiнiш берушi Iске асыру мерзiмi*/ жобаның мәртебесі

      кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

1.

Болат өндiрiсiн жылына 5 млн тоннаға дейiн ұлғайту
 

ИИДМ

Қарағанды облысы

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ

2010 – 2022 жылдар

2.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен.

3.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен.

4.

Рельсті арқалық зауытын салу

ИИДМ, Ақтөбе облысының әкімі
 

Ақтөбе облысы

"Ақтөбе рельсті арқалық зауыты" ЖШС

2012 – 2015 жылдар

5.

Өскемен қаласында толық циклдi автозауыт және автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк салу

ИИДМ

Шығыс Қазақстан облысы

"АЗИЯ АВТО Қазақстан" АҚ

2010 – 2022 жылдар

6.

Минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыт салу

ИИДМ

Жамбыл облысы

"ЕвроХим-Тыңайтқыш" ЖШС

2011 – 2021 жылдар

7.

Қызылорда қаласында қуаты жылына 197,1 мың тонна табақты шыны өндіретін және өңдейтін зауыт салу

ИИДМ

Қызылорда облысы

"Орда Гласс" ЖШС

2013 – 2021 жылдар

8.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен.

9.

Интеграцияланған газ-химия кешенін салу (бірінші фаза)

ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

Атырау
облысы

"Kazakhstan
Petrochemical
Industires Inc." ЖШС,
"АЛМЭКС ПЛЮС фирмасы" ЖШС

2010 – 2022 жылдар

10.

Интеграцияланған газ-химия кешенiн салу (екінші фаза)

ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

Атырау
облысы

"KLPE" ЖШС

2010 – 2025 жылдар

11.

К5 экологиялық класты мотор отынының өндірісі

ЭМ

Батыс Қазақстан облысы

"Конденсат" АҚ

2012 – 2016 жылдар

12.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен.

13.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен.

14.

"Шалқия" полиметалл кен орны базасында КБК салу

ИИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

Қызылорда облысы

"Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ

2014 – 2023 жылдар

15.

Қарағанды кешенді қорытпа зауытын салу

ИИДМ

Қарағанды облысы

"Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты" ЖШС

2011 – 2022 жылдар

16.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен.

17.

Үшхлорлы фосфор және глифосат өндірісі
 

ИИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

Жамбыл облысы

"Біріккен химия компаниясы" ЖШС

2014 - 2021 жылдар

18.

Минералды тыңайтқыштар шығаратын зауытты жаңғырту (2-кезең)

ИИДМ

Маңғыстау облысы

"ҚазАзот" ЖШС

2015 – 2021 жылдар

19.

Минералды тыңайтқыштар шығаратын зауытты жаңғырту

ИИДМ

Жамбыл облысы

"Қазфосфат" ЖШС

2015 – 2020 жылдар

20.

Кальцийлендірілген сода өндіру зауытын салу

ИИДМ

Қызылорда облысы

"АралСода" ЖШС

2017 – 2021 жылдар

21.

Үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын өндіретін зауыт салу

ИИДМ

Алматы қаласы

"Эйжа Стил Пайп Корпорейшн" ЖШС

2015 – 2018 жылдар

22.

Ферросилиций өндіру зауытын салу

ИИДМ

Қарағанды облысы

"YDD Corporation" ЖШС

2017 – 2019 жылдар

23.

Ақтоғай КБК өңдеу қуатын жұмыс істеп тұрған сульфидий фабрикасын қайталау арқылы кеңейту

ИИДМ

Шығыс Қазақстан облысы

"KAZ Minerals Aktogay" ЖШС

2018 – 2021 жылдар

24.

ЭТБЭ/МТБЭ және ұнтақ полипропилен шығаратын зауыт салу

ЭМ

Шымкент қаласы

"Шымкент Химия Компаниясы" ЖШС

2017 – 2022 жылдар

25.

Тау-кен комбинаты құрылысы және "Айдарлы" мыс кен орнын және "Жанар" жерасты суы кен орнын өнеркәсіптік игеру

ИИДМ

Шығыс Қазақстан облысы

"Айдарлы Проджект (AidarlyProject)" ЖШС

2019 – 2069 жылдар

26.

Ақмола облысы Бурабай және Бұланды аудандарында инженерлік инфрақұрылымын орналастырумен жылына 5,0 млн тонна кен өндіретін тау-кен гидрометаллургия кешенінің құрылысы

ИИДМ

Ақмола облысы

"RGProcessing" ЖШС, "RGGold" ЖШС

2018 – 2022 жылдар

27.

Қуаты жылына 400 000 тонна кальцийленген сода зауытының құрылысы

ИИДМ

Жамбыл облысы

"Qazaq-Soda" ЖШС

2020 – 2022 жылдар

28.

Екібастұз қаласында ферроқорытпа зауытын салу

ИИДМ

Павлодар облысы

"EkibastuzFerro Alloys" ЖШС
 

2021 – 2023
жылдар

      * iске асырылуы республикалық бюджеттен қаражат бөлуге де байланысты жобалар бойынша іске асыру мерзімдері тиiстi кезеңдерге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлемiне байланысты нақтыланатын болады

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АҚ

-

акционерлiк қоғам

ЖШС

-

жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк

ИИДМ

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

МӨЗ

-

мұнай өңдеу зауыты

МХЗ

-

мұнай-химия зауыты

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

-

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамы

"Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ

-

"Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлiк қоғамы

ЭМ

-

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi