2015 - 2019 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың
2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған 2015 – 2019 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы бекітілсін.
      2. Жауапты мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтер ай сайынғы негізде, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде «Жобаларды басқарудың ақпараттық-талдамалық жүйесі» ақпараттық жүйесінің есептік нысандарын толтыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі  тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобалардың іске асырылу барысының мониторингі бойынша ақпарат берсін.
      4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1418 қаулысымен    
бекітілген      

2015 – 2019 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы

Р/с

Жобаның атауы

Жауапты мемлекеттiк орган және/немесе ұлттық холдинг

Өңiр

Жобаға өтiнiш берушi

Iске асыру мерзiмi*/ жобаның мәртебесі

1

2

3

4

5

6

1.

Болат өндiрiсiн жылына 6 млн. тоннаға дейiн ұлғайту

ИДМ

Қарағанды облысы

«Арселор Миттал Темiртау» АҚ

2010 – 2018 жылдар

2.

Бозшакөл КБК-сін салу

ИДМ

Павлодар облысы

«Kazakhmys Bozshakol (Қазақмыс Бозшакөл)» ЖШС

2010 – 2015 жылдар

3.

Ақтоғай КБК-сін салу

ИДМ

Шығыс Қазақстан облысы

«Kazakhmys Aktogay (Қазақмыс Ақтоғай)» ЖШС

2011 – 2017 жылдар

4.

Рельсті арқалық зауытын салу

ИДМ, Ақтөбе облысының әкімі

Ақтөбе облысы

«Ақтөбе рельсті арқалық зауыты» ЖШС

2012 – 2015 жылдар

5.

Өскемен қаласында толық циклдi автозауыт және автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк салу

ИДМ

Шығыс Қазақстан облысы

«АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ

2010 – 2018 жылдар

6.

Минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыт салу

ИДМ

Жамбыл облысы

«ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС

2011 – 2018 жылдар

7.

Қызылорда қаласында қуат жылына 197,1 мың тонна табақты шыны өндіретін және өңдейтін зауыт салу

ИДМ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

Қызылорда облысы

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ

2013 – 2017 жылдар

8.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлiзiн реконструкциялау

ИДМ

өңiраралық жоба

ИДМ

2007 – 2015 жылдар

9.

Қазақстан Республикасының Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесiн құру

ИДМ

Астана қаласы

ИДМ

2006 – 2015 жылдар

10.

Ғарыш аппараттарының жинақтау-сынау кешенiн құру

ИДМ

Астана қаласы

ИДМ

2008 – 2017 жылдар

11.

Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту (мұнайды тереңдетіп өндеу кешенін салу)

ЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

2010 – 2016 жылдар

12.

Интеграцияланған газ-химия кешенiн салу (бірінші фаза)

ЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС

2010 – 2018 жылдар

13.

Интеграцияланған газ-химия кешенiн салу (екінші фаза)

ЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы

«KLPE» ЖШС

2010 – 2019 жылдар

14.

Экологиялық класы К5 мотор отынының өндірісі

ЭМ

Батыс Қазақстан облысы

«Конденсат» АҚ

2012 – 2015 жылдар

15.

Павлодар МХЗ-ын жаңғырту

ЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Павлодар облысы

«Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ

2010 – 2016 жылдар

16.

Шымкент МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту

ЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Оңтүстік Қазақстан облысы

«ПетроКазахстан ойл Продактс» ЖШС

2010 – 2016 жылдар

17.

«Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді газ құбырын салу

ЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

өңiраралық жоба

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

2011 – 2016 жылдар

18.

Балқаш ЖЭС-ын салу

ЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Алматы облысы

«Самұрық-Энерго» АҚ

2010 – 2018 жылдар

19.

Екiбастұз МАЭС-2 кеңейту және реконструкциялау

ЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Павлодар облысы

«Самұрық-Энерго» АҚ

2010 – 2017 жылдар

20.

Екiбастұз МАЭС-1 кеңейту және реконструкциялау

ЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Павлодар облысы

«Самұрық-Энерго» АҚ

2010 – 2017 жылдар

21.

Шардара ГЭС-iн жаңғырту

ЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Оңтүстік Қазақстан облысы

«Самұрық-Энерго» АҚ

2010 – 2016 жылдар

22.

Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен 500 кВ желісін салу

ЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

өңiраралық жоба

«KEGOC» АҚ

2011 – 2017 жылдар

23.

Тазартылған ферроқорытпа өндірісін құру

ИДМ

Павлодар облысы

«Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ

перспективалық

24.

Қарағанды кешенді қорытпалар зауытының 1-кезегін салу

ИДМ

Қарағанды облысы

«Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты» ЖШС

перспективалық

25.

Металданған өнiмдер өндiретін зауыт салу

ИДМ

Қостанай облысы

«Соколов-Сарыбай кен байыту өндiрiстiк бiрлестiгi» АҚ

перспективалық

26.

«Шалқия» полиметалл кендері кен орнын игеру

ИДМ

Қызылорда облысы

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ

перспективалық

27.

Никель өнімдерін (никель штейні, перспективада тауарлық ферроникель де) өндіретін металлургиялық комбинаты салу

ИДМ

Шығыс Қазақстан облысы

«SAT & Nikel» АҚ

перспективалық

28.

Бутадиен және синтетикалық каучук өндірісі

ЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы

«Біріккен химия компаниясы» ЖШС

перспективалық

29.

Полимер өнімдерінің өндірісі

ЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы

«Біріккен химия компаниясы» ЖШС

перспективалық

30.

Қарашығанақ және Қашаған кен орындары шикізаттарының базасында мұнай-химия өндірісін ұйымдастыру

ЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы

«Біріккен химия компаниясы» ЖШС

перспективалық

31.

Калий сульфаты өндірісі

ИДМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Жамбыл облысы

«Біріккен химия компаниясы» ЖШС

перспективалық

32.

Глифосат өндірісі

ИДМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Жамбыл облысы

«Біріккен химия компаниясы» ЖШС

перспективалық

33.

«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ҒЗК құру

ИДМ

Қызылорда облысы

ИДМ

перспективалық

34.

GMP нормаларына сәйкес биоэквиваленттік дәрілік дженериктер препараттарын өндіру және инсулинді құю және орау фабрикасы

ИДМ

Астана қаласы

«БС медикал серджери» ЖШС

перспективалық

35.

«Кендiрлi» курорттық демалыс аймағын дамыту

ИДМ

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының әкiмдiгi

перспективалық

36.

Әлемдік деңгейдегі тау-шаңғы курорты

ИДМ

Алматы қаласы

Алматы әкiмдiгi

перспективалық

* iске асырылуы республикалық бюджеттен қаражат бөлуге де байланысты жобалар бойынша іске асыру мерзімдері тиiстi кезеңдерге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлемiне байланысты нақтыланатын болады
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИДМ      - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi
ЭМ       - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ – «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлiк қоғамы
МӨЗ      – мұнай өңдеу зауыты
МХЗ      – мұнай-химия зауыты
ЖЭС      – жылу электр станциясы
КБК      – кен байыту комбинаты
ҒЗК      – ғарыш зымыран кешенi
ГЭС      – гидроэлектр станциясы
МАЭС     – мемлекеттiк аудандық электр станциясы
АҚ       – акционерлiк қоғам
ЖШС      – жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк