Индустрияландыру картасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысы.

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2017 № 231 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың

      2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған индустрияландыру картасы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2017 № 231 қаулысымен.

      2. Жауапты мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтер ай сайынғы негізде, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жобалардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2017 № 231 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобалардың іске асырылу барысының мониторингі бойынша ақпарат берсін.

      4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К.Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1418 қаулысымен
бекітілген

Индустрияландыру картасы

      Ескерту. Индустрияландыру картасы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2017 № 231 қаулысымен.

Р/с

Жобаның атауы

Жауапты мемлекеттiк орган және/немесе ұлттық холдинг

Өңiр

Жобаға өтiнiш берушi

Iске асыру мерзiмi*/ жобаның статусы

1

2

3

4

5

6

1.

Болат өндiрiсiн жылына 6 млн. тоннаға дейiн ұлғайту

ИДМ

Қарағанды облысы

"Арселор Миттал Темiртау" АҚ

2010 – 2018 жылдар

2.

Бозшакөл КБК-сін салу

ИДМ

Павлодар облысы

"Kazakhmys Bozshakol (Қазақмыс Бозшакөл)" ЖШС

2010 – 2015 жылдар

3.

Ақтоғай КБК-сін салу

ИДМ

Шығыс Қазақстан облысы

"KAZ Minerals Aktogay (КАЗ Минералз Ақтоғай)" ЖШС

2011 – 2017 жылдар

4.

Рельсті арқалық зауытын салу

ИДМ, Ақтөбе облысының әкімі

Ақтөбе облысы

"Ақтөбе рельсті арқалық зауыты" ЖШС

2012 – 2015 жылдар

5.

Өскемен қаласында толық циклдi автозауыт және автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк салу

ИДМ

Шығыс Қазақстан облысы

"АЗИЯ АВТО Қазақстан" АҚ

2010 – 2018 жылдар

6.

Минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыт салу

ИДМ

Жамбыл облысы

"ЕвроХим-Тыңайтқыш" ЖШС

2011 – 2018 жылдар

7.

Қызылорда қаласында қуаты жылына 197,1 мың тонна табақты шыны өндіретін және өңдейтін зауыт салу

ИДМ

Қызылорда облысы

"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ

2013 – 2017 жылдар

8.

Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту (мұнайды тереңдетіп өндеу кешенін салу)

ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы

"Атырау МӨЗ" ЖШС

2010 – 2016 жылдар

9.

Интеграцияланған газ-химия кешенiн салу (бірінші фаза)

ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы

"Kazakhstan Petrochemical Industries Inc" ЖШС "АЛМЭКС ПЛЮС фирмасы" ЖШС

2010 – 2018 жылдар

10.

Интеграцияланған газ-химия кешенiн салу (екінші фаза)

ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы

"KLPE" ЖШС

2010 – 2019 жылдар

11.

Экологиялық класы К5 мотор отынының өндірісі

ЭМ

Батыс Қазақстан облысы

"Конденсат" АҚ

2012 – 2016 жылдар

12.

Павлодар МХЗ-сын жаңғырту

ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

Павлодар облысы

"Павлодар мұнай-химия зауыты" АҚ

2010 – 2017 жылдар

13.

Шымкент МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту

ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

Оңтүстік Қазақстан облысы

"ПетроКазахстан ойл Продактс" ЖШС

2010 – 2018 жылдар

14.

"Шалқия" полиметалл кен орны базасында КБК салу

ИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

Қызылорда облысы

"Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ

2014 – 2019 жылдар

15.

"Масальское" темір кен орны базасында тау-кен металлургиялық кешенін салу

ИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

Ақмола облысы

"Масальский КБК" ЖШС

2015 – 2021 жылдар

16.

Қарағанды кешенді құйма зауытын салу

ИДМ

Қарағанды облысы

"Қарағанды кешенді құйма зауыты" ЖШС

2011 – 2018 жылдар

17.

Темір жолға арналған дөңгелектер шығару кешені

ИДМ

Павлодар облысы

"Проммашкомплект" ЖШС

2014 – 2017 жылдар

18.

Үшхлорлы фосфор және глифосат өндірісі

ИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

Жамбыл облысы

"Біріккен химия компаниясы" ЖШС

2014 – 2018 жылдар

19.

Минералды тыңайтқыштар өндіретін зауытты жаңғырту (2-кезең)

ИДМ

Маңғыстау облысы

"ҚазАзот" ЖШС

2015 – 2019 жылдар

20.

Минералды тыңайтқыштар өндіретін зауытты жаңғырту

ИДМ

Жамбыл облысы

"Қазфосфат" ЖШС

2015 – 2020 жылдар

21.

Кальцилендірілген сода өндіретін зауыт салу

ИДМ

Қызылорда облысы

"АралСода" ЖШС

2015 – 2019 жылдар

22.

Үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын шығаратын зауыт салу

ИДМ

Алматы қаласы

"Эйжа Стил Пайп Корпорейшн" АҚ

2015 – 2018 жылдар

23.

Тазартылған ферроқорытпа өндірісін құру

ИДМ

Павлодар облысы

"Қазхром" трансұлттық компаниясы" АҚ

перспективалық

24.

Металданған өнiмдер өндiретін зауыт салу

ИДМ

Қостанай облысы

"Соколов-Сарыбай кен байыту өндiрiстiк бiрлестiгi" АҚ

перспективалық

25.

Никель өнімдерін (никель штейні, перспективада тауарлық ферроникель де) өндіретін металлургиялық комбинат салу

ИДМ

Шығыс Қазақстан облысы

"SAT & Nikel" АҚ

перспективалық

26.

Бутадиен және синтетикалық каучук өндірісі

ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы

"Біріккен химия компаниясы" ЖШС

перспективалық

27.

Қарашығанақ және Қашаған кен орындары шикізаттарының базасында мұнай-химия өндірісін ұйымдастыру

ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы

"Біріккен химия компаниясы" ЖШС

перспективалық

28.

Калий сульфаты өндірісі

ИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

Жамбыл облысы

"Біріккен химия компаниясы" ЖШС

перспективалық

      * iске асырылуы республикалық бюджеттен қаражат бөлуге де байланысты жобалар бойынша іске асыру мерзімдері тиiстi кезеңдерге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлемiне байланысты нақтыланатын болады

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi

      ЭМ - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ - "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамы

      "Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ - "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлiк қоғамы

      МӨЗ - мұнай өңдеу зауыты

      МХЗ - мұнай-химия зауыты

      АҚ - акционерлiк қоғам

      ЖШС - жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк