Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.02.2023 № 78 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2015 - 2019 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін.
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Индустрияландыру картасы туралы"
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
1. "Қоса беріліп отырған индустрияландыру картасы бекітілсін.
2. Жауапты мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтер ай сайынғы негізде, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жобалардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген индустрияландыру картасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б.Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 231 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысымен бекітілген |
Индустрияландыру картасы
Р/с | Жобаның атауы | Жауапты мемлекеттiк орган және/немесе ұлттық холдинг | Өңiр | Жобаға өтiнiш берушi | Iске асыру мерзiмi*/ жобаның статусы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Болат өндiрiсiн жылына 6 млн. тоннаға дейiн ұлғайту | ИДМ | Қарағанды облысы | "Арселор Миттал Темiртау" АҚ | 2010 – 2018 жылдар |
2. | Бозшакөл КБК-сін салу | ИДМ | Павлодар облысы | "Kazakhmys Bozshakol (Қазақмыс Бозшакөл)" ЖШС | 2010 – 2015 жылдар |
3. | Ақтоғай КБК-сін салу | ИДМ | Шығыс Қазақстан облысы | "KAZ Minerals Aktogay (КАЗ Минералз Ақтоғай)" ЖШС | 2011 – 2017 жылдар |
4. | Рельсті арқалық зауытын салу | ИДМ, Ақтөбе облысының әкімі | Ақтөбе облысы | "Ақтөбе рельсті арқалық зауыты" ЖШС | 2012 – 2015 жылдар |
5. | Өскемен қаласында толық циклдi автозауыт және автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк салу | ИДМ | Шығыс Қазақстан облысы | "АЗИЯ АВТО Қазақстан" АҚ | 2010 – 2018 жылдар |
6. | Минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыт салу | ИДМ | Жамбыл облысы | "ЕвроХим-Тыңайтқыш" ЖШС | 2011 – 2018 жылдар |
7. | Қызылорда қаласында қуаты жылына 197,1 мың тонна табақты шыны өндіретін және өңдейтін зауыт салу | ИДМ | Қызылорда облысы | "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ | 2013 – 2017 жылдар |
8. | Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту (мұнайды тереңдетіп өндеу кешенін салу) | ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | Атырау облысы | "Атырау МӨЗ" ЖШС | 2010 – 2016 жылдар |
9. | Интеграцияланған газ-химия кешенiн салу (бірінші фаза) | ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | Атырау облысы | "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc" ЖШС "АЛМЭКС ПЛЮС фирмасы" ЖШС | 2010 – 2018 жылдар |
10. | Интеграцияланған газ-химия кешенiн салу (екінші фаза) | ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | Атырау облысы | "KLPE" ЖШС | 2010 – 2019 жылдар |
11. | Экологиялық класы К5 мотор отынының өндірісі | ЭМ | Батыс Қазақстан облысы | "Конденсат" АҚ | 2012 – 2016 жылдар |
12. | Павлодар МХЗ-сын жаңғырту | ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | Павлодар облысы | "Павлодар мұнай-химия зауыты" АҚ | 2010 – 2017 жылдар |
13. | Шымкент МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту | ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | Оңтүстік Қазақстан облысы | "ПетроКазахстан ойл Продактс" ЖШС | 2010 – 2018 жылдар |
14. | "Шалқия" полиметалл кен орны базасында КБК салу | ИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | Қызылорда облысы | "Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ | 2014 – 2019 жылдар |
15. | "Масальское" темір кен орны базасында тау-кен металлургиялық кешенін салу | ИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | Ақмола облысы | "Масальский КБК" ЖШС | 2015 – 2021 жылдар |
16. | Қарағанды кешенді құйма зауытын салу | ИДМ | Қарағанды облысы | "Қарағанды кешенді құйма зауыты" ЖШС | 2011 – 2018 жылдар |
17. | Темір жолға арналған дөңгелектер шығару кешені | ИДМ | Павлодар облысы | "Проммашкомплект" ЖШС | 2014 – 2017 жылдар |
18. | Үшхлорлы фосфор және глифосат өндірісі | ИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | Жамбыл облысы | "Біріккен химия компаниясы" ЖШС | 2014 – 2018 жылдар |
19. | Минералды тыңайтқыштар өндіретін зауытты жаңғырту (2-кезең) | ИДМ | Маңғыстау облысы | "ҚазАзот" ЖШС | 2015 – 2019 жылдар |
20. | Минералды тыңайтқыштар өндіретін зауытты жаңғырту | ИДМ | Жамбыл облысы | "Қазфосфат" ЖШС | 2015 – 2020 жылдар |
21. | Кальцилендірілген сода өндіретін зауыт салу | ИДМ | Қызылорда облысы | "АралСода" ЖШС | 2015 – 2019 жылдар |
22. | Үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын шығаратын зауыт салу | ИДМ | Алматы қаласы | "Эйжа Стил Пайп Корпорейшн" АҚ | 2015 – 2018 жылдар |
23. | Тазартылған ферроқорытпа өндірісін құру | ИДМ | Павлодар облысы | "Қазхром" трансұлттық компаниясы" АҚ | перспективалық |
24. | Металданған өнiмдер өндiретін зауыт салу | ИДМ | Қостанай облысы | "Соколов-Сарыбай кен байыту өндiрiстiк бiрлестiгi" АҚ | перспективалық |
25. | Никель өнімдерін (никель штейні, перспективада тауарлық ферроникель де) өндіретін металлургиялық комбинат салу | ИДМ | Шығыс Қазақстан облысы | "SAT & Nikel" АҚ | перспективалық |
26. | Бутадиен және синтетикалық каучук өндірісі | ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | Атырау облысы | "Біріккен химия компаниясы" ЖШС | перспективалық |
27. | Қарашығанақ және Қашаған кен орындары шикізаттарының базасында мұнай-химия өндірісін ұйымдастыру | ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы | "Біріккен химия компаниясы" ЖШС | перспективалық |
28. | Калий сульфаты өндірісі | ИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | Жамбыл облысы | "Біріккен химия компаниясы" ЖШС | перспективалық |
* iске асырылуы республикалық бюджеттен қаражат бөлуге де байланысты жобалар бойынша іске асыру мерзімдері тиiстi кезеңдерге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлемiне байланысты нақтыланатын болады
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi
ЭМ - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ - "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамы
"Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ - "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлiк қоғамы
МӨЗ - мұнай өңдеу зауыты
МХЗ - мұнай-химия зауыты
АҚ - акционерлiк қоғам
ЖШС - жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк