РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары;
2) зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қағидалардың 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағының екінші бөлігін, 3-тармағының екінші бөлігін, 9, 11-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 қазандағы
№ 1042 қаулысымен
бекітілген
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті
зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары
есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан
зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері:
1) Заңның 30-бабының 2-тармағында, 59-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда белгіленген кесте бойынша;
2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында, 2-тармағында көзделген жағдайларда төлеу арқылы жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақтың екінші бөлігі 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР Үкіметінің 02.10.2013 N 1042 қаулысының 3-т. қараңыз).
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері Заңның 32-бабында көзделген жағдайларда төлеу арқылы жүзеге асырылады.
3. Заңның 30-бабының 2-тармағында, 59-бабының 2-тармағында көрсетілген адамдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шарты негізінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын аудару арқылы зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақтың екінші бөлігі 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР Үкіметінің 02.10.2013 N 1042 қаулысының 3-т. қараңыз).
Заңның 59-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шарты негізінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын аудару арқылы зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады.
2. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы
жинақтарынан кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерін
жүзеге асыру тәртібі
4. Зейнетақы жинақтарын кесте бойынша алушы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш);
2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;
3) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі – Орталық) төлемдер тағайындау негіздемесін көрсете отырып, зейнетақы және жәрдемақы алушы куәлігінің көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынады.
Егер зейнетақы жинақтарын алушы Заңның 11-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар болып табылатын жағдайда, Орталықтан зейнетақы куәлігі ұсынылмайды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына почта байланысы құралдары немесе сенімхат негізінде әрекет ететін адам (бұдан әрі – сенім білдірілген адам) арқылы жүзеге асыруға өтініш берілген кезде алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариатта расталған көшірмесі, Орталықтан төлемдерді тағайындау негіздемесін көрсете отырып, зейнетақы және жәрдемақы алушы куәлігінің көшірмесі ұсынылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына почта байланысы құралдары арқылы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға өтінішті беру кезінде зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі алушының қолы нотариатта куәландырылады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда).
Алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті сенім білдірілген адам арқылы жіберген жағдайда, сенім білдірілген адам да бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымда мүддесін білдіру жөніндегі өкілеттігі қамтылса), жеке куәліктің көшірмесі мен түпнұсқасын ұсынады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Өтініш оған қоса берілген құжаттармен бірге өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі. Өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.
6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы тармақтың екінші абзацында айқындалған жағдайларды қоспағанда, зейнетақы төлемдерінің кестесін қамтитын қосымша келісімді әзірлейді және алушының қарауына ұсынады.
Алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесінде айқындалған кесте бойынша төлемдердің жылдық сомасынан аз болған немесе зейнетақы жинақтары төлемдерін жүзеге асыру кезінде алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ағымдағы жылға ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайларда зейнетақы жинақтарын төлеу қосымша келісім жасамай, осы Қағидаларда көзделген құжаттардың негізінде бірыңғай төлеммен жүзеге асырылады.
7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жыл сайын зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшеріне қайта есептеу жүргізеді.
Қайта есептеу алушыдан өтінішті алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қосымша келісім мен зейнетақы төлемдерінің кестесіне өзгерістер енгізе отырып, кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшеріне қайта есептеу жүргізеді.
3. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе
кеткен адамдарға салымшы қайтыс болған жағдайда төленетін
зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
8. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алушылар болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:
1) өтінішті;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге рұқсаты бар шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесін және салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
9-тармақ 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР Үкіметінің 02.10.2013 N 1042 қаулысының 3-т. қараңыз).
9. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алушылар болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:
1) өтінішті;
2) пошта байланысы құралдары немесе сенім білдірілген адам арқылы жіберген кезде:
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге рұқсаты туралы белгісі бар шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесін және көру үшін түпнұсқасын ұсынады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, шетелдік паспорттың көшірмесі нотариатта куәландырылған (eгep нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілсе) және заңдастырылған болуға тиіс;
3) алушы өзі өтініш берген кезде:
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге рұқсат беру туралы белгісі бар шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесін және көру үшін түпнұсқасын;
бар болса, көші-қон карточкасының көшірмесін және көру үшін көші-қон карточкасының түпнұсқасын ұсынады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге рұқсат беруді ресімдеу фактісіне күдік туындаған жағдайда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры белгіленген тәртіппен бұл туралы алушыны хабардар ете отырып, ішкі істер органдарының көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ үшінші тұлғаның зейнетақы төлемдерін алуға салымшының (алушының) мүддесін білдіруге арналған сенімхатты куәландырған нотариусқа сұрау салу жібереді. Бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштің орындалу мерзімі көрсетілген сұрау салуларға жауап алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
10. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін Қазақстан Республикасының азаматтары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:
1) өтінішті;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге рұқсат беру туралы белгісі бар Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесін және көру үшін түпнұсқасын ұсынады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
11-тармақ 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР Үкіметінің 02.10.2013 N 1042 қаулысының 3-т. қараңыз).
11. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:
1) өтінішті;
2) пошта байланысы құралдары немесе сенім білдірілген адам арқылы берген кезде:
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, нотариат куәландырған және заңдастырылған Қазақстан Республикасы азаматы паспортының және кету фактісін растайтын құжаттың көшірмесін (eгep нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілсе);
3) өзі жүгінген кезде: Қазақстан Республикасы азаматы паспортының және кету фактісін растайтын құжаттың көшірмесін және шолып қарау үшін олардың түпнұсқаларын ұсынады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
12. Егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен алушы кәмелетке толмаған адам болған жағдайда, ата-анасы (асырап алушылары, қамқоршылары, қорғаншылары) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:
1) өтінішті;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге рұқсат беру туралы белгісі бар Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесін және көру үшін түпнұсқасын ұсынады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, паспорт көшірмесі нотариатта куәландырылған (eгep нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілсе) және заңдастырылған болуға тиіс;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге рұқсат беру туралы белгісі бар кәмелетке толмаған адамның паспортының (Қазақстан Республикасының азаматы үшін) не шетелдік паспортының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің немесе жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және көру үшін түпнұсқасын ұсынады.
13. Алушы қайтыс болған жағдайда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мынадай құжаттар ұсынылады:
1) қайтыс болған алушының отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді жүзеге асыратын адамның жерлеуге арналған біржолғы төлемді алуы үшін:
өтініш;
қайтыс болған алушының отбасы мүшесінің немесе жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және көру үшін құжаттың түпнұсқасы не оның нотариатта куәландырылған көшірмесі;
алушының қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариатта куәландырылған көшірмесі;
2) мұрагерлерінің қайтыс болған алушының зейнетақы жинақтарын алуы үшін:
өтініш;
мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және көру үшін құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариатта куәландырылған көшірмесі;
алушының қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариатта куәландырылған көшірмесі;
мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариатта куәландырылған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариатта куәландырылған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімі.
14. Егер алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы зейнетақы төлеміне жатпайтын жерлеуге арналған біржолғы төлемді жүзеге асырғаннан кейін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, осы қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлем сомасымен бірге төленеді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
15. Өтінішті почта байланысы құралдары арқылы жіберген кезде осы Қағидалардың 8, 9, 10, 11, 12 және 13-тармақтарында көрсетілген алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, сондай-ақ өтініштегі алушының қолы нотариатта куәландырылады (нотариаттық куәландыруды тұратын мемлекетінде жүргізу шартымен).
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
16. Сенім білдірілген адам зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішпен жүгінген жағдайда, сенім білдірілген адам осы Қағидалардың 8, 9, 10, 11, 12 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:
1) сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және көру үшін оның түпнұсқасын;
2) сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариатта куәландырылған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымдардағы мүддесін білдіруі жөніндегі өкілеттіктер қамтылатын болса) ұсынады. Сенім білдірілген адамның салымшының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өтінішін беруі сенім білдірілген адам өзі өтініш жасаған кезде жүзеге асырылады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
17. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сенім білдірілген адамнан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш алған кезде сенімхатта көрсетілген алушының қол қою үлгілерін алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесіндегі қолымен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
Алушының сенімхаттағы қолы алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесінде көрсетілген қолымен сәйкес келмейтіні көзбен шолып қарағанда байқалған кезде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушыға сенімхатта көрсетілген іс-әрекетті жасауға оның ниетін растау туралы сұрау салу жібереді.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
18. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерін осы Қағидаларда көзделген құжаттарды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
19. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерін деректемелері төлемдерді тағайындауға арналған өтініште көрсетілетін алушының (немесе мұрагерінің) банктік шотына аударады.
Алушы қайтыс болған жағдайда жерлеуге берілетін біржолғы төлемді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қайтыс болған алушының отбасы мүшелеріне не деректемелері өтініште көрсетілетін жерлеуді жүзеге асырған адамның банктік шотына аударылады.
Зейнетақы жинақтарын аударуға, есептеуге және төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу, оларды айырбастау сомаларын қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражаты есебінен жүргізіледі.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорынан төленетін міндетті
зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары
есебінен қалыптасқан зейнетақы
жинақтарынан зейнетақы төлемдерін
жүзеге асыру қағидаларына
қосымша
Кімге: _____________________________
Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы
өтініш
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.10.27 № 1140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
(баспа әріптерімен түсінікті етіп толтырылады)
Мен,
тегі ______________________________________________________
аты ______________________________________________________
әкесінің аты (бар болса) ____________________________________
Туған күні (жылы, айы, күні) ________________________________
Құжат түрі: __________ Жеке куәлік _________ Паспорт ________
Сериясы ___________________ Нөмірі (жылы, айы, күні, кім берді)
_________________________________________________________
ЖСН _____________________________________________________
Жеке зейнетақы шоты ______________________________________
Мына (қажеттісінің асты сызылсын):
зейнеткерлік жасқа жетуіме;
төтенше немесе ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде тұруыма;
әйелдер 53 жасқа толғанда 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеуіме;
кеден органдарын қоспағанда, еңбек сіңірген жылдары үшін әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін;
2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы 64-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша зейнетақы төлеміне құқығы бар адамдарға кеден органдарын қоспағанда, әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған кезде толық көлемде Орталықтан төленетін тағайындалған зейнетақы төлемдеріне;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне;
егер мүгедектігі мерзімсіз уақытқа белгіленген болса, I және II топтағы мүгедектігі белгілене отырып;
алушының қайтыс болуына (мұрагерлеріне);
алушының қайтыс болуына (жерлеуге) байланысты 201__ жылғы «___» _______________ № ____________________ зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (қажеттісінің асты сызылсын) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін мынадай деректемелер бойынша банктік шотқа аудара отырып, біржолғы ай сайын тоқсан сайын жыл сайын жүргізуді сұраймын:
__________________________________________________________
(банктің атауы, банктік шоттың нөмірі, дербес шоттың нөмірі, БСК, БCH)
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Мына мекенжайда тұрамын: индексі__________________________________
__________________________________________________________ облысы,
________________________________________________ қ-сы (кенті, ауылы),
_________________________ к-ci, № ___ үй, № __________________ пәтер,
байланыс телефоны_______________________________________________
Алушы:________________________________________________________
(қолы)
Өтініш жазылған күн 201__ жылғы «___» _________
Өтінішті: ______ ж. «___» ___________ қабылдады
_______________________________________________________________
(Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жауапты қызметкерінің тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, лауазымы, қолы)
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында тіркелді:
201__ жылғы «___» __________________ № _______
Алушыға_______________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Өтініш бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында тіркелді:
201__ жылғы «___» ________ № _______________________
Өтінішті: ________ ж. «___» ________________ қабылдады
_______________________________________________________________
(Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жауапты қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
МО
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 қазандағы
№ 1042 қаулысымен
бекітілген
Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру
әдістемесі
1. Осы Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі (бұдан әрі – әдістеме) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдері сомасы мен кезеңділігі (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) әдістемені ескере отырып, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша айқындалатын төлемдер түрінде жүзеге асырылады.
3. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы мынадай шамалардан есептеледі және:
1) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен;
2) зейнетақы жинақтары сомаларының осы әдістемеге қосымшаға сәйкес алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептелген шаманың неғұрлым жоғары шамасынан аспайды.
4. Егер алушының зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен кем болған жағдайда, алушы зейнетақы жинақтарының барлық сомасын ала алады.
Егер төлемнен кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем соманы құрайтын жағдайда, аталған қалдық төлем сомасымен бірге төленеді.
Зейнетақы төлемдерінің
мөлшерін есептеуді жүзеге
асыру әдістемесіне
қосымша
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің
жылдық мөлшерін есептеуге арналған
кесте
Жасы |
Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттері |
18 |
0,07917 |
19 |
0,07922 |
20 |
0,07926 |
21 |
0,07931 |
22 |
0,07937 |
23 |
0,07942 |
24 |
0,07949 |
25 |
0,07956 |
26 |
0,07963 |
27 |
0,07972 |
28 |
0,07981 |
29 |
0,07990 |
30 |
0,08001 |
31 |
0,08013 |
32 |
0,08025 |
33 |
0,08039 |
34 |
0,08054 |
35 |
0,08070 |
36 |
0,08088 |
37 |
0,08107 |
38 |
0,08128 |
39 |
0,08151 |
40 |
0,08176 |
41 |
0,08204 |
42 |
0,08234 |
43 |
0,08267 |
44 |
0,08303 |
45 |
0,08342 |
46 |
0,08385 |
47 |
0,08432 |
48 |
0,08484 |
49 |
0,08541 |
50 |
0,08604 |
51 |
0,08674 |
52 |
0,08750 |
53 |
0,08835 |
54 |
0,08928 |
55 |
0,09032 |
56 |
0,09148 |
57 |
0,09277 |
58 |
0,09421 |
59 |
0,09582 |
60 |
0,09764 |
61 |
0,09969 |
62 |
0,10202 |
63 |
0,10467 |
64 |
0,10771 |
65 |
0,11121 |
66 |
0,11528 |
67 |
0,12005 |
68 |
0,12570 |
69 |
0,13246 |
70 |
0,14067 |
71 |
0,15081 |
72 |
0,16362 |
73 |
0,18024 |
74 |
0,20257 |
75 |
0,23404 |
76 |
0,28152 |
77 |
0,36099 |
78 |
0,52048 |
79 |
1,00000 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 қазандағы
№ 1042 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдердің тізбесі
1. «Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 272-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 маусымдағы № 580 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 23, 297-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қазандағы № 1059 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 539-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 тамыздағы № 736 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 29, 311-құжат).
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат).
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1397 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 645-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 72 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 29-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 648 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 534-құжат).
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1196 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1028-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 551 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.