Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысы.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары;

      2) зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы Қағидалардың 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағының екінші бөлігін, 3-тармағының екінші бөлігін, 9, 11-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 қазандағы
№ 1042 қаулысымен
бекітілген

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.09.2017 № 603 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);

      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – зейнетақы төлемдері) – зейнетақы төлемдерін алушыларға төленетін зейнетақы жинақтарының төлемдері;

      4) зейнетақы жинақтары – шарттарға, Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерiктi зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұлды және өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) жеке зейнетақы шотында есепке алынатын ақшасы;

      5) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – алушы) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке тұлға.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.09.2017 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Зейнетақы төлемдері:

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақша 01.01.2018 дейін қолданыста болады - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 қаулысымен.

      1) зейнетақы төлемдері белгіленген кесте бойынша ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын жүзеге асырылады.

      Бұл ретте белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы мынадай шамаларда есептеледі және:

      республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен;

      зейнетақы жинақтары сомаларының осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептелген неғұрлым жоғары шамасынан аспайды.

      Егер алушының зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен аз болса, алушы зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын ала алады.

      Жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы төлемнен кейін ең төмен зейнетақы мөлшерінен аз соманы құраған жағдайда, аталған қалдық төлем сомасымен бірге төленеді;

      2) 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 қаулысымен.

      3) Заңның 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 2-тармағында, 32-бабы 1-тармағы 4) тармақшасында, 2-тармағында көзделген жағдайларда бір рет;

      4) зейнетақы жинақтарын Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, зейнетақы аннуитеті шартының негізінде сақтандыру ұйымына аудару арқылы төленеді.

2. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
Зейнеткерлік жасқа толғанда, мерзімсіз бірінші және екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда

      4. Алушы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайлар басталған кезде:

      1) БЖЗҚ-ға өзі жүгінген кезде:

      БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

      алушының банк шоты туралы мәліметтерді;

      2) БЖЗҚ веб-порталы арқылы жүгінген кезде:

      алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтініш береді.

      Бұл ретте, БЖЗҚ веб-порталы арқылы өтініш беру тәртібі БЖЗҚ ішкі құжаттарымен бекітіледі.

      5. Егер алушылар Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар болып табылған жағдайда, БЖЗҚ алушыға мүгедектік белгілеу туралы мәліметтерді мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорынан сұратады.

      Алушыда мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы белгіленген мүгедектіктің болуы туралы мәліметтерге растау болмаған жағдайда БЖЗҚ алушы өтініш берген күні БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бере отырып, өтінішті қабылдаудан бас тартады, онда бас тарту себебі көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.09.2017 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары біткенше төленеді.

      БЖЗҚ осы Қағидаларда көзделген ережелерді ескере отырып, жыл сайын белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеуді дербес жүргізеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.

      7. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда

      8. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өздері өтініш жасаған кезде БЖЗҚ-ға:

      1) өтініш;

      2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

      3) алушының банк шоты туралы мәліметтерді ұсынады.

      Жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен өтініш жасаған шетелдікте немесе азаматтығы жоқ адамда Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар-жоғы және оның жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады.

      Өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатының күші жойылуына байланысты Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің не Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер алынған жағдайда БЖЗҚ осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген мерзімдерде зейнетақы төлемін жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар екендігі және оның жарамдылығы туралы мәліметтер алынған, сондай-ақ өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткені туралы мәліметтер болмаған жағдайда БЖЗҚ өтінішті осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген мерзімдерде оны қабылдаудан не орындаудан бас тартады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 862 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.09.2017 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Алушы не зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда

      10. Алушы, сондай-ақ БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Заңның 11-бабының 1, 2, 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлемді төлейді.

      Жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарымен айқындалған тәртіппен төленеді.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.09.2017 № 603 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      11. Жерлеуге арналған біржолғы төлем алу үшін зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесі немесе жерлеуді жүзеге асырған адам БЖЗҚ-ға мынадай құжаттарды:

      1) өтініш;

      2) зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің немесе жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

      3) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

      4) зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің не жерлеуді жүзеге асырған адамның банк шоты туралы мәліметтерді ұсынады.

      12. Жерлеуге арналған біржолғы төлем осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      13. Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын алу үшін алушылар (мұрагерлер) БЖЗҚ-ға мынадай құжаттарды:

      1) өтініш;

      2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

      3) нотариат куәландырған зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесін;

      4) мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімін;

      5) алушының банк шоты туралы мәліметтерін ұсынады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.

      14. Үшінші тұлға арқылы өтініш берілген жағдайда, үшінші тұлға осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында 8, 13-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қоса:

      1) нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын береді.

      Бұл ретте алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін нотариат куәландырады (нотариатта куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда).

      15. Пошта байланысының құралдары арқылы өтініш берілген кезде осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында 8, 13-тармақтарында көрсетілген алушының жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ өтініштегі алушының қолын нотариат куәландырады (нотариатта куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда).

      16. Қабылданған құжаттар негізінде БЖЗҚ істің электрондық макетін қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтайды.

      17. Құжаттар топтамасын пошта байланысының құралдары арқылы БЖЗҚ-ға берген адамды қоспағанда, алушыға, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесіне, не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат тапсырылады.

      18. Алушы не зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесі не жерлеуді жүзеге асырған адам осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасына, 8, 11 және 13-тармақтарына сәйкес белгіленген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, БЖЗҚ өтініш берген күні БЖЗҚ ішкі құжаттарында айқындалған нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бере отырып, өтінішті қабылдаудан не осы Қағидаларда көзделген құжаттарды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама жолдау арқылы бас тарту себебін көрсете отырып, өтінішті орындаудан бас тартады.

      19. Зейнетақы төлемдері алушыларға белгіленген кесте бойынша, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, мұрагерлерге осы Қағидаларда көзделген құжаттар БЖЗҚ-ға қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      20. БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алушының не зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің не жерлеуді жүзеге асырған адамның деректемелері өтініште көрсетілетін банк шотына аударады.

      21. Зейнетақы жинақтарын аударуға, есептеуге және төлеуге байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу, оларды айырбастау және алушылардың шетел банктерінде ашылған банк шоттарына аударуды қоспағанда, БЖЗҚ-ның өз меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      22. Құжаттың көшірмесін түпнұсқасымен дұрыстығын куәландыру, өтініште алушының қолтаңбасының түпнұсқалығын, сенiмхатты растау бөлігінде нотариаттық іс-әрекеттер шетел мемлекетінде жүргізілген жағдайда, онда Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, оларды заңдастыру қажет.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 қазандағы
№ 1042 қаулысымен
бекітілген

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомаларының келесі кестеге сәйкес алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептеледі:

Жасы

Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттері

1

2

18

0,07917

19

0,07922

20

0,07926

21

0,07931

22

0,07937

23

0,07942

24

0,07949

25

0,07956

26

0,07963

27

0,07972

28

0,07981

29

0,07990

30

0,08001

31

0,08013

32

0,08025

33

0,08039

34

0,08054

35

0,08070

36

0,08088

37

0,08107

38

0,08128

39

0,08151

40

0,08176

41

0,08204

42

0,08234

43

0,08267

44

0,08303

45

0,08342

46

0,08385

47

0,08432

48

0,08484

49

0,08541

50

0,08604

51

0,08674

52

0,08750

53

0,08835

54

0,08928

55

0,09032

56

0,09148

57

0,09277

58

0,09421

59

0,09582

60

0,09764

61

0,09969

62

0,10202

63

0,10467

64

0,10771

65

0,11121

66

0,11528

67

0,12005

68

0,12570

69

0,13246

70

0,14067

71

0,15081

72

0,16362

73

0,18024

74

0,20257

75

0,23404

76

0,28152

77

0,36099

78

0,52048

79

1,00000

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 қазандағы
№ 1042 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдердің тізбесі

      1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 272-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 маусымдағы № 580 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 23, 297-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қазандағы № 1059 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 539-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 тамыздағы № 736 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 29, 311-құжат).

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1397 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 645-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 72 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 29-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 648 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 534-құжат).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1196 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1028-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 551 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.