Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 72 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2009.07.29 № 182 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 6 бабы 1 тармағының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
       1. Мәслихаттың 2008 жылғы 28 ақпандағы № 46 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-70, "Айна" 2008 жылғы 10 сәуірде № 15, мынадай өзгеріс енгізілсін, бұрын мәслихаттың 2008 жылғы 9 қазандағы № 107 "Мәслихаттың 2008 жылғы 28 ақпандағы № 46 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-85, "Айна" 2008 жылғы 6 қараша № 45) өзгеріс енгізу туралы" шешіміне толықтыру енгізілді:
       тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері 4) бөлімінің 9) тармақшасында:
      "ұсынуы тиіс" сөздері "ұсынады" сөзімен ауыстырылсын.
       2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрағасы аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Төлебаев