Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 шiлдедегі N 661 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 маусымдағы N 580 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.12.12 № 890 (қол қойған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының "Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің және тұрғындарының жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 891  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 30 желтоқсанда N 3319 болып тіркелген, "Ресми газеттің" 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 5 (214) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің және тұрғындарының жекелеген санаттарының тізбесінде:
      2-бағандағы 26-жолдағы "60 аса" деген сөздер "кем дегенде 30" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Емдеу-алдын алу ісі департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр