Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 Қаулысы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының әуе-кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасы бекітілсін.

      2. 2011 жылғы 17 қарашаға дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасының 8-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұрған кезеңде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады:

      "8. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде тік эшелондау төмендегідей жартылай шеңбер жүйесі бойынша жүзеге асырылады:

      1) әуе трассаларын, жергілікті әуе желілерін және ұшу жолының нақты белгіленген бұрыштары 0-ден 179о-ға дейінгі (қоса алғанда) маршруттарды бағыттау кезінде мынадай ұшу эшелондары белгіленеді: 900, 1500, 2100, 2700, 3300, 3900, 4500, 5100, 5700, 6300, 6900, 7500, 8100, 9100, 10100, 11100, 12100, 14100 (метр);

      2) әуе трассаларын, жергілікті әуе желілерін және ұшу жолының нақты белгіленген бұрыштары 180-нен 359о-ға дейінгі (қоса алғанда) маршруттарды бағыттау кезінде мынадай ұшу эшелондары белгіленеді: 1200, 1800, 2400, 3000, 3600, 4200, 4800, 5400, 6000, 6600, 7200, 7800, 8600, 9600, 10600, 11600, 13100, 15100 (метр).

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.09.2015 № 774 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 ақпандағы № 285 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 9, 67-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 ақпандағы № 285 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 61 қаулысы;

      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 61 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПАЖ-ы, 2010 ж., № 9, 109-құжат).

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 12 мамырдағы
№ 506 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану
қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) және 1944 жылы 7 желтоқсанда Чикаго қаласында қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес әзірленген осы Қағида әуе кеңістігін пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, әуе кеңістігін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ел экономикасы мен қорғанысы мүддесінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидада мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) авиациялық жұмыстар ауданы - әуе кемелерінің авиациялық жұмыстарды орындау шегінде географиялық координаттармен белгіленген аудан;

      1-1) ағымдағы ұшу жоспары – кейінгі диспетчерлік рұқсаттарға негізделген ықтимал өзгерістерді қоса алғандағы ұшу жоспары;

      1-2) әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ) маршруты – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс ағынын бағыттауға арналған белгіленген маршрут. "ӘҚҚ маршруты" термині тиісті жағдайларда әуе трассасын, бақыланатын немесе бақыланбайтын маршрутты, ұшып келу немесе ұшып шығу маршрутын және басқа да маршруттарды айқындау үшін пайдаланылады;

      2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      4) әуе кеңістігін пайдалану қауіпсіздігі - әуе кеңістігін пайдаланудың белгіленген тәртібінің кешенді сипаттамасы, ол әуе

      кеңестігін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмей, мемлекетке, азаматтарға және заңды тұлғаларға материалдық залал келтірмей пайдалану жөніндегі қызметтің барлық түрлерінің орындалуын қамтамасыз ету қабілетін анықтайды;

      5) әуе кеңістігін пайдалану — жүру барысында түрлі материалдық объектілердің (әуе кемелерінің, зымырандар мен басқа да объектілердің әуе кеңістігінде қозғалуы жүзеге асырылатын қызмет, сондай-ақ әуе

      қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін басқа да қызмет (биік құрылыстар салу, жүру барысында электр магниттік және басқа да сәулелер бөлінетін қызмет, көру мүмкіндігін нашарлататын заттардың атмосфераға таралуы, жарылыс жұмыстарын жүргізу және т.с.с);

      6) әуе кеңістігін пайдалануды үйлестіру - әуедегі жағдайларға, метеорологиялық, аэронавигациялық жағдайларға байланысты және әуе кеңістігін пайдаланудағы мемлекеттік басымдықтарға сәйкес әуе кеңістігін пайдалануды оңтайландыруға бағытталған, әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау және әуе қозғалысына қызмет көрсету (басқару) барысында жүзеге асырылатын қызмет;

      7) әуе шабуылына қарсы қорғаныс органдары (бұдан әрі - ӘШҚҚ органдары) - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша жауынгерлік кезекшілік жүргізу міндетті жүктелген жедел органдары;

      8) әуе кеңістігін пайдалану жоспары - әуе қозғалысын жоспарлау органдарына ұсынылатын жоспарланған қызмет туралы белгілі бір мәліметтер;

      9) әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруты — әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс ағынын бағыттауға арналған белгіленген маршрут;

      10) әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау - әуе кеңістігін пайдалануды, әуе қозғалысын ұйымдастыруды, әуе кеңістігін, мемлекеттік басымдықтарға сәйкес, оның пайдаланушылары арасында орны, уақыты және биіктігі бойынша бөлу жолымен әуе қозғалысы ағынын ұйымдастыруды рұқсат ету және барлау тәртібінде қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын қызмет;

      11) әуеайлақ ауданы (тораптық диспетчерлік аудан (Terminal control area (ТMA) – бір немесе бірнеше ірі әуеайлақ маңында ӘҚҚ маршруттарының түйісу орнында құрылатын диспетчерлік аудан;

      11-1) әуеайлақтағы қозғалыс аймағы (Aerodrome Traffic Zone) –әуеайлақтағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгіленген, әуеайлақ маңындағы белгілі бір өлшемдегі әуе кеңістігі;

      12) әуе қозғалысына қызмет көрсету аумағы — белгіленген

      мөлшердегі әуе кеңістігі, олардың шекарасында әуе трассалары бойынша әуе қозғалысына және олардан тыс маршруттарға қызмет көрсету диспетчерлік орталықтың диспетчері арқылы жүзеге асырылады;

      13) әуе кеңістігінің құрылымы - әуе кеңістігін пайдалану

      қызметін жүзеге асыруға арналған әуе кеңістігі элементтерінің тік және көлденең жазықтықта шектелген жиынтығы;

      14) бүйірден эшелондау - әуе кемелерін бір биіктікте ұшу сызық ары арасындағы арақашықтық немесе бұрыштық жылжу бойынша белгіленген аралықтарға шоғырландыру;

      15) бойлық эшелондау - әуе кемелерін бір биіктікте уақыт немесе жол сызығы бойындағы ара қашықтық бойынша белгіленген аралықтарға

      шоғырландыру;

      16) "Брифинг" тобы — әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және қозғалысын жоспарлау және ұшу алдында ақпараттық қызмет көрсету функциясын қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;

      16-1) диспетчерлік аудан (CTА) – жер бетінде белгіленген шекарадан жоғары жайылған бақыланатын әуе кеңістігі;

      16-2) диспетчерлік аймақ (CTR) – жер бетінен белгіленген жоғарғы шекараға дейін жоғары жайылған бақыланатын әуе кеңістігі;

      17) диспетчерлік рұқсат — ұшуды орындаумен және тиісті жағдайлармен және белгіленген ұшу қағидаларымен байланысты әуе кемесінің экипажына әуе қозғалысына қызмет көрсету органы беретін рұқсат;

      18) диспетчерлік нұсқау - пилотқа нақты жағдайда нақты іс-қимылды ұйғаратын әуе қозғалысын пайдалану органының директивті нұсқаулары;

      19) жауапкершілік аймағы (ауданы) - әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдары өз функцияларын жүзеге асыратын белгіленген өлшемдегі әуе кеңістігі;

      19-1) жауап бергіштің (транспондердің) міндетті түрде болуы талап етілетін әуе кеңістігінің аймағы (TMZ) – белгіленген рәсімдерге сәйкес пайдаланылатын бақылау жүйесіне арналған жауапкердің әуе кемесін міндетті жабдықтау талап етілетін ұшу кезіндегі белгілі бір өлшемдегі әуе кеңістігінің аймағы;

      20) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      21) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан ұшып өтудің әуе дәлізі - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының үстіндегі әуе кеңістігінің халықаралық ұшуды орындайтын әуе кемелерінің қиып өтуі үшін белгіленген бөлігі;

      21-1) қайталанатын ұшу жоспары (RPL) – ӘҚҚ органдары сақтау және қайта пайдалану үшін пайдаланушы ұсынатын, негізгі ерекшеліктері бірдей, жиі қайталанатын, тұрақты түрде орындалатын бірқатар жеке ұшумен байланысты ұшу жоспары;

      22) қысқа мерзімді шектеу - әуе кемелерінің ұшуды қауіпсіз орындауын қамтамасыз ету үшін әуе кеңістігінің белгілі бір бөлігін пайдалануға тыйым салу немесе шектеу;

      23) қосарлы мақсаттағы өнім - өзінің қасиеттері мен техникалық ерекшеліктеріне қарай жаппай жою қару-жарақтарын және оларды жеткізу құралдарын жасау мақсаттарына арналған өнім;

      24) қосымша тұрақты рейс - авиакомпанияның өзінің тұрақты рейсіне қосымша сол авиабамаршрутта бір күнде орындайтын рейсі;

      24-1) радиобайланыс міндетті түрде жүргізілетін әуе кеңістігінің аймағы (RMZ) – ұшу кезінде бортта белгіленген рәсімдерге сәйкес пайдаланылатын екіжақты радиобайланыс жүргізуге арналған жабдықтың міндетті түрде болуы тиіс белгілі бір өлшемдегі әуе кеңістігінің аймағы;

      25) тігінен эшелондау - әуе кемелерін биіктігі жағынан белгіленген аралықтарға келтіру;

      25-1) қалыптарды жинаудың есептік уақыты – әуе кемесі ұшумен байланысты қозғалысты бастаған кездегі есептеу уақыты;

      26) уақытша режимдер белгілеуге ұсыным - әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кеңістігін пайдаланушылардың әуе кеңістігінің басқа пайдаланушыларының қызметіне тыйым салу немесе әуе кеңістігін пайдаланушыларға берілетін уақытша режимдерді белгілеуге берілетін өтінім;

      26-1) ұсынылған ұшу жоспары – пилот немесе оның уәкілетті өкілі ӘҚҚ органына берген күйдегі, кейіннен ешқандай өзгеріс енгізілмеген ұшу жоспары;

      26-2) ұшу ақпаратының аймағы (FIZ) – шекарасында ұшу ақпаратының әуеайлақтық қызметі (AFIS) немесе басқа орган берген өкілеттікке сәйкес ұшу-ақпараттық қызмет көрсету мен авариялық хабар таратуды қамтамасыз ететін ұшу ақпараты аймағының бөлігі;

      26-3) ұшып келудің есептік уақыты:

      аспаптар бойынша ұшу кезінде – аспаптар бойынша қонуға беттеу маневрін орындау болжанатын навигациялық құралдармен белгіленетін межелі нүктеге әуе кемесі ұшып келуінің есептік уақыты немесе осы әуеайлақпен байланысты навигациялық құралдардың болмауы кезінде – әуе кемесінің әуеайлақ үстіндегі нүктеге келу уақыты.

      визуалды ұшу қағидалары (бұдан әрі – ВҰҚ) бойынша ұшуды орындау кезінде – әуе кемесінің әуеайлақ үстіндегі нүктеге келуінің есептік уақыты;

      27) ұшу биіктігі - белгіленген деңгейден әуе кемесіне дейінгі тігінен алғандағы қашықтық;

      28) пилотсыз ұшу аппараты – бортында пилоты (экипажы) жоқ, ұшу кезінде оператор басқару пунктінен автоматты түрде немесе көрсетілген тәсілдерді үйлестіріп басқаратын ұшуды орындайтын әуе кемесі;

      29) ұшу маршруты — негізгі пунктімен анықталған жер (су) бетінде әуе кемесі ұшуының берілген (белгіленген) траекториясының проекциясы;

      30) ұшу ақпаратының ауданы (FIR) – шегінде ұшу-ақпараттық қызмет көрсету және авариялық хабардар ету қамтамасыз етілетін белгілі бір өлшемдегі әуе кеңістігі;

      31) халықаралық әуе трассасы - халықаралық ұшулар үшін ашық әуе трассасы;

      32) эшелондау - әуе кемелерін әуе кеңістігінде белгіленген аралықтарға тік, бойлай немесе бүйірлей шоғырландыру;

      33) NOTAM-офис – NОТАМ хабарламасын шығаратын аэронавигациялық қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшесі;

      34) NОТАМ хабарламасы - кез келген аэронавигациялық жабдықты, қызмет көрсетуді және қағиданы қолданысқа енгізу, жай-күйі немесе өзгерту туралы ақпаратты, сондай-ақ ұшуды орындаумен байланысты қауіп туралы алдын ала ескертудің персонал үшін маңызды мәні бар қауіп туралы ақпаратты, сондай-ақ өзге де аэронавигациялық ақпаратты қамтитын хабарлама;

      35) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      36) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.10.2017 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік радиолокациялық тану жүйесімен жабдықталған мемлекеттік авиациядағы әуе кемелері, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшуды мемлекеттік радиолокациялық тану жүйесі аппаратурасы арқылы орындайды.

      4. Осы Қағиданы Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары, республикалық маңызы бар облыстардың, қалалардың және астананың, облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары, әуе кеңістігін пайдаланушылар, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі - ӘҚК) немесе әуе қозғалысын басқару (бұдан әрі - ӘҚБ) органдары қолданады.

2. Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымы мен сыныптамасы
§ 1. Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымы

      5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Әуе кеңістігінің құрылымы мынадай элементтерді қамтиды:

      1) ұшу ақпаратының аудандары (аймақтар) және диспетчерлік аудандар;

      2) әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттары;

      3) тораптық диспетчерлік аудандар, диспетчерлік аймақтар мен әуеайлақтағы қозғалыс аймақтары;

      4) бақыланбайтын әуе кеңістігінің аудандары;

      5) мемлекеттік авиацияның арнайы ұшу аймақтары;

      6) тыйым салынған аймақтар;

      7) қауіпті аймақтар;

      8) ұшуды шектеу аймақтары;

      9) әуе трассалары;

      10) жауапкердің (транспондердің) міндетті түрде болуы талап етілетін әуе кеңістігінің аймағы (TMZ);

      11) радиобайланыс міндетті түрде жүргізілетін әуе кеңістігінің аймағы (RMZ).

      Әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету туралы шешім қабылданған әуе кеңістігінің белгілі бір бөліктері мен белгілі бір әуеайлақтар әуе қозғалысына қызмет көрсету түріне сәйкес белгіленуге тиіс.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-1. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қамтамасыз етілуге тиіс әуе кеңістігін бөлу ӘҚҚ маршруттарының құрылымына және тиімді қызмет көрсетуге негізделеді.

      Ұлттық шекарадан тыс жатқан әуе кеңістігін бөлу жөніндегі келісім әуе қозғалысына қызмет көрсетуге мүмкіндік берген жағдайда орынды болады.

      Әуе кеңістігін бөлу мемлекеттік шекараны ескере отырып жүзеге асырылған жағдайда, іргелес мемлекетпен уағдаластық негізінде басқаруды тапсырудың ыңғайлы орналасқан нүктесін белгілеу қажет.

      Ескерту. Қағидалар 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі тігінен ұшу ақпаратының екі ауданына бөлінеді: жоғарғы және төменгі аудан. Жоғарғы және төменгі аудан арасындағы шекара сынап бағанасынан (1013,25 гектопаскаль/милибарр) 760 мм атмосфералық қысымға сәйкес келетін деңгейден FL 245 (7450м) биіктікте белгіленеді.

      Ескерту. Қағидалар 7-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-3. Аспаптар бойынша ұшу қағидалары (бұдан әрі – АҰҚ) бойынша ұшуларға диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге шешім қабылданған әуе кеңістігінің бөліктері диспетчерлік аудандар, әуеайлақ аудандары (тораптық диспетчерлік аудандар) немесе диспетчерлік аймақтар ретінде белгіленеді.

      ВҰҚ бойынша ұшуды орындауды да қамтамасыз ететін диспетчерлік қызмет көрсетілетін әуе кеңістігінің бақыланатын бөліктері В, C немесе D сыныбындағы әуе кеңістігі ретінде белгіленеді.

      Ескерту. Қағидалар 7-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-4. Диспетчерлік аудандар мен диспетчерлік аймақтар ұшу ақпаратының ауданы шегінде белгіленген жағдайда, олар осы ұшу ақпараты ауданының құрамдас бөлігі болып табылады.

      Ескерту. Қағидалар 7-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-5. Қозғалысқа диспетчерлік қызмет көрсетуге шешім қабылданған әуеайлақтар бақыланатын әуеайлақтар болып белгіленеді. Әуеайлақтағы қозғалысқа диспетчерлік қызмет көрсету қамтамасыз етілмейтін әуеайлақтар бақыланбайтын әуеайлақтар болып белгіленеді.

      Ескерту. Қағидалар 7-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-6. Әуе трассалары мен тораптық диспетчерлік аудандарды қамтитын диспетчерлік аудандардың шекаралары АҰҚ немесе олардың бөліктері бойынша әдетте, осы ауданда пайдаланылатын навигациялық құралдардың мүмкіндіктері ескерілген әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетудің тиісті түрлерін қамтамасыз ету орынды болатын ұшулардың траекториясын қосу үшін қажетті әуе кеңістігін қамтуы үшін белгіленеді.

      Диспетчерлік ауданның төменгі шекарасы жер немесе су бетінен 200 биіктікте белгіленеді.

      Осы Қағидалардың 37-тармағының ережелерін ескере отырып диспетчерлік ауданның жоғарғы шекарасы мынадай:

      1) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету осы шекарадан жоғары қамтамасыз етілмеген;

      2) осы диспетчерлік аудан жоғарғы диспетчерлік ауданнан төмен орналасқан және оның жоғарғы шекарасы жоғарғы диспетчерлік ауданның төменгі шекарасына сәйкес келген жағдайда белгіленеді.

      Ескерту. Қағидалар 7-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-7. Диспетчерлік аймақтардың бүйірлік шекаралары әуеайлақтарға келген және әуеайлақтардан ұшып шығатын әуе кемелерінің АҰҚ бойынша ұшу траекториясын өтетін, диспетчерлік ауданға кірмейтін әуе кеңістігінің бөлігін қамтиды.

      Диспетчерлік аймақтардың шеткі шекаралары тиісті әуеайлақ немесе әуеайлақтар орталығынан қонуға бет алу жүргізілетін бағытта кемінде 9,3 км қашықтықта болады. Диспетчерлік аймақ екі немесе бір-біріне жақын орналасқан бірнеше әуеайлақты қамтуы мүмкін.

      Егер диспетчерлік аймақ диспетчерлік ауданның бүйірлік шекаралары шегінде орналасқан болса, ол жер бетінен кем дегенде диспетчерлік ауданның төменгі шекарасына дейін жайылады. Қажет болған жағдайда, жоғарғы шекараны диспетчерлік ауданның төменгі шекарасынан жоғары етіп белгілеуге болады.

      Ескерту. Қағидалар 7-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-8. E немесе G сыныптарының кеңістігі бөлігінде ВҰҚ бойынша ұшу, сондай-ақ радиобайланыс міндетті жүргізілетін әуе кеңістігі аймағы ретінде белгіленген G сыныбының әуе кеңістігі бөлігінде АҰҚ бойынша ұшу, егер аталған аудан үшін жауапты әуе қозғалысына қызмет көрсету органымен алдын ала өзгеше келісілмеген болса, белгіленген жұмыс регламентінде "әуе-жер" екіжақты радиобайланысын жүргізу кезінде орындалады.

      Жауап бергіш (транспондер) міндетті түрде болатын әуе кеңістігі аймағындағы (TMZ) әуе кемелерінің барлық ұшулары, егер аталған аудан үшін жауапты әуе қозғалысына қызмет көрсету органымен алдын ала өзгеше келісілмеген болса, қосылған жауап бергіш (транспондер) арқылы жүргізілуге тиіс.

      Ескерту. Қағидалар 7-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Әуе кеңістігі құрылымы элементтерінің шекаралары географиялық координаттар мен биіктіктер бойынша белгіленеді. Әуе кеңістігі құрылымының элементтерін пайдалану шекаралары мен талаптары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Ұшу ақпараты аудандары (аймақтары) мен диспетчерлік аудандардың тізбесін және олардың шекараларын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағыныстағы аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші айқындайды және олар аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.

      Тораптық диспетчерлік аудандардың және диспетчерлік аймақтардың шекараларын, TMZ және RMZ аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші әзірлейді және олар аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.

      Бақыланбайтын әуеайлақтың әуеайлақтық қозғалыс аймағының шекараларын әуеайлақ пайдаланушысы әзірлейді, жауапкершілік ауданында әуеайлақ орналасқан әуе қозғалысына қызмет көрсету және/немесе әуе қозғалысын басқару органымен келіседі және олар аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.

      Әуе қозғалысын басқару аудандарының (аймақтарының) шекаралары ұшу ақпараты аудандарының (аймақтарының) және диспетчерлік аудандардың шекараларына сәйкес келеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.08.2019 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Әуе трассалары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Әуе трассаларын пайдалануға беру қағидаларына сәйкес пайдалануға беріледі. Әуе трассалары бойынша сипаттамаларға (PBN) негізделген навигацияны қолдану үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісу бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес навигациялық ерекшеліктерді белгілейді.

      Халықаралық әуе трассаларын ашу шекаралас мемлекеттердің құзыретті органдарымен және Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен (бұдан әрі – ИКАО) келісу бойынша жүзеге асырылады.

      Әуе трассаларының жабдықтарын ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарымен қамтамасыз етуді аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асырады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.08.2019 № 569 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      15. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Әуеайлақ аудандарының (тораптық диспетчерлік аудандардың) шекараларын анықтаған кезде ұшып шығу және қонуға бет алу, екінші айналымға кету, күту аймағында ұшу схемалары, сондай-ақ аспаптар (SID) бойынша ұшып шығу, аспаптар (SТАR) бойынша ұшып келудің стандартты маршруттары, әуе трассаларына кіру (олардан шығу) маршруттары ескеріледі.

      Көрсетілген схемаларды әзірлеу авиация саласындағы уәкілетті органдар бекітетін Қазақстан Республикасының азаматтық және (немесе) мемлекеттік авиациясы салаларында ұшуды жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17-1. Атыс, ракета ұшыру, жарылыс жұмыстарын, пилотсыз ұшатын аппараттардың, басқарылмайтын аэростаттардың ұшуын жүргізумен және меншік иесінің немесе объектіні пайдалануға жауапты органның ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін өзге де қызметімен байланысты жұмыстар жүзеге асырылатын әрбір объект (полигон, атыс орны, оқу-жаттығу орталығы, пилот қашықтан басқаратын пункт, карьер, кен орны, кеніш, қима, аэрологиялық станция) үшін ӘҚБ орталықтарымен өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық әзірленеді, ол жауапкершілік ауданында объект орналасқан ӘҚБ орталығымен келісіледі және оны объектінің жауапты адамы (басшысы) бекітеді.

      Ескерту. Қағидалар 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Мемлекеттік авиацияның арнайы ұшу аймақтары деп сынақ ұшуларын, әуеде отын құю, аз және өте аз биіктікте ұшуды, зымыранды ұшыру, әуедегі атыстарды және басқа да арнайы ұшуды орындау үшін арнайы белгіленген белгіленген өлшемдегі әуе кеңістігі.

      19. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      20. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде тыйым салынған аймақтар маңызды мемлекеттік нысандарды, негізгі өнеркәсіптік кешендерді (атом электр станциялары, ядролық-радиациялық нысандар, химиялық қауіпті нысандар, сондай-ақ елдің ұлттық қауіпсіздігі тұрғысынан басқа да аса маңызды нысандар), күзетілетін нысандарды әуе кеңістігінде болуы мүмкін оқиғалардың нәтижесінде туындайтын зиянды әсерден және бүлінулерден қорғау үшін белгіленеді. Тыйым салынған аймақтар аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      21. Қауіпті аймақтарды, ұшуды шектеу аймақтарын Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы (бұдан әрі - ӘҚБ БО) белгілейді және NОТАМ арқылы пайдаланушыларға хабарланады немесе аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады. Қауіпті аймақ, ұшуларды шектеу аймағы белгіленген әуе кеңістігін пайдаланушылар, қауіпті аймақты, ұшуларды шектеу аймағын белгілеу үшін қауіпті аймақ, ұшуларды шектеу аймағы іске қосылғанға дейін 7 тәулік бұрын мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның ӘҚБ БО қауіпті аймақты, ұшуды шектеу аймағын олардың шекараларын және жүзеге асырылатын қызмет сипатын көрсетіп белгілеуге сұраным жібереді.

      22. Қауіпті аймақтар мыналармен байланысты қызметтің мынадай түрлері бойынша белгіленеді:

      1) оқ-дәрілер сақталатын объектілерде олармен жұмыстар жүргізу;

      2) атмосферада ғылыми зерттеуді жүзеге асыру;

      3) электрмагниттік сәулелену;

      4) жарықтық сәулелену;

      5) басқарылмайтын зондтарды жіберу аудандары;

      6) тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау аймақтары.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      23. Ұшуды шектеу аймақтары барлық атыс түрлері, зымырандарды ұшыру, жарылыс жұмыстары жүргізілетін аудандар, мемлекеттік табиғи қорықтар, ұлттық саябақтар, тарих және мәдениет ескерткіштері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша қорғалатын объектілер үстінде белгіленеді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      24. Қауіпті аймақ, ұшуды шектеу аймағы мүддесінде белгіленген қызмет тұрақты болмаса, қауіпті аймақтың, ұшуды шектеу аймағының қолданысы уақыттық кезеңмен шектеледі.

      Қауіпті аймақ, ұшуды шектеу аймағы мүддесінде белгіленген қызмет жүріп жатқан кезде, әуе кемелері аталған аймақ әуе кеңістігінде ұшпайды.

      Уақыттық кезеңдермен шектелген, тыйым салынған аймақтардағы, үшуды шектеу аймақтарындағы қызмет туралы мәліметтер әуе кеңістігін пайдалану жоспары негізінде NОТАМ хабары арқылы жеткізіледі.

      25. Әуе кемелері ойламаған жерден қауіпті аймаққа, ұшуларды шектеу аймағына ұшып кірген жағдайда, сондай-ақ осы Қағиданың 27-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда әуе кеңістігін пайдалану қызметі аталған аймақтарда шектетіледі немесе тоқтатылады.

      26. Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган тыйым салынған аймақтарды осындай аймақтарды белгілеуге мүдделі адамдардың ұсынысы бойынша белгілейді.

      Тыйым салынған аймақтар мен ұшуларды шектеу аймақтарының тізбесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісіледі.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.10.2014 N 1098 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      26-1. Тыйым салынған аймақтарды, қауіпті аймақтарды және ұшу шектелген аймақтарды бастапқы белгілеген кезде әр аймаққа белгі тағайындалады.

      Ескерту. Қағидалар 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      26-2. Берілген белгі осы аймаққа қатысты барлық кейінгі өзгерістерде аймақты белгілеу үшін пайдаланылады.

      Ескерту. Қағидалар 26-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      26-3. Белгілеу әріптер мен цифрлардың мынадай тобынан құралады:

      1) әріптік белгілеу UA;

      2) тиісінше Р әрпі – тыйым салынған аймақ үшін, R әрпі – ұшуды шектеу аймағы үшін және D әрпі – қауіпті аймақ үшін;

      3) Қазақстан Республикасының аумағы шегінде қайталанбайтын нөмір.

      Ескерту. Қағидалар 26-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      27. Қызмет тұрақты негізде жүзеге асырылатын тыйым салынған аймақтардағы, сондай-ақ ұшуды шектеу аймақтарындағы, қауіпті аймақтардағы әуе кеңістігін пайдалануға төмендегі жағдайлардан басқа жағдайларда тыйым салынады:

      1) мүддесі үшін осындай аймақтар белгіленген адамдардың әуе кеңістігін пайдалануы;

      2) тәртіп бұзушы әуе кемелерін ұстау үшін ұшуды орындау, сондай-ақ мемлекет мүддесінде басқа да шұғыл тапсырмаларды орындау;

      3) төтенше жағдайларда іздестіру-құтқару жұмыстарын және көмек көрсету жұмыстарын жүргізу мақсатында ұшуларды орындау;

      4) әуе кемелерінің Қазақстан Республикасымен жасалған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын ұшуларды орындауы.

      28. Осы Қағиданың 27-тармағында көзделмеген жағдайларда әуе кеңістігін тыйым салынған аймақтарда, ұшуды шектеу аймақтарында, қауіпті аймақтарда пайдалану қажеттігі туындаған жағдайда әуе кеңістігін пайдаланушылар мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органнан рұқсат алады.

      29. Қазақстан Республикасының аумағы үстімен, оның Мемлекеттік шекарасы бойымен шекаралық белдеу - Қазақстан Республикасының құрлықтағы Мемлекеттік шекарасымен шектесетін, ені 25 километр болатын, сондай-ақ аумақтық су үстіндегі ені 12 теңіздік миля болатын (22.2 километр) әуе кеңістігі белгіленеді.

      30. Шекаралық белдеу үстіндегі әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызмет жүргізу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі органдарымен, ӘШҚҚ әскерлерінің органдарымен, әуе қозғалысын басқару органдарымен қызмет басталғанға дейін 5 тәулік бұрын келісіледі.

      Әуе кемесінің экипажы әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органымен радиобайланысқа шықпай, шекаралық белдеуде ұшпайды.

      31. Шекаралық белдеудегі әуе кеңістігін пайдалану кезінде әуе қозғалысына қызмет көрсету маршрутынан және ұшу маршрутынан мәжбүрлі ауытқу Қазақстан Республикасының аумағына қарай жасалады.

      31-1. Ұшып шығу, ұшып келу, әуеайлақтарға қонуға кіру және екінші айналымға кету схемалары әуе кемелерінің елді мекендер үстінен ұшып өтуін болдырмауға, ал болдырмау мүмкін болмаса, барынша шектеуге тиіс. Мұндай схемаларды (маршруттарды) белгілеу тәртібі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларында және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларында айқындалады.

      Ескерту. Қағида 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.08.2019 № 569 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Әуе кемелерінің адамдардың өмірін сақтап қалу және денсаулығын сақтау, қылмыстың жолын кесу және ашу іс-шараларын жүзеге асыру, сондай-ақ авиациялық жұмыстарды, парашюттен секіруді орындау мақсатында белгіленген схемалардан (маршруттардан) тыс елді мекен үстімен ұшуы, пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуы, байлаулы аэростаттарды көтеру көрсетілген іс-шараларды іске асыру қамтамасыз етілетін биіктікте осындай ұшуларды ұйымдастырушының ұшуды орындау қауіпсіздігін қамтамасыз етуі арқылы орындалады.

      Адамдардың өмірін сақтап қалу және денсаулығын сақтау, қылмыстардың жолын кесу және ашу жөніндегі іс-шараларға байланысты ұшуларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің күзет іс-шараларын өткізу шеңберінде орындалатын ұшуларды қоспағанда, азаматтық әуе кемелерінің белгіленген схемалардан (маршруттардан) тыс елді мекендер үстімен ұшуды орындауын келісуді және мемлекеттік әуе кемелері мен пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуына рұқсат беруді ӘҚБ орталықтары осы Қағидалардың 4-бөлімінде көзделген тәртіппен ұшу жоспары немесе әуе кеңістігін пайдалануға өтінімдер ұсынылған кезде, сондай-ақ осы Қағидалардың 17-1-тармағына сәйкес ӘҚБ орталықтары мен өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықты келісу арқылы жүзеге асырады.

      ӘҚБ орталықтары осындай ұшуларды келісу кезінде:

      1) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның арнайы рұқсаты берілген ұшуларды қоспағанда, тыйым салынған аймақтар мен ұшу шектелген аймақтарға кіруді болдырмайды;

      2) осы Қағиданың 5-бөлімінде көзделген қажетті келісімдердің болуын тексереді.

      Күзет іс-шараларын жүргізу кезеңінде әуе кемелерінің елді мекендер үстінен ұшуы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.08.2019 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      33. алып тасталды - ҚР Үкіметінің 01.08.2019 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34. Әуе кемелерінің дыбыстан жоғары жылдамдықта ұшуына мемлекеттік авиацияның арнайы ұшу аймақтарында ғана немесе 11000 метрден астам биіктікте ғана рұқсат етіледі.

      35. Әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттарын көрсетуге арналған ұшуды орындау үшін арнайы аймақтар (ұшу аймақтары) белгіленеді, бұлар белгілі бір аудандардан тысқары немесе елді мекендердің үстінде әуе кемесінің немесе ұшу аппаратының тұрғын үйлер алабы мен шоғырланған адамдар үстіне құлауын болғызбайтын қажетті қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, бөлінген әуе кеңістігіне орналасады.

      Әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттарын көрсетуге және таныстыруға арналған ұшуды ұйымдастырушы олардың орындалуы жөнінде арнайы нұсқаулық әзірлейді.

§ 2. Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің сыныптамасы

      36. ӘҚҚ әуе кеңістігі мынадай сыныптарға жіктеледі және былайша белгіленеді:

      А сыныбы. АҰҚ бойынша ұшуларға ғана рұқсат беріледі; барлық әуе кемелері диспетчерлік қызмет көрсетумен және эшелондаумен қамтамасыз етіледі.

      В сыныбы. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға рұқсат беріледі; барлық әуе кемелері диспетчерлік қызмет көрсетумен және эшелондаумен қамтамасыз етіледі.

      С сыныбы. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға рұқсат беріледі; барлық әуе кемелері диспетчерлік қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі және АҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелері АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуды орындайтын өзге әуе кемелеріне қатысты эшелонданады. ВҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелері АҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелеріне қатысты эшелонданады және ВҰҚ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелерінің қозғалысына қатысты ақпарат алады.

      D сыныбы. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға рұқсат беріледі; барлық әуе кемелері диспетчерлік қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі; АҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелері АҰҚ бойынша ұшуды орындайтын өзге әуе кемелеріне қатысты эшелонданады және ВҰҚ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелерінің қозғалысына қатысты ақпарат алады; ВҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелері барлық басқа әуе кемелерінің қозғалысына қатысты ақпарат алады.

      Е сыныбы. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға рұқсат беріледі; АҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелері диспетчерлік қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі және АҰҚ бойынша ұшуды орындайтын басқа әуе кемелеріне қатысты эшелонданады. Барлық әуе кемелері мүмкіндігінше қозғалыс туралы ақпарат алады. Бақыланатын аймақтарда Е сыныбы пайдаланылмайды.

      G сыныбы. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға рұқсат беріледі және сұрау салуы бойынша ұшу-ақпараттық қызмет көрсетіледі.

      G сыныбындағы әуе кеңістігі бақыланбайтын әуе кеңістігі болып табылады. Құтқару және іздестіру үшін хабарландыруды ұйымдастыру пайдаланушыларға және (немесе) әуе кемесінің (ұшу аппараттары) иелеріне жүктеледі.

      Ұшу түрін анықтайтын ерекшеліктер, әуе кемелерін өзара эшелондау, әуе қозғалысына қызмет көрсету түрі, әрбір сыныптағы радиобайланысқа қойылатын талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшада айқындалады.

      Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде белгіленген сыныптардың шекаралары аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.08.2019 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      37. Бір сыныпты ӘҚҚ әуе кеңістігі тік жазықтықта басқа сыныпты ӘҚҚ әуе кеңістігіне түйіскен жерінде, яғни олардың біреуі екіншісінің үстінде тұрса, жалпы эшелонда ұшулар талаптары аса қатаң емес әуе кеңістігінің сыныбы үшін белгіленген талаптарды сақтаумен орындалады және оған тиесілі қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

§ 3. Әуе кеңістігінің құрылымын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар

      Ескерту. 3-параграф алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау және үйлестіру

      44. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау мақсаты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызмет қауіпсіздігін және үнемділігін қамтамасыз ету болып табылады.

      45. Әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты аэронавигациялық қызметті көрсетуді берушінің Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы (бұдан әрі – ӘҚЖ БО) және ӘҚБ БО жүзеге асырады.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.08.2019 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      46. ӘҚЖ БО әуе кеңістігін пайдалануды жалпы әуе қозғалысы үшін барлық ұсынылған ұшу жоспарлары негізінде жоспарлауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      47. ӘҚБ БО әуе кеңістігін пайдалануды операциялық әуе қозғалысы үшін барлық ұсынылған ұшу жоспарлары, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалануға берілген өтінім негізінде жоспарлауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      48. ӘҚЖ БО мен ӘҚБ БО әуе кеңістігін пайдалануды алдын ала, тәуліктік, ағымдағы жоспарлауды және өзара ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.

      49. Әуе кеңістігін пайдалануды алдын ала жоспарлау, әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлауға және оны қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді келісу мақсатында әуе кеңістігін пайдалану жоспарланған күннен екі және одан көп тәулік бұрын жүзеге асырылады.

      50. Әуе кеңістігін пайдалануды тәуліктік жоспарлау әуе кеңістігін жерге, уақытқа және биіктікке бөлу мақсатында әуе кеңістігін пайдаланар қарсаңында жүзеге асырылады.

      51. Әуе кеңістігін пайдалануды ағымдағы жоспарлау жоспарланған қызметтің және жоспары ағымдағы тәулік ішінде келіп түсетін қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кеңістігін жерге, уақытқа және биіктікке қайта бөлу арқылы тәуліктік жоспарды орындау барысында жүзеге асырылады.

      52. ӘҚЖ БО мен ӘҚБ БО-ның жоспарлау нәтижелер бойынша жасалған әуе кеңістігін алдағы тәуліктерде пайдалану жоспарлары ӘШҚҚ әскерлері органына, әуе қозғалысына қызмет ету органдарына әуе қозғалысын басқару органдарына таратылады.

      Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары әуе кеңістігін пайдаланудың жасалған жоспарын өзінің жауапкершілік аймағындағы әуежайлардың өндірістік-диспетчерлік қызметтеріне жеткізеді.

      53. ӘҚЖ БО және ӘҚБ БО арасында әуе кеңістігін пайдалануды үйлестіруді қалыптасқан әуе, метеорологиялық, аэронавигациялық жағдайға байланысты әуе кеңістігін пайдаланушы мәлімдеген қызметті қамтамасыз ету мақсатында және әуе кеңістігін пайдаланудағы басымдықтарға сәйкес азаматтық-әскери үйлестіру тобы жүзеге асырады.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      54. ӘҚЖ БО мен ӘҚБ БО әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау мен үйлестіру барысында, әуе кеңістігін пайдалану мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету басымдықтарына қарай, әуе кеңістігін пайдаланушылар сұраған әуе кеңістігін пайдалану талаптарына қажеттігіне қарай (жер, уақыт пен биіктік) өзгерістер енгізеді. Әуе кеңістігін пайдаланудың сұралған талаптарына өзгерістер туралы өтінім (ұшу жоспарын) берген әуе кеңістігін пайдаланушыға хабарланады.

      55. Әуе кеңістігін пайдалану жоспары төмендегідей бөлінеді:

      1) әуе кемелерінің ұшу жоспарлары;

      2) пилотсыз ұшу аппараттарының, басқарылатын аэростаттардың, дирижабльдердің ұшу жоспарлары;

      3) басқарылмайтын аэростаттарды (зонд-шар) ұшыру, атыс, ракета ұшыру және жару жұмыстарын жүргізу жоспарлары.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      56. ӘҚЖ БО мен ӘҚБ БО арасындағы алынған ұшу жоспарларымен өзара алмасу, әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау мен үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында ӘҚЖ БО мен ӘҚБ БО арасындағы келісім бойынша жүзеге асырылады.

      57. Әуе кеңістігін пайдаланушылардың әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдарының әуе кеңістігін пайдалануға (ұшуларды орындауға) қатысты беретін хабарламалары осы Қағиданың 3-қосымшасындағы талаптарға сәйкес қолданылады.

4. Ұшу жоспары. Әуе кеңістігін пайдалануға берілетін өтінім

      58. Ұшу жоспары А, B, С, D және E сыныптарындағы әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу үшін, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдарына хабарлау және пайдаланушының сұрау салуы бойынша ұшу-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында G сыныбындағы әуе кеңістігін пайдалану кезінде ұсынылады.

      Пилотсыз ұшу аппаратының немесе басқарылатын аэростаттың ұшу жоспары туралы хабарлама әуе кеңістігін әуе кеңістігінің сыныбына тәуелсіз пайдалануға рұқсат алу үшін беріледі.

      Пилотсыз ұшу аппараттарының немесе басқарылатын аэростаттың күзетілетін нысандар үстімен ұшуларын пайдаланушылар осындай ұшулардың басталуынан кемінде 5 жұмыс күні бұрын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен келіседі.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      59. Әуе кеңістігін пайдаланушы ӘҚЖ БО интернет-ресурсы арқылы немесе ортақ әуе қозғалысына қатысатын әуе кемелерінің ұшуларды орындауы кезінде ӘҚҚ қызметінің жақын жердегі "Брифинг" тобына ұшу жоспарын ұсынады.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      60. Әуе кеңістігін пайдаланушы:

      1) операциялық әуе қозғалысына қатысатын әуе кемелері;

      2) пилотсыз ұшу аппараттары ұшуларды орындаған кезде ұшу жоспарын ӘҚБ БО-ға немесе жақын жердегі әуе қозғалысын басқару органына ұсынады.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      61. Ұшу жоспары төмендегі нысандардың бірінде ұсынылады:

      1) деректерді берудің авиациялық жерүсті желілері арқылы таратылатын хабарлама және ұсынылған жоспар туралы ақпарат жазылған телеграфтық хабарламалар;

      2) ұсынылған жоспар туралы ақпарат жазылған факсимильдік хабарламаны қоса алғанда, қағаз жеткізгіштегі хабарлама;

      3) ұсынылған жоспар туралы ақпарат немесе ағымдағы жоспарға жасалатын өзгерістер туралы ақпарат жазылған әуе кемесінің бортынан берілетін экипаж хабарламасы;

      4) ортақ пайдаланымдағы байланыстың телефон желісін немесе Интернет желісін пайдалану арқылы берілетін, ұсынылған жоспар туралы ақпарат жазылған хабарлама.

      Ұсынылған жоспар туралы ақпарат қамтылған, Интернет желісі пайдаланылған хабарлама аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің интернет-ресурсына беріледі. Мұндай жоспарларды беру үшін әуе кеңістігін пайдаланушылар ұшуды орындау құқығын куәландыратын қолданыстағы құжаттар болған жағдайда аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің интернет-ресурсында тіркеуден өтеді.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.08.2019 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      62. Ортақ пайдаланымдағы байланыстың телефондық желісін пайдалану арқылы берілетін, ұсынылған жоспар туралы ақпарат жазылған хабарлама дыбыс жазу аппаратурасын қолдану арқылы бекітіледі.

      63. Әуе кемесiнiң ұшу жоспарында:

      1) әуе кемесiнiң тану индексi (рейс нөмiрi, әуе кемесiнiң мемлекеттiк және тiркелген тану белгiлерi (пилотсыз ұшу аппараты үшін әуе кемесiнiң мемлекеттiк және тiркелген тану белгiлерi болмаған жағдайда, пилотсыз ұшу аппаратының маркасы және пайдаланушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға көрсетіледі);

      2) ұшу қағидалары (АҰҚ және ВҰҚ) және ұшу типi (тұрақты (S), тұрақты емес (N), жалпы мақсаттағы авиация ұшуы (G), мемлекеттiк авиация әуе кемесiнiң ұшуы (М), басқа кез келген ұшу (X) үшiн);

      3) әуе кемелерiнiң саны және типi, iзiнiң турбуленттiлiк санаты (азаматтық әуе кемелерi үшiн);

      4) әуе кемесiнiң жабдығы;

      5) ұшып шығу әуеайлағы (ұшып шығу пункті) және ұшып шығу уақыты;

      6) ұшу маршруты;

      7) ұшып баратын әуеайлақ және жалпы есептiк өткен уақыт (қонуға дейiнгi), қосымша әуеайлақтар;

      8) ұшу маршрутының ерекшелiктерiн, әуе кемесiнiң тiркеу белгiлерiн, пайдаланушының атауын, әуе кемесiнiң ұшу-техникалық деректерiн, бортта қолданылатын жабдықты сипаттауға қажетті ақпарат және егер үлгi ақпараттан өзгеше болса немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдары тарапынан ерекше қатынасты талап ететiн ақпарат болса өзге де қажетті ақпарат осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ұшу мәртебесi туралы;

      9) отын қорына, борттағы адамдар санына, авариялық-құтқару жабдықтарына қатысты ақпарат қамтылады.

      Азаматтық әуе кемесінің ұшу жоспары туралы хабарламаға кіретін ақпараттың үлгілік құрамы (көлемі) және көрсетілген жоспарды беру осы Қағидаларға 3, 5 және 6-қосымшаларда айқындалады.

      Ұшуды орындау кезінде рейс нөмірлерінің қайталануын болдырмау мақсатында қазақстандық пайдаланушылар рейстерінің қолданылатын нөмірлерін үйлестіруді ӘҚ БЖО жүзеге асырады.

      Пилотсыз ұшу аппаратының немесе басқарылатын аэростаттың ұшу жоспарына Қағидалардың осы тармағының 1), 3), 5), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген ақпарат енгізіледі.

      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      64. Ұшу жоспары әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдарына мыналар басталғанға дейін ұсынылады:

      1) диспетчерлік қызмет көрсетумен қамтамасыз етілуі үшін, ұшуға немесе оның бір бөлігіне дейін;

      2) қажеттілігі тану немесе ұшу-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында туындауы мүмкін ұсталып қалуды болдырмау үшін әуе қозғалысын басқару органдары жасайтын іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында бақыланбайтын әуе кеңістігі шегінде орындалатын ұшуға дейін;

      3) Мемлекеттік шекараларды кесіп өтетін ұшуға дейін.

      Ескерту. 64-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      65. Ұшу жоспары ұшқанға дейін үш сағат бұрын ұсынылатын пилотсыз ұшу аппараттарының, дирижабльдердің және басқарылатын аэростаттардың ұшуын қоспағанда, ұшу жоспары есептелген ұшу уақытынан кемінде 60 минут бұрын және есептелген ұшу уақытынан 120 сағат бұрын ұсынылады. Есептелген ұшу уақыты деп, егер қолданылатын болса, әуе кемесін бұру-жылжытуды бастау үшін оның тіреуіштерін алып тастау, ал қалған жағдайларда – әуе кемесінің ұшып көтерілу уақыты түсініледі.

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      66. Диспетчерлік қызмет көрсету талап етілетін ұшу жоспары есептелген ұшып шығу уақытынан 60 минут бұрын және есептелген ұшып шығу уақытынан бір тәулік бұрын немесе ұшып жүргенде ұсынылған жағдайда, оның тиісті әуе қозғалысына қызмет көрсету органы алатындай уақытта, әуе кемесінің төмендегілерге ұшып жетуінің есептелген уақытынан 10 минут бұрын ұсынылады:

      1) диспетчерлік ауданға кірудің жоспарланған орнына;

      2) әуе трассасын қиып өтетін нүктеге.

      67. Бақыланатын әуе кеңістігінде ұшуға қатысты ұсынылған ұшу жоспарына ұсынылатын барлық өзгерістер, дереу жауапкершілік аймағында осы әуе кемесі ұшып бара жатқан әуе қозғалысына қызмет көрсету органына немесе әуе қозғалысын басқару органына хабарланады.

      68. Бақыланатын ұшуды орындалған колодоктарды тазартудың есепті уақытынан кейін 30 минутқа немесе бақыланбайтын ұшуды орындаудан соң бір сағатқа кешіктірілген жағдайда, оларға берілген ұшу жоспары өзгертілуі тиіс.

      69. Азаматтық әуе кемесiн пайдаланушы тұрақты ұшуды орындау кезiнде осы Қағиданың 58-тармағында көрсетiлген ұшу жоспарынан басқа осы Қағидаға 3 және 7-қосымшаларға сәйкес қайталанатын ұшу жоспарын бiрiншi тұрақты ұшуды орындау күнiнен кемінде күнтiзбелiк 15 күн бұрын ұсынады.

      Пайдаланушы тұрақты ұшу кестесіне тұрақты сипаттағы өзгерістерді енгізген кезде қайталанатын ұшу жоспарына өзгерістер енгізу туралы хабарламаны көрсетілген өзгерістерді қолданысқа енгізгенге дейін кемінде күнтізбелік 7 күнде ұсынады.

      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық тұрақты ұшуларды қонусыз орындауға ұсынылған қайталанатын ұшу жоспарын ӘҚЖ БО арқылы бекіту туралы хабарлама беру арқылы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітуге тиіс.

      Ұшу жоспарын ұсынған кезде, әуе кемесінің техникалық ақауымен және (немесе) ұшу маршруты бойынша метеожағдаймен байланысты және (немесе) ұшу қауіпсіздігіне қауіп төнген және (немесе) еңсерілмейтін күш жағдайларымен байланысты оның қайталанатын ұшу жоспарынан біржолғы ауытқуға жол беріледі.

      Ескерту. 69-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.10.2017 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      70. Ұшу жоспары не оның бір бөлігі (бүкіл ұшуды немесе ұшудың орындалған бөлігін қоса алғанда) әуе кемесі межелі әуеайлаққа (межелі пункт) немесе аралық әуеайлаққа (аралық қону пункті) келгеннен кейін және ӘҚҚ (ӘҚБ) органымен байланыс аяқталғаны туралы әуе кемесі экипажының баяндамасын алғаннан кейін жабылады.

      Келген әуеайлақта (қону алаңында) бақыланатын әуе кеңістігінде ӘҚҚ (ӘҚБ) органы болмаған жағдайда, экипаж өзінің ұшып келуі туралы баяндамасын қонғаннан кейін дереу қолда бар байланыс құралдарының көмегімен жауапкершілік аймағындағы жақын жердегі ӘҚҚ (ӘҚБ) органына береді. Әуеайлақта байланыс құралдары болмаған кезде экипаж тікелей қонар алдында әуе кемесі орналасқан жауапкершілік аймағында жақын жердегі ӘҚҚ (ӘҚБ) органына келуі туралы баяндауды жүзеге асырады. Пайдаланушы мен әуе қозғалысына қызмет көрсету органы арасындағы уағдаластық бойынша әуе кемесінің ұшу жоспарын (не оның бір бөлігін) жабу туралы ақпарат әуе кемесінің пайдаланушысына беріледі.

      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      71. Егер межелі пункті бақыланбайтын әуе кеңістігінде орналасса (немесе одан әрі ұшу бақыланбайтын әуе кеңістігімен өтсе) диспетчерлік қызметпен қамтамасыз етілетін ұшу жоспарының бір бөлігі бақыланбайтын әуе кеңістігіне кіруі туралы баяндаманы ұсыну арқылы жабылады. Ұшу жоспары әуе кемесінің межелі әуеайлаққа немесе аралық әуеайлаққа ұшып келгеннен кейін жабылады. Әуе кемесінің әуеайлақ (межелі пункті) ұшып келуі туралы баяндаманы әуе кемесінің экипажы радиотелефон байланысы, жалпы пайдаланудағы телефон байланысымен ұшуды ұйымдастыуға (аэроклубқа) хабарлайды.

      72. Әуе кемесінің әуеайлаққа (қону алаңшасы) ұшып келгендігі туралы баяндамада ӘҚҚ (ӘҚБ) органы болмаса мынадай ақпарат элементтері болуы тиіс:

      1) әуе кемесінің тану индексі;

      2) ұшып шығу әуеайлағы;

      3) әуеайлақ межесі (қосалқы әуеайлаққа қонған жағдайда);

      4) ұшып келу әуеайлағы;

      5) ұшып келу уақыты.

      73. ӘҚК (ӘҚБ) органдары және әуе кеңістігінің пайдаланушылары беретін әуе кемелерінің қозғалысы туралы хабарламалар осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес айқындалады. Осы Қағидаға 6 және 7-қосымшаларда белгіленген ұшу жоспары мен қайталанатын ұшу жоспарының форматтарын қоспағанда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша әуе кемелерінің қозғалысы туралы хабарлама форматтарын белгілейді.

      Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      74. Экипаждың әуе кемесінің бортынан әуе кемесінің ұшу жоспарының өзгергендігі туралы хабарламаны G сыныбындағы әуе кеңістігін пайдаланған кезде пайдаланушының қалауы бойынша ӘҚҚ (ӘКБ) органына, ал А және С сыныбындағы әуе кеңістігін пайдаланғысы келген жағдайда - А және С сыныбындағы әуе кеңістігіне кірер алдында 15 минут бұрын хабарлайды.

      Әуе қозғалысының қарқыны ӘҚҚ (ӘҚБ) жоғары аудандарда органы әуе кемесінің экипажына әуе кемесінің бортынан берілетін ұшу жоспарына қатысты талаптарды немесе шектеулерді мәлімдейді.

      75. Әуе кеңістігін пайдаланушы ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін және мыналарға:

      1) басқарылмайтын аэростаттардың ұшуына;

      2) атыс өткізуге, зымырандар жіберуге, жарылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты қызметті орындаған жағдайда, әуе кеңістігін пайдалануға берілетін өтінімді ӘҚБ БО-ға немесе жақын жердегі ӘҚҚ (ӘҚБ) орталығына ұсынады.

      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      76. Әуе кеңістігін пайдалануға берілетін өтінім төмендегі нысандардың бірінде ұсынылады:

      1) деректерді берудің жер үсті авиациялық желісі арқылы берілетін және қызмет түрі туралы ақпарат жазылған телеграф арқылы берілетін хабарлама;

      2) қызмет түрі туралы ақпарат жазылған факсимильдік хабарламаны қоса алғанда, қағаз жеткізгіште берілетін хабарлама;

      3) қызмет түрі туралы ақпарат жазылған Интернет желісі арқылы берілетін хабарлама.

      77. Басқарылмайтын аэростаттардың ұшуына байланысты қызметті орындаған жағдайда, әуе кеңістігін пайдалануға берілетін өтінімде мынадай деректер болуы тиіс:

      1) хабарлама түрі және аэростат (шар-зонд) жіберуге арналған анықтамалық деректер;

      2) қызметінің белгіленуі;

      3) аэростатты (шар-зондты) ұшыру орны, ұшыру уақыты (немесе ұшыруды бірнеше рет бастау немесе аяқтау уақыты);

      4) ұшу аппаратының (шар-зондтың) түрі;

      5) ұшу биіктігі, маршруты (ұшып көтерілудің орташа жылдамдығы, биіктік ауқымы);

      6) аэростаттың қону орны;

      7) аэростатты (шар-зондты) ұшыру күні;

      8) ӘҚҚА шекараларынан ұшып өткенге дейінгі есептік өткен уақыт;

      9) аэростаттың (шар-зондтың) тиесілілігі;

      10) аэростаттың қайталама шолу радиолокаторының жауап бергішімен жабдықталғандығы, ұшудың жалпы ұзақтығы (шар зондтың ең көп ауа толтырылғандағы қабығы дөңгелегінің жердегі көлемі, ұшыру мақсаты).

      78. Атыс өткізу, зымырандар жіберу, жарылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты қызметті орындаған жағдайда әуе кеңістігін пайдалануға берілетін өтінім мынадай деректерді қамтиды:

      1) заңды немесе жеке тұлғаның атауы;

      2) географиялық координаттары көрсетілген қызметті жүргізу орны (дары);

      3) ату маршруты мен ұзақтығы (жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін - топырақтың шашылу және сынықтардың шашырау радиусы);

      4) снарядтардың (оқтардың), зымырандардың ұшуының, топырақтың шашылуының ең жоғарғы биіктігі;

      5) қызметті жүргізу күні, бастау уақыты мен аяқтау уақыты.

      79. Әуе кеңістігін пайдалануға берілетін өтінімдер қызметті бір рет жүзеге асыруға немесе белгілі бір уақыт кезеңіне (бірақ бір жылдан асырмай) беріледі.

      Әуе кеңістігін пайдалануға берілетін өтінімдер жыл сайын 15 желтоқсанға дейін ӘҚБ БО-ға қоршаған ортаның гидрометеорология және мониторинг бойынша аумақтық органдары ұсынады.

      Басқарылмайтын аэростаттарды ұшыру кестесінің өзгеруі туралы 15 тәуліктен кешіктірілмей хабарланады.

      Басқарылмайтын аэростаттарды ұшырудың стационарлық пункттерін орналастыру, сондай-ақ басқарылмайтын аэростаттарды жылжымалы пункттерден ұшыру орындары ӘҚБ БО-мен келісіледі.

      80. Әуе кеңістігін пайдаланушы басқарылмайтын аэростаттарды ұшыру, атыс өткізу, зымырандар жіберу, жарылыс жұмыстарын жүргізу қызметін жүзеге асыру үшін әуе кеңістігін пайдалануға өтінімді ӘҚБ БО-ға немесе жақын жердегі ӘҚҚ орталығына осындай қызмет басталғанға дейін төрт тәуліктен ерте емес және бір тәулік бұрын ұсынады.

      Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      81. Әуе кеңістігін пайдаланушы әуе кеңістігін пайдалануға байланысты өтінім берілген қызмет түріне өзгерістер енгізілген жағдайда, ӘҚБ БО-ға немесе жақын жердегі ӘҚҚ орталығына әуе кеңістігін пайдалану үшін жаңа өтінім ұсынады.

      Өтінім осындай қызмет басталғанға дейін үш сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.

      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5. Пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану шарттары

      82. Ұшу жоспары ұсынылған пилотсыз ұшу аппараттарын ұшыру көрсетілген жоспарларға сәйкес орындалады.

      82-1. Егер жоспарланған ұшудың нақты биіктігі жер бетінен 50 метрден аспаса, ал ұшу маршруты (жоспарланған траектория) әуеайлақ қоршауынан (қоршау болмаған жағдайда – әуеайлақ шекарасын көрсететін таңбаланған белгілерден 5,5 км алыс болса) 5,5 км алыс болса, пилотсыз ұшу аппаратының ұшу жоспары әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органына жіберілмейді.

      Ескерту. Қағидалар 82-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      82-2. Пилотсыз ұшу аппараттарының, әуе кемелерінің ұшуы:

      1) G сыныбындағы әуе кеңістігі шекарасы шегінде метеорологиялық минимумды сақтау (көлденеңінен 1500 метрден төмен емес көріну және тігінен 300 метрден кем емес бұлттың төменгі шекарасы) шартымен;

      2) бақыланатын әуе кеңістігінде (осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген ережелерден басқа) – осы Қағидалардың 144-тармағына сәйкес әуе қозғалысын басқару орталықтары қысқа мерзімді шектеулерді енгізу шартымен орындалады.

      Қысқа мерзімді шектеулер 50 метр биіктікке дейін жер бедерінен созылып жатқан әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуын қамтамасыз ету үшін белгіленбейді;

      3) диспетчерлік аймақта – жауапкершілік аймағында осындай әуеайлақ орналасқан және осы Қағидалардың 144-тармағына сәйкес әуе қозғалысын басқару орталығы қысқа мерзімді шектеу енгізген жағдайда әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органымен келісілгеннен кейін барлық биіктікте орындалатын пилотсыз ұшу аппараттарының авиациялық жұмыстарды және демонстрациялық ұшуды орындауын (аэрошоу) қоспағанда, жер бетінен 50 метр биіктікке дейін жайылған және әуеайлақ қоршауынан 5,5 км алыс орналасқан (қоршау болмаған жағдайда – әуеайлақ шекарасын көрсететін таңбаланған белгілерден 5,5 км алыс болса) әуе кеңістігінде;

      4) мыналарда:

      G сыныбындағы әуе кеңістігінде орналасқан бақыланбайтын әуеайлақтың әуеайлақтық ұшу аймағында – әуеайлақты пайдаланушымен келісу бойынша және әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсету органымен үйлестірілгеннен кейін (ол болған жағдайда);

      бақыланатын әуе кеңістігінде орналасқан бақыланбайтын әуеайлақтың әуеайлақтық ұшу аймағында – әуеайлақты пайдаланушымен және жауапкершілік аймағында осындай әуеайлақ орналасқан әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органымен келісу бойынша осы Қағидалардың 144-тармағына сәйкес әуе қозғалысын басқару орталығы қысқа мерзімді шектеулер енгізген жағдайда орындалады.

      Ескерту. Қағидалар 82-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      82-3. Пилотсыз ұшу аппаратын пайдаланушы адамдарға немесе меншікке қауіп төндірмеу үшін пилотсыз ұшу аппаратынан кезкелген жүкті немесе жануарларды (арнайы парашютсіз) түсіруге жол бермеуі тиіс.

      Ескерту. Қағидалар 82-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      82-4. Әуе қозғалысын басқару орталықтары қысқа мерзімді шектеулерді белгілемесе, пилотсыз ұшу аппаратына жауапты пайдаланушы қақтығысты болдырмау мақсатында, пилотсыз ұшу аппаратының басқа әуе кемелеріне, адамдарға, көлік құралдарына, кемелерге және құрылыстарға қатысты траекториясы мен орналасқан жерін бақылау үшін жеткілікті, бөгде біреудің көмегінсіз (соның ішінде оптикалық құралдарды қолданбай) тікелей визуалды байланысты сақтауға тиіс.

      Ескерту. Қағидалар 82-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      82-5. Пилотсыз ұшу аппараты:

      1) ұшу және қону уақытында – кезкелген адамнан (пилотсыз ұшу аппаратын басқаратын адамды қоспағанда), басқа көлік құралынан, ғимараттан немесе құрылыстан көлденеңінен 50 метр жақындықта;

      2) ұшу барысында – кезкелген адамнан (пилотсыз ұшу аппаратын басқаратын адамды қоспағанда), басқа да көлік құралынан, ғимараттан немесе құрылыстан көлденеңінен 100 метр жақындықта;

      3) көпшілік адамдар тобынан және (немесе) көлік құралдарынан көлденеңінен 150 метр жақын барлық жағдайда;

      4) ұшуға тыйым салынған және қауіпті аймақтарда, ұшуға шектеу қойылған аймақтарда (осындай аймақтарды белгілейтін мүдделі тұлғалардың ұшуын қоспағанда) пайдаланылмауы тиіс.

      Ескерту. Қағидалар 82-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      82-6. Пилотсыз ұшу аппаратының ұшуын қамтамасыз ету үшін бақыланатын әуе кеңістігінде қысқа мерзімді шектеулер енгізілген кезде оны пайдалану шарттары ескертіледі.

      Ескерту. Қағидалар 82-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      83. Ең жоғары жүк көтергіштігі 4 килограмнан аспайтын метеорологиялық зондтардың немесе басқарылмайтын аэростаттардың ұшуын қоспағанда, басқарылмайтын аэросттардың барлық ұшулары осы Қағиданың 84-93- тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      84. Басқарылмайтын аэростатты пайдалану 18 000 метр биіктікте немесе төмендегілерден төмен биіктікте жүзеге асырылмайды:

      1) бұлт немесе төрт октанттан көп басқа бұлыңғырлағыштар бар жерден;

      2) көлденең көру мүмкіндігі 8 километрден аз жерден.

      85. Басқарылмайтын аэростат ірі қалалардың, қалалардың немесе кенттердің халық қоныстанған аудандары үстінен немесе ұшуға қатысы жоқ адамдардың ашық жердегі шоғырлары үстінен ұшуы 300 метрден төмен емес биіктікте өтетіндей ұшырылады.

      86. Ұшуды аяқтау үшін басқарылмайтын аэростатты пайдаланушы оны қондыратын құрылғыларды іске қосады:

      1) ауа райы жағдайлары көзделген жағдайлардан нашар екені белгілі болған жағдайда;

      2) ақауы немесе кез келген басқа жағдай әрі қарай ұшуды әуе қозғалысы немесе жердегі адамдар немесе мүлік үшін қауіпті етсе;

      3) шет мемлекет аумағының үстіндегі әуе кеңістігіне кірер алдында рұқсат болмаған жағдайда.

      87. Пайдаланушы басқарылмайтын аэростатты ұшырғаннан кейін ӘҚБ БО-ға (ӘҚБ органына) дереу төмендегі ақпаратты ұсынады:

      1) аэростаттың ұшуын (мақсатын) белгілеу;

      2) ұшыру орны;

      3) нақты ұшыру уақыты;

      4) егер ол 18 000 метр немесе одан төмен биіктікте болса, 18 000 метр биіктікке өтудің есептік уақыты немесе крейсерлік эшелонға жетудің есептік уақыты, есептік орналасқан жері;

      5) әуе кеңістігін пайдалану үшін берілген өтінімде алдын ала хабарланған ақпараттағы кез келген өзгерістер.

      88. Осы Қағидалардың 77-тармағына сәйкес алдын ала хабарланған, басқарылмайтын аэростатты болжанған ұшыру болмайтыны белгілі болса, пайдаланушы дереу ӘҚБ БО-ға (ӘҚБ орталығына) хабарлайды.

      Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      89. 18 000 метр немесе одан төмен биіктікте ұшып келе жатқан басқарылмайтын аэростат пайланушысы аэростаттың ұшу траекториясын қадағалап, аэростаттың кімнің жауапкершілік аймағында ұшып бара жатқанына қарай, ӘҚҚ немесе ӘҚБ органдарының талап етуі бойынша оның қай жерде ұшып бара жатқаны туралы хабарлама жібереді. Егер ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары аз уақыт ішінде аэростаттың қай жерде ұшып бара жатқандығы туралы хабарламаны талап етпесе, онда пайдаланушы оның ұшып бара жатқан жерін әр екі сағат сайын тіркеп отырады.

      90. 18 000 метр биіктіктен жоғары биіктікте ұшып бара жатқан басқарылмайтын аэростатты пайдаланушы, аэростаттың ұшу барысын қадағалап, ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының талап етуі бойынша аэростаттың ұшып бара жатқан жері туралы хабаралама жібереді. Егер ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары аз уақыт ішінде аэростаттың қай жерде ұшып бара жатқандығы туралы хабарлама талап етпесе, онда пайдаланушы оның ұшып бара жатқан жерін әр 2 сағат сайын тіркеп отырады.

      91. Егер осы Қағиданың 89 және 90-тармақтарына сәйкес, оның ұшып бара жатқан жерін тіркеу мүмкін болмаса, пайдаланушы соңғы тіркелген ұшып бара жатқан жерін қоса алғанда, бұл туралы дереу ӘҚҚ (ӘҚБ) органына хабарлайды. Егер тіркеу жалғастырылса, онда дереу ӘҚҚ (ӘҚБ) органына хабарланады.

      92. Пайдаланушы басқарылмайтын аэростат төмендей бастағанға дейін 1 сағат бұрын, тиісті ӘҚҚ (ӘҚБ) органына аэростат туралы мынадай ақпарат жібереді:

      1) осы сәттегі орналасқан географиялық орны;

      2) ұшудың осы сәттегі эшелоны (барометрлік биіктігі);

      3) 18 000 метр биіктіктен өтетін есептелген уақыты, орын алған жағдайда;

      4) жерге қонатын есептелген уақыты мен орны.

      93. Басқарылмайтын аэростатты пайдаланушы тиісті ӘҚҚ (ӘҚБ) органына ұшудың аяқталғаны туралы хабарлайды.

6. Әуе кеңістігін пайдалануды рұқсат ету және хабарлау тәртібі

      94. Әуе кеңістігін пайдалануды рұқсат ету тәртібі ӘҚҚ (ӘҚБ) - әуе кеңістігін пайдаланушылар әуе кеңістігін пайдалануға рұқсаты болған жағдайда, өз қызметін ұшу жоспарлары мен әуе кеңістігін пайдалануға берілген өтінімдер негізінде жүзеге асыратын, әуе кеңістігін пайдалану тәртібі болып табылады.

      ӘҚЖ БО немесе ӘҚБ БО-ның әуе кеңістігін пайдаланушыдан ұшу жоспарын (әуе кеңістігін пайдалануға берілген өтінім) қабылдауы, алынған деректерді әуе кеңістігін пайдалану жоспарларына енгізуі - әуе кеңістігін пайдалануды рұқсат ету болып табылады, олар әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына, (әуе қозғалысын басқару органдарына) оларға қатысты бөлігінде, Қазақстан Республикасының ӘШҚҚ әскерлерінің органдарына хабарланады.

      95. Әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат беру тәртібі:

      1) А, B, С, D және Е сыныптарындағы әуе кеңістігінде ұшуды орындайтын әуе кеңістігін пайдаланушылар үшін (осы Қағидалардың 96-тармағында көрсетілген қызметті қоспағанда);

      2) әуе кеңістігінің сыныбына тәуелсіз "Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация саласының қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызметті жүзеге асыратын әуе кеңістігін пайдаланушылар үшін белгіленеді.

      Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      96. А, B, С, D және Е сыныптарындағы әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат беру тәртібі:

      1) әуе шабуылына тойтарыс беру, әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзуды немесе Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруді болғызбау және тоқтату;

      2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету, ғарыш аппараттары мен олардың экипаждарын іздестіру және эвакуациялау;

      3) әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын болғызбау және (немесе) тоқтату жағдайларында қолданылмайды.

      Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      97. Әуе кеңістігін пайдалану жоспарларын жүргізуді ӘҚЖ БО және ӘҚБ БО жүзеге асырады.

      98. ӘҚЖ БО әуе кеңістігін пайдалану жоспарларын мына жағдайларда жүзеге асырады:

      1) әуе кемелері ұшуды әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттары бойынша орындаған жағдайда;

      2) ұшуды ӘҚБ БО-мен келісу арқылы авиациялық жұмыстар аудандарында орындаған жағдайда;

      99. ӘҚБ БО әуе кеңістігін пайдалану жоспарларын жүргізуді мына жағдайларда жүзеге асырады:

      1) әуе кемелері ұшуды әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттарынан тыс жерде, арнайы аймақтарда және мемлекеттік авиацияның басқа да ұшу аудандарында орындаған жағдайда;

      2) пилотсыз ұшу аппараттары ұшқан жағдайда;

      3) әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі қызметті "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асырған жағдайда.

      100. Мынадай:

      1) пайдаланушының қолданыстағы сертификаты және оған қоса берілетін арнайы ережелер (авиакомпаниялар үшін) болса;

      2) авиациялық жұмыстарды орындауға қолданыстағы куәлік және оған қоса берілетін арнайы ережелер (авиациялық жұмыстар орындауды жоспарлап отырған пайдаланушылар үшін) болса;

      3) ұшуды орындауға құқық беретін қолданыстағы куәлік және оған қоса берілетін арнайы ережелер (сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасы 5700 килограмнан асатын ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар үшін) болса, сондай-ақ сертификатталған ең жоғары ұшу массасы 5700 кг аз ұшақтарды және сертификатталған ең жоғары ұшу массасына қарамастан тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар үшін қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты болса;

      4) қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты (әуе кемелерінің барлық пайдаланушылары үшін), ал қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты жоқ әуе кемелері үшін - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның арнайы ұшуды орындауға берген рұқсаты болса;

      5) ұсынылған ұшу жоспары осы Қағидаларда белгіленген нысанға және мазмұнға сәйкес келген жағдайда (әуе кемелерінің барлық пайдаланушылары үшін);

      6) пайдаланушының сертификатында және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындау куәлігінде және (немесе) ұшуларды орындауға құқық беретін куәлікте белгіленген ұшу өңірлерін шектеу сақталса;

      7) әуе кемесінің сынақтық ұшуды немесе айналып ұшуды орындауға әзірлігі туралы жөндеу немесе құрастыру кәсіпорнының бірінші басшысының қолы қойылған анықтамасы болса, ӘҚЖ БО әуе кемесін қазақстандық пайдаланушыдан алған ұшу жоспарын әуе кеңістігін пайдалану жоспарына енгізеді.

      Берілген пайдаланушы сертификаттарының, авиациялық жұмыстарды орындауға куәліктердің, ұшуды орындау құқығына куәліктердің, ұшуға жарамдылық сертификаттарының көшірмелері олар берілгеннен кейін дереу ӘҚЖ БО-ға ұсынылады.

      Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.08.2019 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      101. ӘҚБ БО әуе кеңістігін пайдаланушыдан алған ұшу жоспарын (әуе кеңістігін пайдалануға берілген өтінімді), ұсынылған ұшу жоспары осы Қағиадада белгіленген нысан мен мазмұнға сәйкес келген жағдайда, әуе кеңістігін пайдалану жоспарына енгізеді.

      102. ӘКЖ БО әуе кеңістігінің шетелдік пайдаланушысынан алған ұшу жоспарын, ұсынылған ұшу жоспары осы Қағидада белгіленген нысан мен мазмұнға сәйкес келген жағдайда және осы Қағиданың 7-тарауына сәйкес шетелдік әуе кемелерінің халықаралық ұшуларды орындауына берілетін рұқсат болған жағдайда, әуе кеңістігін пайдалану жоспарына енгізеді.

      103. Ұшу жоспарлары, алдын ала ұсынылған ұшу жоспарлары және әуе кеңістігін пайдалануға берілген өтінімдер осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда және Қағидада белгіленген мерзімдер сақталмай берілген жағдайда әуе кеңістігін пайдалану жоспарына енгізуге жатпайды. Бұл жағдайда, ӘҚЖ БО (ӘҚБ БО) ұшу жоспарының бекітілмегендігі туралы хабарламаны осы Қағиданың 3-қосымшасында белгіленген нысанда, мекен-жайларға және мерзімдерде жібереді.

      104. Әуе кеңістігін пайдалану туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органдар, осы Қағиданың 96-тармағында көрсетілген жағдайларда, бұл туралы дереу ӘҚЖ БО мен ӘҚБ БО-ға хабарлайды.

      105. Диспетчерлік рұқсатты ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары әуе кеңістігін пайдалану жоспарында көрсетілген алдағы ұшу туралы ақпарат негізінде немесе осы Қағиданың 96-тармағында көрсетілген жағдайларда, әуе кемесі командирінің сұрауы негізінде береді.

      106. Әуе кеңiстiгiн пайдаланудың хабарламалық тәртiбi деп әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға ұшуды бақыланбайтын әуе кеңістігінде диспетчерлiк қызмет көрсетусіз орындауға мүмкiндiк беру түсiндiріледi.

      Ескерту. 106-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      107. Әуе кеңістігін пайдаланудың хабарламалық тәртібі G сыныбындағы әуе кеңістігінде белгіленеді.

      G сыныбындағы әуе кеңістігінде ұшатын әуе кеңістігін пайдаланушылар тиісті ӘҚК (ӘҚБ) органдарына өзінің қызметі туралы ұшу жоспарын ұсыну жолымен ұшу басталғанға дейін кем дегенде бір сағат бұрын хабарлайды.

      Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету әуе кемесін пайдаланушының сұрау салуы бойынша ұсынылады.

      108. G сыныбындағы әуе кеңістігінде ұшуды орындар алдында әуе кеңістігін пайдаланушыларда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ұшуды орындау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет аэроанавигациялық және метеорологиялық ақпараттары болады.

      109. G сыныбындағы әуе кеңістігінде ұшу кезінде әуе кемесінің командирі өзі басқарып келе жатқан әуе кемесінің басқа әуе кемелерімен және ауадағы басқа да материалдық объектілері мен, сондай-ақ жер бетіндегі (су бетіндегі) кедергілері мен соқтығыспауын қамтамасыз етеді.

7. Шетелдік әуе кемелерінің халықаралық ұшуды орындауына рұқсат ету

      110. Шет мемлекеттердің әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшуы:

      1) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың;

      2) Қазақстан Республикасының әуеайлақтарына қонбай не қона отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы коммерциялық емес мақсаттарда халықаралық тұрақты ұшуды орындауға арналған рұқсаттардың;

      3) халықаралық тұрақты емес (біржолғы) ұшуды орындауға арналған рұқсаттардың;

      4) біржолғы ұшуды орындауға берілетін арнайы (дипломатиялық) рұқсаттардың негізінде жүзеге асырылады.

      111. Қазақстан Республикасының әуеайлақтарында қонбай не қона отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы коммерциялық емес мақсаттарда халықаралық тұрақты ұшуды орындауға рұқсаттарды, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық авиамаршруттарындағы тұрақты рейстердің кестесін бекіту нұсқаулығына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган береді.

      112. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:

      1) мемлекеттік және эксперименттік әуе кемелерінің;

      2) осы Қағиданың 113-тармағында аталған шет мемлекеттердің лауазымды адамдарын тасымалдайтын азаматтық әуе кемелерінің;

      3) шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарақтары мен әскери техникасын, сондай-ақ қос мақсатта пайдаланылатын өнімдерін тасымалдау үшін әуе кемелерінің біржолғы ұшуын орындауға арналған арнайы (дипломатиялық) рұқсаттарды береді.

      113. Осы Қағиданың 112-тармағының 2) тармақшасында аталған шет мемлекеттердің лауазымды адамдары:

      1) Мемлекет басшылары;

      2) Үкімет басшылары;

      3) Парламент палаталарының спикерлері;

      4) Мемлекет хатшылары;

      5) Үкімет басшыларының орынбасарлары;

      6) министрлер;

      7) Мемлекет басшылары мен Үкімет басшыларының арнайы өкілдері;

      8) халықаралық ұйымдар басшылары;

      9) Қазақстан Республикасы Президентінің жеке қонақтары;

      10) корольдік отбасылар мүшелері;

      11) Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Премьер-министрінің шақыруы (алдын ала уағдаласуы) бойынша Қазақстанға келетін шет мемлекеттердің үкімет комиссиялары;

      12) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі анықтайтын өзге де адамдар.

      114. Шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарақтары мен әскери техникасын, сондай-ақ қосарлы мақсатта пайдаланылатын өнімдерін тасымалдау үшін әуе кемесінің бір жолғы ұшуын орындауға арналған арнайы (дипломатиялық) рұқсаттарды мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен алдын ала келісе отырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі береді.

      Осы ұшуды азаматтық әуе кемесі орындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетін хабардар етеді.

      115. Біржолғы ұшуды орындауға арналған арнайы (дипломатиялық.) рұқсатты алу үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің атына дипломатиялық өкілдіктер және шет мемлекеттердің консулдық мекемелері, шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары, шетел мекемелері немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары ресми сұрау салу жолдайды, онда төмендегідей ақпарат қамтылған:

      1) пайдаланушының толық атауы, пошталық мекенжайы;

      2) рейстің ИКАО коды мен нөмірі;

      3) әуе кемесінің үлгісі, тіркеу нөмірі, МТОW, радио арқылы шақыру белгісі;

      4) әуе кемесі тіркелген мемлекет;

      5) ұшу мақсаты, жолаушылар мен жүктің болуы;

      6) навигациялық және байланысу жабдықтарының үлгісі;

      7) бортта қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, фотоаппаратураның болуы;

      8) жолаушыларды/жүкті жөнелту және жеткізу орны мен аралық қону орны;

      9) ұшу маршрутындағы әуе авиатрассалары, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне кіру/шығу нүктелері көрсетілген, әуе кемесі қозғалысының күні, толық авиамаршруты мен кестесі (UТС);

      10) жүкті жөнелтуші, жүкті қабылдаушы (толық атауы, мекен жайы, телефоны, факсы).

      Бір-бірімен байланысты біржолғы ұшулар сериясын орындауға берілетін арнайы (дипломатиялық) рұқсат күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге беріледі.

      116. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы Қағиданың 112-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген әуе кемелерінің біржолғы ұшуларды орындауын алдын ала келісу үшін сұратуды мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      117. Авиация салаларындағы уәкілетті органдар біржолғы ұшуды орындауға келісім беру (келісім бермеу) туралы жауапты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жолдайды. Азаматтық немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган біржолғы ұшуды орындауға келісім бермеген жағдайда, осы орган дәлелді бас тарту ұсынады.

      118. Авиация салаларындағы уәкілетті органдардың біржолғы ұшуды орындауға берген келісімі (келіспеушілігі) негізінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:

      1) арнайы (дипломатиялық) рұқсат береді;

      2) арнайы (дипломатиялық) рұқсатты беруден бас тартқандығы туралы хабарлайды.

      119. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 5-тармағында көзделген ережелер арнайы (дипломатиялық) рұқсатты беруден бас тартуға негіз болады.

      Осы Қағиданың 115-тармағында көзделген ақпарат толық болмаған, жағдайда сұрау салулар қаралмастан кері қайтарылады.

      120. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде біржолғы ұшуларды орындауға берілетін арнайы (дипломатиялық) рұқсаттар тізілімін жүргізеді.

      121. Азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес (біржолғы) ұшуларын орындауға арналған рұқсаттарды осы Қағиданың 112-тармағындағы ережелерді ескере отырып, және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітілген Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар берудің және рұқсаттар беруден бас тартуға арналған негіздердің қағидасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган береді.

      122. Тиісті органдардың біржолғы халықаралық ұшуларды орындауға берген рұқсаттары немесе олар жойған рұқсаттар туралы ақпарат дереу ӘҚЖ БО-га және ӘҚБ БО-ға жеткізіледі.

8. Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару)

      123. Әуе қозғалысын ұйымдастыруға мыналар кіреді:

      1) әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару);

      2) әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыру;

      3) әуе кеңістігін ұйымдастыру.

      Әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (әуе қозғалысын басқаруды) ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары жүзеге асырады.

      124. Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге мыналар кіреді:

      1) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету;

      2) әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету;

      3) авариялық хабар беру.

      125. Әуе қозғалысын басқару құрамына мыналар кіретін кешенді үдеріс болып табылады:

      1) ұшуды жоспарлау;

      2) ұшуды үйлестіру;

      3) ұшуды қамтамасыз ету;

      4) әуе кемелерінің қозғалысын әуеде және жерде тікелей басқару;

      5) ұшудың белгіленген режимінің және әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің сақталуын бақылау.

      Әуе кемелерінің қозғалысын жерде және әуеде тікелей басқаруға мыналар жатады:

      1) әуеайлақ аудандарында (қону алаңдарында) мемлекеттік авиация әуе кемелерінің ұшуын жерде және әуеде басқару басшылығы (басқару);

      2) дүлей және өзге де зілзалалар болған аудандарда, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу аудандарында, мемлекеттік авиацияның әуе трассаларынан тыс маршрут бойынша ұшуларды орындау кезіндегі әуе қозғалысын тікелей басқару әуе трассалары бойынша ӘҚҚ органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады (осы Қағидалардың 129-5-тармағын есепке ала отырып);

      3) әуе шабуылына тойтарсыс беру, әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын бұзуды, әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын болғызбау және тоқтату, Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтық тұтастығына және қауіпсіздігіне қарсы күш қолдану қатерін жою барысында авиацияны әскери басқару;

      4) мемлекеттік авиацияның арнайы бөлінген аймақтарда, полигондарда, десанттау алаңдарында жауынгерлік пайдалану міндеттерін және арнайы міндеттерді орындау барысындағы әскери басқаруы.

      Ескерту. 125-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      126. Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуге мыналар кіреді:

      1) аудандық диспетчерлік қызмет көрсету;

      2) қонуға жақында диспетчерлік қызмет көрсету;

      3) әуеайлақтың диспетчерлік қызмет көрсету.

      127. Әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыруды ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының өткізу қабілеті үстіндегі әуе қозғалысы қажеттіліктерін арттыруды реттеу үшін ӘҚЖ БО мен ӘҚБ БО жүзеге асырады.

      Әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыру әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлаудың барлық кезеңдерінде қамтамасыз етіледі.

      128. Әуе кеңістігін ұйымдастыруды әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (басқаруды) қамтамасыз ету және әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыру мақсатында ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары жүзеге асырады.

      129. Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

8-1. ӘҚҚ және ӘҚБ органдары арасындағы іс-қимылдарды үйлестіру

      Ескерту. Қағидалар 8-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      129-1. ӘҚҚ және ӘҚБ органдары арасындағы әуе кемесінің ұшуына қатысты іс-қимылдарды үйлестіру әуе кеңістігін пайдалануды алдын ала, тәуліктік, ағымдағы жоспарлау кезінде, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) кезінде жүзеге асырылады.

      129-2. Әуе қозғалысы екі түрге бөлінеді:

      жалпы әуе қозғалысы;

      операциялық әуе қозғалысы.

      129-3. Жалпы әуе қозғалысы мемлекеттік авиацияның арнайы белгіленген ұшу аймағын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бүкіл әуе кеңістігіндегі барлық авиация саласы түрінің әуе кемелері қозғалысын білдіреді. Жалпы әуе қозғалысының әуе кемелері үшін әуе қозғалысына қызмет көрсетудің барлық түрі ӘҚҚ органының құзыретіне жатады.

      129-4. Жалпы әуе қозғалысына қатысатын әуе кемелерінің барлық ұшуы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      129-5. Операциялық әуе қозғалысы сынаудан өткізу үшін ұшыруды, әуеде отын толтыруды, кіші және шекті кіші биіктікте ұшуды, зымыран ұшыруды, әуеде атуды, маневр жасау тәсілдерін және басқа да арнайы ұшуды меңгеруді, әуе кемелерінің экипаждары жалпы әуе қозғалысы үшін белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ете алмаған жағдайда, орындау үшін арнайы белгіленген аймақтарда (маршруттарда) мемлекеттік авиация саласының ұшуын білдіреді.

      Операциялық әуе қозғалысын басқару ӘҚБ органының немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларына сәйкес ұйымдастырылатын авиациялық әскери бөлімнен ұшуларға жетекшілік ететін топтың құзыретіне жатады.

      Нақты мемлекеттік авиация саласы әуе кемесінің ұшуын операциялық әуе қозғалысына жатқызу туралы шешімді ӘҚБ БО немесе ӘҚБ орталығы басқару пункттерін белгілеу (тағайындау), уақытша режимді немесе әуе кеңістігін пайдалануда қысқа мерзімді шектеулерді енгізу жолымен қабылдайды.

      129-6. Операциялық әуе қозғалысы кезінде әуе кемелерінің ұшуы мемлекеттік авиация саласының уәкілетті органының шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиация саласындағы ұшуларды жүргізу қағидаларына және Әуе қозғалысын басқару жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      129-7. Азаматтық және мемлекеттік авиация бірге орналасқан әуеайлақтардың аудандарында бір уақытта аралас жалпы және операциялық әуе қозғалысын жүзеге асыруға байланысты әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) ерекшелігі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттік авиациясының бірлесіп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидаларына сәйкес айқындалады.

      129-8. Мемлекеттік авиация әуе кемесінің бортында авариялық жағдай туындаған және азаматтық авиация әуеайлағына қону қажет болған жағдайда осы әуеайлақтың әуе қозғалысына қызмет көрсету органы экипажға ұшу-қону жолағының жұмыс шегіне (сынап бағанасының миллиметрі) қатысты атмосфералық қысымды және басқа да қажетті ақпаратты сұрау салу бойынша береді.

      129-9. Іргелес ӘҚҚ органдары және ӘҚБ органы арасында осы органдардың басшылары бекіткен өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әуе кемелерінің ұшуын қауіпсіз және кедергісіз жүргізуге қатысты ақпарат алмасу жүргізіледі.

8-2. Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) мақсаты үшін өлшем бірліктері

      Ескерту. Қағидалар 8-2-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      129-10. Мемлекеттік авиацияда координаталардың, биіктіктердің, гравиметрлік және спутниктік өлшемдердің (1942 жылғы координаталар жүйесі) бірыңғай жүйесі белгіленген. Координатаның бастауы – Пулков обсерваториясы Дөңгелек залының орталығы және биіктіктердің бастапқы деңгейі – Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Балтық теңізіндегі Кронштадт футштогының нөлдік мәні.

      129-11. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясына дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесін – 1984 (WGS-84) енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 376 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсаты үшін азаматтық авиацияда 1984 жылғы (WGS-84) дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесі, тік жазықтықтың есептеу жүйесі ретінде негіз болатын теңіздің орта деңгейі (MSL) қолданылады. Азаматтық авиацияда қолданылатын координаталар, биіктіктер өлшемдерінің гравиметрлік және спутниктік өлшемдердің (1942 жылғы координаталар жүйесі) бірыңғай жүйесі осы Қағидаларға 8-қосымшада келтірілген.

      129-12. Мемлекеттік және азаматтық авиацияда уақытты есептеу жүйесі ретінде Григориан күнтізбесі және Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт (UTC) қолданылады.

9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өту қағидасы

      130. Халықаралық ұшу үшін ашық әуе трассалары бойынша халықаралық ұшуды орындау кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан ұшып өтудің әуе дәлізі әуе қозғалысына қызмет көрсету маршрутының Әуе трассасының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы сызығымен қиылысу жеріндегі әуе кеңістігінің бір бөлігі болып табылады.

      131. Әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын оны халықаралық әуе трассалары қиып өтетін жерлерден тыс жерде ұшып өтуі мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген арнайы әуе дәлізі бойымен жүзеге асырылады.

      132. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұшып өтудің әуе дәлізі әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруты осінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы сызығымен қиылысу нүктесінің географиялық координаттарымен белгіленеді.

      133. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес және осы Қағиданың 7-тарауында белгіленген тәртіппен халықаралық ұшуды орындауға берілген рұқсат - шетелдік әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өтуінің негізі болып табылады.

      Мұндай рұқсат болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне кіруге көрсетілген рұқсатты алуға мүмкіндік бермейтін барлық мәселелер шешілгенге дейін рұқсат етілмейді.

      134.  Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттің ӘҚҚ органдары арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту шарттарын келісу белгіленген байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту шарттары әуе кемесінің экипажына хабарланады.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту шарттарын алған әуе кемесінің экипажы ӘҚҚ органына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің нақты уақытын және ұшу эшелонын (биіктігін) хабарлайды.

      Ескерту. 134-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      135. ӘҚҚ органы шектес аумақ жағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін 10 минут бұрын әуе қорғаныс әскері органына рейс нөмірін (шақыратын), ұшу эшелонын (биіктігін) және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің есептік уақытын хабарлайды. Әуе кемесі шектес аумақта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына тікелей жақын орналасқан әуеайлақтан ұшып шыққан жағдайда, ақпарат әуе кемесінің ұшып шығуы туралы хабар алғаннан кейін оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуіне дейін беріледі.

      Ескерту. 135-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      135-1. Әуе қорғаныс әскерлері органдары мен ӘҚҚ органдары арасындағы іс-қимылды үйлестіруді қамтамасыз ету үшін көрсетілген органдардың басшылары өзара іс-қимыл жасау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді.

      Ескерту. Қағидалар 135-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      136. Егер халықаралық шарттарда (келісімдерде) өзгеше көзделмесе және ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарынан басқа нұсқаулар берілмесе, Қазақстан Республикасында және шекаралас мемлекетте қабылданған эшелондау жүйелерінде айырмашылықтар болған жағдайда, эшелонды ауыстыру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өткенге 30 километр қалғанда аяқталуы тиіс.

      137. Егер халықаралық ұшуды орындайтын әуе кемесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өткеннен кейін ұшуды жалғастыра алмаса және әуе кемесінің экипажы ұшып шығу әуеайлағына қарай қайта ұшу туралы шешім қабылдаса, онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кері маршрутта қиып өту әуе қозғалысына қызмет көрсетудің немесе ұшудың сол маршруты бойынша орындалады. ӘҚҚ (ӘҚБ) органы әуе кемесінің экипажына ұшуды орындау және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өту талаптарын хабарлап, бұл туралы ӘШҚҚ органын ақпараттандырады.

      138. Радио байланысы әуе кемесінің экипажы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өту талаптарын алғаннан кейін, ұшып келе жатқан кезде істен шыққан жағдайлардан басқа жағдайларда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын радиобайланысы жоқ әуе кемесімен қиып өтуге тыйым салынады. Егер әуе кемесінің экипажы ұшып шығу әуеайлағына қарай қайта ұшу туралы шешім қабылдаса, онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кері маршрутта қиып өту, ілеспе эшелонды иеленіп, әуе қозғалысына қызмет көрсетудің, ұшудың сол маршруты бойынша орындалады.

      139. Дүлей апаттар, апаттар, авариялар жағдайында, әуе кемесіндегі авариялық жағдайларда және адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайларда әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне мәжбүрлі түрде ұшып кіруі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өту қағидасын бұзу болып табылмайды.

      140. Әуе кемесінің экипажы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын мәжбүрлі түрде қиып өткен жағдайда бұл туралы дереу тиісті ӘҚҚ (ӘҚБ) органына хабарлап, әрі қарай осы органның берген нұсқауы немесе (ӘҚБ) органына хабарлап, әрі қарай осы органның берген нұсқауы немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің осындай қиып өту фактісін анықтау үшін көкке көтерілген әуе кемесінің кезекші командирінің нұсқаулары бойынша әрекет етеді. ӘҚҚ (ӘҚБ) органы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын мәжбүрлі қиып өту туралы ӘШҚҚ органына хабарлайды.

      141. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын белгіленген ережелерді бұзып қиып өткен әуе кемелері, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзушылар болып танылады.

9-1. Аса маңызды ұшуды орындау үшін әуе кеңістігін пайдалану ерекшелігі

      Ескерту. Қағидалар 9-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      141-1. Аса маңызды ұшу А, B, C және D сыныптарындағы тұрақты белгіленген бақыланатын әуе кеңістігінде көрсетілген сыныптар үшін белгіленген талаптарға сәйкес орындалады.

      Барлық басқа жағдайларда аса маңызды ұшу орындалатын маршруттың айналасындағы әуе кеңістігі А, B, C немесе D сыныптарындағы уақытша бақыланатын әуе кеңістігі ретінде белгіленеді. Уақытша әуе кеңістігінің сыныбын осы Қағидалардың 141-2-тармағында көрсетілген ӘҚҚ органы ұшудың аса маңызды (АҰҚ және АҰҚ) түріне және осы ауданда әуе қозғалысының қарқындылығына негізделіп айқындайды.

      141-2. Уақытша бақыланатын әуе кеңістігіндегі әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін жауапты ӘҚҚ (ӘҚБ) органы уақытша бақыланатын әуе кеңістігінің белгіленген жоғарғы шекарасының үстінде әуе қозғалысына тұрақты қызмет көрсетуді (әуе қозғалысын басқаруды) жүзеге асыратын орган (органдар) болып табылады.

      Бақыланбайтын әуеайлақтарда уақытша диспетчерлік аймақтарды және уақытша әуеайлақтық диспетчерлік пункттерді аэронавигациялық қызмет көрсетуші енгізуі мүмкін.

      Уақытша бақыланатын әуе кеңістігін енгізу туралы ақпарат оның құрылымы мен қолданылатын әуе кеңістігінің сыныбы көрсетіле отырып, әуе кеңістігін пайдаланушыларға NOTAM түрінде жеткізіледі, сондай-ақ ақпараттық ресурстарда (веб-сайтта) орналастырылады.

      141-3. Уақытша бақыланатын әуе кеңістігі мыналарды қамтиды:

      1) уақытша диспетчерлік аймақ. Уақытша диспетчерлік аймақтар тұрақты жұмыс істейтін диспетчерлік аймақтары жоқ, аса маңызды ұшуға шығатын және межелі әуеайлақтар аймағында орнатылады. Аса маңызды ұшуға арналған диспетчерлік аймақ әуеайлақтың бақыланатын нүктесінен 20 километрге дейінгі радиуспен және биіктігі бойынша жер (су) бетінен әуе кемесінің типі мен әуеайлақ айналасындағы әуе кеңістігінің құрылымына байланысты әрбір аса маңызды ұшу үшін тағайындалған ұшу эшелонына дейін орнатылады. Уақытша диспетчерлік аймақ мына кезеңге белгіленеді:

      ұшып шығатын әуе кемелері үшін – әуе кемесінің ұшып шығуының күтілетін уақытына дейін 20 минут және әуе кемесінің ұшып шығуының күтілетін уақытынан кейін 20 минутқа дейін;

      ұшып келетін әуе кемелері үшін – әуе кемесі қонуының күтілетін уақытына дейін 20 минут және әуе кемесі қонуының күтілетін уақытынан кейін 20 минутқа дейін.

      Уақытша диспетчерлік аймақ әрекетінің уақытын ұзартуды азаматтық (мемлекеттік) әуеайлақтарда аса маңызды ұшуды орындайтын әуе кемесінің ұшып шығу (ұшып келу) уақытының кідіруіне байланысты ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары белгілейді;

      2) уақытша диспетчерлік аудан.Уақытша диспетчерлік аудан бақыланбайтын әуе кеңістігінде аса маңызды ұшуды орындау кезеңінде оның маршрутының бойында орнатылады.Уақытша диспетчерлік ауданның өлшемі аса маңызды ұшуды қауіпсіз орындауды қамтамасыз ету үшін енгізілетін ӘКП уақытша режимінің өлшемдерімен, ол басқа жағдайларда – ені бойынша АМҰ жол желісі осінен ені және биіктігі бойынша жер (су) бетінен және тұрақты әрекет ететін диспетчерлік ауданның төменгі шекарасына дейін кемінде 20 километр болып белгіленеді.

10. Әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салу немесе шектеу

      142. Екі немесе одан көп әуе кеңістігін пайдаланушыда әуе кеңістігін пайдалану қажеттілігі бір мезгілде туындаған жағдайда, әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимдерін немесе қысқа мерзімді шектеулерді енгізу жолымен жүзеге асырылатын әуе кеңістігін пайдаланудағы мемлекеттік басымдықтарға сәйкес Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің белгілі аудандарына шектеу қойылады.

      143. ӘҚБ БО Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ӘҚҚ немесе ӘҚБ органдарының жауапкершілік аймақтарындағы теңіз айдынымен шектесетін аймағында:

      1) Қазақстан Республикасының Президентін немесе шет мемлекеттердің басшыларын тасымалдау бойынша аса маңызды ұшуды орындайтын әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының әуе трассасында, маршруттарында және аймақтарында;

      2) оқу жаттығуларын, әуе парадтарын (көрсету және демонстрациялық ұшу) өткізу, ғарыш объектілерін ұшыру және қондыру, авиация және зымыран техникасын сынау, тік және көлденең жазықтықта әуе кемелерінің (топтарының) маневр жасап ұшуын жүргізу, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін басқа да қызмет аудандарында;

      3) сынақтық (зерттеу) ұшу, рекорд орнатуға арналған ұшу, зымырандарды практикалық түрде жіберуді орындау, сондай-ақ пилотсыз ұшу аппараттарының сынақтық (демонстрациялық) ұшу маршруттарында әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимін белгілейді.

      Ескерту. 143-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      144. Әуе кеңістігін пайдалануға қатысты қызметті жедел қамтамасыз ету үшін ӘҚБ орталықтары Қазақстан Республикасы ӘҚБ немесе ӘҚҰ органдарының жауапкершілік аймағында, Қазақстан Республикасы аумағының үстінде, сондай-ақ іргелес теңіз акваториясының үстінде өз жауапкершілік аудандарында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әуе трассасында қысқа мерзімді шектеулерді белгілейді.

      Ескерту. 144-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      144-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қысқа мерзімді шектеулерді енгізуді қоса алғанда, астананың үстіндегі және астана әуежайының үстіндегі әуе кеңістігін пайдалану тәртібін анықтайды.

      Шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарақ және әскери техникасын тасымалдау үшін ұшуды орындайтын шетелдік әуе кемесінің экипажы немесе ұшу кезінде басып алынған әуе кемесінің астана әуежайында жоспарланбаған және санкцияланбаған қону ниеті кезінде (әуе кемесі бортындағы авариялық жағдайды қоспағанда) ӘҚЖ БО-ның ұсынысы бойынша ӘҚБ орталықтары астана әуежайы әуе кеңістігінің үстінде қысқа мерзімді шектеулерді белгілейді.

      Ескерту. Қағидалар 144-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      145.Уақытша режим белгілеуге ұсынысты әуе кеңістігін пайдаланушылар осы Қағидалардың 143-тармағында белгіленген қызметті жүзеге асыру қажеттілігіне қарай және жарияланған қызметті жүзеге асырудың ауданында екі немесе одан көп мүдделі пайдаланушы өтінім берген жағдайда ӘҚБ БО (ӘҚБ орталықтары) талабы бойынша жібереді.

      Ескерту. 145-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      146. Қазақстан Республикасының Президенттің немесе шет мемлекеттердің басшыларын тасымалдау бойынша аса маңызды ұшуды орындайтын әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету үшін уақытша режимдер белгілеуге арналған ұсынымдарда әуе кеңістігі Аса маңызды ұшуды ұйымдастыру және орындау қағидасында белгіленген нормалар мен мерзімдерге сәйкес сұралады.

      147. Тиісінше 143 және 144-тармақтарда көрсетілген іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша уақытша режимдер мен қысқа мерзімді шектеулер:

      1) осы іс-шараларға қатысатын әуе кемелерінің ұшуын қоспағанда, ұшуға және әуе кеңістігін пайдалануға байланысты басқа да қызметке толық тыйым салу;

      2) ұшуға ішінара тыйым салу арқылы белгіленеді, бұл жағдайда Қазақстан Республикасының әуе трассалары учаскелерінің саны шектеулі эшелондарында уақытша режим қолданылатын аудан арқылы әуе кемелерінің ұшуына, әуе кемелерін әуежайларда қабылдауға және шығаруға, сондай-ақ авиациялық жұмыстарды орындауға арналған ұшуға рұқсат етіледі.

      Уақытша режим қолданылатын аудандардың шекаралары әрбір нақты жағдайда әуе кемелерінің ұшуына және әуе кеңістігін пайдалануға байланысты басқа да қызметті жүргізуге ең төменгі шектеулерді белгілеуді ескере отырып, өткізілетін іс-шараның мақсатына және әуедегі жағдайға қарай айқындалады.

      Ескерту. 147-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      148. Режим қолданылатын аудан шекарасын анықтаған кезде әуе кемелері экипаждарының тапсырмаларды орындау барысында жіберуі мүмкін ең көп ауытқулар немесе материалдық объект қозғалысының есептелген тракториясынан ең көп ауытқулары ескерілуі тиіс.

      149. Әуе қозғалысының қауіпсіздігі мақсатында соғыс авиациясы ұшақтарының азаматтық авиация әуеайлақтарының аудандары (тораптық диспетчерлік аудандар) арқылы 3300 метр биіктіктен төмен 30 километр радиуста (әуеайлақтың ұшу-қону жолағының шекті деңгейіне қатысты) ұшуы:

      1) әуе кемелерін қабылдауға және шығаруға толық тыйым салумен;

      2) осы Қағидалардың 150-тармағында көзделген жағдайларда әуе кемелерін қабылдауға және шығаруға ішінара шектеумен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 149-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      150. Әуе кемелерін қабылдауға және шығаруға жартылай тыйым салу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) ұшулар бірлесіп орналасқан әуеайлақтардан немесе тораптық диспетчерлік ауданға жататын әуеайлақтардан жүргізіледі және аэронавигациялық ақпарат құжаттарында не қарастырылған әуеайлақ (тораптық диспетчерлік ауданы) ауданында ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта анықталған сызбаларға сәйкес орындалады;

      2) әуе қозғалысын басқару органы әуе қозғалысына қызмет көрсету органымен келісе отырып, мемлекеттік авиация әуе кемелерінің осы аудандардан ұшып өту талаптарын алдын ала әзірлейді;

      3) әуе кемелерін иеленген әуе кеңістігін қиып өтуге қатысы жоқ әуеайлақтардан қабылдау және шығару жүзеге асырылады.

      Ескерту. 150-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      151. Ұшуды қамтамасыз ету үшін уақытша режим және қысқа мерзімді шектеулер қою кезінде әуе кемелері тобының маршруты бойынша осы Қағиданың 152 және 153-тармақтарында белгіленген шектерде көлбеу және тік әуе кеңістігі айқындалады.

      152. Уақытша режим және қысқа мерзімді шектеулер қою кезінде айқындалатын көлбеу әуе кеңістігінің шектері:

      1) аз және шекті аз биіктіктерде - ені 20 километр (бағыт осінің екі жағынан 10 километрден);

      2) орташа биіктіктерде - ені 40 километр (бағыт осінің екі жағынан да 20 километрден);

      3) стратосферада, үлкен биіктіктерде, сондай-ақ жағалау шегі радиолокациядан көрінбейтін теңіз үстінде - ені 50 километр (маршрут осінің екі жағынан да 25 километрден).

      153. Уақытша режим және қысқа мерзімді шектеулер қою кезінде әуе кеңістігін тігінен бөліп көрсету, қойылған тапсырмаларды орындауға және әуе кемелері тобы қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажет ең аз эшелон санымен шектеледі.

      154. Жаттығулар өткізу аудандарында және жекелеген маршруттар бойынша бақылау мақсатында ұшу қауіпсіздігі әуе шабуылына қарсы қорғаныстың кезекші күштері мен құралдарын тексеру үшін олардың ұшып өту жолақтарында режимдер мен қысқа мерзімді шектеулер қоюмен қамтамасыз етіледі.

      Ұстап алушы-ұшақтарға, әуедегі кезекшілік және бақылау мақсатында ұстап алуды орындау кезінде маневрлар аймақтарын ескере отырып, көлбеу және тік жазықтықтарда уақытша режим қолданылатын аудандар шекаралары айқындалады. Эшелондар аудандарында белгіленген биіктікке көтерілу және қонуға төмендеу үшін режим белгіленбейді.

      Бұл ретте әуе қозғалысының қауіпсіздігі истребитель-ұстап алушыларды тікелей басқаруды жүзеге асыратын командалық пункттер қамтамасыз етеді.

      155. Әуе трассалары мен әуеайлақтардың аудандарында (тораптық диспетчерлік аудандар) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі ескеріліп, белсенді және бейтарап кедергілерді орнату бағыттарының ауданы мен учаскелері таңдалады.

      Ескерту. 155-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      156. Уақытша режим орнатуға арналған ұсыным ӘҚБ БО-ға қызмет басталғанға дейінгі жеті тәуліктен кешіктірмей жiберiледi. Уақытша режим орнату туралы мемлекеттік органдардан немесе ұйымдардан келіп түскен, құпия мәліметтері жоқ ұсынымдарды құпия емес жеделхаттар немесе құпия емес пошта арқылы жіберуге болады.

      Ескерту. 156-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      157. Атыс өткізу, зымырандар жіберу, зымыран тасымалдағыштарды жіберу және ғарыш аппараттарын қондыру кезінде уақытша режим қоюға арналған ұсынымда мыналар көрсетіледі:

      1) өткізу күні (негізгі және қосалқы күндер), өткізілетін іс-шара сипаты;

      2) уақытша режимдердің қолданылу аудандарының шекаралары нүктелерінің орындары (географиялық координаттары көрсетілген) және географиялық координаттары немесе тұрақты ғарыш аймақтарының нөмірлері;

      3) уақытша режимнің қолданыла бастау мен аяқталу уақыты;

      4) ұшуларға тыйым салу биіктігінің ауқымы;

      5) жоспарланатын іс-шаралар туралы еркін жазылған қосымша ақпарат.

      Мемлекеттік авиацияның тұрақты ұшу аймақтарында әуе кеңiстiгiн пайдаланудың уақытша режимдерiн және қысқа мерзiмдi шектеулер қоюға арналған ұсынымда осындай аймақтың нөмiрi, ұшуға тыйым салу уақыты мен биiктiк ауқымы ғана көрсетiледi.

      Ескерту. 157-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      158. Авиацияны пайдаланып, оқу жаттығулар, әуе парадтарын өткізу, жауынгерлік қолданумен демонстрациялық және сынақтық ұшу кезінде уақытша режим белгілеуге арналған ұсыныста мыналар көрсетіледі:

      1) өткізу күні (негізгі және резервтік күндер), өткізілетін іс-шараның сипаты;

      2) режимдердің қолданылу аудандарының шекаралары нүктелерінің орындары (географиялық координаттары көрсетілген) және географиялық координаттары;

      3) уақытша режимнің қолданыла бастау мен аяқталу уақыты;

      4) әуе кемелерінің саны мен түрлері (айырмашылық болған жағдайда әрбір маршрут бойынша);

      5) ұшу жолағының ені;

      6) ерекше жағдайларда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін авиациялық жаттығулар өткізу кезіндегі резервтік эшелон;

      7) әрбір маршрутқа арналған эшелондар саны;

      8) көтерілу және төмендеу межелері;

      9) ұшу тәртібінің ұзақтығы (минутпен);

      10) ұшу тәртібіндегі биіктік ауқымының қажеттіліктері (метрмен);

      11) уақытша режимге ұсыныс әзірлеген лауазымды тұлғаның әскери шені, тегі және телефон нөмірі (ашық және жабық);

      12) жоспарланатын іс-шара туралы еркін нысандағы қосымша ақпарат.

      Ескерту. 158-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      159. Осы Қағидадағы талаптарға жауап бермейтін немесе іс-шараларды өткізу жоспарланып отырған аудандарда әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтін уақытша режимдер қоюға берілген ұсыным бойынша режим қойылмайды.

      160. Уақытша режимдер қоюға ұсынымдарды ӘҚБ Бас орталығына:

      1) Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің бас штабтары және бірлестіктер (құралымдар) штабтары;

      2) сынақтар, ұшу-зерттеу және басқа да жұмыс түрлерін өткізуді жоспарлап отырған мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынады.

      161. Қазақстан Республикасының Президенттің немесе шет мемлекеттердің басшыларын тасымалдау мақсатында әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету үшін уақытша режимдер қоюға ұсыным Аса маңызды ұшуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидасына сәйкес белгіленеді.

      162. Ғарыштық аппараттарды ұшыру және қондыру кезінде әуе кеңістігін пайдалану қауіпсіздігі ғарыштық аппаратты ұшыруды немесе қондыруды жүзеге асыратын (қамтамасыз ететін) мемлекеттік орган немесе ұйым уақытша режим орнатуға берген ұсынымдары бойынша Қазақстан Республикасының Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы әзірлейтін және енгізетін уақытша режимдерді енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 162-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      162-1. Ғарыш қызметін қамтамасыз ету кезінде уақытша режимді орнатуға арналған ұсынымды мемлекеттік орган немесе ұйым Қазақстан Республикасының Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығына ғарыш қызметі жоспарланған күнге дейін кемінде 7 тәулік қалған мерзімде ұсынады.

      Қазақстан Республикасының Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығына көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған уақытша режимдер орнатуға арналған ұсынымдар қаралмайды, бұл туралы ақпарат ұсынымды берушілерге жеткізіледі.

      Ескерту. Қағидалар 162-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      162-2. Уақытша режимді орнатуға арналған ұсынымда мыналар:

      1) өткізетін күн (негізгі және қосалқы күндер);

      2) уақытша режимдер қолданылатын аудандардың шекаралары нүктелерінің географиялық координаталары немесе тұрақты ғарыш аймақтарының нөмірлері;

      3) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кеңістігінің басқа пайдаланушылары үшін уақытша режимнің басталатын және аяқталатын уақыты;

      4) ұшуға тыйым салынатын биіктік ауқымы;

      5) ғарыш қызметін қамтамасыз ету үшін жұмылдырылатын әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттарын тарту туралы қосымша ақпарат көрсетіледі.

      Ескерту. Қағидалар 162-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      162-3. Әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделерін қамтамасыз етуді ескере отырып, әзірленеді және енгізіледі.

      Уақытша режимді енгізу мүмкін болмаған жағдайда, Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы бұл туралы ғарыш қызметі жоспарланғанға дейін кемінде 3 тәулік қалған мерзімде ұсыным берушіге хабарлайды.

      Ескерту. Қағидалар 162-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      162-4. Қазақстан Республикасының Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы уақытша режимнің қолданылу уақыты өткеннен кейін уақытша режимді алып тастайды.

      Ғарыш қызметі мерзімінен бұрын аяқталған жағдайда, ғарыш аппаратын ұшыруды немесе қондыруды жүзеге асыратын (қамтамасыз ететін) мемлекеттік орган немесе ұйым берген ақпарат бойынша орнатылған уақытша режимді тоқтатуға болады.

      Ескерту. Қағидалар 162-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      163. Қазақстан Республикасының Президенттің немесе шет мемлекеттер басшыларын тасымалдау мақсатында әуе кемесінің жедел ұшып шығуын қамтамасыз ету кезінде және уақытша режим қолданылатын ауданнан ұшып өтуі қажет болған кезде ӘҚБ БО жаттығуға (іс-шараға) басшылық етушіге әуе кемесінің ұшып өту қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған шектеулерді мәлімдейді.

      164. Шұғыл жағдайларда іздестіру іс-шараларын жүргізумен, дүлей зілзалар кезінде әуе кемелерінің көмек көрсету үшін ұшып шығуымен, басқарудан шыққан аэростаттардың ұшуларымен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлері бас қолбасшыларының өкімдерімен кенеттен тексерулер кезінде әуе кемелерінің ұшып шығумен байланысты уақытша режим мен қысқа мерзімді шектеулерді уақытша режимге алдын ала ұсынымдар бермей ӘҚБ БО белгілеуі мүмкін. Бұл жағдайда іс-шараларды ұйымдастыратын мемлекеттік органдар немесе ұйымдар ӘҚБ БО-мен олардағы әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету аудандары мен талаптарын қызмет басталғанға дейін кемінде 2 сағат бұрын келіседі.

      Ескерту. 164-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 N 417 қаулысымен.

      165. Жекелеген жағдайларда ӘҚҚ жүйелерін тексеру кезінде кенеттілік болуы үшін ұшуды қысқа мерзімді шектеу ұшуға өтінім бермей-ақ белгіленуі мүмкін. Бұл жағдайда шектеулер белгілеуге қажет деректер ұшып шыққанға дейін бір сағат бұрын (маршруттың күрделілігіне қарай) тиісті ӘҚБ орталығына мәлімделеді.

      Ескерту. 165-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      166. Мемлекеттік органдардан немесе ұйымдардан орны мен уақыты жағынан сәйкес келетін іс-шараларды уақытша режимдермен қамтамасыз етуге келіп түскен екі немесе одан көп ұсынымдар алған жағдайда ӘҚБ БО Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының рұқсатымен шешілетін міндеттердің басымдықтарына сүйене отырып, көрсетілген іс-шараларды екі тәуліктен аспайтын мерзімге кейінге ауыстырады.

      Ескерту. 166-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 N 417 қаулысымен.

      Іс-шараны кейінге шегіндіру жөнінде қабылданған шешім, дереу, ұсыным берген штабтарға немесе ведомстволарға мәлімделеді.

      167. Уақытша режимдер жобаларын Қазақстан Республикасының әуе трассаларының учаскелерінде, әуеайлақ аудандарында (тораптық диспетчерлік аудандарда) және авиациялық жұмыстар жүргізу аудандарында әуе кемелерінің ұшуына тыйым салу туралы ұсыныстарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе трассаларын және айналып ұшу маршруттарын, ұшудың қосалқы эшелондарын (биіктіктерін) жіктеу маршруттарын бөлу туралы ұсыныстарға қатысты бөліктерде ӘҚЖ БО-ның қатысуымен ӘҚБ БО әзірлейді.

      ӘҚБ БО бекіткен уақытша режим ӘҚЖ БО-ға, әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару органдарына мәлімделеді.

      ӘҚБ БО әуе жағдайына баға берген және уақытша режимді белгілеуге арналған ұсынысты талдаған соң ӘҚБ орталықтарының әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізу жолымен әуе кеңістігін пайдалануды шектеуге құқығы бар.

      Ескерту. 167-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      168. Белгіленген қысқа мерзімді шектеулер мен тыйым салуларды ӘҚБ орталығы ӘҚҚ органына жеткізеді.

      ӘҚБ орталығы ӘҚҚ органымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының әуе трассалары учаскелерінде, әуеайлақ аудандарында (тораптық диспетчерлік аудандарда) әуе кемелерінің ұшуына және авиациялық жұмыстарды орындауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе трассаларын түзететін бағыттарды, айналып ұшу бағыттарын,ұшудың қосымша эшелондарын (биіктігі) бөлу туралы ұсыныстарға тыйым салу жөнінде ұсыныстарды әзірлейді.

      Ескерту. 168-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      169. ӘҚБ БО іс-шара басшысының баяндамасы бойынша режимнің қолданылу уақыты аяқталғаннан кейін немесе уақытша режим мен шектеулер белгіленген қызметтің аяқталуына байланысты оның қолданылу уақыты аяқталғанға дейін белгіленген режимді алып тастайды.

      Қысқа мерзімді шектеулердің қолданылу уақыты аяқталғанға дейін оларды алып тастауды осы шектеулерді енгізген әуе қозғалысын басқару орталықтары жүзеге асырады.

      Ескерту. 169-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

11. Осы Қағида талаптарының сақталуын қамтамасыз ету

      170. ӘҚЖ БО мен ӘҚБ БО және ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылғандығын байқаған жағдайда бұл туралы дереу авиация саласындағы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

      171. Азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдар, ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары, өз құзыретіне сәйкес, әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын болдырмау және (немесе) тоқтату және (немесе) жолын кесуге қажет барлық шараларды қолдануға, ал әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзған әуе кеңістігін пайдаланушылар өз есебінен және (немесе) өз күшімен аталған бұзушылықты тоқтауға міндетті.

      172. Әуе кемесі белгіленген ұшу жоспарынан ауытқыған жағдайда, ӘҚҚ (ӘҚБ) органы дереу төмендегідей шаралар қолдануға міндетті:

      1) жоспарынан ауытқыған әуе кемесінің ұшып бара жатқан жерін анықтау үшін қолда бар барлық құралдарды қолдану;

      2) әуе кемесі ауытқу нәтижесінде жауапкершілік ауданына кірген немесе кіруі мүмкін шектес ӘҚҚ (ӘҚБ) органын ақпараттандыру.

      173. Әуе кемесінің ұшып бара жатқан жері анықталған кезде, ӘҚҚ (ӘҚБ) органы әуе кемесінің экипажына оның ұшып бара жатқан жерін және орындалуы тиіс түзету әрекеттерін хабарлайды.

      174. Әуе кеңістігіндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзған немесе Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің өзге де бұзылуына жол берген әуе кемесі тәртіп бұзушы-әуе кемесі деп танылып, ӘҚҚ және/немесе ӘҚБ органдарының талаптарын орындамаған жағдайда мәжбүрлі түрде қондырылады.

      Қону туралы бұйрық алған тәртіп бұзушы-әуе кемесі дереу аталған жерге қонуы тиіс.

      175. Әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылғанын байқаған мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның тағайындалған құрылымдық бөлімшесі "Режим" сигналын береді, бұл сигнал ұшуды орындауға қатысты, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзуды тоқтату туралы талапты білдіреді. Бұл шешім ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарына хабарланып, олар әуе кемесінің экипажына орындалуы тиіс түзету әрекеттерін хабарлайды.

      176. Ерекше жағдайларда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы бұзылған кезде немесе тәртіп бұзушы-әуе кемесі ӘҚҚ және/немесе ӘҚБ органдарының талаптарын орындамаған жағдайда немесе Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қару-жарақтары мен ұрыс техникасын тәртіп бұзушы-әуе кемесіне қолданған жағдайда, сондай-ақ әуе кеңістігінде танылмаған әуе кемелері мен материалдық объектілер пайда болған жағдайда, мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның тағайындалған құрылымдық бөлімшелері "Кілем" сигналын береді, бұл сигнал тәртіп бұзушы-әуе кемелерімен күресу үшін тартылған және іздестіру-құтқару тапсырмаларын орындайтын әуе кемелерінен басқа, әуедегі барлық әуе кемелерін дереу қондыру немесе осы ауданнан шығару туралы талапты білдіреді.

      Бұл шешім ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарына хабарланып, олар әуе кемелерін қауіпті ауданнан шығару (оларды қондыру) бойынша шаралар қолданады.

      177. Тәртіп бұзушы әуе кемесінің экипажы ӘҚҚ (ӘҚБ) органының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзуды тоқтату туралы бұйрығын орындамаған жағдайда, мұндай ақпарат дереу мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның назарына жеткізіледі.

      Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган тәртіп бұзушы әуе кемесіне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне Қару-жарақ және ұрыс техникасын қолдану қағидаларына сәйкес шаралар қолданады.

11-1. Азаматтық әуе кемелерін ұстап қалу

      Ескерту. Қағида 11-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.08.2019 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      177-1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мынадай қағидаттар қабылданған:

      1) азаматтық әуе кемелерін ұстап қалу тек соңғы шара ретінде қолданылады;

      2) ұстап қалу жүзеге асырылған жағдайда, егер әуе кемесін:

      берілген жол сызығына қайтару қажет болмаса;

      мемлекеттің әуе кеңістігінен тыс шығарса;

      ұшу тыйым салынған аймақтан, оны шектеу аймағынан немесе қауіпті аймақтан басқа жаққа бағыттаса; немесе осы әуе кемесіне көрсетілген әуеайлаққа қонуды бұйырса, ол танумен шектеледі;

      3) оқу-жаттығу мақсаттарындағы азаматтық әуе кемелері ұстауға жатпайды;

      4) радиобайланыс орнату мүмкін болған жағдайда, ұстап қалынатын азаматтық әуе кемесіне радиотелефон бойынша ұшу бағытына қатысты нұсқау және тиісті ақпарат беріледі;

      5) ұстап қалынатын әуе кемесінен өзі ұшып өтіп бара жатқан аумаққа қону талап етілген жағдайларда, қону үшін көрсетілген әуеайлақ осы типтегі әуе кемесінің қауіпсіз қонуын қамтамасыз ету үшін жарамды болып табылады.

      177-2. Ұстап қалуға байланысты қауіпті салдарды жою немесе азайту үшін экипаждар мен тиісті ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары арасындағы іс-қимылды үйлестіруді қамтамасыз ету үшін барлық ықтимал шаралар қолданылады, ол үшін:

      1) ұшу экипаждарының мүшелері ұстап қалу кезінде орындалатын іс-қимыл тәртібін білуі қажет;

      2) әуе кемелерінің командирлері ұстап қалушы әуе кемесімен 121,5 МГц жиілігінде байланыс орнатады және ұстап қалу қағидаларына қатысты әрекеттерді орындайды;

      3) ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының диспетчерлері басқа әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орындалатын іс-қимыл тәртібін білуі қажет;

      4) мемлекеттік авиацияның ұстап қалушы әуе кемелерінің ұшқыштары азаматтық әуе кемелерінің ұшу-техникалық сипаттамаларының жалпы шектеулерін және ұстап қалынатын азаматтық әуе кемесінің бортында техникалық қиындықтарға немесе заңсыз араласуға байланысты авариялық немесе төтенше жағдайдың туындау ықтималдығы туралы білуі қажет;

      5) жойғыш-ұстап қалғыш ұшақтарды тікелей басқаруды жүзеге асыратын командалық пункттерге (бұдан әрі – командалық пункттер) және ұстап қалуды орындауға әлеуетті мүмкіндігі бар әуе кемелерінің командирлеріне (ұшқыштарға) ұстап қалу маневрі, ұстап қалынатын әуе кемелерінің ұшу бағыты, ұстап қалынатын азаматтық әуе кемелеріне қатысты көзбен шолу сигналдары бойынша іс-қимылдар, радиобайланыс жүргізу, қаруды қолданудан бас тарту қажеттілігі жөнінде нақты және анық нұсқаулар беріледі;

      6) ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары, командалық пункттер және мемлекеттік авиацияның ұстап қалатын әуе кемесі 121,5 МГц авариялық жиілікте ұстап қалынатын әуе кемелерімен байланыс орнату мүмкіндігін қамтамасыз ететін радиотелефон жабдықтарымен, ҚР ҚК ӘҚК МКК (ҚР ҚК ӘҚК КП) олар ұстап қалынуы мүмкін аудандарда азаматтық әуе кемелерін тану мақсатында ҚШРЛ (екінші радиолокация) құралдарымен жарақтандырылады. Мұндай құралдар "А" режимінде № 7500, 7600 және 7700 дискретті төрт таңбалы кодтарын тануды қамтамасыз етеді.

      177-3. Ұстап қалынатын азаматтық әуе кемесінен өзі ұшып өтіп бара жатқан аумаққа қону талап етілетін ерекше жағдайларда мынадай шарттарды орындау қажет:

      1) көрсетілген әуеайлақ, әсіресе әуеайлақты, әдетте азаматтық әуе кемелері пайдаланбайтын жағдайларда, әуе кемесінің осы үлгісін қауіпсіз қондыру үшін жарамды;

      2) әуеайлақ аймағының қоршаған жері шеңбер бойынша ұшу, қонуға кіру және екінші айналымға кету үшін жарамды;

      3) ұстап қалынатын әуе кемесінің қону әуеайлағына бару үшін жеткілікті отын қоры (қалдығы) болады;

      4) көрсетілген әуеайлақ Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағында сипатталған;

      5) ұстап қалынатын әуе кемесінің қонуға қауіпсіз кіруін және қонуын орындау үшін қажетті барлық ақпарат оған барлық қолжетімді арналарда радиобайланыс бойынша бортқа беріледі.

      177-4. ӘҚҚ (ӘҚБ) органы өзінің жауапкершілік ауданында әуе кемесін ұстап қалуды жүзеге асыру туралы ақпарат алған кезде ол осы шарттарды негізге ала отырып, төменде көрсетілген шараларды қабылдайды:

      1) егер мұндай байланыс әлі орнатылмаған болса, 121,5 МГц авариялық радиожиілікті қоса алғанда, қолда бар барлық құралдарды пайдалана отырып, ұстап қалынатын әуе кемесімен екі жақты байланыс орнатуға әрекет жасайды;

      2) ұстап қалынатын әуе кемесінің экипажын ұстап қалу туралы хабардар етеді;

      3) ұстап қалынатын әуе кемесімен екі жақты байланысты қолдайтын командалық пунктпен байланыс орнатады және оны ұстап қалынатын әуе кемесі туралы қолда бар ақпаратпен қамтамасыз етеді;

      4) қажет болған жағдайда ұстап қалатын әуе кемесі немесе командалық пункт пен ұстап қалынатын әуе кемесі арасындағы хабарламаларды ретрансляциялайды;

      5) командалық пунктпен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, ұстап қалынатын әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.

      177-5. Ұстап қалынатын әуе кемесінің командирі:

      1) визуалды сигналдардың мағынасын интерпретациялау арқылы ұстап қалатын әуе кемесінің нұсқауларын (осы Қағидаларға 8-1-қосымшада көрсетілген) орындайды және ұстап қалушының талаптарына сәйкес оларға жауап береді;

      2) мүмкіндігінше ӘҚҚ (ӘҚБ) тиісті органын хабардар етеді;

      3) 121,5 МГц авариялық жиіліктегі жалпы шақыру сигналын беру жолымен ұстап қалатын әуе кемесімен немесе тиісті командалық пунктпен радиобайланыс орнатады;

      4) өзінің шақыру белгісін атайды;

      5) ұшудың мақсаты туралы хабарлайды;

      6) егер байланыс орнатылмаса, 243 МГц жиіліктегі радиотелефон режимінде қайта қоңырау шалу арқылы байланыс орнатуға әрекет жасайды;

      7) теңіз қызметтерінен көмек сұраған кезде 500 кГц немесе 2182 және 8364 кГц жиіліктердегі радиотелефон режимінде байланыс орнатады;

      8) бортта ЕШРЛ қабылдағыш-жауап бергіш болған жағдайда, егер тиісті ӘҚҚ (ӘҚБ) органы тарапынан басқа нұсқаулар берілмесе, "А" режимінде 7700 кодын тереді.

      177-6. Егер радио арқылы кез келген көздерден алынған нұсқаулар визуалды сигналдарының көмегімен берілетін ұстап алатын әуе кемесінің нұсқауларына қайшы келсе, ұстап қалынатын әуе кемесі ұстап қалушы визуалды беретін нұсқауларды орындауды жалғастыра отырып, дереу түсіндіруді сұрайды.

      177-7. Ұстап қалушылардың және ұстап қалынатын әуе кемелерінің экипаждары визуалды сигналдар қағидаларын ұстанады, оларды түсінеді және ұстап қалынатын әуе кемесі беретін оның авариялық жағдайға тап болғанын көрсететін кез келген сигналдарға ерекше назар аударады.

      177-8. Егер ұстап қалушымен байланыс орнатылса және ортақ тілде байланысты жүзеге асыру мүмкін болмаса, осы Қағидаға 8-1-қосымшада көрсетілген екі мәрте қайталанатын фразаларды пайдалану арқылы негізгі ақпаратты беруге және нұсқаулардың қабылданғанын растауға әрекет жасалады.

12. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын тексеру және есепке алу

      178. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын тексеру және есепке алуды өз құзыреті шегінде азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдар жүргізеді.

      Әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің анықталған бұзушылықтар есебі арнайы журналдарда жүргізіледі.

      179. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің әрбір бұзылу жағдайы бойынша бұзылу себебін анықтау және оларды ескерту жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында тексеру жүргізіледі.

      180. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын тексеруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган шешімімен құрылған комиссия жүргізеді.

      Авиацияның сан алуан түріндегі әуе кемелері жұмылдырылған Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын тексеруді азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдардың бірлескен комиссиялары жүргізеді.

      181. Комиссия құрамына уәкілетті органның, ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының және әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуына жол берген әуе кемесін пайдаланушының (әуе кемесін пайдаланушы ұйымның) өкілдері қосылады.

      182. Әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын тексеру оны есепке алған күнінен бастап екі айға жетпейтін мерзім ішінде жүргізіледі.

      183. Әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын тексеру нәтижелері бойынша есеп жасалады.

      Есепте:

      1) әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуы туралы нақты ақпарат;

      2) әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуына ықпал еткен себептердің талдамасы;

      3) әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын болдырмау немесе оның салдарларын азайту жөніндегі ұсынымдар болуы тиіс.

      Есепке комиссия мүшелері қол қойып, оны авиация саласындағы тиісті уәкілетті органның басшысы бекітеді. Комиссия мүшесі тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, өз пікірін жазбаша түрде баяндауға құқылы, ол есепке жеке қосымша ретінде қосылады. Комиссия мүшесі есепке қол қоюдан бас тартқан жағдайда, комиссия есепке тиісті белгі, қояды.

      184. Егер есеп нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалса, онда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган) әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жазалау шараларын қолданады.

      185. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылу себептерін анықтағаннан кейін әуе кемесінің ұшуды әрі қарай орындауына (әуе кеңістігін пайдаланумен байланысты әрекетті жүзеге асыруға) рұқсат беру туралы шешімді азаматтық немесе мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдардың лауазымды тұлғалары қабылдайды.

      Ескерту. 185-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      186. Мүдделі мемлекеттік органдар, әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің қайталап бұзылуын ескерту мақсатында Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуына жасалған тексерулер нәтижелері бойынша іс-шаралар әзірлейді.

  Қазақстан Республикасының
әуе кеңістігін пайдалану
қағидасына 1-қосымша

ӘҚҚ маршруттарын белгілеуге арналған индекстерді беру жүйесі
1. ӘҚҚ маршруттарын белгілеуге арналған индекстер

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


  Қазақстан Республикасының
әуе кеңістігін пайдалану қағидасына
2-қосымша

Қызмет көрсетуге ұсынылатын әуе кеңістігінің класы және ұшуды орындауға қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-кесте

Қызмет көрсетуді ұсынатын әуе кеңістігінің сыныптары және ұшуды орындауға қойылатын талаптар

Әуе кеңістігінің сыныптары

Қолданы-латын ұшу қағида-лары

Эшелондау

Қызмет көрсету

Радиобайланысқа қойылатын талаптар

Диспетчерлік рұқсаттауға қажеттілік

1
 
 
 

2

3

4

5

6

А

АҰҚ бойынша

Барлық әуе кемелері

Диспетчерлік қызмет көрсету

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

Иә

В

АҰҚ бойынша

Барлық әуе кемелері

Диспетчерлік қызмет көрсету

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

Иә

ВҰҚ бойынша

Барлық әуе кемелері

Диспетчерлік қызмет көрсету

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

Иә

С

АҰҚ бойынша

АҰҚ-ға қатысты АҰҚ
ВҰҚ-ға қатысты ВҰҚ
 

Диспетчерлік қызмет көрсету

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

Иә

ВҰҚ бойынша

АҰҚ-ға қатысты ВҰҚ
 

Диспетчерлік қызмет көрсету
ВҰҚ/ ВҰҚ қозғалысы туралы ақпарат (сұрау салу бойынша соқтығысуды болдырмау жөніндегі ұсыныс)

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

Иә

D

АҰҚ бойынша

АҰҚ-ға қатысты АҰҚ
 

Диспетчерлік қызмет көрсету
ВҰҚ қозғалысы туралы ақпарат (сұрау салу бойынша соқтығысуды болдырмау жөніндегі ұсыныс)

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

Иә

ВҰҚ бойынша

Жүргізілмейді

АҰҚ / ВҰҚ және ВҰҚ / ВҰҚ қозғалысы туралы ақпарат (сұрау салу бойынша соқтығысуды болдырмау жөніндегі ұсыныс)

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

Иә

Е

АҰҚ бойынша

АҰҚ -ға қатысты АҰҚ
 

Диспетчерлік қызмет көрсету және мүмкіндігінше ВҰҚ қозғалысы туралы ақпарат

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

Иә

ВҰҚ бойынша

Жүргізілмейді

Мүмкіндігінше қозғалыс туралы ақпарат

Жоқ, RMZ аймағын қоспағанда

Жоқ

G

АҰҚ бойынша

Жүргізілмейді

Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

Жоқ

ВҰҚ бойынша

Жүргізілмейді

Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету

Жоқ, RMZ аймағын қоспағанда

Жоқ

      Ескертпе: әуе кеңістігінің әрбір сыныбында жылдамдықты, ұшу кезіндегі көріністі шектеуге және бұлттарға дейінгі қашықтыққа қойылатын талаптар авиацияның тиісті салаларындағы ұшуды жүргізу қағидаларымен айқындалады.

  Қазақстан Республикасының
әуе кеңістігін пайдалану қағидасына
3-қосымша

Әуе кемелерінің қозғалысы және әуе кеңістігін пайдаланумен
байланысты қызметті жүргізу туралы
хабарлама түрлері

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.10.2017 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Р/с

Хабарлама атауы

Авиациялық тіркелген байланыс желісі бойынша берілетін хабарламаның шұғылдық сериясы

Беру мерзімі

Кім хабарлайды

Кімге хабарланады

Қазақстан Республикасындағы ішкі ұшулар бойынша

Қазақстан Республикасынан тыс орындалатын халықаралық ұшулар бойынша

1

2

3

4

5

6

7

1.

ӘК пайдаланушының (командирінің) хабарламасы

1.1

РПЛ - қайталанатын ұшу жоспары (RPL – Repetitive Flight plan) –

ЛЛ

Ұшу басталғанға дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей

ӘК пайдаланушы

ӘҚЖ БО

ӘҚЖ БО

Ұшудың қайталанатын жоспарларының (RPL) "Q" тармағында RVSM-нен ұшуға рұқсаты бар әуе кемелері эшелондарында RVSM әуе кеңістігі(нде)/арқылы 290-нан 410-ды қоса алғанға дейін ұшуды орындау кезінде, "EQPT/W" форматы көрсетіледі. 280 және одан жоғары эшелонға сәйкес RVSM-мен ұшуға рұқсаты жоқ және ұшудың шекті пайдаланылатын биіктіктерімен және ӘК үшін сұратылып отырған эшелонға қарамастан "EQPT/" форматы көрсетіледі.

1.2

ЦХГ - өзгеріс (Change немесе Modification – CHG). Тұрақты сипаттағы өзгерістер туралы хабарлама бұрын берілген RPL деректерінде қамтылған (RPL) негізгі ұшу жоспарының деректеріне қандай да бір өзгеріс енгізу керек болған жағдайда беріледі

ЛЛ

Ұшу басталғанға дейін күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей

ӘК пайдаланушы

1. ӘҚЖ БО

2. ӘҚЖ БО

1.3

ФПЛ – кесте бойынша тұрақты рейстерге;
кесте бойынша қосымша және алдыңғы тәуліктен ауыстырылған рейстерге;
авиациялық жұмыстар бойынша ұшуларға; бақыланбайтын әуе кеңістігіндегі ұшуларға;
шекара жолағындағы ұшуларға ұсынылған ұшу жоспары (Filed flight plan – FPL).
ФПЛ – пилотсыз ұшу аппараттарына, басқарылатын аэростаттарға, дирижабльдерге ұсынылатын ұшу жоспары (Filed flight plan – FPL)

ФФ

Кесте (жоспар) бойынша ұшар алдында 60 минуттан және 120 сағаттан кем емес;
IFPS-ға/арқылы ұшу бойынша – 3 сағаттан кешіктірмей
 
 
 
 
 
 
Ұшар алдында үш сағат бұрын

Пайдалану-шы ӘК (командирі)

Брифинг

Брифинг

ФПЛ (FPL) ұшу жоспары 24 сағаттан көп бұрын ұсынылған кезде "Басқа ақпарат" деген 18-жолда КҮНІ / және әуе кемесінің ұшатын күні көрсетіледі, мысалы: күні/2205.
RVSM әуе кеңістігіне / әуе кеңістігі арқылы азаматтық әуе кемелері 290 бастап 410 қоса алғанға дейінгі эшелондарда ұшуды орындаған кезде:
1) RVSM–мен ұшуға рұқсаттары бар, (FPL) ұшу жоспарларында "Жабдық" деген 10-жолда "W" әрпі көрсетіледі, "Бағыт" деген 15-жолда:
RVSM әуе кеңістігі көлденең шекарасының шегіне кірген пункті және RVSM пунктіне кірген соң бірден басталатын бағыт учаскесі үшін сұралған ұшу эшелоны;
RVSM әуе кеңістігі көлденең шекарасының шегінен шығу пункті және RVSM пунктінен шыққан соң тікелей басталатын бағыт учаскесі үшін сұралған ұшу эшелоны көрсетіледі;
2) RVSM–мен ұшуға рұқсаты жоқ, (FPL) ұшу жоспарында ұшып шығатын және белгіленген әуеайлағы RVSM әуе кеңістігі көлденең шекарасы шегінен тыс орналасқан жағдайда "Бағыт" деген 15-жолда:
RVSM әуе кеңістігі көлденең шекарасы шегіне кіру пункті және кіру пунктінен кейін бірден басталатын бағыттың учаскесі үшін 290 эшелонынан төмен немесе 410 эшелонынан жоғары сұралатын ұшу эшелоны;
RVSM әуе кеңістігі көлденең шекарасы шегінен шығу пункті және шығу нүктесінен кейін бірден басталатын бағыт учаскесі үшін сұралатын ұшу эшелоны көрсетіледі.
Белгіленген әуеайлақ RVSM әуе кеңістігі көлденең шекарасы шегінде орналасқан жағдайда RVSM әуе кеңістігі көлденең шекарасы шегіне кіру пункті және 290-нан төмен сұралатын ұшу эшелоны көрсетіледі.

1.4

ДЛА – кешігу (Delay - DLA). Хабарлама әуе кемесінің ұшып шығуы оған қатысты ұшу жоспарының (FPL) негізгі деректері беріліп, кесте (жоспар) бойынша есептелген ұшып шығу уақытынан 30-дан астам минутқа кешіктірілген жағдайда беріледі.

ФФ

Күтіліп отырған кешіктірілу 30 мин және одан да көп болған кезде ӘК-нің кесте (жоспар) бойынша ұшып шығу уақытынан 30 минут кешіктірмей

ӘК пайдаланушы (командир).

Брифинг

Брифинг

1.5

ЦХГ - өзгеріс (Change немесе Modification – CHG). Хабарлама ұшу жоспарының бұран берілген FPL деректерінде қамтылған ұшу жоспарының негізгі деректеріне қандай да бір біржолғы өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда беріледі.
Хабарлама осы өзгеріс оларға қатысты болатын ұшу жоспарының негізгі деректерді алушыларына жіберіледі. Ұшу жоспарының тиісті өзгертілген негізгі деректері бұл өзгеріске қатысты болатын, бірақ мұндай ақпаратты алмаған тараптарға беріледі.

ФФ

Ұшу жоспарында көрсетілген кесте (жоспар) бойынша ӘК-нің есептелген ұшып шығу уақытына дейін 30 минуттан кешіктірмей (RPL немесе FPL)

ӘК пайдаланушы (командир).

Брифинг

Брифинг

1.6

ЦНЛ - ұшуды тоқтату (Cancel - CNL). Хабарлама оған қатысты ұшу жоспарының негізгі деректері (FPL) бұрын таратылған ұшу тоқтатылған жағдайда беріледі.

ФФ

Жоспар бойынша ӘК ұшып шығу уақытынан кешіктірмей

ӘК пайдаланушы (командир).

Брифинг

Брифинг

1.7.

СПЛ - Қосымша ұшу жоспары (Supplementary flight plan – SPL). Хабарлама CPL немесе FPL хабарламасында бұрын берілгеннен басқа қосымша ақпарат сұранымы (RQS) түскен кезде беріледі

ФФ

Сұраным түскен кезде

ӘК пайдаланушы (командир).

Брифинг

Брифинг

1.8

АФИЛ үлгідегі ФПЛ - ӘК бортынан ұшу жоспары (AFIL)

ФФ

Әуе трассасына шығар алдында 10 минуттан кешіктірілмей

ӘК пайдалану-шы
(командирі)

1. ӘК орналас-қан жері бойынша АДО (АДП), ӘДО (ӘАДП)
2. Орналас-қан жері бойынша ЖДП

1. ӘК орналас-қан жері бойынша АДО (АДП), ӘДО (ӘАДП)
2. Орналас-қан жері бойынша ЖДП

1.9

СВР – тұрақты рейстің біржолғы өзгерісін келісу (рейстерді біріктіру, қону пункттерін өзгерту, ӘК түрлерін ауыстыру)

ФФ

ӘК-нің кесте бойынша есептелген ұшып шығу уақытына дейін екі сағаттан кешіктірмей

ӘК пайдаланушы (командир).

1. Ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ;
2. Ұшу және қону әуеайлағының брифингі.

1. ҚР-дағы ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ;
2. ҚР-дағы ұшу және қону әуеайлағының брифингі

1.10

АЛР – авиациялық оқиға, оқыс жағдай туралы алғашқы хабарлама, сондай-ақ бақыланбайтын әуе кеңістігінде ӘК қауіпсіздігіне, экипажға және жолаушыларға қауіп төніп тұрғандығы туралы кез келген ақпарат

CC

Мәліметтерді алғаннан, фактіні анықтағаннан кейін дереу

ӘК пайдаланушы (командир).

1. ӘҚЖ БО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган.

3. ӘҚЖ БО;
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган.

2

Брифинг хабарламалары

2.1

АЛР – Авариялық хабарлау (Alerting - ALR). Авариялық хабарлауға қатысты хабарлама ӘҚҰ органы әуе кемесі авариялық жағдайда деп есептеген уақытта беріледі. Төмендегі үш кезеңнің біреуі көрсетіледі:
Апатқа ұшырау кезеңі - DЕТRЕSFА
Дабыл кезеңі – АLЕRFА
Белгісіздік кезеңі – INСЕRFА

СС
CC
CC

Мәліметтерді алғаннан, фактіні анықтағаннан кейін дереу

Брифинг

1. ӘҚЖ БО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
3. ӘҚҚ әскери органы (тек авиациялық оқиға);
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО.

1. ӘҚЖ БО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
3. ӘҚҚ әскери органы (тек авиациялық оқиға);
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО.

2.2

РЦФ – радиобайланыстың істен шығуы (Radiocommunication failure - RCF), хабарлама ӘҚҰ органына оның ауданында ұшуды орындайтын әуе кемесінде радио байланыстың істен шығуы орын алғандығы белгілі болған жағдайда беріледі

СС

Хабарламаны алғаннан кейін дереу

Брифинг

1. ӘКҰ БО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
3. АДО (РДП) ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша;
4. Маршрут бойынша ЖДП;
5. Ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша қону әуеайлақтарының брифингі;
6. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
7. ӘҚҚ әскери органы.

1. ӘКҰ БО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
3. АДО (РДП) ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша;
4. Маршрут бойынша ЖДП;
5. Ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша қону әуеайлақтарының брифингі;
6. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
7. ӘҚҚ әскери органы.

2.3.

АНВ- ANV– азаматтық авиация қызметіне заңсыз қол сұғу актісі

СС

Мәліметтерді алғаннан, фактіні анықтағаннан кейін дереу

Брифинг

1. ӘКҰ БО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
3. ӘҚҚ әскери органы.
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

1. ӘКҰ БО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
3. ӘҚҚ әскери органы.
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

2.4.

АНП- ANP- әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу

СС

Мәліметтерді алғаннан, фактіні анықтағаннан кейін дереу

Брифинг

1. ӘКҰ БО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
3. ӘҚҚ әскери органы.
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

1. ӘКҰ БО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
3. ӘҚҚ әскери органы.
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

2.5

ФПЛ – тұрақты емес ұшуларға;
кесте бойынша тұрақты рейстерге;
кесте бойынша және алдыңғы тәуліктен ауыстырылған рейстерге;
авиациялық жұмыстар бойынша ұшуларға;
бақыланбайтын әуе кеңістігіндегі ұшуларға;
Шекара маңындағы жолақтағы ұшуларға ұсынылған ұшу жоспары (Filed flight plan – FPL);
ФПЛ – пилотсыз ұшатын әуе кемелерінің, басқарылатын аэростаттардың, дирижабльдердің ұшуларына ұшу жоспары (Filed flight plan – FPL).

ФФ

Кесте (жоспар) бойынша жүрер алдында 60 минуттан және 120 сағаттан кем емес;
IFPS - арқылы ұшу бойынша 3 сағаттан кешіктірмей
 
 
 
 
 
 
 
 
Ұшар алдында үш сағат бұрын

ӘК ұшатын әуеайлақ брифингі

1. ӘҚЖ БО;
2. Бірінші қону әуеайла-ғының брифин-гі;
3. Әуежай-дың ӘДҚ ұшуы және бірінші қонуы;
4. ӘҚК әскери органы;
5. ӘҚБ БО (авиация-лық жұмыстар бойынша, шекара маңын-дағы жолақпен ұшуы, бақылан-байтын әуе кеңісті-гінде ұшу, азаматтық авиация ӘК, қашық-тықтан басқара-тын әуе кемеле-рінің, аэростат-тар мен дирижабльдердің ұшуы);
6. Ұшу бағыты бойынша қонатын орнына дейін ЖДП;
7. АДО (АДП) бірінші қонатын әуеайлақ-қа дейін

1. ӘҚЖ БО;
2. ҚР бірінші қонатын әуеайлақ брифингі;
3. Әуежай-дың ӘДҚ ұшуы және ҚР бірінші қонуы;
4. ӘҚК әскери органы;
5. ӘҚБ БО (авиация-лық жұмыстар бойынша, шекара маңын-дағы жолақпен ұшуы, бақылан-байтын әуе кеңісті-гінде ұшу, азаматтық авиация ӘК, қашық-тықтан басқара-тын әуе кемеле-рінің, аэростат-тар мен дирижабльдердің ұшуы);
6. Ұшу бағыты бойынша қонатын орнына дейін ЖДП;
7. АДО (АДП) ҚР бірінші қонатын әуеайлақ-қа дейін;
8. АИП сәйкес мемлекет-тер мекен-жайла-рына ұшу бағыты бойынша (IFPS аймағына кіретін-дерді қоспаған-да)

ФПЛ (FPL) ұшу жоспарын 24 сағаттан бұрын ұсынған жағдайда "Өзге ақпарат" деген 18-жолда КҮНІ/және әуе кемесінің ұшу күні көрсетіледі, мысалы КҮНІ/2205

2.6

ДЛА – кешігу (Delay - DLA). Хабарлама ұшу жоспарының негізгі деректері оларға қатысты (FPL) берілген әуе кемесінің ұшуы кешіккен жағдайда беріледі

ФФ

Күтіліп отырған кешіктірілу 30 мин және одан да көп болған кезде ӘК-нің кесте (жоспар) бойынша ұшып шығу уақытынан кешіктірмей

ӘК ұшып шығу әуеайлағының брифингі

ӘҚЖ БО;
2. Ұшу маршруты бойынша ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3. Ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ-сы;
4. Мемлекеттік ӘК-нің ӘҚБ БО;
5. ӘҚҚ әскери органы

1. ӘҚЖ БО;
2. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3. ҚР-дағы ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ;
4. Мемлекеттік ӘК-нің ӘҚБ БО;
5. ӘҚҚ әскери органы;
6. Мемлекеттер ААЖ сәйкес ұшу маршруты бойынша мекенжайлар (IFPS аймағына кіретіндерден басқа)

2.7

ЦХГ - өзгеріс (Change немесе Modification – CHG). Хабарлама ұшу жоспарының бұрын берілген деректерінде қамтылған негізгі деректерге қандай да бір біржолғы өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда беріледі (FPL). Хабарлама осы өзгеріс қатысты болып табылатын ұшу жоспарының негізгі деректерін алушыларға жіберіледі. Ұшу жоспарының тиісті өзгертілген негізгі деректері (FPL) осы өзгерістер оларға қатысты болған, бірақ бұрын осындай ақпарат алмаған тараптарға беріледі. ЦНЛ – ұшуды тоқтату (Cancel - CNL). Хабарлама оған қатысты ұшу жоспарының негізгі деректері (RPL немесе FPL) бұрын таратылған ұшу тоқтатылған жағдайда беріледі

ФФ

ДЛА белгіленген уақытында немесе одан ерте болған кезде ӘК-нің кесте (жоспар) бойынша ұшып шығу уақытына дейін 30 минуттан кешіктірмей

Ұшып шығу әуеайлағының брифингі

1. ӘҚЖ БО;
2. Ұшу маршруты бойынша ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3. Ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ-сы;
4. Мемлекеттік ӘК-нің ӘҚБ БО;
5. ӘҚҚ әскери органы;
6. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП)

1. ӘҚЖ БО;
2. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3. ҚР-дағы ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ-сы;
4. Мемлекеттік ӘК-нің ӘҚБ БО;
5. ӘҚҚ әскери органы;
6. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП).
7. Мемлекеттер ААЖ сәйкес ұшу маршруты бойынша мекенжайлар (IFPS аймағына кіретіндерден басқа)

2.8

ДЕП - әуе кемесінің ұшып шығуы (Departure - DEP). Хабарлама бұдан бұрын ұшу жоспарының (RPL немесе FPL) негізгі деректері таратылған әуе кемесіне қатысты беріледі

ФФ

ӘК ұшуына дейін 5 минуттан кешіктірмей

Ұшып шығу әуеайлағының брифингі

1. ӘҚЖ БО;
2. Ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақ бойынша бірінші қону әуеайлағына дейін АДО (АДП).
3. Бірінші қону пунктіне дейінгі ұшу маршруты бойынша ЖДП.
4. Ұшу маршруты бойынша бірінші қону әуеайлағының брифингі;
5. ӘҚҚ әскери органы.

1. ӘҚЖ БО;
2. Ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақ бойынша ҚР-дағы бірінші қону әуеайлағына дейін АДО (АДП).
3. ҚР-дағы бірінші қону пунктіне дейінгі ұшу маршруты бойынша ЖДП.
4. Ұшу маршруты бойынша ҚР-дағы бірінші қону әуеайлағының брифингі;
5. ӘҚҚ әскери органы.
6. Мемлекеттер ААЖ сәйкес ұшу маршруты бойынша мекенжайлар (IFPS аймағына кіретіндерден басқа)

2.9

АРР – Келіп жету (Arrival – ARR). Хабарлама ӘК келіп жету әуеайлағына, қосалқы немесе басқа әуеайлаққа қонуды орындаған жағдайда беріледі.

ГГ

ӘК қонғаннан кейін 5 минуттан кешіктірмей

Қону әуеайлағының брифингі

1. ӘҚЖ БО;
2. Ұшып шығу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3. ӘҚҚ әскери органы.

1. ӘҚЖ БО;
2. Ұшып шығу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3. ӘҚҚ әскери органы;
4. Мемлекеттер ААЖ сәйкес ұшу маршруты бойынша мекенжайлар (IFPS аймағына кіретіндерден басқа)

2.10

ЦПЛ – Ағымдағы ұшу жоспары (Current flight plan – CPL). Кейінгі диспетчерлік рұқсатнамаларға негізделген ықтималды өзгерістерді қоса алғандағы, (әуеайлақ ауданында ӘК қосалқы әуеайлаққа кетуі) ұшу жоспары
 

ФФ

Маневр басталғаннан кейін 3 минуттан кешіктірмей

Брифинг

1. ӘҚЖ БО;
2. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП).
3. Ұшу маршруты бойынша ЖДП;
4. ӘҚҚ әскери органы;
5. Ұшу және қону әуежайының брифингі, ӘДҚ-сы;
6. ӘК бағытталған әуежайдың брифинг, ӘДҚ-сы.

1. ӘҚЖ БО;
2. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша АДО (АДП).
3. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша ЖДП;
4. ӘҚҚ әскери органы.
5. ҚР-дағы ұшу және қону әуежайының брифингі, ӘДҚ брифингі;
6. ҚР-дағы шегінен тыс ӘК бағытталған әуежайдың брифингі

2.11

АПЗ - метеожағдайларды қоспағанда, әуеайлақта ӘК-ні қабылдауды шектеу, тоқтату (ұзарту)

ФФ

Әуежайдың ӘДҚ-дан келіп түскен ақпаратқа сәйкес шектеудің басталуына дейін 2 сағаттан кешіктірмей, ал ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндірген ерекше жағдайларда дереу

Брифинг

1. ӘҚЖ БО;
2. NOTAM-офис;
3. АДО (АДП).
4. ЖДП;
5. Брифинг.

1. ӘҚЖ БО;
2. NOTAM-офис;
3. ҚР-дағы АДО (АДП);
4. ҚР-дағы ЖДП;
5. ҚР-дағы брифингі.

2.12

АПВ – бұрын жабылған әуеайлаққа ӘК қабылдауды қайта бастау

ФФ

Шешім қабылданғаннан кейін дереу

Брифинг

1. ӘҚЖ БО;
2. NOTAM-офис;
3. АДО (АДП);
4. ЖДП;
5. Брифинг.

1. ӘҚЖ БО;
2. NOTAM-офис;
3. ҚР-дағы АДО (АДП);
4. ҚР-дағы ЖДП;
5. ҚР-дағы брифингі.

3.

АДО (АДП) хабарламалары

3.1

ЕСТ - есептік деректер (Estimate – EST). Ұшу жоспарының (FPL) негізгі деректері берілген жағдайда EST хабарламасы әр АДП немесе ұшу ақпараты орталығы ұшу маршруты бойынша келесі АДП немесе ұшу ақпараты орталығына береді

ФФ

ӘҚҰ тарату нүктесіне ұшуға дейін 10 минуттан кешіктірмей, бірақ 30 минуттан бұрын емес

АДО (АДП)

1. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП)

1. Шекаралас мемлекеттің ӘҚБ органы

3.2

ЦДН - Үйлестіру (Coordination – CDN). Хабарламаны қабылдаушы орган жіберуші органға біріншісі бұдан бұрын алынған CPL немесе EST хабарламаларында қамтылған, үйлестіруге қатысты деректерге өзгерістерді енгізуді ұсынған жағдайда, үйлестіру сұхбатының барысында жібереді

ФФ

ӘҚҰ беру нүктесіне ұшуға дейін 10 минуттан кешіктірмей

АДО (АДП)

1. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП)

1. Шекаралас мемлекеттің ӘҚБ органы

3.3

РЩП – Ұшу жоспарына сұрау салу (Request flight plan - RQP). Хабарлама ӘҚҚ органы бұдан бұрын ешқандай тиісті ұшу жоспары деректерін алмаған әуе кемесі туралы хабарлама алған кезде ұшу жоспарының деректерін (RPL немесе FPL) алуға ниет білдірген жағдайда беріледі

ФФ

Бұдан бұрын оларға қатысты ұшу жоспары ешқандай тиісті негізгі деректері алынбаған әуе кемесі туралы хабарламаны алған кезде (EST)

АДО (АДП)

1. ӘҚЖ БО;
2. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
3. Брифинг;
4. Ұшу маршруты бойынша ЖДП

1. ӘҚЖ БО;
2. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
3. Брифинг;
4. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша ЖДП;
5. Шет елдің ӘҚАЖ органы

3.4

ЦПЛ – Ағымдағы ұшу жоспары (Current fligнным ht plan – CPL). Кейінгі диспетчерлік рұқсатнамаларға негізделген ықтималды өзгерістерді (ӘҚҚА-да ӘК қосалқы әуеайлаққа кетуі) қоса алғандағы енгізілген ұшу жоспары.
Хабарлама осы әуе кемесінің оның қозғалысын басқару басқа ӘҚҰ органына берілетін басқаруды беру нүктесіне дейін есептелген ұшу уақытына дейін немесе ӘҚҚ-ның тиісті уәкілетті органы алдын ала өзге уақыт мерзімін белгілемесе беріледі

ФФ

Маневр басталғаннан кейін 3 минуттан кешіктірмей

АДО (АДП)

1. ӘҚЖ БО;
2. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП).
3. ӘҚҚ әскери органы;
4. Брифинг;
5. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО.

1. ӘҚЖ БО;
2. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП).
3. ӘҚҚ әскери органы;
4. Брифинг;
5. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
6. Шекаралас мемлекеттің ӘҚБ органы.

3.5

АЛР – авариялық хабарландыру (Alerting – ALR). Авариялық хабарландыруға қатысты хабарлама ӘҚҰ органы әуе кемесі авариялық жағдайда деп есептеген кезде беріледі. Төмендегі үш кезеңнің біреуі көрсетіледі:
Апатқа ұшырау кезеңі - DЕТRЕSFА
Дабыл кезеңі – АLЕRFА
Белгісіздік кезеңі – INСЕRFА

СС
СС
СС
СС

Мәліметтерді алғаннан, деректі анықтағаннан кейін дереу

АДО (АДП)

1. ӘҚЖ БО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
3. ӘҚҚ әскери органы (тек авиациялық оқиға);
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО.

1. ӘҚЖ БО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
3. ӘҚҚ әскери органы (тек авиациялық оқиға);
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО.

3.6.

АНВ- ANV- азаматтық авиация қызметіне заңсыз қол сұғу актісі

СС

Мәліметтерді алғаннан, деректі анықтағаннан кейін дереу

АДО (АДП)

1. ӘҚЖ БО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
3. ӘҚҚ әскери органы;
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
5. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
6. Ұшу маршруты бойынша ЖДП;
7. Қону әуеайлағының брифингі.

1. ӘҚЖ БО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
3. ӘҚҚ әскери органы;
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
5. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
6. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша ЖДП.

3.7

АНП- ANP- әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу

СС

Фактіні анықтағаннан кейін дереу

АДО (АДП)

1. ӘҚЖ БО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
3. ӘҚҚ әскери органына;
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
5. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
6. Ұшу маршруты бойынша ЖДП.

1. ӘҚЖ БО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
3. ӘҚҚ әскери органына
4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
5. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
6. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша ЖДП.

3.8

РЦФ – радиобайланыстың істен шығуы (Radiocommunication failure - RCF), хабарлама ӘҚҰ органына оның жауапкершілік ауданында ұшуды орындайтын әуе кемесінде радиобайланыстың істен шығуы орын алғандығы белгілі болған жағдайда беріледі

СС

Хабарламаны алғаннан кейін дереу

АДО (АДП)

1. ӘҚЖ БО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
3. Ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша АДО (АДП);
4. Маршрут бойынша ЖДП;
5. Ұшу маршруттары және қосалқы әуеайлақтар бойынша қону әуеайлақтарының брифингі;
6. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
7. ӘҚҚ әскери органы.

1. ӘҚЖ БО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
3. ҚР-дағы ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша АДО (АДП);
4. ҚР-дағы маршрут бойынша ЖДП;
5. ҚР-дағы ұшу маршруттары және қосалқы әуеайлақтар бойынша қону әуеайлақтық брифингі;
6. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
7. ӘҚҚ әскери органы.

3.9

ФЛИ – "А" литерін орындағанда Мемлекеттік шекарадан, ӘҚҚА шекарасынан және ПОД ұшып өту

ФФ

ПОД-тан ұшып өткеннен кейін 3 минуттан кешіктірмей

АДО (АДП)

1. ӘҚЖ ОБ.

1. ӘҚЖ ОБ;
2. ӘҚҚ әскери органы (Мемлекеттік шекараны ұшып өту)

3.10

РЖМ - әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер

ГГ

ӘҚБ органынан алғаннан кейін дереу

АДО (АДП)

1. ӘҚЖ ОБ.
2. Брифинг;
3. АДО (АДП);
4. ЖДП.

1. ӘҚЖ ОБ;
2. ҚР-дағы брифинг;
3. ҚР-дағы АДО (АДП);
4. ҚР-дағы ЖДП.

3.11

РЖИ - әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулерді алып тастау

ГГ

ӘҚБ органынан алғаннан кейін дереу

АДО (АДП)

1. ӘҚЖ ОБ.;
2. Брифинг;
3. АДО (АДП);
4. ЖДП.

1. ӘҚЖ ОБ.;
2. ҚР-дағы брифинг;
3. ҚР-дағы АДО (АДП);
4. ҚР-дағы ЖДП.

4

ӘҚЖ БО хабарламалары

4.1

РПЛ – қайталанатын ұшу жоспары (RPL – Repetitive Flight plan) -

КК

Ұшу басталғанға дейін күнтізбелік 7 күн бұрын

ӘҚЖ БО

1. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
2. Ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3. ӘҚҚ әскери органы;
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган.

1. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
2. ҚР-дағы ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3. ӘҚҚ әскери органына
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган

4.2

ЦХГ - өзгеріс (Change немесе Modification – CHG). Тұрақты сипаттағы өзгерістер туралы хабарлама бұрын берілген RPL деректерінде қамтылған ұшудың негізгі деректеріне (RPL) қандай да бір өзгеріс енгізу қажеттігі болған жағдайда беріледі.
ЦНЛ – тоқтату (Cancel- CNL)

КК

Ұшу басталғанға дейін күнтізбелік 3 күн бұрын

ӘҚЖ БО

1. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
2. Ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3. ӘҚҚ әскери органы;
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган.

1. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
2. ҚР-дағы ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3. ӘҚҚ әскери органы^
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган

4.3

ПЛН – алдағы және ағымдағы тәуліктерге әуе кеңістігін пайдалану жоспарынан үзінділер.

ГГ

Алдағы тәуліктерге - жергілікті уақытпен 21.00-ден кешіктірмей.
Ағымдағы тәуліктерге – ағымдағы жоспарға өзгеріс енгізу бойынша дереу

ӘҚЖ БО

1. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
2. Ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3. ӘҚҚ әскери органы;
4. Ұшу маршруты бойынша ЖДП

1. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
2. ҚР-дағы ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3. ӘҚҚ әскери органы
4. ҚР-дағы маршрут бойынша ЖДП

4.4

ППН – ұшу жоспарын бекітпеу, әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салу

ГГ

Ұшу жоспарын алғаннан кейін 30 минуттан кешіктірмей

ӘҚЖ БО

1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
2. Ұшу жоспарын берген ұшу әуеайлақтарының брифингі;
3. ӘҚБ БО;
4. ӘК пайдаланушысы

1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
2. Ұшу жоспарын берген ұшу әуеайлақтарының брифингі;
3. ӘҚБ БО;
4. ӘК пайдаланушысы

4.5

УЛС – литерлік рейстерді орындау

ГГ

Ұшатын күн қарсаңында – ұшуды орындауға дейін бір тәулік қалғанда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органнан нұсқау алғанда;
Дереу – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органнан ұшатын күні нұсқау алғаннан кейін.

ӘҚЖ БО

1. ҚР-дағы ӘК пайдаланушыларға;
2. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
3. Ұшу маршруты бойынша ЖДП;
4. ӘҚБ БО;
5. Ұшу және қосалқы маршруттар бойынша ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;
6. Ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ.

1. ҚР-дағы ӘК пайдаланушыға;
2. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
3. ҚР-дағы маршрут бойынша ЖДП;
4. ӘҚБ БО;
5. ҚР-дағы ұшу және қосалқы маршруттар бойынша ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;
6. ҚР-дағы ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ.

4.6

РЖМ – әуе кеңістігін пайдалану режимі

ДД

Дереу ӘҚБ БО-дан белгілеу туралы ақпаратты алғаннан кейін

ӘҚЖ ОБ

1. АДО (АДП);
2. NOTAM-офисі;
3. Брифинг;
4. ЖДП.

1. ҚР-дағы АДО(АДП);
2. NOTAM-офисі;
3. ҚР-дағы брифинг;
4. Қазақстан Республикасындағы ЖДП.

4.7.

РЖИ – әуе кеңістігін пайдалану режимін тоқтату

ДД

ӘҚБ БО-дан анықталған ақпаратты алысымен дереу

ӘҚБ БО

1. АДО (АДП);
2. NOTAM-офисі;
3. Брифинг;
4. ЖДП.

1. ҚР-дағы АДО(АДП);
2. NOTAM-офисі;
3. Қазақстан Республикасындағы брифинг;
4. ҚР-дағы ЖДП.

5

ӘҚБ БО хабарламалары

5.1

РЖМ - әуе кеңістігін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар

ДД

Режимді белгілегеннен кейін дереу

ӘҚБ БО.

1. ӘҚЖ БО.

1. ӘҚЖ БО.

5.2

РЖИ - әуе кеңістігін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды алып тастау

ДД

Режимді алып тастағаннан кейін дереу

ӘҚБ БО.

1. ӘҚЖ БО.

1. ӘҚЖ БО.

5.3

ППН – ұшу жоспарын бекітпеу (FPL).

ГГ

Ұшу жоспарын алғаннан кейін 30 минуттан кешіктірмей.

ӘҚБ БО.

1. ӘҚБ органы;
2. КВС (авиациялық әскери бөлімдерінің командирлері).

1. ӘҚБ органы;
2. КВС (авиациялық әскери бөлімдерінің командирлері).

5.4

ПЛН - алдағы және ағымдағы тәуліктерге әуе кеңістігін пайдалану жоспарынан үзінділер.

ГГ

Алдағы тәулікте – жергілікті уақыт бойынша сағат 21-ден кешіктірмей.
Ағымдағы тәулікте – ағымдағы жоспардың өзгеруі бойынша дереу.

ӘҚБ БО.

1. ӘҚЖ БО;
2. ӘҚБ органы;
3. ӘҚҚ әскери органы.

1. ӘҚЖ ОБ;
2. ӘҚБ БО органы;
3. ӘҚҚ әскери органы.

6

ӘҚБ органдарының хабарламалары

6.1

РЖМ - әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеу

ГГ

Қысқа мерзімді шектеуді белгілегеннен кейін дереу

ӘҚБ органы

1. АДО (АДП)

1. АДО (АДП)

6.2

РЖИ - әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулерді алып тастау

ДД

Режимді орнатқаннан кейін дереу

ӘҚБ органы

1. АДО (АДП)

1. АДО (АДП)

7

Басқарылмайтын пилотсыз аэростаттар пайдаланушыларының хабарламалары және атыс жүргізу, зымырандарды ұшыру және жарылыс жұмыстарын өткізуге байланысты хабарламалар

7.1

Пилотсыз аэростаттарға әуе кеңістігін пайдалануға өтінім

ДД

Қызмет басталғанға дейін кем дегенде 24 сағат бұрын

Пайдаланушы

1. ӘҚБ БО;
2. ӘҚБ органы.

1. ӘҚБ БО;
2. ӘҚБ органы.

7.2

Атыстарды өткізу, зымырандарды ұшыру, жарылыс жұмыстарын өткізуге байланысты хабарлама

ДД

Ұшу басталғанға дейін кем дегенде 24 сағат бұрын

ӘК пайдаланушы.

1. ӘҚБ БО;
2. ӘҚБ органы.

1. ӘҚБ БО;
2. ӘҚБ органы.

8

Әуежайлардың диспетчерлік қызметтерінің (ӘДҚ) хабарламалары

8.1

АЛР – авариялық хабарландыру (Alerting – ALR - ӘК-нің бұзылуы, жердегі төтенше уақиғалар туралы бастапқы хабарлама, сондай-ақ ӘК қауіпсіздігі, экипаж және жолаушылар туралы кез келген ақпарат


Мәліметтерді алғаннан, фактілерді анықтағаннан кейін дереу

ӘДҚ

1. ӘҚЖ БО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
3. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО.

1. ӘҚЖ БО;
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган;
3. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО.

     

      Ескертпе: Қазақстан Республикасының өкілеттік органдарының орналасқан жері, жұмыс кестесі мен байланыс деректері Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинақтарында жарияланады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ӘДО - әуеайлақтық диспетчерлік орталық;

      ӘАДП - әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункті;

      АДП – аудандық диспетчерлік пункт;

      АДО – аудандық диспетчерлік орталық.

      CAA – Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (Civil Aviation Authority)

      CFMU – әуе қозғалысын жоспарлаудың орталық органы (Central Flight Management Unit).

      ATFMU – әуе кеңістігін пайдаланудың жоспарлау органы (Air Traffic Flow Management Unit)

      FMP - әуе қозғалысының легін ұйымдастыру пункті (Flow Management Position)

      ACC – әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданы – ӘҚҚА (Air Control Centre).

  Қазақстан Республикасының
әуе кеңістігін пайдалану
қағидасына 4-қосымша

Ұшу мақсаттары және литерлердің атауы және олардың шартты
белгілері

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі ұшулар

HUM

денсаулық сақтау органдарының өтінімдері бойынша халыққа медициналық көмек көрсетуге арналған ұшулар

HOSP

медициналық көрсеткіштер бойынша өмірлеріне қауіп-қатер төніп тұрған адамдарды авариялық эвакуациялауға арналған ұшулар

МEDEVAC

іздестіру-құтқару ұшулары

SAR

"мемлекет басшысы" мәртебесі бар ұшулар

HEAD

"мемлекет басшысы" мәртебесі жоқ мемлекеттік органдармен арнайы мәлімденген ұшулар

STATE

ӘҚҰ (ӘҚБ) органдары үшін ұшу жоспарларында берілетін қауіпсіздік мақсаттағы құпия ұшулар

PROTECTED

арнайы бөлінген әуе кеңістігінде ұшуды орындайтын әуе кемесі

ALTRV

atfm қолданылатын іс-шараларынан босатылған әуе кемесінің ұшуы

ATFMX

өртті сөндіру жөніндегі ұшулар

FFR

радиотехникалық құралдар мен жарықсигналды жабдықтың үстінен ұшып өту

FLTCK

қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын әуе кемесінің ұшуы

HAZMAT

ӘҚБ әскери органдарының жауапкершілік аймағындағы ұшу

MARSA

rvsm бар ұшу үшін жабдықталмаған әуе кемесінің rvsm әуе кеңістігінде ұшу

NONRVSM

сынақты ұшуы

01

авиациялық техниканың ұшып өтуі

02

авиациялық жұмыстар

03

жаттығу ұшуы

04

"А" литері

А

"ОК" литері

ОК

"ПК" литері

ПК

     

      Ескертпе. 01, 02, 03, 04, А, ОК, ПК шартты белгілері Қазақстан Республикасының шегіндегі ұшулар кезінде ғана қолданылады.

  Қазақстан Республикасының
әуе кеңістігін пайдалану қағидасына
5-қосымша

Навигациялық ерекшеліктер және ұшу жоспарындағы олардың шартты
белгілері

      Ескерту. Қағида 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

ерекшеліктер атауы

ұшу жоспарындағы шартты белгіленуі

RNAV ерекшеліктері

RNAV 10 (RNP 10)

A1

RNAV 5, БАРЛЫҚ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДАТЧИКТЕР

B1

RNAV 5, GNSS

B2

RNAV 5, DME/DME

B3

RNAV 5, VOR/DME

B4

RNAV 5, INS или IRS

B5

RNAV 5, LORAN C

B6

RNAV 2, БАРЛЫҚ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДАТЧИКТЕР

C1

RNAV 2, GNSS

C2

RNAV 2, DME/DME

C3

RNAV 2, DME/DME/IRU

C4

RNAV 1, БАРЛЫҚ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДАТЧИКТЕР

D1

RNAV 1, GNSS

D2

RNAV 1, DME/DME

D3

RNAV 1, DME/DME/IRU

D4

RNP ерекшеліктері

RNP 4

L1

БАЗАЛЫҚ RNP 1, БАРЛЫҚ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДАТЧИКТЕР

O1

Базовые RNP 1, GNSS

О2

Базовые RNP 1, DME/DME

O3

Базовые RNP 1, DME/DME/IRU

O4

RNP APCH

S1

RNP APCH C BARO-VNAV

S2

RNP AR APCH c RF

T1

RNP AR APCH без RF

T2

  Қазақстан Республикасының
әуе кеңістігін пайдалану қағидасына
6-қосымша

Ұшу жоспары бланкісінің үлгісі (FPL)

      Ескерту. Қағида 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.10.2017 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
     


      *Ескертпе:

1. Ұшу жоспары бланкісін толтыру

      Ұшу жоспары бланкісінің үлгісі 5-қосымшада келтірілген және арнайы бөлінген нөмірленген жолдардан тұрады.

      Ұшу бланкісін толтыруға қойылатын жалпы талаптар:

      1) белгіленген форматтар мен деректерді белгілеу әдісін қатаң ұстану;

      2) бірінші көзделген кеңістікке деректерді енгізу. Қосымша кеңістіктер бар болған жағдайда, бланкінің толтырылмаған жерін таза күйінде қалдыру;

      3) уақытты UTC (әлемдік үйлестірілген уақыт) бойынша төрт цифрмен көрсету;

      4) өткен есептік уақытты төрт цифр түрінде (сағаттар пен минуттар) енгізу;

      5) 1-2 жолдардың мекенжай бөлігін ӘҚҚ қызметтері толтырады.

      Ұшулар және қонулар әуеайлақтың жақын маңында орналасқан қону алаңынан орындалған жағдайда, ұшу жоспарында сол әуеайлақтың шартты белгіленуі көрсетіледі.

2. ӘҚҰ деректерін енгізу

      7-19 жолдарды төменде көрсетілген талаптарға сәйкес толтыру:

7-жол. Әуе кемесінің тану индексі
(ең көбі 7 белгі)

      Кемінде 7 әріптік-цифрлық белгіден тұратын және дефистер немесе символдарды қамтымайтын мына әуе кемелерінің тану индексінің бірін енгізу:

      1) соңынан тану индексі келетін ӘК пайдаланушыларының ИКАО коды (ӘҚҚ органымен байланысу үшін радиотелефондық шақыру ретінде көрсетілген байланыстыруды пайдаланған жағдайда);

      2) әуе кемесінің ұлттық белгісі және тіркеу нөмірі (ӘҚҚ органымен байланысу үшін радиотелефондық шақыру ретінде көрсетілген байланыстыруды пайдаланған немесе әуе кемесі байланыс құралдарымен жабдықталмаған жағдайда).

8-жол. Ұшу қағидалары және түрі
(1 немесе 2 белгі)

      Ұшу қағидалары

      Ұшу қағидаларында қолданылатын санаттарды белгілеу үшін мына әріптердің бірін енгізу:

      I – егер барлық ұшу АҰҚ бойынша жүргізіледі деп жоспарланса;

      V – егер барлық ұшу КҰҚ бойынша жүргізіледі деп жоспарланса;

      Y – егер ұшу алдымен АҰҚ бойынша жүргізілсе, ал кейіннен ұшу қағидалары бір немесе бірнеше рет өзгеретін болса;

      Z – егер ұшу алдымен КҰҚ бойынша жүргізілсе, кейіннен бір немесе бірнеше рет ұшу қағидалары өзгеретін болса.

      15-жолда ұшу қағидаларын өзгерту жоспарланған тармақ немесе тармақша көрсетіледі.

      Ұшу түрі

      Ұшу түрін белгілеу үшін мына әріптердің бірін енгізу:

      S – тұрақты әуе қатынасы үшін;

      N – тұрақты емес әуе тасымалдары үшін;

      G – жалпы сипаттағы авиация үшін;

      M – әскери ұшақтардың ұшуы үшін;

      X – жоғарыда көрсетілмеген кез келген басқа санаттар үшін.

      18-жолда STS индексінен кейін ӘҚҰ органы тарапынан ерекше назарды талап ететін ұшу мәртебесін және RMK индексінен кейін себебін көрсету.

9-жол. Әуе кемелерінің цифры мен түрі және ізінің
турбуленттілік санаты

      Әуе кемелерінің цифры (1 немесе 2 белгі)

      Әуе кемелері бірден көп болса, олардың санын енгізу.

      Әуе кемесінің түрі (2–4 белгі)

      ИКАО Doc 8643 "Әуе кемелері түрлерінің шартты белгілері" құжатында көрсетілген тиісті шартты белгілерді енгізу немесе, егер осындай шартты белгілер айқындалмаған болса, немесе бірден артық әуе кеме түрі қатармен ұшқан жағдайда ZZZZ енгізу және 18-жолда TYP белгілер тобынан кейін әуе кемесінің (кемелерінің) (санын және) түрін (түрлерін) көрсету.

      Ізінің турбуленттілік санаты (1 белгі)

      Әуе кемесі ізінің турбуленттілік санатын көрсету үшін ұзын қисық сызықтан кейін мына әріптердің бірін енгізу:

      Н – Ауыр, барынша жоғары сертификатталған ұшып көтерілу салмағы 136 000 кг немесе одан да көп әуе кемесінің түрін көрсетуге арналған;

      М – Орташа, барынша жоғары сертификатталған ұшып көтерілу салмағы 136 000 кг кем, бірақ 7000 кг аспайтын әуе кемесінің түрін көрсетуге арналған;

      L – Жеңіл, барынша жоғары сертификатталған ұшып көтерілу салмағы 7000 кг немесе одан аз әуе кемесінің түрін көрсетуге арналған.

10-жол. Әуе кемісінің және экипаждың жабдығы мен мүмкіндіктері

      Мүмкіндіктер мынадай элементтерді қамтиды:

      1) әуе кемісінің бортында жұмысқа жарамды тиісті жабдықтың болуы;

      2) ұшу экипажының біліктілігіне сәйкес келетін жабдық пен мүмкіндіктер.

      Радиобайланыс құралдары, навигациялық құралдар, қонуға кіру құралдары және мүмкіндіктері

      Мына әріптердің бірін енгізу:

      N – маршрут бойынша ұшуға арналған борттық байланыс құралдары, навигациялық құралдар және қонуға кіру құралдары болмаған жағдайда немесе бұл жабдық жұмыс істемесе;

      S – егер маршрут бойынша ұшуға арналған стандартты борттық байланыс құралдары, навигациялық құралдар және қонуға кіру құралдары болған жағдайда және олар жұмысқа жарамды болса. Стандартты жабдыққа ӨЖЖ радиотелефон, VOR және ILS жатады және (немесе) қолда бар және жұмысқа жарамды байланыс құралдары, навигациялық құралдар, қонуға кіру құралдары және мүмкіндіктерді белгілеу үшін мына әріптердің бірін немесе бірнешеуін енгізу:

      A – GBAS негізіндегі қону жүйесі;

      B – LPV (APV c SBAS);

      C – LORAN C;

      D – DME;

      E1 – FMC WPR ACARS;

      Е2 – D-FIS ACARS;

      Е3 – PDC ACARS;

      F – ADF;

      G – GNSS (NAV/индексінен кейін 18-жолда қосымша ретінде GNSS сыртқы функциялық толықтыру түрлерін көрсету);

      H – ЖЖ радиотелефон;

      I – Инерциялы навигация;

      J1 – ATN (3-ескертпені қарау) негізіндегі CPDLC арналған 2-режимдегі VDL;

      J2 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC арналған HFDL;

      J3 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC арналған А режиміндегі VDL;

      J4 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC 2-режимдегі VDL;

      J5 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC арналған SATCOM (INMARSAT);

      J6 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC арналған SATCOM (MТSAT);

      J7 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC арналған SATCOM (Iridium);

      K – MLS;

      L – ILS;

      M1 – ӘҚБ (INMARSAT) арналған радиотелефонды (RTF) SATCOM;

      М2 – ӘҚБ (МТSАТ) арналған радиотелефонды байланыс (RTF);

      М3 – ӘҚБ (Iridium) арналған радиотелефонды байланыс (RTF);

      O – VOR;

      Р1-Р9 – RСР үшін резервтелген;

      R – PBN үшін бекітілген (PBN/ белгілер тобынан кейін 18-жолда қосымша ретінде осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес навигациялық ерекшеліктердің шартты белгілері көрсетіледі);

      T – TACAN;

      U – УЖЖ радиотелефон;

      V – ӨЖЖ радиотелефон;

      W – RVSM үшін бекітілген.

      X – MNPS үшін бекітілген;

      Y – 8,33 кГц арналарды тарату мүмкіндігі бар ӨЖЖ радиотелефон;

      Z – өзге де борттық жабдық немесе өзге де мүмкіндіктер (СОМ/, NAV/ және/немесе DAT сәйкес келетін белгілер тобынан кейін өзге де қолданылатын борттық жабдық 18-жолда қосымша ретінде көрсетіледі).

      Навигациялық сипаттамалар туралы ақпарат маршруттың рұқсаты мен тапсырмасын беру мақсатында ӘҚҚ органына беріледі.

Бақылау жабдығы және оның мүмкіндіктері

      Осы ұшу маршруты үшін борттық бақылау жабдығы болмаған немесе істен шыққан жағдайда N әрпін енгізу немесе жұмысқа жарамды борттық жабдықты және/немесе бақылау мүмкіндігін белгілеу үшін ең көбі 20 белгіден тұратын мынадай сәйкестендіргіштердің біреуін немесе бірнешеуін енгізу:

      А және С режимдеріндегі ЕШРЛ:

      A – қабылдап жауап беру – А режимі (4 цифр – 4096 код);

      С – қабылдап жауап беру – А режимі (4 цифр – 4096 код) және С режимі;

      S режиміндегі ЕШРЛ:

      Е – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін, барометрлік биіктік туралы деректерді және ұзартылған өздігімен шығаратын сигналды беру мүмкіндігі бар S режимі (ADS-B);

      Н – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін, барометрлік биіктік туралы деректерді және жетілдірілген бақылау мүмкіндігін беру мүмкіндігі бар S режимі;

      I – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін беру мүмкіндігі бар, бірақ барометрлік биіктік туралы деректерді беру мүмкіндігі жоқ S режимі;

      L – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін, барометрлік биіктік туралы деректерді, ұзартылған өздігімен шығаратын сигналды беру мүмкіндігі (ADS-B) және жетілдірілген бақылау мүмкіндігі бар S режимі;

      P – қабылдап жауап беру – барометрлік биіктік туралы деректерді беру мүмкіндігі бар, бірақ әуе кемесінің тану индексін беру мүмкіндігі жоқ S режимі;

      S – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін және барометрлік биіктік туралы деректерді беру мүмкіндігі бар S режимі;

      Х – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін және барометрлік биіктік туралы деректерді беру мүмкіндігі жоқ S режимі.

      Автоматты тәуелді радиотарату бақылауы (ADS-B):

      Бөлінген 1090 МГц жиіліктегі ADS-B "out" мүмкіндігі бар В1 - ADS-B;

      Бөлінген 1090 МГц жиіліктегі ADS-B "out" және "in" мүмкіндіктері бар В2 - ADS-B;

      U1 – UAT пайдалану кезіндегі ADS-B "out" мүмкіндігі;

      U2 – UAT пайдалану кезіндегі ADS-B "out" және "in" мүмкіндіктері;

      V1 – 4 режимді VDL пайдалану кезіндегі ADS-B "out" мүмкіндігі;

      V2 – 4 режимді VDL пайдалану кезіндегі ADS-B "out" және "in" мүмкіндіктері.

      Келісімшартты автоматты тәуелді бақылау (ADS-С):

      FANS 1/А мүмкіндіктері бар D1 - ADS-С;

      ATN мүмкіндіктері бар G1 - ADS-С.

      Жоғарыда көрсетілмеген әріптік-цифрлық белгілер резервтелген.

      Бақылауды қолданудың қосымша түрлерін SUR/белгілер тобынан кейін 18-жолда көрсету қажет.

13-жол. Әуеайлақ және ұшып шығу уақыты
(8 белгі)

      "Орналасу орнының көрсеткіштері (индекстері)" (Doc 7910) құжатында көрсетілген ұшып шығу әуеайлағының орналасу орны үшін ИКАО-ның төрт әріптік индексін енгізу.

      Егер орналасу орнының индексі берілмеген болса, ZZZZ енгізу және 18-жолда алдыңғы DEP/белгілер тобынан кейін әуеайлақ атауын немесе орналасу орнын көрсету, немесе егер әуе кемесі әуеайлақтан ұшып шықпаса, алдыңғы DEP белгілер тобынан кейін маршруттағы бірінші нүктені немесе маркерлік радиомаякты көрсету.

      Ұшу кезінде әуе кемесінің бортынан ұшу жоспарын алған кезде AFIL енгізу және 18-жолда алдыңғы DEP/белгілер тобынан кейін қосымша ұшу жоспары туралы деректерді алуға болатын ӘҚҰ органының орналасу орны үшін ИКАО-ның төрт әріптік көрсеткішін көрсету.

      Ұшып шығу алдында берілген ұшу жоспарына қалыптарды жинауды есептеу уақытын енгізу (EOBT) немесе ұшу барысында әуе кемесінен алынған ұшу жоспарына берілген ұшу жоспары жататын маршруттағы бірінші пункт үстінен ұшып өтудің нақты және есептік уақытын енгізу.

15-жол. Маршрут

      Мыналарды енгізу:

      1) Крейсерлік жылдамдық (ең көбі 5 белгі)

      Пайдаланушының таңдауы бойынша көрсетілген ұшудың бірінші немесе барлық крейсерлік учаскесі үшін шынайы әуе жылдамдығын көрсету:

      бір сағаттағы километрде – кейіннен төрт цифр жазылған К әрпімен;

      тораптарда – кейіннен төрт цифр жазылған N әрпімен;

      Маха нақты цифр арқылы, жүздікке дейінгі дәлдікпен – соңынан үш цифр жазылған М әрпімен.

      2) Крейсерлік эшелон (ең көбі 5 белгі)

      Белгіленген маршруттың бірінші немесе барлық учаскелері үшін алдын ала жоспарланған крейсерлік эшелонды мына түрде көрсету:

      кейіннен үш цифры бар F әрпі түрінде көрсетілген ұшу эшелоны;

      кейіннен төрт цифры бар S әрпімен көрсетілген ондаған метрдегі ұшу эшелоны;

      кейіннен үш цифры бар А әрпімен көрсетілген жүздеген футтағы абсолюттік биіктік;

      кейіннен төрт цифры бар М әрпімен көрсетілген ондаған метрдегі абсолюттік биіктік;

      КҰК бойынша бақыланбайтын ұшулар үшін, VFR әріптері.

      3) Маршрут (жылдамдықтың өзгеруін, эшелонды және/немесе ұшу қағидаларын қоса алғанда)

ӘҚҚ белгіленген маршруттары бойынша ұшу

      Егер ұшып шығу әуеайлағы ӘҚҚ маршрутында орналасса немесе онымен байланысты болса, ӘҚҚ бірінші маршрутының индексін енгізу немесе, егер ұшып шығу әуеайлағы ӘҚҚ маршрутында орналаспаған болса немесе онымен байланысты болмаса, ӘҚҚ маршруты индексінің соңынан келетін келесі ӘҚҚ бірінші маршрутының байланысу пунктін көрсетумен DCT әріптерін енгізу. Кейіннен ұшу жылдамдығын және/немесе эшелонын өзгертуді бастау жоспарланған немесе ӘҚҚ маршрутын өзгерту және/немесе ұшу қағидаларын өзгерту жоспарланатын әрбір пунктті көрсету.

      Егер ӘҚҚ-ның төменгі маршрутынан жоғарғы маршрутына өту жоспарланған болса және маршруттар бір бағытта орналасқан болса, өту нүктесі туралы деректерді енгізу талап етілмейді.

      ӘҚҚ маршрутының келесі пункт индексін көрсету (егер ұшу әуеайлақ ауданында жоспарланса (ӘҚҚ маршрутының пункті) – әуеайлақ атауын қайта көрсету (ӘҚҚ маршрутының пунктін), немесе екі пункт те географиялық координаталарымен айқындалғандағынын қоспағанда, егер ұшу келесі пунктке дейін белгіленген маршруттан тыс жерде өтетін болса, рет әріптерін көрсету.

      Егер екі пункт те географиялық координаталармен немесе пеленг және қашықтықпен айқындалмаған болса, келесі пункттер арасына DCT әріптерін енгізу.

Төменгі эшелоннан төмен және авиациялық жұмыстарды орындау кезіндегі ұшу

      15-жолда мынадай кодталған индекстер қолданылады:

      Төменгі эшелоннан төмен ұшуды немесе авиациялық жұмыстар бойынша ұшуды жоспарлау кезінде ФПЛ жолдары 2 ДОС 4444 ИКАО қосымшаның талаптарына сәйкес орыс тілінде кириллица әліпбиі пайдаланылып толтырылады.

      ФПЛ бланкісінің "Крейсер эшелоны" деген 15-жолының бөлімін толтырған кезде, ұшу бақыланатын ӘК нағыз биіктікте ұшатыны болжанған жағдайда ұшу биіктігі "И" әрпімен белгіленеді, соңында нағыз биіктікке сәйкес келетін үш сан көрсетіледі, бақыланбайтын ӘК-де "ПВП" белгісі көрсетіледі.

      ФПЛ бланкісінің "Бағыт" деген 15-жолының бөлімін толтырған кезде бағыт нүктесінің (атауын) географиялық атауын, М 1:500 000 соңында оның географиялық координаттарын минутына дейінгі дәлдікпен көрсетіп, визуалды ұшулар картасында қолданылатын атауларына сәйкес көрсету қажет.

      Егер бағыт нүктесінің географиялық атауы болмаса, онда оның географиялық координаттары 10 секундқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

      Авиациялық жұмыстар бойынша ұшу жоспарланған жағдайда және жоспарлау кезінде ЕТО есептеу мүмкін болмағанда, 18-жолды толтыру кезінде ЕЕТ көрсету үшін үдемелі уақыттың орнына арнайы "0000" (төрт нөл) белгісі қолданылады. Егер ұшу бірнеше ҰАА арқылы өтсе, шектес ҰАА-на беттеу нүктесі ҰАА арасындағы шекарадан өтетін ұшу бағытының географиялық координаттар нүктесі көрсетіледі.

      Ұзақтығы бір сағаттан асатын ұшу бағыттары кезінде бағыт бойынша бір-бірінен алшақ пункттер (нүктелер) әдеттегідей ұшу уақыты бойынша 30 минут бұрын көрсетіледі.

      Аралық әуеайлақтарда (алаңдарда) қонған кезде ұшып келген уақыты анықталмағанда және "0" деп белгіленсе, 15-жолдың "бағыт" деген бөлімінде қиғаш тік сызықтан кейін тұрақ уақыты шамамен көрсетіледі.

ӘҚҚ маршруты
(2–7 белгі)

      Маршрутқа немесе маршрут учаскесіне белгіленген кодталған индекс, (әуеайлақ ауданында ұшу кезінде қажет болған жағдайда – ұшып шығудың немесе келіп жетудің стандартты маршрутына белгіленген кодталған индекс).

Негізгі нүкте
(2–11 белгі)

      Нүктеге берілген кодталған индекс (2-5 белгі) немесе егер кодталған индекс берілмесе, мынадай жолдардың бірі қолданылады:

      1) тек қана градустар (7 белгі):

      бойлықты градуспен көрсететін үш цифрмен сүйемелденетін N (солтүстік) немесе S (оңтүстік) әрпінен кейін ендікті градуспен көрсететін 2 цифр, олардан кейін Е (шығыс) немесе W (батыс) әріптері келеді.

      2) Градустар мен минуттар (11 белгі):

      бойлықты градуспен, сондай-ақ минут ондықтарымен және бірліктерімен көрсететін 5 цифрдан кейін Е (шығыс ендік) немесе W (батыс бойлық) әріптерімен сүйемелденетін ендікті градуспен, сондай-ақ минут ондықтарымен және бірліктерімен көрсететін 4 цифрдан кейін N (солтүстік ендікті білдіретін) немесе S (оңтүстік ендікті білдіретін) әріптері.

      3) Негізгі нүкте арасындағы пеленг және қашықтық:

      негізгі нүкте белгісінен кейін магниттік меридианға қатысты градустарды көрсететін үш цифр түріндегі осы нүктеден басталатын пеленг жазылады, одан кейін теңіздік мильдерді көрсететін үш цифр түріндегі нүктелерден басталатын қашықтық жазылады.

Жылдамдық пен эшелонның өзгеруі
(ең көбі 21 белгі)

      Жылдамдықты өзгертуді бастау (шынайы ауа жылдамдығының 5 % немесе Мах цифрының 0,01 немесе одан жоғары) немесе эшелонды өзгерту жоспарланған пункт көрсетілгеннен кейін көлбеу сызықты, крейсерлік жылдамдықты және крейсерлік эшелонды көрсету керек.

Ұшу қағидаларының өзгеруі
(ең көбі 3 белгі)

      Ұшу қағидаларын өзгерту жоспарланған пункт көрсетілгеннен кейін мына белгілердің бірін көрсету:

      VFR – АҰҚ-дан КҰҚ-ға ауысу үшін;

      IFR – КҰҚ-дан АҰҚ-ға ауысу үшін.

Крейсерлік режимде биіктік алу
(ең көбі 28 белгі)

      Кейіннен бөлетін қисық сызық салумен С әрпін көрсету; кейіннен бөлетін қисық сызық салумен крейсерлік режимде биіктік алу жоспарланған пункт; крейсерлік режимде биіктік алу кезінде орналасқан атмосфералық қабатты айқындайтын кейінгі екі эшелонмен, крейсерлік режимде биіктік алу кезінде сақталатын жылдамдық; немесе арасында интервал жоқ, PLUS әріптерімен сүйемелденетін, одан жоғары биіктікті крейсерлік режимде алу жоспарланған эшелон.

16-жол. Межелі әуеайлақ пен жалпы есептік өткен уақыт, межелі
пункттегі қосалқы әуеайлақ(тар)
Межелі әуеайлақ пен жалпы есептік өткен уақыт (8 белгі)

      Межелі әуеайлақтың орналасқан жері үшін "Орналасу орны көрсеткіштері (индекстері)" ИКАО құжатында (Doc 7910) көрсетілген ИКАО төрт әріптік индексін енгізу немесе орналасу орны индексі берілмесе, ZZZZ енгізіп, 18-жолда DEST/алдыңғы белгілер тобымен әуеайлақ атауын немесе орналасқан жерін көрсету; аралықсыз жалпы есепті өткен уақытты көрсету.

      Ұшуда әуе кемесінен алынған ұшу жоспарына қатысты жалпы есептік өткен уақыт осы ұшу жоспары жататын маршруттың бірінші пунктінен ұшу жоспарында көрсетілген соңғы пункте дейінгі есептік уақыт болып табылады.

Межелі пункттің қосалқы әуеайлағы (әуеайлақтары)

      ИКАО-ның "Орналасу орны көрсеткіштері (индекстері)" құжатында (Doc 7910) көрсетілген екіден аспайтын қосалқы әуеайлақтың орналасуының төрт әріптік ИКАО индексін (индекстерін) енгізу, оларды аралықпен бөлу немесе, егер орналасу орны индексі межелі пункттің қосалқы әуеайлағына (әуеайлақтарына) алдын ала жазылмаған болса, ZZZZ белгісін қойып, 18-жолда ALTN/ алдыңғы белгілер тобымен межелі пункттің қосалқы әуеайлағының (әуеайлақтарының) атауы мен орналасу орнын көрсету қажет.

18-жол. Өзге де ақпарат

      Мыналарды енгізу:

      өзге ақпарат болмаса, 0 (нөл);

      мынадай реттілікпен басқа қажетті ақпаратты (тиісті индекс түрінде) (егер ол қолданылса):

      STS/ - ӘҚҰ органдары тарапынан ерекше назар аударуды талап ететін ұшудың осы Қағидаға 4-қосымшада көрсетілген мақсаттары мен шартты белгілері (литерлері);

      ӘҚҚ органы тарапынан ерекше көңіл бөлуді талап ететін басқа ақпарат STS/ индексінен кейін көрсетіледі.

      PBN/ - RNAV және/немесе RNP мүмкіндіктерін көрсету. Осы ұшуға қатысы бар, осы Қағидаға 5-қосымшада көрсетілген төмендегі дескрипторларды (8 элементтен немесе қосындысында 16 белгіден аспайтын) қамтиды.

      NАV/ - PBN/-да көрсетілгендерді қоспағанда, навигациялық жабдықтың GNSS функционалдық қосымшасына қатысты негізгі деректері.

      СОМ/ - байланысты қолдану түрлерін немесе 10-жолда көрселмеген мүмкіндіктерді көрсету.

      DAT/ - деректерді қолдану түрлерін немесе 10-жолда айтылмаған мүмкіндіктерді көрсету.

      SUR/ - бақылауды қолдану түрлерін немесе 10-жолда айтылмаған мүмкіндіктерді көрсету.

      DEP/ - егер 13-жолға ZZZZ енгізілген болса, ұшып шығу әуеайлағының не, егер 13-жолға AFIL енгізілген болса, қосымша ұшу жоспары туралы деректер алынуы мүмкін ӘҚҰ органының атауы мен орналасу орны. Аэронавигациялық ақпарат құжаттарында көрсетілмеген әуеайлақтар үшін соңынан N (солтүстік) немесе S (оңтүстік) әріптерін жазумен градуспен және ондықпен және минут бірліктерімен ендікті білдіретін 4 цифрмен, оның соңынан Е (шығыс) немесе W (батыс) әрпі келетін, градуспен және ондықпен және минут бірліктерімен ендікті білдіретін бойлықты көрсететін бес цифрмен сүйемелденетін оның орналасу орнын көрсету.

      DEST/ - егер 16-жолда ZZZZ енгізілген болса, ұшып баратын әуеайлақтың атауы мен орналасу орны. Тиісті аэронавигациялық ақпарат жинағында атап көрсетілмеген әуеайлақтар үшін олардың орналасу орнын көрсету.

      DOF/ - әуе кемесінің алты цифр форматындағы ұшып шығу күні (YYMMDD, ондағы YY – жыл, ММ – ай және DD – күн).

      REG/ - егер олар 7-жолдағы әуе кемесінің тану индексінен басқа болса, әуе кемесінің ұлттық және тіркеу белгісі.

      ЕЕТ/ - ҰАА шекараларының негізгі нүктелері немесе индекстері және ұшып көтерілу сәтінен бастап осындай ҰАА нүктелері немесе шекараларына дейінгі үдемелі есептік өткен уақыт.

      SEL/ - тиісті жабдығы бар әуе кемелері үшін SELCAL коды.

      TYP/ - алдында қажет болғанда әуе кемелері цифры аралықсыз көрсетілетін және, егер 9-жолға ZZZZ енгізілсе, аралық арқылы әуе кеме (кемелері) түрі (түрлері).

      DLE/ - маршрутта кешігу немесе күту; уақыттың төрт цифрдан тұратын форматын (hhmm) қолданумен кешігудің сағат және минутпен көрсетілген кешігу ұзақтығын кейіннен көрсетумен кешігу болжанған маршруттағы негізгі нүктені (нүктелерді) көрсету.

      OPR/ - егер 7-жолдағы әуе кемесінің тану индексінен өзгеше болса, ИКАО индексі немесе пайдаланушының атауы.

      ORGN/ - ұшу жоспарын жасаушыны бірден айқындау мүмкін болмаса, жоспарды жасаушының сегіз әріптік AFTN мекенжайы немесе басқа тиісті байланысу ақпараты.

      PER/ – ӘҚҚ-ның тиісті өкілетті органы ұйғарған болса, "Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары. Әуе кемелерінің ұшуларын жүргізу" (PANSOPS, Doc 8168) құжатының "Ұшуларды орындау қағидаларының" І томында айқындалған, бір әріппен көрсетілетін әуе кемесінің ұшу-техникалық деректері;

      ALTN/ - егер 16-жолда ZZZZ енгізілген болса, ұшып баратын қосалқы әуеайлақтың (әуеайлақтардың) атауы. Тиісті аэронавигациялық ақпарат жинағында көрсетілмеген әуеайлақтар үшін олардың орналасқан жерін көрсету.

      RALT/ - "Орналасу орны көрсеткіштері (индекстері)" құжатында (Doc 7910) көрсетілген маршруттағы қосалқы әуеайлақтың (әуеайлақтардың) төрт әріптік көрсеткіші (көрсеткіштері) немесе егер индекс берілмеген болса, маршруттағы қосалқы әуеайлақтардың атауы (атаулары). Тиісті аэронавигациялық ақпарат жинағында көрсетілмеген әуеайлақтар үшін олардың орналасқан жерін көрсету.

      TALT/ - "Орналасу орны көрсеткіштері (индекстері)" құжатында (Doc 7910) көрсетілген ұшып көтерілу кезіндегі қосалқы әуеайлақтың төрт әріптік индексі (индекстері) немесе егер индекс берілмеген болса, ұшып көтерілу кезіндегі қосалқы әуеайлақтың атауы. Тиісті аэронавигациялық ақпарат жинағында көрсетілмеген әуеайлақтар үшін.

      RIF/ - соңынан әуеайлақ орналасқан жердің ИКАО-да қабылданған төрт әріптік индексі қойылатын, қайта қаралған (өзгертілген) ұшып бару әуеайлағына апаратын маршрут туралы мәліметтер. Қайта қаралған маршрутты пайдалану үшін ұшуға жаңа диспетчерлік рұқсат алу керек.

      RМК/ - ӘҚҰ мақсаттары үшін қажетті ашық мәтінмен берілген кез келген басқа ескертулер.

      18-жолда басқа индекстерді пайдалануға жол берілмейді.

19-жол. Қосымша ақпарат
Отын қоры

      Е/ - ден кейін сағат және минутпен көрсетілген ұшу уақыты бойынша отын қорын білдіретін төрт цифрдан тұратын топты енгізу.

Борттағы адамдар саны

      Р/-дан кейін борттағы адамдардың (жолаушылар мен экипаж) жалпы санын көрсету. Егер адамдардың жалпы саны ұшу жоспарын беру кезінде белгісіз болса, TBN (хабарлануға тиіс) әріптерін қою.

Авариялық-құтқару жабдығы

      R/ - (радиожабдық). 243,0 МГц жиілігінде ӨЖЖ байланыс жоқ болса, U әрпін сызып тастау. Егер 121,5 МГц жиілігінде ӨЖЖ байланыс жоқ болса, V әрпін сызып тастау. Егер борттық авариялық радиомаяк (ELТ) жоқ болса, E әрпін сызып тастау.

      S/ - (құтқару жабдығы). Егер бортта құтқару жабдығы жоқ болса, барлық индекстерді сызып тастау. Егер бортта полярлық құтқару жабдығы жоқ болса, Р әрпін сызып тастау. Егер бортта шөл далаға арналған құтқару жабдығы жоқ болса, D әрпін сызып тастау. Егер бортта теңізде құтқару жабдығы жоқ болса, М әрпін сызып тастау. Егер бортта құрайттарға арналған құтқару жабдығы жоқ болса, J әрпін сызып тастау.

      J/ - (құтқару кеудешелері). Егер бортта құтқару кеудешелері жоқ болса, барлық индекстерді сызып тастау. Егер құтқару кеудешелері жарық беру көздерімен жарақталмаса, L әрпін сызып тастау. Егер құтқару кеудешелерінің флуоресцентті жабындары болмаса, F әрпін сызып тастау. Егер құтқару кеудешелері радиоқұралдармен жарақталған болса, олардың радиожарақталуын көрсету үшін U әрпін немесе V әрпін, R/ жолында және одан жоғары сызып тастау.

      D/ - (қайықтар) (саны). Егер бортта құтқару қайықтары жоқ болса, D және C индекстерін сызып тастау немесе борттағы құтқару қайықтарының санын көрсету;

      (сыйымдылығы) – борттағы барлық құтқару қайықтарының жалпы сыйымдылығын (орын санын) көрсету;

      (жабу) – егер қайықтар ашық болса, С индексін сызып тастау.

      (түсі) – егер бортта бар болса, қайықтардың түсін көрсету.

      А/ (әуе кемесінің түсі және белгілері) - әуе кемесінің түсін және оның негізгі белгілерін көрсету.

      N/ (ескертпелер) – егер ескертпелер жоқ болса, N индексін сызып тастау немесе борттағы бар басқа құтқару жабдығын көрсету және құтқару жабдығына қатысты басқа ескертпелерді енгізу.

      С/ (пилот) - әуе кемесі командирінің тегін көрсету.

3. Ұшу жоспарын ұсынатын адам туралы мәліметтер

      Ұшу жоспарын ұсынған мемлекеттік органды, жеке немесе заңды тұлғаны көрсету.

4. Ұшу жоспарын қабылдау

      Ұшу жоспары туралы хабарлама (ФПЛ) берілгеннен кейін 30 минуттың ішінде ұшу жоспарын бекітпеу туралы (ППН) хабарлама болмаған жағдайда, ол ӘҚЖ БО (ӘҚҰ БО) ұшу жоспарын қабылдағанын білдіреді.

5. Ұсынылған ұшу жоспарына қатысты хабарламаны беру тәртібі
(FPL)

      Форматқа қатысты айқын қателерді және (немесе) жіберілген қателерді түзету.

      Өзгесі көзделмеген болса, мынадай тармақтар беріледі:

      1) 3-жолдың алдындағы штрихпен белгіленген жолдарда көрсетілген тармақтар;

      2) <<

(FPL 3-жол: белгіге дейінгі штрихпен белгіленбеген бағандардағы барлық символдар мен деректер) белгісінен бастап 18-жолдың соңындағы <<

белгісіне дейінгі тармақтар.

      19-жолда толтырылған тармақтар ӘҚҰ органының сұрау салуы бойынша ғана жіберіледі.

      3) Хабарлама соңының сигналы - N әрпі төрт рет қайталанады.

  Қазақстан Республикасының
әуе кеңістігін пайдалану қағидасына
7-қосымша

Қайталанатын ұшу жоспары (RPL) бланкісінің үлгісі

      Ескерту. Қағида 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

ҚАЙТАЛАНАТЫН ҰШУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ

А. Пайдаланушы

B. Адресат (адресаттар)

C. Ұшып шығу әуеайлағы (әуеайлақтары) вылета

D
Күні

E
Сериялық нөмірі N

F
Беті

G. Қосымша деректер (19-жол) В:

H

I

J

K

L

M

N

O

P

Q

+
-

Жж
ккаа
бастап
жарамды

Жж
ккаа
дейін
жарамды

Ұшу күндері

ӘК-нің тану индексі (7-жол)

ӘК түрі және іздің турбуленттілігік санаты (9-жол)

Әуеайлақ және ұшып шығу уақыты (13-жол)

Маршруты
(15-жол)
Крейсерлік

Ұшып баратын әуеайлақ және жалпы есептік өткен уақыт (16-жол)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

Жылдамдығы

Эшелон

Маршрут























      *Ескертпе:

1. Қайталанатын ұшу жоспары (RPL) тізбесінің бланкісін толтыру

      АҰҚ (FPL нысанындағы I ұшу қағидалары) бойынша орындалатын ұшу жоспарларын ғана атап өту. Барлық әуе кемелерінің тұрақты ұшуды (FPL форматтағы S ұшу түрі) орындайтындығы болжануда, олай болмаған жағдайда, Q (ескертпе) бағанына тиісті түсініктемені енгізу. Ұшуды RPL-ға сәйкес орындайтын барлық әуе кемелерінің А және С режимдерінде 4096 кодтарын қолданатын қабылдап жауап бергіштермен жабдықталғаны болжануда. Олай болмаған жағдайда, Q (ескертпе) бағанына тиісті түсініктемені енгізу.

      Ұшу жоспарларын ұшып шығу әуеайлақтарының орналасқан орнының индекстері бойынша әліпби тәртібімен санамалау.

      Ұшу жоспарларын әрбір ұшып шығу әуеайлағына қатысты қалыптарды тазалаудың есептеу уақыты бойынша хронологиялық тәртіппен санамалау.

      Барлық жағдайларда уақытта UTC төрт цифрмен (үйлестірілген бүкіл әлемдік уақыт) көрсету. Барлық жағдайларда өткен есептік уақытты төрт цифрмен (сағаттар мен минуттар) көрсету.

      Деректерді ұшудың әр учаскесі үшін бір немесе одан да көп кідірістерімен жеке жолға енгізу.

      Беттердің нөмірі мен берілген беттердің жалпы санын көрсету арқылы беттерді белгілеу.

      О және Q бағандарындағы бір жолда бөлінген орын жеткіліксіз болған жағдайда, кез келген RPL үшін қосымша жолдарды (біріншіден басқа) қолдану.

2. Ұшуды тоқтату

      Барлық басқа бағандарда қамтылатын, тоқтатылған ұшу туралы деректердің алдындағы Н бағанына минус белгісін қою.

      Барлық өзге бағандардағы тоқтатылған ұшу туралы деректерді өзгеріссіз қалдыра отырып, Н бағанындағы плюс белгісімен белгіленген жазбаны және J бағанындағы соңғы ұшу күнін енгізу.

3. Ұшу туралы деректерді өзгерту

      1.2-тармақта көрсетілгендей етіп алып тастауды жүргізу;

      I және J бағандарындағы жоспар(лар)дың жарамдылық мерзіміне қатысты жаңа деректерді қоса алғанда, тиісті бағандардағы деректердің қажеттілігіне қарай өзгертілген ұшудың жаңа жоспар(лар)ының деректері қамтылатын үшінші жазбаны енгізу.

4. RPL деректерін енгізу

      А–Q бағандарын мынадай талаптарға сәйкес толтыру:

      А бағаны (пайдаланушы) – пайдаланушының атауын көрсету.

      В бағаны (адресат(тар) – осы ұшу бағытына жататын, қайталанатын ұшу жоспарларын ҰАА-ға қатысты қолдану үшін мемлекет тағайындаған мекемелерінің атау(лар)ын көрсету.

      С бағаны (ұшып шығу әуеайлағы (тары) - ұшып шығу әуеайлағы (тары)ның орналасқан орнының индекстерін қою.

      D бағаны (күні) - ұсынылған тізбенің әр бетіне 6 цифрдан тұратын топ арқылы тізбе ұсынған күнді (жыл, ай, күн) көрсету.

      Е бағаны (сериялық нөмір) – көрсетілген жыл (әр жаңа жылдың 1 санынан басталатын) үшін тізбе ұсынылған жылдың соңғы екі цифры, сызықша және сериялық номер енгізілетін, ұсынылған тізбенің сериялық нөмірін көрсету, 2 сан;

      F бағаны (беті) – бет нөмірі мен ұсынылған беттердің жалпы санын көрсету.

      G бағаны (В қосымша деректері) - ұшу жоспарының (ФПЛ) 19-жолына сәйкес ұсынылатын ақпарат қамтылған органның атауы мен тиісті байланыс ақпаратын көрсету.

      Н бағаны (жазба түрі) - тізбеден алынуға тиісті әрбір ұшу жоспарына қатысты минус (-) белгісін қою. Әрбір бастапқы тізбеге қатысты, ал кейіннен ұсыну жағдайларында – бұрынғы ұсынылғанда аталмаған әрбір ұшу жоспарына қатысты (+)белгісін қою.

      Ескертпе. Бұрынғы берілген уақыттан бастап өзгеріссіз қалатын, кез келген ұшу жоспарына қатысты бұл бағанда ешқандай ақпарат көрсету талап етілмейді.

      I бағаны (... бастап жарамды) – осы ұшуды орындауды бастау уақыты жоспарланған күнді (жыл, ай, күн) көрсету;

      J бағаны (... дейін жарамды) – егер жарамдылық мерзімі белгісіз болса, ұшу тізбесіне немесе UFN (келесі хабарламаға дейін) енгізілген, орындауды аяқтау жоспарланған күнді (жыл, ай, күн) көрсету;

      К бағаны (ұшу күндері) – аптаның күніне сәйкес келетін сан қажетті шағын бағанға қойылады:

      дүйсенбі – 1;

      сейсенбі – 2;

      сәрсенбі – 3;

      бейсенбі – 4;

      жұма – 5;

      сенбі – 6;

      жексенбі – 7.

      Ұшу көзделмеген кезде әр күннің қажетті бағанына 0 қою.

      L бағаны (әуе кемесінің тану индексі (ИКАО ұшу жоспарының 7-тармағы) – осы ұшуға қолданылатын әуе кемесінің тану индексін қою;

      М бағаны (әуе кемесінің түрі мен турбуленттілік санаты) (ИКАО ұшу жоспарының 9-тармағы)) – "Әуе кемелері түрлерінің шартты белгілері" ИКАО Doc 8643 құжатында көрсетілген, ИКАО тиісті шартты белгілерін қою.

      H, M немесе L тиісті индекстерін қою:

      Н – ең жоғарғы сертификатталған ұшу салмағы 136 000 немесе одан жоғары әуе кемелерінің түрін көрсету үшін ауыр;

      М – ең жоғарғы сертификатталған ұшу салмағы 136 000 кг кем, бірақ 7000 кг артық әуе кемелерінің түрін көрсету үшін орташа;

      L – ең жоғарғы сертификатталған ұшу салмағы 7 000 кг немесе одан кем әуе кемелерінің түрін көрсету үшін жеңіл.

      N бағаны (әуеайлақ және ұшып шығу уақыты (ИКАО ұшу жоспарының 13-жолы)) – ұшып шығу әуеайлағы орналасқан орнының индексін қою. Әуе кемесі ұшып шығуға байланысты қозғала бастаған кезде калыптарды жинау уақытын, яғни есептеу уақытын қою.

      О бағаны (маршруты (ИКАО ұшу жоспарының 15-жолы)):

      1) Крейсерлік жылдамдық – бірінші немесе барлық крейсерлік ұшу учаскесіне арналған шынайы ауа жылдамдығын көрсету.

      2) Крейсерлік эшелон – маршрут бойынша бірінші немесе барлық ұшу учаскесіне арналған жоспарланған крейсерлік эшелонды көрсету.

      3) Маршрут – бүкіл маршрут туралы деректерді қою.

      Р бағаны (ұшып баратын әуеайлақ және жалпы есептік өткен уақыт (Ұшу жоспарының 16-жолы) – ұшып баратын әуеайлақтың орналасқан орнының индексін қою. Жалпы есептік өткен уақытты көрсету.

      Q бағаны (ескертпелер) - ӘҚҰ органдары тарапынан (ұшу жоспарының 18-жолы) ерекше назар аударуды талап ететін деректерді енгізу.

  Қазақстан Республикасының
әуе кеңістігін пайдалану
қағидаларына
8-қосымша

Ұшуды орындау және қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын өлшем бірліктері

      Ескерту. Қағидалар 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с

Шама

Негізгі өлшем бірлігі

СИ жүйесіне кірмейтін баламалы бірлік
(белгісі)

1

2

3

4

Бағыт/кеңістік/уақыт

1

Абсолюттік биіктік

метр (м)

фут

2

Аумақ

шаршы метр (м2)


3

Үлкен қашықтық

километр (км)

м. миля

4

Қысқа қашықтық

метр (м)


5

Асыру

метр (м)

фут

6

Ұзақтық

сағат және минут (сағ. және мин)


7

Салыстырмалы биіктік

метр (м)

фут

8

Ендік

градус, минут, секунд
(о ' '')


9

Ұзындық

метр (м)


10

Ұзақтық

градус, минут, секунд
(о ' '')


11

Жазық бұрыш (қажет болған жағдайда ондық градус бөліктері қолданылады)

градус (о)


12

ҰҚЖ ұзындығы

метр (м)


13

ҰҚЖ көрінісінің ұзақтығы

метр (м)


14

Бактар сыйымдылығы
(әуе кемесі)

литр (л)


15

Уақыт

секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл


16

Көрінім

метр (м), километр (км)


17

Көлемі

текше метр (м3)


18

Желдің бағыты

Нақты градуспен беріледі; ұшу және қону үшін желдің бағыты магниттік градуспен белгіленеді


2. Салмақты білдіретін бірліктер

1

Жүк сыйымдылығы

килограмм (кг)


2

Жүкті орналастыру тығыздығы

килограмм текше метр (кг/м3)


3

Тығыздық
(массалық тығыздық)

килограмм текше метр (кг/м3)


4

Отын қоры
(гравиметрлік)

килограмм (кг)


5

Газ тығыздығы

килограмм текше метр (кг/м3)


6

Жалпы салмағы немесе пайдалы жүктелім

килограмм (кг)


7

Көтергіш тетіктер

килограмм (кг)


8

Сызықтық тығыздық

килограмм метр (кг/м)


9

Сұйықтық тығыздығы

килограмм текше метр (кг/м3)


10

Салмағы

килограмм (кг)


11

Инерция сәті

килограмм – шаршы метр (кг*м2)


12

Қозғалыс санының сәті
(импульс сәті)

килограмм – шаршы метр секундына (кг*м2/сек)


13

Қозғалыс саны
(импульс)

килограмм - шаршы метр секундына (кг*м2/сек)


3. Күшті білдіретін бірліктер

1

Ауа қысымы (жалпы)

килопаскаль (кПа)

Сынап бағанасы миллиметрі (сн. бғ.мм.), миллибар
(Мбар)

2

Биіктік өлшегішті орнату

гектопаскаль (гПа)

Сынап бағанасы




миллиметрі ((сн. бғ.мм.), миллибар
(Мбар)

3

Атмосфералық қысым

гектопаскаль (гПа)

сынап бағанасы миллиметрі ((сн. Бғ.мм.), миллибар
(Мбар)

4

Иілу кезі

килоньютон метр (кН*м)


5

Күш

ньютон


6

Отын беру жүйесіндегі қысым

килопаскаль (кПа)

Килограмм шаршы метр (кг/см2)

7

Гидравликалық қысым

килопаскаль (кПа)


8

Серпінділік модулі

мегапаскаль (Мпа)


9

Қысым

килопаскаль (кПа)


10

Кернеу

мегапаскаль (Мпа)


11

Үстіңгі керіліс

меганьютон метріне (мН/м)


12

Тартылыс

килоньютон (кН)

кг

13

Айналым сәті

ньютон – метр (Н*м)


14

Ажырап кетуі

паскаль (Па)


4. Механика

1

Әуе жылдамдығы

Километр сағатына (км/ч)

уз

2

Бұрыштық үдеткіш

радиан секундына шаршыда (рад/с2)


3

Бұрыштық жылдамдық

радиан секундына (рад/с)


4

Энергия немесе жұмыс

джоуль (Дж)


5

Біліктегі баламалық қуат

киловатт (кВт)


6

Жиілік

герц (Гц)


7

Жол жылдамдығы

километр сағатына (км/ч)

уз

8

Күшті жүктелім

джоуль шаршы метрге
(Дж/м2)


9

Тежегішпен шектелетін кинетикалық энергия

мегаджоуль (МДж)


10

Желілік жылдамдық

метр секундына




шаршыда (м/с2)


11

Қуат

киловатт (кВт)


12

Теңгерілу жылдамдығы

градус секундына(о/с)


13

Біліктегі қуат

киловатт (кВт)


14

Жылдамдық 

метр секундына (м/с)


15

Тік жылдамдық

метр секундына (м/с)


16

Жел жылдамдығы

километр сағатына


5. Шығыс

1

Қозғалтқыш арқылы ауа шығысы

килограмм секундына (кг/с)


2

Қозғалтқышқа су беру

килограмм сағатына (кг/сағ.)


3

Отын шығысы (шекті)
піспек қозғалтқыштар
Құбыр бұрандалы
Қозғалтқыштар
Реактивті қозғалтқыштар

килограмм киловатқа-сағ.
(кг/(кВт *сағ.))
килограмм киловатқа-сағ.
(кг/(кВт *сағ.))
килограмм килоньютонға-сағ. (кг/(кН *сағ))


4

Отын шығысы

килограмм сағатына (кг/сағ.)


5

Бактар толымдығының жылдамдығы
(гравиметрикалық)

килограмм минутына (кг/мин)


6

Газ шығысы

килограмм секундына (кг/с)


7

Сұйықтық шығысы
(гравиметрикалық)

грамм секундына (г/с)


8

Сұйықтық шығысы (көлемдік)

литр секундына (л/с)


9

Массалық шығыс

килограмм секундына (кг/с)


10

Май шығысы:
Газқұбырлық қозғалтқыштар
Поршенді қозғалтқыштар
(шекті)

килограмм сағатына (кг/сағ.)
грамм киловаттқа-сағ.
(г/(кВт *сағ.)


11

Майды жіберу

грамм секундына (г/с)


12

Сорғының өнімділігі

литр минутына (л/мин)


13

Желдеткіштегі ауа ағыны

текше метр минутына


1

2

3

4



3/мин)


14

Тұтқырлық (динамикалық)

паскаль-секунд (Па *с)


15

Тұтқырлық1(кинематикалық)

шаршы метр секундына (м2/с)


6. Термодинамика

1

Жылу беру коэффициенті

ватт шаршы метр
– кельвин (Вт/(м2 *К)


2

Аудан бірлігіне жылу ағыны

джоуль шаршы метр (Дж/м2)


3

Жылу ағынының қуаттылығы

ватт (Вт)


4

Ылғалдылық (абсолюттік)

грамм килограммға (г/кг)


5

Сызықтық кеңейту коэффициенті

Цельсий градус минус бірінші дәреже (оС-1)


6

Жылулық саны

джоуль (Дж)


7

Температура

Цельсий градус (оС)


7. Электр және магнетизм

1

Электр сыйымдылық

фарад (Ф)


2

Электр өткізгіштік

сименс (См)


3

Шекті электр өткізгіштік

сименс метрге (См/м)


4

Токтың тығыздығы

ампер шаршы метрге (А/м2)


5

Ток күші

ампер (А)


6

Электр өрісінің үстірт тығыздығы

кулон шаршы метрге (Кл/м2)


7

Электр қысым

вольт (В)


8

Электр қозғалтқыш күш

вольт (В)


9

Магниттік өрістің кернеуі

ампер метр (А/м)


10

Магнит ағыны

вебер (Вб)


11

Магнит ағынының тығыздығы

тесла (Тл)


12

Қуат

ватт (Вт)


13

Электр мөлшері

кулон (Кл)


14

Электр кедергі

Ом (Ом)


8. Жарық және онымен байланысты электромагниттік сәулелену

1

Жарық

люкс (лк)


2

Айқындылық

шаршы метрге кандела
(кд/м2)


3

Жарқырағыштық

шаршы метрге люмен




(лм/м2)


4

Жарық ағыны

люмен (лм)


5

Жарық күші

кандела (кд)


6

Жарық энергиясы

люмен – секунд (лм *с)


7

Сәулелі энергия

джоулю (Дж)


8

Толқын ұзындығы

метр (м)


9. Акустика

1

Жиілік

герц (Гц)


2

Массалық тығыздық

килограмм текше
метр (кг/м3)


3

Шу деңгейі

децибел (дБ)


4

Кезең, мерзімдік
интервал

секунд (с)


5

Дыбыстың қарқындылығы

ватт текше метр
(Вт/м2)


6

Дыбыстық қуаттылық

ватт (Вт)


7

Дыбыстық қысым

паскаль (Па)


8

Дыбыс деңгейі

децибел (дБ) е)


9

Статикалық қысым
(мезеттік)

паскаль (Па)


10

Дыбыс жылдамдығы

метр секундына (м/с)


11

Көлемдік жылдамдық
(мезеттік)

текше метр секундына (м3/с)


12

Толқын ұзындығы

метр (м)


10. Ядролық физика және иондаушы сәулелену

1

Жұтылған мөлшер

грей (Гй)


2

Жұтылған мөлшер деңгейі

грей секундына (Гй/с)


3

Радиоизотоптар белсенділігі

беккерель (Бк)


4

Баламалы мөлшер

сиверт (Св)


5

Сәулелену әсері

кулон килограмм (Кл/кг)


6

Сәулелендіру деңгейі

кулон килограмм-секундына
(Кл/кг *с)


      Ескертпе:
1) 5 км төмен көрініс метрмен берілуі мүмкін.

      2) Жеке жағдайларда ұшудың әуе жылдамдығының мәні М – Маха түрінде қолданылады.

      3) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға қосымшаларда жел жылдамдығының белгісі ретінде 1 түйін = 0,5 м./с түрлендіруі қолданылады.

      4) Децибел (дБ) дыбыстық қысым деңгейін және дыбыс қуаттылығы деңгейін білдіру үшін бірлік ретінде қолданылатын салыстырмалы шама болып табылады. Бұл бірлікті қолданған уақытта бастапқы деңгейді көрсету қажет.

  Қазақстан Республикасының
әуе кеңістігін пайдалану
қағидаларына
8-1-қосымша

      Ескерту. Қағида 8-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.08.2019 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Ұстап қалу кезінде пайдаланылатын фразалар мен олардың мағыналары:


Ұстап қалушы пайдаланатын фразалар

Ұстап қалынатын әуе кемесі пайдаланатын фразалар

Фраза

Мағынасы

Фраза

Мағынасы

Callsign (Кол сайн)

Шақыру белгіңізді хабарлауыңызды сұраймын

Callsign (Кол сайн)

Менің шақыру белгім (шақыру белгісі)

Follow (Фолоу)

Маған еріңіз

Wilco (Вил коу)

Түсіндім, орындаймын

Cannot (Кэн нот)

Орындай алмаймын

Descend (Дисэнд)

Қону үшін төмендеңіз

Repeat (Рипит)

Нұсқауыңызды қайталаңыз

Am lost (Эм лост)

Бағдардан адасып қалдым

You land (Юлэнд)

Осы әуеайлаққа қоныңыз

Mayday (Мэйдэй)

Апатқа тап болдым

Hi jack (Хай джэк)

Мені басып алды

Proceed (Просид)

Өз бағытыңызбен жүре беріңіз

Land (place name)
Лэнд (пункттің атауы)

(пункттің атауы) қонуға рұқсат сұраймын

Descend (Дисенд)

Төмендеу қажет

Ескертпелер:
1. Талап етілетін шақыру белгісі ӘҚҚ (ӘҚБ) органымен байланыс орнату үшін пайдаланылатын және ұшу жоспарына енгізілген әуе кемесінің тану индексіне сәйкес келетін шақыру белгісі болып табылады.
2. Жағдай "ХАЙ ДЖЭК" фразасын қолдану үшін әрдайым қолайлы бола бермейді.

      2. Ұстап қалынған жағдайда пайдаланылатын сигналдар:

      1) Ұстап қалатын әуе кемесі беретін сигналдар мен ұстап қалынатын әуе кемесінің жауаптары:

Сериясы

Ұстап қалатын әуе кемесінің сигналдары

Мағынасы

Ұстап қалынатын әуе кемесінің жауаптары

Мағынасы

1.

Күндіз немесе түнде –
ұстап қалынатын әуе кемесінен сәл жоғары, алдында және әдетте, сол жағынан (немесе егер ұстап қалынатын әуе кемесі тікұшақ болса оң жағынан) бірдей емес уақыт аралығында бір қанаттан екінші қанатына тербелуі және аэронавигациялық оттарын жыпылықтату және сигналдың қабылданғаны расталғаннан кейін тиісті бағытқа шығу үшін көлденең жазықтықта, әдетте, сол жаққа (немесе оң жаққа, тікұшақ ұстап қалынған жағдайда) баяу кері бұрылу.
1-ескертпе.
Метеорологиялық жағдайларға немесе жер бедеріне қарай ұстап қалатын әуе кемесінен 1-серияда көрсетілген өзінің орналасқан орнын және кері бұрылу бағытын ауыстыру талап етілуі мүмкін.
2-ескертпе.
Егер ұстап қалынатын әуе кемесі ұстап қалатын әуе кемесіне ілесіп үлгермесе, онда ұстап қалатын әуе кемесі 180 градусқа (ипподром) екі мәрте кері бұрылу схемасы бойынша ұстап қалынатын әуе кемесінің қасынан ұшып өткен сайын әуе кемесін бір қанатынан екіншісіне (кезекпен сол және оң жаққа қисайып) тербелтіп, бірқатар маневрді орындайды.

Сізді ұстап қалдық.
Соңымнан еріңіз.

Күндіз және түнде –әуе кемесінің тербелуі және бірдей емес уақыт аралығында аэронавигациялық оттарын жыпылықтату, ұстап қалушы әуе кемесіне ілесу

Түсіндім. Орындаймын.

2.

Күндіз немесе түнде –ұстап қалынатын әуе кемесінің жол сызығын қиып өтпей биіктік алу арқылы 90 градусқа және одан жоғары бұрылу жолымен ұстап қалынатын әуе кемесінен күрт алшақтауы.

Өз бағытыңызбен жүріңіз.

Күндіз немесе түнде – бір қанаттан екіншісіне тербелу.

Сізді түсіндім. Орындаймын.

3.

Күндіз немесе түнде –шассиді шығару (егер мүмкін болса), қону фараларын қосу және пайдалануға болатын ҰҚЖ үстінен ұшып өту немесе егер ұстап қалынатын әуе кемесі тікұшақ болып табылса, тікұшақ қонатын алаңның үстінен ұшып өту.
Тікұшақтар болған жағдайда ұстап қалатын тікұшақ қону алаңына жақын жерде қалқып тұру режиміне ауыса отырып, қонуға бет алуды орындайды.

Осы әуеайлаққа қонуды орындаңыз.

Күндіз немесе түнде – шассиді шығару (егер мүмкін болса), қону фараларын қосу және ұстап қалатын әуе кемесінің соңынан еру және егер пайдалануға болатын ҰҚЖ-дан немесе тікұшақ қонатын алаңнан ұшып өткеннен кейін қону үшін жағдай қауіпсіз деп саналса, қонуды орындау басталады.

Сізді түсіндім, орындаймын.

      2) Ұстап қалынатын әуе кемесі беретін сигналдар және ұстап қалатын әуе кемесінің жауаптары:

Сериясы

Ұстап қалынатын әуе кемесінің сигналдары

Мәні

Ұстап қалатын әуе кемесінің жауаптары

Мағынасы

4.

Күндіз немесе түнде – пайдалануға болатын ҰҚЖ немесе тікұшақ қонатын алаңның үстінен әуеайлақ деңгейінен 300 метрден (1000 фут) астам, бірақ 600 метрден (2000 фут) аспайтын (тікұшақтар үшін 50 метрден (170 фут) астам, бірақ 100 метрден (330 фут)) аспайтын биіктікте ұшып өткен кезде шассиді жинау (егер мүмкін болса) және қону фараларын жыпылықтату және пайдалануға болатын ҰҚЖ немесе әуеайлақ үстінен шеңбер жасап ұшуды жалғастыру. Қону фараларын жыпылықтату мүмкін болмаған жағдайда кез келген борттық оттарды жыпылықтату жүргізіледі.

Сіз көрсеткен әуеайлақ жарамайды.

Күндіз немесе түнде – егер ұстап қалынатын әуе кемесі ұстап қалатын әуе кемесіне еріп қосалқы әуеайлаққа барғаны орынды болса, ұстап қалынатын әуе кемесі шассиді жинайды (егер мүмкін болса) және ұстап қалатын әуе кемелері үшін 1-сериялы сигналдарды пайдаланады.

Сізді түсіндім, маған еріңіз.

5.

Күндіз немесе түнде – борттық оттардың бәрін жиі, бірақ оларды жарқылдау оттарынан ажыратуға болатындай есеппен қосып сөндіру.

Орындай алмаймын.

Күндіз немесе түнде – ұстап қалынатын әуе кемелері үшін 2 сериялы сигналдар пайдаланылады.

Сізді түсіндім.

6.

Күндіз немесе түнде – әртүрлі уақыт аралығында барлық борттық оттарды жыпылықтату.

Апат жағдайындамын.

Күндіз немесе түнде – ұстап қалынатын әуе кемелері үшін 2 сериялы сигналдар пайдаланылады.

Сізді түсіндім.

      3. Ұстап қалу кезінде маневр жасау:

      1) Ұстап қалынатын азаматтық әуе кемесі үшін қауіп тудырмау үшін азаматтық әуе кемелерінің ұшу-техникалық сипаттамаларына қатысты шектеулерді, ұстап қалынатын әуе кемесіне соқтығысу қаупі туындайтындай жақын ұшудан бас тарту қажеттігін, сондай-ақ әуе кемесінің ұшу траекториясын қиып өтуден немесе іздегі турбуленттілік, әсіресе ұстап қалынатын әуе кемесі жеңіл әуе кемелерінің санатына кірген жағдайларда қауіп төндіру ықтималдығы орын алатындай кез келген басқа маневрді орындаудан қашқақтау қажеттігін ескерген жөн.

      2) Соқтығысудың алдын алудың борттық жүйесімен (САБЖ) жабдықталған ұстап қалынатын әуе кемесі ұстап қалатын әуе кемесін соқтығысу қаупі ретінде қабылдауы және осылайша, САБЖ соқтығысу қаупін шешу жөніндегі ұсынымға жауап ретінде жалтару маневрін орындауды бастауы мүмкін. Мұндай маневрді ұстап қалатын әуе кемесі қырын қабақ ниеттің көрінісі ретінде дұрыс түсінбеуі мүмкін. Осыған байланысты екінші шолу радиолокаторының (ҚШРЛ) қабылдағыш-жауап бергішімен жабдықталған ұстап қалатын әуе кемелері пилоттарының ұстап қалынатын әуе кемесінен кемінде 37 километр (20 теңіз милі) қашықтық шегінде барометрлік биіктік туралы ақпарат беруді (С режимінің жауаптарында немесе S режимінің жауаптарының АС алаңында) тежеуі маңызды. Бұл ұстап қалатын әуе кемесінің САБЖ ұстап қалынатын әуе кемесіне қатысты соқтығысу қаупін шешу бойынша ұсынымдар беруге кедергі келтіреді, алайда бұл САБЖ әуе қозғалысы туралы консультативтік ақпарат беруді жалғастырады.

      4. Визуалды тану үшін маневр жасау

      Азаматтық әуе кемесін визуалды тану үшін ұстап қалатын әуе кемелеріне маневр жасаудың мынадай әдісін қолдану ұсынылады:

      I фаза

      Ұстап қалатын әуе кемесі ұстап қалынатын әуе кемесіне артқы жарты сферадан жақындауы керек. Ұстап қалатын бөлімшенің жетекші әуе кемесі немесе жеке ұстап қалатын әуе кемесі, әдетте, ұстап қалынатын әуе кемесінің пилотына көрінетін алаң шегінде қалып және бастапқыда әуе кемесіне 300 метрден артық жақындамай ұстап қалатын әуе кемесінің сол жағынан біршама жоғары және алдындағы позицияда болуға тиіс. Ұстап қалуға қатысушы кез келген басқа әуе кемесі ұстап қалынатын әуе кемесінен мейлінше алшақ, негізінен осы кемеден жоғары және артында қалуға тиіс. Жылдамдық пен позиция белгіленгеннен кейін әуе кемесі қажеттілігіне қарай ұстап қалу қағидаларының II фазасына өтуі қажет.

      II фаза

      Ұстап қалатын бөлімшенің жетекші әуе кемесі немесе жеке ұстап қалатын әуе кемесі ұстап қалынатын әуе кемесіне дәл сол деңгейде байқап жақындағаны жөн, бірақ талап етілетін ақпаратты алу үшін сөзсіз қажет деңгейден артық жақындамауы керек. Ұстап қалынатын әуе кемесінің экипажын немесе жолаушыларын қорқытып алмау үшін ұстап қалатын бөлімшенің жетекші әуе кемесі немесе жеке ұстап қалатын әуе кемесі ұстап қалатын әуе кемесі үшін қалыпты деп саналатын маневрлерді жолаушылар мен азаматтық әуе кемелерінің экипаждары қауіпті деп түсінуі мүмкін екенін үнемі ескере отырып, сақ болуы қажет.

      Ұстап қалуға қатысатын кез келген басқа әуе кемесі ұстап қалынатын әуе кемесінен мейлінше алшақ болуға тиіс.

      Тану аяқталғаннан кейін ұстап қалатын әуе кемесі III фазада көзделгендей, ұстап қалынатын әуе кемесіне жақындау ауданынан шығуы керек.

      III фаза

      Ұстап қалатын бөлімшенің жетекші әуе кемесі немесе жеке ұстап қалатын әуе кемесі ұстап қалынатын әуе кемесінен басқа жаққа қарай қиялай құлдилағанда абайлап бұрылуы керек. Ұстап қалуға қатысатын кез келген басқа әуе кемесі ұстап қалынатын әуе кемесінен мейлінше алшақ болғаны, содан кейін өзінің жетекшісіне қосылғаны жөн.

      5. Ұшу бағытын көрсету үшін маневр жасау:

      1) егер әуе кемесін тану үшін жоғарыда I фазада және II фазада аталған маневрлер орындалғаннан кейін ұстап қалынатын әуе кемесінің ұшуына одан әрі араласу қажет болса, ұстап қалатын бөлімшенің әуе кемесі немесе жеке ұстап қалатын әуе кемесі ұстап қалынатын әуе кемесінің командиріне берілетін визуалды сигналдарды көруге мүмкіндік беру үшін әдетте, одан сол жақтағы, одан біршама жоғары және оның алдындағы позицияда болуы қажет;

      2) ұстап қалатын әуе кемесінің командирі ұстап қалынатын әуе кемесі командирінің ұстап қалу туралы хабардар екендігіне және берілетін сигналдарды растайтынына көз жеткізуі қажет. Егер ұстап қалынатын әуе кемесі командирінің назарын аударуға 1-сериялы сигналдарды пайдалану арқылы бірнеше рет жасалған әрекет сәтсіз болса, ұстап қалынатын әуе кемесі үшін ешқандай қауіп тудырмау шартымен шекті шара ретінде форсаждың көмегімен жүргізілетін визуалды әсерді қоса алғанда, осы мақсат үшін сигнал берудің басқа да әдістерін пайдалануға болады;

      3) метеорологиялық жағдайлар немесе жергілікті жер бедері кейбір жағдайларда ұстап қалатын бөлімшенің жетекші әуе кемесінің немесе жеке ұстап қалатын әуе кемесінің ұстап қалынатын әуе кемесінен біршама жоғары және алдағы позицияны иелену қажеттігін туындатуы мүмкін. Бұл жағдайда ұстап қалатын әуе кемесінің командирі өзінің әуе кемесі ұстап қалынатын әуе кемесінің командиріне кез келген уақытта анық көрінуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс.