Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1429 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.09.2015 № 774 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 459-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 35) және 36) тармақшалармен толықтырылсын:
"35) пилот қашықтан басқаратын әуе кемесі – осы әуе кемесінің бортында болмайтын даярланған маман басқаратын әуе кемесі;
36) белгiленген маршрут – уәкiлеттi органдармен, мүдделi ведомстволармен және ұйымдармен келiсiлген және авиациялық жұмыстар жүргiзуге арналған әуе трассасы мен жергiлiктi әуе желiсiнен тыс маршрут.";
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттары (әуе трассалары, ЖӘЖ және белгіленген маршруттар);";
11 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруты, тиiстi жағдайларда, әуе трассасын, жергiлiктi әуе желiсiн немесе белгіленген маршрутты бiлдiредi. Әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттарының индекстерiн белгiлеу қағидаттары осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес белгiленедi.";
"13. Жергiлiктi әуе желiлерi және белгіленген маршруттар төменгi әуе кеңiстiгiнде орналасады. ҰКШЕ бойынша ұшу үшін жергiлiктi әуе желiсiнiң және белгіленген маршруттың енi 4 километрден белгiленедi.";
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Атыс, ракета ұшыру, жарылыс жұмыстарын, ұшқышсыз ұшатын аппараттардың, басқарылмайтын аэростаттардың ұшуын жүргізумен және меншік иесінің немесе объектіні пайдалануға жауапты органның ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін өзге де қызметімен байланысты жұмыстар жүзеге асырылатын әрбір объект (полигон, атыс орны, оқу орталығы, карьер, кен орны, кеніш, қима, аэрологиялық станция) үшін ӘҚБ органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық әзірленеді, ол жауапкершілік ауданында объект тұрған ӘҚБ органымен келісіледі.";
22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Қауіпті аймақтар мыналармен байланысты қызметтің мынадай түрлері бойынша белгіленеді:
1) оқ-дәрілер сақталатын объектілерде олармен жұмыстар жүргізу;
2) атмосферада ғылыми зерттеуді жүзеге асыру;
3) электрмагниттік сәулелену;
4) жарықтық сәулелену;
5) басқарылмайтын зондтарды жіберу аудандары;
6) тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау аймақтары.
23. Ұшуды шектеу аймақтары барлық атыс түрлері, зымырандарды ұшыру, жарылыс жұмыстары жүргізілетін аудандар, мемлекеттік табиғи қорықтар, ұлттық саябақтар, тарих және мәдениет ескерткіштері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша қорғалатын объектілер үстінде белгіленеді.";
мынадай мазмұндағы 26-1, 26-2 және 26-3-тармақтармен толықтырылсын:
"26-1. Тыйым салынған аймақтарды, қауіпті аймақтарды және ұшу шектелген аймақтарды бастапқы белгілеген кезде әр аймаққа белгі тағайындалады.
26-2. Берілген белгі осы аймаққа қатысты барлық кейінгі өзгерістерде аймақты белгілеу үшін пайдаланылады.
26-3. Белгілеу әріптер мен цифрлардың мынадай тобынан құралады:
1) әріптік белгілеу UA;
2) тиісінше Р әрпі – тыйым салынған аймақ үшін, R әрпі – ұшуды шектеу аймағы үшін және D әрпі – қауіпті аймақ үшін;
3) Қазақстан Республикасының аумағы шегінде қайталанбайтын нөмір.";
33, 55, 58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Авиациялық жұмыстар, парашютпен секіру, пилотсыз ұшу аппараттарының, пилот қашықтан басқаратын әуе кемелерінің ұшуы, байлаулы аэростаттарды елді мекендердің үстіне көтеру әуе кеңістігін пайдаланушыларда ӘҚБ БО-ның елді мекеннің үстімен ұшуға рұқсаты болған жағдайда және әуе кеңістігін пайдаланушының олардың аумағы шегінде ұшуды жоспарлаған республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын хабардар ете отырып орындалады.";
"55. Әуе кеңістігін пайдалану жоспары мыналарға бөлінеді:
1) әуе кемелерінің ұшу жоспарлары;
2) пилотсыз ұшу аппараттарының, пилот қашықтан басқаратын әуе кемелерінің, басқарылатын аэростаттардың, дирижабльдердің ұшу жоспарлары;
3) басқарылмайтын аэростаттарды (зонд-шарларды) жіберу, атыстар өткізу, зымырандар жіберу және жарылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлары.";
"58. Ұшу жоспары А және (немесе) С сыныбындағы әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу үшін, сондай-ақ G сыныбындағы әуе кеңістігін пайдалану кезінде әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдарына хабарлау және пайдаланушының сұрау салуы бойынша ұшу-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында ұсынылады.
Пилотсыз ұшу аппаратының, пилот қашықтан басқаратын әуе кемесінің немесе басқарылатын аэростаттың ұшу жоспары туралы хабарлама әуе кеңістігінің сыныбына қарамастан, әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу үшін беріледі.
Пайдаланушылар күзетілетін объектілер үстінен барлық пилотсыз ұшу аппараттарының, пилот қашықтықтан басқаратын әуе кемелерінің немесе басқарылатын аэростаттардың ұшуын Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметімен осындай ұшу басталғанға дейін кемінде 5 жұмыс күні қалғанда келіседі.
59. Әуе кеңiстiгiн пайдаланушы:
1) А және (немесе) С сыныбындағы әуе кеңiстiгiндегi әуе трассалары, жергiлiктi әуе желiлерi және белгіленген маршруттар бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелерi;
2) А және (немесе) С сыныбындағы әуе кеңiстiгiнiң әуе трассалары мен жергiлiктi әуе желiлерiнен тыс жерлерде ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелерi;
3) G сыныбындағы әуе кеңiстiгiнде ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелерi ұшуды орындаған жағдайда, ұшу жоспарын ӘҚБ БО интернет-ресурсына және ӘҚҚ органының жақын жердегі "Брифинг" тобына ұсынады.";
60-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) пилотсыз ұшу аппараттарының, пилот қашықтан басқаратын әуе кемелерінің.";
61-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Ұсынылған жоспар туралы ақпарат қамтылған Интернет желісі пайдаланылған хабарлама ӘҚЖ БО интернет-ресурсына беріледі. Осындай жоспарларды беру үшін әуе кеңістігін пайдаланушылар ұшуды орындау құқығын куәландыратын қолданыстағы құжаттар болған жағдайда, азаматтық авиацияның уәкілетті органынан логин және пароль алады.";
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Әуе кемесiнiң ұшу жоспары мыналарды қамтиды:
1) әуе кемесiнiң тану индексi туралы ақпарат (рейс нөмiрi, әуе кемесiнiң мемлекеттiк және тiркелген тану белгiлерi);
2) ұшу қағидалары (аспап бойынша ұшу қағидалары (бұдан әрi – АҰҚ), ұшуды көзбен шолу қағидалары (бұдан әрі – ҚШҚ) және ұшу түрi (тұрақты (S), тұрақты емес (N), жалпы мақсаттағы авиация ұшуы (G), мемлекеттiк авиацияның әуе кемесiнiң ұшуы (М), басқа кез келген ұшу (X) үшiн) туралы ақпарат;
3) әуе кемелерiнiң саны және түрi, iзiнiң турбуленттiлiк санаты туралы ақпарат (азаматтық әуе кемелерi үшiн);
4) әуе кемесiнiң жабдығы туралы ақпарат;
5) ұшып шығу әуеайлағы және ұшып шығу уақыты туралы ақпарат;
6) ұшу маршруты туралы ақпарат;
7) ұшып баратын әуеайлақ және жалпы есептiк өткен уақыт (қонуға дейiнгi), қосымша әуеайлақтар туралы ақпарат;
8) ұшу маршрутының ерекшелiктерiн, әуе кемесiнiң тiркеу белгiлерiн, пайдаланушының атауын, әуе кемесiнiң ұшу-техникалық деректерiн, бортта қолданылатын жабдықты сипаттауға қажетті ақпарат, егер ол үлгiдегi ақпараттан өзгеше болса немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдары тарапынан ерекше қатынасты талап ететiн ақпарат болса, өзге де ақпарат, осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес ұшу мәртебесi;
9) отын қорына, борттағы адамдар санына, авариялық-құтқару жабдықтарына қатысты ақпарат.
Азаматтық әуе кемесінің ұшу жоспары туралы хабарламаға кіретін ақпараттың үлгілік құрамы (көлемі) және көрсетілген жоспарды беру ережесі осы Қағидаға 3, 5 және 6-қосымшалармен айқындалады.
Ұшуды орындау кезiнде рейстердiң нөмiрлерiнiң қайталануын болдырмау мақсатында қазақстандық пайдаланушылар қолданатын рейстер нөмiрлерiн үйлестiрудi ӘҚЖ БО жүзеге асырады.
Пилотсыз ұшу аппаратының, пилот қашықтан басқаратын әуе кемелерінің немесе басқарылатын аэростаттардың ұшу жоспарына Қағиданың осы тармағының 1), 3)-6), 8) тармақшаларында көрсетілген ақпарат енгізіледі.";
64-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қажеттілігі тану немесе ұшу-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында туындауы мүмкін ұсталып қалуды болдырмау үшін әуе қозғалысын басқару органдары жасайтын іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында бақыланбайтын әуе кеңістігі шегінде орындалатын ұшуға дейін;";
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Ұшу жоспары есептелген ұшу уақытынан кемінде 60 минут бұрын және есептелген ұшу уақытынан 120 сағат бұрын пилотсыз ұшу аппараттарының, дирижабльдердің, пилот қашықтан басқаратын әуе кемелері мен аэростаттардың ұшуын қоспағанда, ұшу жоспары ұшқанға дейiн үш сағат бұрын ұсынылады. Есептелген ұшу уақыты деп әуе кемесiн рульдеуден бұрын, егер қолданылатын болса, оның тiреуiштерiн алып тастау, ал қалған жағдайларда әуе кемесiнiң ұшып көтерiлу уақыты түсiнiледi.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Азаматтық әуе кемесiн пайдаланушы тұрақты ұшуды орындау кезiнде осы Қағиданың 58-тармағында көрсетiлген ұшу жоспарынан басқа осы Қағидаға 3 және 7-қосымшаларға сәйкес қайталанатын ұшу жоспарын бiрiншi тұрақты ұшуды орындау күнiнен кемінде күнтiзбелiк 15 күн бұрын ұсынады.";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық тұрақты ұшуларды қонусыз орындауға ұсынылған қайталанатын ұшу жоспарын ӘҚЖ БО арқылы бекіту туралы хабарлама беру арқылы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітуге тиіс.";
73 және 75-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"73. ӘҚК (ӘҚБ) органдары және әуе кеңістігінің пайдаланушылары беретін әуе кемелерінің қозғалысы туралы хабарламалар осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес айқындалады. Осы Қағидаға 6 және 7-қосымшаларда белгіленген ұшу жоспары мен қайталанатын ұшу жоспарының форматтарын қоспағанда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша әуе кемелерінің қозғалысы туралы хабарлама форматтарын белгілейді.";
"75. Әуе кеңiстiгiн пайдаланушы ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн және мыналарға:
1) басқарылмайтын аэростаттардың ұшуына;
2) атыс өткiзуге, зымырандар жiберуге, жарылыс жұмыстарын жүргiзуге байланысты қызметтi орындаған жағдайда, әуе кеңiстiгiн пайдалануға берiлетiн өтiнiмдi ӘҚБ БО-ға немесе жақын жердегi ӘҚҚ (ӘҚБ) орталығына ұсынады.
Егер ұшудың ең жоғары биiктiгi жергiлiктi жер бедерiнiң үстiнен 50 метрден аспаған жағдайда және ұшу маршруты елдi мекендерден және әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттарының шекараларынан, әуе кемелерiнiң ұшу және қонуға кіру схемаларынан, ұшуға тыйым салынған аймақтардан, қауiптi аймақтардан және ұшулар шектелген аймақтардан, сондай-ақ шекара маңындағы жолақтан тыс жерлерде орналасқан кезде өтiнiмді ұсынбастан басқарылмайтын аэростатты (шар-зонд) пайдалануға жол беріледі.";
100-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) әуе кемесінің сынақтық ұшу немесе айналып ұшуды орындауға дайындығы туралы жөндеу немесе жинақтау кәсіпорнының бірінші басшысының қолы қойылған анықтамасы болған жағдайда.";
106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"106. Әуе кеңiстiгiн пайдаланудың хабарламалық тәртiбi деп әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға ұшуды бақыланбайтын әуе кеңістігінде диспетчерлiк қызмет көрсетусіз орындауға мүмкiндiк беру түсiндiріледi.";
мынадай мазмұндағы 144-1-тармақпен толықтырылсын:
"144-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша қысқа мерзімді шектеулерді енгізуді қоса алғанда, астана мен астана әуежайы үстіндегі әуе кеңістігін пайдалану тәртібін айқындайды.
Шет мемлекеттің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын тасымалдау үшін ұшуды орындайтын шетелдік әуе кемесінің немесе әуеде басып алынған әуе кемесінің экипажынан астана әуежайына жоспарланбаған және рұқсатсыз қонуды (әуе кемесінің бортында орын алған авариялық жағдайды қоспағанда) жүзеге асырғысы келетін ұшу туралы ӘҚҚ органдары ӘҚЖ БО ұсынымы бойынша астана әуежайы үстіндегі әуе кеңістігіне қысқа мерзімді шектеулер орнатады.";
156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"156. Уақытша режим орнатуға арналған ұсыным ӘҚБ БО-ға қызмет басталғанға дейінгі жеті тәуліктен кешіктірмей жiберiледi. Уақытша режим орнату туралы мемлекеттік органдардан немесе ұйымдардан келіп түскен, құпия мәліметтері жоқ ұсынымдарды құпия емес жеделхаттар немесе құпия емес пошта арқылы жіберуге болады.";
157-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік авиацияның тұрақты ұшу аймақтарында әуе кеңiстiгiн пайдаланудың уақытша режимдерiн және қысқа мерзiмдi шектеулер қоюға арналған ұсынымда осындай аймақтың нөмiрi, ұшуға тыйым салу уақыты мен биiктiк ауқымы ғана көрсетiледi.";
162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"162. Ғарыштық аппараттарды ұшыру және қондыру кезінде әуе кеңістігін пайдалану қауіпсіздігі ғарыштық аппаратты ұшыруды немесе қондыруды жүзеге асыратын (қамтамасыз ететін) мемлекеттік орган немесе ұйым уақытша режим орнатуға берген ұсынымдары бойынша Қазақстан Республикасының Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы әзірлейтін және енгізетін уақытша режимдерді енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.";
мынадай мазмұндағы 162-1, 162-2, 162-3 және 162-4-тармақтармен толықтырылсын:
"162-1. Ғарыш қызметін қамтамасыз ету кезінде уақытша режимді орнатуға арналған ұсынымды мемлекеттік орган немесе ұйым Қазақстан Республикасының Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығына ғарыш қызметі жоспарланған күнге дейін кемінде 7 тәулік қалған мерзімде ұсынады.
Қазақстан Республикасының Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығына көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған уақытша режимдер орнатуға арналған ұсынымдар қаралмайды, бұл туралы ақпарат ұсынымды берушілерге жеткізіледі.
162-2. Уақытша режимді орнатуға арналған ұсынымда мыналар:
1) өткізетін күн (негізгі және қосалқы күндер);
2) уақытша режимдер қолданылатын аудандардың шекаралары нүктелерінің географиялық координаталары немесе тұрақты ғарыш аймақтарының нөмірлері;
3) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кеңістігінің басқа пайдаланушылары үшін уақытша режимнің басталатын және аяқталатын уақыты;
4) ұшуға тыйым салынатын биіктік ауқымы;
5) ғарыш қызметін қамтамасыз ету үшін жұмылдырылатын әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттарын тарту туралы қосымша ақпарат көрсетіледі.
162-3. Әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделерін қамтамасыз етуді ескере отырып, әзірленеді және енгізіледі.
Уақытша режимді енгізу мүмкін болмаған жағдайда, Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы бұл туралы ғарыш қызметі жоспарланғанға дейін кемінде 3 тәулік қалған мерзімде ұсыным берушіге хабарлайды.
162-4. Қазақстан Республикасының Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы уақытша режимнің қолданылу уақыты өткеннен кейін уақытша режимді алып тастайды.
Ғарыш қызметі мерзімінен бұрын аяқталған жағдайда, ғарыш аппаратын ұшыруды немесе қондыруды жүзеге асыратын (қамтамасыз ететін) мемлекеттік орган немесе ұйым берген ақпарат бойынша орнатылған уақытша режимді тоқтатуға болады.";
көрсетілген Қағидаға 3 және 4-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес көрсетілген Қағидаға 5, 6, 7-қосымшалармен толықтырылсын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 650 қаулысымен ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасына 3-қосымша |
Әуе кемелерінің қозғалысы және әуе кеңістігін пайдаланумен
байланысты қызметті жүргізу туралы
хабарлама түрлері
Р/с № | Хабарлама атауы | Авиациялық тіркелген байланыс желісі бойынша берілетін хабарламаның шұғылдық сериясы | Беру мерзімі | Кім хабарлайды | Кімге хабарланады | |
Қазақстан Республикасындағы ішкі ұшулар бойынша | Қазақстан Республикасынан тыс орындалатын халықаралық ұшулар бойынша | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | ӘК пайдаланушының (командирінің) хабарламасы | |||||
1.1 | РПЛ - қайталанатын ұшу жоспары (RPL – Repetitive Flight plan) – | ЛЛ | Ұшу басталғанға дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей | ӘК пайдаланушы | ӘҚЖ БО | ӘҚЖ БО |
Ұшудың қайталанатын жоспарларының (RPL) "Q" тармағында RVSM-нен ұшуға рұқсаты бар әуе кемелері эшелондарында RVSM әуе кеңістігі(нде)/арқылы 290-нан 410-ды қоса алғанға дейін ұшуды орындау кезінде, "EQPT/W" форматы көрсетіледі. 280 және одан жоғары эшелонға сәйкес RVSM-мен ұшуға рұқсаты жоқ және ұшудың шекті пайдаланылатын биіктіктерімен және ӘК үшін сұратылып отырған эшелонға қарамастан "EQPT/" форматы көрсетіледі. | ||||||
1.2 | ЦХГ - өзгеріс (Change немесе Modification – CHG). Тұрақты сипаттағы өзгерістер туралы хабарлама бұрын берілген RPL деректерінде қамтылған (RPL) негізгі ұшу жоспарының деректеріне қандай да бір өзгеріс енгізу керек болған жағдайда беріледі | ЛЛ | Ұшу басталғанға дейін күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей | ӘК пайдаланушы | 1. ӘҚЖ БО | 2. ӘҚЖ БО |
1.3 | ФПЛ - тұрақты емес ұшуға; кесте бойынша тұрақты рейстерге; қосымша және кесте бойынша алдыңғы тәуліктерден ауыстырылған рейстерге; авиациялық жұмыстар бойынша ұшуға; бақыланбайтын әуе кеңістігіндегі ұшуға; шекаралық жолақтағы ұшуға берілетін ұсынылған ұшу жоспары (Filed flight plan - FPL). ФПЛ – қашықтықтан басқарылатын әуе кемелері, басқарылатын аэростаттар, дирижабльдер ұшуының ұшу жоспары (Filed flight plan - FPL) | ГГ | Кесте (жоспар) бойынша жөнелтілу уақытына дейін кемінде 60 минут бұрын және 120 сағаттан артық емес; IFPS немесе арқылы ұшу бойынша - 3 сағаттан кешіктірмей | ӘК пайдаланушысы (командир) | Брифинг | Брифинг |
Ұшу жоспарын ФПЛ (FPL) ұшу уақытынан 24 сағат бұрын ұсынған жағдайда, "Өзге ақпарат" деген 18-жолда КҮНІ/және әуе кемесінің ұшу күні көрсетіледі, мысалы, КҮНІ/2205. Азаматтық әуе кемелерінің 290-нан 410-ға дейін қоса алғанда, эшелондарда ұшуды RVSM әуе кеңістігінде/арқылы ұшуды орындау кезінде: 1) RVSM-нен ұшуға рұқсаты бар, ұшу жоспарында (FPL) "Жабдық" деген 10-жолда "W" әрпі көрсетіледі, "Маршрут" деген 15-жолда мыналар көрсетіледі: - RVSM әуе кеңістігінің көлденең шекарасының шегіне енетін пункті мен тікелей RVSM-ға ену пунктінен кейін басталатын маршрут учаскесі үшін сұратылатын ұшу эшелоны; - RVSM әуе кеңістігінің көлденең шекарасының шегіне енетін пункті мен тікелей RVSM-ға ену пунктінен кейін басталатын маршрут учаскесі үшін сұратылатын ұшу эшелоны; 2) ұшып шығатын және ұшып баратын әуеайлақтар RVSM әуе кеңістігінің көлденең шекараларынан тыс орналасқан жағдайда, RVSM-нен ұшуға рұқсат берілмеген (FPL) ұшу жоспарларында "Бағыт" жеген 15-жолда: - RVSM әуе кеңістігінің көлденең шекарасының шегіне енетін пункті мен тікелей ену пунктінен кейін басталатын маршрут учаскесі үшін 290 эшелонынан төмен немесе 410 эшелонынан жоғары сұратылатын ұшу эшелоны; - RVSM әуе кеңістігінің көлденең шекарасының шегінен шығатын пункті мен тікелей шығу пунктінен кейін басталатын маршрут учаскесі үшін сұратылатын ұшу эшелоны. Ұшып баратын әуеайлақ RVSM әуе кеңістігінің көлденең шекараларының шегінде болған жағдайда, RVSM әуе кеңістігінің көлденең шекараларының шегінде ену пункті мен 290 төмен сұратылатын ұшу эшелоны көрсетіледі. | ||||||
1.4 | ДЛА – кешігу (Delay - DLA). Хабарлама әуе кемесінің ұшып шығуы оған қатысты ұшу жоспарының (FPL) негізгі деректері беріліп, кесте (жоспар) бойынша есептелген ұшып шығу уақытынан 30-дан астам минутқа кешіктірілген жағдайда беріледі. | ФФ | Күтіліп отырған кешіктірілу 30 мин және одан да көп болған кезде ӘК-нің кесте (жоспар) бойынша ұшып шығу уақытынан 30 минут кешіктірмей | ӘК пайдаланушы (командир). | Брифинг | Брифинг |
1.5 | ЦХГ - өзгеріс (Change немесе Modification – CHG). Хабарлама ұшу жоспарының бұран берілген FPL деректерінде қамтылған ұшу жоспарының негізгі деректеріне қандай да бір біржолғы өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда беріледі. Хабарлама осы өзгеріс оларға қатысты болатын ұшу жоспарының негізгі деректерді алушыларына жіберіледі. Ұшу жоспарының тиісті өзгертілген негізгі деректері бұл өзгеріске қатысты болатын, бірақ мұндай ақпаратты алмаған тараптарға беріледі. | ФФ | Ұшу жоспарында көрсетілген кесте (жоспар) бойынша ӘК-нің есептелген ұшып шығу уақытына дейін 30 минуттан кешіктірмей (RPL немесе FPL) | ӘК пайдаланушы (командир). | Брифинг | Брифинг |
1.6 | ЦНЛ - ұшуды тоқтату (Cancel - CNL). Хабарлама оған қатысты ұшу жоспарының негізгі деректері (FPL) бұрын таратылған ұшу тоқтатылған жағдайда беріледі. | ФФ | Жоспар бойынша ӘК ұшып шығу уақытынан кешіктірмей | ӘК пайдаланушы (командир). | Брифинг | Брифинг |
1.7. | СПЛ - Қосымша ұшу жоспары (Supplementary flight plan – SPL). Хабарлама CPL немесе FPL хабарламасында бұрын берілгеннен басқа қосымша ақпарат сұранымы (RQS) түскен кезде беріледі | ФФ | Сұраным түскен кезде | ӘК пайдаланушы (командир). | Брифинг | Брифинг |
1.8 | АФИЛ үлгісіндегі ФПЛ - ӘК бортынан ұшу жоспары (AFIL) | ФФ | Трассаға (ЖӘЖ) ПОД шығар кезде ұшып шыққанға дейін 10 минуттан кешіктірмей | ӘК пайдаланушы (командир). | 1. АДО (АДП), ӘДО (ДПРА) ӘК орналасқан орны бойынша 2. Орналасқан орны бойынша ЖДП. | 1. АДО (АДП), ӘДО (ДПРА) ӘК орналасқан орны бойынша 2. Орналасқан орны бойынша ЖДП. |
1.9 | СВР – тұрақты рейстің біржолғы өзгерісін келісу (рейстерді біріктіру, қону пункттерін өзгерту, ӘК түрлерін ауыстыру) | ФФ | ӘК-нің кесте бойынша есептелген ұшып шығу уақытына дейін екі сағаттан кешіктірмей | ӘК пайдаланушы (командир). | 1. Ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ; 2. Ұшу және қону әуеайлағының брифингі. | 1. ҚР-дағы ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ; 2. ҚР-дағы ұшу және қону әуеайлағының брифингі |
1.10 | АЛР – авиациялық оқиға, оқыс жағдай туралы алғашқы хабарлама, сондай-ақ бақыланбайтын әуе кеңістігінде ӘК қауіпсіздігіне, экипажға және жолаушыларға қауіп төніп тұрғандығы туралы кез келген ақпарат | CC | Мәліметтерді алғаннан, фактіні анықтағаннан кейін дереу | ӘК пайдаланушы (командир). | 1. ӘҚЖ БО; 2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган. | 3. ӘҚЖ БО; 4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган. |
2 | Брифинг хабарламалары | |||||
2.1 | АЛР – Авариялық хабарлау (Alerting - ALR). Авариялық хабарлауға қатысты хабарлама ӘҚҰ органы әуе кемесі авариялық жағдайда деп есептеген уақытта беріледі. Төмендегі үш кезеңнің біреуі көрсетіледі: Апатқа ұшырау кезеңі - DЕТRЕSFА Дабыл кезеңі – АLЕRFА Белгісіздік кезеңі – INСЕRFА | СС CC CC | Мәліметтерді алғаннан, фактіні анықтағаннан кейін дереу | Брифинг | 1. ӘҚЖ БО; 2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган; 3. ӘҚҚ әскери органы (тек авиациялық оқиға); 4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО. | 1. ӘҚЖ БО; 2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган; 3. ӘҚҚ әскери органы (тек авиациялық оқиға); 4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО. |
2.2 | РЦФ – радиобайланыстың істен шығуы (Radiocommunication failure - RCF), хабарлама ӘҚҰ органына оның ауданында ұшуды орындайтын әуе кемесінде радио байланыстың істен шығуы орын алғандығы белгілі болған жағдайда беріледі | СС | Хабарламаны алғаннан кейін дереу | Брифинг | 1. ӘКҰ БО; 2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган; 3. АДО (РДП) ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша; 4. Маршрут бойынша ЖДП; 5. Ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша қону әуеайлақтарының брифингі; 6. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО; 7. ӘҚҚ әскери органы. | 1. ӘКҰ БО; 2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган; 3. АДО (РДП) ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша; 4. Маршрут бойынша ЖДП; 5. Ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша қону әуеайлақтарының брифингі; 6. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО; 7. ӘҚҚ әскери органы. |
2.3. | АНВ- ANV– азаматтық авиация қызметіне заңсыз қол сұғу актісі | СС | Мәліметтерді алғаннан, фактіні анықтағаннан кейін дереу | Брифинг | 1. ӘКҰ БО; 2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган; 3. ӘҚҚ әскери органы. 4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО | 1. ӘКҰ БО; 2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган; 3. ӘҚҚ әскери органы. 4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО |
2.4. | АНП- ANP- әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу | СС | Мәліметтерді алғаннан, фактіні анықтағаннан кейін дереу | Брифинг | 1. ӘКҰ БО; 2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган; 3. ӘҚҚ әскери органы. 4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО | 1. ӘКҰ БО; 2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган; 3. ӘҚҚ әскери органы. 4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО |
2.5 | ФПЛ – тұрақты емес ұшуға; кесте бойынша тұрақты рейстерге; қосымша және кесте бойынша алдыңғы тәуліктерден ауыстырылған рейстерге; авиациялық жұмыстар бойынша ұшуларға; бақыланбайтын әуе кеңістігіндегі ұшуларға; шекаралық жолақтағы ұшуларға берілетін ұшу жоспары (Filed flight plan - FPL). ФПЛ - қашықтықтан басқарылатын әуе кемелері, басқарылатын аэростаттар, дирижабльдер ұшуының ұшу жоспары (Filed flight plan - FPL) | ФФ | Кесте (жоспар) бойынша жөнелтілу уақытына дейін кемінде 60 минут бұрын және 120 сағаттан артық емес; IFPS немесе арқылы ұшу бойынша - 3 сағаттан кешіктірмей Ұшуға дейін кемінде дегенде 3 сағат бұрын | ӘК ұшып шығу әуеайлағының брифингі | 1. ӘҚБ БО; 2. Бірінші қону әуеайлағының брифингі; 3. Ұшу және бірінші қону әуежайының ӘДҚ-сы; 4. ӘҚҚ әскери органы; 5. ӘҚБ БО (авиациялық жұмыстар бойынша, шекарамен шектес жолақтағы ұшу, бақылаусыз әуе кеңістігіндегі ұшу; мемлекеттік авиация ӘК, қашықтықтан басқарылатын әуе кемелері, басқарылатын аэростаттар, дирижабльдер ұшулары); 6. Қону пунктіне дейінгі ұшу бағытындағы ЖДП; 7. Бірінші қону әуеайлағына дейінгі АДО (АДП). | 1. ӘҚБ БО; 2. ҚР-дағы бірінші қону әуеайлағының брифингі; 3. Қазақстан Республикасы ұшу және бірінші қону әуежайының ӘДҚ-сы 4. ӘҚҚ әскери органы; 5. ӘҚБ БО (авиациялық жұмыстар бойынша, шекарамен шектес жолақтағы ұшу, бақылаусыз әуе кеңістігіндегі ұшу; мемлекеттік авиация ӘК, қашықтықтан басқарудағы әуе кемелері, басқарылатын аэростаттар, дирижабльдер ұшулары); 6. ҚР-дағы бірінші қону пунктіне дейін ұшу маршруты бойынша ЖДП; 7. ҚР-дағы бірінші қону әуеайлағына дейінгі АДО (АДП) 8. Мемлекеттер ААЖ сәйкес ұшу маршруты бойынша мекенжайлар (IFPS аймағына кіретіндерден басқа) |
ФПЛ (FPL) ұшу жоспарын 24 сағаттан бұрын ұсынған жағдайда "Өзге ақпарат" деген 18-жолда КҮНІ/және әуе кемесінің ұшу күні көрсетіледі, мысалы КҮНІ/2205 | ||||||
2.6 | ДЛА – кешігу (Delay - DLA). Хабарлама ұшу жоспарының негізгі деректері оларға қатысты (FPL) берілген әуе кемесінің ұшуы кешіккен жағдайда беріледі | ФФ | Күтіліп отырған кешіктірілу 30 мин және одан да көп болған кезде ӘК-нің кесте (жоспар) бойынша ұшып шығу уақытынан кешіктірмей | ӘК ұшып шығу әуеайлағының брифингі | ӘҚЖ БО; 2. Ұшу маршруты бойынша ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі; 3. Ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ-сы; 4. Мемлекеттік ӘК-нің ӘҚБ БО; 5. ӘҚҚ әскери органы | 1. ӘҚЖ БО; 2. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі; 3. ҚР-дағы ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ; 4. Мемлекеттік ӘК-нің ӘҚБ БО; 5. ӘҚҚ әскери органы; 6. Мемлекеттер ААЖ сәйкес ұшу маршруты бойынша мекенжайлар (IFPS аймағына кіретіндерден басқа) |
2.7 | ЦХГ - өзгеріс (Change немесе Modification – CHG). Хабарлама ұшу жоспарының бұрын берілген деректерінде қамтылған негізгі деректерге қандай да бір біржолғы өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда беріледі (FPL). Хабарлама осы өзгеріс қатысты болып табылатын ұшу жоспарының негізгі деректерін алушыларға жіберіледі. Ұшу жоспарының тиісті өзгертілген негізгі деректері (FPL) осы өзгерістер оларға қатысты болған, бірақ бұрын осындай ақпарат алмаған тараптарға беріледі. ЦНЛ – ұшуды тоқтату (Cancel - CNL). Хабарлама оған қатысты ұшу жоспарының негізгі деректері (RPL немесе FPL) бұрын таратылған ұшу тоқтатылған жағдайда беріледі | ФФ | ДЛА белгіленген уақытында немесе одан ерте болған кезде ӘК-нің кесте (жоспар) бойынша ұшып шығу уақытына дейін 30 минуттан кешіктірмей | Ұшып шығу әуеайлағының брифингі | 1. ӘҚЖ БО; 2. Ұшу маршруты бойынша ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі; 3. Ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ-сы; 4. Мемлекеттік ӘК-нің ӘҚБ БО; 5. ӘҚҚ әскери органы; 6. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП) | 1. ӘҚЖ БО; 2. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі; 3. ҚР-дағы ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ-сы; 4. Мемлекеттік ӘК-нің ӘҚБ БО; 5. ӘҚҚ әскери органы; 6. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП). 7. Мемлекеттер ААЖ сәйкес ұшу маршруты бойынша мекенжайлар (IFPS аймағына кіретіндерден басқа) |
2.8 | ДЕП - әуе кемесінің ұшып шығуы (Departure - DEP). Хабарлама бұдан бұрын ұшу жоспарының (RPL немесе FPL) негізгі деректері таратылған әуе кемесіне қатысты беріледі | ФФ | ӘК ұшуына дейін 5 минуттан кешіктірмей | Ұшып шығу әуеайлағының брифингі | 1. ӘҚЖ БО; 2. Ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақ бойынша бірінші қону әуеайлағына дейін АДО (АДП). 3. Бірінші қону пунктіне дейінгі ұшу маршруты бойынша ЖДП. 4. Ұшу маршруты бойынша бірінші қону әуеайлағының брифингі; 5. ӘҚҚ әскери органы. | 1. ӘҚЖ БО; 2. Ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақ бойынша ҚР-дағы бірінші қону әуеайлағына дейін АДО (АДП). 3. ҚР-дағы бірінші қону пунктіне дейінгі ұшу маршруты бойынша ЖДП. 4. Ұшу маршруты бойынша ҚР-дағы бірінші қону әуеайлағының брифингі; 5. ӘҚҚ әскери органы. 6. Мемлекеттер ААЖ сәйкес ұшу маршруты бойынша мекенжайлар (IFPS аймағына кіретіндерден басқа) |
2.9 | АРР – Келіп жету (Arrival – ARR). Хабарлама ӘК келіп жету әуеайлағына, қосалқы немесе басқа әуеайлаққа қонуды орындаған жағдайда беріледі. | ГГ | ӘК қонғаннан кейін 5 минуттан кешіктірмей | Қону әуеайлағының брифингі | 1. ӘҚЖ БО; 2. Ұшып шығу және қону әуеайлақтарының брифингі; 3. ӘҚҚ әскери органы. | 1. ӘҚЖ БО; 2. Ұшып шығу және қону әуеайлақтарының брифингі; 3. ӘҚҚ әскери органы; 4. Мемлекеттер ААЖ сәйкес ұшу маршруты бойынша мекенжайлар (IFPS аймағына кіретіндерден басқа) |
2.10 | ЦПЛ – Ағымдағы ұшу жоспары (Current flight plan – CPL). Кейінгі диспетчерлік рұқсатнамаларға негізделген ықтималды өзгерістерді қоса алғандағы, (әуеайлақ ауданында ӘК қосалқы әуеайлаққа кетуі) ұшу жоспары | ФФ | Маневр басталғаннан кейін 3 минуттан кешіктірмей | Брифинг | 1. ӘҚЖ БО; 2. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП). 3. Ұшу маршруты бойынша ЖДП; 4. ӘҚҚ әскери органы; 5. Ұшу және қону әуежайының брифингі, ӘДҚ-сы; 6. ӘК бағытталған әуежайдың брифинг, ӘДҚ-сы. | 1. ӘҚЖ БО; 2. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша АДО (АДП). 3. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша ЖДП; 4. ӘҚҚ әскери органы. 5. ҚР-дағы ұшу және қону әуежайының брифингі, ӘДҚ брифингі; 6. ҚР-дағы шегінен тыс ӘК бағытталған әуежайдың брифингі |
2.11 | АПЗ - метеожағдайларды қоспағанда, әуеайлақта ӘК-ні қабылдауды шектеу, тоқтату (ұзарту) | ФФ | Әуежайдың ӘДҚ-дан келіп түскен ақпаратқа сәйкес шектеудің басталуына дейін 2 сағаттан кешіктірмей, ал ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндірген ерекше жағдайларда дереу | Брифинг | 1. ӘҚЖ БО; 2. NOTAM-офис; 3. АДО (АДП). 4. ЖДП; 5. Брифинг. | 1. ӘҚЖ БО; 2. NOTAM-офис; 3. ҚР-дағы АДО (АДП); 4. ҚР-дағы ЖДП; 5. ҚР-дағы брифингі. |
2.12 | АПВ – бұрын жабылған әуеайлаққа ӘК қабылдауды қайта бастау | ФФ | Шешім қабылданғаннан кейін дереу | Брифинг | 1. ӘҚЖ БО; 2. NOTAM-офис; 3. АДО (АДП); 4. ЖДП; 5. Брифинг. | 1. ӘҚЖ БО; 2. NOTAM-офис; 3. ҚР-дағы АДО (АДП); 4. ҚР-дағы ЖДП; 5. ҚР-дағы брифингі. |
3. | АДО (АДП) хабарламалары | |||||
3.1 | ЕСТ - есептік деректер (Estimate – EST). Ұшу жоспарының (FPL) негізгі деректері берілген жағдайда EST хабарламасы әр АДП немесе ұшу ақпараты орталығы ұшу маршруты бойынша келесі АДП немесе ұшу ақпараты орталығына береді | ФФ | ӘҚҰ тарату нүктесіне ұшуға дейін 10 минуттан кешіктірмей, бірақ 30 минуттан бұрын емес | АДО (АДП) | 1. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП) | 1. Шекаралас мемлекеттің ӘҚБ органы |
3.2 | ЦДН - Үйлестіру (Coordination – CDN). Хабарламаны қабылдаушы орган жіберуші органға біріншісі бұдан бұрын алынған CPL немесе EST хабарламаларында қамтылған, үйлестіруге қатысты деректерге өзгерістерді енгізуді ұсынған жағдайда, үйлестіру сұхбатының барысында жібереді | ФФ | ӘҚҰ беру нүктесіне ұшуға дейін 10 минуттан кешіктірмей | АДО (АДП) | 1. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП) | 1. Шекаралас мемлекеттің ӘҚБ органы |
3.3 | РЩП – Ұшу жоспарына сұрау салу (Request flight plan - RQP). Хабарлама ӘҚҚ органы бұдан бұрын ешқандай тиісті ұшу жоспары деректерін алмаған әуе кемесі туралы хабарлама алған кезде ұшу жоспарының деректерін (RPL немесе FPL) алуға ниет білдірген жағдайда беріледі | ФФ | Бұдан бұрын оларға қатысты ұшу жоспары ешқандай тиісті негізгі деректері алынбаған әуе кемесі туралы хабарламаны алған кезде (EST) | АДО (АДП) | 1. ӘҚЖ БО; 2. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО; 3. Брифинг; 4. Ұшу маршруты бойынша ЖДП | 1. ӘҚЖ БО; 2. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО; 3. Брифинг; 4. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша ЖДП; 5. Шет елдің ӘҚАЖ органы |
3.4 | ЦПЛ – Ағымдағы ұшу жоспары (Current fligнным ht plan – CPL). Кейінгі диспетчерлік рұқсатнамаларға негізделген ықтималды өзгерістерді (ӘҚҚА-да ӘК қосалқы әуеайлаққа кетуі) қоса алғандағы енгізілген ұшу жоспары. Хабарлама осы әуе кемесінің оның қозғалысын басқару басқа ӘҚҰ органына берілетін басқаруды беру нүктесіне дейін есептелген ұшу уақытына дейін немесе ӘҚҚ-ның тиісті уәкілетті органы алдын ала өзге уақыт мерзімін белгілемесе беріледі | ФФ | Маневр басталғаннан кейін 3 минуттан кешіктірмей | АДО (АДП) | 1. ӘҚЖ БО; 2. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП). 3. ӘҚҚ әскери органы; 4. Брифинг; 5. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО. | 1. ӘҚЖ БО; 2. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП). 3. ӘҚҚ әскери органы; 4. Брифинг; 5. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО; 6. Шекаралас мемлекеттің ӘҚБ органы. |
3.5 | АЛР – авариялық хабарландыру (Alerting – ALR). Авариялық хабарландыруға қатысты хабарлама ӘҚҰ органы әуе кемесі авариялық жағдайда деп есептеген кезде беріледі. Төмендегі үш кезеңнің біреуі көрсетіледі: Апатқа ұшырау кезеңі - DЕТRЕSFА Дабыл кезеңі – АLЕRFА Белгісіздік кезеңі – INСЕRFА | СС СС СС СС | Мәліметтерді алғаннан, деректі анықтағаннан кейін дереу | АДО (АДП) | 1. ӘҚЖ БО; 2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган; 3. ӘҚҚ әскери органы (тек авиациялық оқиға); 4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО. | 1. ӘҚЖ БО; 2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган; 3. ӘҚҚ әскери органы (тек авиациялық оқиға); 4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО. |
3.6. | АНВ- ANV- азаматтық авиация қызметіне заңсыз қол сұғу актісі | СС | Мәліметтерді алғаннан, деректі анықтағаннан кейін дереу | АДО (АДП) | 1. ӘҚЖ БО; 2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган; 3. ӘҚҚ әскери органы; 4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО; 5. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП); 6. Ұшу маршруты бойынша ЖДП; 7. Қону әуеайлағының брифингі. | 1. ӘҚЖ БО; 2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган; 3. ӘҚҚ әскери органы; 4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО; 5. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша АДО (АДП); 6. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша ЖДП. |
3.7 | АНП- ANP- әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу | СС | Фактіні анықтағаннан кейін дереу | АДО (АДП) | 1. ӘҚЖ БО; 2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган; 3. ӘҚҚ әскери органына; 4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО; 5. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП); 6. Ұшу маршруты бойынша ЖДП. | 1. ӘҚЖ БО; 2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган; 3. ӘҚҚ әскери органына 4. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО; 5. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша АДО (АДП); 6. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша ЖДП. |
3.8 | РЦФ – радиобайланыстың істен шығуы (Radiocommunication failure - RCF), хабарлама ӘҚҰ органына оның жауапкершілік ауданында ұшуды орындайтын әуе кемесінде радиобайланыстың істен шығуы орын алғандығы белгілі болған жағдайда беріледі | СС | Хабарламаны алғаннан кейін дереу | АДО (АДП) | 1. ӘҚЖ БО; 2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган; 3. Ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша АДО (АДП); 4. Маршрут бойынша ЖДП; 5. Ұшу маршруттары және қосалқы әуеайлақтар бойынша қону әуеайлақтарының брифингі; 6. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО; 7. ӘҚҚ әскери органы. | 1. ӘҚЖ БО; 2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган; 3. ҚР-дағы ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша АДО (АДП); 4. ҚР-дағы маршрут бойынша ЖДП; 5. ҚР-дағы ұшу маршруттары және қосалқы әуеайлақтар бойынша қону әуеайлақтық брифингі; 6. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО; 7. ӘҚҚ әскери органы. |
3.9 | ФЛИ – "А" литерін орындағанда Мемлекеттік шекарадан, ӘҚҚА шекарасынан және ПОД ұшып өту | ФФ | ПОД-тан ұшып өткеннен кейін 3 минуттан кешіктірмей | АДО (АДП) | 1. ӘҚЖ ОБ. | 1. ӘҚЖ ОБ; 2. ӘҚҚ әскери органы (Мемлекеттік шекараны ұшып өту) |
3.10 | РЖМ - әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер | ГГ | ӘҚБ органынан алғаннан кейін дереу | АДО (АДП) | 1. ӘҚЖ ОБ. 2. Брифинг; 3. АДО (АДП); 4. ЖДП. | 1. ӘҚЖ ОБ; 2. ҚР-дағы брифинг; 3. ҚР-дағы АДО (АДП); 4. ҚР-дағы ЖДП. |
3.11 | РЖИ - әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулерді алып тастау | ГГ | ӘҚБ органынан алғаннан кейін дереу | АДО (АДП) | 1. ӘҚЖ ОБ.; 2. Брифинг; 3. АДО (АДП); 4. ЖДП. | 1. ӘҚЖ ОБ.; 2. ҚР-дағы брифинг; 3. ҚР-дағы АДО (АДП); 4. ҚР-дағы ЖДП. |
4 | ӘҚЖ БО хабарламалары | |||||
4.1 | РПЛ – қайталанатын ұшу жоспары (RPL – Repetitive Flight plan) - | КК | Ұшу басталғанға дейін күнтізбелік 7 күн бұрын | ӘҚЖ БО | 1. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП); 2. Ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі; 3. ӘҚҚ әскери органы; 4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган. | 1. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша АДО (АДП); 2. ҚР-дағы ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі; 3. ӘҚҚ әскери органына 4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган |
4.2 | ЦХГ - өзгеріс (Change немесе Modification – CHG). Тұрақты сипаттағы өзгерістер туралы хабарлама бұрын берілген RPL деректерінде қамтылған ұшудың негізгі деректеріне (RPL) қандай да бір өзгеріс енгізу қажеттігі болған жағдайда беріледі. ЦНЛ – тоқтату (Cancel- CNL) | КК | Ұшу басталғанға дейін күнтізбелік 3 күн бұрын | ӘҚЖ БО | 1. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП); 2. Ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі; 3. ӘҚҚ әскери органы; 4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган. | 1. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша АДО (АДП); 2. ҚР-дағы ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі; 3. ӘҚҚ әскери органы^ 4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган |
4.3 | ПЛН – алдағы және ағымдағы тәуліктерге әуе кеңістігін пайдалану жоспарынан үзінділер. | ГГ | Алдағы тәуліктерге - жергілікті уақытпен 21.00-ден кешіктірмей. Ағымдағы тәуліктерге – ағымдағы жоспарға өзгеріс енгізу бойынша дереу | ӘҚЖ БО | 1. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП); 2. Ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі; 3. ӘҚҚ әскери органы; 4. Ұшу маршруты бойынша ЖДП | 1. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша АДО (АДП); 2. ҚР-дағы ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі; 3. ӘҚҚ әскери органы 4. ҚР-дағы маршрут бойынша ЖДП |
4.4 | ППН – ұшу жоспарын бекітпеу, әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салу | ГГ | Ұшу жоспарын алғаннан кейін 30 минуттан кешіктірмей | ӘҚЖ БО | 1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган; 2. Ұшу жоспарын берген ұшу әуеайлақтарының брифингі; 3. ӘҚБ БО; 4. ӘК пайдаланушысы | 1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган; 2. Ұшу жоспарын берген ұшу әуеайлақтарының брифингі; 3. ӘҚБ БО; 4. ӘК пайдаланушысы |
4.5 | УЛС – литерлік рейстерді орындау | ГГ | Ұшатын күн қарсаңында – ұшуды орындауға дейін бір тәулік қалғанда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органнан нұсқау алғанда; Дереу – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органнан ұшатын күні нұсқау алғаннан кейін. | ӘҚЖ БО | 1. ҚР-дағы ӘК пайдаланушыларға; 2. Ұшу маршруты бойынша АДО (АДП); 3. Ұшу маршруты бойынша ЖДП; 4. ӘҚБ БО; 5. Ұшу және қосалқы маршруттар бойынша ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі; 6. Ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ. | 1. ҚР-дағы ӘК пайдаланушыға; 2. ҚР-дағы ұшу маршруты бойынша АДО (АДП); 3. ҚР-дағы маршрут бойынша ЖДП; 4. ӘҚБ БО; 5. ҚР-дағы ұшу және қосалқы маршруттар бойынша ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі; 6. ҚР-дағы ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ. |
4.6 | РЖМ – әуе кеңістігін пайдалану режимі | ДД | Дереу ӘҚБ БО-дан белгілеу туралы ақпаратты алғаннан кейін | ӘҚЖ ОБ | 1. АДО (АДП); 2. NOTAM-офисі; 3. Брифинг; 4. ЖДП. | 1. ҚР-дағы АДО(АДП); 2. NOTAM-офисі; 3. ҚР-дағы брифинг; 4. Қазақстан Республикасындағы ЖДП. |
4.7. | РЖИ – әуе кеңістігін пайдалану режимін тоқтату | ДД | ӘҚБ БО-дан анықталған ақпаратты алысымен дереу | ӘҚБ БО | 1. АДО (АДП); 2. NOTAM-офисі; 3. Брифинг; 4. ЖДП. | 1. ҚР-дағы АДО(АДП); 2. NOTAM-офисі; 3. Қазақстан Республикасындағы брифинг; 4. ҚР-дағы ЖДП. |
5 | ӘҚБ БО хабарламалары | |||||
5.1 | РЖМ - әуе кеңістігін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар | ДД | Режимді белгілегеннен кейін дереу | ӘҚБ БО. | 1. ӘҚЖ БО. | 1. ӘҚЖ БО. |
5.2 | РЖИ - әуе кеңістігін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды алып тастау | ДД | Режимді алып тастағаннан кейін дереу | ӘҚБ БО. | 1. ӘҚЖ БО. | 1. ӘҚЖ БО. |
5.3 | ППН – ұшу жоспарын бекітпеу (FPL). | ГГ | Ұшу жоспарын алғаннан кейін 30 минуттан кешіктірмей. | ӘҚБ БО. | 1. ӘҚБ органы; 2. КВС (авиациялық әскери бөлімдерінің командирлері). | 1. ӘҚБ органы; 2. КВС (авиациялық әскери бөлімдерінің командирлері). |
5.4 | ПЛН - алдағы және ағымдағы тәуліктерге әуе кеңістігін пайдалану жоспарынан үзінділер. | ГГ | Алдағы тәулікте – жергілікті уақыт бойынша сағат 21-ден кешіктірмей. Ағымдағы тәулікте – ағымдағы жоспардың өзгеруі бойынша дереу. | ӘҚБ БО. | 1. ӘҚЖ БО; 2. ӘҚБ органы; 3. ӘҚҚ әскери органы. | 1. ӘҚЖ ОБ; 2. ӘҚБ БО органы; 3. ӘҚҚ әскери органы. |
6 | ӘҚБ органдарының хабарламалары | |||||
6.1 | РЖМ - әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеу | ГГ | Қысқа мерзімді шектеуді белгілегеннен кейін дереу | ӘҚБ органы | 1. АДО (АДП) | 1. АДО (АДП) |
6.2 | РЖИ - әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулерді алып тастау | ДД | Режимді орнатқаннан кейін дереу | ӘҚБ органы | 1. АДО (АДП) | 1. АДО (АДП) |
7 | Басқарылмайтын пилотсыз аэростаттар пайдаланушыларының хабарламалары және атыс жүргізу, зымырандарды ұшыру және жарылыс жұмыстарын өткізуге байланысты хабарламалар | |||||
7.1 | Пилотсыз аэростаттарға әуе кеңістігін пайдалануға өтінім | ДД | Қызмет басталғанға дейін кем дегенде 24 сағат бұрын | Пайдаланушы | 1. ӘҚБ БО; 2. ӘҚБ органы. | 1. ӘҚБ БО; 2. ӘҚБ органы. |
7.2 | Атыстарды өткізу, зымырандарды ұшыру, жарылыс жұмыстарын өткізуге байланысты хабарлама | ДД | Ұшу басталғанға дейін кем дегенде 24 сағат бұрын | ӘК пайдаланушы. | 1. ӘҚБ БО; 2. ӘҚБ органы. | 1. ӘҚБ БО; 2. ӘҚБ органы. |
8 | Әуежайлардың диспетчерлік қызметтерінің (ӘДҚ) хабарламалары | |||||
8.1 | АЛР – авариялық хабарландыру (Alerting – ALR - ӘК-нің бұзылуы, жердегі төтенше уақиғалар туралы бастапқы хабарлама, сондай-ақ ӘК қауіпсіздігі, экипаж және жолаушылар туралы кез келген ақпарат | Мәліметтерді алғаннан, фактілерді анықтағаннан кейін дереу | ӘДҚ | 1. ӘҚЖ БО; 2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган; 3. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО. | 1. ӘҚЖ БО; 2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган; 3. Мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО. |
Ескертпе: Қазақстан Республикасының өкілеттік органдарының орналасқан жері, жұмыс кестесі мен байланыс деректері Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинақтарында жарияланады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ӘДО - әуеайлақтық диспетчерлік орталық;
ӘАДП - әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункті;
АДП – аудандық диспетчерлік пункт;
АДО – аудандық диспетчерлік орталық.
CAA – Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (Civil Aviation Authority)
CFMU – әуе қозғалысын жоспарлаудың орталық органы (Central Flight Management Unit).
ATFMU – әуе кеңістігін пайдаланудың жоспарлау органы (Air Traffic Flow Management Unit)
FMP - әуе қозғалысының легін ұйымдастыру пункті (Flow Management Position)
ACC – әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданы – ӘҚҚА (Air Control Centre).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасына 4-қосымша |
Ұшу мақсаттары және литерлердің атауы және олардың шартты
белгілері
гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі ұшулар | HUM |
денсаулық сақтау органдарының өтінімдері бойынша халыққа медициналық көмек көрсетуге арналған ұшулар | HOSP |
медициналық көрсеткіштер бойынша өмірлеріне қауіп-қатер төніп тұрған адамдарды авариялық эвакуациялауға арналған ұшулар | МEDEVAC |
іздестіру-құтқару ұшулары | SAR |
"мемлекет басшысы" мәртебесі бар ұшулар | HEAD |
"мемлекет басшысы" мәртебесі жоқ мемлекеттік органдармен арнайы мәлімденген ұшулар | STATE |
ӘҚҰ (ӘҚБ) органдары үшін ұшу жоспарларында берілетін қауіпсіздік мақсаттағы құпия ұшулар | PROTECTED |
арнайы бөлінген әуе кеңістігінде ұшуды орындайтын әуе кемесі | ALTRV |
atfm қолданылатын іс-шараларынан босатылған әуе кемесінің ұшуы | ATFMX |
өртті сөндіру жөніндегі ұшулар | FFR |
радиотехникалық құралдар мен жарықсигналды жабдықтың үстінен ұшып өту | FLTCK |
қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын әуе кемесінің ұшуы | HAZMAT |
ӘҚБ әскери органдарының жауапкершілік аймағындағы ұшу | MARSA |
rvsm бар ұшу үшін жабдықталмаған әуе кемесінің rvsm әуе кеңістігінде ұшу | NONRVSM |
сынақты ұшуы | 01 |
авиациялық техниканың ұшып өтуі | 02 |
авиациялық жұмыстар | 03 |
жаттығу ұшуы | 04 |
"А" литері | А |
"ОК" литері | ОК |
"ПК" литері | ПК |
Ескертпе. 01, 02, 03, 04, А, ОК, ПК шартты белгілері Қазақстан Республикасының шегіндегі ұшулар кезінде ғана қолданылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасына 5-қосымша |
Навигациялық ерекшеліктер және ұшу жоспарындағы олардың шартты
белгілері
ерекшеліктер атауы | ұшу жоспарындағы шартты белгіленуі |
RNAV ерекшеліктері | |
RNAV 10 (RNP 10) | A1 |
RNAV 5, БАРЛЫҚ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДАТЧИКТЕР | B1 |
RNAV 5, GNSS | B2 |
RNAV 5, DME/DME | B3 |
RNAV 5, VOR/DME | B4 |
RNAV 5, INS или IRS | B5 |
RNAV 5, LORAN C | B6 |
RNAV 2, БАРЛЫҚ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДАТЧИКТЕР | C1 |
RNAV 2, GNSS | C2 |
RNAV 2, DME/DME | C3 |
RNAV 2, DME/DME/IRU | C4 |
RNAV 1, БАРЛЫҚ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДАТЧИКТЕР | D1 |
RNAV 1, GNSS | D2 |
RNAV 1, DME/DME | D3 |
RNAV 1, DME/DME/IRU | D4 |
RNP ерекшеліктері | |
RNP 4 | L1 |
БАЗАЛЫҚ RNP 1, БАРЛЫҚ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДАТЧИКТЕР | O1 |
Базовые RNP 1, GNSS | О2 |
Базовые RNP 1, DME/DME | O3 |
Базовые RNP 1, DME/DME/IRU | O4 |
RNP APCH | S1 |
RNP APCH C BARO-VNAV | S2 |
RNP AR APCH c RF | T1 |
RNP AR APCH без RF | T2 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 4-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасына 6-қосымша |
Ұшу жоспары бланкісінің үлгісі (FPL)
*Ескертпе:
1. Ұшу жоспары бланкісін толтыру
Ұшу жоспары бланкісінің үлгісі 5-қосымшада келтірілген және арнайы бөлінген нөмірленген жолдардан тұрады.
Ұшу бланкісін толтыруға қойылатын жалпы талаптар:
1) белгіленген форматтар мен деректерді белгілеу әдісін қатаң ұстану;
2) бірінші көзделген кеңістікке деректерді енгізу. Қосымша кеңістіктер бар болған жағдайда, бланкінің толтырылмаған жерін таза күйінде қалдыру;
3) уақытты UTC (әлемдік үйлестірілген уақыт) бойынша төрт цифрмен көрсету;
4) өткен есептік уақытты төрт цифр түрінде (сағаттар пен минуттар) енгізу;
5) 1-2 жолдардың мекенжай бөлігін ӘҚҚ қызметтері толтырады.
Ұшулар және қонулар әуеайлақтың жақын маңында орналасқан қону алаңынан орындалған жағдайда, ұшу жоспарында сол әуеайлақтың шартты белгіленуі көрсетіледі.
2. ӘҚҰ деректерін енгізу
7-19 жолдарды төменде көрсетілген талаптарға сәйкес толтыру:
7-жол. Әуе кемесінің тану индексі
(ең көбі 7 белгі)
Кемінде 7 әріптік-цифрлық белгіден тұратын және дефистер немесе символдарды қамтымайтын мына әуе кемелерінің тану индексінің бірін енгізу:
1) соңынан тану индексі келетін ӘК пайдаланушыларының ИКАО коды (ӘҚҚ органымен байланысу үшін радиотелефондық шақыру ретінде көрсетілген байланыстыруды пайдаланған жағдайда);
2) әуе кемесінің ұлттық белгісі және тіркеу нөмірі (ӘҚҚ органымен байланысу үшін радиотелефондық шақыру ретінде көрсетілген байланыстыруды пайдаланған немесе әуе кемесі байланыс құралдарымен жабдықталмаған жағдайда).
8-жол. Ұшу қағидалары және түрі
(1 немесе 2 белгі)
Ұшу қағидалары
Ұшу қағидаларында қолданылатын санаттарды белгілеу үшін мына әріптердің бірін енгізу:
I – егер барлық ұшу АҰҚ бойынша жүргізіледі деп жоспарланса;
V – егер барлық ұшу КҰҚ бойынша жүргізіледі деп жоспарланса;
Y – егер ұшу алдымен АҰҚ бойынша жүргізілсе, ал кейіннен ұшу қағидалары бір немесе бірнеше рет өзгеретін болса;
Z – егер ұшу алдымен КҰҚ бойынша жүргізілсе, кейіннен бір немесе бірнеше рет ұшу қағидалары өзгеретін болса.
15-жолда ұшу қағидаларын өзгерту жоспарланған тармақ немесе тармақша көрсетіледі.
Ұшу түрі
Ұшу түрін белгілеу үшін мына әріптердің бірін енгізу:
S – тұрақты әуе қатынасы үшін;
N – тұрақты емес әуе тасымалдары үшін;
G – жалпы сипаттағы авиация үшін;
M – әскери ұшақтардың ұшуы үшін;
X – жоғарыда көрсетілмеген кез келген басқа санаттар үшін.
18-жолда STS индексінен кейін ӘҚҰ органы тарапынан ерекше назарды талап ететін ұшу мәртебесін және RMK индексінен кейін себебін көрсету.
9-жол. Әуе кемелерінің цифры мен түрі және ізінің
турбуленттілік санаты
Әуе кемелерінің цифры (1 немесе 2 белгі)
Әуе кемелері бірден көп болса, олардың санын енгізу.
Әуе кемесінің түрі (2–4 белгі)
ИКАО Doc 8643 "Әуе кемелері түрлерінің шартты белгілері" құжатында көрсетілген тиісті шартты белгілерді енгізу немесе, егер осындай шартты белгілер айқындалмаған болса, немесе бірден артық әуе кеме түрі қатармен ұшқан жағдайда ZZZZ енгізу және 18-жолда TYP белгілер тобынан кейін әуе кемесінің (кемелерінің) (санын және) түрін (түрлерін) көрсету.
Ізінің турбуленттілік санаты (1 белгі)
Әуе кемесі ізінің турбуленттілік санатын көрсету үшін ұзын қисық сызықтан кейін мына әріптердің бірін енгізу:
Н – Ауыр, барынша жоғары сертификатталған ұшып көтерілу салмағы 136 000 кг немесе одан да көп әуе кемесінің түрін көрсетуге арналған;
М – Орташа, барынша жоғары сертификатталған ұшып көтерілу салмағы 136 000 кг кем, бірақ 7000 кг аспайтын әуе кемесінің түрін көрсетуге арналған;
L – Жеңіл, барынша жоғары сертификатталған ұшып көтерілу салмағы 7000 кг немесе одан аз әуе кемесінің түрін көрсетуге арналған.
10-жол. Әуе кемісінің және экипаждың жабдығы мен мүмкіндіктері
Мүмкіндіктер мынадай элементтерді қамтиды:
1) әуе кемісінің бортында жұмысқа жарамды тиісті жабдықтың болуы;
2) ұшу экипажының біліктілігіне сәйкес келетін жабдық пен мүмкіндіктер.
Радиобайланыс құралдары, навигациялық құралдар, қонуға кіру құралдары және мүмкіндіктері
Мына әріптердің бірін енгізу:
N – маршрут бойынша ұшуға арналған борттық байланыс құралдары, навигациялық құралдар және қонуға кіру құралдары болмаған жағдайда немесе бұл жабдық жұмыс істемесе;
S – егер маршрут бойынша ұшуға арналған стандартты борттық байланыс құралдары, навигациялық құралдар және қонуға кіру құралдары болған жағдайда және олар жұмысқа жарамды болса. Стандартты жабдыққа ӨЖЖ радиотелефон, VOR және ILS жатады және (немесе) қолда бар және жұмысқа жарамды байланыс құралдары, навигациялық құралдар, қонуға кіру құралдары және мүмкіндіктерді белгілеу үшін мына әріптердің бірін немесе бірнешеуін енгізу:
A – GBAS негізіндегі қону жүйесі;
B – LPV (APV c SBAS);
C – LORAN C;
D – DME;
E1 – FMC WPR ACARS;
Е2 – D-FIS ACARS;
Е3 – PDC ACARS;
F – ADF;
G – GNSS (NAV/индексінен кейін 18-жолда қосымша ретінде GNSS сыртқы функциялық толықтыру түрлерін көрсету);
H – ЖЖ радиотелефон;
I – Инерциялы навигация;
J1 – ATN (3-ескертпені қарау) негізіндегі CPDLC арналған 2-режимдегі VDL;
J2 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC арналған HFDL;
J3 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC арналған А режиміндегі VDL;
J4 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC 2-режимдегі VDL;
J5 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC арналған SATCOM (INMARSAT);
J6 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC арналған SATCOM (MТSAT);
J7 – FANS 1/А негізіндегі CPDLC арналған SATCOM (Iridium);
K – MLS;
L – ILS;
M1 – ӘҚБ (INMARSAT) арналған радиотелефонды (RTF) SATCOM;
М2 – ӘҚБ (МТSАТ) арналған радиотелефонды байланыс (RTF);
М3 – ӘҚБ (Iridium) арналған радиотелефонды байланыс (RTF);
O – VOR;
Р1-Р9 – RСР үшін резервтелген;
R – PBN үшін бекітілген (PBN/ белгілер тобынан кейін 18-жолда қосымша ретінде осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес навигациялық ерекшеліктердің шартты белгілері көрсетіледі);
T – TACAN;
U – УЖЖ радиотелефон;
V – ӨЖЖ радиотелефон;
W – RVSM үшін бекітілген.
X – MNPS үшін бекітілген;
Y – 8,33 кГц арналарды тарату мүмкіндігі бар ӨЖЖ радиотелефон;
Z – өзге де борттық жабдық немесе өзге де мүмкіндіктер (СОМ/, NAV/ және/немесе DAT сәйкес келетін белгілер тобынан кейін өзге де қолданылатын борттық жабдық 18-жолда қосымша ретінде көрсетіледі).
Навигациялық сипаттамалар туралы ақпарат маршруттың рұқсаты мен тапсырмасын беру мақсатында ӘҚҚ органына беріледі.
Бақылау жабдығы және оның мүмкіндіктері
Осы ұшу маршруты үшін борттық бақылау жабдығы болмаған немесе істен шыққан жағдайда N әрпін енгізу немесе жұмысқа жарамды борттық жабдықты және/немесе бақылау мүмкіндігін белгілеу үшін ең көбі 20 белгіден тұратын мынадай сәйкестендіргіштердің біреуін немесе бірнешеуін енгізу:
А және С режимдеріндегі ЕШРЛ:
A – қабылдап жауап беру – А режимі (4 цифр – 4096 код);
С – қабылдап жауап беру – А режимі (4 цифр – 4096 код) және С режимі;
S режиміндегі ЕШРЛ:
Е – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін, барометрлік биіктік туралы деректерді және ұзартылған өздігімен шығаратын сигналды беру мүмкіндігі бар S режимі (ADS-B);
Н – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін, барометрлік биіктік туралы деректерді және жетілдірілген бақылау мүмкіндігін беру мүмкіндігі бар S режимі;
I – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін беру мүмкіндігі бар, бірақ барометрлік биіктік туралы деректерді беру мүмкіндігі жоқ S режимі;
L – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін, барометрлік биіктік туралы деректерді, ұзартылған өздігімен шығаратын сигналды беру мүмкіндігі (ADS-B) және жетілдірілген бақылау мүмкіндігі бар S режимі;
P – қабылдап жауап беру – барометрлік биіктік туралы деректерді беру мүмкіндігі бар, бірақ әуе кемесінің тану индексін беру мүмкіндігі жоқ S режимі;
S – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін және барометрлік биіктік туралы деректерді беру мүмкіндігі бар S режимі;
Х – қабылдап жауап беру – әуе кемесінің тану индексін және барометрлік биіктік туралы деректерді беру мүмкіндігі жоқ S режимі.
Автоматты тәуелді радиотарату бақылауы (ADS-B):
Бөлінген 1090 МГц жиіліктегі ADS-B "out" мүмкіндігі бар В1 - ADS-B;
Бөлінген 1090 МГц жиіліктегі ADS-B "out" және "in" мүмкіндіктері бар В2 - ADS-B;
U1 – UAT пайдалану кезіндегі ADS-B "out" мүмкіндігі;
U2 – UAT пайдалану кезіндегі ADS-B "out" және "in" мүмкіндіктері;
V1 – 4 режимді VDL пайдалану кезіндегі ADS-B "out" мүмкіндігі;
V2 – 4 режимді VDL пайдалану кезіндегі ADS-B "out" және "in" мүмкіндіктері.
Келісімшартты автоматты тәуелді бақылау (ADS-С):
FANS 1/А мүмкіндіктері бар D1 - ADS-С;
ATN мүмкіндіктері бар G1 - ADS-С.
Жоғарыда көрсетілмеген әріптік-цифрлық белгілер резервтелген.
Бақылауды қолданудың қосымша түрлерін SUR/белгілер тобынан кейін 18-жолда көрсету қажет.
13-жол. Әуеайлақ және ұшып шығу уақыты
(8 белгі)
"Орналасу орнының көрсеткіштері (индекстері)" (Doc 7910) құжатында көрсетілген ұшып шығу әуеайлағының орналасу орны үшін ИКАО-ның төрт әріптік индексін енгізу.
Егер орналасу орнының индексі берілмеген болса, ZZZZ енгізу және 18-жолда алдыңғы DEP/белгілер тобынан кейін әуеайлақ атауын немесе орналасу орнын көрсету, немесе егер әуе кемесі әуеайлақтан ұшып шықпаса, алдыңғы DEP белгілер тобынан кейін маршруттағы бірінші нүктені немесе маркерлік радиомаякты көрсету.
Ұшу кезінде әуе кемесінің бортынан ұшу жоспарын алған кезде AFIL енгізу және 18-жолда алдыңғы DEP/белгілер тобынан кейін қосымша ұшу жоспары туралы деректерді алуға болатын ӘҚҰ органының орналасу орны үшін ИКАО-ның төрт әріптік көрсеткішін көрсету.
Ұшып шығу алдында берілген ұшу жоспарына қалыптарды жинауды есептеу уақытын енгізу (EOBT) немесе ұшу барысында әуе кемесінен алынған ұшу жоспарына берілген ұшу жоспары жататын маршруттағы бірінші пункт үстінен ұшып өтудің нақты және есептік уақытын енгізу.
15-жол. Маршрут
Мыналарды енгізу:
1) Крейсерлік жылдамдық (ең көбі 5 белгі)
Пайдаланушының таңдауы бойынша көрсетілген ұшудың бірінші немесе барлық крейсерлік учаскесі үшін шынайы әуе жылдамдығын көрсету:
бір сағаттағы километрде – кейіннен төрт цифр жазылған К әрпімен;
тораптарда – кейіннен төрт цифр жазылған N әрпімен;
Маха нақты цифр арқылы, жүздікке дейінгі дәлдікпен – соңынан үш цифр жазылған М әрпімен.
2) Крейсерлік эшелон (ең көбі 5 белгі)
Белгіленген маршруттың бірінші немесе барлық учаскелері үшін алдын ала жоспарланған крейсерлік эшелонды мына түрде көрсету:
кейіннен үш цифры бар F әрпі түрінде көрсетілген ұшу эшелоны;
кейіннен төрт цифры бар S әрпімен көрсетілген ондаған метрдегі ұшу эшелоны;
кейіннен үш цифры бар А әрпімен көрсетілген жүздеген футтағы абсолюттік биіктік;
кейіннен төрт цифры бар М әрпімен көрсетілген ондаған метрдегі абсолюттік биіктік;
КҰК бойынша бақыланбайтын ұшулар үшін, VFR әріптері.
3) Маршрут (жылдамдықтың өзгеруін, эшелонды және/немесе ұшу қағидаларын қоса алғанда)
ӘҚҚ белгіленген маршруттары бойынша ұшу
Егер ұшып шығу әуеайлағы ӘҚҚ маршрутында орналасса немесе онымен байланысты болса, ӘҚҚ бірінші маршрутының индексін енгізу немесе, егер ұшып шығу әуеайлағы ӘҚҚ маршрутында орналаспаған болса немесе онымен байланысты болмаса, ӘҚҚ маршруты индексінің соңынан келетін келесі ӘҚҚ бірінші маршрутының байланысу пунктін көрсетумен DCT әріптерін енгізу. Кейіннен ұшу жылдамдығын және/немесе эшелонын өзгертуді бастау жоспарланған немесе ӘҚҚ маршрутын өзгерту және/немесе ұшу қағидаларын өзгерту жоспарланатын әрбір пунктті көрсету.
Егер ӘҚҚ-ның төменгі маршрутынан жоғарғы маршрутына өту жоспарланған болса және маршруттар бір бағытта орналасқан болса, өту нүктесі туралы деректерді енгізу талап етілмейді.
ӘҚҚ маршрутының келесі пункт индексін көрсету (егер ұшу әуеайлақ ауданында жоспарланса (ӘҚҚ маршрутының пункті) – әуеайлақ атауын қайта көрсету (ӘҚҚ маршрутының пунктін), немесе екі пункт те географиялық координаталарымен айқындалғандағынын қоспағанда, егер ұшу келесі пунктке дейін белгіленген маршруттан тыс жерде өтетін болса, рет әріптерін көрсету.
Егер екі пункт те географиялық координаталармен немесе пеленг және қашықтықпен айқындалмаған болса, келесі пункттер арасына DCT әріптерін енгізу.
Авиациялық жұмыстар бойынша ұшуды орындау кезінде ӘҚҚ
белгіленген маршруттарынан тыс ұшу
15-жолда мынадай кодталған индекстер қолданылады:
Ұшуды жоспарлаған кезде жергілікті әуе желілері (ЖӘЖ) бойынша, ЖӘЖ-ден тыс маршруттар бойынша, авиациялық жұмыстар бойынша ФПЛ жолдарын толтыру кириллица әліпбиін пайдаланумен орыс тілінде ИКАО ДОС 4444 2-толықтырудың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
ФПЛ бланкісінің 15-жолындағы "крейсерлік эшелон" бөлімін толтыру кезінде ұшуды шынайы биіктікте қадағаланатын ҰБ-да жүргізу көзделген кезде, ұшу биіктігі шынайы биіктікке сәйкес келетін, кейіннен үш цифр жазылған "И" әрпімен белгіленеді, ал қадағаланбайтын ҰБ-ны "КҰҚ" деп көрсету керек.
ФПЛ бланкісінің 15-жолындағы "маршрут" бөлімін толтыру кезінде маршрутты көрсеткенде, кодталған индексі берілмеген нүктелер қолданылады, минуттарға дейінгі дәлдікпен картада оның географиялық координаталарын көрсетумен М 1:500 000 немесе 1:1000 000 қолданылатын атауларға сәйкес келетін нүктенің географиялық атауын (аталымын) көрсету қажет.
Егер маршрут нүктесінің географиялық атауы (аталымы) болмаса, он секундқа дейінгі дәлдікпен оның географиялық координаталары көрсетіледі.
Егер маршрут нүктесінің географиялық атауы "Навигациялық құралдардың және ЖӘЖ нүктелерінің әліпбилік көрсеткіші", "ҚР ЖӘЖ тізбесі" бөлімдерінде болса, оның географиялық координаталарын көрсету қажет емес.
18-жолды толтыру кезінде ұшуды авиациялық жұмыстар бойынша орындау жоспарланса және жоспарлау кезеңінде ЕТО-ны есептеу мүмкін болмаса, ЕЕТ көрсету үшін үдемелі уақыттың орнына арнайы "0000" (төрт нөл) белгісі қолданылады. Егер қатар ҰАА-ға (ЖДП ауданына) кіру ЖӘЖ келісілмеген нүктелерінде орындалса, қатар тұрған ҰАА (ЖДП ауданы) шегіндегі географиялық координаталар нүктелері көрсетіледі.
Ұзақтығы бір сағаттан астам уақыт бойынша ұшу маршруттары кезінде ұшу уақытының 30 минуттан аспайтын бір-бірінен алыста орналасқан маршруттар бойынша пункттерді (нүктелерді) көрсету.
Аралық әуеайлақтарға (алаңдарға) қону кезінде қону уақыты айқындалмаған және "0" деп белгіленген жағдайда, қисық тік сызықтан кейін 15-жолда "маршрут" бөлімінде тұрақтың шамаланған уақыты көрсетіледі.
ӘҚҚ маршруты
(2–7 белгі)
Маршрутқа немесе маршрут учаскесіне белгіленген кодталған индекс, (әуеайлақ ауданында ұшу кезінде қажет болған жағдайда – ұшып шығудың немесе келіп жетудің стандартты маршрутына белгіленген кодталған индекс).
Негізгі нүкте
(2–11 белгі)
Нүктеге берілген кодталған индекс (2-5 белгі) немесе егер кодталған индекс берілмесе, мынадай жолдардың бірі қолданылады:
1) тек қана градустар (7 белгі):
бойлықты градуспен көрсететін үш цифрмен сүйемелденетін N (солтүстік) немесе S (оңтүстік) әрпінен кейін ендікті градуспен көрсететін 2 цифр, олардан кейін Е (шығыс) немесе W (батыс) әріптері келеді.
2) Градустар мен минуттар (11 белгі):
бойлықты градуспен, сондай-ақ минут ондықтарымен және бірліктерімен көрсететін 5 цифрдан кейін Е (шығыс ендік) немесе W (батыс бойлық) әріптерімен сүйемелденетін ендікті градуспен, сондай-ақ минут ондықтарымен және бірліктерімен көрсететін 4 цифрдан кейін N (солтүстік ендікті білдіретін) немесе S (оңтүстік ендікті білдіретін) әріптері.
3) Негізгі нүкте арасындағы пеленг және қашықтық:
негізгі нүкте белгісінен кейін магниттік меридианға қатысты градустарды көрсететін үш цифр түріндегі осы нүктеден басталатын пеленг жазылады, одан кейін теңіздік мильдерді көрсететін үш цифр түріндегі нүктелерден басталатын қашықтық жазылады.
Жылдамдық пен эшелонның өзгеруі
(ең көбі 21 белгі)
Жылдамдықты өзгертуді бастау (шынайы ауа жылдамдығының 5 % немесе Мах цифрының 0,01 немесе одан жоғары) немесе эшелонды өзгерту жоспарланған пункт көрсетілгеннен кейін көлбеу сызықты, крейсерлік жылдамдықты және крейсерлік эшелонды көрсету керек.
Ұшу қағидаларының өзгеруі
(ең көбі 3 белгі)
Ұшу қағидаларын өзгерту жоспарланған пункт көрсетілгеннен кейін мына белгілердің бірін көрсету:
VFR – АҰҚ-дан КҰҚ-ға ауысу үшін;
IFR – КҰҚ-дан АҰҚ-ға ауысу үшін.
Крейсерлік режимде биіктік алу
(ең көбі 28 белгі)
Кейіннен бөлетін қисық сызық салумен С әрпін көрсету; кейіннен бөлетін қисық сызық салумен крейсерлік режимде биіктік алу жоспарланған пункт; крейсерлік режимде биіктік алу кезінде орналасқан атмосфералық қабатты айқындайтын кейінгі екі эшелонмен, крейсерлік режимде биіктік алу кезінде сақталатын жылдамдық; немесе арасында интервал жоқ, PLUS әріптерімен сүйемелденетін, одан жоғары биіктікті крейсерлік режимде алу жоспарланған эшелон.
16-жол. Межелі әуеайлақ пен жалпы есептік өткен уақыт, межелі
пункттегі қосалқы әуеайлақ(тар)
Межелі әуеайлақ пен жалпы есептік өткен уақыт (8 белгі)
Межелі әуеайлақтың орналасқан жері үшін "Орналасу орны көрсеткіштері (индекстері)" ИКАО құжатында (Doc 7910) көрсетілген ИКАО төрт әріптік индексін енгізу немесе орналасу орны индексі берілмесе, ZZZZ енгізіп, 18-жолда DEST/алдыңғы белгілер тобымен әуеайлақ атауын немесе орналасқан жерін көрсету; аралықсыз жалпы есепті өткен уақытты көрсету.
Ұшуда әуе кемесінен алынған ұшу жоспарына қатысты жалпы есептік өткен уақыт осы ұшу жоспары жататын маршруттың бірінші пунктінен ұшу жоспарында көрсетілген соңғы пункте дейінгі есептік уақыт болып табылады.
Межелі пункттің қосалқы әуеайлағы (әуеайлақтары)
ИКАО-ның "Орналасу орны көрсеткіштері (индекстері)" құжатында (Doc 7910) көрсетілген екіден аспайтын қосалқы әуеайлақтың орналасуының төрт әріптік ИКАО индексін (индекстерін) енгізу, оларды аралықпен бөлу немесе, егер орналасу орны индексі межелі пункттің қосалқы әуеайлағына (әуеайлақтарына) алдын ала жазылмаған болса, ZZZZ белгісін қойып, 18-жолда ALTN/ алдыңғы белгілер тобымен межелі пункттің қосалқы әуеайлағының (әуеайлақтарының) атауы мен орналасу орнын көрсету қажет.
18-жол. Өзге де ақпарат
Мыналарды енгізу:
өзге ақпарат болмаса, 0 (нөл);
мынадай реттілікпен басқа қажетті ақпаратты (тиісті индекс түрінде) (егер ол қолданылса):
STS/ - ӘҚҰ органдары тарапынан ерекше назар аударуды талап ететін ұшудың осы Қағидаға 4-қосымшада көрсетілген мақсаттары мен шартты белгілері (литерлері);
ӘҚҰ органдары тарапынан ерекше назар аударуды талап ететін өзге ақпарат RMK/индексімен көрсетіледі.
RMK/ индексінен кейін мынадай индекстер көрсетіледі:
PBN/ - RNAV және/немесе RNP мүмкіндіктерін көрсету. Осы ұшуға қатысы бар, осы Қағидаға 5-қосымшада көрсетілген төмендегі дескрипторларды (8 элементтен немесе қосындысында 16 белгіден аспайтын) қамтиды.
NАV/ - PBN/-да көрсетілгендерді қоспағанда, навигациялық жабдықтың GNSS функционалдық қосымшасына қатысты негізгі деректері.
СОМ/ - байланысты қолдану түрлерін немесе 10-жолда көрселмеген мүмкіндіктерді көрсету.
DAT/ - деректерді қолдану түрлерін немесе 10-жолда айтылмаған мүмкіндіктерді көрсету.
SUR/ - бақылауды қолдану түрлерін немесе 10-жолда айтылмаған мүмкіндіктерді көрсету.
DEP/ - егер 13-жолға ZZZZ енгізілген болса, ұшып шығу әуеайлағының не, егер 13-жолға AFIL енгізілген болса, қосымша ұшу жоспары туралы деректер алынуы мүмкін ӘҚҰ органының атауы мен орналасу орны. Аэронавигациялық ақпарат құжаттарында көрсетілмеген әуеайлақтар үшін соңынан N (солтүстік) немесе S (оңтүстік) әріптерін жазумен градуспен және ондықпен және минут бірліктерімен ендікті білдіретін 4 цифрмен, оның соңынан Е (шығыс) немесе W (батыс) әрпі келетін, градуспен және ондықпен және минут бірліктерімен ендікті білдіретін бойлықты көрсететін бес цифрмен сүйемелденетін оның орналасу орнын көрсету.
DEST/ - егер 16-жолда ZZZZ енгізілген болса, ұшып баратын әуеайлақтың атауы мен орналасу орны. Тиісті аэронавигациялық ақпарат жинағында атап көрсетілмеген әуеайлақтар үшін олардың орналасу орнын көрсету.
DOF/ - әуе кемесінің алты цифр форматындағы ұшып шығу күні (YYMMDD, ондағы YY – жыл, ММ – ай және DD – күн).
REG/ - егер олар 7-жолдағы әуе кемесінің тану индексінен басқа болса, әуе кемесінің ұлттық және тіркеу белгісі.
ЕЕТ/ - ҰАА шекараларының негізгі нүктелері немесе индекстері және ұшып көтерілу сәтінен бастап осындай ҰАА нүктелері немесе шекараларына дейінгі үдемелі есептік өткен уақыт.
SEL/ - тиісті жабдығы бар әуе кемелері үшін SELCAL коды.
TYP/ - алдында қажет болғанда әуе кемелері цифры аралықсыз көрсетілетін және, егер 9-жолға ZZZZ енгізілсе, аралық арқылы әуе кеме (кемелері) түрі (түрлері).
DLE/ - маршрутта кешігу немесе күту; уақыттың төрт цифрдан тұратын форматын (hhmm) қолданумен кешігудің сағат және минутпен көрсетілген кешігу ұзақтығын кейіннен көрсетумен кешігу болжанған маршруттағы негізгі нүктені (нүктелерді) көрсету.
OPR/ - егер 7-жолдағы әуе кемесінің тану индексінен өзгеше болса, ИКАО индексі немесе пайдаланушының атауы.
ORGN/ - ұшу жоспарын жасаушыны бірден айқындау мүмкін болмаса, жоспарды жасаушының сегіз әріптік AFTN мекенжайы немесе басқа тиісті байланысу ақпараты.
PER/ – ӘҚҚ-ның тиісті өкілетті органы ұйғарған болса, "Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары. Әуе кемелерінің ұшуларын жүргізу" (PANSOPS, Doc 8168) құжатының "Ұшуларды орындау қағидаларының" І томында айқындалған, бір әріппен көрсетілетін әуе кемесінің ұшу-техникалық деректері;
ALTN/ - егер 16-жолда ZZZZ енгізілген болса, ұшып баратын қосалқы әуеайлақтың (әуеайлақтардың) атауы. Тиісті аэронавигациялық ақпарат жинағында көрсетілмеген әуеайлақтар үшін олардың орналасқан жерін көрсету.
RALT/ - "Орналасу орны көрсеткіштері (индекстері)" құжатында (Doc 7910) көрсетілген маршруттағы қосалқы әуеайлақтың (әуеайлақтардың) төрт әріптік көрсеткіші (көрсеткіштері) немесе егер индекс берілмеген болса, маршруттағы қосалқы әуеайлақтардың атауы (атаулары). Тиісті аэронавигациялық ақпарат жинағында көрсетілмеген әуеайлақтар үшін олардың орналасқан жерін көрсету.
TALT/ - "Орналасу орны көрсеткіштері (индекстері)" құжатында (Doc 7910) көрсетілген ұшып көтерілу кезіндегі қосалқы әуеайлақтың төрт әріптік индексі (индекстері) немесе егер индекс берілмеген болса, ұшып көтерілу кезіндегі қосалқы әуеайлақтың атауы. Тиісті аэронавигациялық ақпарат жинағында көрсетілмеген әуеайлақтар үшін.
RIF/ - соңынан әуеайлақ орналасқан жердің ИКАО-да қабылданған төрт әріптік индексі қойылатын, қайта қаралған (өзгертілген) ұшып бару әуеайлағына апаратын маршрут туралы мәліметтер. Қайта қаралған маршрутты пайдалану үшін ұшуға жаңа диспетчерлік рұқсат алу керек.
RМК/ - ӘҚҰ мақсаттары үшін қажетті ашық мәтінмен берілген кез келген басқа ескертулер.
18-жолда басқа индекстерді пайдалануға жол берілмейді.
19-жол. Қосымша ақпарат
Отын қоры
Е/ - ден кейін сағат және минутпен көрсетілген ұшу уақыты бойынша отын қорын білдіретін төрт цифрдан тұратын топты енгізу.
Борттағы адамдар саны
Р/-дан кейін борттағы адамдардың (жолаушылар мен экипаж) жалпы санын көрсету. Егер адамдардың жалпы саны ұшу жоспарын беру кезінде белгісіз болса, TBN (хабарлануға тиіс) әріптерін қою.
Авариялық-құтқару жабдығы
R/ - (радиожабдық). 243,0 МГц жиілігінде ӨЖЖ байланыс жоқ болса, U әрпін сызып тастау. Егер 121,5 МГц жиілігінде ӨЖЖ байланыс жоқ болса, V әрпін сызып тастау. Егер борттық авариялық радиомаяк (ELТ) жоқ болса, E әрпін сызып тастау.
S/ - (құтқару жабдығы). Егер бортта құтқару жабдығы жоқ болса, барлық индекстерді сызып тастау. Егер бортта полярлық құтқару жабдығы жоқ болса, Р әрпін сызып тастау. Егер бортта шөл далаға арналған құтқару жабдығы жоқ болса, D әрпін сызып тастау. Егер бортта теңізде құтқару жабдығы жоқ болса, М әрпін сызып тастау. Егер бортта құрайттарға арналған құтқару жабдығы жоқ болса, J әрпін сызып тастау.
J/ - (құтқару кеудешелері). Егер бортта құтқару кеудешелері жоқ болса, барлық индекстерді сызып тастау. Егер құтқару кеудешелері жарық беру көздерімен жарақталмаса, L әрпін сызып тастау. Егер құтқару кеудешелерінің флуоресцентті жабындары болмаса, F әрпін сызып тастау. Егер құтқару кеудешелері радиоқұралдармен жарақталған болса, олардың радиожарақталуын көрсету үшін U әрпін немесе V әрпін, R/ жолында және одан жоғары сызып тастау.
D/ - (қайықтар) (саны). Егер бортта құтқару қайықтары жоқ болса, D және C индекстерін сызып тастау немесе борттағы құтқару қайықтарының санын көрсету;
(сыйымдылығы) – борттағы барлық құтқару қайықтарының жалпы сыйымдылығын (орын санын) көрсету;
(жабу) – егер қайықтар ашық болса, С индексін сызып тастау.
(түсі) – егер бортта бар болса, қайықтардың түсін көрсету.
А/ (әуе кемесінің түсі және белгілері) - әуе кемесінің түсін және оның негізгі белгілерін көрсету.
N/ (ескертпелер) – егер ескертпелер жоқ болса, N индексін сызып тастау немесе борттағы бар басқа құтқару жабдығын көрсету және құтқару жабдығына қатысты басқа ескертпелерді енгізу.
С/ (пилот) - әуе кемесі командирінің тегін көрсету.
3. Ұшу жоспарын ұсынатын адам туралы мәліметтер
Ұшу жоспарын ұсынған мемлекеттік органды, жеке немесе заңды тұлғаны көрсету.
4. Ұшу жоспарын қабылдау
Ұшу жоспары туралы хабарлама (ФПЛ) берілгеннен кейін 30 минуттың ішінде ұшу жоспарын бекітпеу туралы (ППН) хабарлама болмаған жағдайда, ол ӘҚЖ БО (ӘҚҰ БО) ұшу жоспарын қабылдағанын білдіреді.
5. Ұсынылған ұшу жоспарына қатысты хабарламаны беру тәртібі
(FPL)
Форматқа қатысты айқын қателерді және (немесе) жіберілген қателерді түзету.
Өзгесі көзделмеген болса, мынадай тармақтар беріледі:
1) 3-жолдың алдындағы штрихпен белгіленген жолдарда көрсетілген тармақтар;
2) <<
(FPL 3-жол: белгіге дейінгі штрихпен белгіленбеген бағандардағы барлық символдар мен деректер) белгісінен бастап 18-жолдың соңындағы << белгісіне дейінгі тармақтар.19-жолда толтырылған тармақтар ӘҚҰ органының сұрау салуы бойынша ғана жіберіледі.
3) Хабарлама соңының сигналы - N әрпі төрт рет қайталанады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 5-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасына 7-қосымша |
Қайталанатын ұшу жоспары (RPL) бланкісінің үлгісі
ҚАЙТАЛАНАТЫН ҰШУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ | ||||||||||||||||||||
А. Пайдаланушы | B. Адресат (адресаттар) | C. Ұшып шығу әуеайлағы (әуеайлақтары) вылета | D Күні | E Сериялық нөмірі N | F Беті | |||||||||||||||
G. Қосымша деректер (19-жол) В: | ||||||||||||||||||||
H | I | J | K | L | M | N | O | P | Q | |||||||||||
+ - | Жж ккаа бастап жарамды | Жж ккаа дейін жарамды | Ұшу күндері | ӘК-нің тану индексі (7-жол) | ӘК түрі және іздің турбуленттілігік санаты (9-жол) | Әуеайлақ және ұшып шығу уақыты (13-жол) | Маршруты (15-жол) Крейсерлік | Ұшып баратын әуеайлақ және жалпы есептік өткен уақыт (16-жол) | Ескертпе | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | Жылдамдығы | Эшелон | Маршрут | |||||||||||
*Ескертпе:
1. Қайталанатын ұшу жоспары (RPL) тізбесінің бланкісін толтыру
АҰҚ (FPL нысанындағы I ұшу қағидалары) бойынша орындалатын ұшу жоспарларын ғана атап өту. Барлық әуе кемелерінің тұрақты ұшуды (FPL форматтағы S ұшу түрі) орындайтындығы болжануда, олай болмаған жағдайда, Q (ескертпе) бағанына тиісті түсініктемені енгізу. Ұшуды RPL-ға сәйкес орындайтын барлық әуе кемелерінің А және С режимдерінде 4096 кодтарын қолданатын қабылдап жауап бергіштермен жабдықталғаны болжануда. Олай болмаған жағдайда, Q (ескертпе) бағанына тиісті түсініктемені енгізу.
Ұшу жоспарларын ұшып шығу әуеайлақтарының орналасқан орнының индекстері бойынша әліпби тәртібімен санамалау.
Ұшу жоспарларын әрбір ұшып шығу әуеайлағына қатысты қалыптарды тазалаудың есептеу уақыты бойынша хронологиялық тәртіппен санамалау.
Барлық жағдайларда уақытта UTC төрт цифрмен (үйлестірілген бүкіл әлемдік уақыт) көрсету. Барлық жағдайларда өткен есептік уақытты төрт цифрмен (сағаттар мен минуттар) көрсету.
Деректерді ұшудың әр учаскесі үшін бір немесе одан да көп кідірістерімен жеке жолға енгізу.
Беттердің нөмірі мен берілген беттердің жалпы санын көрсету арқылы беттерді белгілеу.
О және Q бағандарындағы бір жолда бөлінген орын жеткіліксіз болған жағдайда, кез келген RPL үшін қосымша жолдарды (біріншіден басқа) қолдану.
2. Ұшуды тоқтату
Барлық басқа бағандарда қамтылатын, тоқтатылған ұшу туралы деректердің алдындағы Н бағанына минус белгісін қою.
Барлық өзге бағандардағы тоқтатылған ұшу туралы деректерді өзгеріссіз қалдыра отырып, Н бағанындағы плюс белгісімен белгіленген жазбаны және J бағанындағы соңғы ұшу күнін енгізу.
3. Ұшу туралы деректерді өзгерту
1.2-тармақта көрсетілгендей етіп алып тастауды жүргізу;
I және J бағандарындағы жоспар(лар)дың жарамдылық мерзіміне қатысты жаңа деректерді қоса алғанда, тиісті бағандардағы деректердің қажеттілігіне қарай өзгертілген ұшудың жаңа жоспар(лар)ының деректері қамтылатын үшінші жазбаны енгізу.
4. RPL деректерін енгізу
А–Q бағандарын мынадай талаптарға сәйкес толтыру:
А бағаны (пайдаланушы) – пайдаланушының атауын көрсету.
В бағаны (адресат(тар) – осы ұшу бағытына жататын, қайталанатын ұшу жоспарларын ҰАА-ға қатысты қолдану үшін мемлекет тағайындаған мекемелерінің атау(лар)ын көрсету.
С бағаны (ұшып шығу әуеайлағы (тары) - ұшып шығу әуеайлағы (тары)ның орналасқан орнының индекстерін қою.
D бағаны (күні) - ұсынылған тізбенің әр бетіне 6 цифрдан тұратын топ арқылы тізбе ұсынған күнді (жыл, ай, күн) көрсету.
Е бағаны (сериялық нөмір) – көрсетілген жыл (әр жаңа жылдың 1 санынан басталатын) үшін тізбе ұсынылған жылдың соңғы екі цифры, сызықша және сериялық номер енгізілетін, ұсынылған тізбенің сериялық нөмірін көрсету, 2 сан;
F бағаны (беті) – бет нөмірі мен ұсынылған беттердің жалпы санын көрсету.
G бағаны (В қосымша деректері) - ұшу жоспарының (ФПЛ) 19-жолына сәйкес ұсынылатын ақпарат қамтылған органның атауы мен тиісті байланыс ақпаратын көрсету.
Н бағаны (жазба түрі) - тізбеден алынуға тиісті әрбір ұшу жоспарына қатысты минус (-) белгісін қою. Әрбір бастапқы тізбеге қатысты, ал кейіннен ұсыну жағдайларында – бұрынғы ұсынылғанда аталмаған әрбір ұшу жоспарына қатысты (+)белгісін қою.
Ескертпе. Бұрынғы берілген уақыттан бастап өзгеріссіз қалатын, кез келген ұшу жоспарына қатысты бұл бағанда ешқандай ақпарат көрсету талап етілмейді.
I бағаны (... бастап жарамды) – осы ұшуды орындауды бастау уақыты жоспарланған күнді (жыл, ай, күн) көрсету;
J бағаны (... дейін жарамды) – егер жарамдылық мерзімі белгісіз болса, ұшу тізбесіне немесе UFN (келесі хабарламаға дейін) енгізілген, орындауды аяқтау жоспарланған күнді (жыл, ай, күн) көрсету;
К бағаны (ұшу күндері) – аптаның күніне сәйкес келетін сан қажетті шағын бағанға қойылады:
дүйсенбі – 1;
сейсенбі – 2;
сәрсенбі – 3;
бейсенбі – 4;
жұма – 5;
сенбі – 6;
жексенбі – 7.
Ұшу көзделмеген кезде әр күннің қажетті бағанына 0 қою.
L бағаны (әуе кемесінің тану индексі (ИКАО ұшу жоспарының 7-тармағы) – осы ұшуға қолданылатын әуе кемесінің тану индексін қою;
М бағаны (әуе кемесінің түрі мен турбуленттілік санаты) (ИКАО ұшу жоспарының 9-тармағы)) – "Әуе кемелері түрлерінің шартты белгілері" ИКАО Doc 8643 құжатында көрсетілген, ИКАО тиісті шартты белгілерін қою.
H, M немесе L тиісті индекстерін қою:
Н – ең жоғарғы сертификатталған ұшу салмағы 136 000 немесе одан жоғары әуе кемелерінің түрін көрсету үшін ауыр;
М – ең жоғарғы сертификатталған ұшу салмағы 136 000 кг кем, бірақ 7000 кг артық әуе кемелерінің түрін көрсету үшін орташа;
L – ең жоғарғы сертификатталған ұшу салмағы 7 000 кг немесе одан кем әуе кемелерінің түрін көрсету үшін жеңіл.
N бағаны (әуеайлақ және ұшып шығу уақыты (ИКАО ұшу жоспарының 13-жолы)) – ұшып шығу әуеайлағы орналасқан орнының индексін қою. Әуе кемесі ұшып шығуға байланысты қозғала бастаған кезде калыптарды жинау уақытын, яғни есептеу уақытын қою.
О бағаны (маршруты (ИКАО ұшу жоспарының 15-жолы)):
1) Крейсерлік жылдамдық – бірінші немесе барлық крейсерлік ұшу учаскесіне арналған шынайы ауа жылдамдығын көрсету.
2) Крейсерлік эшелон – маршрут бойынша бірінші немесе барлық ұшу учаскесіне арналған жоспарланған крейсерлік эшелонды көрсету.
3) Маршрут – бүкіл маршрут туралы деректерді қою.
Р бағаны (ұшып баратын әуеайлақ және жалпы есептік өткен уақыт (Ұшу жоспарының 16-жолы) – ұшып баратын әуеайлақтың орналасқан орнының индексін қою. Жалпы есептік өткен уақытты көрсету.
Q бағаны (ескертпелер) - ӘҚҰ органдары тарапынан (ұшу жоспарының 18-жолы) ерекше назар аударуды талап ететін деректерді енгізу.