"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 қазандағы № 650 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 459-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында::

      2-тармақта:

      2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) ағымдағы ұшу жоспары – кейінгі диспетчерлік рұқсаттарға негізделген ықтимал өзгерістерді қоса алғандағы ұшу жоспары;

      1-2) әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ) маршруты – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс ағынын бағыттауға арналған белгіленген маршрут. "ӘҚҚ маршруты" термині тиісті жағдайларда әуе трассасын, бақыланатын немесе бақыланбайтын маршрутты, ұшып келу немесе ұшып шығу маршрутын және басқа да маршруттарды айқындау үшін пайдаланылады;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) әуеайлақ ауданы (тораптық диспетчерлік аудан (Terminal control area (ТMA) – бір немесе бірнеше ірі әуеайлақ маңында ӘҚҚ маршруттарының түйісу орнында құрылатын диспетчерлік аудан;

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) әуеайлақтағы қозғалыс аймағы (Aerodrome Traffic Zone) –әуеайлақтағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгіленген, әуеайлақ маңындағы белгілі бір өлшемдегі әуе кеңістігі;";

      мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16-1) диспетчерлік аудан (CTА) – жер бетінде белгіленген шекарадан жоғары жайылған бақыланатын әуе кеңістігі;

      16-2) диспетчерлік аймақ (CTR) – жер бетінен белгіленген жоғарғы шекараға дейін жоғары жайылған бақыланатын әуе кеңістігі;";

      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) жауап бергіштің (транспондердің) міндетті түрде болуы талап етілетін әуе кеңістігінің аймағы (TMZ) – белгіленген рәсімдерге сәйкес пайдаланылатын бақылау жүйесіне арналған жауапкердің әуе кемесін міндетті жабдықтау талап етілетін ұшу кезіндегі белгілі бір өлшемдегі әуе кеңістігінің аймағы;";

      20) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-1) қайталанатын ұшу жоспары (RPL) – ӘҚҚ органдары сақтау және қайта пайдалану үшін пайдаланушы ұсынатын, негізгі ерекшеліктері бірдей, жиі қайталанатын, тұрақты түрде орындалатын бірқатар жеке ұшумен байланысты ұшу жоспары;";

      мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:

      24-1) радиобайланыс міндетті түрде жүргізілетін әуе кеңістігінің аймағы (RMZ) – ұшу кезінде бортта белгіленген рәсімдерге сәйкес пайдаланылатын екіжақты радиобайланыс жүргізуге арналған жабдықтың міндетті түрде болуы тиіс белгілі бір өлшемдегі әуе кеңістігінің аймағы;";

      мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "25-1) қалыптарды жинаудың есептік уақыты – әуе кемесі ұшумен байланысты қозғалысты бастаған кездегі есептеу уақыты;";

      мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2) және 26-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26-1) ұсынылған ұшу жоспары – пилот немесе оның уәкілетті өкілі ӘҚҚ органына берген күйдегі, кейіннен ешқандай өзгеріс енгізілмеген ұшу жоспары;

      26-2) ұшу ақпаратының аймағы (FIZ) – шекарасында ұшу ақпаратының әуеайлақтық қызметі (AFIS) немесе басқа орган берген өкілеттікке сәйкес ұшу-ақпараттық қызмет көрсету мен авариялық хабар таратуды қамтамасыз ететін ұшу ақпараты аймағының бөлігі;

      26-3) ұшып келудің есептік уақыты:

      аспаптар бойынша ұшу кезінде – аспаптар бойынша қонуға беттеу маневрін орындау болжанатын навигациялық құралдармен белгіленетін межелі нүктеге әуе кемесі ұшып келуінің есептік уақыты немесе осы әуеайлақпен байланысты навигациялық құралдардың болмауы кезінде – әуе кемесінің әуеайлақ үстіндегі нүктеге келу уақыты.

      визуалды ұшу қағидалары (бұдан әрі – ВҰҚ) бойынша ұшуды орындау кезінде – әуе кемесінің әуеайлақ үстіндегі нүктеге келуінің есептік уақыты;";

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) пилотсыз ұшу аппараты – бортында пилоты (экипажы) жоқ, ұшу кезінде оператор басқару пунктінен автоматты түрде немесе көрсетілген тәсілдерді үйлестіріп басқаратын ұшуды орындайтын әуе кемесі;";

      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) ұшу ақпаратының ауданы (FIR) – шегінде ұшу-ақпараттық қызмет көрсету және авариялық хабардар ету қамтамасыз етілетін белгілі бір өлшемдегі әуе кеңістігі;";

      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) NOTAM-офис – NОТАМ хабарламасын шығаратын аэронавигациялық қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшесі;";

      35) және 36) тармақшалар алып тасталсын;

      5 және 6-тармақтар алып тасталсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әуе кеңістігінің құрылымы мынадай элементтерді қамтиды:

      1) ұшу ақпаратының аудандары (аймақтар) және диспетчерлік аудандар;

      2) әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттары;

      3) тораптық диспетчерлік аудандар, диспетчерлік аймақтар мен әуеайлақтағы қозғалыс аймақтары;

      4) бақыланбайтын әуе кеңістігінің аудандары;

      5) мемлекеттік авиацияның арнайы ұшу аймақтары;

      6) тыйым салынған аймақтар;

      7) қауіпті аймақтар;

      8) ұшуды шектеу аймақтары;

      9) әуе трассалары;

      10) жауапкердің (транспондердің) міндетті түрде болуы талап етілетін әуе кеңістігінің аймағы (TMZ);

      11) радиобайланыс міндетті түрде жүргізілетін әуе кеңістігінің аймағы (RMZ).

      Әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету туралы шешім қабылданған әуе кеңістігінің белгілі бір бөліктері мен белгілі бір әуеайлақтар әуе қозғалысына қызмет көрсету түріне сәйкес белгіленуге тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2, 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7 және 7-8-тармақтармен толықтырылсын:

      "7-1. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қамтамасыз етілуге тиіс әуе кеңістігін бөлу ӘҚҚ маршруттарының құрылымына және тиімді қызмет көрсетуге негізделеді.

      Ұлттық шекарадан тыс жатқан әуе кеңістігін бөлу жөніндегі келісім әуе қозғалысына қызмет көрсетуге мүмкіндік берген жағдайда орынды болады.

      Әуе кеңістігін бөлу мемлекеттік шекараны ескере отырып жүзеге асырылған жағдайда, іргелес мемлекетпен уағдаластық негізінде басқаруды тапсырудың ыңғайлы орналасқан нүктесін белгілеу қажет.

      7-2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі тігінен ұшу ақпаратының екі ауданына бөлінеді: жоғарғы және төменгі аудан. Жоғарғы және төменгі аудан арасындағы шекара сынап бағанасынан (1013,25 гектопаскаль/милибарр) 760 мм атмосфералық қысымға сәйкес келетін деңгейден FL 245 (7450м) биіктікте белгіленеді.

      7-3. Аспаптар бойынша ұшу қағидалары (бұдан әрі – АҰҚ) бойынша ұшуларға диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге шешім қабылданған әуе кеңістігінің бөліктері диспетчерлік аудандар, әуеайлақ аудандары (тораптық диспетчерлік аудандар) немесе диспетчерлік аймақтар ретінде белгіленеді.

      ВҰҚ бойынша ұшуды орындауды да қамтамасыз ететін диспетчерлік қызмет көрсетілетін әуе кеңістігінің бақыланатын бөліктері В, C немесе D сыныбындағы әуе кеңістігі ретінде белгіленеді.

      7-4. Диспетчерлік аудандар мен диспетчерлік аймақтар ұшу ақпаратының ауданы шегінде белгіленген жағдайда, олар осы ұшу ақпараты ауданының құрамдас бөлігі болып табылады.

      7-5. Қозғалысқа диспетчерлік қызмет көрсетуге шешім қабылданған әуеайлақтар бақыланатын әуеайлақтар болып белгіленеді. Әуеайлақтағы қозғалысқа диспетчерлік қызмет көрсету қамтамасыз етілмейтін әуеайлақтар бақыланбайтын әуеайлақтар болып белгіленеді.

      7-6. Әуе трассалары мен тораптық диспетчерлік аудандарды қамтитын диспетчерлік аудандардың шекаралары АҰҚ немесе олардың бөліктері бойынша әдетте, осы ауданда пайдаланылатын навигациялық құралдардың мүмкіндіктері ескерілген әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетудің тиісті түрлерін қамтамасыз ету орынды болатын ұшулардың траекториясын қосу үшін қажетті әуе кеңістігін қамтуы үшін белгіленеді.

      Диспетчерлік ауданның төменгі шекарасы жер немесе су бетінен 200 биіктікте белгіленеді.

      Осы Қағидалардың 37-тармағының ережелерін ескере отырып диспетчерлік ауданның жоғарғы шекарасы мынадай:

      1) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету осы шекарадан жоғары қамтамасыз етілмеген;

      2) осы диспетчерлік аудан жоғарғы диспетчерлік ауданнан төмен орналасқан және оның жоғарғы шекарасы жоғарғы диспетчерлік ауданның төменгі шекарасына сәйкес келген жағдайда белгіленеді.

      7-7. Диспетчерлік аймақтардың бүйірлік шекаралары әуеайлақтарға келген және әуеайлақтардан ұшып шығатын әуе кемелерінің АҰҚ бойынша ұшу траекториясын өтетін, диспетчерлік ауданға кірмейтін әуе кеңістігінің бөлігін қамтиды.

      Диспетчерлік аймақтардың шеткі шекаралары тиісті әуеайлақ немесе әуеайлақтар орталығынан қонуға бет алу жүргізілетін бағытта кемінде 9,3 км қашықтықта болады. Диспетчерлік аймақ екі немесе бір-біріне жақын орналасқан бірнеше әуеайлақты қамтуы мүмкін.

      Егер диспетчерлік аймақ диспетчерлік ауданның бүйірлік шекаралары шегінде орналасқан болса, ол жер бетінен кем дегенде диспетчерлік ауданның төменгі шекарасына дейін жайылады. Қажет болған жағдайда, жоғарғы шекараны диспетчерлік ауданның төменгі шекарасынан жоғары етіп белгілеуге болады.

      7-8. E немесе G сыныптарының кеңістігі бөлігінде ВҰҚ бойынша ұшу, сондай-ақ радиобайланыс міндетті жүргізілетін әуе кеңістігі аймағы ретінде белгіленген G сыныбының әуе кеңістігі бөлігінде АҰҚ бойынша ұшу, егер аталған аудан үшін жауапты әуе қозғалысына қызмет көрсету органымен алдын ала өзгеше келісілмеген болса, белгіленген жұмыс регламентінде "әуе-жер" екіжақты радиобайланысын жүргізу кезінде орындалады.

      Жауап бергіш (транспондер) міндетті түрде болатын әуе кеңістігі аймағындағы (TMZ) әуе кемелерінің барлық ұшулары, егер аталған аудан үшін жауапты әуе қозғалысына қызмет көрсету органымен алдын ала өзгеше келісілмеген болса, қосылған жауап бергіш (транспондер) арқылы жүргізілуге тиіс.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Әуе кеңістігі құрылымы элементтерінің шекаралары географиялық координаттар мен биіктіктер бойынша белгіленеді. Әуе кеңістігі құрылымының элементтерін пайдалану шекаралары мен талаптары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.

      10. Ұшу ақпараты аудандары (аймақтары) мен диспетчерлік аудандардың тізбесін және олардың шекараларын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді және аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.

      Тораптық диспетчерлік аудандардың және диспетчерлік аймақтардың шекараларын, TMZ және RTZ аэронавигациялық ұйым әзірлейді және олар аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.

      Бақыланбайтын әуеайлақтың әуеайлақтық қозғалыс аймағының шекараларын әуеайлақ пайдаланушысы әзірлейді, әуеайлақ жауапкершілік ауданында орналасқан әуе қозғалысына қызмет көрсету және/немесе әуе қозғалысын басқару органы келіседі және олар аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.

      Әуе қозғалысын басқару аудандарының (аймақтарының) шекаралары ұшу ақпараты аудандарының (аймақтарының) және диспетчерлік аудандарының шекараларына сәйкес келеді.";

      11-тармақ алып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Әуе трассалары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен әуе трассаларын пайдалануға беру қағидаларына сәйкес пайдалануға беріледі. Әуе трассалары бойынша сипаттамаларға (PBN) негізделген навигацияны қолдану үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган навигациялық ерекшеліктерді белгілейді.

      Халықаралық әуе трассаларын ашу іргелес мемлекеттердің құзыретті органдарымен және Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен (бұдан әрі – ИКАО) келісу бойынша жүзеге асырылады.

      Әуе трассаларының жабдықтарын ұшу радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарымен жарақтандыруды аэронавигациялық қызмет көрсетуші жүзеге асырады.";

      13, 14 және 15-тармақтар алып тасталсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Әуеайлақ аудандарының (тораптық диспетчерлік аудандардың) шекараларын анықтаған кезде ұшып шығу және қонуға бет алу, екінші айналымға кету, күту аймағында ұшу схемалары, сондай-ақ аспаптар (SID) бойынша ұшып шығу, аспаптар (SТАR) бойынша ұшып келудің стандартты маршруттары, әуе трассаларына кіру (олардан шығу) маршруттары ескеріледі.

      Көрсетілген схемаларды әзірлеу авиация саласындағы уәкілетті органдар бекітетін Қазақстан Республикасының азаматтық және (немесе) мемлекеттік авиациясы салаларында ұшуды жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады";

      17-тармақ алып тасталсын;

      17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-1. Атыс, ракета ұшыру, жарылыс жұмыстарын, пилотсыз ұшатын аппараттардың, басқарылмайтын аэростаттардың ұшуын жүргізумен және меншік иесінің немесе объектіні пайдалануға жауапты органның ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін өзге де қызметімен байланысты жұмыстар жүзеге асырылатын әрбір объект (полигон, атыс орны, оқу-жаттығу орталығы, пилот қашықтан басқаратын пункт, карьер, кен орны, кеніш, қима, аэрологиялық станция) үшін ӘҚБ орталықтарымен өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық әзірленеді, ол жауапкершілік ауданында объект орналасқан ӘҚБ орталығымен келісіледі және оны объектінің жауапты адамы (басшысы) бекітеді.";

      19-тармақ алып тасталсын;

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде тыйым салынған аймақтар маңызды мемлекеттік нысандарды, негізгі өнеркәсіптік кешендерді (атом электр станциялары, ядролық-радиациялық нысандар, химиялық қауіпті нысандар, сондай-ақ елдің ұлттық қауіпсіздігі тұрғысынан басқа да аса маңызды нысандар), күзетілетін нысандарды әуе кеңістігінде болуы мүмкін оқиғалардың нәтижесінде туындайтын зиянды әсерден және бүлінулерден қорғау үшін белгіленеді. Тыйым салынған аймақтар аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.";

      32-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адамдардың өмірін құтқару және денсаулығын сақтау, қылмыстың алдын алу және оны ашу жөніндегі іс-шараларына байланысты ұшуларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің күзету іс-шараларын өткізу шеңберіндегі тыс ұшуларды қоспағанда, белгіленген маршруттардан тыс елді мекендер үстімен ұшуды орындауды келісуді ұлттық қауіпсіздік органдары және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

      Күзету іс-шараларын жүргізу кезеңінде әуе кемелерінің елді мекендер үстімен ұшуы ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен ұшу басталғанға дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын келісіледі.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Елді мекендердің үстіндегі авиациялық жұмыстар, парашюттен секірулер, пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуы, байланатын аэростаттардың көтерілуі әуе кеңістігін пайдаланушыларда елді мекеннің үстінен ұшуға ӘҚБ БО-ның рұқсаты болған жағдайда және әуе кеңістігін пайдаланушының аумағында ұшулар жоспарланып отырған республикалық маңызы бар қаланың және астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын ескерту арқылы орындалады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. ӘҚҚ әуе кеңістігі мынадай сыныптарға жіктеледі және белгіленеді:

      А сыныбы. АҰҚ бойынша ұшуларға ғана рұқсат беріледі; барлық әуе кемелері диспетчерлік қызмет көрсетумен және эшелондаумен қамтамасыз етіледі.

      В сыныбы. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға рұқсат беріледі; барлық әуе кемелері диспетчерлік қызмет көрсетумен және эшелондаумен қамтамасыз етіледі.

      С сыныбы. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға рұқсат етіледі; барлық әуе кемелері диспетчерлік қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі және АҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелері АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуды орындайтын өзге әуе кемелеріне қатысты эшелонданады. ВҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелері АҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелеріне қатысты эшелонданады және ВҰҚ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелерінің қозғалысына қатысты ақпарат алады.

      D сыныбы. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға рұқсат етіледі; барлық әуе кемелері диспетчерлік қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі; АҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелері АҰҚ бойынша ұшуды орындайтын өзге әуе кемелеріне қатысты эшелонданады және ВҰҚ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелерінің қозғалысына қатысты ақпарат алады; ВҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелері барлық басқа әуе кемелерінің қозғалысына қатысты ақпарат алады.

      Е сыныбы. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға рұқсат етіледі; АҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелері диспетчерлік қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі және АҰҚ бойынша ұшуды орындайтын басқа әуе кемелеріне қатысты эшелонданады. Барлық әуе кемелері қозғалыс туралы ақпаратты мүмкіндігіне қарай алады. Е сыныбы бақыланатын аймақтарда қолданылмайды.

      G сыныбы. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға рұқсат етіледі және сұрау салуы бойынша ұшу-ақпараттық қызмет көрсетіледі.

      G сыныбындағы әуе кеңістігі бақыланбайтын әуе кеңістігі болып табылады. Құтқару және іздестіру үшін хабарландыруды ұйымдастыру пайдаланушыларға және (немесе) әуе кемесінің (ұшу аппараттары) иелеріне жүктеледі.

      Шекара маңы жолағындағы әуе кеңістігінде G сыныбы белгіленбейді.

      Ұшу түрін анықтайтын ерекшеліктер, әуе кемелерін өзара эшелондау, әуе қозғалысына қызмет көрсету түрі, әрбір сыныптағы радиобайланысқа қойылатын талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшада айқындалады.

      Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде белгіленген сыныптардың шекаралары аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Бір сыныпты ӘҚҚ әуе кеңістігі тік жазықтықта басқа сыныпты ӘҚҚ әуе кеңістігіне түйіскен жерінде, яғни олардың біреуі екіншісінің үстінде тұрса, жалпы эшелонда ұшулар талаптары аса қатаң емес әуе кеңістігінің сыныбы үшін белгіленген талаптарды сақтаумен орындалады және оған тиесілі қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.";

      2-тараудың "Әуе кеңістігі құрылымын жетілдіру бойынша іс-шаралар" деген 3-параграфы алып тасталсын;

      46 және 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. ӘҚЖ БО әуе кеңістігін пайдалануды жалпы әуе қозғалысы үшін барлық ұсынылған ұшу жоспарлары негізінде жоспарлауды жүзеге асырады.

      47. ӘҚБ БО әуе кеңістігін пайдалануды операциялық әуе қозғалысы үшін барлық ұсынылған ұшу жоспарлары, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалануға берілген өтінім негізінде жоспарлауды жүзеге асырады.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. ӘҚЖ БО және ӘҚБ БО арасында әуе кеңістігін пайдалануды үйлестіруді қалыптасқан әуе, метеорологиялық, аэронавигациялық жағдайға байланысты әуе кеңістігін пайдаланушы мәлімдеген қызметті қамтамасыз ету мақсатында және әуе кеңістігін пайдаланудағы басымдықтарға сәйкес азаматтық-әскери үйлестіру тобы жүзеге асырады.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Әуе кеңістігін пайдалану жоспары төмендегідей бөлінеді:

      1) әуе кемелерінің ұшу жоспарлары;

      2) пилотсыз ұшу аппараттарының, басқарылатын аэростаттардың, дирижабльдердің ұшу жоспарлары;

      3) басқарылмайтын аэростаттарды (зонд-шар) ұшыру, атыс, ракета ұшыру және жару жұмыстарын жүргізу жоспарлары.";

      58, 59 және 60-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Ұшу жоспары А, B, С, D және E сыныптарындағы әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу үшін, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдарына хабарлау және пайдаланушының сұрау салуы бойынша ұшу-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында G сыныбындағы әуе кеңістігін пайдалану кезінде ұсынылады.

      Пилотсыз ұшу аппаратының немесе басқарылатын аэростаттың ұшу жоспары туралы хабарлама әуе кеңістігін әуе кеңістігінің сыныбына тәуелсіз пайдалануға рұқсат алу үшін беріледі.

      Пилотсыз ұшу аппараттарының немесе басқарылатын аэростаттың күзетілетін нысандар үстімен ұшуларын пайдаланушылар осындай ұшулардың басталуынан кемінде 5 жұмыс күні бұрын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен келіседі.

      59. Әуе кеңістігін пайдаланушы ӘҚЖ БО интернет-ресурсы арқылы немесе ортақ әуе қозғалысына қатысатын әуе кемелерінің ұшуларды орындауы кезінде ӘҚҚ қызметінің жақын жердегі "Брифинг" тобына ұшу жоспарын ұсынады.

      60. Әуе кеңістігін пайдаланушы:

      1) операциялық әуе қозғалысына қатысатын әуе кемелері;

      2) пилотсыз ұшу аппараттары ұшуларды орындаған кезде ұшу жоспарын ӘҚБ БО-ға немесе жақын жердегі әуе қозғалысын басқару органына ұсынады.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Әуе кемесiнiң ұшу жоспарында:

      1) әуе кемесiнiң тану индексi (рейс нөмiрi, әуе кемесiнiң мемлекеттiк және тiркелген тану белгiлерi (пилотсыз ұшу аппараты үшін әуе кемесiнiң мемлекеттiк және тiркелген тану белгiлерi болмаған жағдайда, пилотсыз ұшу аппаратының маркасы және пайдаланушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға көрсетіледі);

      2) ұшу қағидалары (АҰҚ және ВҰҚ) және ұшу типi (тұрақты (S), тұрақты емес (N), жалпы мақсаттағы авиация ұшуы (G), мемлекеттiк авиация әуе кемесiнiң ұшуы (М), басқа кез келген ұшу (X) үшiн);

      3) әуе кемелерiнiң саны және типi, iзiнiң турбуленттiлiк санаты (азаматтық әуе кемелерi үшiн);

      4) әуе кемесiнiң жабдығы;

      5) ұшып шығу әуеайлағы (ұшып шығу пункті) және ұшып шығу уақыты;

      6) ұшу маршруты;

      7) ұшып баратын әуеайлақ және жалпы есептiк өткен уақыт (қонуға дейiнгi), қосымша әуеайлақтар;

      8) ұшу маршрутының ерекшелiктерiн, әуе кемесiнiң тiркеу белгiлерiн, пайдаланушының атауын, әуе кемесiнiң ұшу-техникалық деректерiн, бортта қолданылатын жабдықты сипаттауға қажетті ақпарат және егер үлгi ақпараттан өзгеше болса немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдары тарапынан ерекше қатынасты талап ететiн ақпарат болса өзге де қажетті ақпарат осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ұшу мәртебесi туралы;

      9) отын қорына, борттағы адамдар санына, авариялық-құтқару жабдықтарына қатысты ақпарат қамтылады.

      Азаматтық әуе кемесінің ұшу жоспары туралы хабарламаға кіретін ақпараттың үлгілік құрамы (көлемі) және көрсетілген жоспарды беру осы Қағидаларға 3, 5 және 6-қосымшаларда айқындалады.

      Ұшуды орындау кезінде рейс нөмірлерінің қайталануын болдырмау мақсатында қазақстандық пайдаланушылар рейстерінің қолданылатын нөмірлерін үйлестіруді ӘҚ БЖО жүзеге асырады.

      Пилотсыз ұшу аппаратының немесе басқарылатын аэростаттың ұшу жоспарына Қағидалардың осы тармағының 1), 3), 5), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген ақпарат енгізіледі.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Ұшу жоспары ұшқанға дейін үш сағат бұрын ұсынылатын пилотсыз ұшу аппараттарының, дирижабльдердің және басқарылатын аэростаттардың ұшуын қоспағанда, ұшу жоспары есептелген ұшу уақытынан кемінде 60 минут бұрын және есептелген ұшу уақытынан 120 сағат бұрын ұсынылады. Есептелген ұшу уақыты деп, егер қолданылатын болса, әуе кемесін бұру-жылжытуды бастау үшін оның тіреуіштерін алып тастау, ал қалған жағдайларда – әуе кемесінің ұшып көтерілу уақыты түсініледі.";

      69-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұшу жоспарын ұсынған кезде, әуе кемесінің техникалық ақауымен және (немесе) ұшу маршруты бойынша метеожағдаймен байланысты және (немесе) ұшу қауіпсіздігіне қауіп төнген және (немесе) еңсерілмейтін күш жағдайларымен байланысты оның қайталанатын ұшу жоспарынан біржолғы ауытқуға жол беріледі.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Ұшу жоспары не оның бір бөлігі (бүкіл ұшуды немесе ұшудың орындалған бөлігін қоса алғанда) әуе кемесі межелі әуеайлаққа (межелі пункт) немесе аралық әуеайлаққа (аралық қону пункті) келгеннен кейін және ӘҚҚ (ӘҚБ) органымен байланыс аяқталғаны туралы әуе кемесі экипажының баяндамасын алғаннан кейін жабылады.

      Келген әуеайлақта (қону алаңында) бақыланатын әуе кеңістігінде ӘҚҚ (ӘҚБ) органы болмаған жағдайда, экипаж өзінің ұшып келуі туралы баяндамасын қонғаннан кейін дереу қолда бар байланыс құралдарының көмегімен жауапкершілік аймағындағы жақын жердегі ӘҚҚ (ӘҚБ) органына береді. Әуеайлақта байланыс құралдары болмаған кезде экипаж тікелей қонар алдында әуе кемесі орналасқан жауапкершілік аймағында жақын жердегі ӘҚҚ (ӘҚБ) органына келуі туралы баяндауды жүзеге асырады. Пайдаланушы мен әуе қозғалысына қызмет көрсету органы арасындағы уағдаластық бойынша әуе кемесінің ұшу жоспарын (не оның бір бөлігін) жабу туралы ақпарат әуе кемесінің пайдаланушысына беріледі.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Әуе кеңістігін пайдаланушы ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін және мыналарға:

      1) басқарылмайтын аэростаттардың ұшуына;

      2) атыс өткізуге, зымырандар жіберуге, жарылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты қызметті орындаған жағдайда, әуе кеңістігін пайдалануға берілетін өтінімді ӘҚБ БО-ға немесе жақын жердегі ӘҚҚ (ӘҚБ) орталығына ұсынады.";

      80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Әуе кеңістігін пайдаланушы басқарылмайтын аэростаттарды ұшыру, атыс өткізу, зымырандар жіберу, жарылыс жұмыстарын жүргізу қызметін жүзеге асыру үшін әуе кеңістігін пайдалануға өтінімді ӘҚБ БО-ға немесе жақын жердегі ӘҚҚ орталығына осындай қызмет басталғанға дейін төрт тәуліктен ерте емес және бір тәулік бұрын ұсынады.

      81. Әуе кеңістігін пайдаланушы әуе кеңістігін пайдалануға байланысты өтінім берілген қызмет түріне өзгерістер енгізілген жағдайда, ӘҚБ БО-ға немесе жақын жердегі ӘҚҚ орталығына әуе кеңістігін пайдалану үшін жаңа өтінім ұсынады.

      Өтінім осындай қызмет басталғанға дейін үш сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы 82-1, 82-2, 82-3, 82-4, 82-5 және 82-6-тармақтармен толықтырылсын:

      "82-1. Егер жоспарланған ұшудың нақты биіктігі жер бетінен 50 метрден аспаса, ал ұшу маршруты (жоспарланған траектория) әуеайлақ қоршауынан (қоршау болмаған жағдайда – әуеайлақ шекарасын көрсететін таңбаланған белгілерден 5,5 км алыс болса) 5,5 км алыс болса, пилотсыз ұшу аппаратының ұшу жоспары әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органына жіберілмейді.

      82-2. Пилотсыз ұшу аппараттарының, әуе кемелерінің ұшуы:

      1) G сыныбындағы әуе кеңістігі шекарасы шегінде метеорологиялық минимумды сақтау (көлденеңінен 1500 метрден төмен емес көріну және тігінен 300 метрден кем емес бұлттың төменгі шекарасы) шартымен;

      2) бақыланатын әуе кеңістігінде (осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген ережелерден басқа) – осы Қағидалардың 144-тармағына сәйкес әуе қозғалысын басқару орталықтары қысқа мерзімді шектеулерді енгізу шартымен орындалады.

      Қысқа мерзімді шектеулер 50 метр биіктікке дейін жер бедерінен созылып жатқан әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуын қамтамасыз ету үшін белгіленбейді;

      3) диспетчерлік аймақта – жауапкершілік аймағында осындай әуеайлақ орналасқан және осы Қағидалардың 144-тармағына сәйкес әуе қозғалысын басқару орталығы қысқа мерзімді шектеу енгізген жағдайда әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органымен келісілгеннен кейін барлық биіктікте орындалатын пилотсыз ұшу аппараттарының авиациялық жұмыстарды және демонстрациялық ұшуды орындауын (аэрошоу) қоспағанда, жер бетінен 50 метр биіктікке дейін жайылған және әуеайлақ қоршауынан 5,5 км алыс орналасқан (қоршау болмаған жағдайда – әуеайлақ шекарасын көрсететін таңбаланған белгілерден 5,5 км алыс болса) әуе кеңістігінде;

      4) мыналарда:

      G сыныбындағы әуе кеңістігінде орналасқан бақыланбайтын әуеайлақтың әуеайлақтық ұшу аймағында – әуеайлақты пайдаланушымен келісу бойынша және әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсету органымен үйлестірілгеннен кейін (ол болған жағдайда);

      бақыланатын әуе кеңістігінде орналасқан бақыланбайтын әуеайлақтың әуеайлақтық ұшу аймағында – әуеайлақты пайдаланушымен және жауапкершілік аймағында осындай әуеайлақ орналасқан әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органымен келісу бойынша осы Қағидалардың 144-тармағына сәйкес әуе қозғалысын басқару орталығы қысқа мерзімді шектеулер енгізген жағдайда орындалады.

      82-3. Пилотсыз ұшу аппаратын пайдаланушы адамдарға немесе меншікке қауіп төндірмеу үшін пилотсыз ұшу аппаратынан кезкелген жүкті немесе жануарларды (арнайы парашютсіз) түсіруге жол бермеуі тиіс.

      82-4. Әуе қозғалысын басқару орталықтары қысқа мерзімді шектеулерді белгілемесе, пилотсыз ұшу аппаратына жауапты пайдаланушы қақтығысты болдырмау мақсатында, пилотсыз ұшу аппаратының басқа әуе кемелеріне, адамдарға, көлік құралдарына, кемелерге және құрылыстарға қатысты траекториясы мен орналасқан жерін бақылау үшін жеткілікті, бөгде біреудің көмегінсіз (соның ішінде оптикалық құралдарды қолданбай) тікелей визуалды байланысты сақтауға тиіс.

      82-5. Пилотсыз ұшу аппараты:

      1) ұшу және қону уақытында – кезкелген адамнан (пилотсыз ұшу аппаратын басқаратын адамды қоспағанда), басқа көлік құралынан, ғимараттан немесе құрылыстан көлденеңінен 50 метр жақындықта;

      2) ұшу барысында – кезкелген адамнан (пилотсыз ұшу аппаратын басқаратын адамды қоспағанда), басқа да көлік құралынан, ғимараттан немесе құрылыстан көлденеңінен 100 метр жақындықта;

      3) көпшілік адамдар тобынан және (немесе) көлік құралдарынан көлденеңінен 150 метр жақын барлық жағдайда;

      4) ұшуға тыйым салынған және қауіпті аймақтарда, ұшуға шектеу қойылған аймақтарда (осындай аймақтарды белгілейтін мүдделі тұлғалардың ұшуын қоспағанда) пайдаланылмауы тиіс.

      82-6. Пилотсыз ұшу аппаратының ұшуын қамтамасыз ету үшін бақыланатын әуе кеңістігінде қысқа мерзімді шектеулер енгізілген кезде оны пайдалану шарттары ескертіледі.";

      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Осы Қағидалардың 77-тармағына сәйкес алдын ала хабарланған, басқарылмайтын аэростатты болжанған ұшыру болмайтыны белгілі болса, пайдаланушы дереу ӘҚБ БО-ға (ӘҚБ орталығына) хабарлайды.";

      95 және 96-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат беру тәртібі:

      1) А, B, С, D және Е сыныптарындағы әуе кеңістігінде ұшуды орындайтын әуе кеңістігін пайдаланушылар үшін (осы Қағидалардың 96-тармағында көрсетілген қызметті қоспағанда);

      2) әуе кеңістігінің сыныбына тәуелсіз "Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация саласының қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызметті жүзеге асыратын әуе кеңістігін пайдаланушылар үшін белгіленеді.

      96. А, B, С, D және Е сыныптарындағы әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат беру тәртібі:

      1) әуе шабуылына тойтарыс беру, әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзуды немесе Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруді болғызбау және тоқтату;

      2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету, ғарыш аппараттары мен олардың экипаждарын іздестіру және эвакуациялау;

      3) әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын болғызбау және (немесе) тоқтату жағдайларында қолданылмайды.";

      125-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) дүлей және өзге де зілзалалар болған аудандарда, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу аудандарында, мемлекеттік авиацияның әуе трассаларынан тыс маршрут бойынша ұшуларды орындау кезіндегі әуе қозғалысын тікелей басқару әуе трассалары бойынша ӘҚҚ органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады (осы Қағидалардың 129-5-тармағын есепке ала отырып);";

      мынадай мазмұндағы 8-1-бөліммен толықтырылсын:

      "8-1. ӘҚҚ және ӘҚБ органдары арасындағы іс-қимылдарды үйлестіру

      129-1. ӘҚҚ және ӘҚБ органдары арасындағы әуе кемесінің ұшуына қатысты іс-қимылдарды үйлестіру әуе кеңістігін пайдалануды алдын ала, тәуліктік, ағымдағы жоспарлау кезінде, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) кезінде жүзеге асырылады.

      129-2. Әуе қозғалысы екі түрге бөлінеді:

      жалпы әуе қозғалысы;

      операциялық әуе қозғалысы.

      129-3. Жалпы әуе қозғалысы мемлекеттік авиацияның арнайы белгіленген ұшу аймағын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бүкіл әуе кеңістігіндегі барлық авиация саласы түрінің әуе кемелері қозғалысын білдіреді. Жалпы әуе қозғалысының әуе кемелері үшін әуе қозғалысына қызмет көрсетудің барлық түрі ӘҚҚ органының құзыретіне жатады.

      129-4. Жалпы әуе қозғалысына қатысатын әуе кемелерінің барлық ұшуы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      129-5. Операциялық әуе қозғалысы сынаудан өткізу үшін ұшыруды, әуеде отын толтыруды, кіші және шекті кіші биіктікте ұшуды, зымыран ұшыруды, әуеде атуды, маневр жасау тәсілдерін және басқа да арнайы ұшуды меңгеруді, әуе кемелерінің экипаждары жалпы әуе қозғалысы үшін белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ете алмаған жағдайда, орындау үшін арнайы белгіленген аймақтарда (маршруттарда) мемлекеттік авиация саласының ұшуын білдіреді.

      Операциялық әуе қозғалысын басқару ӘҚБ органының немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларына сәйкес ұйымдастырылатын авиациялық әскери бөлімнен ұшуларға жетекшілік ететін топтың құзыретіне жатады.

      Нақты мемлекеттік авиация саласы әуе кемесінің ұшуын операциялық әуе қозғалысына жатқызу туралы шешімді ӘҚБ БО немесе ӘҚБ орталығы басқару пункттерін белгілеу (тағайындау), уақытша режимді немесе әуе кеңістігін пайдалануда қысқа мерзімді шектеулерді енгізу жолымен қабылдайды.

      129-6. Операциялық әуе қозғалысы кезінде әуе кемелерінің ұшуы мемлекеттік авиация саласының уәкілетті органының шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиация саласындағы ұшуларды жүргізу қағидаларына және Әуе қозғалысын басқару жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      129-7. Азаматтық және мемлекеттік авиация бірге орналасқан әуеайлақтардың аудандарында бір уақытта аралас жалпы және операциялық әуе қозғалысын жүзеге асыруға байланысты әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) ерекшелігі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттік авиациясының бірлесіп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидаларына сәйкес айқындалады.

      129-8. Мемлекеттік авиация әуе кемесінің бортында авариялық жағдай туындаған және азаматтық авиация әуеайлағына қону қажет болған жағдайда осы әуеайлақтың әуе қозғалысына қызмет көрсету органы экипажға ұшу-қону жолағының жұмыс шегіне (сынап бағанасының миллиметрі) қатысты атмосфералық қысымды және басқа да қажетті ақпаратты сұрау салу бойынша береді.

      129-9. Іргелес ӘҚҚ органдары және ӘҚБ органы арасында осы органдардың басшылары бекіткен өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әуе кемелерінің ұшуын қауіпсіз және кедергісіз жүргізуге қатысты ақпарат алмасу жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 8-2-бөліммен толықтырылсын:

      "8-2. Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) мақсаты үшін өлшем бірліктері

      129-10. Мемлекеттік авиацияда координаталардың, биіктіктердің, гравиметрлік және спутниктік өлшемдердің (1942 жылғы координаталар жүйесі) бірыңғай жүйесі белгіленген. Координатаның бастауы – Пулков обсерваториясы Дөңгелек залының орталығы және биіктіктердің бастапқы деңгейі – Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Балтық теңізіндегі Кронштадт футштогының нөлдік мәні.

      129-11. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясына дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесін – 1984 (WGS-84) енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 376 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсаты үшін азаматтық авиацияда 1984 жылғы (WGS-84) дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесі, тік жазықтықтың есептеу жүйесі ретінде негіз болатын теңіздің орта деңгейі (MSL) қолданылады. Азаматтық авиацияда қолданылатын координаталар, биіктіктер өлшемдерінің гравиметрлік және спутниктік өлшемдердің (1942 жылғы координаталар жүйесі) бірыңғай жүйесі осы Қағидаларға 8-қосымшада келтірілген.

      129-12. Мемлекеттік және азаматтық авиацияда уақытты есептеу жүйесі ретінде Григориан күнтізбесі және Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт (UTC) қолданылады.";

      134 және 135-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "134.  Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттің ӘҚҚ органдары арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту шарттарын келісу белгіленген байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту шарттары әуе кемесінің экипажына хабарланады.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту шарттарын алған әуе кемесінің экипажы ӘҚҚ органына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің нақты уақытын және ұшу эшелонын (биіктігін) хабарлайды.

      135. ӘҚҚ органы шектес аумақ жағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін 10 минут бұрын әуе қорғаныс әскері органына рейс нөмірін (шақыратын), ұшу эшелонын (биіктігін) және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің есептік уақытын хабарлайды. Әуе кемесі шектес аумақта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына тікелей жақын орналасқан әуеайлақтан ұшып шыққан жағдайда, ақпарат әуе кемесінің ұшып шығуы туралы хабар алғаннан кейін оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуіне дейін беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 135-1-тармақпен толықтырылсын:

      "135-1. Әуе қорғаныс әскерлері органдары мен ӘҚҚ органдары арасындағы іс-қимылды үйлестіруді қамтамасыз ету үшін көрсетілген органдардың басшылары өзара іс-қимыл жасау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-бөліммен толықтырылсын:

      "9-1. Аса маңызды ұшуды орындау үшін әуе кеңістігін пайдалану ерекшелігі

      141-1. Аса маңызды ұшу А, B, C және D сыныптарындағы тұрақты белгіленген бақыланатын әуе кеңістігінде көрсетілген сыныптар үшін белгіленген талаптарға сәйкес орындалады.

      Барлық басқа жағдайларда аса маңызды ұшу орындалатын маршруттың айналасындағы әуе кеңістігі А, B, C немесе D сыныптарындағы уақытша бақыланатын әуе кеңістігі ретінде белгіленеді. Уақытша әуе кеңістігінің сыныбын осы Қағидалардың 141-2-тармағында көрсетілген ӘҚҚ органы ұшудың аса маңызды (АҰҚ және АҰҚ) түріне және осы ауданда әуе қозғалысының қарқындылығына негізделіп айқындайды.

      141-2. Уақытша бақыланатын әуе кеңістігіндегі әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін жауапты ӘҚҚ (ӘҚБ) органы уақытша бақыланатын әуе кеңістігінің белгіленген жоғарғы шекарасының үстінде әуе қозғалысына тұрақты қызмет көрсетуді (әуе қозғалысын басқаруды) жүзеге асыратын орган (органдар) болып табылады.

      Бақыланбайтын әуеайлақтарда уақытша диспетчерлік аймақтарды және уақытша әуеайлақтық диспетчерлік пункттерді аэронавигациялық қызмет көрсетуші енгізуі мүмкін.

      Уақытша бақыланатын әуе кеңістігін енгізу туралы ақпарат оның құрылымы мен қолданылатын әуе кеңістігінің сыныбы көрсетіле отырып, әуе кеңістігін пайдаланушыларға NOTAM түрінде жеткізіледі, сондай-ақ ақпараттық ресурстарда (веб-сайтта) орналастырылады.

      141-3. Уақытша бақыланатын әуе кеңістігі мыналарды қамтиды:

      1) уақытша диспетчерлік аймақ. Уақытша диспетчерлік аймақтар тұрақты жұмыс істейтін диспетчерлік аймақтары жоқ, аса маңызды ұшуға шығатын және межелі әуеайлақтар аймағында орнатылады. Аса маңызды ұшуға арналған диспетчерлік аймақ әуеайлақтың бақыланатын нүктесінен 20 километрге дейінгі радиуспен және биіктігі бойынша жер (су) бетінен әуе кемесінің типі мен әуеайлақ айналасындағы әуе кеңістігінің құрылымына байланысты әрбір аса маңызды ұшу үшін тағайындалған ұшу эшелонына дейін орнатылады. Уақытша диспетчерлік аймақ мына кезеңге белгіленеді:

      ұшып шығатын әуе кемелері үшін – әуе кемесінің ұшып шығуының күтілетін уақытына дейін 20 минут және әуе кемесінің ұшып шығуының күтілетін уақытынан кейін 20 минутқа дейін;

      ұшып келетін әуе кемелері үшін – әуе кемесі қонуының күтілетін уақытына дейін 20 минут және әуе кемесі қонуының күтілетін уақытынан кейін 20 минутқа дейін.

      Уақытша диспетчерлік аймақ әрекетінің уақытын ұзартуды азаматтық (мемлекеттік) әуеайлақтарда аса маңызды ұшуды орындайтын әуе кемесінің ұшып шығу (ұшып келу) уақытының кідіруіне байланысты ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары белгілейді;

      2) уақытша диспетчерлік аудан.Уақытша диспетчерлік аудан бақыланбайтын әуе кеңістігінде аса маңызды ұшуды орындау кезеңінде оның маршрутының бойында орнатылады.Уақытша диспетчерлік ауданның өлшемі аса маңызды ұшуды қауіпсіз орындауды қамтамасыз ету үшін енгізілетін ӘКП уақытша режимінің өлшемдерімен, ол басқа жағдайларда – ені бойынша АМҰ жол желісі осінен ені және биіктігі бойынша жер (су) бетінен және тұрақты әрекет ететін диспетчерлік ауданның төменгі шекарасына дейін кемінде 20 километр болып белгіленеді.";

      143, 144, 144-1 және 145-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. ӘҚБ БО Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ӘҚҚ немесе ӘҚБ органдарының жауапкершілік аймақтарындағы теңіз айдынымен шектесетін аймағында:

      1) Қазақстан Республикасының Президентін немесе шет мемлекеттердің басшыларын тасымалдау бойынша аса маңызды ұшуды орындайтын әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының әуе трассасында, маршруттарында және аймақтарында;

      2) оқу жаттығуларын, әуе парадтарын (көрсету және демонстрациялық ұшу) өткізу, ғарыш объектілерін ұшыру және қондыру, авиация және зымыран техникасын сынау, тік және көлденең жазықтықта әуе кемелерінің (топтарының) маневр жасап ұшуын жүргізу, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін басқа да қызмет аудандарында;

      3) сынақтық (зерттеу) ұшу, рекорд орнатуға арналған ұшу, зымырандарды практикалық түрде жіберуді орындау, сондай-ақ пилотсыз ұшу аппараттарының сынақтық (демонстрациялық) ұшу маршруттарында әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимін белгілейді.

      144. Әуе кеңістігін пайдалануға қатысты қызметті жедел қамтамасыз ету үшін ӘҚБ орталықтары Қазақстан Республикасы ӘҚБ немесе ӘҚҰ органдарының жауапкершілік аймағында, Қазақстан Республикасы аумағының үстінде, сондай-ақ іргелес теңіз акваториясының үстінде өз жауапкершілік аудандарында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әуе трассасында қысқа мерзімді шектеулерді белгілейді.

      144-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қысқа мерзімді шектеулерді енгізуді қоса алғанда, астананың үстіндегі және астана әуежайының үстіндегі әуе кеңістігін пайдалану тәртібін анықтайды.

      Шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарақ және әскери техникасын тасымалдау үшін ұшуды орындайтын шетелдік әуе кемесінің экипажы немесе ұшу кезінде басып алынған әуе кемесінің астана әуежайында жоспарланбаған және санкцияланбаған қону ниеті кезінде (әуе кемесі бортындағы авариялық жағдайды қоспағанда) ӘҚЖ БО-ның ұсынысы бойынша ӘҚБ орталықтары астана әуежайы әуе кеңістігінің үстінде қысқа мерзімді шектеулерді белгілейді.

      145.Уақытша режим белгілеуге ұсынысты әуе кеңістігін пайдаланушылар осы Қағидалардың 143-тармағында белгіленген қызметті жүзеге асыру қажеттілігіне қарай және жарияланған қызметті жүзеге асырудың ауданында екі немесе одан көп мүдделі пайдаланушы өтінім берген жағдайда ӘҚБ БО (ӘҚБ орталықтары) талабы бойынша жібереді.";

      147-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұшуға ішінара тыйым салу арқылы белгіленеді, бұл жағдайда Қазақстан Республикасының әуе трассалары учаскелерінің саны шектеулі эшелондарында уақытша режим қолданылатын аудан арқылы әуе кемелерінің ұшуына, әуе кемелерін әуежайларда қабылдауға және шығаруға, сондай-ақ авиациялық жұмыстарды орындауға арналған ұшуға рұқсат етіледі.

      Уақытша режим қолданылатын аудандардың шекаралары әрбір нақты жағдайда әуе кемелерінің ұшуына және әуе кеңістігін пайдалануға байланысты басқа да қызметті жүргізуге ең төменгі шектеулерді белгілеуді ескере отырып, өткізілетін іс-шараның мақсатына және әуедегі жағдайға қарай айқындалады.";

      149-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "149. Әуе қозғалысының қауіпсіздігі мақсатында соғыс авиациясы ұшақтарының азаматтық авиация әуеайлақтарының аудандары (тораптық диспетчерлік аудандар) арқылы 3300 метр биіктіктен төмен 30 километр радиуста (әуеайлақтың ұшу-қону жолағының шекті деңгейіне қатысты) ұшуы:

      1) әуе кемелерін қабылдауға және шығаруға толық тыйым салумен;

      2) осы Қағидалардың 150-тармағында көзделген жағдайларда әуе кемелерін қабылдауға және шығаруға ішінара шектеумен қамтамасыз етіледі";

      150-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ұшулар бірлесіп орналасқан әуеайлақтардан немесе тораптық диспетчерлік ауданға жататын әуеайлақтардан жүргізіледі және аэронавигациялық ақпарат құжаттарында не қарастырылған әуеайлақ (тораптық диспетчерлік ауданы) ауданында ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта анықталған сызбаларға сәйкес орындалады;";

      155-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "155. Әуе трассалары мен әуеайлақтардың аудандарында (тораптық диспетчерлік аудандар) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі ескеріліп, белсенді және бейтарап кедергілерді орнату бағыттарының ауданы мен учаскелері таңдалады.";

      158-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "158. Авиацияны пайдаланып, оқу жаттығулар, әуе парадтарын өткізу, жауынгерлік қолданумен демонстрациялық және сынақтық ұшу кезінде уақытша режим белгілеуге арналған ұсыныста мыналар көрсетіледі:

      1) өткізу күні (негізгі және резервтік күндер), өткізілетін іс-шараның сипаты;

      2) режимдердің қолданылу аудандарының шекаралары нүктелерінің орындары (географиялық координаттары көрсетілген) және географиялық координаттары;

      3) уақытша режимнің қолданыла бастау мен аяқталу уақыты;

      4) әуе кемелерінің саны мен түрлері (айырмашылық болған жағдайда әрбір маршрут бойынша);

      5) ұшу жолағының ені;

      6) ерекше жағдайларда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін авиациялық жаттығулар өткізу кезіндегі резервтік эшелон;

      7) әрбір маршрутқа арналған эшелондар саны;

      8) көтерілу және төмендеу межелері;

      9) ұшу тәртібінің ұзақтығы (минутпен);

      10) ұшу тәртібіндегі биіктік ауқымының қажеттіліктері (метрмен);

      11) уақытша режимге ұсыныс әзірлеген лауазымды тұлғаның әскери шені, тегі және телефон нөмірі (ашық және жабық);

      12) жоспарланатын іс-шара туралы еркін нысандағы қосымша ақпарат.";

      165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "165. Жекелеген жағдайларда ӘҚҚ жүйелерін тексеру кезінде кенеттілік болуы үшін ұшуды қысқа мерзімді шектеу ұшуға өтінім бермей-ақ белгіленуі мүмкін. Бұл жағдайда шектеулер белгілеуге қажет деректер ұшып шыққанға дейін бір сағат бұрын (маршруттың күрделілігіне қарай) тиісті ӘҚБ орталығына мәлімделеді.";

      167, 168 және 169-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "167. Уақытша режимдер жобаларын Қазақстан Республикасының әуе трассаларының учаскелерінде, әуеайлақ аудандарында (тораптық диспетчерлік аудандарда) және авиациялық жұмыстар жүргізу аудандарында әуе кемелерінің ұшуына тыйым салу туралы ұсыныстарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе трассаларын және айналып ұшу маршруттарын, ұшудың қосалқы эшелондарын (биіктіктерін) жіктеу маршруттарын бөлу туралы ұсыныстарға қатысты бөліктерде ӘҚЖ БО-ның қатысуымен ӘҚБ БО әзірлейді.

      ӘҚБ БО бекіткен уақытша режим ӘҚЖ БО-ға, әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару органдарына мәлімделеді.

      ӘҚБ БО әуе жағдайына баға берген және уақытша режимді белгілеуге арналған ұсынысты талдаған соң ӘҚБ орталықтарының әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізу жолымен әуе кеңістігін пайдалануды шектеуге құқығы бар.

      168. Белгіленген қысқа мерзімді шектеулер мен тыйым салуларды ӘҚБ орталығы ӘҚҚ органына жеткізеді.

      ӘҚБ орталығы ӘҚҚ органымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының әуе трассалары учаскелерінде, әуеайлақ аудандарында (тораптық диспетчерлік аудандарда) әуе кемелерінің ұшуына және авиациялық жұмыстарды орындауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе трассаларын түзететін бағыттарды, айналып ұшу бағыттарын,ұшудың қосымша эшелондарын (биіктігі) бөлу туралы ұсыныстарға тыйым салу жөнінде ұсыныстарды әзірлейді.

      169. ӘҚБ БО іс-шара басшысының баяндамасы бойынша режимнің қолданылу уақыты аяқталғаннан кейін немесе уақытша режим мен шектеулер белгіленген қызметтің аяқталуына байланысты оның қолданылу уақыты аяқталғанға дейін белгіленген режимді алып тастайды.

      Қысқа мерзімді шектеулердің қолданылу уақыты аяқталғанға дейін оларды алып тастауды осы шектеулерді енгізген әуе қозғалысын басқару орталықтары жүзеге асырады.";

      185-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "185. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылу себептерін анықтағаннан кейін әуе кемесінің ұшуды әрі қарай орындауына (әуе кеңістігін пайдаланумен байланысты әрекетті жүзеге асыруға) рұқсат беру туралы шешімді азаматтық немесе мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдардың лауазымды тұлғалары қабылдайды";

      Қағидаларға 1-қосымша алып тасталсын;

      Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      Қағидаларға 3-қосымшада:

      1.3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.3

ФПЛ – кесте бойынша тұрақты рейстерге;
кесте бойынша қосымша және алдыңғы тәуліктен ауыстырылған рейстерге;
авиациялық жұмыстар бойынша ұшуларға; бақыланбайтын әуе кеңістігіндегі ұшуларға;
шекара жолағындағы ұшуларға ұсынылған ұшу жоспары (Filed flight plan – FPL).
ФПЛ – пилотсыз ұшу аппараттарына, басқарылатын аэростаттарға, дирижабльдерге ұсынылатын ұшу жоспары (Filed flight plan – FPL)

ФФ

Кесте (жоспар) бойынша ұшар алдында 60 минуттан және 120 сағаттан кем емес;
IFPS-ға/арқылы ұшу бойынша – 3 сағаттан кешіктірмей
 
 
 
 
 
 
Ұшар алдында үш сағат бұрын
 

Пайдалану-шы ӘК (командирі)

Бри-финг

Брифинг

ФПЛ (FPL) ұшу жоспары 24 сағаттан көп бұрын ұсынылған кезде "Басқа ақпарат" деген 18-жолда КҮНІ / және әуе кемесінің ұшатын күні көрсетіледі, мысалы: күні/2205.
RVSM әуе кеңістігіне / әуе кеңістігі арқылы азаматтық әуе кемелері 290 бастап 410 қоса алғанға дейінгі эшелондарда ұшуды орындаған кезде:
1) RVSM–мен ұшуға рұқсаттары бар, (FPL) ұшу жоспарларында "Жабдық" деген 10-жолда "W" әрпі көрсетіледі, "Бағыт" деген 15-жолда:
RVSM әуе кеңістігі көлденең шекарасының шегіне кірген пункті және RVSM пунктіне кірген соң бірден басталатын бағыт учаскесі үшін сұралған ұшу эшелоны;
RVSM әуе кеңістігі көлденең шекарасының шегінен шығу пункті және RVSM пунктінен шыққан соң тікелей басталатын бағыт учаскесі үшін сұралған ұшу эшелоны көрсетіледі;
2) RVSM–мен ұшуға рұқсаты жоқ, (FPL) ұшу жоспарында ұшып шығатын және белгіленген әуеайлағы RVSM әуе кеңістігі көлденең шекарасы шегінен тыс орналасқан жағдайда "Бағыт" деген 15-жолда:
RVSM әуе кеңістігі көлденең шекарасы шегіне кіру пункті және кіру пунктінен кейін бірден басталатын бағыттың учаскесі үшін 290 эшелонынан төмен немесе 410 эшелонынан жоғары сұралатын ұшу эшелоны;
RVSM әуе кеңістігі көлденең шекарасы шегінен шығу пункті және шығу нүктесінен кейін бірден басталатын бағыт учаскесі үшін сұралатын ұшу эшелоны көрсетіледі.
Белгіленген әуеайлақ RVSM әуе кеңістігі көлденең шекарасы шегінде орналасқан жағдайда RVSM әуе кеңістігі көлденең шекарасы шегіне кіру пункті және 290-нан төмен сұралатын ұшу эшелоны көрсетіледі.

      ";

      1.8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.8

АФИЛ үлгідегі ФПЛ - ӘК бортынан ұшу жоспары (AFIL)

ФФ

Әуе трассасына шығар алдында 10 минуттан кешіктірілмей

ӘК пайдалану-шы
(командирі)

1. ӘК орналас-қан жері бойынша АДО (АДП), ӘДО (ӘАДП)
2. Орналас-қан жері бойынша ЖДП

1. ӘК орналас-қан жері бойынша АДО (АДП), ӘДО (ӘАДП)
2. Орналас-қан жері бойынша ЖДП

      ";

      2.5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.5

ФПЛ – тұрақты емес ұшуларға;
кесте бойынша тұрақты рейстерге;
кесте бойынша және алдыңғы тәуліктен ауыстырылған рейстерге;
авиациялық жұмыстар бойынша ұшуларға;
бақыланбайтын әуе кеңістігіндегі ұшуларға;
Шекара маңындағы жолақтағы ұшуларға ұсынылған ұшу жоспары (Filed flight plan – FPL);
ФПЛ – пилотсыз ұшатын әуе кемелерінің, басқарылатын аэростаттардың, дирижабльдердің ұшуларына ұшу жоспары (Filed flight plan – FPL).

ФФ

Кесте (жоспар) бойынша жүрер алдында 60 минуттан және 120 сағаттан кем емес;
IFPS - арқылы ұшу бойынша 3 сағаттан кешіктірмей
 
 
 
 
 
 
 
 
Ұшар алдында үш сағат бұрын
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ӘК ұшатын әуеайлақ брифингі

1. ӘҚЖ БО;
2. Бірінші қону әуеайла-ғының брифин-гі;
3. Әуежай-дың ӘДҚ ұшуы және бірінші қонуы;
4. ӘҚК әскери органы;
5. ӘҚБ БО (авиация-лық жұмыстар бойынша, шекара маңын-дағы жолақпен ұшуы, бақылан-байтын әуе кеңісті-гінде ұшу, азаматтық авиация ӘК, қашық-тықтан басқара-тын әуе кемеле-рінің, аэростат-тар мен дирижабльдердің ұшуы);
6. Ұшу бағыты бойынша қонатын орнына дейін ЖДП;
7. АДО (АДП) бірінші қонатын әуеайлақ-қа дейін

1. ӘҚЖ БО;
2. ҚР бірінші қонатын әуеайлақ брифингі;
3. Әуежай-дың ӘДҚ ұшуы және ҚР бірінші қонуы;
4. ӘҚК әскери органы;
5. ӘҚБ БО (авиация-лық жұмыстар бойынша, шекара маңын-дағы жолақпен ұшуы, бақылан-байтын әуе кеңісті-гінде ұшу, азаматтық авиация ӘК, қашық-тықтан басқара-тын әуе кемеле-рінің, аэростат-тар мен дирижабльдердің ұшуы);
6. Ұшу бағыты бойынша қонатын орнына дейін ЖДП;
7. АДО (АДП) ҚР бірінші қонатын әуеайлақ-қа дейін;
8. АИП сәйкес мемлекет-тер мекен-жайла-рына ұшу бағыты бойынша (IFPS аймағына кіретін-дерді қоспаған-да)

      ";

      6-қосымшада:

      ескертпеде:

      2-тармақта:

      "Бағыт" деген 15-жолда:

      "Авиациялық жұмыстар бойынша ұшуды орындау кезінде ӘҚҚ белгіленген маршруттан тыс ұшулар" деген бөлім мынадай мазмұндағы бөліммен ауыстырылсын:

      "Төменгі эшелоннан төмен және авиациялық жұмыстарды орындау кезіндегі ұшу

      15-жолда мынадай кодталған индекстер қолданылады:

      Төменгі эшелоннан төмен ұшуды немесе авиациялық жұмыстар бойынша ұшуды жоспарлау кезінде ФПЛ жолдары 2 ДОС 4444 ИКАО қосымшаның талаптарына сәйкес орыс тілінде кириллица әліпбиі пайдаланылып толтырылады.

      ФПЛ бланкісінің "Крейсер эшелоны" деген 15-жолының бөлімін толтырған кезде, ұшу бақыланатын ӘК нағыз биіктікте ұшатыны болжанған жағдайда ұшу биіктігі "И" әрпімен белгіленеді, соңында нағыз биіктікке сәйкес келетін үш сан көрсетіледі, бақыланбайтын ӘК-де "ПВП" белгісі көрсетіледі.

      ФПЛ бланкісінің "Бағыт" деген 15-жолының бөлімін толтырған кезде бағыт нүктесінің (атауын) географиялық атауын, М 1:500 000 соңында оның географиялық координаттарын минутына дейінгі дәлдікпен көрсетіп, визуалды ұшулар картасында қолданылатын атауларына сәйкес көрсету қажет.

      Егер бағыт нүктесінің географиялық атауы болмаса, онда оның географиялық координаттары 10 секундқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

      Авиациялық жұмыстар бойынша ұшу жоспарланған жағдайда және жоспарлау кезінде ЕТО есептеу мүмкін болмағанда, 18-жолды толтыру кезінде ЕЕТ көрсету үшін үдемелі уақыттың орнына арнайы "0000" (төрт нөл) белгісі қолданылады. Егер ұшу бірнеше ҰАА арқылы өтсе, шектес ҰАА-на беттеу нүктесі ҰАА арасындағы шекарадан өтетін ұшу бағытының географиялық координаттар нүктесі көрсетіледі.

      Ұзақтығы бір сағаттан асатын ұшу бағыттары кезінде бағыт бойынша бір-бірінен алшақ пункттер (нүктелер) әдеттегідей ұшу уақыты бойынша 30 минут бұрын көрсетіледі.

      Аралық әуеайлақтарда (алаңдарда) қонған кезде ұшып келген уақыты анықталмағанда және "0" деп белгіленсе, 15-жолдың "бағыт" деген бөлімінде қиғаш тік сызықтан кейін тұрақ уақыты шамамен көрсетіледі.";

      "Өзге де ақпарат" деген 18-жолда:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ӘҚҚ органы тарапынан ерекше көңіл бөлуді талап ететін басқа ақпарат STS/ индексінен кейін көрсетіледі.";

      алтыншы абзац алып тасталсын;

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 8-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 19 қазандағы
№ 650 қаулысына
1-қосымша
 
  Қазақстан Республикасының
әуе кеңістігін пайдалану
қағидаларына
2-қосымша

      1-кесте

      Қызмет көрсетуді ұсынатын әуе кеңістігінің сыныптары және ұшуды орындауға қойылатын талаптар


Әуе кеңістігінің сыныптары

Қолданы-латын ұшу қағида-лары

Эшелондау

Қызмет көрсету

Радиобайланысқа қойылатын талаптар

Диспетчерлік рұқсаттауға қажеттілік

1
 
 
 

2

3

4

5

6

А

АҰҚ бойынша

Барлық әуе кемелері

Диспетчерлік қызмет көрсету

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

Иә

В

АҰҚ бойынша

Барлық әуе кемелері

Диспетчерлік қызмет көрсету

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

Иә

ВҰҚ бойынша

Барлық әуе кемелері

Диспетчерлік қызмет көрсету

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

Иә

С

АҰҚ бойынша

АҰҚ-ға қатысты АҰҚ
ВҰҚ-ға қатысты ВҰҚ
 

Диспетчерлік қызмет көрсету

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

Иә

ВҰҚ бойынша

АҰҚ-ға қатысты ВҰҚ
 

Диспетчерлік қызмет көрсету
ВҰҚ/ ВҰҚ қозғалысы туралы ақпарат (сұрау салу бойынша соқтығысуды болдырмау жөніндегі ұсыныс)

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

Иә

D

АҰҚ бойынша

АҰҚ-ға қатысты АҰҚ
 

Диспетчерлік қызмет көрсету
ВҰҚ қозғалысы туралы ақпарат (сұрау салу бойынша соқтығысуды болдырмау жөніндегі ұсыныс)

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

Иә

ВҰҚ бойынша

Жүргізілмейді

АҰҚ / ВҰҚ және ВҰҚ / ВҰҚ қозғалысы туралы ақпарат (сұрау салу бойынша соқтығысуды болдырмау жөніндегі ұсыныс)

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

Иә

Е

АҰҚ бойынша

АҰҚ -ға қатысты АҰҚ
 

Диспетчерлік қызмет көрсету және мүмкіндігінше ВҰҚ қозғалысы туралы ақпарат

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

Иә

ВҰҚ бойынша

Жүргізілмейді

Мүмкіндігінше қозғалыс туралы ақпарат

Жоқ, RMZ аймағын қоспағанда

Жоқ

G

АҰҚ бойынша

Жүргізілмейді

Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

Жоқ

ВҰҚ бойынша

Жүргізілмейді

Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету

Жоқ, RMZ аймағын қоспағанда

Жоқ

      Ескертпе: әуе кеңістігінің әрбір сыныбында жылдамдықты, ұшу кезіндегі көріністі шектеуге және бұлттарға дейінгі қашықтыққа қойылатын талаптар авиацияның тиісті салаларындағы ұшуды жүргізу қағидаларымен айқындалады.


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 19 қазандағы
№ 650 қаулысына
2-қосымша
 
  Қазақстан Республикасының
әуе кеңістігін пайдалану
қағидаларына
8-қосымша

Ұшуды орындау және қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын өлшем бірліктері

Р/с

Шама

Негізгі өлшем бірлігі

СИ жүйесіне кірмейтін баламалы бірлік
(белгісі)

1

2

3

4

Бағыт/кеңістік/уақыт

1

Абсолюттік биіктік

метр (м)

фут

2

Аумақ

шаршы метр (м2)


3

Үлкен қашықтық

километр (км)

м. миля

4

Қысқа қашықтық

метр (м)


5

Асыру

метр (м)

фут

6

Ұзақтық

сағат және минут (сағ. және мин)


7

Салыстырмалы биіктік

метр (м)

фут

8

Ендік

градус, минут, секунд
(о ' '')


9

Ұзындық

метр (м)


10

Ұзақтық

градус, минут, секунд
(о ' '')


11

Жазық бұрыш (қажет болған жағдайда ондық градус бөліктері қолданылады)

градус (о)


12

ҰҚЖ ұзындығы

метр (м)


13

ҰҚЖ көрінісінің ұзақтығы

метр (м)


14

Бактар сыйымдылығы
(әуе кемесі)

литр (л)


15

Уақыт

секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл


16

Көрінім

метр (м), километр (км)


17

Көлемі

текше метр (м3)


18

Желдің бағыты

Нақты градуспен беріледі; ұшу және қону үшін желдің бағыты магниттік градуспен белгіленеді


2. Салмақты білдіретін бірліктер

1

Жүк сыйымдылығы

килограмм (кг)


2

Жүкті орналастыру тығыздығы

килограмм текше метр (кг/м3)


3

Тығыздық
(массалық тығыздық)

килограмм текше метр (кг/м3)


4

Отын қоры
(гравиметрлік)

килограмм (кг)


5

Газ тығыздығы

килограмм текше метр (кг/м3)


6

Жалпы салмағы немесе пайдалы жүктелім

килограмм (кг)


7

Көтергіш тетіктер

килограмм (кг)


8

Сызықтық тығыздық

килограмм метр (кг/м)


9

Сұйықтық тығыздығы

килограмм текше метр (кг/м3)


10

Салмағы

килограмм (кг)


11

Инерция сәті

килограмм – шаршы метр (кг*м2)


12

Қозғалыс санының сәті
(импульс сәті)

килограмм – шаршы метр секундына (кг*м2/сек)


13

Қозғалыс саны
(импульс)

килограмм - шаршы метр секундына (кг*м2/сек)


3. Күшті білдіретін бірліктер

1

Ауа қысымы (жалпы)

килопаскаль (кПа)

Сынап бағанасы миллиметрі (сн. бғ.мм.), миллибар
(Мбар)

2

Биіктік өлшегішті орнату

гектопаскаль (гПа)

Сынап бағанасы




миллиметрі ((сн. бғ.мм.), миллибар
(Мбар)

3

Атмосфералық қысым

гектопаскаль (гПа)

сынап бағанасы миллиметрі ((сн. Бғ.мм.), миллибар
(Мбар)

4

Иілу кезі

килоньютон метр (кН*м)


5

Күш

ньютон


6

Отын беру жүйесіндегі қысым

килопаскаль (кПа)

Килограмм шаршы метр (кг/см2)

7

Гидравликалық қысым

килопаскаль (кПа)


8

Серпінділік модулі

мегапаскаль (Мпа)


9

Қысым

килопаскаль (кПа)


10

Кернеу

мегапаскаль (Мпа)


11

Үстіңгі керіліс

меганьютон метріне (мН/м)


12

Тартылыс

килоньютон (кН)

кг

13

Айналым сәті

ньютон – метр (Н*м)


14

Ажырап кетуі

паскаль (Па)


4. Механика

1

Әуе жылдамдығы

Километр сағатына (км/ч)

уз

2

Бұрыштық үдеткіш

радиан секундына шаршыда (рад/с2)


3

Бұрыштық жылдамдық

радиан секундына (рад/с)


4

Энергия немесе жұмыс

джоуль (Дж)


5

Біліктегі баламалық қуат

киловатт (кВт)


6

Жиілік

герц (Гц)


7

Жол жылдамдығы

километр сағатына (км/ч)

уз

8

Күшті жүктелім

джоуль шаршы метрге
(Дж/м2)


9

Тежегішпен шектелетін кинетикалық энергия

мегаджоуль (МДж)


10

Желілік жылдамдық

метр секундына




шаршыда (м/с2)


11

Қуат

киловатт (кВт)


12

Теңгерілу жылдамдығы

градус секундына(о/с)


13

Біліктегі қуат

киловатт (кВт)


14

Жылдамдық 

метр секундына (м/с)


15

Тік жылдамдық

метр секундына (м/с)


16

Жел жылдамдығы

километр сағатына


5. Шығыс

1

Қозғалтқыш арқылы ауа шығысы

килограмм секундына (кг/с)


2

Қозғалтқышқа су беру

килограмм сағатына (кг/сағ.)


3

Отын шығысы (шекті)
піспек қозғалтқыштар
Құбыр бұрандалы
Қозғалтқыштар
Реактивті қозғалтқыштар

килограмм киловатқа-сағ.
(кг/(кВт *сағ.))
килограмм киловатқа-сағ.
(кг/(кВт *сағ.))
килограмм килоньютонға-сағ. (кг/(кН *сағ))


4

Отын шығысы

килограмм сағатына (кг/сағ.)


5

Бактар толымдығының жылдамдығы
(гравиметрикалық)

килограмм минутына (кг/мин)


6

Газ шығысы

килограмм секундына (кг/с)


7

Сұйықтық шығысы
(гравиметрикалық)

грамм секундына (г/с)


8

Сұйықтық шығысы (көлемдік)

литр секундына (л/с)


9

Массалық шығыс

килограмм секундына (кг/с)


10

Май шығысы:
Газқұбырлық қозғалтқыштар
Поршенді қозғалтқыштар
(шекті)

килограмм сағатына (кг/сағ.)
грамм киловаттқа-сағ.
(г/(кВт *сағ.)


11

Майды жіберу

грамм секундына (г/с)


12

Сорғының өнімділігі

литр минутына (л/мин)


13

Желдеткіштегі ауа ағыны

текше метр минутына


1

2

3

4



3/мин)


14

Тұтқырлық (динамикалық)

паскаль-секунд (Па *с)


15

Тұтқырлық1(кинематикалық)

шаршы метр секундына (м2/с)


6. Термодинамика

1

Жылу беру коэффициенті

ватт шаршы метр
– кельвин (Вт/(м2 *К)


2

Аудан бірлігіне жылу ағыны

джоуль шаршы метр (Дж/м2)


3

Жылу ағынының қуаттылығы

ватт (Вт)


4

Ылғалдылық (абсолюттік)

грамм килограммға (г/кг)


5

Сызықтық кеңейту коэффициенті

Цельсий градус минус бірінші дәреже (оС-1)


6

Жылулық саны

джоуль (Дж)


7

Температура

Цельсий градус (оС)


7. Электр және магнетизм

1

Электр сыйымдылық

фарад (Ф)


2

Электр өткізгіштік

сименс (См)


3

Шекті электр өткізгіштік

сименс метрге (См/м)


4

Токтың тығыздығы

ампер шаршы метрге (А/м2)


5

Ток күші

ампер (А)


6

Электр өрісінің үстірт тығыздығы

кулон шаршы метрге (Кл/м2)


7

Электр қысым

вольт (В)


8

Электр қозғалтқыш күш

вольт (В)


9

Магниттік өрістің кернеуі

ампер метр (А/м)


10

Магнит ағыны

вебер (Вб)


11

Магнит ағынының тығыздығы

тесла (Тл)


12

Қуат

ватт (Вт)


13

Электр мөлшері

кулон (Кл)


14

Электр кедергі

Ом (Ом)


8. Жарық және онымен байланысты электромагниттік сәулелену

1

Жарық

люкс (лк)


2

Айқындылық

шаршы метрге кандела
(кд/м2)


3

Жарқырағыштық

шаршы метрге люмен




(лм/м2)


4

Жарық ағыны

люмен (лм)


5

Жарық күші

кандела (кд)


6

Жарық энергиясы

люмен – секунд (лм *с)


7

Сәулелі энергия

джоулю (Дж)


8

Толқын ұзындығы

метр (м)


9. Акустика

1

Жиілік

герц (Гц)


2

Массалық тығыздық

килограмм текше
метр (кг/м3)


3

Шу деңгейі

децибел (дБ)


4

Кезең, мерзімдік
интервал

секунд (с)


5

Дыбыстың қарқындылығы

ватт текше метр
(Вт/м2)


6

Дыбыстық қуаттылық

ватт (Вт)


7

Дыбыстық қысым

паскаль (Па)


8

Дыбыс деңгейі

децибел (дБ) е)


9

Статикалық қысым
(мезеттік)

паскаль (Па)


10

Дыбыс жылдамдығы

метр секундына (м/с)


11

Көлемдік жылдамдық
(мезеттік)

текше метр секундына (м3/с)


12

Толқын ұзындығы

метр (м)


10. Ядролық физика және иондаушы сәулелену

1

Жұтылған мөлшер

грей (Гй)


2

Жұтылған мөлшер деңгейі

грей секундына (Гй/с)


3

Радиоизотоптар белсенділігі

беккерель (Бк)


4

Баламалы мөлшер

сиверт (Св)


5

Сәулелену әсері

кулон килограмм (Кл/кг)


6

Сәулелендіру деңгейі

кулон килограмм-секундына
(Кл/кг *с)


      Ескертпе:
1) 5 км төмен көрініс метрмен берілуі мүмкін.

      2) Жеке жағдайларда ұшудың әуе жылдамдығының мәні М – Маха түрінде қолданылады.

      3) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға қосымшаларда жел жылдамдығының белгісі ретінде 1 түйін = 0,5 м./с түрлендіруі қолданылады.

      4) Децибел (дБ) дыбыстық қысым деңгейін және дыбыс қуаттылығы деңгейін білдіру үшін бірлік ретінде қолданылатын салыстырмалы шама болып табылады. Бұл бірлікті қолданған уақытта бастапқы деңгейді көрсету қажет.



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 19 тамыздағы
№ 650 қаулысына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 358-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 417 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 29, 442-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларын бекiту туралы" 2011 жылғы 26 шiлдедегi № 859 және "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидаларын бекiту туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 752 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 631-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 және "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидаларын бекiту туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1353 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 945-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1429 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 75, 989-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 10-11, 54-құжат).