Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 18 маусымдағы
№ 613 қаулысымен
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
      110-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында:
      «көшірмелері» деген сөз «көшірмесі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «және статистикалық карточканың» деген сөздер алынып тасталсын;
      112-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) аңшылық шаруашылығы ұйымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;».
      3. «Қазақстан Республикасының теңіз көлігінде экспедиторлық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қазандағы № 1033 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 431-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының теңіз көлігінде экспедиторлық қызметті жүзеге асыру ережесінде:
      20-тармақтың 2) тармақшасында «, статистикалық карточканың» деген сөздер алынып тасталсын.
      4. «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 243-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдіктерін алу және астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеу ережесінде:
      13-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы алынып тасталсын.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.22 № 1396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 25.12.2013 № 1398 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.09 № 1177 Қаулысымен.
      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.07.2014 № 777 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде:
      13-тармақтың 3) тармақшасында «және статистикалық карточкасының» деген сөздер алынып тасталсын.
      10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.11 № 1049 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақта «22,» деген сан алынып тасталсын;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 22-тармағы алынып тасталсын.
      12. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. «Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесін, Жеке және заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 406 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 16, 180-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесінде:
      7 және 10-тармақтардың 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;»;
      8-тармақтың 5) тармақшасында және 11-тармақтың 4) тармақшасында:
      «мемлекеттік статистика органдарына» деген сөздер «мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «хабарлама» деген сөз «ақпарат» деген сөзбен ауыстырылсын.
      14. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      15. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.21 № 1474 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      16. «Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 518-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережесінде:
      3-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.
      17. «Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы № 1133 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 519-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесінде:
      3-тармақтың 4) тармақшасында «және статистикалық карточканың» деген сөздер алынып тасталсын.
      18. «Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 300-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:
      2-тармақтың 4) тармақшасының алтыншы абзацында:
      «көшірмелері» деген сөздер «көшірмесі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «және статистикалық карточканың» деген сөз алынып тасталсын.
      19. «Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 338-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) ережесінде:
      54-тармақтың 3) тармақшасында «статистикалық карточканың,» деген сөздер алынып тасталсын.
      20. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.21 № 1659 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      21. «Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 179 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен мақұлданған Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды кейіннен қайта қаржыландыруы үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы салатын ақшалай қаражаттың банктік салым талаптарында:
      «Жинақ шот ашу үшін қажетті құжаттар» деген 3-бөлімде:
      1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.
      22. «Ұялы байланыс операторларының өз желісінде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғыларды байқаған жағдайда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды хабардар ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 маусымдағы № 984 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 31, 288-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұялы байланыс операторларының өз желісінде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғыларды байқаған жағдайда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды хабардар ету ережесінде:
      Ұялы байланыс операторларының өз желісінде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғыларды байқаған жағдайда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды хабардар ету ережесіне қосымшаның Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі алтыншы бағанында «, статистикалық картаның» деген сөздер алынып тасталсын.
      23. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.25 № 1358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      24. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1418 Қаулысымен.
      25. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2014 № 103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      26. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2336 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережесінде:
      1-тармақта «1997 жылғы 7 мамырдағы» деген сөздер «2010 жылғы 19 наурыздағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Шаруашылық бойынша есепке алу - үй шаруашылықтары бойынша әкімшілік деректерді қалыптастыру үдерісі.».
      27. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 83 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
      Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне 5-қосымшада және 6-қосымшада 3-тармақтың бесінші абзацы алып тасталсын.