Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулы қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1398 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң күшi жойылған кейбiр
шешімдерiнiң тізбесі
1. «Тексеруді жүргізу ережесі мен тексеру жүргізуге құқығы
бар адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 10 маусымдағы № 723 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 28, 241-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 мамырдағы № 858 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердiң жолаушыларына қызмет көрсетудi жақсарту жөнiндегi шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 шiлдедегі № 1132 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 383-құжат).
4. «Қазақстан Республикасында азаматтық және мемлекеттiк авиацияның бiрлесiп орналасу әуеайлақтарын пайдалану ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 қарашадағы № 1439 қаулысы.
5. «Азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 маусымдағы № 695 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 20, 210-құжат).
6. «Қазақстан Республикасының флагмандық әуе тасымалдаушысын анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 тамыздағы № 896 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 27, 295-құжат).
7. «Авиация техникасын, әуеайлақтарды, әуежайларды меншікке сатып алуға, мүлiктiк жалға, лизингке, сенiмгерлiк басқаруға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығына рұқсаттар беру ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қазандағы № 1133 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 36, 380-құжат).
8. «Әуеайлақтар мен әуежайларды тарату немесе көшiру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1167 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 38, 394-құжат).
9. «Кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы авиакомпаниялар орындайтын авиациялық жұмыстардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі № 645 қаулысы.
10. «Азаматтық және эксперименттік авиация әуеайлақтарын мемлекеттік тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1329 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 630-құжат).
11. «Азаматтық, эксперименттік және мемлекеттiк авиацияның авиация персоналы лауазымдарының тiзбелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 524 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 22, 276-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 524 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 291 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 14, 130-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 10 маусымдағы № 723 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 28 шiлдедегi № 717 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 296-құжат).
14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 342-құжат).