Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакция - ҚР Үкіметінің 2011.10.06 № 1141 Қаулысымен.
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесі бекітілсін.
2. Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар акцияларының пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 28 мамырдағы
N 787 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесі (бұдан әрі - Үлгі ереже) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес әзірленді.
Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар Үлгі ереженің негізінде Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру ережесін (бұдан әрі - Сатып алу ережесі) әзірлейді және бекітеді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.10.06 № 1141 Қаулысымен.
2. Осы Үлгі ережеде пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
2) жергілікті қамту - сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылған Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құнының осы шарт бойынша жалпы еңбекақы төлеу қорынан және (немесе) сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толығымен өндіру өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық шығу тегі үлесінің (үлестері) құнынан пайыздық қамту;
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталы – электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жетімділік нүктесін беретін мемлекеттік ақпараттық жүйе (www.goszakup.gov.kz);
4) отандық жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер – Қазақстан Республикасының жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі жергілікті еңбек ресурстарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
5) отандық кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушілер;
6) отандық тауар өндірушілер – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және мыналарды:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру, әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереженің 5-тармағында санамаланған, толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереженің 7-тармағында белгіленген жеткілікті түрде өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті түрде қайта өңделген тауарларды өндіретін әлеуетті өнім берушілер (бұдан әрі – отандық тауар өндірушілер) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
7) өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), тапсырыс берушімен сатып алу туралы жасалған шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
8) сатып алу – тапсырыс берушілердің мыналарды:
еңбек шарттары бойынша жеке тұлғаларда не қызметтерді өтемді көрсету шарттары бойынша кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғаларда жүзеге асырылатын қызметтерді сатып алуды;
жарналарды (салымдарды), оның ішінде құрылған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізуді;
заңды тұлғалар жарғылық капиталындағы үлесті сатып алуды;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, банктер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялардың негізінде банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банктік операцияларды жүргізуге қаржы қызметтерін сатып алуды қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ функцияларын не жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін қажет тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің осы Үлгі ережеде, сондай-ақ азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын ақылы негізде сатып алу;
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы, электр және (немесе) жылу энергиясы туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған сауда-саттықта, спот нарығында Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын білікті энергия өндіруші ұйымдардан теңгерімделген электр энергиясын, электр энергиясын сатып алу;
теңіз портында алынатын алымдар мен төлемдерді төлеу;
іссапар шығыстарына өтемақы төлеу;
басқару органының бақылау кеңесінің мүшелеріне сыйақылар төлеуді;
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның қайта өңделген өнімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның қайта өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
«Астана қаласында Жаңа мешіт салу жөніндегі жобалау компаниясы» корпоративтік қорының демеушілік және (немесе) қайырымдылық көмектен түскен ақша есебінен Астана қаласында жаңа мешіт салу құрылысына байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
ұлттық басқарушы холдингтің стратегиялық консультативтік-кеңесші органының қызметін қамтамасыз ету үшін ұлттық басқарушы холдингтің қызметтерді сатып алуы;
отандық және шетелдік селекцияның асыл тұқымды малдары мен ауыл шаруашылығы малдарын сатып алу;
9) сатып алуды ұйымдастырушы - сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылылымдық бөлімшесі атынан тапсырыс беруші не сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындау мақсатында тапсырыс беруші анықтаған заңды тұлға;
10) стратегиялық әріптестер – тапсырыс беруші айқындайтын ұйым, оның ішінде қажетті ресурстарға (интеллектуалдық, ғылыми, әдіснамалық, білім беру, технологиялық, кадрлық) ие және мынадай:
қазіргі заманғы әдіснамалар мен жаңа технологияларды білім беруге енгізу;
білім берудің инновациялық мазмұны мен қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
білім беру қызметі мен оның нәтижелеріне, оның ішінде оқытудың сапасына және оқушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру нәтижелеріне мониторингті, сыртқы бақылауды жүзеге асыру;
білім беру қызметінің сапасын, балалар мен педагогтарды конкурстық іріктеудің аспаптары мен технологияларын бақылау мен бағалау құралдарын әзірлеу және енгізу;
оқыту үдерісін қамтамасыз ететін кабинеттер мен зертханалар үшін жабдықтарды әзірлеу және өндіру салаларының бірінде немесе бірнешеуінде халықаралық қызмет тәжірибесі бар шетелдік ұйым;
11) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және оларды берушілердің дерекқоры – жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты қалыптастыратын және жүргізетін отандық тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және оларды берушілердің тізбесі;
12) технологиялық меморандум – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен аффилиирленген заңды тұлғалармен жасасатын және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін және кепілдендірілген мемлекеттік тапсырысты орналастыруды айқындайтын келісім;
13) кепілдендірілген тапсырыс – ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы;
14) тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.03 N 1139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Үлгі ереже негізінде бекітілетін Сатып алу ережесі талаптарды қамтуы және мыналарды:
1) инвестициялық жобаларды тиімді іске асыруды;
2) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды жүргізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер ұсынуды;
3) әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестікті;
4) сатып алу процесінің жариялылығы мен айқындылығын;
5) отандық кәсіпкерлерді қолдауды;
6) сатып алуда жергілікті қамтуды ұлғайтуды;
7) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны ұтымды және тиімді
жұмсауды қамтамасыз етуі тиіс.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.03 N 1139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Сатып алу процесі
4. Сатып алу процесі мыналарды қамтиды:
1) сатып алу жоспарын әзірлеу және бекіту;
2) өнім берушіні таңдау;
3) сатып алу туралы шарт жасасу және оны орындау.
5. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстардың сметасы) негізінде сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді, ол мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) жылдар бойынша орта мерзімді кезеңге арналған сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы. Жұмыстардың номенклатурасы осы жұмыстарды орындау шеңберінде сатып алынатын тауарлардың көлемі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс;
2) сатып алуды жүзеге асыру тәсілі;
3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді
көрсетудің жоспарланатын мерзімі мен орны;
4) келесі қаржы жылы (жылдары) аяқтау мерзімі бар сатып алу туралы шарттар жасасқан жағдайда әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген соманың шегінде кестеге және жылдар бойынша белуге сәйкес тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланатын мерзімі.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 279 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
6. Тапсырыс берушi сатып алу жоспарын бекiткен күнінен бастан бес жұмыс күнi iшiнде, сондай-ақ сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталында осы Үлгі ережеге 1-қосымшаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпаратты орналастырады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.03 N 1139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
7. Сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші бекітілген сатып алу жоспарының негізінде қабылдайды.
8. Бекітілген сатып алу жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
9. Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдауға қатысты сатып алу рәсімдерін бюджет (бизнес-жоспар, кірістер мен шығыстар сметасы) пен сатып алу жоспары бекітілгенге дейін жүзеге асыра алады. Бұл ретте бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) және өнім берушіні таңдауға қатысты сатып алу рәсімдері жүзеге асырылған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу жоспарының бекітілуі сатып алу туралы шартты жасасу талабы болып табылуы тиіс.
10. Сатып алу тәсілін тапсырыс берушілер Сатып алу ережесінің негізінде дербес таңдайды.
11. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, тапсырыс беруші сатып алуды мынадай тәсілдермен жүзеге асырады:
1) тендер;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта;
4) тауар биржалары арқылы;
5) бір көзден сатып алу;
6) кепілдендірілген тапсырыс.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.03 N 1139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
12. Осы Үлгі ереженің 11-тармағында көзделген тәсілдермен сатып алуды жүргізу рәсімдерін тапсырыс беруші сатып алу ережесін әзірлеу кезінде белгілейді.
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде тапсырыс берушілер:
1) тендерге қатысушыларға берілетін тендерлік құжаттамада тендерге қатысушы – тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық өндірушілердің (отандық тауар өндірушілердің және жұмыстар мен қызметтерді берушілердің) бағаларын шартты түрде азайту жөніндегі талаптарды көздейді;
2) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық өндірушілердің (отандық тауар өндірушілердің және жұмыстар мен қызметтерді берушілердің) өтінімдерін қарау және тендердің жеңімпазын таңдау кезінде бағаны шартты түрде азайтуды қолданады;
3) тендерге қатысушылардың баға ұсыныстары тең болған кезде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жергілікті өндірушілерге (отандық тауар өндірушілерге және жұмыстар мен қызметтерді берушілерге) артықшылық береді.
Тапсырыс берушілер сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты олар белгілеген нысан бойынша және мерзімде береді.
Ұлттық басқарушы холдингтің және акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпарат шоғырландырылып, ұлттық басқарушы холдинг атынан сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға олар белгілеген нысан бойынша және мерзімде береді.
Сатып алу қағидалары осы Үлгi ереженiң 11-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген тәсiлдермен жүзеге асырылатын сатып алудың жүзеге асырылуы және сатып алу қорытындылары туралы хабарландыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында міндетті түрде орналастыру туралы талаптарды қамтуға тиіс.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.03 N 1139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
13. Сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындау және жүргізу үшін тапсырыс беруші сатып алуды ұйымдастырушыны анықтайды.
Сатып алуды ұйымдастырушыны анықтау тәртібі Сатып алу ережесінде көзделеді.
14. Тендер тәсілімен сатып алу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 915-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
15. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу біртекті тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге жүзеге асырылады, бұл ретте өнім берушіні таңдау кезінде ол ұсынған баға шешуші шарт болып табылады.
16. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта сатып алу Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді нақты уақыт режимінде сатып алуды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйелері арқылы жүзеге асырылады.
17. Тауарларды тауар биржалары арқылы сатып алу Қазақстан
Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге
асырылады.
18. Тапсырыс берушінің бір көзден сатып алуы мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) егер осы Үлгі ереженің 11-тармағының 1) 4) тармақшаларында көзделген тәсілдердің бірімен сатып алу өтпеді деп танылса;
2) қандай да бір өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тапсырыс берушіде сол өнім берушімен қолда бар тауарлармен, жабдықпен, технологиямен жұмыстармен немесе көрсетілетін қызметтермен біріздендіру, стандарттау немесе үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында басқа да сатып алуларды жүргізу қажеттілігі туындаса;
3) аралық соттағы дауды шешуге байланысты төрелік алымдарды, шығыстарды төлесе;
4) егер тиісті күнтізбелік жылға арналған сатып алу жоспарында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің біртекті түрлерінің жалпы сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
5) егер тапсырыс берушінің алқалық атқарушы орган/қадағалаушы кеңес (алқалық атқарушы орган/қадағалаушы кеңес болмаған жағдайда басқару органы/жоғары орган (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тізбе бойынша күнделікті және (немесе) апта сайынғы мұқтажды сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі болғанда (хабарландыру берген сәттен бастап және тендердің қорытындылары бойынша шарт жасасқанға дейінгі кезеңде), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
6) төтенше жағдай салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшін, электр энергетикасы объектілеріндегі, тіршілікті қамтамасыз ететін коммуникациялық жүйелердегі, темір жол, әуе, автомобиль, теңіз көлігі, байланыс объектілеріндегі, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбырларындағы, газ құбырларындағы және өзге қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды жою үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетіктердің, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердің және материалдардың тасымал жолда тез арада қалпына келтіруді талап ететін сынуы, істен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
7) оқшауланған бөлімшенің қызметін қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушінің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында (Қазақстан Республикасының аумағынан тыс) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
9) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
10) табиғатты пайдалану құқығын сатып алу;
11) стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және алқалық орган/бақылау кеңесі (алқалық атқару органы/бақылау кеңесі болмаған жағдайда басқару органы/жоғарғы орган (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тауарлар тізбесі бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу;
12) тапсырыс берушінің алқалық атқарушы орган/бақылау кеңесі (алқалық атқарушы орган/бақылау кеңесі болмаған жағдайда басқару органы/жоғарғы орган (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тізбе бойынша тауарларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алу;
13) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу;
14) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпаратты шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ веб-сайттарда орналастырылған ақпараттарды ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, әр түрлі магниттік жеткізгіштерде басылған дыбыстандырылған кітаптарды, көзі көрмейтін мүгедектерге қызмет көрсету үшін рельефтік-нүктелік шрифтімен, тифлоқұралмен басылған кітаптарды сатып алу;
15) мамандандырылған кітапханалардың қызметтерін сатып алу;
16) халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөніндегі қызметтерін сатып алу;
17) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты жүзеге асыратын ұйымдардың "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін өнімді өндіру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
18) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру жөніндегі қызметтерді сатып алу;
19) теңіз агенті, теңіз брокері қызметін сатып алу;
20) мемлекеттік метрологиялық бақылауды тарату аясында қолданылатын өлшеу құралдарын тексеру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
21) уақытша бос ақшаны орналастыруға байланысты қазынашылық операцияларды жүзеге асыру кезінде бағалы қағаздарды сатып алу;
22) тапсырыс берушінің негізгі қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын уран мен оның қосылыстарын сатып алу;
23) өздерінің орналасқан жерінің құпиялығын сақтауды көздейтін объектілердегі жұмыстарды сатып алу;
24) егер мұндай тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында соңғы үш жыл ішінде өндірілмеген болса, Тапсырыс берушінің техникалық шарттары бойынша Қазақстан Республикасында сериялы тауар өндірісін ұйымдастыруды көздейтін отандық тауар өндірушілерден ұзақ мерзімді шарттар бойынша тауарлар сатып алу;
25) мүлікті сенімді басқару бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
26) тапсырыс берушінің:
мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде ол өнім беруші ретінде жасаған мемлекеттік сатып алу туралы;
тендердің қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалану туралы заңнама шеңберінде ол өнім беруші ретінде жасаған сатып алу туралы;
жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес жүргізілген тендер қорытындылары бойынша шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
27) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы субъектілерінің авиаотынды тікелей отандық мұнай өңдеуші кәсіпорындардан сатып алуы;
28) тапсырыс берушіден, сондай-ақ құрылтайшылары тапсырыс берушілер болатын мекемелерден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу не олардың қызметінің негізгі мәні бойынша дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жиырма бес немесе одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде тапсырыс берушілерге тиесілі заңды тұлғалардан тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
29) инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
30) жаңа технологияны енгізуге байланысты сол технологияның меншік иесінен жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
31) жоба алдындағы құжаттаманы дайындау бойынша жұмыстардың негізгі көлемін тиесілі түрде орындаған өнім берушіден жобалау бойынша жұмыстарды сатып алу;
32) жобалық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігінен туындайтын жобалық құжаттаманы әзірлеген өнім берушіден жобалау бойынша жұмыстарды сатып алу;
33) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе басқа елдердің заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер, жиындар мен төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
34) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес реттелетін қызметтер бойынша табиғи монополия субъектісінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
35) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын белгілі бір нарықта үстем (монополиялық) жағдайға ие, осындай нарықта үлесі 100 (бір жүз) пайызға тең болатын тұлғадан не мемлекеттік монополия субъектісінен оның қызметінің негізгі мәні бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
36) қосылған желі арқылы табиғи газды, суды, сумен жабдықтау қызметін және жылу энергиясын сатып алу;
37) өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
38) мыналарды:
Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүліктерді (активтерді) сатып алуы;
39) халықаралық коммерциялық төреліктерде және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;
40) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 279 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.
41) лизинг қызметін жүзеге асыру кезінде тауарларды кейіннен лизингке беру үшін, сондай-ақ сатып алуға, жеткізу мен лизинг мәнін жұмыс жағдайына келтіруге тікелей байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
42) емделушінің өміріне қауіп төнген жағдайда дәрілік заттарды сатып алу;
43) қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын, техникалық көмекті, тестік аккредиттеуді және аккредитттеуді қамтитын холдинг клиникаларын халықаралық аккредиттеуге дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
43-1) ұлттық компанияның жарғылық мақсаттарына сәйкес білім беру, ғылым қызметтерін ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін білім беру және оқу бағдарламаларын (соның ішінде талапкерлерді таңдау және қабылдау, сондай-ақ профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім беру және ғылыми қызмет мәселелері бойынша басшы персоналды іріктеу бойынша), даму тұжырымдамаларын әзірлеу, енгізу және (немесе) іске асыру жөнінде қызметтерді және (немесе) жұмыстарды сатып алу;
44) мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
45) кіреберіс жолдарды пайдалану қызметтерін сатып алу;
46) жерсерік ресурсын жалға беру жөніндегі қызметтерді сатып алу;
47) теле бағдарламаларды, оның ішінде жерсеріктер және жер үсті құрылыстары арқылы тарату, трансляциялау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
48) бейне/аудиоматериалдарды жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
49) рейтингтік агенттіктердің, қаржы қызметтерінің қызметтерін сатып алу;
50) ағындарды (кәріз) бұру қызметтерін сатып алу;
51) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
52) электр энергиясын, оның ішінде холдингке кіретін энергия жабдықтаушы ұйымнан сатып алу;
53) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
54) темір жолда жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу және сату жөніндегі қызметтерді сатып алу;
РҚАО-ның ескертпесі!
18-тармақты 55) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.24 № 640 (жариялануға жатпайды) Қаулысымен.
56) стратегиялық әріптестерден білім және ғылым, білім беру үдерісін әдіснамалық, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
56-1) «Назарбаев Университетінің», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» оқу және (немесе) ғылыми зертханаларының қызметін қамтамасыз ету үшін зертханалық шығыс материалдарын сатып алу;
57) білім беру және (немесе) ғылыми бағдарламаларының мазмұнына сәйкес шетелдік арнайы оқу және көркем әдебиетті сатып алу;
РҚАО-ның ескертпесі!
58) тармақша 2013.12.13 дейін қолданыста болады - ҚР Үкіметінің (ҚР Үкіметінің 2010.09.06 № 896 Қаулысының 2-т. қараңыз).
58) тапсырыс берушіге «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, сондай-ақ «Назарбаев Университетінің» құрылысына бөлінген жер учаскелеріндегі құрылыстарды сатып алу және бұзу бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган болып табылатын заңды тұлғадан сатып алу;
59) акцияларының елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі заңды тұлғалардың акцияларын қор нарығына орналастыру жөніндегі консультациялық қызметтерді сатып алу.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.11.02 N 1732 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.01.30 № 50, 2010.04.02 № 279 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2010.09.06 № 896 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.03.04 N 219 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.04.05 N 356 Қаулыларымен.
18-1. Кепілдендірілген тапсырыс тәсілімен сатып алу индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар (бұдан әрі – кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші) арасында технологиялық меморандум жасалған жағдайда жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-бөлім 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.09.03 N 1139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
19. Тапсырыс беруші осы Үлгі ереженің 11-тармағында көзделген тәсілдермен сатып алу қорытындыларын шығарғаннан кейін өнім берушімен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сатып алу туралы шарт жасасады.
19-1. Кепілдендірілген тапсырысты тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді әлеуетті берушілердің барлығының арасында кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші сатып алуды ұйымдастыру арқылы мынадай тәртіппен орналастырады:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар арасында жасалған технологиялық меморандумда айқындалған, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізбесі негізінде кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді берушілер арасында кепілдендірілген тапсырыс бойынша сатып алуды жариялайды;
2) кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші кепілдендірілген тапсырыс бойынша сатып алуды жүргізеді және олардың өндірістік қуатын есепке ала отырып, бір немесе бірнеше әлеуетті өнім берушілері айқындайды;
3) өткізілген сатып алу негізінде кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші өндірісті ұйымдастыру және кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс берушінің осы шартта көрсетілген техникалық және баға талаптарына сәйкес келетін тауарды жеткізу бойынша әлеуетті өнім берушімен (лермен) (бұдан әрі – өнім беруші) кемінде үш жыл мерзімге кепілдендірілген тапсырыс шартын (тарын) жасасады;
4) өнім беруші (лер) кепілдендірілген тапсырыс шартының талаптарына сәйкес шартта көрсетілген мерзімде тауар өндіруді ұйымдастырады және кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс берушінің техникалық және баға талаптарына сәйкес келетін тауарды жеткізеді.
Ескерту. 2-бөлім 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.09.03 N 1139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
20. Қазақстан Республикасының резидент емесімен сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынатын нысанда сатып алу туралы шартты ресімдеуге жол беріледі.
20-1. Тапсырыс беруші ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында осы Үлгі ережеге 2-қосымшаға сәйкес сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты орналастырады.
Ескерту. 2-бөлім 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.09.03 N 1139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
21. Сатып алу ережесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша талаптарды қамтуы мүмкін.
Үлгі ережеге
1-қосымша
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпарат
Ескерту. Үлгі ереже 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.09.03 N 1139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Тапсырыс берушінің БСН |
Тапсырыс берушінің СТН |
Тапсырыс берушінің атауы |
СЭҚ ӨН коды (9 белгі) |
Сатып алынатын ТЖК атауы мен қысқаша (қосымша) сипаттамасы |
||
Мемлекеттік тілде |
орыс тілінде |
Мемлекеттік-тілде |
орыс тілінде |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Тауарлар |
||||||
Жұмыстар |
||||||
Көрсетілетін қызметтер |
кестенің жалғасы
Өлшем бірліктерінің коды (СЭҚ ӨН сәйкес) |
Заттай мәнде сатып алу көлемі |
Жоспарланатын сатып алу сомасы, теңге |
Сатып алу тәсілі |
Сатып алуды өткізу орны (ӘАОК сәйкес елді мекен коды) |
Сатып алуды өткізу мерзімі |
Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі |
Сатып-алу жоспарының жылы |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпаратта ақпаратты толтыру жолдар бойынша, мынадай тәртіппен әрбір тауар, жұмыс және көрсетілетін қызмет бойынша жеке жүзеге асырылады:
1-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (бар болған жағдайда толтырылады).
2-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
3-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің мемлекеттік тілдегі атауы көрсетіледі.
4-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің орыс тіліндегі атауы көрсетіледі.
5-баған. 9 белгі деңгейінде экономикалық қызмет түрлері бойынша Өнімнің (тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасы бойынша тауардың, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі (мысалы: 01.11.11.100).
6-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттерi және сипаттамасы, ең жоғары саны 100 белгі) мемлекеттiк тiлде көрсетiледi.
7-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттерi және сипаттамасы, ең жоғары саны 100 белгі) орыс тілінде көрсетiледi.
8-баған. Экономикалық қызмет түрлері бойынша Өнімнің (тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасына сәйкес өлшем бірлігінің коды көрсетіледі (5-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
9-баған. 8-бағанның көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес табиғи шамада саны (сатып алу көлемі) көрсетіледі.
10-баған. Жоспарланатын сатып алу сомасы көрсетіледі, теңге.
11-баған. Сатып алу тәсілі көрсетіледі.
12-баған. Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу орнының, елді мекенінің коды көрсетіледі.
13-баған. Сатып алуды өткізудің жоспарланатын мерзімі көрсетіледі (ерікті жолақ).
14-баған. Жоспарланатын жеткізу мерзімі көрсетіледі (ерікті жолақ).
15-баған. Сатып алу жоспарының жылы көрсетіледі (мысалы: 2012).
Ескертпе:
1. Грамматикалық қателермен толтырылған не өзгертілген форматта берілген ақпарат қабылданбайды.
2. Ақпараттар электрондық түрде,.xls форматында (Microsoft Excel 2003) не мемлекеттік сатып алу веб-порталында нысандарды толтыру арқылы ұсынылады.
Үлгі ережеге
2-қосымша
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпарат, № 1 кесте
Ескерту. Үлгі ереже 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.09.03 N 1139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Тапсырыс берушінің БСН |
Тапсырыс берушінің СТН |
Тапсырыс берушінің атауы |
Тапсырыс беруші өңірінің коды (ӘАОК сәйкес) |
Шарт № |
Сатып алу тәсілі |
Шарт жасасу күні (кк.аа.жжжж.) |
|
мемлекеттік тілде |
орыс тілінде |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
кестенің жалғасы
Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталған күні |
Шарт бойынша есепті кезеңде іс жүзінде төленген сома, теңге |
Шарттың жалпы сомасы, теңге |
Орындалған шарттың жалпы іс жүзіндегі сомасы, теңге |
Өнім берушінің атауы |
өнім берушінің БСН (ЖСН) |
|
мемлекеттік тілде |
орыс тілінде |
|||||
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
кестенің жалғасы
Өнім берушінің СТН |
Өнім беруші елінің коды |
Өнім беруші өңірінің коды (ӘАОК сәйкес елді мекен коды) |
Өнім берушінің заңды мекенжайы |
Шарт мәртебесі |
|
мемлекеттік тілде |
орыс тілінде |
||||
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпаратта (№ 1 кесте) ақпаратты толтыру мынадай тәртіппен әр жол бойынша әрбір жасалған шарт туралы есепті кезеңде жүзеге асырылады:
1-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (бар болған жағдайда толтырылады).
2-баған. Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
3-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің мемлекеттік тілдегі атауы көрсетіледі.
4-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің орыс тіліндегі атауы көрсетіледі.
5-баған. Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес тапсырыс берушінің заңды тіркелген елді мекенінің коды көрсетіледі.
6-баған. Тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер шеңберінде сатып алынған шарттың нөмірі көрсетіледі.
7-баған. Сатып алу тәсілі көрсетіледі.
8-баған. Шарт жасасу күні көрсетіледі (мысалы: 30.07.2012).
9-баған. Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталған күні көрсетіледі (мысалы: 31.12.2012).
10-баған. Шарт бойынша есепті кезеңде іс жүзінде төленген сома көрсетіледі, теңге.
11-баған. Шарттың жалпы сомасы көрсетіледі, теңге (мысалы: 100,00).
12-баған. Орындалған шарттың жалпы іс жүзіндегі сомасы көрсетіледі, теңге (ақпараттың түсу шамасына қарай толтырылады).
13-баған. Мемлекеттік тіркелгені туралы куәлікке сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушінің мемлекеттік тілдегі атауы көрсетіледі (өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда толтырылмайды).
14-баған. Мемлекеттік тіркелгені туралы куәлікке сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушінің орыс тіліндегі атауы көрсетіледі (өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда толтырылмайды).
15-баған. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (болған жағдайда толтырылады).
16-баған. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі (егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, толтырылмайды).
17-баған. Елдердің мемлекетаралық жіктеуішіне сәйкес өнім беруші елінің коды көрсетіледі (егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылса, Қазақстан Республикасының коды көрсетіледі).
18-баған. Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес өнім берушінің заңды тіркелген елді мекенінің коды көрсетіледі (егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда толтырылмайды).
19-баған. Өнім берушінің заңды мекенжайы: мемлекеттік тілде елді мекен, көше, үй, кеңсе көрсетіледі.
20-баған. Өнім берушінің заңды мекенжайы: орыс тілінде елді мекен, көше, үй, кеңсе көрсетіледі.
21-баған. Шарттың мәртебесінің жіктеуішіне сәйкес шарт мәртебесінің коды көрсетіледі (төменде қараңыз).
Ескертпе:
1. Шарттардың мәртебесінің жіктеуішіне:
жіктеуіш коды |
Атауы |
0 |
Жасалды |
1 |
Орындалды |
2 |
Бұзылды |
2. Грамматикалық қателермен толтырылған не өзгертілген форматта берілген ақпарат қабылданбайды.
3. Ақпарат мемлекеттік сатып алу веб-порталында нысандарды толтыру арқылы беріледі.
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпарат, № 2 кесте
Шарттың № |
Тапсырыс берушінің БСН |
Тапсырыс берушінің СТН |
СЭҚ ӨН коды (9 белгі) |
1 |
2 |
3 |
4 |
Тауарлар |
|||
Жұмыстар |
|||
Көрсетілетін қызметтер |
кестенің жалғасы
Сатып алынған ТЖҚ атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы |
Өлшем бірліктерінің коды (СЭҚ ӨН сәйкес) |
Сатып алу көлемі |
||
мемлекеттік тілде |
орыс тілінде |
заттай мәнде |
құндық мәнде, теңге |
|
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
кестенің жалғасы
Жоспарланатын сатып алу көлемі |
|
заттай мәнде |
құндық мәнде, теңге |
10 |
11 |
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпаратта (№ 2 кесте) ақпаратты толтыру жолдар бойынша, бір шарт шеңберінде сатып алынған әрбір тауар, жұмыс пен көрсетілетін қызмет бойынша жеке мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1-баған. Тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер шеңберінде сатып алынған шарт нөмірі көрсетіледі.
2-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (бар болған жағдайда толтырылады).
3-баған. Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
4-баған. 9 белгі деңгейінде экономикалық қызмет түрлері бойынша Өнімнің (тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасы бойынша тауардың, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі (мысалы: 01.11.11.100).
5-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттерi және сипаттамасы, ең жоғары саны 100 белгі) мемлекеттiк тiлде көрсетiледi.
6-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттерi және сипаттамасы, ең жоғары саны 100 белгі) орыс тілінде көрсетiледi.
7-баған. Экономикалық қызмет түрлері бойынша Өнімнің (тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасына сәйкес өлшем бірлігінің коды көрсетіледі (4-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
8-баған. 7-бағанның көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай мәндегі саны (сатып алу көлемі) көрсетіледі.
9-баған. Теңгемен құндық шамада сатып алу көлемі көрсетіледі.
10-баған. 7-бағанның көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай мәндегі жоспарланатын сатып алу көлемі көрсетіледі.
11-баған. Теңгемен құндық мәнде жоспарланған сатып алу көлемі көрсетіледі.
Ескертпе:
1. Грамматикалық қателермен толтырылған не өзгертілген форматта берілген ақпарат қабылданбайды.
2. Ақпарат мемлекеттік сатып алу веб-порталында нысандарды толтыру арқылы беріледі.