Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 және 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 356 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 861 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 861 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.08.2018 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) "Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 245-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:

      18-тармақта:

      43-1) тармақша "қабылдау" деген сөзден кейін ", сондай-ақ профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім беру және ғылыми қызмет мәселелері бойынша басшы персоналды іріктеу бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 56-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "56-1) "Назарбаев Университетінің", "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" оқу және (немесе) ғылыми зертханаларының қызметін қамтамасыз ету үшін зертханалық шығыс материалдарын сатып алу;";

      57) тармақша "білім беру" деген сөздерден кейін "және (немесе) ғылыми" деген сөздермен толықтырылсын;

      58) тармақша "мектептерінің" деген сөзден кейін ", сондай-ақ "Назарбаев Университетінің" деген сөздермен толықтырылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 11.08.2018 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов