Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 қазандағы № 1141 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Ақмола облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 68-10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"68-10 "Есіл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы";
"Астана қаласы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 107-9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"107-9 "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы";
"Алматы қаласы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 292-57-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"292-57 "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы";
"Ақтөбе облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 346-6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"346-6 "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы";
"Атырау облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 384-5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"384-5 "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы";
"Жамбыл облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 545-10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"545-10 "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы";
"Батыс Қазақстан облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 600-7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"600-7 "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы";
"Қызылорда облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 768-5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"768-5 "Қызылорда" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы";
"Қостанай облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 822-17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"822-17 "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы";
"Павлодар облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 967-18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"967-18 "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы";
"Солтүстік Қазақстан облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 1015-28-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"1015-28 "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы".
2. "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 487 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 15, 159-құжат):
3-тармақтағы "жүргізуді қамтамасыз ету" деген сөздер "жүргізу" деген сөзбен ауыстырылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
14-тармақтың он жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, мәслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу бойынша қызметті үйлестіру;".
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.07.2016 № 439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 861 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2015 № 1140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
"Ұлттық компаниялар" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 21, 23, 28-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"21. "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.";
"23. "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.";
"28. "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 37-жолмен толықтырылсын:
"37. "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы".