"Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 230 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2008 жылғы 11 наурыздағы 
N 230 қаулысымен     
бекітілген        

"Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолдану саласы

      1. "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және сүт және сүт өнімдерінің (бұдан әрі - сүт және сүт өнімдері) қауіпсіздігіне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді.
      Осы техникалық регламент Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы сүт және сүт өнімдеріне қолданылады, олар өнімдердің мынадай түрлерін қамтиды:
      1) сүт шикізаты және кілегей шикізаты;
      2) ішетін сүт және ішетін кілегей;
      3) сүт қышқылды өнімдер;
      4) сүзбе және сүзбе енімдері;
      5) қаймақ;
      6) сиыр сүтінен жасалған май;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      7) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.11.15 № 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7) сүтті, сүтті құрайтын, құрамында сүт бар консервілер;
      8) майлы паста;
      9) сары май-өсімдік спреді және ерітілген сары май-өсімдік қоспасы;
      10) ірімшік және ірімшік өнімдері;
      11) сүтті қайта өңдеудің қайталама өнімдері.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақты жаңа редакцияда беру көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы техникалық регламенттің қолданысына түскен сүт және сүт өнімдерінің түрлері Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) 04-тобында, сондай-ақ 1517, 2105, 2106-кіші топтарында орналасқан.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      3. Осы техникалық регламенттің талаптары, сүт және сүт өнімдерін әзірлеумен (жасаумен), өндірумен (дайындаумен) қайта өңдеумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.11.15 № 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Осы техникалық регламент балалар тағамдарына арналған, емдік, алдын алу және диеталық мақсаттағы үй жағдайында дайындалған сүтке және сүт өнімдеріне, жеке тұтынуға арналған сүт және сүт өнімдеріне, сондай-ақ сүт өнімдерін өндіруде (дайындауда) қолданылатын тағамдық қоспаларға, бояғыштар мен хош иістендіргіштерге қолданылмайды.

1-1. Қауіпті факторлар (қатерлер)

       Ескерту. 1-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      4-1. Сүт және сүт өнімдерінің өмірлік циклы процесінде туындайтын, адамның, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азайтылатын қауіпті факторларға (қатерлерге): улы элементтердің, микотоксиндердің, пестицидтердің, радионуклидтердің, жануарлардың өсуін тездеткіштердің, гормонды препараттар мен дәрілік заттардың құрамы, сүт және басқа шикізаттың, технологиялық құралдардың, азықтық қоспалардың, дайын өнімдердің механикалық, микробиологиялық ластануы жатады.
      4-2. Ықтимал қатерлер өнімнің өмірлік циклының мынадай сатылары (процестері) кезінде туындайды:
      1) сүт өнімдерін әзірлеу (жасау);
      2) өндіріске дайындауда, қоймаларда, өндірісітік үй-жайларда болғанда, машиналармен, жабдықтармен, материалдармен жұмыста;
      3) сүт шикізаты мен сүтке жатпайтын шикізаты, оның ішінде сүт және сүт өнімдерінің өндірісіне арналған азықтық қоспалар мен ингредиенттерді қабылдау және дайындау;
      4) сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау);
      5) сақтау, тасымалдау, сату;
      6) кәдеге жарату, жою.    

1-2. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру

       Ескерту. 1-2-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      4-3. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
      1) сүт және сүт өнімдерін осы техникалық регламенттің қолданылу саласына жатқызу;
      2) сүт және сүт өнімдерінің, оның ішінде олардың атаулары мен сәйкестендіру көрсеткіштерінің осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін анықтау;
      3) сүт және сүт өнімдерінің тұтынушыларға арналған ақпаратта, дайындаушы немесе сатушы ұсынған сәйкестік туралы декларацияда немесе сәйкестік сертификатында қамтылған мәліметтерге сәйкестігін анықтау;
      4-4. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру осы техникалық регламент талаптарына сүт және сүт өнімдерінің сәйкестігін бағалау және растау кезінде, сондай-ақ, егер ақпаратта сүт және сүт өнімдері туралы толық емес сипаттама болған жағдайда жүргізіледі.
      4-5. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіруді:
      1) сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сәйкестікті растау рәсімін жүргізу кезінде сынақ зертханалары (орталықтары);
      2) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында бақылауды жүзеге асыру кезінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар жүргізеді.
      4-6. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда, сүт және (немесе) сүт өнімдеріне арналған ілеспе құжаттарда, сүт және (немесе) сүт өнімдеріне арналған жеткізу шарттарында, келісім-шарттарда, өзіндік ерекшеліктерде, тұтыну орамының затбелгілеріндегі ақпартта және сүт және (немесе) сүт өнімдерінің сипаттамасын қамтитын басқа да құжаттарда келтірілген белгілерді ескере отырып жүргізіледі.
      4-7. Сүт және сүт өнімдерінің жасандылығын анықтау мақсатында мынадай сәйкестендіру көрсеткіштері және басқа да көрсеткіштер бойынша сынақтар (зерттеулер) жүргізіледі:
      1) дайын сүт өнімінде, сүт құрамды өнімдерде немесе құрамында сүт бар өнімдерде сүттің құрғақ заттарының (құрғақ сүт қалдығының) құрамы, олардың дайын өнімдегі пайызбен массалық үлесі (құрамында сары майы бар сүт өнімін қоспағанда);
      2) сүтке жатпайтын майлардың құрамы және болуы, олардың сүттегі және сүт өнімдеріндегі пайызбен массалық үлесі;
      3) сүт және сүт өнімдерінің май фазасындағы май қышқылы құрамы (майдың массалық үлесі кемінде 1,5 пайызды құрайтын сүт өнімдерін және майдың массалық үлесі кемінде 8 пайызды құрайтын балмұздақты қоспағанда);
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.11.15 № 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4) сүт консервілеріндегі майсыздандырылған құрғақ сүт қалдығындағы және құрамында сүт бар консервілердегі ақуыздың құрамы, оның пайызбен массалық үлесі;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.11.15 № 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5) құрамында сүт бар консервілер және сары сулы ақуыздың және сүт консервілеріндегі казеиннің қатынасы.
      4-8. Сүт және сүт өнімдеріне жүргізілген сәйкестендіру жүргізу нәтижелері сәйкестендіру жүргізу хаттамасы түрінде талданады және рәсімделеді, оның мазмұны мыналарды:
      1) сүт және (немесе) сүт өнімдеріне сәйкестендіру жүргізген ұйым туралы мәліметтерді;
      2) заңды тұлғаның тұрғылықты жері (мекен-жайы) және деректемелері, дара кәсіпкер жеке тұлғаның мекен-жайы, тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген сүт және (немесе) сүт өнімдерін дайындаушы туралы ақпаратты;
      3) сәйкестендірілетін өнімдердің атауын, олардың жіктеу белгілерінің атауын;
      4) оларға сәйкестендіру жүргізу кезінде пайдаланылған сүт немесе сүт өнімдері туралы мәліметтерді;
      5) сүт немесе сүт өнімдерінің шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, оларды сақтау шарттары, нақты таңбалауды, арнайы таңбалауды көрсету (арнайы таңбалау болған кезде);
      6) сүт және (немесе) сүт өнімдерін аккредиттелген сынақ зертханаларында (орталықта) (өткізу керек болса) сынаудың (зерттеудің), оның ішінде органолептикалық көрсеткіштерін сынаудың (зерттеудің) нәтижелерін;
      7) орам туралы, оның ішінде орам түрі туралы, сүт және сүт өнімдерін тұтыну орамындағы немесе тасымалдау ыдысындағы таза салмағы немесе көлемі туралы мәліметтерді;
      8) осы өнім партиясының мөлшерін;
      9) таңбалаудың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтерді;
      10) соған сәйкес осы өнім өндірілген стандарттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік құжаттардың (олар болған кезде) немесе осы өнімнің, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген өнімнің сипаттамасын қамтитын басқа да құжаттың (жеткізу келісім-шарты, сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік декларациясы, қауіпсіздікті растайтын құжат, осы өнімге өзіндік ерекшелік) атауын;
      11) қосымша сынақтар (зерттеулер) (талап етілген жағдайда) жүргізу туралы қорытындыны, оның қажеттілігін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар белгілейді;
      12) осы өнімнің өтінім берілген атауға және (немесе) осы өнімнің нақты партиясына және оның декларияланатын көрсеткіштеріне сәйкестігі туралы қорытындыны қамтиды.
      4-9. Сүт және сүт өнімдері Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өндірістен және (немесе) айналымнан шығарылуы тиіс.
      4-10. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкессіздік анықталған жағдайда жалған сүт және сүт өнімдерін өндіру және (немесе) өткізуді тоқтату бойынша шаралар қабылдайды және бұл жөнінде тұтынушыларды хабардар етеді.

2. Терминдер

      5. Осы техникалық регламентте мынадай терминдер пайдаланылады:
      1) байыту - сүтке және сүтті қайта өңдеу өнімдеріне витаминдерді, микро- және макроэлементтерді, пробиотикалық заттарды, белокті, тағамдық талшықтарды, жартылай қанықпайтын майлы қышқылдарды, фосфолипидтерді, пробиотикалық дақылдарды енгізу процесі;
      2) биоөнім - ашытатын микроорганизмдерді пайдалана отырып, ашытқылау процесінде және (немесе) одан кейін монодақылдардағы немесе қауымдастықтардағы пробиотиктердің тірі дақылдарын және (немесе) пребиотиктерді қоса отырып дайындалатын сүтті қайта өңдеудің байытылған өнімі;
      3) зарарсыздандыру - микроорганизмдерді, олардың вегетативті жасушалары және спораларын жоюды қамтамасыз ететін тығыз жабылған ыдыстарда 100 о С-дан жоғары температура кезінде сүтті термикалық өңдеу процесі;
      4) контаминант (ластағыш) - сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне немесе оларды тұтынудың жарамдылығына қатер төндіруі мүмкін кез келген биологиялық немесе химиялық фактор, тамақ өнімдеріне әдейі қосылмаған бөтен материал немесе басқа заттар;
      5) қайта қалпына келтіру - оның қоюлатылған нысандарына су қосу жолымен сүт өнімін дайындау процесі;
      6) қалыпқа келтіру - сүттегі немесе сүтті қайта өңдеу өнімдеріндегі сүттің құрама бөлшектерінің қамтылуы мен арақатынасын реттеу процесі;
      7) пастерлеу - өнімнің бастапқы құрамынан кемінде 99,0% микроорганизмдердің патогендік және вегетативтік жасушаларын жоюды қамтамасыз ететін 65 о С-дан 100 о С-қа дейінгі температура кезінде термикалық өңдеу процесі;
      8) пребиотикалық заттар (пребиотиктер) - адам тамаққа тамақ құрамында жүйелі тұтынғанда ас қорыту жолдарындағы қалыпты микрофлораның биологиялық белсенділігінің өсуіне және (немесе) артуына ықпал ету нәтижесінде адам ағзасына қолайлы әсер ететін зат немесе заттар кешені;
      9) пробиотикалық микроорганизмдер - ас қорыту жолдарындағы микрофлоралардың құрамына және биологиялық белсенділігіне қалыпқа келтіру әсерімен адам организміне оң әсер ететін, тамақпен бірге келіп түсетін патогенсіз, токсигенсіз микроорганизмдер;
      10) сүт өнімі - сүтке жатпайтын майларды және ақуызды пайдаланбай-ақ, функционалды қажетті ингредиенттерді қоса отырып немесе қоспай, сүттен және (немесе) оның құрамдас бөліктерінен өндірілген тамақ өнімі;
      11) құрамдас сүт өнімі - өнім құрамындағы сүттің құрамдық бөліктері 50%-дан астамын құрайтын сүттің құрамдық бөлігінде, сүттің құрамдық бөлігін ауыстыру мақсатында енгізілетін, сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдеріне және сүтке жатпайтын компоненттерді қоса отырып немесе қоспай сүттен және (немесе) сүт өнімдерінен дайындалатын тағамдық өнім;
      12) суыту - технологиялық процестердің талаптарына сәйкес температураны төмендету;
      13) құрамында сүті бар өнімдер - өнімнің құрғақ заттарындағы сүттің құрғақ заттарының үлес салмағы кемінде 20%, сүт құрамына жатпайтын майларды және (немесе) белоктарды қоса алғанда, сүттен және (немесе) сүт өнімдерінен және (немесе) сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдерінен және (немесе) сүт құрамына жатпайтын құрамдас бөліктерден дайындалған тағамдық өнім;
      14) ашыған сүт өнімдері - тірі ашытқы микроорганизмдерін қамтитын, рН-ді және белок коагуляциясын азайтуға әкеп соғатын ашытқы микроорганизмдерін пайдалана отырып, сүттің құрамдас бөліктерін ауыстыру мақсатында енгізілетін, сүтті және (немесе) сүт өнімдерін және (немесе) олардың сүтке жатпайтын құрамдас бөліктердің қоспаларын ашыта отырып әзірленетін сүт немесе сүттің құрамдас өнімі;
      15) сүт өнімдері - сүт өнімдерін, құрамдас сүт өнімдерін, құрамында сүті бар өнімдерді, сүттен қайта өңделген жанама өнімдерді қамтитын сүтті қайта өңдеу өнімдері;
      16) сүтті қайта өңдеу - сүттің бастапқы қасиетін өзгертетін технологиялық операциялар кешені;
      17) сүт шикізатын тазалау - сүтті механикалық қоспалардан және (немесе) микроорганизмдерден тазарту процесі;
      18) сүт-шикізат (шикі) - термикалық өңдеуге түспеген сүт;
      19) табиғи сүт - сүттің құрамдас бөлшектері реттеуге ұшырамаған сүт;
      20) табиғи сүт өнімі - табиғи сүттен дайындалған сүт өнімі;
      21) термоөңдеу - сүтті немесе сүт өнімдерін термикалық өңдеу процесі (мұздату, термизациялау, пастерлеу, зарарсыздандыру, ультрапастерлеу немесе ультражоғары температуралық өңдеу);
      22) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен;
      23) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20. N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен;
      24) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен;
      25) ультражоғары температуралық өңдеу (УЖТ, ультрапастерлеу) - микроорганизмдерді, олардың вегетативті жасушалары мен спораларын жоюды қамтамасыз ететін 125-140 о С-дан астам температурада кемінде 2-5 секунд ұстай отырып, сүтті және оның ағынындағы қайта өңдеу өнімдерін термоөңдеу;
      26) ферментті препараттар - сүтті қайта өңдеу өнімдерін дайындау кезінде орын алатын биохимиялық процестерді жүзеге асыру үшін қажетті белоктық заттар;
      27) сүт - осы өнімге қандай да қоспа қосылмай немесе одан қандай да бір заттар алынып тасталмай, сауу кезіндегі лактация кезеңінде алынған, ауыл шаруашылығы жануарлары сүтіндегі темірдің қалыпты физиологиялық секрециясы өнімі;
      28) қалпына келтірілген сүт - қоюлатылған немесе қойытылған немесе құрғақ табиғи сүттен немесе құрғақ майсыздандырылған сүттен және судан өндірілген сүт өнімі;
      29) сүтті қайта өңдеудің жанама өнім - сүтті қайта өңдеу өнімдерін өндіру процесінде алынған жанама өнім;
      30) қайталама сүт шикізаты - ішінара жойылған сәйкестендіру белгілері немесе тұтынушылық қасиеттері бар қайта өңдеуден кейін пайдалануға арналған сүтті қайта өңдеудің жанама өнімі, сүт өнімі (оның ішінде олардың жарамдылық мерзімі шегінде қайтарып алынған, бірақ азық-түлік шикізатына қойылатын қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өнімдер);
      31) ішетін сүт - майдың массалық үлесі 9 пайыздан аспайтын, сүт шикізатынан дайындалған және термикалық өңдеуге ұшыраған, құнарландырылған немесе қойытылған сүттен немесе құрғақ қаймағы алынбаған сүттен немесе құрғақ майсыздандырылған сүттен және судан жасалған әрі тұтынушылық ыдысқа құйылған сүт өнімі;
      32) ішетін кілегей - термикалық өңдеуге ұшыраған және тұтынушылық ыдысқа құйылған кілегей;
      33) ұйытылған өнім - сүт қышқылды өнім өндіру технологиясына сәйкес өндірілген және олармен үйлес органолептикалық, физика-химиялық қасиеттерге ие, құрамында сүті бар өнім;
      34) қаймақ - сүт өнімдерін қоса отырып немесе оларды қоспай ашытатын микроорганизмдер - лактококтарды немесе лактококк қоспаларын және гермофилді қышқылды сүт стрептококтарды пайдалана отырып кілегейді ұйыту жолымен өндірілген және онда майдың массалық үлесі кемінде 9 пайызды құрайтын сүт қышқылды өнім;
      35) сүзбе - ашытатын микроорганизмдер - лактококтарды немесе лактококк қоспаларын және термофилді қышқылды сүт стрептококтарды және өздігінен нығыздау, нығыздау, центрифугалау және (немесе) ультрафильтрациялау жолымен сарысуды кейіннен жою арқылы ақуыздар коагуляциясының қышқыл немесе қышқыл-мәйекті әдістерін пайдалана отырып өндірілген сүт қышқылды өнім;
      36) сүзбе өнімдері - сүт өнімдерін қоса отырып немесе оларды қоспай, сүтке жатпайтын компоненттерді, оның ішінде сүтке жатпайтын майларды және (немесе) ақуыздарды қоса отырып немесе оларды қоспай, кейіннен термикалық өңдеу арқылы немесе оларсыз, сүзбе өндірісі технологияларына сәйкес сүзбеден және (немесе) сүтті қайта өңдеу өнімдерінен өндірілген сүт өнімі, құрамдас сүт өнімдері немесе құрамында сүті бар өнім. Егер дайын сүтті немесе құрамдас сүтті сүзбе өнімінде массалық үлесі кемінде 75 пайыз сүттің құрамдас бөлігі болса және ондай өнім арнайы органолептикалық және физика-химиялық қасиеттерге қол жеткізу мақсатында термикалық өңдеуге және пісіп-жетілуге ұшырамаса, мұндай өнімдерге қатысты "сүзбе ірімшігі" үғымы пайдаланылады;
      37) сүтке жатпайтын компоненттер - сүтті қайта өңдеу өнімдеріне қосылатын, минералдан, өсімдіктен, малдан алынатын тамақ өнімдері;
      38) майлы паста - сүттің құрамдас бөлігін ауыстыру мақсатында емес сүтке жатпайтын компоненттерді қоса отырып немесе оларды қоспай тұрақтандырғыштарды пайдалану жолымен сиыр сүтінен, сүт өнімінен және (немесе) сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдерінен ендірілген эмульсиялы май негізіндегі сүт өнімі немесе құрамдас сүт өнімі, онда майдың массалық үлесі 39-дан бастап 40 пайызға дейін құрайды;
      39) сары май-өсімдік спреді - эмульсиялы май негізіндегі сүтті қайта өңдеу өнімі, онда жалпы майдың массалық үлесі 39-дан бастап 95 пайызға дейін және май фазасындағы сүтті майдың массалық үлесі 50-ден 95 пайызға дейін құрайды;
      40) құрғақ табиғи сүт - құрғақ сүт өнімі, онда құрғақ заттардың массалық үлесі кемінде 95 пайызды, сүттің құрғақ майсыздандырылған заттарындағы ақуыздың массалық үлесі кемінде 34 пайызды және майдың массалық үлесі 20 пайызды құрайды;
      41) құрғақ майсыздандырылған сүт - құрғақ сүт өнімі, онда сүттің құрғақ заттарының массалық үлесі кемінде 95 пайызды, сүттің құрғақ майсыздандырылған заттарындағы ақуыздың массалық үлесі кемінде 32 пайызды құрайды және майдың массалық үлесі 1,5 пайыздан артық емес болады;
      42) қорытылған май - май фазасын еріту жолымен сары майдан өндірілген және арнайы органолептикалық қасиеттерге ие сиыр сүтінен алынған май, онда майдың массалық үлесі кемінде 99 пайызды құрайды;
      43) кілегей - сүттен және сүт өнімдерінен өндірілген, май әмульсиясын және сүт плазмаларын білдіретін сүт өнімі және онда  майдың массалық үлесі кемінде 9 пайызды құрайды;
      44) кілегей шикізаты - кемінде 45 о С температура кезінде термикалық өңдеуге ұшырамаған шикізат;
      45) ірімшік - сүт ұйытушы ферменттердің көмегімен немесе оларды пайдаланбай сүт ақуыздарының коагуляциясын қамтамасыз ететін арнайы ұйытқылар, технологияларды пайдалана отырып немесе сүттің құрамдас бөлігін ауыстыру мақсатында емес сүтке жатпайтын компоненттерді қоса отырып немесе қоспай кейіннен сүт салмағын сарысудан бөліп алу, оны калыпқа түсіру, нығыздау, тұздау, жетілдіру немесе жетілдірмеу арқылы қышқылды немесе термоқышқылды тәсілмен сүттен, сүт өнімдерінен және (немесе) сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдерінен өндірілген сүт өнімі немесе құрамдас сүт өнімі;
      46) балқытылған ірімшік - балқыту үшін сүттің құрамдас бөлігін ауыстыру мақсатында емес сүтке жатпайтын компоненттерді қоса отырып немесе қоспай қоспаларды ұсату, араластыру, балқыту және эмульгациялау жолымен сүт өнімдерін және (немесе) сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдерін, эмульгациялайтын тұздарды немесе құрылым құрушыларды пайдалану арқылы ірімшіктен және (немесе) сүзбеден өндірілген сүт өнімі немесе құрамдас сүт өнімі;
      47) ірімшік өнімі - ірімшік өндірісі технологиясына сәйкес өндірілген құрамында сүті бар өнім;
      48) сиыр сүтінен алынған май - басым құрамдас бөлігі сүттен алынатын май болып табылатын, сиыр сүтінен, сүт өнімдерінен және (немесе) сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдерінен олардың май фазасын бөліп алу және сүттің құрамдас бөлігін ауыстыру мақсатында емес сүтке жатпайтын компоненттерді коса отырып немесе оларды қоспай ондағы сүт плазмасын бірдей бөлу жолымен өндірілген эмульсиялы май негізіндегі сүт өнімі немесе құрамдас сүт өнімі;
      49) сары май - майдың массалық үлесі қоса алғанда 50-ден 85 пайызға дейін құрайтын, сиыр сүтінен алынған май;
      50) қалыпқа келтірілген сүтті қайта өңдеу өнімі - майдың, ақуыздың және (немесе) сүттің құрғақ майсыздандырылған заттарының немесе олардың қатынасының массалық үлесінің көрсеткіштері стандарттармен, нормативтік құжаттармен, ережелер жиынтығымен және (немесе) техникалық құжаттармен сәйкес келтірілген сүтті қайта өңдеу өнімі;
      51) пломбир - балмұздақ (сүт өнімі немесе құрамдас сүт өнімі), ондағы сүт майының массалық үлесі 12 пайыздан 20 пайызға дейін құрайды;
      52) балмұздақ - көпіртілген, мұздатылған және мұздатылған түрде қолданылатын тәтті сүт өнімі, құрамдас сүт өнімі немесе құрамында сүті бар өнім;
      53) кілегейлі балмұздақ - ондағы сүт майының массасының үлесі 8 пайыздан 11,5 пайызға дейін құрайтын балмұздақ (сүт өнімі немесе құрамдас сүт өнімі);
      РҚАО-ның ескертпесі!
      54) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.11.15 № 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      54) сүт, сүтті құрайтын, құрамында сүті бар консервілер - өңдеу (стерильдеу, қойылту, кептіру, ортаның және орамның осматикалық қысымын арттыратын заттарды қосу) нәтижесінде ұзақ уақыт бойы елеулі өзгерістерге ұшырамай өз қасиетін сақтайтын сүт, сүтті құрайтын, құрамында сүті бар өнімдер;
      55) ашытқы - арнайы таңдап алынған және сүтті қайта өңдеу өнімдері өндірісі үшін пайдаланылатын қышқылды сүт микроорганизмдері басым патогенсіз, токсигенсіз микроорганизмдер және (немесе) микроорганизмдер ассоциациясы;
      56) ашыту - ашытатын микроорганиздер қысымымен сүтте және оны қайта өңдеу өнімдерінде ұйыған сүт жасау процесі. Ашыту белсенді қышқыл көрсеткішін (рН) төмендетумен және сүт қышқыл құрамының артуымен ілесе жүреді;
      57) ұйыту - сүттегі және оның қайта өңдеу өнімдеріндегі ақуыз коагуляциясы процесі. Ұйыту сүт ұйытқыш ферменттер препараттары және ақуыз коагуляциясына ықпал ететін заттар мен факторлар әсерімен жүзеге асырылады;
      58) қоюлату (қойыту) - қоюлатылған және қойылтылған сүтті қайта өңдеу өнімдері өндірісі кезінде қолданылатын және сүтті қайта өңдеу өнімдерінен суды ішінара жою жолымен жүзеге асырылатын процесс;
      59) кептіру - сүтті қайта өңдеудің құрғақ өнімдері өндірісі кезінде қолданылатын және құрғақ заттардың үлес салмағын 90 пайыз және одан да артық мәнге жеткізгенге дейін сүтті қайта өңдеу өнімдерінен ылғалды жою жолымен жүзеге асырылатын процесс;
      60) көпірту - сүтті қайта өңдеу өнімдері өндірісі кезінде қолданылатын және өнімді қарқынды араластыру жолымен жүзеге асырылатын және оның көлемін ұлғайтумен бірге жүргізілетін процесс;
      61) сүттің құрамдас бөліктері - құрғақ заттар (сүт майы, сүт ақуызы, сүтті қант (лактоза), ферменттер, витаминдер, минералды заттар), су.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2010.01.25 N 21 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

3. Сүтті және сүт өнімдерін сату кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      6. Сүт және сүт өнімдерін өткізу, олардың нормативтік құжаттамаларына сәйкес тамақ өнімдерін қабылдау, бақылау, сәйкестендіру және сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, ішкі сауда объектілерінде санитарлық-гигиеналық нормативтерді сақтай отырып жүзеге асырылады.
      7. Сүтті және сүт өнімдерін өткізу үшін негізгі шарттар мыналар болып табылады:
      1) ілеспе құжаттардың болуы;
      2) сүт және сүт өнімдері, оны қолдану және сақтау шарттары туралы ақпараттың болуы;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3) сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттың (санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының, ветеринариялық-санитарлық қорытындының, ветеринариялық куәліктің, ветеринариялық сертификаттың, ветеринариялық анықтаманың, сәйкестік сертификатының) болуы.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      8. Сүт және сүт өнімдерін өткізу сүт және сүт өнімдерінің нақты түрлерін сақтау шарттары сақталған кезде нормативтік құжаттармен белгіленген жарамдылық мерзімі шегінде жүзеге асырылады.
       Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      9. Сүт және сүт өнімдері тұтынушылық немесе топтық орамда (ыдыста), немесе оларсыз: құйылып немесе таразыға тартылып өткізіледі.
      Сүт және сүт өнімдерін бүлінген және (немесе) тығыз жабылмаған орамда (ыдыста) өткізуге жол берілмейді.
      Сүт және сүт өнімдерін құйылмалы немесе таразылап өткізу кезінде кесуге және таразылауға арналған арнайы жабдық, сондай-ақ таңбаланған сауда мүкәммалы (төсеніштер, қысқыштар, қалақшалар және т.б.) пайдаланылуы тиіс.
      Буып-түйілмеген сүт өнімдерін тікелей таразыларда орама материалдарсыз тартуға жол берілмейді.
      10. Сүт және сүт өнімдерін өткізуге белгіленген тәртіппен міндетті түрде медициналық тексеруден өткен адамдар жіберіледі.
      Сүт және сүт өнімдерін өткізуді жүзеге асыратын адамдардың арнайы киімі болуы тиіс.

4. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізат қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      11. Өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған сүт-шикізаты және кілегей шикізаты, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жеке тапсырушылардан немесе жұқпалы аурулар бойынша салауатты шаруашылық жүргізуші субъектілерде ұсталатын дені сау жануарлардан алынады.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      12. Жануарларды ұстау, азықтандыру және сауу, жануарлардың жай-күйін бақылау шарттары, шикі сүтті өндірудің технологиялық процестері, шикі сүтті жинауды, суытуды, сақтауды және тасымалдауды қоса алғанда, ветеринарлық-санитарлық және санитарлық- эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың белгіленген талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      13. Сүт-шикізат сауылғаннан кейін 2 сағат ішінде кешіктірілмей шаруашылық жүргізуші субъектілерінде сүзілуі (тазалануы) және (4 + 2) оС темпертурасына дейін суытуға қамтылуы тиіс.
      Сүт-шикізатын өндірушіде (дайындаушыда) қайта өңдеу жеріне тасымалдауға арналған уақытты ескере отырып, 24 сағаттан аспайтын (4 + 2) оС температурада сақтауға жол беріледі.
      14. Сүт-шикізатын қайта өңдеу орнына тасымалдау уақытында және тіпті оны қайта өңдеу басталғанға дейін оның температурасы
8 оС-дан аспауға тиіс.
      Қайта өңдеу үшін келіп түскен сүт-шикізатты қайта өңдеуші кәсіпорнында сақтауда тұрған сүтпен араластыруға жол берілмейді.
      Сүт-шикізатты өндірушіде (дайындаушыда) бұрын сақтауда тұрған сүттен басқа:
      1) 4 оС температурасына дейін суытылған - 6 сағаттан аспайтын;
      2) 6 оС температурасына дейін суытылған - 4 сағаттан аспайтын сүт-шикізатты қайта өңдеушіде сақтауға (резервтеуге) жол беріледі.
      Қабылдау кезінде температурасы бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін сүт-шикізат дереу қайта өңделуі тиіс.
      15. Бұзаулағаннан (төл алудан) кейінгі алғашқы жеті күнде және суалту алдындағы соңғы бес күнде сиырлардан алынған, сондай-ақ нормативтік құжаттарда анықталған титрленетін қышқылының жоғары болуынан, термикалық өңдеуге жатпайтын сүт-шикізаты сүт өнімдеріне және сүті бар өнімдерге қайта өңдеу үшін қабылдауға жатпайды.
      Ветеринарлық анықтамасы жоқ сүт-шикізат қабылданбауы тиіс.
      16. Сүт-шикізатты, оның ішінде қайта өңдеу басталғанға дейінгі термикалық өңделген сүт-шикізатты сақтау (резервтеу) оған арналған жекелеген таңбаланған ыдыстарда жүзеге асырылады.
      17. Жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз шаруашылық субъектілері үшін, сау жануарлардан алынған сүт-шикізатының өнеркәсіптік қайта өңдеуге жарамдылығы ветеринарлық анықтамамен және пероксидазасы жоқ деген сипаттағы термикалық қайта өңдеудің тиімділігін зертханалық зерттеумен расталады.
      Жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз шаруашылық субъектілері үшін сүт-шикізатпен ілесе жүретін ілеспе құжаттарда өңдеу температурасы мен уақыты көрсетіле отырып, жүргізілген термикалық өңдеу туралы белгі қойылуы міндетті.
      18. Сүт шикізатында және кілегей шикізатында уытты элементтердің, микотоксиндердің, антибиотиктердің, ингибирлейтін заттардың, пестицидтердің, радионуклидтердің, сондай-ақ микроорганизмдер мен соматикалық жасушалардың болу деңгейі ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерде белгіленген, рұқсат етілген шекті деңгейден (нормадан) аспауға тиіс.
      Сүт шикізатында және кілегей шикізатында жуу, дезинфекциялау, бейтараптандыру құралдарының қалдықтары болуына жол берілмейді.
       Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      19. Өндірісте пайдаланылатын сүт шикізаты, кілегей шикізаты, сүтке жатпайтын компоненттер, тағамдық қоспалар, технологиялық заттар кіріс биқылауға ұшырайды. Оларды сақтау және сүт пен сүт өнімдерін өндіруге дайындау қайта өңдеу өнімдерінің адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне ластануды болдырмайтын шарттармен жүзеге асырылады.
      Технологиялық мақсатта пайдаланылатын су ауыз су қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес болуы тиіс.
       Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

5. Ұйытқылар мен пробиотикалық дақылдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      20. Ұйытқылар және (немесе) пробиотикалық дақылдардың қауіпсіздігін оларды өндірушілер (дайындаушылар), ал олардан дайындалған өндірістік ұйытқылар - үй-жайларға (олардың өндірістік тізбекте орналасуына, құрамына және жай-күйіне) және жабдыққа (көрінісі мен жай-күйіне) қойылатын техникалық талаптар, сондай-ақ ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар (өндірістің технологиялық режимі мен өндірістік бақылау бағдарламасы) кешенін және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
      21. Орамалары (ыдыстары) ашылған және (немесе) бүлінген және жарамдылық мерзімі өтіп кеткен ұйытқыларды сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.
      Сүт және сүт өнімдерін өндіруде пайдаланылатын өндірістік ұйытқыларды дайындауға арналған ұйытқылардың және (немесе) пробиотикалық дақылдардың әрбір партиясы белгіленген нысандағы құжаттармен ілесе жүруі тиіс.
      22. Ұйытқылардан және (немесе) пробиотикалық дақылдардан өндірістік ұйытқыларды және жандандырылған бакконцентраттарды дайындау мен шығару кезіндегі ұйытқылардың және (немесе) пробиотикалық дақылдардың сапасын бақылауды өндірістік циклдің барлық кезеңдерінде арнайы дайындалған және кезеңділігімен аттестатталған персонал жүзеге асырады.
      23. Ұйытқыларды және (немесе) пробиотикалық дақылдарды дайындау процесі (құрғақ азықтық ортаны немесе құрғақ сүтті қалпына келтіруді, пастерлеуді және (немесе) залалсыздандыруды, суытуды, ашытуды, топырақ баптауды және ұйтқыны суытуды қоса алғанда) тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүргізіледі.

6. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      24. Технологиялық үй-жайларда өндіру (дайындау) процесінде бекітілген санитарлық және гигиеналық нормативтерге сәйкес жарықтың, микроклиматтың, шудың, дірілдің және жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттар құрамының қажетті деңгейі қамтамасыз етілуі тиіс.
      25. Технологиялық үй-жайларда сүт және сүт өнімдерінің ластануын болдырмау үшін темекі өнімдерін, сағыз резеңкелерін тұтынуға және тамақ өнімдерін қабылдауға медициналық аптечкалар мен жеке заттарды сақтауға, персоналдың әсемдік заттар мен бижутерияларды тағып жүруіне рұқсат етілмейді.
      Медициналық аптечкалар технологиялық үй-жайлар мен учаскелердің тамбурларында немесе тұрмыстық үй-жайларда орналастырылуы мүмкін.
      Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) процесінде персоналдың жеке гигиена ережелерін орындауын, әсіресе жұмыс алдында, жұмыстағы үзілістерден және дәретхананы пайдаланғаннан кейін қол жууға қатысты қатаң бақылауды жүзеге асырады.
      Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) жөніндегі технологиялық үй-жайларда кемірушілер мен жәндіктердің (оның ішінде шыбындардың, тарақандардың) болуына жол берілмейді.
      Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) объектісінің аумағына құстар мен жануарлардың болуына жол берілмейді.
      26. Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың рұқсат етілген деңгейін анықтау әр өндіру (дайындау) объектісі үшін шығарылатын сүт өнімдерінің түрлері мен санитарлық және гигиеналық нормативтерге сәйкес технологиялық процестерді жүргізу ерекшеліктеріне қарай жеке белгіленеді.
      Желдету, ауаны тазалау, ауалық жылыту жүйесінің тасқынды ауасындағы зиянды заттардың шоғырлануы, оның рұқсат етілген шегінің 30%-нан аспауға тиіс. Егер шаң зиянды фактор болып табылса, онда келетін тасқынды ауаны тазартуды көздеу қажет.
      27. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) өндірісіне арналған технологиялық жабдық, оның ішінде сауу-сүт жабдығы сүт және сүт өнімдерімен байланысуға арналған материалдардан дайындалуы және машиналар мен жабдықтар қауіпсіздігі саласындағы заңнамада көзделген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі тиіс.
      28. Ластанудың ықтимал қатері бар сүт және сүт өнімдерін өндірудегі сындарлы нүктесі мынадай технологиялық процестер болып табылады: көпірту, қалпына келтіру, ингредиенттерді қосу, қоюлату, нормалау, байыту, тазалау, балқыту, рекомбинирлеу, ұйыту, қойылту, ұйыту, ашыту, еріту, кептіру, термо өңдеу, буып-түю, орама, сақтау, өнімнің ерекшелігіне және өндірілген сүт өнімінің түріне байланысты тағы басқа арнайы технологиялық процестер. Көрсетілген процестер шикізаттардың және жартылай фабрикаттардың екінші рет ластануын болдырмау үшін нормативтік және техникалық құжаттарда белгіленген  режимдер мен талаптарды орындау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
      Өндіріс және технологиялық жабдықтар жұмыс үшін (техникалық қызмет көрсету, тазарту және майсыздандыру) қызмет көрсетуші персоналдың жұмысқа еркін кіруін қамтамасыз ететіндей болып құрастырылуы тиіс.
       Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      29. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау), термикалық өңдеу, суыту және сақтау үшін пайдаланылатын жабдық қауіпсіз өнім өндіруді (дайындауды) қамтамасыз ету үшін барынша тез талап етілетін температураға қол жеткізу және ұстап тұру қамтамасыз етілуі тиіс.
      Жабдық Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес, мақсатына қарай пайдалану үшін сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне немесе жарамдылығына теріс әсер етуі мүмкін температураны, ылғалдылықты, ауа ағыны мен басқа да сипаттамаларды бақылау және өлшеу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Өлшеу құралдары белгіленген тәртіппен тексерілген және (немесе) аттестатталған және Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшін рұқсат берілген өлшеу құралдарының тізіліміне енгізілген болуы тиіс.
      Сүтті тазалауға арналған жабдық коррозияға берік материалдардан дайындалуы және жеңіл тазалау мүмкіндігі болатындай етіп құрастырылуы тиіс.
      Ластануды болдырмау мақсатында кешенді технологиялық желілерге жатпайтын сүтті тазалау, қосалқы шикізатты дайындау, қайта өңдеу, өнімді буып-түю жөніндегі қондырғылар бір-бірінен оқшауландырылған үй-жайларда, сондай-ақ қойма үй-жайларынан бөлек орналастырылады.
       Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      30. Өндірістік процестердің қауіпсіздігіне өндірудің (дайындаудың) температуралық режимін және дайын сүт өнімдерін өткізуді қоса алғанда, олардың сақталуы үшін тұрақты бақылау кепілдігі беріледі.
      31. Қауіпсіздікті, өнеркәсіптік зарарсыздандыруды және сақтау мерзімдерін ұзартуды қамтамасыз ету үшін сүт және сүт өнімдері термоөңдеуден, оның ішінде термизациядан, пастерлеуден, зарарсыздандырудан, ультрапастерлеуден немесе ультражоғары температуралық өңдеуден өтеді.
      Сүт және сүт өнімдерінің термизациясы 60 0С-дан 68 0С-ға дейінгі температурада, кейіннен 30 секундқа дейін ұстала отырып жүзеге асырылады.
      Сүт және сүт өнімдерін (төменгі температуралық, жоғары температуралық) пастерлеу сүттегі және оның қайта өңдеу өнімдеріндегі кез-келген патогенді микроорганизмдер адам денсаулығына зиян келтірмейтіндей жағдайда санының азаюын қамтамасыз ететін уақыт бойы 63 0С-дан 100 0С-ге дейінгі температура диапазонында ұстала отырып, әртүрлі режимдерде (температура/уақыт) жүзеге асырылады.
      Сүт және сүт өнімдерін төмен температуралы пастерлеу 76 0С-дан аспайтын температура жағдайында жүргізіледі және сілтілік фосфотаза инактивациясымен ілесе жүреді.
      Сүт және сүт өнімдерін жоғары температуралы пастерлеу 77 0С-дан 125 0С-ға дейінгі температура диапазонында жүргізіледі және сілтілік фосфотаза мен пероксидаза инактивациясымен ілесе жүреді.
      Сүт және сүт өнімдерін зарарсыздандыру өнімнің өнеркәсіптік зарарсыздандыру талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ететін 100 0С-дан жоғары температурада ұстала отырып, тығыз жабылған тұтынушы орамында (ыдысында) жүзеге асырылады.
      Сүтті және сұйық сүт өнімдерін қайта өңдеу кезінде ультрапастерлеу:
      1) кейіннен асептикалық буып-түю кезінде - өнімнің өнеркәсіптік зарарсыздығы талаптарына сәйкестігін;
      2) кейіннен асептикалық емес буып-түю кезінде - өнімнің қалдық микрофлорасының елеулі азаюы мен сақтау ұзақтығының ұлғаюын қамтамасыз ететін 125 0С-138 0С температура кезінде кемінде 5 секунд ұстала отырып, жүзеге асырылады.
      Сүт және сүт өнімдерін ультражоғары температуралық өңдеу жабық жүйе ағынында 135 0С-140 0С температура кезінде жылытылған үстіңгі бетімен жанасу немесе зарарсыздандырылған буды өніммен тікелей араластыру жолымен кемінде 2 секунд ұстай отырып жүзеге асырылады.
      32. Нақты өнім түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы технологиялық процестердің кезеңділігі мен тиімділігін бақылау әдістері өндірістік бақылау бағдарламасында белгіленеді.
      Сүт және сүт өнімдерін термикалық өңдеуді бақылау кезінде қолданылатын әдістер дайын сүт өнімі қауіпсіздігінің берілген деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
      Термикалық өңдеуден өтетін сүтті және сүттің қайта өнімдерін суыту 4 0С + 2 0С-дан аспайтын температураға дейін жүргізіледі.
       Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

7. Дайын сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      33. Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) және айналымы кезіндегі ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу өндіріс процесіне қойылатын талаптарды сақтау жолымен қамтамасыз етіледі.
      Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне, жарамдылық мерзіміне қойылатын талаптар оны әзірлеу (жасау) кезіндегі нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленеді.
      34. Өткізуге арналған сүт және сүт өнімдерінде уытты элементтердің, микотоксиндердің, антибиотиктердің, пестицидтердің, радионуклидтердің болуы, сондай-ақ тотығып бүліну көрсеткіштерінің ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерде белгіленген деңгейден аспауға тиіс.
      35. Сатуға арналған сүт шикізатында, кілегей шикізатында, сүт және сүт өнімдерінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелерде және нормаларда белгіленген деңгейден жоғары микроорганизмдердің болуына жол берілмейді.
       Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      36. Дайын сүт өнімдерінде фосфотазаның және (немесе) пероксидазаның болуына жол берілмейді.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      37-тармақты алып тастау көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.11.15 № 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      37. Микробиологиялық қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша А және Б тобының консервілері өнеркәсіптік зарарсыздандыру талаптарына сәйкес болуы тиіс.
       Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      38. Мерзімінен бұрын бүлінуі туындау қаупінің алдын алуды қамтамасыз ететін дайын сүт өнімдерін шығару кезіндегі температура нақты сүт өнімдерінің түріне арналған гигиеналық нормативтер мен нормативтік құжаттарға сәйкес дайын сүт өнімдерін өткізу мерзімін ескере отырып белгіленуге тиіс.
      39. Аралас құрамдағы сүт өнімдері қауіпсіздігінің көрсеткіштерін анықтау салмақтық үлесі бойынша да, сол сияқты нормаланатын контаминанттардың рұқсат етілген деңгейі бойынша да негізгі шикізат түрі бойынша жүргізіледі.
      40. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      41. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      42. Сүтті және сүт өнімдерін тағамдық қоспалармен және витаминдермен байыту Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі. P080032
      Байыту өнімдердің тұтынушылық қасиетін төмендетпеуі, оның ішінде тағамдық заттарда қамтылғанды және олардағы басқа да қамтылғандарды игеру деңгейін төмендетпеуі және олардың қауіпсіздігіне әсер етпеуі тиіс.
       Ескерту. 42-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      43. Сүт өнімдерін витаминдермен және тағамдық қоспалармен байыту кезінде байытылатын қоспалардың өзара және байытылатын өнімнің компоненттерімен химиялық өзара іс-әрекетке түсу мүмкіндігін ескеру және байытылған өнімдердің айналымы процесінде барынша сақталуын қамтамасыз ететін олардың үйлесімін, нысанын, тәсілдері мен енгізу дәйектілігін таңдау қажет.
      44. Сүт өнімдерін пробиотикалық микроорганизмдермен байыту үшін пробиотикалық қасиеттері тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған дақылдардың ресми коллекцияларында сақтауға берілген штаммаларды пайдалануға жол беріледі.
      45. Экологиялық таза сүт пен сүт өнімдері генетикалық түрлендірілген объектілерді қамтымауы тиіс, ал контоминанттарды, микроорганизмдерді, уытты элементтерді, радионуклидтерді, пестицидтерді, микотоксиндерді қамту деңгейі бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген экологиялық тазалық стандарттарына сәйкес келуі тиіс.

8. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде пайдаланылатын ғимараттардың, құрылыстардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      46. Сүт және сүт өнімдерін дайындау және өндіру (дайындау) жөніндегі ғимарат пен оған іргелес маңдағы аумақ объектісі ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды сақтай отырып пайдаланылады.
       Ескерту. 46-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      47. Сүт өнімдерін дайындау кезінде қолданылатын ұйытқылар мен пробиотикалық дақылдар нормативтік және техникалық құжаттамаларға сәйкес мамандандырылған кәсіпорындарда дайындалуы тиіс.
      Өндірістік ұйытқыларды және (немесе) пробиотикалық дақылдарды дайындау арнайы бөлінген және тиісті үлгіде ұйымдастырылған ұйытқы бөлімшесінде жүргізіледі, ол мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
      1) өндірістік цехтардан оқшауландырылған үй-жайларда негізгі тұтынушы-цехтармен бірге бір өндірістік корпуста орналастырылуы;
      2) ұйытқылар мен дақылдарды микроорганизмдердің, бактериофагалар мен басқа да ластаушылардың ластауынан қорғауды қамтамасыз ететін жағдайларды жасайтын және күтіп ұстайтын жекелеген үй-жайлары болуы;
      3) тасқынды-сорғыш желдеткіші және (немесе) ауаны тазалау мен өңдеудің басқа да тиімді жүйесінің болуы.
      48. Кәсіпорынның кәріз жүйесінің құрылғысы құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарын қанағаттандыруға тиіс.
      Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағын суларды бұру үшін ұйымдар жалпы қалалық кәрізге қосылуы немесе дербес кәрізі және су объектісіне ағын суларды шығаратын тазалау құрылыстары болуға тиіс.
      Ашық су тоғандарына өндірістік, тұрмыстық және нөсер жауынның ағын суларын қашыртқылауды тиісті тазалаусыз жүргізуге жол берілмейді.
      Фекальді-шаруашылық және ластанған өндірістік ағын суларды жұтып қоятын құдықтарға және бұрғылау ұңғымаларына жіберуге тыйым салынады.
      Ағын суларға арналған қайта айдау станцияларының тазалау құрылыстары мен өзге де қондырғылар жарамды қалпында, таза ұсталуға әрі суларды, топырақты және ауаны ластау көздері болмауға тиіс.
      49. Өндіру (дайындау) объектілері:
      1) қоршаған ортаны ластау объектілерінен және сүтті және сүт өнімдерін ластау қауіпін тудыратын өнеркәсіптік қызметтен;
      2) жеткілікті алдын алу шараларының қабылданған жағдайларынан басқа, су тасқынына душар болған өңірлерден;
      3) зиянкестердің шабуылына ұшыраған аудандардан;
      4) қатты немесе сұйық өндіру (дайындау) қалдықтары тиімді аласталмайтын аудандардан қашықта орналасуы тиіс.
      Сүт және сүт өнімдерін өндіретін (дайындайтын) кәсіпорынның ішкі схемасы мен орналасуы шикізат пен дайын сүт өнімдерінің тоғыспалы қозғалысына жол бермеуге тиіс.
      Тоғыспалы ластануы ықтимал орындарда операциялар табиғи немесе басқа да тиімді тәсілдермен бөлінуі тиіс.
      Ғимараттар мен өндірістік үй-жайлар шикізатты алған сәттен бастап, түпкі өнімге дейінгі ағындарды реттеуді ескере отырып жоспарлануға тиіс.

9. Сүтті және сүт өнімдерін сақтау және тасымалдау кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      50. Сүт және сүт өнімдерін сақтауға арналған үй-жайларда сүт өнімдерін өндіруге (дайындауға) қатысы жоқ тағамдық емес материалдарды, қалдықтарды, тамақ өнімдері мен шикізатты бірге сақтауға тыйым салынады.
      Сүт және сүт өнімдерін сақтау өнімнің сақталуы ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормаларымен және осы техникалық регламентпен белгіленген қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес қамтамасыз етілетін шарттарда жарамдылық мерзімі ішінде жүзеге асырылады.
       Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      51-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.11.15 № 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      51. Сүт және сүт өнімдерін тасымалдау кезінде олардың ластануы мен бүлінуін болдырмауды қамтамасыз ететін шарттар сақталуы тиіс.
      Сүт консервілерін, құрғақ және қоюлатылған сүт өнімдерін қоспағанда, сүт және сүт өнімдері тез арада бүлінетін өнімдердің қатарына жатады және Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, тасымалдануы тиіс.
      Сүтті және сүт өнімдерін тасымалдау үшін тиісті санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес келетін, белгіленген тәртіппен ресімделген санитарлық паспорттары бар арнайы көлік құралдары (суық емес изотермиялық шанақтар, тоңазытылатын шанақтар, рефрижераторлар) пайдаланылуы тиіс.
      Ескерту. 51-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

10. Сүтті және сүт өнімдерін кәдеге жарату кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      52. Мынадай:
      1) осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмеген;
      2) сапасыздықтың анық белгілері болған;
      3) олардың шыққан жерін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын өндірушінің (дайындаушының) немесе берушінің құжаттарының болмауы;
      4) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мәліметті қамтитын таңбасының болмауы;
      5) жарамдылық мерзімі белгіленбеген немесе өтіп кеткен;
      6) ауру тудыру және таралу немесе адамдар мен жануарларды уландыру қаупін, адам мен жануарлардың денсаулығына және өміріне қатер төндіретін әрі қоршаған ортаны ластау қаупін тудыру себептері бойынша сапасыз және қауіпті деп танылған сүт және сүт өнімдері кәдеге жаратуға жатады.
       Ескерту. 52-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
       53. Сүтті және сүт өнімдерін кәдеге жаратуды өндіруші (дайындаушы) немесе сүтті және сүт өнімдерін сатушы оларды бастапқы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын кез-келген техникалық қол жететін және сенімді тәсілмен санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды міндетті түрде сақтай отырып жүзеге асырады. P080140

11. Сүтті және сүт өнімдерін буып-түюге (ыдыстарға) және таңбалау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      54. Сүтті және сүт өнімдерін буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын буып-түю және мамандандырылған барлық көлік түрлерінің сүт өнімдерімен жанасуы үшін белгіленген тәртіппен рұқсаты болуы тиіс.
      Орама тығыз жабылуы және кез-келген ластану мүмкіндігін болдырмауы, белгіленген сақтау және (немесе) жарамдылық кепілдігі берілген мерзімдері бойы тасымалдау, сақтау және өткізу кезінде өнімдердің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
      Көп мәрте қолданылатын орама (ыдыс) берік және (немесе) жөндеуге келетіндей болуы, жеңіл тазалануы әрі залалсыздандырылуы тиіс.
      Орама (ыдыс) немесе буып-түйілген сүт және сүт өнімдерін ашқан және (немесе) оралған өнімді алу кезінде, оның ішінде немесе тұтынушылардың белгілі бір санаттары (балалар, зейнеткерлер, мүгедектер) үшін ғана қиындықтар немесе ықтимал қауіп тудыратын жағдайларда мыналарға:
      1) орамада (ыдыста) орналастырылған ашылуы бойынша түсінікке қол жеткізу үшін нұсқаулықтың болуына;
      2) егер ораманы (ыдысты) тек қолдың көмегімен ашу мүмкіндігі болмаса, қосымша құралдардың болуына;
      3) буып-түйілген сүтті және сүт өнімдерін қауіпсіз ашу мүмкіндігіне назар аудару қажет.
      55. Сүт және сүт өнімдерін таңбалау "Орауға, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентінің талаптарына, сондай-ақ осы бөлімге сәйкес жүзеге асырылады.
      Сатылатын сүт және (немесе) сүт өнімдері, оның ішінде өнеркәсіптік емес сүт өнімдері, осы өнімдердің өндірілген орны (мекен-жайы), олардың атаулары және өндірілген күні, сүтті міндетті қайнату қажеттігі туралы тұтынушылар үшін ақпаратпен сүйемелденуі тиіс.
      "Сүт" деген атау және сүт өнімдерін белгілеу үшін қолданылатын атаулар бірде бір элемент ауыстырыла алмайтын немесе сүттің қандай да бір компонентті алмастыру мақсаттары жоқ немесе осы өнімге арналған сипаттағы пайдаланылатын мөлшер немесе тигізетін әсердің негізгі бөлігі сүт және сүт өнімдері болып табылатын күрделі өнімдерді белгілеу үшін бір немесе бірнеше терминдермен бірге қолданыла алады.
      Қолданыстағы нормативтік құжатқа сәйкес өнімнің нақты түрі сүт өнімінің атауы, оның ерекше қасиеттері, физикалық жай-күйі немесе арнайы өңдеу (бар болғанда), сүт компоненттері мен сүтке жатпайтын шикізаттың құрамы немесе ашытқы құрамы туралы ақпаратпен сүйемелденуі тиіс.
      Құрамында сүті бар және ашытылған өнімдерді таңбалау кезінде олардың атауларында "құрамында сүті бар" деген ұғым немесе "ашытылған" деген ұғым мысалы, "айран", "йогурт", "қаймақ", "сүзбе" және т.б. сияқты өнімдерді өндеу технологиясын сипаттайтын ұғымдармен ауыстырылады.
      Құрғақ сүт өнімдерін ішінара қолдану туралы ақпарат, қалыпқа келтіру мақсатында құрғақ сүт өнімдерін пайдалану жағдайларын қоспағанда, дайын өнімнің компоненттері туралы ақпаратпен бірге "Құрғақ сүт (кілегей, сарысу) қолдану арқылы жасалған" деген жазу түрінде орналастырылады.
      Ораманың (ыдыстың) зат белгілерінде «сүт» деген сөздің алдында сүт алынған ауыл шаруашылығы жануарларының түрі көрсетіледі (сиыр сүтін қоспағанда). Егер сүт өнімі қойылтылған не қоюлатылған сүттен не құрғақ табиғи сүттен немесе құрғақ майсыздандырылған сүттен өндірілген жағдайда ораманың беткі жағында тиісінше: «қойылтылған сүттен қалпына келтірілген», «коюлатылған сүттен қалпына келтірілген», «құрғақ табиғи сүттен қалпына келтірілген» және «құрғақ майсыздандырылған сүттен қалпына келтірілген» деген сөздер көрсетіледі. Бұл ретте өнімнің атауы және көрсетілген жазулар бір өлшемдегі қаріппен орындалуы тиіс.
      Майдың массалық үлесі бөлігінде құрамында сүті бар өнімдер үшін тағам құндылығы туралы ақпаратта май фазасындағы сүт майының пайызбен массалық үлесі көрсетіледі.
       Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен, өзгерту  енгізілді - ҚР 2010.01.25 N 21 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      56. Сүт және сүт өнімдерін таңбалау кезінде мыналарға:
      1) құрамдас сүт өнімдері, сүт немесе сүт өнімдері немесе болып табылмайтын өнімдердің атауларында осы техникалық регламентте белгіленген ұғымдарды, оның ішінде осындай өнімдерді таңбалау кезінде өндірушілердің фирмалық атауларында, олардың затбелгілерінде тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелуі мүмкін жарнамалық немесе басқа да мақсаттарда сол атаулардың құрамына кіретін сөздерді, әр түрлі тіркестерді пайдалануға;
      2) "сүт" немесе "табиғи сүт" деген ұғымдарды, оның ішінде дайындаушылардың фирмалық атауларында, қалпына келтірілген сүтті таңбалау кезінде осындай өнімдердің затбелгілерінде, тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелуі мүмкін жарнамалық немесе басқа да мақсаттарда пайдалануға;
      3) "май" деген ұғымды, оның ішінде дайындаушылардың фирмалық атауларында, май пасталарын және сары май-өсімдік спредін таңбалау кезінде осындай өнімдердің затбелгілерінде, тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелуі мүмкін жарнамалық немесе басқа да мақсаттарда қолдануға;
      4) "қорытылған май" деген ұғымды, оның ішінде дайындаушылардың фирмалық атауларында, қорытылған сары май-өсімдік қоспаларын таңбалау  кезінде осындай өнімдердің затбелгілерінде, тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелуі мүмкін жарнамалық немесе басқа да мақсаттарда қолдануға;
      5) "сүт", "сары май", "пломбир" деген ұғымдарды, құрамында өсімдік майы бар балмұздақты таңбалағанда қолдануға жол берілмейді.
       Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

12. Сәйкестік презумпциясы

      Ескерту. 12-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің ҚР 2010.01.25 N 21 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

13. Сәйкестікті растау

      58. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      59. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын ҚР СЭҚ ТН 0402, 0405 және 0406 тауарлық позицияларына кіретін сүт және сүт өнімдері «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысына сәйкес осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін міндетті растауға жатады.
      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің ҚР 2010.01.25 N 21 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      60. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің ҚР 2010.01.25 N 21 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      61. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің ҚР 2010.01.25 N 21 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      62. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің ҚР 2010.01.25 N 21 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен. 

14. Үйлестірілген стандарттардың тізбесі

      Ескерту. 14-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің ҚР 2010.01.25 N 21 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

15. Қолданысқа енгізу мерзімдері мен шарттары

      66. Осы техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      67. Осы техникалық регламент қолданысқа енгізілген сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттама, оларды осы техникалық регламентке сәйкес келтіргенге дейін, осы техникалық регламентке қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Тех. регламентті қосымшамен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

                                          Техникалық регламентіне
                                                  1-қосымша

       Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Техникалық регламентіне 
2-қосымша       

      Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.