Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 230 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 371 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 6 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

                                          Қазақстан Республикасы
                                            Премьер-Министрінің 
                                          2009 жылғы 20 наурыздағы
                                               N 42-ө өкімімен   
                                                 бекітілген     

     "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
        өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан
      Республикасының 2009 жылғы 6 ақпандағы Заңын іске асыру
    мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
                             тізбесі

Р/с N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша)

2009 жылғы наурыз

2

"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

2009 жылғы наурыз