Қазақстан Республикасының " Ветеринария туралы " 2002 жылғы 10 шілдедегі, " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы және " Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 11 наурыздағы
N 230 қаулысымен
бекітілген
"Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолдану саласы
1. "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) Қазақстан Республикасының "
Ветеринария туралы
" 2002 жылғы 10 шілдедегі, "
Техникалық реттеу туралы
" 2004 жылғы 9 қарашадағы және "
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы
" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және сүт және сүт өнімдерінің (бұдан әрі - сүт және сүт өнімдері) қауіпсіздігіне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді.
Осы техникалық регламент пайдаланылатын технологиялардың ерекшеліктеріне байланысты сүт өнімдерін өндіруге (дайындауға) арналған тамақ өнімдері, жартылай фабрикат немесе басқа да шикізат ретінде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өткізу кезінде, отандық және шетелде өндірілген (дайындалған) сүт-шикізаты мен дайын сүт және сүт өнімдеріне қолданылады.
2. Осы техникалық регламенттің қолданысына түскен барлық өнім түрлері мен олардың Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының жіктеуіші бойынша кодтары (бұдан әрі - СЭҚ ТН) осы техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
3. Осы техникалық регламенттің талаптары, сүт және сүт өнімдерін өндірумен (дайындаумен) қайта өңдеумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады.
4. Осы техникалық регламент балалар тағамдарына арналған, емдік, алдын алу және диеталық мақсаттағы үй жағдайында дайындалған сүтке және сүт өнімдеріне, жеке тұтынуға арналған сүт және сүт өнімдеріне, сондай-ақ сүт өнімдерін өндіруде (дайындауда) қолданылатын тағамдық қоспаларға, бояғыштар мен хош иістендіргіштерге қолданылмайды.
5. Осы техникалық регламентте мынадай терминдер пайдаланылады:
1) байыту - сүтке және сүтті қайта өңдеу өнімдеріне витаминдерді, микро- және макроэлементтерді, пробиотикалық заттарды, белокті, тағамдық талшықтарды, жартылай қанықпайтын майлы қышқылдарды, фосфолипидтерді, пробиотикалық дақылдарды енгізу процесі;
2) биоөнім - ашытатын микроорганизмдерді пайдалана отырып, ашытқылау процесінде және (немесе) одан кейін монодақылдардағы немесе қауымдастықтардағы пробиотиктердің тірі дақылдарын және (немесе) пребиотиктерді қоса отырып дайындалатын сүтті қайта өңдеудің байытылған өнімі;
3) зарарсыздандыру - микроорганизмдерді, олардың вегетативті жасушалары және спораларын жоюды қамтамасыз ететін тығыз жабылған ыдыстарда 100 о С-дан жоғары температура кезінде сүтті термикалық өңдеу процесі;
4) контаминант (ластағыш) - сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне немесе оларды тұтынудың жарамдылығына қатер төндіруі мүмкін кез келген биологиялық немесе химиялық фактор, тамақ өнімдеріне әдейі қосылмаған бөтен материал немесе басқа заттар;
5) қайта қалпына келтіру - оның қоюлатылған нысандарына су қосу жолымен сүт өнімін дайындау процесі;
6) қалыпқа келтіру - сүттегі немесе сүтті қайта өңдеу өнімдеріндегі сүттің құрама бөлшектерінің қамтылуы мен арақатынасын реттеу процесі;
7) пастерлеу - өнімнің бастапқы құрамынан кемінде 99,0% микроорганизмдердің патогендік және вегетативтік жасушаларын жоюды қамтамасыз ететін 65 о С-дан 100 о С-қа дейінгі температура кезінде термикалық өңдеу процесі;
8) пребиотиктер - тоқ ішектегі бір немесе саны шектеулі пайдалы бактериялардың өсуіне және (немесе) белсенділігіне оң әсер ететін қорытылмайтын тағамдық ингредиенттер;
9) пробиотикалық микроорганизмдер - ас қорыту жолдарындағы микрофлоралардың құрамына және биологиялық белсенділігіне қалыпқа келтіру әсерімен адам организміне оң әсер ететін, тамақпен бірге келіп түсетін патогенсіз, токсигенсіз микроорганизмдер;
10) сүтті қайта өңдеу өнімдері - сүт өнімдері, құрамдас сүт өнімдері, құрамында сүті бар өнімдер, қайталама сүт шикізаты;
11) құрамдас сүт өнімі - өнім құрамындағы сүттің құрамдық бөліктері 50%-дан астамын құрайтын сүттің құрамдық бөлігінде, сүттің құрамдық бөлігін ауыстыру мақсатында енгізілетін, сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдеріне және сүтке жатпайтын компоненттерді қоса отырып немесе қоспай сүттен және (немесе) сүт өнімдерінен дайындалатын тағамдық өнім;
12) суыту - технологиялық процестердің талаптарына сәйкес температураны төмендету;
13) құрамында сүті бар өнімдер - өнімнің құрғақ заттарындағы сүттің құрғақ заттарының үлес салмағы кемінде 20%, сүт құрамына жатпайтын майларды және (немесе) белоктарды қоса алғанда, сүттен және (немесе) сүт өнімдерінен және (немесе) сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдерінен және (немесе) сүт құрамына жатпайтын құрамдас бөліктерден дайындалған тағамдық өнім;
14) ашыған сүт өнімдері - тірі ашытқы микроорганизмдерін қамтитын, рН-ді және белок коагуляциясын азайтуға әкеп соғатын ашытқы микроорганизмдерін пайдалана отырып, сүттің құрамдас бөліктерін ауыстыру мақсатында енгізілетін, сүтті және (немесе) сүт өнімдерін және (немесе) олардың сүтке жатпайтын құрамдас бөліктердің қоспаларын ашыта отырып әзірленетін сүт немесе сүттің құрамдас өнімі;
15) сүт өнімдері - қайта өңдеуге арналған функционалды қажетті ингредиенттерді қамтуы мүмкін сүт құрамына жатпайтын майларды және белокты пайдаланбай-ақ сүттен және (немесе) оның құрамдас бөліктерінен дайындалатын тағамдық өнім;
16) сүтті қайта өңдеу - сүттің бастапқы қасиетін өзгертетін технологиялық операциялар кешені;
17) сүтті тазарту - сүтті механикалық қоспалардан тазарту процесі;
18) сүт-шикізат (шикі) - термикалық өңдеуге түспеген сүт;
19) табиғи сүт - сүттің құрамдас бөлшектері реттеуге ұшырамаған сүт;
20) табиғи сүт өнімі - табиғи сүттен дайындалған сүт өнімі;
21) термоөңдеу - сүтті немесе сүт өнімдерін термикалық өңдеу процесі;
22) тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою субъектісі (бұдан әрі - субъекті) - тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
23) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісі (бұдан әрі - өндіру (дайындау) объектісі) - тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) жөніндегі кәсіпорын;
24) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі - тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіруімен және тұтынушылардың заңды мүдделерінің бұзылуымен байланысты қауіпті факторды іске асыру және оның салдарларының ауыртпалығы мүмкіндігінің үйлесімін ескере отырып, жол берілмейтін қатердің болмауы;
25) ультражоғары температуралық өңдеу (УЖТ, ультрапастерлеу) - микроорганизмдерді, олардың вегетативті жасушалары мен спораларын жоюды қамтамасыз ететін 135 о С-дан астам температурада кемінде 2 секунд ұстай отырып, сүтті және оның ағынындағы қайта өңдеу өнімдерін термоөңдеу;
26) ферментті препараттар - сүтті қайта өңдеу өнімдерін дайындау кезінде орын алатын биохимиялық процестерді жүзеге асыру үшін қажетті белоктық заттар.
3. Сүтті және сүт өнімдерін сату кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
6. Сүт және сүт өнімдерін өткізу, олардың нормативтік құжаттамаларына сәйкес тамақ өнімдерін қабылдау, бақылау, сәйкестендіру және сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, ішкі сауда объектілерінде санитарлық-гигиеналық нормативтерді сақтай отырып жүзеге асырылады.
7. Сүтті және сүт өнімдерін өткізу үшін негізгі шарттар мыналар болып табылады:
2) сүт және сүт өнімдері туралы ақпараттың болуы;
3) сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттың (санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының, ветеринариялық-санитарлық қорытындының, ветеринариялық куәліктің, ветеринариялық сертификаттың, ветеринариялық анықтаманың, сәйкестік сертификатының) болуы.
8. Өткізу мерзімін сүттің және сүт өнімдерінің нақты түрлеріне арналған нормативтік құжаттарға сәйкес өндірушілер (дайындаушылар) белгілейді. Сүт және сүт өнімдерін өткізу кезінде сақтау шарттары орындалуы тиіс.
9. Сүт және сүт өнімдері тұтынушылық немесе топтық орамда (ыдыста), немесе оларсыз: құйылып немесе таразыға тартылып өткізіледі.
Сүт және сүт өнімдерін бүлінген және (немесе) тығыз жабылмаған орамда (ыдыста) өткізуге жол берілмейді.
Сүт және сүт өнімдерін құйылмалы немесе таразылап өткізу кезінде кесуге және таразылауға арналған арнайы жабдық, сондай-ақ таңбаланған сауда мүкәммалы (төсеніштер, қысқыштар, қалақшалар және т.б.) пайдаланылуы тиіс.
Буып-түйілмеген сүт өнімдерін тікелей таразыларда орама материалдарсыз тартуға жол берілмейді.
10. Сүт және сүт өнімдерін өткізуге
белгіленген
тәртіппен міндетті түрде медициналық тексеруден өткен адамдар жіберіледі.
Сүт және сүт өнімдерін өткізуді жүзеге асыратын адамдардың арнайы киімі болуы тиіс.
4. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізат қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
11. Өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған сүт-шикізаты, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жеке тапсырушылардан немесе жұқпалы аурулар бойынша салауатты шаруашылық жүргізуші субъектілерде ұсталатын дені сау жануарлардан алынуы тиіс. Сүт және құрамында сүті бар өнімдерді қайта өңдеу үшін сүт-шикізаты шикі түрінде беріледі.
12. Жануарларды ұстау, азықтандыру және сауу, жануарлардың жай-күйін бақылау шарттары, шикі сүтті өндірудің технологиялық процестері, шикі сүтті жинауды, суытуды, сақтауды және тасымалдауды қоса алғанда, ветеринарлық-санитарлық және санитарлық- эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың белгіленген талаптарына сәйкес келуі тиіс.
13. Сүт-шикізат сауылғаннан кейін 2 сағат ішінде кешіктірілмей шаруашылық жүргізуші субъектілерінде сүзілуі (тазалануы) және (4
+
2)
о
С темпертурасына дейін суытуға қамтылуы тиіс.
Сүт-шикізатын өндірушіде (дайындаушыда) қайта өңдеу жеріне тасымалдауға арналған уақытты ескере отырып, 24 сағаттан аспайтын (4
+
2)
о
С температурада сақтауға жол беріледі.
14. Сүт-шикізатын қайта өңдеу орнына тасымалдау уақытында және тіпті оны қайта өңдеу басталғанға дейін оның температурасы
8
о
С-дан аспауға тиіс.
Қайта өңдеу үшін келіп түскен сүт-шикізатты қайта өңдеуші кәсіпорнында сақтауда тұрған сүтпен араластыруға жол берілмейді.
Сүт-шикізатты өндірушіде (дайындаушыда) бұрын сақтауда тұрған сүттен басқа:
1) 4 о С температурасына дейін суытылған - 6 сағаттан аспайтын;
2) 6
о
С температурасына дейін суытылған - 4 сағаттан аспайтын сүт-шикізатты қайта өңдеушіде сақтауға (резервтеуге) жол беріледі.
Қабылдау кезінде температурасы бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін сүт-шикізат дереу қайта өңделуі тиіс.
15. Бұзаулағаннан (төл алудан) кейінгі алғашқы жеті күнде және суалту алдындағы соңғы бес күнде сиырлардан алынған, сондай-ақ нормативтік құжаттарда анықталған титрленетін қышқылының жоғары болуынан, термикалық өңдеуге жатпайтын сүт-шикізаты сүт өнімдеріне және сүті бар өнімдерге қайта өңдеу үшін қабылдауға жатпайды.
Ветеринарлық анықтамасы жоқ сүт-шикізат қабылданбауы тиіс.
16. Сүт-шикізатты, оның ішінде қайта өңдеу басталғанға дейінгі термикалық өңделген сүт-шикізатты сақтау (резервтеу) оған арналған жекелеген таңбаланған ыдыстарда жүзеге асырылады.
17. Жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз шаруашылық субъектілері үшін, сау жануарлардан алынған сүт-шикізатының өнеркәсіптік қайта өңдеуге жарамдылығы ветеринарлық анықтамамен және пероксидазасы жоқ деген сипаттағы термикалық қайта өңдеудің тиімділігін зертханалық зерттеумен расталады.
Жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз шаруашылық субъектілері үшін сүт-шикізатпен ілесе жүретін ілеспе құжаттарда өңдеу температурасы мен уақыты көрсетіле отырып, жүргізілген термикалық өңдеу туралы белгі қойылуы міндетті.
18. Сүт және сүт өнімдерінде уытты элементтердің, микотоксиндердің, антибиотиктердің, ингибирлейтін заттардың, пестицидтердің, радионуклидтердің, сондай-ақ микроорганизмдер мен соматикалық жасушалардың болу деңгейі ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерде белгіленген, рұқсат етілген деңгейден (нормадан) аспауға тиіс.
19. Сүт және сүт өнімдерін өндіруге сүт-шикізатты дайындау адам өмірі мен денсаулығы үшін қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігін және олардың ластануының кез келген түрін болдырмауды қамтамасыз етуі тиіс.
5. Ұйытқылар мен пробиотикалық дақылдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
20. Ұйытқылар және (немесе) пробиотикалық дақылдардың қауіпсіздігін оларды өндірушілер (дайындаушылар), ал олардан дайындалған өндірістік ұйытқылар - үй-жайларға (олардың өндірістік тізбекте орналасуына, құрамына және жай-күйіне) және жабдыққа (көрінісі мен жай-күйіне) қойылатын техникалық талаптар, сондай-ақ ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар (өндірістің технологиялық режимі мен өндірістік бақылау бағдарламасы) кешенін және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
21. Орамалары (ыдыстары) ашылған және (немесе) бүлінген және жарамдылық мерзімі өтіп кеткен ұйытқыларды сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.
Сүт және сүт өнімдерін өндіруде пайдаланылатын өндірістік ұйытқыларды дайындауға арналған ұйытқылардың және (немесе) пробиотикалық дақылдардың әрбір партиясы белгіленген нысандағы құжаттармен ілесе жүруі тиіс.
22. Ұйытқылардан және (немесе) пробиотикалық дақылдардан өндірістік ұйытқыларды және жандандырылған бакконцентраттарды дайындау мен шығару кезіндегі ұйытқылардың және (немесе) пробиотикалық дақылдардың сапасын бақылауды өндірістік циклдің барлық кезеңдерінде арнайы дайындалған және кезеңділігімен аттестатталған персонал жүзеге асырады.
23. Ұйытқыларды және (немесе) пробиотикалық дақылдарды дайындау процесі (құрғақ азықтық ортаны немесе құрғақ сүтті қалпына келтіруді, пастерлеуді және (немесе) залалсыздандыруды, суытуды, ашытуды, топырақ баптауды және ұйтқыны суытуды қоса алғанда) тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүргізіледі.
6. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
24. Технологиялық үй-жайларда өндіру (дайындау) процесінде бекітілген санитарлық және гигиеналық нормативтерге сәйкес жарықтың, микроклиматтың, шудың, дірілдің және жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттар құрамының қажетті деңгейі қамтамасыз етілуі тиіс.
25. Технологиялық үй-жайларда сүт және сүт өнімдерінің ластануын болдырмау үшін темекі өнімдерін, сағыз резеңкелерін тұтынуға және тамақ өнімдерін қабылдауға медициналық аптечкалар мен жеке заттарды сақтауға, персоналдың әсемдік заттар мен бижутерияларды тағып жүруіне рұқсат етілмейді.
Медициналық аптечкалар технологиялық үй-жайлар мен учаскелердің тамбурларында немесе тұрмыстық үй-жайларда орналастырылуы мүмкін.
Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) процесінде персоналдың жеке гигиена ережелерін орындауын, әсіресе жұмыс алдында, жұмыстағы үзілістерден және дәретхананы пайдаланғаннан кейін қол жууға қатысты қатаң бақылауды жүзеге асырады.
Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) жөніндегі технологиялық үй-жайларда кемірушілер мен жәндіктердің (оның ішінде шыбындардың, тарақандардың) болуына жол берілмейді.
Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) объектісінің аумағына құстар мен жануарлардың болуына жол берілмейді.
26. Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың рұқсат етілген деңгейін анықтау әр өндіру (дайындау) объектісі үшін шығарылатын сүт өнімдерінің түрлері мен санитарлық және гигиеналық нормативтерге сәйкес технологиялық процестерді жүргізу ерекшеліктеріне қарай жеке белгіленеді.
V053789
Желдету, ауаны тазалау, ауалық жылыту жүйесінің тасқынды ауасындағы зиянды заттардың шоғырлануы, оның рұқсат етілген шегінің 30%-нан аспауға тиіс. Егер шаң зиянды фактор болып табылса, онда келетін тасқынды ауаны тазартуды көздеу қажет.
27. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) өндірісіне арналған технологиялық жабдық, оның ішінде сауу-сүт жабдығы сүт және сүт өнімдерімен байланысуға арналған материалдардан дайындалуы және машиналар мен жабдықтар қауіпсіздігі саласындағы заңнамада көзделген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі тиіс.
28. Технологиялық процесс барынша автоматтандырылған болуы, ал сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) үшін қолданылатын технологиялық жүйелер қызмет көрсетуші персоналмен өнімге, оны дайындау кезінде ластаушы заттар мен микроорганизмдердің еніп кетуін болдырмау мақсатында тікелей байланысты алынып тасталуы тиіс. Өндірістік және технологиялық жабдық қызмет көрсетуші персоналдың жұмыс істеуі (техникалық қызмет көрсету, тазалау және залалсыздандыру) үшін еркін келуі қамтамасыз етілетіндей етіп құрастырылуы тиіс.
29. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау), термикалық өңдеу, суыту және сақтау үшін пайдаланылатын жабдық қауіпсіз өнім өндіруді (дайындауды) қамтамасыз ету үшін барынша тез талап етілетін температураға қол жеткізу және ұстап тұру қамтамасыз етілуі тиіс.
Жабдық Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес, мақсатына қарай пайдалану үшін сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне немесе жарамдылығына теріс әсер етуі мүмкін температураны, ылғалдылықты, ауа ағыны мен басқа да сипаттамаларды бақылау және өлшеу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Өлшеу құралдары
белгіленген
тәртіппен тексерілген және (немесе) аттестатталған және Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшін рұқсат берілген өлшеу құралдарының тізіліміне енгізілген болуы тиіс.
Сүтті тазалауға арналған жабдық коррозияға берік материалдардан дайындалуы және жеңіл тазалау мүмкіндігі болатындай етіп құрастырылуы тиіс.
Ластануды болдырмау үшін сүтті тазалау және жабдықты санитарлық өңдеу жөніндегі қондырғы сүт және сүт өнімдерін сақтау, қайта өңдеу және буып-түю алаңдарынан алыста болуы тиіс.
30. Өндірістік процестердің қауіпсіздігіне өндірудің (дайындаудың) температуралық режимін және дайын сүт өнімдерін өткізуді қоса алғанда, олардың сақталуы үшін тұрақты бақылау кепілдігі беріледі.
31. Қауіпсіздікті, өнеркәсіптік зарарсыздандыруды және сақтау мерзімдерін ұзартуды қамтамасыз ету үшін сүт және сүт өнімдері термоөңдеуден, оның ішінде термизациядан, пастерлеуден, зарарсыздандырудан, ультрапастерлеуден немесе ультражоғары температуралық өңдеуден өтеді.
Сүт және сүт өнімдерінің термизациясы 60
0
С-дан 68
0
С-ға дейінгі температурада, кейіннен 30 секундқа дейін ұстала отырып жүзеге асырылады.
Сүт және сүт өнімдерін (төменгі температуралық, жоғары температуралық) пастерлеу сүттегі және оның қайта өңдеу өнімдеріндегі кез-келген патогенді микроорганизмдер адам денсаулығына зиян келтірмейтіндей жағдайда санының азаюын қамтамасыз ететін уақыт бойы 63
0
С-дан 100
0
С-ге дейінгі температура диапазонында ұстала отырып, әртүрлі режимдерде (температура/уақыт) жүзеге асырылады.
Сүт және сүт өнімдерін төмен температуралы пастерлеу 76
0
С-дан аспайтын температура жағдайында жүргізіледі және сілтілік фосфотаза инактивациясымен ілесе жүреді.
Сүт және сүт өнімдерін жоғары температуралы пастерлеу 77
0
С-дан 125
0
С-ға дейінгі температура диапазонында жүргізіледі және сілтілік фосфотаза мен пероксидаза инактивациясымен ілесе жүреді.
Сүт және сүт өнімдерін зарарсыздандыру өнімнің өнеркәсіптік зарарсыздандыру талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ететін 100
0
С-дан жоғары температурада ұстала отырып, тығыз жабылған тұтынушы орамында (ыдысында) жүзеге асырылады.
Сүтті және сұйық сүт өнімдерін қайта өңдеу кезінде ультрапастерлеу:
1) кейіннен асептикалық буып-түю кезінде - өнімнің өнеркәсіптік зарарсыздығы талаптарына сәйкестігін;
2) кейіннен асептикалық емес буып-түю кезінде - өнімнің қалдық микрофлорасының елеулі азаюы мен сақтау ұзақтығының ұлғаюын қамтамасыз ететін 125
0
С-138
0
С температура кезінде кемінде 5 секунд ұстала отырып, жүзеге асырылады.
Сүт және сүт өнімдерін ультражоғары температуралық өңдеу жабық жүйе ағынында 135
0
С-140
0
С температура кезінде жылытылған үстіңгі бетімен жанасу немесе зарарсыздандырылған буды өніммен тікелей араластыру жолымен кемінде 2 секунд ұстай отырып жүзеге асырылады.
32. Арнайы технологиялық процестердің тиімділігін бақылау кезеңділігі өндірістік бақылау бағдарламасында белгіленеді және өнеркәсіптік зарарсыздандыру талаптарына сәйкестігіне өнім үлгілерін сынау жолымен қамтамасыз етіледі.
Сүт және сүт өнімдерін термикалық өңдеуді бақылау кезінде қолданылатын әдістер дайын сүт өнімі қауіпсіздігінің берілген деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
Термикалық өңдеуден өтетін сүтті және сүттің қайта өнімдерін суыту 4
0
С
+
2
0
С-дан аспайтын температураға дейін жүргізіледі.
7. Дайын сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
33. Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) және айналымы кезіндегі ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу жолымен қолдауға ие болуы тиіс.
34. Өткізуге арналған сүт және сүт өнімдерінде уытты элементтердің, микотоксиндердің, антибиотиктердің, пестицидтердің, радионуклидтердің болуы, сондай-ақ тотығып бүліну көрсеткіштерінің ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерде белгіленген деңгейден аспауға тиіс.
35. Өткізуге арналған сүттегі және сүт өнімдеріндегі микроорганизмдер құрамының рұқсат етілген деңгейі ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерде белгіленген деңгейден аспауға тиіс.
36. Дайын сүт өнімдерінде фосфотазаның және (немесе) пероксидазаның болуына жол берілмейді.
37. А және Б топтарының толық консервілері қауіпсіздігінің микробиологиялық көрсеткіштері (өнеркәсіптік зарарсыздандыру) ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелермен белгіленген деңгейден аспауға тиіс.
38. Мерзімінен бұрын бүлінуі туындау қаупінің алдын алуды қамтамасыз ететін дайын сүт өнімдерін шығару кезіндегі температура нақты сүт өнімдерінің түріне арналған гигиеналық нормативтер мен нормативтік құжаттарға сәйкес дайын сүт өнімдерін өткізу мерзімін ескере отырып белгіленуге тиіс.
39. Аралас құрамдағы сүт өнімдері қауіпсіздігінің көрсеткіштерін анықтау салмақтық үлесі бойынша да, сол сияқты нормаланатын контаминанттардың рұқсат етілген деңгейі бойынша да негізгі шикізат түрі бойынша жүргізіледі.
40. Құрғақ, қойытылған немесе қалпына келтірілген сүт өнімдері қауіпсіздігінің көрсеткіштерін дайындаушы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша шикізаттағы және түпкі өнімдегі құрғақ заттардың құрамын ескере отырып, бастапқы өнімді қайта есептеуде есепке алады.
41. Жаңа сүт өнімі үшін қауіпсіздік деңгейін республикада белгіленген нормалар мен стандарттарға, ал олар болмаған кезде ұсынылған халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес, өнімдердің құрамы бойынша соған ұқсас немесе жақын көрсеткіштерді есепке ала отырып, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша өндіру (дайындау) субъектісі айқындайды.
42. Сүтті және сүт өнімдерін тағамдық қоспалармен және витаминдермен байыту денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген санитарлық-эпидемиологиялық
ережелер
мен нормаларға сәйкес жүргізіледі.
P080032
Байыту өнімдердің тұтынушылық қасиетін төмендетпеуі, оның ішінде тағамдық заттарда қамтылғанды және олардағы басқа да қамтылғандарды игеру деңгейін төмендетпеуі және олардың қауіпсіздігіне әсер етпеуі тиіс.
43. Сүт өнімдерін витаминдермен және тағамдық қоспалармен байыту кезінде байытылатын қоспалардың өзара және байытылатын өнімнің компоненттерімен химиялық өзара іс-әрекетке түсу мүмкіндігін ескеру және байытылған өнімдердің айналымы процесінде барынша сақталуын қамтамасыз ететін олардың үйлесімін, нысанын, тәсілдері мен енгізу дәйектілігін таңдау қажет.
44. Сүт өнімдерін пробиотикалық микроорганизмдермен байыту үшін пробиотикалық қасиеттері тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған дақылдардың ресми коллекцияларында сақтауға берілген штаммаларды пайдалануға жол беріледі.
45. Экологиялық таза сүт пен сүт өнімдері генетикалық түрлендірілген объектілерді қамтымауы тиіс, ал контоминанттарды, микроорганизмдерді, уытты элементтерді, радионуклидтерді, пестицидтерді, микотоксиндерді қамту деңгейі бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген экологиялық тазалық стандарттарына сәйкес келуі тиіс.
8. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде пайдаланылатын ғимараттардың, құрылыстардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
46. Сүт және сүт өнімдерін дайындау және өндіру (дайындау) жөніндегі ғимарат пен оған іргелес маңдағы аумақ объектісі инфекциялық аурулар бойынша қолайлы аумақтарда орналастырылады және ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды сақтай отырып пайдаланылады.
47. Сүт өнімдерін дайындау кезінде қолданылатын ұйытқылар мен пробиотикалық дақылдар нормативтік және техникалық құжаттамаларға сәйкес мамандандырылған кәсіпорындарда дайындалуы тиіс.
Өндірістік ұйытқыларды және (немесе) пробиотикалық дақылдарды дайындау арнайы бөлінген және тиісті үлгіде ұйымдастырылған ұйытқы бөлімшесінде жүргізіледі, ол мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) өндірістік цехтардан оқшауландырылған үй-жайларда негізгі тұтынушы-цехтармен бірге бір өндірістік корпуста орналастырылуы;
2) ұйытқылар мен дақылдарды микроорганизмдердің, бактериофагалар мен басқа да ластаушылардың ластауынан қорғауды қамтамасыз ететін жағдайларды жасайтын және күтіп ұстайтын жекелеген үй-жайлары болуы;
3) тасқынды-сорғыш желдеткіші және (немесе) ауаны тазалау мен өңдеудің басқа да тиімді жүйесінің болуы.
48. Кәсіпорынның кәріз жүйесінің құрылғысы құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық
ережелер
мен нормалар талаптарын қанағаттандыруға тиіс.
Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағын суларды бұру үшін ұйымдар жалпы қалалық кәрізге қосылуы немесе дербес кәрізі және су объектісіне ағын суларды шығаратын тазалау құрылыстары болуға тиіс.
Ашық су тоғандарына өндірістік, тұрмыстық және нөсер жауынның ағын суларын қашыртқылауды тиісті тазалаусыз жүргізуге жол берілмейді.
Фекальді-шаруашылық және ластанған өндірістік ағын суларды жұтып қоятын құдықтарға және бұрғылау ұңғымаларына жіберуге тыйым салынады.
Ағын суларға арналған қайта айдау станцияларының тазалау құрылыстары мен өзге де қондырғылар жарамды қалпында, таза ұсталуға әрі суларды, топырақты және ауаны ластау көздері болмауға тиіс.
49. Өндіру (дайындау) объектілері:
1) қоршаған ортаны ластау объектілерінен және сүтті және сүт өнімдерін ластау қауіпін тудыратын өнеркәсіптік қызметтен;
2) жеткілікті алдын алу шараларының қабылданған жағдайларынан басқа, су тасқынына душар болған өңірлерден;
3) зиянкестердің шабуылына ұшыраған аудандардан;
4) қатты немесе сұйық өндіру (дайындау) қалдықтары тиімді аласталмайтын аудандардан қашықта орналасуы тиіс.
Сүт және сүт өнімдерін өндіретін (дайындайтын) кәсіпорынның ішкі схемасы мен орналасуы шикізат пен дайын сүт өнімдерінің тоғыспалы қозғалысына жол бермеуге тиіс.
Тоғыспалы ластануы ықтимал орындарда операциялар табиғи немесе басқа да тиімді тәсілдермен бөлінуі тиіс.
Ғимараттар мен өндірістік үй-жайлар шикізатты алған сәттен бастап, түпкі өнімге дейінгі ағындарды реттеуді ескере отырып жоспарлануға тиіс.
9. Сүтті және сүт өнімдерін сақтау және тасымалдау кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
50. Сүтті және сүт өнімдерін сақтауға арналған үй-жайларда сүт өнімдерін өндіруге (дайындауға) қатысы жоқ тағамдық емес материалдарды, қалдықтарды, тамақ өнімдері мен шикізатты бірлесіп сақтауға тыйым салынады.
Сүтті және сүт өнімдерін сақтау кезінде өндіру (дайындау) субъектісі қоймадан бірінші кезекте сақтауға басқалардан бұрын келіп түскен сүт және сүт өнімдерін шығаруды көздейтін алмастыру жүйесі қолданылуы тиіс.
Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) үшін сүт-шикізаты бар (толтырылған немесе жартылай толтырылған) контейнерлер жабық күйінде сақталуға және алғашқы мүмкіндіктің өзінде-ақ пайдаланылуы тиіс. Буып-түйілген материалдарды сақтау олардың кез келген ықтимал ластануын болдырмауға тиіс.
Сүтті және сүт өнімдерін өндіруде (дайындауда) пайдаланылатын басқа да материалдар тиісті таңбасы бар жекелеген контейнерлерде ұсталуға және сақталуға тиіс.
Сүтті және сүт өнімдерін сақтау олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін температуралық режимде ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық
ережелер
мен
нормаларға
сәйкес жүзеге асырылады.
51. Сүт және сүт өнімдерін тасымалдау кезінде олардың ластануы мен бүлінуін болдырмауды қамтамасыз ететін шарттар сақталуы тиіс.
Сүт консервілерін, құрғақ және қоюлатылған сүт өнімдерін қоспағанда, сүт және сүт өнімдері тез арада бүлінетін өнімдердің қатарына жатады және Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы
заңнамасында
белгіленген талаптарды сақтай отырып, тасымалдануы тиіс.
Сүтті және сүт өнімдерін тасымалдау үшін тиісті санитарлық-эпидемиологиялық
ережелер
мен
нормалардың
талаптарына сәйкес келетін,
белгіленген
тәртіппен ресімделген санитарлық паспорттары бар арнайы көлік құралдары (суық емес изотермиялық шанақтар, тоңазытылатын шанақтар, рефрижераторлар) пайдаланылуы тиіс.
Жылдың жылы уақытында тасымалдау:
1) тоңазытылған шанақтары бар арнайы көлікте алты сағаттан аспайтын;
2) суық емес изотермиялық шанақтарда бір сағаттан көп емес плюс 6
0
С-дан аспайтын температура кезінде жүргізіледі.
Сүт және сүт өнімдерін тасымалдау, сақтау шарттары бұзылған кезде, сүт және сүт өнімдері нәтижелері бойынша олардың одан әрі пайдаланылуы айқындалатын ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға жіберіледі.
Сүтті және сүт өнімдерін тасымалдаған кезде, олардың шыққан жерін, қауіпсіздігін, сақтау шарттары мен сақтау мерзімін растайтын құжаттар ілесе жүреді.
10. Сүтті және сүт өнімдерін кәдеге жарату кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1) осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмеген;
2) сапасыздықтың анық белгілері болған;
3) олардың шыққан жерін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын өндірушінің (дайындаушының) немесе берушінің құжаттарының болмауы;
4) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мәліметті қамтитын таңбасының болмауы;
5) жарамдылық немесе сақтау мерзімі белгіленбеген немесе өтіп кеткен;
6) ауру тудыру және таралу немесе адамдар мен жануарларды уландыру қаупін, адам мен жануарлардың денсаулығына және өміріне қатер төндіретін әрі қоршаған ортаны ластау қаупін тудыру себептері бойынша сапасыз және қауіпті деп танылған сүт және сүт өнімдері кәдеге жаратуға жатады.
53. Сүтті және сүт өнімдерін кәдеге жаратуды өндіруші (дайындаушы) немесе сүтті және сүт өнімдерін сатушы оларды бастапқы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын кез-келген техникалық қол жететін және сенімді тәсілмен санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды міндетті түрде сақтай отырып жүзеге асырады. P080140
11. Сүтті және сүт өнімдерін буып-түюге (ыдыстарға) және таңбалау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
54. Сүтті және сүт өнімдерін буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын буып-түю және мамандандырылған барлық көлік түрлерінің сүт өнімдерімен жанасуы үшін белгіленген тәртіппен рұқсаты болуы тиіс.
Орама тығыз жабылуы және кез-келген ластану мүмкіндігін болдырмауы, белгіленген сақтау және (немесе) жарамдылық кепілдігі берілген мерзімдері бойы тасымалдау, сақтау және өткізу кезінде өнімдердің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Көп мәрте қолданылатын орама (ыдыс) берік және (немесе) жөндеуге келетіндей болуы, жеңіл тазалануы әрі залалсыздандырылуы тиіс.
Орама (ыдыс) немесе буып-түйілген сүт және сүт өнімдерін ашқан және (немесе) оралған өнімді алу кезінде, оның ішінде немесе тұтынушылардың белгілі бір санаттары (балалар, зейнеткерлер, мүгедектер) үшін ғана қиындықтар немесе ықтимал қауіп тудыратын жағдайларда мыналарға:
1) орамада (ыдыста) орналастырылған ашылуы бойынша түсінікке қол жеткізу үшін нұсқаулықтың болуына;
2) егер ораманы (ыдысты) тек қолдың көмегімен ашу мүмкіндігі болмаса, қосымша құралдардың болуына;
3) буып-түйілген сүтті және сүт өнімдерін қауіпсіз ашу мүмкіндігіне назар аудару қажет.
55. Сүтті және сүт өнімдерін буып-түю "Буып-түюге, (ыдысқа), таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс жазуға қойылатын талаптар"
техникалық регламентінің
талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Сүттің және сүт өнімдерінің орамында (ыдысында) тұтынушы үшін міндетті ақпаратқа қосымша тамақ өнімдері саласындағы Қазақстан Республикасының
заңнамасына
сәйкес берілген өндіру (дайындау) объектісінің есепке алу нөмірі көрсетіледі.
56. Таңбалау тікелей тұтынушылық, топтық немесе көліктік орамаға (ыдысқа) немесе оларға бекітілетін (ілінетін) жапсырма қағаздарға немесе затбелгі жапсырмаларға, олардың жоғалуын болдырмайтын әдістермен немесе тиісті ілеспе құжаттарға салынады.
57. Осы техникалық регламенттің негізгі техникалық (елеулі) талаптарын қанағаттандыратын шарттар үйлестірілген стандарттарды қолдану болып табылады.
Сүт және сүт өнімдері осы техникалық регламентке және үйлестірілген стандарттарға сәйкестігі жағдайында стандарттау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттар бойынша өндірілуі (дайындалуы) мүмкін.
58. Сәйкестікті растау - дайын сүт өнімдерінің осы техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкестігін растау арқылы жүзеге асырылатын рәсім.
Дайын сүт өнімдерінің сертификаттау мен тіркелу сәйкестігі міндетті түрде расталуы тиіс.
59. Дайын сүт өнімдерінің міндетті түрдегі сертификациясының техникалық регламент талаптарына сәйкестігі сүт өнімдерін өндірушімен (дайындаушымен) шарт негізінде сәйкестікті растау жөніндегі тіркелген орган жүзеге асырады.
60. Өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігі сүт өнімдерін өндірушіге (дайындаушыға) сәйкестікті растау жөніндегі орган берген сәйкестік сертификатымен расталады. Сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі 3 жылдан аспайды.
61. Сәйкестігі техникалық регламент талаптарымен расталған дайын сүт өнімі тауарлық белгімен немесе сәйкестік белгісімен таңбаланады. Тауарлық белгімен (егер бар болса) таңбалауды сүт өнімдерін өндіруші (дайындаушы) өзіне қолайлы кез келген тәсілмен дербес жүзеге асырады.
62. Сәйкестікті міндетті түрде растау жөніндегі тізбеге енбей қалған дайын сүт өнімі сүт өнімін өндірушінің (дайындаушының) қалауы бойынша еркін түрде сертификаттауға жіберілуі мүмкін.
Шетел мемлекеті берген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының
заңнамасына
сәйкес оларды мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде таныған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледі.
14. Үйлестірілген стандарттардың тізбесі
63. Осы техникалық регламентпен белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін, үйлестірілген стандарттардың тізбесі (дәлелдеу базасы) осы техникалық регламентке 7-қосымшада келтірілген.
64. Сүтке және сүт өнімдеріне арналған стандарттарда орындалуы үшін міндетті осы техникалық регламентке сәйкес қауіпсіздік талаптары болып табылады.
65. Осы техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарын орындауды қамтамасыз ететін сүт және сүт өнімдері бойынша қолданылатын қолданыстағы стандарттарды үйлестіру техникалық реттеу туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
15. Қолданысқа енгізу мерзімдері мен шарттары
66. Осы техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
67. Осы техникалық регламент қолданысқа енгізілген сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттама, оларды осы техникалық регламентке сәйкес келтіргенге дейін, осы техникалық регламентке қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
Техникалық регламентіне
1-қосымша
Техникалық регламенттің қолданысына енетін өнім
түрлерінің тізбесі
Өнім түрлері |
СЭҚ ТН коды |
1. Табиғи сүт өнімдері: |
0401 |
1.1. Табиғи сүт |
0401 20 |
1.2. Ішетін сүт |
0401 |
1.3. Майсыздандырылған сүт |
0401 10 |
1.4. Қорытылған сүт |
0401 |
1.5. Кілегей |
0401 |
2. Биоөнімдерді қоса
|
0403 |
2.1. Қатық |
0403 |
2.2. Ұйыған сүт |
0403 |
2.3. Кефир |
0403 |
2.4. Ряженка |
0403 10 |
2.5. Йогурт |
0403 |
2.6. Қаймақ |
0403 |
2.7. Сүзбе |
0406 10 200 1 |
2.8. Сүзбе өнімдері |
0406 |
2.9. Сүт негізіндегі сусындар |
0406 |
3. Ірімшіктер |
0406 90 |
3.1. Қатты ірімшіктер |
0406 10 |
3.2. Тұздықты ірімшіктер |
0406 30 |
3.3. Балқытылған ірімшіктер |
|
4. Сиыр сүтінен жасалған май |
0405 10 |
4.1. Сарымай |
0405 10 |
4.2. Қышқыл сары май (майлы
|
0405 10
|
4.3. Тәтті сары май (май
|
|
4.4. Майлы паста (сиыр сүтінен жасалған) |
0405 10
|
4.5. Қорытылған май |
0405 |
4.6. Құрамында сүті бар өнім.
|
0405 90 |
5. Сүт (сүтті құрайтын, сүт
|
1517 |
5.1. Қойытылған сүт өнімі |
0402 |
5.2. Қоюлатылған сүт
|
0402
|
5.3. Құрғақ сүт өнімі |
0402 |
5.4. Құрғақ сүтті қайта өңдеу
|
0404 |
5.5. Майсыздандырылған құрғақ
|
0402 |
5.6. Құрғақ кілегей |
0402 |
5.7. Құрғақ сарысу |
0404 |
6. Балмұздақ |
2105 00 |
6.1. Сүтқышқылды балмұздақ |
2106 |
7. Сүтті қайта өңдеу өнімдері |
2106 |
7.1. Майсу |
0403 |
7.2. Сүт сарысуы |
0404 |
7.3. Тағамдық казеин (қышқыл,
|
0406 |
7.4. Тағамдық казеинат |
0406 10 200 9 |
8. Ұлттық сүт өнімдері |
0403, 0406 10
|
8.1. Қымыз |
0403 |
8.2. Айран |
0403 |
8.3. Ірімшік |
0406 10 200 9 |
8.4. Сүзбе |
0406 10 200 9 |
8.5. Құрт |
0406 10 200 9 |
9. Сүт құрамды өнімдер |
2106 |
Техникалық регламентіне
2-қосымша
Үйлестірілген стандарттар тізілімі
ҚР СТ 44-94 Құрт. Техникалық шарттар.
ҚР СТ 87-98 Ірімшік. Техникалық шарттар.
ҚР СТ 94-95 Сүзбе. Техникалық шарттар.
ҚР СТ 117-97 Шұбат. Техникалық шарттар.
ҚР СТ 142-97 Сиыр сүтінің кілегейі. Дайындау кезіндегі талаптар.
ҚР СТ 166-97 Шұбатқа қайта өңдеуге арналған түйе сүті.
ҚР СТ 230-87 Қатық. Техникалық шарттар.
ҚР СТ 368-94 Пластикалық кілегей. Техникалық шарттар.
ҚР СТ 715-95 Балқытылған ірімшіктер. Техникалық шарттар.
ҚР СТ 825-96 Пошехон ірімшігі. Техникалық шарттар.
ҚР СТ 976-94 Балқытуға арналған майсыз және майлы ірімшіктер. Техникалық шарттар.
ҚР СТ 1004-98 Табиғи қымыз. Техникалық шарттар.
ҚР СТ 1005-98 Бие сүті. Сатып алу кезіндегі талаптар.
ҚР СТ 1007-98 Сары май пастасы. Техникалық шарттар.
ҚР СТ 1010-2002 Тамақ өнімдері. Тұтынушыға арналған ақпарат. Жалпы талаптар.
ҚР СТ 1014-2000 Өнімді бірдейлендіру. Жалпы ережелер.
ҚР СТ 1060-2002 Толтырғыштары бар сүт сарысуы негізіндегі сусындар. Жалпы техникалық шарттар.
ҚР СТ 1061-2002 Сүт өнімі. Снежок. Техникалық шарттар.
ҚР СТ 1062-2002 Май. Жалпы техникалық шарттар.
ҚР СТ 1063-2002 Ірімшіктер. Жалпы техникалық шарттар.
ҚР СТ 1064-2002 Қаймақ. Жалпы техникалық шарттар.
ҚР СТ 1065-2002 Йогурт. Жалпы техникалық шарттар.
ҚР СТ 1066-2002 Балмұздақ. Жалпы техникалық шарттар.
ҚР СТ 1067-2002 Сүзбе бұйымдары. Жалпы техникалық шарттар.
ҚР СТ 1100-2002 Сүт өнімдері. Қатық. Жалпы техникалық шарттар.
ҚР СТ 1101-2002 Қышқыл сүт өнімдері. Ряженка, варенец.
Жалпы техникалық шарттар.
ҚР СТ 1102-2002 Сүт өнімдері. Ірімшіктер. Жалпы техникалық шарттар.
ҚР СТ 1103-2002 Сүт өнімдері. Сүзбе. Жалпы техникалық шарттар.
ҚР СТ 1105-2002 Сүт өнімдері. Балқаймақ. Жалпы техникалық шарттар.
ҚР СТ 1106-2002 Сүт өнімдері. Сары май муссы. Жалпы техникалық шарттар.
ҚР СТ 1107-2002 Сүт өнімдері. Пудинг. Жалпы техникалық шарттар.
ҚР СТ 1108-2002 Сүт өнімдері. Суфле. Жалпы техникалық шарттар.
ҚР СТ 1304-2004 Жұмсақ тағамдық сары-өсімдік майы. Техникалық шарттар.
ҚР СТ 1307-2004 Сүт және сүт өнімдері. Балқытылған диеталық ірімшік. Техникалық шарттар.
ҚР СТ 1324-2002 Сиыр сүті (ішетін витаминделген). Техникалық шарттар.
ҚР СТ 1326-2005 Май аз қамтылған құрамдастырылған май. "Шырғанақ". Техникалық шарттар.
ҚР СТ 1325-2005 "Шетен" йод қоспасы бар сүт өнімі.
ҚР СТ 1327-2005 Сусындар. "Жеміс" кефирі. Техникалық шарттар.
ҚР СТ 1328-2005 Мейіз қосылған және мейізсіз ванильді, тәтті ірімшіктер. Техникалық шарттар.
ҚР СТ 1329-2055 "Қазақстан" сиыр сары майы. Техникалық шарттар.
ҚР СТ 1337-2005 Варенец. Техникалық шарттар.
ҚР СТ 1372-2005 Өсімдік қоспасы бар сары май. Техникалық шарттар.
ҚР СТ 1471-2005 "Таң" ұлттық қышқыл сүт өнімі. Техникалық шарттар.
ҚР СТ ИСО 22000-2006 Тамақ өнімдері қауіпсіздігі менеджментінің жүйесі. Тамақ өнімдерін өндіру және тұтыну тізбегіндегі барлық ұйымдарға талаптар.
МЕМСТ 37-91 Сиыр майы. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 718-84 Сүт консервілері. Қанты бар қойытылған сүтті какао. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 719-85 Сүт консервілері. Қойытылған сүті бар табиғи кофе. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 2903-78 Қант қосылған табиғи сүт. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 4495-87 Құрғақ табиғи сүт. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 4771-80. Сүт консервілері. Қант қосылған қойытылған майсыз сүт. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 4937-85 Сүт консервілері. Қант қосылған қойытылған кілегей. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 7616-85 Мәйекті қатты ірімшіктер. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 6822-67 Шоколадты майлар. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 10382-85 Сүт консервілері. Құрғақ қышқылтым сүт өнімдері. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 10970-87 Майсыздандырылған құрғақ сүт. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 17626-81 Техникалық казеині. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 23621-79 Экспортқа шығарылатын, майсыздандырылған құрғақ сиыр сүті. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 23651-79 Консервіленген сүт өнімі. Орау және таңбалау.
МЕМСТ Р 51917-2002* Сүт өнімдері және құрамында сүті бар өнімдер. Терминдер мен анықтамалар.
МЕМСТ Р 52090-2003* Ішетін сүт. Техникалық шарттар.
МЕМСТ Р 52091-2003* Ішетін кілегей. Техникалық шарттар.
МЕМСТ Р 52176-2003* Май жасау және ірімшік жасау өнімдері. Терминдер мен анықтамалар.