Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 260 Қаулысы

Жаңартылған

      "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Фильтрлі сигареттерге (қорап):
      ұзындығы таңдалған шамадан + 1,0 миллиметрге шекті ауытқумен 45-тен 85 миллиметрге дейін алпыс теңге мөлшерінде;
      ұзындығы таңдалған шамадан + 1,0 миллиметрге шекті ауытқумен 87,1-ден 160 миллиметрге дейін жетпіс теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.03.19 № 219 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап жиырма күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі